Ораз Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ . ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ
1.1 Ораз Жандосов өскен орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Саяси көзқарасының қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ел жетекші, қоғамдық.саяси қайреткер ретінде танылуы ... ... ... ... ...
2 УАҚЫТ ШЫҢДАҒАН ТҰЛҒА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 О. Жандосовтың қоғамдық.саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 О.Жандосов және халық ағарту мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Жазықсыз жаза құрбаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Ұлттық тарихымыз бен ұлттық санамызды, ұлттық тұлғаларымызды саралап алмай тұрып, толық ұлттық рухани тәуелсіздікке жете алмаймыз. Ал қандай да болмасын ішкі, сыртқы ықпалдың шылауымен қалыптасқан рухани тәуелсіздік тұрған жерде – ұлттық дербес ойлау жүйесіне орын жоқ. Демек, толық мағынасындағы тәуелсіздік те жоқ деген сөз. Өзіндік ұлттық нысынасы болмаған: «құлдыққа құлдық ұрған ұлт – қасіретті ұлт Ол халық құл болу үшін жаратылған», - деп П.Я. Чадаев айтқандай, ұлттық санамыз бен тұлғаларымызды талқыдан өткізбей, ешқашанда рухани басы – байлықтан құтыла алмаймыз.
Халықта мынандай мақал бар: тірілер өлінің көзін жабады, өлілер тірінің көзін ашады. Яғни кейінгі ұрпақтың тілеуін тілеп жүріп опат болған ілгері буынның қасиетті ісі мен ізі біздің рухани көзімізді ашуға сеп. Олардың егемендік жолындағы күресі әлі талай ұрпақтың рухын биіктетіп, қажырын қайратын кемел күшке айналып отыр. Жанып өткен азғантай уақыттың ішінде бұлар елінің қамын ойлап мұз жастанды, абақтыда қандалаға таланды, түн ұйқысын төрт бөлді. Отыздан жаңа асқан, қырықтың қырқасына жете қоймаған осынау білімді алаш азаматтарының архивтік деректеріне, жазған мақалаларына, сөйлеген сөздеріне қарап отырсақ көп сырдың беті ашылады. Олардың өзі тұтатқан жалынға шарпылып, өз оттарына күйіп өлгенін түсіну қиын емес. Мұндай тарихи күрделі құбылыс иесіне айналу көрінгеннің қолынан келе бермейді.
Бүгін міне, ХХ-ғасырдың соңына қарай өз тәуелсіздігін қолына алып, дербес мемлекеттермен бірге бой түзеп келе жатқан Қазақстанның ірге тасын қалаушылардың қатарында Ораз Қиқымұлы Жандосов та бар деп зор сеніммен айта аламыз. Бүгінгі егемен Қазақстан – еліміздің рухани және саяси тұрғыдан көркейту жолында көп еңбектенген, тер төккен О.Жандосов тәрізді мемлекеттік қайраткерлердің қажырлы іс - әрекетінің, арман – тілегінің қорытындысы.
Қазақстанның 20-30 жылдарындағы саяси жағдайы қайшылығы мол саяси үрдістерге толы. Осы саяси хал – ахуалды толық түсіну үшін ұлт – азаттық қозғалыстық көш басында тұрған жеке саяси қайраткерлердің өмірі мен қызметін жан – жақты талдау қажет. Ал коммунистік тоталитаризм үстемдік еткен кезеңде республиканың басшылығында болған азаматтардың саяси және мемлекеттік қызиеті өз дәрежесінде толық бағаланбай келді. Ұзақ уақыт тарих жеке тұлғаларсыз жазылып, тек оқиғалардан тұрды. Ал оны іс жүзінде асырған адамдар елеусіз қалғаны белгілі. Зиялылар тарихына – адамзат ойы мен мәдениеті қоғамның рухани өмірі тарихына тоқталмай тарихи дамудың саңқырлы күрделі құбылыстарын ашып көрсету мүмкін емес. Біздің тоталитарлық құрылыс жайлаған елімізде бұл мәселе жетпіс жылдан аса ең басты және жалғыз саяси күш коммунистік партияның тарихы мен біржақты идеология мен және үстірт тұжырыммен тығыз байланысты болды. Сондықтанда ғасырымыздың 20-30-шы жылдарын зерттегенде партия мен зиялылар қауымының саяси қарым – қатынасы мәселесін естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ұлт зиялыларының тарихта алатын орны мен ролін шынайы анықтауға, және қазіргі кезеңдегі оның көптеген күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.
Ішкі қайшылығы мол, өтпелі тарихи кезеңін аталмаш тарихи тұлғасы Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі мен қызметі туралы толық нақты пікір айту қиынға соғады. Себебі зерттеуші – ғалымдар оның партиялық – қоғамдық қызметіне баға беруде әлі ортақ, сындарлы көзқарасқа келген жоқ. Кейбір зерттеушілер біржақтылыққа ұрынып қайраткер қызметінде орын алған олқылықтар мен қателіктерге көңіл аударса, басқалары керісінше, оны барынша дәріптеуден жолықпайды немесе оның Жетісу өңірінде кеңес өкіметін құру және социалистік құрылысты орнықтыру ісіндегі роліне ғана көңіл болумен шектеледі.
Екіншіден, айтарымыз Ораз Жандосовтың мемлекеттік қоғамдық қызметі жалпылама зерттеулерде, яғни Жетісу өңірінде кеңес өкіметін орнату, Қазақстандағы социалистік құрылыс тарихы мәселелеріне және тағы басқа арналған әртүрлі еңбектерде үзік – үзік баяндалып жүйелі қарастырылмаған.
Үшіншіден, Ораз Жандосовтың қоғамдық – саяси, мемлекеттік қызметіне арналған, оның қоғамдық – мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуын жеке Республика тарихында қалдырған ізін зерттеген нақты, арнайы тарихи еңбек әлі жоқ. Сондықтан да мен зерттеп отырған тақырып Қахақстан тарихының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі.
Қазақстанды отаным деп санайтын барлық азаматтардың елдің болашағын қалай болжайтыны, олардың қазіргі жағдайды қалыптастырған тарихты білумен тікелей байланысты. Ол әр – түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына саналы түрде құрметпен қарауына, сонымен қатар кертартпа ұйымдар мен пікірлердің ықпалына еріп кетуден де сақтандырады. Сол себепті де тарихшы ғалымдар тарихилық шыншылдық принциптері негізінде социализм құру барысында орын алған қателіктер мен асыра сілтеулер салдарынан біз өткен тарихи кезеңде қандай мүмкіндіктерді қолдан шығарып алғанымызды, бір елдің тарихында сирек кездесетін асыл ерлеріміздің өмірі неліктен қыршынынан қиылғанын айқындап жазуымыз қажет.
Бұл мәселеге жалпы азаматтық мұратты таптық мүддеден жоғары қоя отырып, объективті баға беру үшін ұлт мәселесінде, ұлттық қарым – қатынаста ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған, бұрын ашып айтылмаған жайларға талдау жасап, кеңес өкіметі жылдарындағы ұлттық қатынастар саласындағы, ұлт мәселесіндегі «жетістіктердің» ар жағындағы ашылмаған сырларды ұңіле зерттеу қажет. Қазақстанда рухани жаңару мен түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр, оның мәнін түсіну үшін елімізге жаңа таным жүйесі қажет. Жаңа таным жүйесін құрмас бұрын, өткенімізге көз жүгіртіп, оның «ақ – қарасын ажыратып алған жөн. Ондағы мақсат ел тәуелсіздігін жан – жақты нығайту болмақ. Әсіресе, мемлекеттік рухтың, отаншылдықтың күшеюі Қазақстанды нығайта түсетіні анық. Сондықтан да 20-30-шы жылдары «оңшыл», «ұлтшыл» атанған қайраткерлердің ұсынған дамудың балама жолын, қоғамдағы идеологиялық күрес мәселелерін жаңа методологиялық тұрғыда зерттеу өзекті болып отыр. Тарихтың өткенінен тәлім алу, шындықты танып – білу жаңа қателіктерден, тарихтың бұралаң соқпағында адасудан сақтандырады. Ол халықтың өткені, бүгінгі және болашағымен тікелей байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ век / Ж.Б.Абылхожин. - Алматы: Туран, 1997. – 280с.
2 Алдажұманов Қ. 1937 жылғы репрессия құжаттары / Қ.Алдажұманов, Т.Омарбеков //Қазақстан тарихы. – 1993. №3. – 10-11бет.
3 Арын Е. Тұғырлы тұлға / Е.Арын //Түркістан.-1999. - 15 қазан.
4 Арыстанов Ж.К. Жер ұйығы – Жетісу /Ж.К.Арыстанов. – Алматы: Қазақстан, 1972.-233 бет.
5 Арыстанов Ж.К. Сұнқар да жерді мекендейді /Ж.К.Арыстанов.-Алматы: Қазақстан, 1966.-320 бет.
6 Асқар О. Жүрек сырының жаңғарығы / О.Асқар //Егемен Қазақстан. – 1999. - 12 наурыз.
7 Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда /Ғ.Ахмедов. – Алматы: Жалын, 1972. – 370 бет.
8 Ахметжанов К. Қос арыстың шапағаты /К. Ахметжанов. //Мәдениет және тұрмыс. – 1985. - №7. -3-4 бет.
9 Әбдіркөкімов Б. Қазақ зиялыларының тарихи есімді қайтару жолындағы күресі /Б.Әбдікөкімов. //Азия-Транзит-2001. - №1. -29-31 бет.
10 Әбдіхалық Ж. Жазықсыз жазаланған Жандосов және оның оның зайыбы Фатима Асқарқызы жөнінде /Ж.Әбдіхалық. //Заң. – 1998.-№15.-4бет.
11 Әбілдаев Ә. Партияның адал ұлы /Ә.Әбілдаев //Білім және еңбек. – 1977. -№10.-12-13 бет.
12 Әміров Қ.Т. Жастық шақ /Қ.Т.Әміров. –Алматы: Жазушы, 1974.-275 бет.
13 Әміров Қ.Т. Өшпес жұлдыздар жарығы /Қ.Т.Әміров. – Алматы: Қазақстан, 1970.-263 бет.
14 Әсіп С. Қазақ қасіреті /С.Әсіп. –Алматы: Қазақстан, 1994.-300 бет.
15 Әсіп С. Қатерлі дерт, қалжыраған халық, жер туралы толғау /С.Әсіп. –Алматы: Қазақстан, 1998.-336 бет.
16 Брайнин С. Из истории 1917г. в Семиречье /С.Брайнин. //БольшевикКазахстана.-1935.-№11.-С.68-86
17 Григорьев В.К. Идейно-политическая работа партийных организаций Казахстана (1927-1925гг) /В.К. Джагфаров, В.П. Осипов.-Алматы: Казахстан, 1989.-С.174
18 Дахшлейгер Г.Ф. Азамат, күрескер, қайраткер /Г.Ф.Дахшлейгер. //Қазақ әдебиеті.-1979. - 2 наурыз.
19 Джусупбеков С. Ураз Джандосов – Семиреченский революционер /С.Джусупбеков //Казахстанская правда. -1959. - 14 ноября.
20 Досжанов Д.К. Абақты /Д.К.Досжанов. – Алматы: Қазақстан, -1992.-350 бет.
21 Дунаева В. Имеют государственное значение /В.Дунаева //Учитель Казахстана. – 1969.- 20 февраль.
22 Жағыпаров Н. Халықтан шыққан қайраткер /Н.Жағыпаров //Қазақстан комунисті. -1989. -№2.-4 бет.
23 Зиманов С. Казахский отдел народного комиссариата по делам национальности РСФСР /С.Зиманов, С.Даулетов. –Алма-Ата: Наука, 1975. –С.235
24 Исахан Ғ. Өмірі өнегелі өр тұлға /Ғ.Исахан //Алматы ақшамы. – 1999. -13-қазан.
25 Карагусов Ж. Казахская советская интеллигенция, рожденная октябрем /Ж.Карагусов. – Алматы: Казахстан, 1960. –С.250
26 Қазақ совет энциклопедиясы. Т.12 - 4. – Алматы, 1975. – 264 бет.
27 Қасенов Қ., Төреханов А. Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар /Қ.Қасенов, А.Төреханов. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 80 бет.
28 Ковалев В. Счастье служить народу /В.Ковалев. //Казахстанская правда. – 1989. - 25 февраль.
29 Қожакеев Т. Көк сеңгірлер /Т.Қожакеев. – Алматы: Жазушы, 1992. – 263 бет.
30 Қозыбаев М.К. История и современность /М.К. Козыбаев. – Алматы: Ғылым, 1991, -С.252
31 Козыбаев М.К., Мажитов С.Ф., Нурпеисов К.Н. Ураз Джандосов: судьба, преданная революцией / М.К. Козыбаев, С.Ф.Мажитов, К.Н. Нурпеисов. //Отан тарихы. – 1999. -№3.-С.40-50
32 Қойгельдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? /М.Қойгельдиев, Т.Омарбеков. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 245 бет
33 Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер /Б.Қойшыбаев. – Алматы: Қазақстан, 1990.-168 бет.
34 Қоңыратбаев О. Жетісу мәселелері және Ораз Жандосов /О.Қоңыратбаев //Ақиқат. – 1999. -№9-10. – 57-62 бет.
35 Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі /О.Қоңыратбаев. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 448 бет.
36 Кыдырбек Б. Бабасына ұқсап батыр туған /Б.Қыдырбек //Алматы ақшамы. – 1999. – 13 қазан.
37 Қыдырбек Б. Қуғындау құрбандары / Б.Қадырбек //Жетісу. – 1988. – 28 қырқүйек.
38 Қыстаубаев З., Хабдина Н. Қызылдар қырғыны / З.Қыстаубаев. Н.Хабдина. – Алматы: Өнер, 1992. – 256 бет.
39 Мурзанов Қ. Уақыт шыңдаған тұлға / Қ.Мурзанов //Социалистік Қазақстан. – 1989. – 25 ақпан.
40 Нүрпеиісов Т. Жазықсызға жабылған жала /Т.Нүрпеиісов //Заң және заман. – 1998 -№3. – 83-88 бет.
41 Нүрпеиісов К. Тұрпаты бөлек тұлға /К.Нүрпеиісов //Егемен Қазақстан – 1999. – 24 қырқүйек.
42 Нұрғожин Ж. Ораз Жандосов азаматтығы /Ж.Нұрғожин //Арай. – 1996 №9-10. -4-5 бет.
43 Нұрымбетова Ғ. Ораз Жандосов туралы не білеміз /Ғ.Нұрымбетова //Ақиқат. 1995. -№6. -41-45 бет.
44 Омарбеков Т. Зобалаң / Т.Омарбеков. – Алматы: Санат, 1995. – 272 бет.
45 Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті /Т.Омарбеков. – Алматы: Санат, 1997. - 27 бет.
46 Пахмурный П. Ураз Джандосов / П.Пахмурный //Партийная жизнь Казахстана. – 1969. -№3. С.10-13
47 Покровский С.Н. Победа Советской власти в Семиречье /С.Н. Покровский. – Алматы, 1961. – С.265
48 Розыбакиев А. Несколько страниц из прошлого / А.Розыбакиев // Казахстанская правда. – 1935. – 3 март.
49 Снегин Д.Ф. Утро и два шага в полдень /Д.Ф. Снегин. – Алматы: Жазушы, 1976. – С.345
50 Снегин Д.Ф. Два шага в полдень /Д.Ф. Снегин. – Алматы: Жазушы, 1982. – С.350
51 Тастанов Ш. Казахская интеллигенция /Ш.Тастанов. – Алма-Ата: Наука, 1982. –С.255
52 Тимофеев Н, Брайнин С. Казахская организация ВКП(б) в 1926-1929гг. /С.Брайнин //Большевик Казахстана. – 1938. -№12. – С.30-34
53 Тұрсынбаев Ә.Б. Ораз Жандосов /Ә.Б.Тұрсынбаев //Социалистік Қазақстан. – 1957. – 27 қырқүйек.
54 Тұрсын Ж. Алаш идеясы және Ораз Жандосов /Ж.Тұрсын //Саясат. – 1999. – 85-87 бет.
55 Ускембаева Г. Массовые крестьянские организации Казахстана на (1921-1929гг.) Становление и опыт деятельности: Автореф.дис...канд.ист.наук /Г.Ускембаева. – Алматы, 1992. – С.25
56 Хафизов А. Три процесса национал-фашистов /А.Хафизов //Большевик Казахстана. – 1938. -№1 – С.58-63
57 ШҚОММ 544 қор, 6 тізім, 53 іс, 25 парақ
58 ШҚОММ 544 қор, 3 тізім, 25 іс, 25 парақ
59 Эйгинсон Е.Д. Мы были друг для друга братьями / Е.Д. Эйгинсон //Вечерняя Алма-Ата. – 1989. – 20 февраль.
60 Ярмухамедов Ш. Выпестованные большевиком Фурмановым /Ш.Ярмухамедов //Казахстанская правда. – 1935. – 18 апрель.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Қазақстан тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ – ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ
1.1 Ораз Жандосов өскен орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Саяси көзқарасының қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ел жетекші, қоғамдық-саяси қайреткер ретінде танылуы ... ... ... ... ...
2 УАҚЫТ ШЫҢДАҒАН ТҰЛҒА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 О. Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 О.Жандосов және халық ағарту мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Жазықсыз жаза құрбаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Ұлттық тарихымыз бен ұлттық санамызды, ұлттық тұлғаларымызды саралап
алмай тұрып, толық ұлттық рухани тәуелсіздікке жете алмаймыз. Ал қандай да
болмасын ішкі, сыртқы ықпалдың шылауымен қалыптасқан рухани тәуелсіздік
тұрған жерде – ұлттық дербес ойлау жүйесіне орын жоқ. Демек, толық
мағынасындағы тәуелсіздік те жоқ деген сөз. Өзіндік ұлттық нысынасы
болмаған: құлдыққа құлдық ұрған ұлт – қасіретті ұлт Ол халық құл болу үшін
жаратылған, - деп П.Я. Чадаев айтқандай, ұлттық санамыз бен тұлғаларымызды
талқыдан өткізбей, ешқашанда рухани басы – байлықтан құтыла алмаймыз.
Халықта мынандай мақал бар: тірілер өлінің көзін жабады, өлілер
тірінің көзін ашады. Яғни кейінгі ұрпақтың тілеуін тілеп жүріп опат болған
ілгері буынның қасиетті ісі мен ізі біздің рухани көзімізді ашуға сеп.
Олардың егемендік жолындағы күресі әлі талай ұрпақтың рухын биіктетіп,
қажырын қайратын кемел күшке айналып отыр. Жанып өткен азғантай уақыттың
ішінде бұлар елінің қамын ойлап мұз жастанды, абақтыда қандалаға таланды,
түн ұйқысын төрт бөлді. Отыздан жаңа асқан, қырықтың қырқасына жете
қоймаған осынау білімді алаш азаматтарының архивтік деректеріне, жазған
мақалаларына, сөйлеген сөздеріне қарап отырсақ көп сырдың беті ашылады.
Олардың өзі тұтатқан жалынға шарпылып, өз оттарына күйіп өлгенін түсіну
қиын емес. Мұндай тарихи күрделі құбылыс иесіне айналу көрінгеннің қолынан
келе бермейді.
Бүгін міне, ХХ-ғасырдың соңына қарай өз тәуелсіздігін қолына алып,
дербес мемлекеттермен бірге бой түзеп келе жатқан Қазақстанның ірге тасын
қалаушылардың қатарында Ораз Қиқымұлы Жандосов та бар деп зор сеніммен айта
аламыз. Бүгінгі егемен Қазақстан – еліміздің рухани және саяси тұрғыдан
көркейту жолында көп еңбектенген, тер төккен О.Жандосов тәрізді мемлекеттік
қайраткерлердің қажырлы іс - әрекетінің, арман – тілегінің қорытындысы.
Қазақстанның 20-30 жылдарындағы саяси жағдайы қайшылығы мол саяси
үрдістерге толы. Осы саяси хал – ахуалды толық түсіну үшін ұлт – азаттық
қозғалыстық көш басында тұрған жеке саяси қайраткерлердің өмірі мен
қызметін жан – жақты талдау қажет. Ал коммунистік тоталитаризм үстемдік
еткен кезеңде республиканың басшылығында болған азаматтардың саяси және
мемлекеттік қызиеті өз дәрежесінде толық бағаланбай келді. Ұзақ уақыт тарих
жеке тұлғаларсыз жазылып, тек оқиғалардан тұрды. Ал оны іс жүзінде асырған
адамдар елеусіз қалғаны белгілі. Зиялылар тарихына – адамзат ойы мен
мәдениеті қоғамның рухани өмірі тарихына тоқталмай тарихи дамудың саңқырлы
күрделі құбылыстарын ашып көрсету мүмкін емес. Біздің тоталитарлық құрылыс
жайлаған елімізде бұл мәселе жетпіс жылдан аса ең басты және жалғыз саяси
күш коммунистік партияның тарихы мен біржақты идеология мен және үстірт
тұжырыммен тығыз байланысты болды. Сондықтанда ғасырымыздың 20-30-шы
жылдарын зерттегенде партия мен зиялылар қауымының саяси қарым – қатынасы
мәселесін естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ұлт зиялыларының тарихта
алатын орны мен ролін шынайы анықтауға, және қазіргі кезеңдегі оның
көптеген күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.
Ішкі қайшылығы мол, өтпелі тарихи кезеңін аталмаш тарихи тұлғасы
Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі мен қызметі туралы толық нақты пікір айту
қиынға соғады. Себебі зерттеуші – ғалымдар оның партиялық – қоғамдық
қызметіне баға беруде әлі ортақ, сындарлы көзқарасқа келген жоқ. Кейбір
зерттеушілер біржақтылыққа ұрынып қайраткер қызметінде орын алған
олқылықтар мен қателіктерге көңіл аударса, басқалары керісінше, оны барынша
дәріптеуден жолықпайды немесе оның Жетісу өңірінде кеңес өкіметін құру
және социалистік құрылысты орнықтыру ісіндегі роліне ғана көңіл болумен
шектеледі.
Екіншіден, айтарымыз Ораз Жандосовтың мемлекеттік қоғамдық қызметі
жалпылама зерттеулерде, яғни Жетісу өңірінде кеңес өкіметін орнату,
Қазақстандағы социалистік құрылыс тарихы мәселелеріне және тағы басқа
арналған әртүрлі еңбектерде үзік – үзік баяндалып жүйелі қарастырылмаған.
Үшіншіден, Ораз Жандосовтың қоғамдық – саяси, мемлекеттік қызметіне
арналған, оның қоғамдық – мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуын жеке
Республика тарихында қалдырған ізін зерттеген нақты, арнайы тарихи еңбек
әлі жоқ. Сондықтан да мен зерттеп отырған тақырып Қахақстан тарихының
қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі.
Қазақстанды отаным деп санайтын барлық азаматтардың елдің болашағын
қалай болжайтыны, олардың қазіргі жағдайды қалыптастырған тарихты білумен
тікелей байланысты. Ол әр – түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына саналы
түрде құрметпен қарауына, сонымен қатар кертартпа ұйымдар мен пікірлердің
ықпалына еріп кетуден де сақтандырады. Сол себепті де тарихшы ғалымдар
тарихилық шыншылдық принциптері негізінде социализм құру барысында орын
алған қателіктер мен асыра сілтеулер салдарынан біз өткен тарихи кезеңде
қандай мүмкіндіктерді қолдан шығарып алғанымызды, бір елдің тарихында сирек
кездесетін асыл ерлеріміздің өмірі неліктен қыршынынан қиылғанын айқындап
жазуымыз қажет.
Бұл мәселеге жалпы азаматтық мұратты таптық мүддеден жоғары қоя
отырып, объективті баға беру үшін ұлт мәселесінде, ұлттық қарым – қатынаста
ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған, бұрын ашып айтылмаған жайларға талдау
жасап, кеңес өкіметі жылдарындағы ұлттық қатынастар саласындағы, ұлт
мәселесіндегі жетістіктердің ар жағындағы ашылмаған сырларды ұңіле
зерттеу қажет. Қазақстанда рухани жаңару мен түбегейлі өзгерістер жүріп
жатыр, оның мәнін түсіну үшін елімізге жаңа таным жүйесі қажет. Жаңа таным
жүйесін құрмас бұрын, өткенімізге көз жүгіртіп, оның ақ – қарасын ажыратып
алған жөн. Ондағы мақсат ел тәуелсіздігін жан – жақты нығайту болмақ.
Әсіресе, мемлекеттік рухтың, отаншылдықтың күшеюі Қазақстанды нығайта
түсетіні анық. Сондықтан да 20-30-шы жылдары оңшыл, ұлтшыл атанған
қайраткерлердің ұсынған дамудың балама жолын, қоғамдағы идеологиялық күрес
мәселелерін жаңа методологиялық тұрғыда зерттеу өзекті болып отыр. Тарихтың
өткенінен тәлім алу, шындықты танып – білу жаңа қателіктерден, тарихтың
бұралаң соқпағында адасудан сақтандырады. Ол халықтың өткені, бүгінгі және
болашағымен тікелей байланысты.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – Ораз Қиқымұлы Жандосовтың
қоғамдық – саяси мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуын жүйелі түрде
зерттеу және оған әскери - әкімшілік жүйенің әсерін анықтау, оның қоғамдық
– саяси қызметін және ұстанған қоғамдық саяси бағытын бүгінгі күн
тұрғысынан жаңаша бағалау.
Бітіру жұмысым төмендегідей міндеттерді шешеді.
• Ораз Қиқымұлы Жандосовтың қоғамдық – саяси көзқарасының
қалыптасуына оның өскен ортасының әскерін анықтау;
• Ораз Қиқымұлы Жандосовтың мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу
кезеңдерін анықтау;
• Оның әлеуметтік саладағы қызметінің әр кезеңін жан – жақты
зерттеп, оларға ғылыми баға беру;
• Ораз Қиқымұлы Жандосовтың көзқарасы эволюциясына жеке басқа
табынушылықтың, әскери - әкімшілік және тоталитарлық жүйесінің
ықпалын анықтау.
Бітіру жұмысының тарихнамасы:
Қазақстан партиялық және кеңестік жетекші қайраткерлерінің алғашқы
буынының мемлекеттік және қоғамдық қызметі әрі ауыр, әрі күрделі болды.
Кеңестік идеология ұзақ жылдар бойына қазақ қайраткерлерінің өмірі мен
қызметін ұлтшылдықтың символикасына айналдырып, саяси идеологиясының мәнін
танып – білуге тыйым салды, я болмаса оларды жоғарыдан берілген нұсқауды
бұлтжытпай орындаушы тетіктер ретінде ғана көрсетіп келді. Міне, осылардың
қатарында – Ораз Қиқымұлы Жандосов та бар еді.
Әр түрлі саяси және тарихи зерттеулерге талдау жасау О.Қ.Жандосовтың
тарихи ролін бағалауда төменгі зерттеу кезеңдерін көрсетуге мүмкіндік
берді: 1) Өзінің көзі тірі кезінде Ораз Жандосов туралы жариялаған мақалар
(1920-1938жж.); 2) Халық жауы тұжырымы орныққан кезеңдегі еңбектер (1938-
1956жж.); 3) Ораз Жандосов ақталғаннан кейінгі жарық көрген еңбектер (1957-
1991жж.); 4) Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекетке айналған
кезеңдегі зерттеулер (1991ж. бүгінгі күнге дейін жалғасуда).
Бірінші кезеңдегі еңбектер өте аз. Себебі, тоталитарлық дәуірдің
жаңадан қалыптасуы кезеңінде зерттеушілердің бірде – бір Республика
басшыларының өмірбаянын ғылыми тұрғыдан саралауды мақсат тұтқан жоқ.
Сондықтан да Ораз Жандосов туралы газет – журналдардағы мақалаларды
тарихнамалық тұрғыдан ой елігінен өткіздім. 1935 жылы А.Розыбакиев пен Ш.
Ярмухамедовтың мақалалары жарық көрді. Бұл мақалаларда Ораз Жандосовтың
Жастар одағына алғашқылардың қатарына енгені және оның Жетісу өңіріндегі
қызметі туралы айтылған. Сонымен қатар, осы жылы 1917 жылғы Жетісу тарихына
арналған мақала пайда болды. Бұл мақалада О.Жандосовтың аты Т.Бокиннің
қызметіне байланысты аталып өткен. Алғашқы екі мақала сипаты жағынан ғылыми
зерттеуден гөрі, естеліктер қатарына жатады. Сондықтан да Ораз Жандосовпен
қатар қызмет істеген қайраткердің естеліктерінің маңызы зор. Бірақ бұл
естеліктер тек Ораз Жандосовқа арналмағандықтан оның қоғамдық – саяси,
мемлекеттік қызметі жан – жақты қарастырылмаған. Айта кететін жәйт,
авторлар алдарына мұндай мақсатты қоймаған.
1937 жылғы БК(б) ОК ақпан – наурыз пленумынан кейін Ораз Жандосовқа
саяси кінәлар тағыла бастады. Өмірінің соңғы кезеңін де (1937 маусым –
1938 ақпан) баспасөз бетінде жарық көрген басылымдарда ол тек ұлтшыл -
фашист ретінде, біржақты көрсетіліп отырды.
Ораз Жандосовтың тарихи ролін бағалаудағы екінші кезеңді сталиндік
деп айтуымызға болады. Себебі, ғылымның барлық саласында сталиндік
тұжырымдар үстемдік етті, ал мұндайда жеке тұлғалардың қоғамдағы орны
туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Қалыптаса бастаған сталиндік ахуал бүкіл
алдыңғы қатарлы зиялыларды, партия мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлерін
нәубетке ұшыратып, оларды халыққа ұмыттыруға тырысты. Ал олардың өмірі мен
қызметін зерттеу жабық тақырыптардың біріне айналды. Осы себептерге
байланысты Ораз Жандосовтың саяси өмірбаянын арнайы ғылыми зерттеу туралы
сөз болуы мүмкін емес еді.
Бұл кезеңде зерттеушілер Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және
мәдени дамуына Ораз Жандосовтың қосқан үлесін мүлдем қарастырмаған.
Мысалға, 30- шы жылдардың партия тарихшылары Н.Тимофеев, С.Брайнин
өздерінің 1926-1938жж. Индустриаландыру және ұжымдастыру тарихына арнаған
көлемді мақалаларында кезінде нәубетке ұшыраған қайраткерлер есімдерін
айналып өткен.
1957 жылы Ораз Жандосовтың Орталық Комитетінің комиссиясының шешімі
бойынша азаматтық және партиялық тұрғыдан ақталуы оның өмірі мен партиялық
– қоғамдық қызметіне арналған зерттеулердің пайда болуына себепкер болды.
Бұл ақтаудың таза коммунистік болғанын ұмытпағанымыз жөн. Себебі, енді Ораз
Жандосов нағыз коммунист, қайсар большевик – лениншіл, жеке басқа
табынушылық кезеңінде негізсіз нәубетке ұшыраған қайраткер ретінде
көрсетіле бастады. Өкінішке орай, бұл зерттеулер мол мұрағат деректерінің
негізінде жазылғанымен, жалпы сол жылдардың саяси әсерінен алыстап кете
алмады. О.Жандосов Жетісу өңіріндегі қызметі кеңінен қарастырылғанымен,
оның өмірінің соңғы кезеңдері зерттелмеген. Саяси ағымның дұрыс еместігіне
күмән келтірмеу үшін Ораз Жандосов қажетті тұрғыдан ғана көрсетілген.
Үшінші кезеңде Қазақстанның кеңестік дәуірі мен тарихына арналған
ұжымдық еңбектерде Ораз Жандосовтың қызметі Қазақстан партия ұйымдары
азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция кезеңінде, Қазақстан
партия ұйымы Республика халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында
күресте, Қазақстан партия ұйымы социалистік индустриаландыру және ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру кезеңінде атты бөлімдерде қарастырылған. Сонымен
бірге, 1961 жылы пайда болған С.Н. Покровский зерттеуінде Ораз Жандосовтың
Жетісу өңірінде кеңес өкіметін құру, социалистік құрылысты орнату жолында
қандай қызмет істегені көрсетілген. Осы кезеңде кеңестік қазақ зиялылары
тарихына арналған арнаулы зерттеу де дүниеге келді. Өкінішке орай, бұл
еңбекте тек Ораз Жандосовтың ғана емес жалпы бірде – бір қазақ
қайраткерлерінің қызметтері мен көзқарастары тиісті бағаларын алмаған.
Жетісу өңіріндегі ұлт бөлімінің қызметі С.Зимановтың редакторлығымен
жазылған еңбектің қамтылған, бірақ авторлар Алматы облысының мемлекеттік
архивінің құжаттарын кеңінен пайдалана отырып, осы ұлт істері бөлімінің
ұйымдастырушыларының бірі – Ораз Жандосовқа бір жол да арнамаған.
Бұл зерттеулер Ораз Жандосовтың қоғамдық – саяси қызметке араласуын
1918 жылы Верныйдағы ерлер гимназиясын тәмамдауымен байланыстырады,
қоғамтанушы – ғалымдар Ораз Жандосовты Кеңес Заманы тудырған қайраткер
деген тұжырымды қалыптастырған. Өкінішке орай, бұл зерттеулерде Ораз
Жандосовтың Жетісу өңіріндегі қызметі ғана қарастырылып, ал оның өмір
жолының келесі белестері үстірт қаралған. Тіптен кейбір мақалаларда оның
қай жылы қандай қызметтер атқарғаны ғана көрсетіліп, келтірілген фактілерге
теңірек үңіліп баға беруге талап жасалмаған. Бірде – бір еңбекте оның
өмірінің соңғы жылы, яғни неге, қалай атылғаны көрсетілмеген. Біздіңше, бұл
мақалалар ғылыми – зерттеуден гөрі өмірбаяндық – анықтама сипатын алған.
Ал 1974 жылы жарық көрген Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында
берілген Ораз Жандосовқа арналған өмірбаяндық анықтамада біраз қателіктерге
жол берілген.
Мысалға, Ораз Жандосовтың туған және дүниеден қайтқан жылдары жаңсақ
көрсетілген. Ораз Жандосовтың өз қолымен жазылған өмірбаянында дүниеге
келген 1899 жыл деп көрсетілген, ал жоғарыда көрсетілген еңбекте авторлар
1889 жыл деп он жылға жаңылысқан. Сонымен бірге, авторлар Ораздың әкесінің
атын, оның Түркістан КП мұсылман коммунистері секциясы облыстық бюросының
төрағалық, Түркістан КП ОК-нің үгіт – насихат бөлімінің меңгеруші қызметін
атқарған жылдарын да жаңсақ көрсеткен.
Қарастырылып отырған үшінші кезеңде жарық көрген тарихи - әдеби
еңбектердің де Ораз Жандосовтың қоғамдық – саяси қызметін зерттеу барысында
алатын орны өзгеше. Бұл шығармаларда Ораздың балалық шағына, оның қоғамдық
– саяси және мемлекеттік қызметінің алғашқы кезеңдеріне көбірек көңіл
бөлініп, ал оның өмірінің қиын, көп қырлы тұсы назардан тыс қалған.
Жоғарыда аталған тарихи - әдеби шығармаларда басты кейіпкер – Ораз
Жандосовтың бейнесі сол кезеңнің уақыт талабына сай, болашақ ұрпаққа өнеге
боларлық тұрғыдан жазылған. Дегенмен де, әдеби шығарма болғандықтан бұларда
әсірелеушілік басым.
Тарихи зерттеулер ішіндегі құндылары Ораз Жандосовтың
замандастырының ол туралы естеліктері Қ.Әміров өзінің жинағында Ораз
Жандосовтың қызметіне ғана тоқталып қоймай, оның адамдармен қарым –
қатынастарының қарапайымдылығын да, сөзге шешендігін де көрсете білген.
Сонымен қатар, осы кезеңдегі Жетісу өңірінде комсомол ұйымының
қалыптасуына және азамат соғысына, Кеңес өкіметін орнату кезеңдеріне
арналған естеліктер – жинақтарда да О.Жандосовтың өмірі мен қызметіне
біршама орын берілген. Бірақ олардың бірі қайраткердің тек қысқаша
өмірбаянын берумен шектелсе, тағы бірі оның басқа қайраткерлермен қатар
Еңбек сіңіргенін атап өтумен киектеледі.
Менің ойымша, үшінші кезең зерттеулеріне жалпы сипаттаушылық тән.
Қай зерттеуді ой елегінен өткізсек те, мұрағат құжаттары көрсетілгенімен,
Ораз Жандосовтың қоғамдық – саяси, мемлекеттік қызметіне ғылыми тұрғыдан
тиісті баға берілмеген.
Елімізде қайта құрудың басталуымен тарихи тұлғалардың қызметін
бағалауда жаңа кезең басталды. Бірақ әлі де кейбір зерттеулерде ескі
идеологиялық әдістің басымырақ екенін көруге болады. Оны 1989 жылы жарық
көрген В.К. Григорьевтің, Н.Р.Джагфаровтың, В.П. Осиповтың бірігіп жазған
еңбегінен көреміз. Қазақстаның партия ұйымының идеялық саяси жұмысына
арналған бұл зерттеуде қайраткерлердің, соның ішінде О.Жандосовтың да аты
аталғанымен, ол тағы да біржақты бағаланған.
Алғашқылардың бірі болып Н.Жағыпаров О.Жандосовтың қоғамдық саяси
қызметіне араласуын 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысымен байланыстырған. Ал
В.Ковалевтің мақаласының жаңалығы алғаш рет Ораз Жандосовтың 1937 жылы
қазан айында тұтқындалып, 1938 жылдың 3-наурызында атылғанын көрсетуінде.
Мәселені зерттеуге жаңаша көзқарас, жаңа леп әкелген 90-шы жылдарда
пайда болған еңбектер еді. Төртінші кезеңде жарық көрген естеліктердің де
өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Е.Д.Эйгинсонның естелігі көпшілікке көп
таныс емес Ораз Жандосовтың оқытушылық қызметінен сыр шертеді.
Дегенменде әдебиеттерге жасалған осы тарихнамалық шолуымызды қортып
айтсақ, біз зерттеп отырған тақырыптың зерттелу деңгейі төмен. Жарық көрген
мақалалар Ораз Қиқымұлы Жандосовтың қоғамдық – саяси, мемлекеттік қызметіне
арналған өмірбаяндық анықтамалар тәрізді. Ал ұжымдық, жеке ғылыми
зерттеулерде белгілі бір оқиғаларға байланысты Ораз Жандосовтың есімінің
аталғаны болмаса, мен зерттеп отырған мәселе терең зерттелген емес.
Бітіру жұмысының хронологиялық шектері:
1899-1938 жылдар – қоғамдық саяси қйраткер, ағартушы Ораз Қиқымұлы
Жандосовтың өмір белестерін толық қамтиды. Бұл мезгіл Қазақстан алғашқы 20
жылы, нақты тарихи жағдайлармен атап айтқанда тоталитарлық жүйенің қоғамның
барлық салаларында беку кезеңі болып табылады. Тарихи процесті мұндай
кезеңдік - өтпелі дәуірде біртутас зерттеу рухани өмірге деген жүйенің
көзқарасын, әрекетін, идеологиялық өктемдіктің, тоталитарлық зорлық-
зомбылық бет пердесін аша түсуге нақты тенденцияларды бақылауға, оның даму
ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.
Ораз Қиқымұлы Жандосовтың саясат сахнасына көтеріліп, қоғамдық –
мемлекеттік қызмет атқарған уақыты нақ осы қайшылығы мол, аса күрделі,
аумасы – төкпелі кезеңмен тұспа – тұс келеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мақсаты бір еді. Ол – тәуелсіз
қазақ мемлекетін құрып қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін Ораз Жандосов
бар күшін сала әр түрлі қоғамдық – мемлекеттік қызметтер атқарып, халқының
хал – ахуалын көтеру, оқу – білім ағарту, ісінде, елді мәдени – рухани
тұрғыдан көркейту саласында жан аямай еңбек етті. Мұндай халқының қамын
жейтін, ұрпақтың рухани өмірін ойлайтын, жанашыр басшы бар ел құрдымға
кете қоймайды. Алайда әйгілі 1937 жыл Ораз Жандосовтың белсенді қызметін
тоқтатып тастап, қайраткерді тоталитарлық жүйенің кезекті құрбандығына
айналдырды.
Бітіру жұмысының деректік көздері:
О.Қ. Жандосовтың қоғамдық – саяси қызметі жайындағы тарихы туралы
бітіру жұмысын жазуға пайдаланылған негізгі және маңызды деректер қатарына
газет журналдар (баспасөз материалдары) мен және шығармашылық адамдардың
және тарихнамада көрсетілген қоғам қайраткерлерінің еңбектерін атап
көрсетуге болады.
Тарих сахнасындағы құбылыстарға байланысты әр кездегі тоталитарлық
дәуірдің жаңадан қалыптасуы кезеңіндегі тарих ғылымына біржақты сталиндік
тұжырымдар үстемдік еткен кезеңдегі, Ораз Жандосовтың Орталық Комитетінің
комиссиясының шешімі бойынша азаматтық және партиялық тұрғыдан ақталғаннан
кейінгі, елімізде қайта құрудың басталғанынан тәуелсіздік алғанымызға
дейінгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі жазылып өткен теориялық мақалалары
мен еңбектері осы бітіру жұмысымның деректемелік негізін құрайды.
Бұл деректер О.Қ. Жандосовтың қоғамдық саяси қызметінің сан қилы
белестерін, ұстанған бағыттарын жан-жақты талдап, нақты көрсетуге мүмкіндік
береді.
Бітіру жұмысымда пайдаланылған тағы бір деректер тобы – саяси
қайраткерлердің, Ораз Жандосовтың өзінің партиялық конференцияларда,
пленумдарда сөйлеген сөздері мен баяндамалары. Бұл деректердің
материалдарын қолдануда авторлардың ұстанған субъективтік көзқарасы
ескеріліп отырды. Сонымен бірге кейбір ХХ ғасырдың 20-30 жылдар
мәселелеріне арналған диссертациялар, авторефераттар материалдары, ғылыми
конференция тезистері де пайдаланылды.
Бұл жұмысты жазу барысында сондай – ақ Шығыс Қазақстан облыстық
мемлекеттік мұрағат қоры мен интернет құжаттары мен мәліметтері маңызды
дерек болды.
Бітіру жұмысының жаңашылдығы:
Бітіру жұмысының жаңашылдығы мынада деп ойлаймын: 1) Зерттеу бұрынғы
таптық және партиялық көзқарастарды қабылдамай, жаңа, тәуелсіз
методологиялық принциптерді басшылыққа алғандықтан Ораз Жандосовтың
мемлекеттік қызметінің бұрын назардан тыс қалдырылып келген тұстарын және
тоталитарлық жүйеге белсене қызмет еткен, бірақ өзі де осы жүйенің
құрбандығы болған қайраткерге тән қателіктер жан – жақты талданды. 2)
Бітіру жұмысымда жеке, нақты тарихи тұлғаның мемлекеттік, қоғамдық және
ұйымдастырушылық жұмыстарын ғылыми зерттеу арқылы сталиндік – голощекиндік
әкімшіл - әміршіл тәртіптің Қазақстанда үстемдік алу кезеңдерін, бұдан
қазақ халқының, оның зиялыларының рухани жан – дүниесінің, саяси
көзқарасының өзгеру эволюциясын дұрыс түсінуге мүмкіндік туды. Ораз
Жандосовтың қайғылы тарихи тағдырын оны негізсіз айыптауды зерттеу
тоталитарлық жүйенің, орталықтың жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан
қайраткерлерге деген екі жүзді саясатын тарих алдында әшкерелейді. Бұрын
мұндай шындықты толық, жүйелі, мәселенің ағы мен қарасын салыстыра ашық
көрсететін зерттеуге мүмкіндік берілмегенін ескере кету керек және бұл
мәселе бойынша бұрын тарих ғылымының айналымына түспеген тың құжаттар мен
деректердің көптеп пайданылды. Бітіру жұмысының барысында жасалған кейбір
қорытындылар мен ұсыныстар қазіргі кезеңдегі зиялы қауымның қоғамдағы
орнын, этнопсихологиялық рухани жан - дүниесін зерттеп оны ғылыми негізде
түсінуге, оның қызметінің республика болашағы үшін маңыздылығын ұғуға
мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ – ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ
ЖАНДОСОВ
1.1 Ораз Жандосов өскен орта
Қазақ тақыр жерге шөп шықпайды деп бекер айтпаған.
Қарарастырылғалы отырған әйгелі қоғам қайраткері, қазақ зиялы қауымының
көрнекті өкілі, ағартушы Ораз Қиқымұлы Жандосов – XVIII ғасырда ғұмыр
кешкен Шапырашты Қазыбек бек шөбегелі. Қазыбектің ортаншы ұлы Қозыбайдан
Жандос, одан Қиқым, одан Ораз болып тарайды. Жамбылдың Оразға:
Қазыбек – арғы атаң жауды қуған,
Дұшпаннан бір тайпа елді қорғап тұрған.
Сен – дағы бабаңа ұқсап батыр тудың,
Қасына қаһарланса, қармақ құрған, - деуі осылан.
Қазақстанның аяғынан тұрып, нығаюына үлкен еңбек сіңірген, тағдыры
қайшылықты ірі тарихи тұлғалардың бірі – Ораз Жандосов 1899 жылы 25 ақпанда
Верный уезінің Шамалған болысындағы №7 ауылда (қазіргі Қарасай ауданындағы
Жандосов атындағы кеңшарда) дүниеге келген. Шыққан тегі бұрынғы Жетісу,
қазіргі Алматы облысының шаруа жанұясы. (49,23(
Ораздың әкесінің қыштан салынған қыстағы шаруашылық құрылысы, 1,5
десятина егістік алқабы, 50 түп алмаағашынан тұратын бағы болған. Осы
азғана шаруашылық бүкіл отбасын асырауға мүмкіндік берді.
Тұрғылықты халықтың, соның ішінде өз жанұясының өмірлік мүдделеріне
кері әсерін тигізген, патшалық қоныс аудару саясаты жас Ораздың
көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен деп айтуға болады. Осы саясаттың
кесірінен 1907 жылы қоныс аударушыларға жер беру үшін қазақ қоныстарын
тартып алу нәтижесінде Қиқым Жандосов барлық ауыл шаруашылығына пайдалы
жерінен бақшасынан, егісінен айрылып қалған болатын. Жығылғанға жұдырық
дегендей енді Қаскелен станциясы қазақтарына және Саманов ауылы шаруаларына
мал жайғаны үшін ақша төлеуге мәжбүр болды. Ақыры жерсіз қалған және қаржы
тапшылығынан шаршаған Қиқым Жандосов 1891 жылы Дала ережесінде бекітілген,
қазақ жері мемлекет меншігі болып саналған заңға қайшы келерлік іс жасап
өзінің рулық жер бөлігін сатуға дейін барды.
Міне осындай кедей шаруа отбасында өсіп – тәрбие алып жаңа
экономикалық жағдайға үйренуге мәжбұр болды. Ораз Жандосовтың әкесі Қиқым
Жандосұлы күнкөріс қамымен Қаскелең шатқалынан отын дайындап, әк әзірлеп
казак әскерлерінің станциясы кулактарында батырак болып жұмыс істейді. Ол
орыс арасында көп жүріп, барлық бақыт қазақ жеріне орыс мәдениеті арқылы
келеді деген сеніммен әрі баласының болашағы тапшылыққа тап болмасын,
ертеңгі күні білім алғанда ғана жарық болады деп ой түйген Қиқым Жандосұлы
Оразды оқуға беруге бел байлады. 1905 жылы Верный ерлер гимназиясына
внықтама қағаздарын жинайды және отбасындағы күнделікті қаржы тапшылығына
байланысты Ораздың әкесі Жетісу облысының әскери губернаторына гимназия
жанына ұлының тұратын жері ретінде пансион беруді және оны оқыту үшін
төленетін қаржыдан босатуын өтінген болатын. (59, 3(
Алайда бұл сұранысы бірден орындалған жоқ, кезектің саны көп
болғандықтан Қиқымның өтініші тек 1908 жылы іске асырылды. Осы жылы Қиқым
ұлы Оразды Алматыдағы (Верныйдағы) ерлер гимназиясына оқуға алып келеді.
Ағаш киіз етігін сүйреткен қара баласын қолынан жетектеген сабалақ бөрікті
жүні шыққан ескі шапанға оранған, қажағай денелі, қаба сақалды шалды көріп,
гимназиядағылар таңқалғанымен, артынан орыс тілін орыстардың өзіндей
сөйлегеніне таңданып, баласын оқуға алмақ болады. Өзінің орыс тілін жақсы
білгенінің арқасында ғана баласын гимназияға өткізген Қиқым қуанып ауылға
қайтқан болатын[2,10].
Ораз осы гимназия қабылданып дайындалған сыныптың төменгі тобына
қосылады. Осы жолға ұқсас Ораздың бауыры Оразалы да 1912 жылы дәл осы
гимназияға оқуға түседі.
Енді Ораздың қандай гимназист болғаны жайлы мәліметке келетін болсақ
ол жайлы Педагогикалық кеңес протоколдарынан танысуға болады. Дайындаушы
және бастауыш сыныптарда ол сыныптастарынан тәртібі жағынан ерекшеленіп
тұрады. Оның аса зейін қоя, құлшыныспен оқитын пәндері тарих, география,
табиғаттану, латын тілі болды, ал орыс тілінен жылдық бағаларына қарап,
Ораз үшін тілдік барьер болғанын, оның тек үшінші сыныпта игергенін
байқауға болады. Өзінің басқа замандастары сияқты ол да шытырман және
детективті әдебиеттерді Майн Рид, Жюль Верн, Конан Дойл шығармаларын аса
қызығушылықпен оқыды.
Сондай-ақ гимназия қабырғасында жүргеннің өзінде ұйымдастырушылық,
жауапкершілік сияқты қабілеттерін танытты. Ол оқушылардың ағарту үйірмесін
ұйымдастырып, әр түрлі үгіт жұмыстарын жүргізді, жергілікті ұлтшыл
буржуазияға қарсы газеттерге мақала жазып, халық мүддесін қорғады. Халық
санасын көтерудің шараларын жасады. Осындай ұйымдастырушылық іс –
шаралармен айналысып жүрген жас Оразды орыс жолдастары Оқымысты қырғыз
деп атаған. (22, 4(
Осы гимназияда оқып жүрген кезінде – ақ жас Ораз Жұбаныш Бөрібаев
және Тоқаш Бокинмен бірге патша үкіметіне қарсы астыртын ұйымға мүше
болған.
Жазғы демалысқа шыққан уақытта Ораз Жандосов бауырымен Шамалған
болысына әкесінің шаруашылығына көмектесіп қайтатын. Бірақ бұл тәртіп 1913
жылы жазда екіжілдық гимназиялық әскери жинақ өткізуге байланысты бұзылды.
Лагерьде гимназистерді тәжірибелі офицерге бастауыш әскери істерін оқытты
яғни топпен жүру, сапқа тқру, гимнастикаға үйрету. Әскери жинақ аяқталған
соң гимназисттер алдында тағы бір сынақ тұрды, ол үлкен Алматы көлінен
Ыстық – көлге қарай одан Верный қаласына қайтып келу маршруты бойынша атпен
экскурсия жасау еді.
1918 жылы сәуір айының соңында Ораз Жандосов гимназияны өте жақсы
тәртіппен және барлық пәндерді жоғары балл мен аяқтайды.
Өзі тақыр кедей жанұясында өсіп тәрбие алған, Алаш қозғалысы
орталықтарынан Шалғай, Верный тәрізді ұлттар мекендеген қалада оқыған және
Азамат соғысы жылдарында осы қаланы ақ қазақтардан қорғауға белсене
қатысқан О.Жандосовқа большевиктердің идеялары түсінікті де жақын көрінді.
Елде болып жатқан саяси жағдайға алаңдаушылықпен қарап жанашырлық танытып
отырды.
Тоқаш Бокин, Сәт Ниязбековтың тұтқынға алынғанын, Бекболаттың
көтерілісі туралы естіген – ді. Солардың мерт болуы мүмкін екендігін
ойлағанда, өздері өлімге бас тігіп жүрген осылардың тағдырын, туған
халқының қасіретті тағдырын ойлағанда Ораздың жаны жай таппайтын. Осындай
ой құшағында ол талай түндерді ұйқысыз өткізіп жүрген болатын. Әрқашанда
Бекболатпен көріссем, қажет болса қолұшын берсем деген ниет – ойлар
мазасында болды (50,19(.
Алайда қиын қыстау заманның халқына деген сыйы өзгеше болды.
Үкіметтің аты аталғанда Ораз Жандосовтың көз алдына дарда салбырап, арқанға
ілініп Боралдай төбесінде тұрған Бекболаттың, атылған Байбосын мен
Қалығұлдың хал жайы сияқты оқиғалар жас Оразға зор әсер туғызып, өшпес із
қалтырды. Осы көтерілісті әзірлеуші, Бекболаттың рухани дәм берушісі, әрі
гимназия қабырғасында жүргенде ақ едәір әсер еткен Тоқаш Бокиннің
революцияның екі бірдей қыраны Фрунзе мен Бокинді ұясынан ұшырған
гимназияның революциялық дәстүрі Ораз Жандосовты революция ісіне,
большевиктік партияның идеясына саналы түрде әкеліп біржола бекіндірген
еді.
Ораз Жандосов тек гимназия білімімен ғана шектеліп қоймай Мәскеудегі
Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясында оқып, байлығы саналы
өмірін бәрін де өз білімін өзі көтеруімен болды. Оқуға зерек ынташыл Ораз
өнерден де құр қол болмады жастық шағында өз қатарына танымал сүретші әрі
мүсінші болды.
Онымен жақын араласқан замандастырының айтуына қарағанда, бұл адам
жігерлі де, қайратты (А.М. Контрищиков), аққөңіл, инабатты мінезді
(Е.А.Попова), аңқаулау, мейірман жүректі (М.А. Янгулатов), өте ақылды
(М.Әбдіқалықов), тың да өткір ойлы (Ғ.Мүсрепов), еркіңді тез билеп
алатын (Х.Өзденбаев) болған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын алғаш
бітірушілердің бірі ретінде О.Қ. Жандосовтың мектебінен өткен жазушы
Д.Снегин қайраткерді Бұл құбылыс болатын. Бұл бөлек тұлға деп жазады.
Ораз Жандосов адамгершілігі мол, ізеттілігімен де өз ортасында
сыйламды болды. Әрқашанда әкесінің қолқанаты, бауырлары Оразалы, Оразғали,
Мүсірәлілерге қамқоршы болып демеп отырған. Ағасы бардың жағасы бар демекші
Ораздай ағасы болған бұл жандар (бауырлары) неткен бақытты еді. Алайда
жаман айтпай жақсы жоқ. Ораз Жандосов Халық жауы аталып қамауға
алынғанда, бір бауырына да кінәсіз айып тағылып ұсталған болатын.
Әрқашанда өзіне жүктелген жұмыстарға аса жауапкершілікпен,
ұқыптылықпен, салмақпен қарайтын және өзгелерге де осындай талап қойды.
Мұндай қасиеттерімен ел басшылығы қызметін атқаруға сәйкес келетіндігін
айтуға болады. Осы басшылық қызметте отырып мәнсап қуып, биікке шықтым деп
кеудесін де көтермеген, әр қашанда қалың елі қазағының, әсіресе кедей –
кепшіктердің жанашыры болып, олардың тұрмыстарын жақсартуға қолынан
келгенше бар мүмкіндіктерді жасады.
Саясат сахнасында, жауапты да қайшылықты қиын қызметте жүріп, татар
қызынан жар сүйіп отау құрады (24, 3(. Зайыбы Фатима Асқарқызы Жандосова
(қыз кезіндегі фамилиясы Сүтішева) өскен жері Ташкент қаласы болатын.
Шыққан әлеуметтік тегі – қызметші, білімі орта, гимназия бітірген. Жары
Фатимамен жанұя болып, балалы – шағалы болады. Едіге, Санжар және Анри
(Әли) деген ұлдары өмірге келеді. Ұлдарына білім беру, тәрбиелеу жолында
екеуі де бар күштерін салып – ақ тырысады амал қанша олар ер жетіп есейген
шақтарын көре алмай – ақ кетті.
1.2 Саяси көзқарасының қалыптасу кезеңдері
Социализмнің, КСРО-ның саяси жүйесінің күйреуі, Қазан төңкерісіне
қатысқан еліміз қайраткерлерінің өмірбаянына көлеңке түсіргенімен, олардың
жүріп өткен жолдарын зерттеуде ғылыми танымдық қызығушылықты жоғалтпайды.
Соңғы он жыл бойындағы әртүрлі басылымдарда еліміздің жүріп өткен жолындағы
кеңестік кезең жоғалған жылдар, оған ешқандай мән берудің қажеті жоқ, ал,
социалистік идеяны жүзеге асыруға қатысқандар алданып қалған және
фанатиктер деген айдар тағылып жүр. Мәселеге мұндай көзқарас қалыптастыру
түбегейлі дұрыс емес. Қазақстанның тарихында жаңа ақтаңдақтардың пайда
болуына жол беруге болмайды. Тарихты қайта жасау емес, одан тағылым алу
қажет. Кеңестік дәуірдің тарихын зерттеу арқылы социализм құрылысы
кезеңіндегі Ә.Жангелдин, т.б. жекелеген тұлғалардың жаңа тарихи -
өмірбаяндық келбетін қалыптастыруға болады.
Биік мұраттарды өмірлік шындыққа айналдыратын – нақты қайраткер
адамдар, олардың мыңдаған кедергілерді жеңген жергілікті көзге бірде
көрінсе, бірде көрінбейтін мыңдаған түрлі қиындықтарға мұқалмаған қайсар
рухы. Басқаша айтқанда, белгілі тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде
халықтың асыл арманын, тілек – мұратын білдіруші де – сол қайраткерлік
дәрежеге көтерілген адамдар. Өтпелі күрделі кезеңдерде халық олардың тарихи
тұлғасына қайрылып, олардың іс - әрекетінен, мақсат – мүддесінен, тіптен
мінез – құлқынан бүгінгі өзінің алдында тұрған азапты сауалдарға жауап, іс
қимылына негіз боларлық сүйеніш іздейді[41, 4]. Зиялылар тарихына – адамзат
ойы мен мәдениеті тарихына тоқталмай тарихи дамуды толығынан көрсету мүмкін
емес. Біздің елімізде бұл мәселе жетпіс жылдан аса коммунистік партияның
тарихымен тығыз байланысты болды. Сол себептен де партия мен зиялылар саяси
қарым – қатынас мәселесін зерттеу арқылы ұлттық зиялыларының төңкеріс
кезіндегі ролі мен орнын анықтап, қазіргі кезеңдегі оның көптеген
мәселелерінің мәнін түсінуімізге болады.
Ұлы қазан төңкерісінің пісіп жетілуі қазақ зиялылары арасына жік
салып, әркімнің саяси келбетін, бағытын анықтап берді. Қазақ зиялылары тағы
да екі жікке жарылды. Олардың бір тобы Алаш партиясын құрып
(Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және тағы басқалар) қазақ ұлтының, қазақ
халқының тәуелсіз ел болуы үшін күресті (Т.Рысқұлов, С.Қожанов,
С.Сәдуақасов және тағы басқалар) болды. Өкінішке орай, бұл топтың да кеңес
өкіметі кезінде нәубетке ұшырамағаны жоқтық қасы. Еліміз тәуелсіздік алып,
егеменді ел болғалы халыққа оның бостандығы, тәуелсіздігі жолында
арпалысқан қазақ арыстарының, аққан жұлдыздай келте ғұмыр кешкен ардақты
ұлдарының есімдері қайтарылуда[44, 43].
Ал менің бітіру жұмысымда сөз болып отырған азамат жоғарыда
көрсетілген 2 топқа да жатпайды. Ол большевиктік Қазан төңкерісінің
қазанында қайнаған, оның өзі туғызған, өзі тәрбиелеп, шыңдап жетілдірген,
мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерген Қазан төңкерісінің төл
перзенттерінің бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов.
Верный ерлер гимназиясында оқып жүрген кезінде – ақ жас Ораздың
Жұбаныш Бөріьаев және Тоқаш Бокинмен бірге патша үкіметіне қарсы астыртын
ұйымға мүше болғаны туралы деректер бар. Өзі тақыр кедей жанұясында өсіп,
тәрбие алған, Алаш қозғалысы орталықтарынан шалғай, Верный тәрізді әр түрлі
ұлттар мекендеген қалада оқыған және азамат соғысы жылдарда осы қаланы ақ
қазақтардан қорғауға белсене қатысқан О.Жандосовқа большевиктер идеялары
түсінікті де жақын көрінді. 1918 жылы қарашада ол сондықтан да осы партияға
өтті. Ораздың коммунистік партия мүшелігіне кіруінің себебі не деген
сауалға кейбір зерттеушілерге ұқсап біржақты жауап беру дұрыс болмас деген
ойдамын. Кезінде қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу оқыған зиялы
азаматтарының дені ұлт мүддесін тап мүддесінен жоғары қойып, сондықтан да
таптық бағдардағы ақтар мен қызылдар ұстанған бағыттарды ұлттық мүддеге жат
саяси ағымдар деп танып, ұлтымыздың жоғын жоқтаған халыққа етене жақын алаш
қозғалысына белсене қатысқанда, О.Жандосовтың бірденнен еуропалықтарға
сенім артуының өзіндік себептері болды. Біріншіден әлеуметтік шыққан тегі
жағынан ауқатылардан гөрі қоғамның төменгі топтарына жақын тұрған ол
көбінесі қала мен ауыл кедей – кепшіктерінің мұң мұқтажын қорғауға бейім
болып өсті. Екіншіден, саяси сауатының едәір төменгі және саяси жұмыс
тәжірибесінің аздығы оны бірден гөрі еуропалық большевиктер көп көңіл
бөледі деген түсінікке итермеледі[39, 2]. Бұл соңғы жағдайды большевиктер
өздерінің саяси авантюрасында, Ораз сияқты қазақ жастарын өз жақтарына
тартуда шебер пайдалана білді. Сондықтанда кезінде талай Ораздар
большевиктік басшылық орындарға тартылып, өкілетті қоғам (социализм) орнату
идеясына беріліп, оған шынайы сенді және де қайраткердің Тоқаш Бокинмен
етене жақындығы оның орыс коммунистерімен жақындасуына, тіл табысуына көп
әсер етті.
Алайда туған ұлтына қызмет ету – Ораздың басты мақсаты болғанын,
оның бүкіл кейінгі қызметі дәлелдейді. 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы
кезінде ол көтерілістің сипатын дұрыс түсініп, оған қатысты. Тарихи
деректер оның осы жылдары Күрті және Ботбай болыстарындағы наразылыққа
қатысушылар арасында жүргенін өзі жақсы таныс, әйгелі Бекболат Әшкеевті
тұтқыннан босатуға әрекетенгендігін және Жетісудағы көтеріліс басшыларының
бірі Қырбай Бозымбетовты біраз жігіттермен бірге тұтқыннан босатқанын
айтады.
1916 жылға көтеріліс туралы О.Жандосов былай дейді: Көтерілістің
басты себебі – жер мәселесі, отарлау саясатымен, әрі жергілікті тұрғындар
мен қоныс аударушылар қарым – қатынасымен де тығыз байланысты [60, 2].
1916 жылғы көтеріліс саяси құбылыс. Көтеріліс мақсаты – патша
қанауынан азат ету. Ал оның сипаты ұлттық сипатта.
Ораз Жандосов дегенде қызыл насихат арқасында санаға сіңіп кеткен
большевик, революционер ұғымдары еске түседі. Ал, тәуелсіз қазақ
азаматының көзқарасы бізге Ораз Жандосов бейнесінің басқа қырларын көрсетіп
басқа сырын ашады. Бүгін Ораз Қиқымұлы атқарған алуан, ауқымды істерге оның
ерлік шежіресі аңызды айналғанына, қайта көз жүгіртсек алдыңнан тастан
қашап жасаған қызыл комиссар мүсіні емес, қазақ елі, жері, қазақ десе жанын
құрбан етерлік ардақты да асыл күрескер алып азаматының каһарман тұлғасы
асқақтап шығады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялы қауымының негізгі мақсаты бар еді.
Ол тәуелсіз қазақ мемлекетін құрып қалыптастыру. Бірақ, ол мақсатқа жету
жолын әрқайсысы өзінше қарастырды, ерекше ойластырды. Нысаны бір
болғанымен, Бекболат Әшекеұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың қақ
ортасында болып, жеңілісін көріп,күйреуіне уайымдаған Ораз Жандосов заман
ықпалымен коммунистік идеологияны таңдады.
Ораз Жандосов ғұмырын басқа тұстарымен салыстыра саралағанда оның
өзіндік өзгешіліктерін айқын көреміз. Айта кету керек, 1916-1924 жылдар
Ораз Қиқымұлының жеке тұлғасында ғана емес, бүкіл қазақ тарихында шым –
шытырық оқиғаларға, шұғыл бетбұрыстарға, күрт өзгерістерге, шегіне жете
шиеленіскен күрес пен арпалысқа толы болды. Мұнда жаңа мен ескенің,
әділеттік пен зорлықтың тайталасына жай ғана қатысушы емес, төңкеріс
заманының белсенді кейіпкері, бұқараның танымал жетекшісі, көптеген игі
істердің бастаушысы, болуға төселіп, саясатқа деген көзқарасы пісіп
жетілді.
Сталиннің: Голощекин жолдас! Мен мына мәліметтіңізде көрсетілген
саясатты негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын, - деген
жазалау саясатын жүзеге асыру үшін азаматтық соғыс саясатын (Голощекиннің
өз сөзі) жүзеге шұғыл асыруға жанталаса кіріскен құжатқа қарсы азаматтың
келісім саясатын ұстанған С.Сәдуақасовтың пікірлесі болған О.Жандосов,
саяси мінбедегі айтысты емес, нақты істі таңдап алды. Мың-зы дегдар
айтқандай: Егер зауал аспаннан келсе, онда одан құтылуға болады. Ал сол
кесепат өзіңінің ішіңнен шықса, одан құтыла алмайды, - екнсің. Кесепат
іштен шықты[53, 2].
Бірақ Ораз Қиқымұлы Алаш идеясының ісіне адал болды және белгіленген
міндеттердің бәрінің де жүзеге асуына атсалысты. Оған алаш ардагері Елдес
Омаров марқұмның НКВД-ның тергеушісіне берген жауабындағы; Қазақ
коммунистерінің арасында екі топтың барлығы маған белгілі, олардың біреуіне
– Сәдуақасов Смағұл, бұрынғы жер жөніндегі комиссар Сұлтанбеков, Мыңбаев
және Жандосов, тағы басқалар басшылық етеді. Екінші топтың жетекшілері:
Халық комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Нұрмақов, Тоқтыбаев Кәрім, Тоғжанов
жатады .
Бірінші топ – ұлтшылдардың қатарына жатады, екіншісінің де
біріншіден пәлендей айырмасы жоқ... Өйткені қазақ халқының мүддесін қорғау
кезінде, мысалы, жерге орналастыру мәселесі жөніндегі тартыс кезінде, екі
топ та бірігіп кетті, - деген пікір куә. Бұл жала емес, шындықтың нағыз
өзі еді.
1917 жылдың соңына қарай өмірге келген Алашорда және Түркістан
(Қоқан) автономиясы үкіметтері ұлттық элитаның жігерлі еңбегінің нәтижелері
ғана емес, сонымен бірге оның ұлт өмірін қайта жақсарту бағытындағы
потенциялдық мүмкіндігінің де көрінісі еді. Патшалық биліктің жаңа
қалыптаса бастаған қазақ саяси элитасына қатынасы аз уақыттың ішінде
мынадай өзгерістерге ұшырады. Бірінші орыс революциясы жылдары
оппозициядағы күштердің екпінінен қаймыққан үкімет қазақ зиялыларының
белсенді тобын саяси қуғымдауға алды. Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы Қазақстан
тыс, ал Ж.Ақпайұлы, О.Әлжанұлы және басқа қайраткерлер Қазақстан ішіндегі
басқа облыстарға жер аударылды, М.Дулатұлы, Көлбай Тоғысұлы және басқа
зиялылар саяси белсенділігі үшін абақты есігін көріп шықты. Дегенмен
патшалық билік бұл мезгілде бірде – бір қазақ саяси қайраткерлерін саяси
қызметі үшін сот үкімімен ату жазасына бұйырған емес. Бұл арада, әрине 1916
жылғы ұлт – азаттық көтеріліске қатысып: басшылық жасағаны үшін атылған
Бекболат Әшекеев және басқалар жөнінде әңгіме басқа, ол өзіндік ерекшілігі
бар тақырып.
Міне осындай күрделі де ауыспалы шым – шытырық заманда, жік – жікке
бөлінген қазақ саяси элитасының қызметі кезінде көзі ашылып көкірегі оянып
келе жатқан Оразға саясатқа бетбұрып, жеке көзқарасының қалыптасуына ықпал
еткен кезең болды. Тағдыр жазмышы солай болса керек, оның өмірі
революциялық қайта құру қызметіне арналатындай әсерде қайраткерлік дәрежеге
пісіп жетілді деп айтуға болады[47, 39].
1917 жылы билікке келген большевиктер партиясы қазақ саяси элитасын
қоғамдық қызметтегі тәжірибесіне қарай екі туынға және жүздік –
территориялық құрылымына қарай бірнеше топқа болып, оларды ортақ ұлттық
мүдде үшін бірігуге мүмкіндік бермей, күштер тепендігін сақтау саясатын
жүргізді. Сондай-ақ большевиктердің ұлттық басқарушы топқа қатынасы
кеңестік биліктің нығая түсуімен қатар өзгеріске ұшырап отырды.
1917 жылдың декабрінде Орынбор қаласында жалпы қазақ – қырғыз
съезінің тоқтамы бойынша Алаш орда мүхтариятын жарияламақ болып
халқымыздың көңіліне қуаныш кіріп тұрған шақта, өзгерістің екінші дәуірі
туылып, үмітіміз күнше жарқырап шыға түсіп, аққан жұлдызша батып қайтадан
амалсыз сенген еді. Өзгерістің жалынды отынан шыққан ұшқын алаш баласының
да басын әлекке салып, ара жігі ашылып екі жақты болып кеткені әркімге аян.
Енді міне Ташкентке шығатын мұсылман газетінің 1919 жылғы 93-номеріндегі
штракионның жазуына қарағанда қазақ – қырғыз жұмысшы бухара халқының
тұрмыс ғаламында зор өзгеріс көзге елестеп, сағымданып жақын арада маңызды
жүзеге асқалы тұр[36, 3]. Алаштың ақ жүрек, адал ниет, алысты болжаған
оқыған, ой – саналы саңлақ зиялылары бұл сияқты жүрек жарылардай ең негізгі
қуанышты бір ауыздан сөз, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла
қарсы алмай, бірлік дегенді ескермей қалай түра аламыз. Өздеріңіз
ойлаңыздаршы, өшкеніміз жанғалы өлгеніміз тірілгелі тұр емес пе? Қабағымыз
қатып, көзіміз жұмылып, жүрегіміз суынып, көңіліміз жабығып, талап қайтып,
тау шағылып рухымыз сөніп тұр едік. Ілгері басқан аяқ кейін кетіп сүрініп,
мүдіріп, көш сонында қалып, шаң қуып тұрған шақта кеңестер өкіметінің бұл
кеңшілігіне қалай рахымет айтпасқа?(
Алаштын жығылған туын тұрғызып, өшкен ұранын шақырып, бірігіп іске
кірісер заман жетті. Жоғалғанымыз табылып, құдай жарылқап, бостандықтың шын
жемісін көретін болдық. Ақ түйенің қарыны жарылсын! Ұрандас үш жүздің
баласы! Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң. Екі жақты болып бұл
бақытты ғанибет білмесек, кейінгі жас ұрпағымыздың алдында не деп жауап
бермекпіз?
Атымыз алаш, керегіміз ағаш болғалы көрмеген қуаныш басымызға
келгелі тұр. Кеудесінде түріктің жаны бар, денесінде қазақтың қаны бар,
жүрегінде ұлтының намысы, ары бар қазақ – қырғыз баласы көтер басыңды, аш
көзіңді, қуаныштың құтты болып, ұзағынан сүйіндірсін! Сүйінші!
Халқының мол жылдар аңсаған бостандық, тәуелсіздікке қол жеткізетін
күн туды деген сенімде болып қуанышқа кеңелген, өзін бақытты сезінген,
шаттанған бұл Ораздың көңіл күйінен елінің, ұлтының қамына иемқұрайлы
қарамағанын байқауға болады. Басқа елдер қатарлы өмір сүру, бұғаудан босап
еркіндік алу ескіні жандандыру, еңсені көтеру сияқты армандарды іске
асыратын кез келді деп, сол үшін сүйінші сұрап жар салған осы азаматтан
халқының жанашыры, ұлтжанды болашақты барлаушы, елінің көркеюі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz