Әлемдiк қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тануы



1 Әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретiнде тануы
2. Терминологиялық ахуалдың сипаттамасы
3. Ұлттық терминологияны дамытудың негiзгi міндеттерi
4. Терминологиялық жұмыстың басты бағыттары
5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтiлетін нәтиже
Әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретiнде таныды. Кез келген елдiң мемлекеттілiгiн айқындайтын негiз қалаушы фактор оның тiлi болып табылады.
Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тiлiне мемлекеттiк мәртебе берiлуiне байланысты оның қоғамдық маңызы арта түстi. Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар.
Ұлттық тiлдi дамытуға мүдделi өркениеттi мемлекеттерде тіл саясатының маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде терминология проблемаларына үлкен мән берiледі. Германия, Франция, Peceй сияқты елдерде терминология комитеттерінің, комиссиялары мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға қойылған. Олар өздерiнiң терминологиялық жұмыстарды үйлестiру және ұйымдастыру жөнiндегi қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар терминологиялық жұмыстардың негiзгi салалық ғылыми-әдістемелiк бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан болсын, сол сияқты мазмұны жағынан да ұлттық ерекшелiктi сақтауға айрықша мән берiледi.
Қазақстан тiлдiң өзара iс-қимылын, тiл құрылымын, оның iшiнде терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi қызметте халықаралық қатынастардың тең құқықты субъектiсi ретiндегi тәуелсiз мемлекет бола отырып, әлемдiк тәжiрибенiң неғұрлым оң үрдiстерiн тиiмдi пайдалануға тиiс. Тәуелсiз мемлекеттің тiлді дамыту саласындағы ғылымы елдiң барлық рухани-мәдени өмiрiнiң оң iлгерiлеуiне және прогресiне сәйкес келуi тиiс.
1. Л.З. Рүстемов. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. - Алматы: Ғылым, 1982. – 159 б.
2. Ө. Айтбаев Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2007. – 627 б.
3. Ә. Қайдаров. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. - Алматы: Рауан, 1993. – 420 б.
4. Ш. Құрманбайұлы Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б.
5. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.
6. www.google.kz сайты

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы
мемлекет ретiнде таныды. Кез келген елдiң мемлекеттілiгiн айқындайтын негiз
қалаушы фактор оның тiлi болып табылады. 
      Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тiлiне мемлекеттiк мәртебе берiлуiне
байланысты оның қоғамдық маңызы арта түстi. Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-
қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық
терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. 
      Ұлттық тiлдi дамытуға мүдделi өркениеттi мемлекеттерде тіл саясатының
маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде терминология проблемаларына үлкен мән
берiледі. Германия, Франция, Peceй сияқты елдерде терминология
комитеттерінің, комиссиялары мен қоғамдық институттарының жұмысы жолға
қойылған. Олар өздерiнiң терминологиялық жұмыстарды үйлестiру және
ұйымдастыру жөнiндегi қызметін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып қана
қоймай, сонымен қатар терминологиялық жұмыстардың негiзгi салалық ғылыми-
әдістемелiк бағыттарын да айқындайды. Бұл ретте нысаны жағынан болсын, сол
сияқты мазмұны жағынан да ұлттық ерекшелiктi сақтауға айрықша мән
берiледi. 
      Қазақстан тiлдiң өзара iс-қимылын, тiл құрылымын, оның iшiнде
терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi қызметте халықаралық
қатынастардың тең құқықты субъектiсi ретiндегi тәуелсiз мемлекет бола
отырып, әлемдiк тәжiрибенiң неғұрлым оң үрдiстерiн тиiмдi пайдалануға тиiс.
Тәуелсiз мемлекеттің тiлді дамыту саласындағы ғылымы елдiң барлық рухани-
мәдени өмiрiнiң оң iлгерiлеуiне және прогресiне сәйкес келуi тиiс. Қоғамдық
өмiрдiң маңызды салаларында қолданылу аясын кеңейтудi талап ететiн
мемлекеттiк тiлдiң қазiргi жай-күйi, оның даму перспективалары ұлттық
терминологияның даму деңгейімен, оны реттеумен, жүйелілігімен,
тұрақтылығымен және оның қолданылу аясының ауқымымен өзара тығыз
байланысты. 
      Ұлттық терминология саласындағы қол жеткен нәтижелер мен орын алған
кемшiлiктердi талдай отырып, тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуының қазiргі
кезеңiндегi өзектi негiзгi мақсаттар мен мiндеттердi басшылыққа ала отырып
оны дамытудың қағидаттары мен бағыттарын белгiлеу қажет, осыған байланысты
елiмiздегi демократиялық өзгерiстерге сәйкес келетiн терминология
саласындағы жұмыстарды одан әрi дамыту, жүйелеу мен үйлестiру мақсатында
Қазақстан Республикасындағы терминологиялық жұмыстың бiртұтас
тұжырымдамасын әзiрлеу қажеттiгi туындап отыр. 
      Тұжырымдама салалық және салааралық ғылыми терминдердi
қалыптастыруға, ғылым салалары бойынша сөздiктер дайындауға, қазақ тiлiнiң
қолданылу аясын кеңейтуге, оны бiр жүйеге келтіруге, терминдер жасауға
негiзгi бағыттар сiлтейдi.

  2. Терминологиялық ахуалдың сипаттамасы

      Қазақ терминологиясының дамуы ұлттық тiлдiң дамуымен, оның
қалыптасуының тарихымен өзара тығыз байланысты. 
      А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омаров, Т.Шонанов, Ә.Ермеков,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлұлы
сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкiлдерi өткен ғасырдың бiрiншi он
жылдығынан бастап қазақ тiлiнде алғашқы оқулықтарды шығарып, орыс тiлiнен
кейбiр шығармаларды аудара бастады. Қазақ зиялыларының өкiлдерi ғылымның
кейбiр салалары бойынша сол тарихи кезеңнiң қажеттiлiктерiне сәйкес
терминологиялық атаулар жүйесiн iрiктеудi ғылыми негiзде жүргізді. 
      Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсiресе нақты ғылыми салалар мен
жекелеген пәндергe дегeн мұқтаждықты қамтамасыз eтуге елеулi үлес қосқан
ұлы ғалым А.Байтұрсыновтың еңбегi айрықша маңызға ие болды. 
      Қоғамдық сананың ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми
танымның ауқымын кеңейтуде жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерiнiң ықпалы
өлшеусiз мол болды. Тап осы кезең - қазақ тiлiн әртүрлi салаларда байыту
мен дамыту кезеңi болды. Осылайша, тiлде терминологиялық сипаттағы жаңа
атаулар мен сөз орамдары пайда болды. 
      XX ғасырдың 10-30 жылдарындағы, А.Байтұрсынов кезеңiндегi ұлттық
терминологияның ең басты ерекшелiгі - бұл термин ретiнде қазақтың байырғы
сөздерiн кәдеге жарату және жалпы халық тiлiнiң сөз байлығын барынша
пайдалану болды. Алайда, бұл қағидаттың ғұмыры қысқа болды. 
      1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдердi
аудармасыз қолдану не орыс тiлiндегi нысанын өзгерiссiз сақтау практикасы
кеңiнен енгізiле бастады. Әсiресе, 1960 жылдардан бастап жасалған
терминдердiң iшiнде қазақ терминдерiнiң саны шектеулi болды. Дегенмен, 1940-
1990 жылдар кезеңiнде 150-ден астам терминологиялық сөздiк шығарылды.
Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы оң маңызын терiске шығаруға
болмайды. 
      Кеңес дәуiрiнде қазақ терминологиясында орыс және шетел терминдерi
сыни талғамсыз қолданылды, қазақ терминологиясының басты қағидаттары
еленбей қалды. Орыс тiлiнен енгiзiлген терминдер және орыс тiлi арқылы
келген халықаралық терминдер орыс тiлiндегi сияқты өзгерiссiз қолданылуы
тиіс деген ереже күштеп енгізiлді және осы нұсқау заңдастырылды. 
      Осы кезеңде шығарылған терминологиялық сөздiктердiң көпшiлiгi басқа
тiлдерден алынған терминдердiң негiзiнде әзiрленді. Нәтижесiнде
терминология жүйесiнде қазақ сөзiнiң үлес салмағы мүлдем аз болды.
Осылайша, қазақ терминологиясы өзiнiң ұлттық келбетiн жоғалта бастады. 
      Егемендiк алуға және қазақ тiлiне мемлекеттiк тiл мәртебесiнiң
берiлуiне байланысты ұлттық терминология проблемаларына ерекше мән берiле
бастады. Қазақ терминологиясының ұлттық ерекшелiгін жаңғырту үшiн жаңа
мүмкiндiктер ашылды. Бұрынғы ондаған шет тiлi терминдерiне сәттi қазақша
баламалар таңдалып алынды. Тәуелсiздiк жылдары әртүрлi ғылым салалары
бойынша шығарылған сөздiктердiң жалпы саны жүзден асып жығылады. 
      Соңғы жылдары ресми iс жүргiзу саласында, бұқаралық ақпарат
құралдарында және бiлiм беру мекемелерiнде мемлекеттiк тiлдi пайдаланудың
үлес салмағы арта бастады. Қазақ тiлiн жазбаша және ауызша нысанда
қолданудың жандануына байланысты зерттеушiлердiң басым көпшiлiгінiң назары
тілдің iшкi мүмкіндiктерiн зерттеуге аударылды. Coндай-ақ, сөзжасамдық
белсендiлiк те жаңа сапалы деңгейге көтерiлдi. 
      Iс тәжiрибесiнде қолданылып жүрген терминдердiң едәуiр бөлiгi ғылым-
бiлiм, оқу-тәрбие, әлеуметтік-саяси салалардағы ежелгi сөздердi "жаңғырту"
жолымен жасалды. 
      Алайда, соңғы жылдары қазақ тiлiнiң терминологиялық жүйесiн әзiрлеу
белсендiлiгінiң күрт өсуiне қарамастан, ұлттық нақыштағы терминдердi жасау
кезiнде қазақ тiлiнiң iшкi ресурстары, лингвистикалық ғылымның жетiстiктерi
барынша толық пайдаланылмай келедi. Қолданылып жатқан шаралар, жеткiлiксiз
болуда. Оның басты себептерi: өзара әрекеттесетiн екi негiзгi фактордың -
тiлдiк фактордың өсiре бағалануынан және тiлдiк емес (әлеуметтiк, саяси,
экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, өзге де) факторлардың
ескерiлмеуiнен тiлдiк ахуалдың қалыптасуы болып табылады.

  3. Ұлттық терминологияны дамытудың негiзгi міндеттерi

      Ұлттық терминологияны дамытудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып
табылады: 
      1) қазақ терминологиясын реттеу. Бұл мiндет - мемлекеттiк iс болып
табылады. Терминология туралы мемлекет тiкелей қамқорлық жасамаған, өз
тарабынан қажеттi шаралар қабылдамаған, қаржыландыру және идеологиялық
қолдау болмаған жағдайда оның орындалуы дүдәмал. Сондықтан Мемтерминкомның
мәртебесi өзгертiлiп, оның ережелерi, мiндеттерi (термин жасау, өзгерту,
реттеу, жүйелеу, қалыптастыру, жариялау, қолданыс аясын кеңейту, тұрақты
қолдану, салалық, терминологиялық бюллетеньдер шығару және т.б.), құрылымы
қайтадан қаралып, жаңа бағыттары белгiленген ресми орган ретiнде бекiтiлуi
қажет. 
      Бұдан басқа бүкiл ғылыми-шығармашылық мүмкiндiктi, ғылым мен техника,
өндiрiс пен мәдениет салаларында нәтижелi жұмыс iстеп жүрген қостiлдi әрi
көптiлдi мамандарды осы проблема төңiрегiне топтастырып, олардан әрбiр сала
бойынша авторлық және шығармашылық ұжымдар құру қажет. 
      Бұлардың қызметiне Мемтерминком басшылық етiп, салалық
терминологиялық сөздiктер серияларын жасау мәселелерiн шешуi, пәндер
бойынша оқулықтар, анықтамалар дайындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауы,
оларға қаржы бөлу және авторларды ынталандыру мәселелерiн шешуi тиiс; 
      2) салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, оларды өзгерту
мен ауыстыруда қазақ тiлiнiң қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа
пайдалану; 
      3) күн санап толассыз туындап жатқан терминологиялық ұғымдарға
тiлiмiзден дәл балама табуда да, сондай-ақ жаңа термин-атауларды жасауда да
терминге тән нақтылықты сақтай отырып, олардың тiлдегi қолданысында болатын
белгiлi бiр шарттылықты мойындау; 
      4) терминдер мен атауларды қазақ тiлiнiң негiзгi ережелерiне, жазу
дәстүрiне сәйкес реттеу; 
      5) туыстас түркi тiлдерiнiң тәжiрибесiн назарға алу; 
      6) сөз құрау моделiнiң барлық түрiнiң термин құрайтын мүмкiндiктерiн
ашу; 
      7) баламасыз шетел терминдерiн ұлттық тiлдiң дыбыс жүйесiне
бейiмдеу; 
      8) ғылымның нақты салаларына орныққан шығу тегi латын, грек, apaб
және т.c.c. халықаралық терминдердiң белгiлi бiр көлемiн қамтитын жеке
сөздiк шығару; 
      9) зерттеу процесiнде қолданылатын әлемдiк тәжiрибенi, туыстас
тiлдердiң, интернационалдық терминдердiң модельдерi мен терминдiк атауларын
пайдалану, оларды қазақ тiлiнiң фономорфологиялық ерекшелiктерi мен
ережелерiне сәйкес бейiмдеу; 
      10) орыс тiлiнен (жалпы славян тiлдерiнен) енген терминологиялық
атауларды мүмкiндiгiнше қазақ тiлiне аударып пайдалану, аударуға
келмейтiндерiн мағына жағынан сақтай отырып, грамматикалық тұлға жағынан
қазақ тілiнiң фономорфологиялық ерекшелiктерiне бейiмдеп пайдалану; 
      11) терминография бойынша жұмыстарды дамыту; 
      12) терминология салалары бойынша жүргiзiлетiн кешендi iс-шараларды
бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету.

  4. Терминологиялық жұмыстың басты бағыттары

       Ғылыми қамтамасыз ету 
      Бұл бағытты қамтамасыз етудiң негізгі құралдары мыналар болып
табылады: 
      бекiтiлген терминдердi пайдалану әрi бiр iзге түсiру жөнiндегi
жұмысты үйлестiру және оларды ұдайы жетiлдiру; 
      компьютерлiк терминологиялық база жасау; 
      ғылым мен мәдениеттің салалары бойынша терминологиялық сөздiктер
шығаратын жекелеген адамдардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, оқу
орындарының қызметiн үйлестiру мақсатында, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы
Тiл бiлiмi институтының картотекалық базасы негiзiнде тиiстi түрде
талдаудан кейiн қазiргi заманғы сөздiктердi, салалық, салааралық екi тiлдi
және көп тiлдi терминологиялық сөздiктер, жинақтарын әзiрлеу үшiн
Терминологиялық сөздіктер бас редакциясын құру; 
      басып шығаруға дайындалатын сөздiктер мен анықтамалардың
қолжазбаларына бiлiктi мамандардың сараптама жүргiзуi және осы саланы
терминологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын А.Байтұрсынов атындағы Тiл
бiлiмi институты жанындағы терминологиялық орталықта оларды талқылау және
Мемтерминкомның отырысында мақұлдау; 
      бекiтiлген терминдердi насихаттау, терминологияның өзектi
проблемаларын талқылау мақсатында жылына төрт рет Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының бюллетеньдерiн
шығару және оларды мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға, кiтапханалар мен
жоғары оқу орындарына тарату; 
      терминологиялық жұмыстың өзектi проблемаларының теориялық және
практикалық аспектiлерiне ғылыми зерттеулер жүргiзу; 
      орталықтандырылған, ғылыми негiзделген, ел Үкiметi бекiтетiн арнайы
бағдарлама негiзiнде жоспарлы тәртiппен жүзеге асырылатын бiрыңғай
қағидаттарға сүйенген, қызмет жүйесiне айналуға тиiстi терминологиялық
шығармашылық.
       Нормативтiк құқықтық база 
      Ұлттық терминологияны дамытудағы өзектi мiндеттердi iске асыру
жөнiндегi шаралардың нәтижелiлiгi оларды нормативтiк құқықтық қамтамасыз
етумен тiкелей байланысты. Осыған байланысты мынадай iс-шараларды жүзеге
асыру көзделедi: 
      1) терминологиялық жұмыстың құқықтық негiздерiне және Мемлекеттiк
терминология комиссиясы бекiткен терминдердi пайдалануға қатысты бөлiгiнде
нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; 
      2) қазақ терминологиясын жүйелендiру жөнiндегі қызметтердiң iс-
әрекетiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу.
       Ұйымдастыру ic-шаралары 
      Тұжырымдаманы iске асыру оған мынадай iс-шаралар арқылы қолдау
көрсетiлген жағдайда ғана мүмкiн болмақ: 
      термин шығармашылығы жүйесiн қайта құрылымдауды қамтамасыз ету,
тiлдiк және тiлдiк емес факторлардың өзара әрекеттесуiн ескере отырып,
Мемлекеттік терминология комиссиясының мәртебесiн және мiндеттерiн
белгiлеу; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк терминология
комиссиясының бекiтуiне ұсынылған терминдердi алдымен салалық секциялардың
не салааралық секциялардың отырысында мақұлдау; 
      салалық ғылымдар бойынша секциялардың жұмысын жандандыру, терминдерге
сараптама жүргiзу үшiн бiлiктi мамандарды тарту, олардың жауапкершiлігін
күшейту, материалдық және моральдық ынталандыру; 
      конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өткiзу.

  5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтiлетін нәтиже

      Тұжырымдаманы iске асырудан мынадай нәтижелер күтілуде: 
      Терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы мемлекеттiк тiлдегi термин
шығармашылығының, терминжасамның жалпы бағыттарын белгiлейдi; 
      терминологияны бiрiздендіру, жүйелеу, жетiлдiру, реттеу, стандарттау
жөнiндегi терминологиялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде осы Тұжырымдама
негiзге алынады; 
      Тұжырымдама негiзiнде салалық терминдердiң, соның iшінде электрондық
жеткiзгiштердегi екi тiлдi және көп тiлдi түсiндiрме сөздiктерi
шығарылады; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк терминология
комиссиясы терминдердi қарау, бекiту кезiнде осы Тұжырымдаманы негізге
алатын болады.

Тіліміздің дамуындағы өзекті мәселені термин жайы алып отыр. Терминді
қазақшалау лексикалық қорды байыту ғана емес, ең әуелі тілдің ғылыми
саласын дамыту көрінісі болып табылады. Сол себепті, тілдің қаншалықты
лексикалық қоры бай болса да, оның терминдік жұтаңдыққа тап болуы заңды да.
 Терминологияны дамытуға сөздерді құлағынан тізіп терминге айналдырудың
қатысы жоқ, ол ең әуелі сәйкес ғылыми саланың дамуына тәуелді жайт.
Басқаша айтқанда, терминология – белгілі бір ғылыми ойлау жүйесінің  даму
нәтижесі. Егер де ғылыми салалар қазақ тілді ғалымдармен қамтылмаса, ал
олардың жұмысы өз тіліндегі ғылымды дамытуды қамтымаса, сол саладағы
терминология да тоқырайды. Сондықтан терминология саласын біржақты
Мемтерминкоммен шешу мәселені жартылай және жасанды жолмен ғана қарастыру
болмақ. Сайып келгенде, қазақтілді терминология қазақтілді сәйкес ғылыми
салалардың дамуына бірден бір тәуелді объект, сол салаға сәйкес қазақтілді
ғылыми орта нығаймай, оның тілін ортасыз дамыту жасандылыққа душар етіп,
одан ештеңе шықпайтынына назар аударатын уақыт келді. Біздің кәзіргі
терминологияның жайы да осымен шамалас ахуалды бастан кешіп отырғаны
жасырын емес. Терминология саласындағы мәселелер шешілуден гөрі кейбір
күрмеулі сипатқа ие болып отырғаны да сондықтан. Бұл – бір мәселеден өзге
мәселенің туындап отырғанының айғағы. Енді туынды мәселелерді санамалап
көрейік.
Бірінші. Қоғамдық ортаның талқылауында термин мен жаңа ұғымдар, сөз
тіркестері мен  лексикалық бірліктердің әуесқойлық форматта қаралуында.
Терминнің өзі – ең әуелі ғылыми тілдік нысан. Ендеше, оны қарастыратын да,
қолданатын да, тіпті дамытатын да ғылыми субъект болуы керек еді. Бұл
мәселені шешуден біздің ғылым субъектлері аласталған секілді енжар немесе
олардың дауысы ескерілмейді және оларға қазақтілді терминологияны дамыту
міндеті толық жүктелмеген болмаса ғылыми лингвистикалық бастаманы алға
бастыратын тетік жоқтықтан осындай халды кешіп отырмыз. Ғылыми кеңестердің
терминмен айналысу мүмкіндігі мен әлеуеті қарастырылмаған. Содан келіп, бұл
күрделі мәселе ғалымдар мен сарапшылардың емес, қарапайым тіл
жанашырларының, отаншылдардың оъектісіне айналған.
Өз кезегінде әлгі термин тудырушы жанашыр топ қазақтілді термин мен
неологизмді қоздатып, терминологияны ұшқары көріністерге ұрындыруда. Сала
мамандарының міндетіне қол сұққан әуесқой лингвистер мен тіл жанашырлары
аталмыш салалық терминологияға пайдасынан гөрі, қолданымы жарамсыз жасанды
неологизмдерді балалатып, залалын келтіруде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі елдің сыртқы экономикалық және сыртқы саяси дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
Қазіргі халықаралық қатынастар. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты негізі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Еуропалық Қауымдастық құқығының заңдық болмысы мен құрылтай және институционалдық сипаттағы негізгі құжаттары
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Пәндер