«Сүйіспеншілік» тақырыбындағы фразеологизмдерді сөйлеу дағдысын дамытуда қолдану жолдары



1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 «Тілдік қарым.қатынасты қалыптастырудағы сөйлеу әрекетінің қызметі
4 Фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
5 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әдістемелік негіздері
Қазіргі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Осы бағыттың негізгі жолдары, яғни халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау, жалпы орта білімнің мазмұнды болуы және жаңа әдіснамалық негізіне көшуі жаңа білім моделі арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бағдарламасын негізге ала отырып, өркениетті дамыған елдердің қатарына ену, өзге дамыған мемлекеттермен терезесін тең ашу жолында ауқымды істер атқарып жатқан кезеңінде мұғалімдер қауымының осы бағдарламаны және бағыттарды Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырудағы үлесі зор. Мұғалімдер бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткішін, яғни оқушыларға заман талабына сай жоғары деңгейлі білім беруді, оны жүйелі түрде қалыптастыруды және жастардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып дамуын - бүгінгі күннің басты талабы деп көреді.
Осы орайда, Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырып: «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», жастар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек екендігін айқындады [2].
Қазіргі уақыт талабына сай, егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа ауқымды өзгерістерге байланысты, шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.
Еліміздің басшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз», - деді Н.А.Назарбаев [2].
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. - 83б.
2. http://www.akorda.kz/. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007.
3. Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік. -«Мектеп» Алматы, 1988. - 211б.
4. Г.Л. Пермяков. О смысловой структуре и соответствии классификации пословичных изречений // Паремиологический сборник - М.: 1978.- 35c.
5. Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию - «Прогресс», М, 1977. - 692c.
6. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1989. - 192 с.
7. Л.В.Щерба. Языковая система и речевая деятельность. - Изд. 2-е. М.: 1979.-107c.
8.Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық
/М.Балақаев., М.Серғалиев. - Алматы: ЗиятПресс, 2004. - 140 б.
9. I.Нұғыманов, 3. Қашқынбаева. Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері. Қазақстан мектебі. - 2000. – №3. - 35б.
10. «Орта білімді дамыту тұжырымдамасы». Мектеп және ғылым. Астана. – 41б.
11. А.А. Леонтьев. Психология общения. 3-е изд. М.: 1999– 145c

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді сөйлеу дағдысын дамытуда
қолдану жолдары

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі ғаламдану кезеңінде Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму
тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Осы бағыттың негізгі
жолдары, яғни халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім
берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау, жалпы орта білімнің
мазмұнды болуы және жаңа әдіснамалық негізіне көшуі жаңа білім моделі
арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық даму стратегиясының бағдарламасын негізге ала отырып,
өркениетті дамыған елдердің қатарына ену, өзге дамыған мемлекеттермен
терезесін тең ашу жолында ауқымды істер атқарып жатқан кезеңінде 
мұғалімдер қауымының осы бағдарламаны және бағыттарды Қазақстан
Республикасының білім туралы тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырудағы үлесі
зор. Мұғалімдер бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткішін, яғни
оқушыларға заман талабына сай жоғары деңгейлі білім беруді, оны жүйелі
түрде қалыптастыруды және жастардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып
дамуын - бүгінгі күннің басты талабы деп көреді.
Осы орайда, Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастарды
ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына  терең үңілуіне шақырып: Адам өмірінің шегі
бар,  ал білімнің шегі жоқ, жастар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз
орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек екендігін айқындады
[2].
Қазіргі уақыт талабына сай, егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа ауқымды өзгерістерге байланысты,
шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.
Еліміздің    басшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни  қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ
тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас  тілі,  ағылшын тілі -
халықаралық тілді меңгеру  жөнінде  мақсат  қойып  отыр. Мен бүгінгі
ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық
тіл, ал орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен
технологиялардың  тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз, - деді
Н.А.Назарбаев [2].
Мектептерде ағылшын тілін оқыту үдерісін жүйелі түрде қалыптастыру -
бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осыған орай, диссертацияда
зерттелетін пән ретінде біз шетел тілін, оның ішінде, ағылшын тілін
қарастырдық.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті
мәселелерін алға қойып және қазір орта мектептерде білім алып жатқан
оқушылардың барлығына тілдесу мүмкіндігі беріліп отырғанын ескере отырып,
біз осы зерттеу жұмысымызда педагогикалық көкейкесті мәселелерінің бірі -
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруды қарастырдық; олардың оқып-
үйреніп жатқан тілін жақсы меңгергендігі, сол тілде өз ойын сыртқа шығарып,
өзгелермен бөлісе алатын қабілеттілігі сөйлеу дағдысынан анық көрініс
табады деген ойдамыз.
Қай тілді меңгерсек  те, оны әдемі,  таза,  шебер сөйлеп,  тыңдаушыға
ойымызды әсерлі жеткізе  білуіміз қажет. Осы тұста, зерттеуімізде
қарастырылған фразеологизмдер тіліміздің  көркемдігін, нышанын беретін
шұрайы. Шетел тілін үйрету барысында оқушыларға сөздік қорын, тіл байлығын
нақты көрсететін ағылшын тілі фразеологизмдерін оқытып, үйрету аса маңызды.
Оның басты себебі - сабақта фразеологизмдерді қолдану тек оқу үдерісін
түрлендіріп қана қоймайды, сонымен бірге  шетел тілінің оқу және оқыту
барысын тартымды етеді, әрі жандандыра түседі. Сонымен қатар, ағылшын тілі
сабағында тілді фразеологизмдер арқылы үйрету - тек білім беріп қана
қоймайды, сонымен бірге, оқушылардың бойында қалыптасып жатқан мінез-
құлықтарының дұрыс қалыптасуына да өзіндік үлесін қосады. Осы себептен, біз
оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін нысан ретінде сүйіспеншілік
тақырыбындағы фразеологизмдерді алдық.
Аталмыш диссертациялық зерттеуде біз ағылшын және қазақ
фразеологизмдерін (фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіркестер) және
оларға қоса мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді қарастырдық. Осыған
байланысты өз негіздемемізді ортаға салғанымыз жөн деп көрдік.
Сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді қарастырмас бұрын,
біз әлемдік және отандық тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, мақал-
мәтелдер мен қанатты сөздердің қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған
тұжырымдарға назар аудардық. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына,
дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М.
Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т.
Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология
саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Кейбір ғалымдар, айталық, профессорлар А.И.Ефимов, Г.Х.Ахунзянов,
мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді фразеологизмнің айрықша бір түрі деп
қарастырады. Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына
жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында
жұмсалатынын, құрамының тұрақтылығы ескеріледі [3].
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде,
тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек
сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар
тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін
ескертеді [4]. Осы келтірілген және басқа да ой-пікірлерге сүйеніп, мақал-
мәтелдер мен қанатты сөздердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы,
мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттарын ескере отырып, біз
өз зерттеуімізде оларды фразеологизмдердің қатарында қарастырдық.
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты қазақ
тілінің мәртебесін арттыру, оны өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі
салаларына еңгізу, сонымен қатар, ел басшымыздың үштұғырлы саясатына сай
шет тілін үйрену, қолданыс аясын кеңейту - бүгінгі күннің өзекті де келелі
мәселелері. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың,
ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық,
көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке
ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы, таяу
болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса
бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер - фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдер.
Осы тұста, соңғы жылдардағы тілші-әдіскер ғалымдардың зерттеу
жұмыстарының нәтижесі бойынша сөйлеу дағдысын дамыту мектеп оқушыларының
көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестері, яғни фразеологизмдер,
идиомалар, мақал-мәтелдер, дәйексөздер сөйлем және мәтін құрауда
дәрменсіздік танытатындығын, өз ойын толығымен әрі жүйелі түрде тыңдаушыға
жеткізе алмайтындығын, сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға әбден болады.
Мұның бірден бір себебі – оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдыларының
әлі дұрыс қалыптаспағандығынан, сөздік қорларының аздығынан және тілге
қатысты білімдерінің жеткіліксіздігінен. Сонымен қатар, кейбір
зерттеушілердің ойынша, мектептерде немесе тіл орталықтарында оқу үдерісі
өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде.
Осы себептен де, фразеологизмдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу
дағдысын қалыптастыру - қазіргі оқу үдерісінде, айталық ағылшын тілі
сабағында, аса маңызды мәселе болып табылады. Демек, біздің ойымызша, бұл
мәселе педагогика саласындағы зерттеулер қатарында ғылыми нысаны ретінде
осы күнге дейін барынша қамтылмаған. Сонымен қатар, диссертацияда
қарастырылған сүйіспеншілік атты тақырыптық топтағы ағылшын
фразеологизмдерінің де аз зерттелгендігі байқалды.
Диссертацияда қарастырылған оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудағы
педагогикалық және әдістемелік негіздер зерттеу жұмысының өзектілігін
айқындайды.
Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді қолдану.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдердің қолдану
жолдарын теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу;
оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға ұсынылған әдістеменің ұтымдығын
эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәләлдеу.
Зерттеудің мақсаты. Ағылшын тілі сабағында сүйіспеншілік
тақырыбындағы фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
және олардың қолдану амалдарын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп зерттеу.
Зерттеудің міндеттері. Жоғарыда аталған мақсаттың мүддесінен шығу
үшін, осы жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын отандық және шетелдік теориялық-
әдістемелік зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
-сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдердің топтастыру принциптерін
айқындап, белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу және әдістемелік
тұрғыда сұрыптап талдау;
- сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді сөйлеу дағдысын дамыту
мақсатында қолдану үшін оларды сөйлеу әрекетіне қатысатын тілдік құрал
ретінде қарастырып, қажетті сөйлеу жағдаятын қалыптастыру;
- ағылшын тілі сабағында сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әдістемелік жағынан қолдану
амалдарын жете игеру;
- ағылшын тілі сабағында сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді
оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда белсенді әдіс ретіндегі интерактивті
әдістер, диалог және монологты оқыту технологияларының пайдалану мүмкіндігі
мен маңыздылығын айқындау;
- ағылшын тілі сабағында сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді
оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесінің ұтымдығын эксперимент
нәтижелеріне сүйеніп дәләлдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда сөйлеу
әрекетіне қатысатын тілдік құрал ретінде сүйіспеншілік тақырыбындағы
фразеологизмдер алғаш рет қарастырылды;
-сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктері
анықталып, семантикалық мағыналарына байланысты категорияларға бөлініп,
белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйеленіп, сұрыптап талданды;
- ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда
сүйіспеншілік тақырыбында қолданылатын материалдар ағылшын тілі пәнінің
мұғалімдеріне ұсынылып, оның түпнегізі қарастырылды;
- сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу
дағдысын дамыту жолдарын қарастыру мәселелері эксперименттік тұрғыдан
зерттелді.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- ағылшын сабағында оқушылардың сөйлеу әрекеті белгілі бір жүйемен үздіксіз
жүргізіліп, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар
негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы
күтілетін білім нәтижелеріне негізделсе, оқушылардың сөйлеу дағдысының
дамуы анық;
- сөйлеу әрекеті ауызша және жазбаша түрде орнап, тіл мен сөйлеуді
байланыстырып, сөйлеу жағдаятын қалыптастырып, сөйлеу дағдыларын дамыту
әдістемесін қамтиды;
- ағылшын мұғалімдерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша
ағылшын тіліндегі сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдердің сабақ
барысында қолдану аясы тым тар;
- сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдерді семантикалық мағынасына
қарай бірнеше категорияларға бөліп, ағылшын тілін оқыту үдерісінде
оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру мақсатында көптеген жаттығулар, тест
сұрақтары, эссе, диалог, монолог, сөздіктермен жұмыс және басқа да тапсырма
түрлерін ұсыну қажет;
- оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында кешенді  әдіснамалық 
парадигма қажет.
Зерттеудің теориялық мәні. Қорғауға ұсынылып отырған зерттеу жұмысының
нәтижелері мен қорытындылары қазіргі таңдағы шетел тілін оқыту барысындағы
өзекті мәселелердің бірін, айталық, оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыруды қамтиды. Біздің ойымызша, коммуникативтік оқытуда білім беру
деген оқушыны ауызекі сөйлеуге (тыңдалым, сөйлесім) және коммуникацияға
(оқылым және жазылым) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас
қалыптастыру деген сөз. Бұл бағытты ағылшын тілін оқытуда кеңінен
пайдалануды үйрету - аталмыш зерттеу жұмысының теориялық маңызын құрайды.
Шетел тілін үйрету барысында оқушының сөздік қорын, тіл байлығын нақты
көрсететін ағылшын тілі фразеологизмдерін оқытып, үйрету аса маңызды. Осы
себептен де, зерттеу тақырыбындағы фразеологизмдерді қолдану арқылы
оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудағы тұжырымдалған теориялық
негіздемелер – диссертацияның теориялық маңызын айқындайды.
Сонымен қатар, осы зерттеу педагогика, психология, тіл білімі,
лингвомәдениеттану, лексикология, т.б. зерттеу жүргізіліп жатқан салаларға
өз үлесін қосады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта
және жоғары мектеп оқушыларына, сонымен қатар тіл орталықтарындағы ағылшын
тілін үйренушілерге, арнайы семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Еңбектегі қарастырылған қызықты, пайдалы материалдар және өзекті мәселелер
ағылшын тілін оқыту әдістемесіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар,
диссертацияда қарастырылған мәселелерді мектеп және тіл үйрету
орталықтарының мұғалімдері шет тілі пәнінің теориялық және практикалық
курстарында қолдана алады; грамматикада, стилистика жұмыстарында, тіл
тарихында және жалпы тілтануда да пайдалануға әбден болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу нысанына
қатысты еңбектер арасында зерттеудің ғылыми-теориялық негізі ретінде тіл
білімінің фразеология, семантика, этимология салалары, педагогиканың
оқытудағы әдіснамалық және дидактикалық негіздері, шетел тілін оқытудағы
өзекті мәселелері, т.б. негіз болды.
Сонымен қатар, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесіндегі заңнамаларын, оқытудың педагогикалық
мәселелерін қарастыратын зерттеушілердің (Қараев Ж.А., Қабдықайырұлы Қ,
Әбдібаева, Т.Ә. Рақымжанова, С.Қ. Бұзаубақова К.Ж., т.б.) еңбектері құрады.

Зерттеудің әдістері. Диссертацияда жинақталған материалдардың тиімді
әдістері мен тәсілдері, айталық, сипаттамалық, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу,
сауалнама және эксперимент жүргізу барысындағы сапа-сандық бағалау
тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері ретінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесіндегі заңнамалары, әр жылдары жарық көрген ғалымдардың ғылыми
еңбектері, солардың қатарында Ә.Қайдардың Қазақ тілінің өзекті
меселелері, С.Қ. Рақымжанованың Шетел тілін оқыту әдістемесі, Г.
Лекерованың Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования, Е.И. Пассовтың Коммуникативный метод обучения иноязычному
говорению, Ж.А. Қараевтың Жетілдірген педагогикалық жүйені жобалаудың
дидактикалық шарттары, Қ. Қабдықайырұлы, Т.Ә. Әбдібаеваның Оқытудың
педагогикалық жаңа технологиясы, т.б. қолданылды.
Сонымен қатар, Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті
фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты (Арғынғазина Ш.Б),
Қазақтың мақал-мәтелдері (Ө.Тұрманжанов), фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдер жинақтары мен қазақ, орыс және ағылшын сөздіктері: Фразеологиялық
сөздік (І.Кеңесбаев), Тысяча метких и образных выражений (А. Кайдар),
Тұрақты теңеулер сөздігі (Т.Қоңыров), Сөздер сөйлейді (Р.Сыздық),
Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік (В.Франк), Англо-
русский фразеологический словарь (А.В. Кунин), Пословицы и поговорки
народов Востока (Г.Л. Пермяков), Dictionary of Modern Eglish Usage (H.W.
Fowler), Mackin Rand Mc.Caig I.K., Taylor A. сөздіктері және көркем әдеби
шығармалары қолданылып негізгі әдебиет ретінде алынды.
Зерттеу жұмысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі
педагогикаға, тарихқа, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен
ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мәселері мен тұжырымдары Сөйлеу дағдысын дамытуда сүйіспеншілік
тақырыбындағы фразеологизмдерді қолдану жолдары атты мақала Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Хабаршы журналында жарық
көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың Кіріспе бөлімінде ғылыми жұмыстың өзектілігі,
мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық маңыздылығы,
ізденістердің ғылыми жаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері мен
ұсынылған тұжырымдары айқындалып, жұмыстың жариялануы мен мақұлданылуына
қысқаша деректер берілді.
Диссертацияның бірінші бөлімі Сүйіспеншілік тақырыбындағы
фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық
негіздері деп аталады. Аталмыш бөлімнің Тілдік қарым-қатынасты
қалыптастырудағы сөйлеу әрекетінің қызметі атты бірінші тарауы
фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық және
практикалық негіздерін ашуды көздейді.
Қазіргі таңда оқушылардың ағылшын тілін игеруде тиянақты білім алып,
сөйлеу дағдысын қалыптастыруды мақсат етіп, жаңа материалдарды игеру
тәсілдерімен қаруландыру, сонымен қатар, алған білімдерін теориялық және
тәжірибелік түрде қолдана білу – бүгінгі күннің заман талабына сай басты
мәселеге айналып отыр. Осыған орай, осы бөлімнің бірінші тарауында
қарастырылатын басты мәселе – оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырып,
тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету болып табылады. Бүгінгі күні шетел
тiлдерiн оқыту әдiстемесiнде оқушы тiлден бұрын сөйлесудi үйрену керек
деген пiкiр тұрақтала бастады. Бұның басты себебі - өзге бiр тiлдi меңгеру
және үйренетiн тiлдiң лингвистикалық ережелерiн жинақтап бiлу ғана емес, ол
екiншi тiлдiң сөйлеу құралдары мен әрекетiн, тұлғаларын дұрыс пайдалана
бiлу, сол арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөйлесетін дәрежеге жету.
Сондықтан алдымен сөйлеудi негiзге ала отырып, содан соң сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға көшкен жөн. Оқыту жүйесiн сөйлеу әрекеті мен сөйлеу дағдысын
дамыту бағытында жүргізу керек.
Осы зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын
дамытуда тілдік құралдардың қолдану жолдарын эксперимент нәтижелеріне
сүйеніп зерттеу, сонымен қоса, оқушылардың сөйлеу әрекетін тәрбиелеудің
теориялық-практикалық мәнін зерттеу болып табылады.
Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX
ғасырда бастау алды. Швед лингвисті Фердинанд де Соссюр [5] сөйлеу әрекетін
тіл білімі саласында зерттеу - үлкен мәселелердің бірі екендігін алғаш
болып көрсеткен.
Бүгінгі оқыту үдерісінде ерекше көңіл аударатын мәселе – шетел тілін
қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту болып саналады. Бұл шетел тілін үйреніп
жатқан оқушыларға ағылшын тілін қатысымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Осы
орайда, оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру әрекеті ғана емес, сонымен
қатар, алған білімдерін, игерген сөздік қорларын тілдік қарым-қатынас
барысында түрлі жағдаяттарда қолдана білу мүмкіндігі ескерілуі қажет.
Бұл жалпы мектеп бағдарламаларында белгілі міндеттердің орындалуын
жүктейді, яғни танымды арттыру арқылы оқушылардың сана-сезімін ояту;
ағылшын тілінің ауызша әрі жазбаша нормаларын игерту; және тілдің байлығын
меңгерту.
Осындай міндеттер арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын,
сүйіспеншілгін ояту, тілдік қарым-қатынас жасау икемділігі мен сөйлеу
дағдысын қалыптастыру - ең маңызды мақсат болуы тиіс. 
Осы бөлімнің Фразеологизмдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
деп аталатын екінші тарауында оқушылардың сөйлеу дағдысын сүйіспеншілік
тақырыбындағы фразеологизмдер арқылы дамыту жолдарын қарастыру басты
мақсатқа алынды, себебі ағылшын тілін оқытудың, сонымен қатар, білім
берудің ең маңызды мәселесі – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту болып
табылады.
Сондықтан, осы тараудың тақырыбына сай, біз зерттеу жұмысымызда
фразеологизмдер туралы жалпы сипаттама беріп, оларға тән ерекшеліктерін
және олардың сөйлеу үдерісіндегі рөлін анықтауды жөн көрдік.

Фразеологизмдер арқылы оқушыларды сөйлеу әрекетіне тарту, ағылшын
тілінің қыр-сырын терең меңгеру, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу,
сауатты жаза білу және әдеби тілде сөйлеу әрекеттеріне әбден қалыптастыруға
болады.
Фразеологизмдерді оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында,
сөйлеу дағдысын арттыру жолында түрлі тәсілдер арқылы пайдалануға болады.
Мысалы, ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысы барысында әңгімелеу,
салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, т.б. оқу әрекеттерін қолданып, сонымен
қатар, көрнекі құралдарды, мысалы, сурет, бейнефильм, т.б. пайдаланған
жөн.
Сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдер - оқушыларға тәрбие
берерлік жағынан да, сөздік қорды толықтырып, сөйлеу дағдысын арттыру үшін
де теңдесі жоқ асыл қазына болып табылады. Себебі, фразеологизмдер - айтар
ойды нәрлендіріп, айтар сөз бен сөйлемді өрнектей түсетін тілдегі маңызды
элемент. Фразеологизм дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы өмірден,
табиғаттан көрген – білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері. Осыған
сәйкес, фразеологизмдерді оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру мақсатында
қолдану тиімді. Мысалы: be finger and thumb- егіз қозыдайтонның ішкі
бауындай, hand and glovehand-in-glove with somebody – арасынан қыл
өтпейді, kiss and be friends – бал жаласып кету, on goodfriendly terms
–арасы майлы қасықтай, take somebody in marriage – басына үй тігу, to be
made one- отау тігу, go to the world-бірге от жағып, түтін түтету, bread-
and-cheese marriage – көн етіктімен неке құру, be over head and ears in
love – жүрегі жанды, lose one’s heart to somebodygive one’s heart to
somebody – жүрегіне өрт түсті, beauty is in the eye of the gazerbeholder –
сұлу сұлу емес, сүйген сұлу, the darling of all hearts – жұпар
кіндікжұлдызы ыстық, good together – сүттей ұю.

Ағылшын тілі сабағында фразеологизмдерді қолданып, түрлі әдістер, кешенді
жаттығулар ұсыну арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға
әбден болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады, әрі
фразеологизмдер арқылы сөздік қорларын толықтыруға да жақсы мүмкіндік болып
табылады.
Фразеологизмдерді ағылшын тілінде сөйлеу барысында қолдану жұмысының
бірнеше түрлері бар:
1. Фразеологизмнің мазмұны бойынша жұмыс.
2. Фразеологизмді сөйлеу әрекетінде қолдану.
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын
жазбаша да дұрыс, жүйелі түрде бере алады. Сондықтан, бұл екі үрдіс бір-
бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл
дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім
деңгейін, сана-сезімін, сауаттылығын дамытуға, ең маңыздысы, сөйлеу
дағдысының дамуына көмегі зор.
Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімнің үшінші тарауы Оқушылардың
сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әдістемелік негіздері деп аталады. Бұл
тарауда қарастырылатын сұрақтар шеңберінде және қойылған мақсаттар аясында,
сөйлеу әрекеті туралы ғалымдар көзқарасы мен оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастырудағы дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға назар аудардық.
Диссертацияның зерттелу барысында сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы
әдістемелік негіздерге сәйкес оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
жұмыстарының бірнеше түрі беріледі.
Алғашқы кезеңінде сөздік жұмыстарын қалыптастыру, ал екінші кезең
бойынша сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс атқару, оқушыларды сөйлемдерді
байланыстырып, сөйлетуге дағдыландыру жұмыстарын үшінші деңгейде
жүргізуімізге әбден болады. Мысалы, зерттеу барысында біз ағылшын тілі
сабағында сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдер арқылы оқушылардың
сөйлеу дағдысын дамытуда қажет ететін көптеген сөйлеудің түрлерін
айқындадық. Олардың барлығы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетiлдiру,
олардың интеллектуалдық, коммуникативтiк қабiлеттерiн арттыру мақсатында
пайдаланылады. Олар: сұраққа жауап беру, сұрақ-жауап талқысы, ситуацияға
байланысты сөйлеу, диалог және монолог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете
білу, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ойындар арқылы сөйлеу,
ой алмасу, өз пікірін айту, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық
сұрақтарды талдау, шарт қою, пайымдау, логикалық ой-тұжырымын дамыта отырып
сөйлеу, түйіндеу, дәлелдеу, жоспарлау арқылы сөйлеу, қорытындылау, т.б.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімі Зерттеудің эксперимент бағыттары мен
нәтижелері деп аталады. Ғылыми-эксперимент жұмыстарын жүргізу барысында
сүйіспеншілік тақырыбындағы фразеологизмдер семантикалық сипатына қарай
бірнеше категорияларға бөлініп қарастырылды және түрлі жаттығулар кешені
пайдаланылды. Екінші бөлімнің бірінші тарауы Оқушылардың сөйлеу дағдысын
дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар мен жаттығулар деп аталады. Бұл
жаттығулар кешені оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін
арттыруға, сөйлеу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын құрайды.
Ағылшын тілі сабағында сүйіспеншілік тақырыбында сөйлеу дағдысын
қалыптастырудағы жаттығулар мен тест сұрақтарының қолданысы алуан түрлі
және жан-жақты болуы тиіс. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыру мақсатында оқытушы диалогтық және монологтық ағылшын
тіліндегі видео сабақтарын қолданысқа енгізуі пайдалы.

Ағылшын тілі фразеологизмдерін қолданып, жаттығулар мен тапсырмаларды
орындау оқушыларға ағылшын тілінде әдеби тілде сөйлеуге, өз ойларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Топтастыру технологиясы
Соматикалық фразеологизмдер
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдары
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
Өздігінен іздену әрекеті
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Фразеология. Фразеологизмдерді аудару
Пәндер