«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
КІРІСПЕ 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
1.1 Сапа менеджмент жүйесі 4
1.2 ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің негізгі жайы 4
1.3 ISO 9000 сериялы сапа стандарты 6
1.4 Сапа менеджмент жүйесіне арналған стандарттар 10
1.5 ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі 10
1.6 Сапа жүйесінің моделін таңдау 14
1.7 ISO 9000 . сапа менеджменті 16
1.8 ISO 9001 сертификаттау не үшін қажет? 18
1.9 ISO 9001:2008 19
1.10 ISO 9001:2015 19
ІІ. ТӘЖІРБИЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... .20
2.1 Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру 20
2.2 ISO 9001:2008 нұсқасы мен жаңа ISO 9001:2015 нұсқасының айырмашылығы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

Жұмыстың мақсаты: Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын анықтау.
Жұмыстың көкейтестілігі: ISO 9001:2015 жаңа нұсқасы ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстырғанда бұл стандартты жаңа деңгейге ауыстыратын құрамында бірқатар елеулі өзгерістер бар. ISO 9001:2015 стандартында курстық жұмыста көрсетілген негізгі өзгерістерден басқа да жасалған көптеген (жаһандық) жақсартулар жасалынды. Мысалы, "өнім" термині "тауарлар мен қызметтер" деген сөздермен ауыстырылды, сапа менеджменті жүйесінің және басқа да көптеген принциптердің саны қысқарды. Осы жұмыста өзгерістердің құрылымы ISO 9001:2015 бөлімдерінің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі келтірілген.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстырып, айырмашылықтарын анықтайтын тәжірибелік бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде сапа менеджмент жүйесі туралы негізгі түсінік, ISO 9000 сериялы сапа стандарты, ISO 9001 сертификаттау не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беріп, ISO 9001:2008 және ISO 9001:2015 стандарттары туралы қарастырылады.

1. ISO орталық хатшылығының сайты http://www.iso.org/iso/ru/home/standards/management-standards.htm
2. Айқынбаев, Е. Қ. Ұйымдағы менеджменттің шоғырландырылған жүйесі : Еңбекті қорғауды басқару// Қазақстанда еңбекті қорғау-Охрана труда Казахстан.- 2007.- № 5.- 5-7 б.
3. Гусев, В. В. Менеджмент : учебное пособие.- Новосибирск: [Б. и.],
2004.-266с.
4. «Интерсертифика-ТЮФ совместно с ТЮФ Тюринген» компаниясының сайты http://www.qcert.kz/kz/standards/iso-9001/
5. В.К. Федюкин. Квалиметрия. -М.:КНОРУС, 2010.-320 стр.
6. В.К. Федюкин. Управления качеством процессов. -СПб.:Питер, 2004¬ 208 стр.
7. Б.А. Минин. Уровень качество. -М.:Изд-во стандартов, 1989-184 стр.
8. ISO 9001-2000. Система менеджмента качества. Требования.
9. Коплан Р. Сбалансированная система показателей. От стратегии к действию. М.: Олимп-Бизнес, 2005.
10.Липаев В. Оценка качества программных средств. М.: СИНТЕГ. 2001.
11. «Кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға арналған халықаралық сапа стандарттарын ендіру» Нұсқаулық материал «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Астана қ., 2014 ж 5 стр.
12. Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайты https://www.memst.kz/kz/smk/
13. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының сайты http://naceks.kz/kz/novosti/323-iso9001-2015.html
14. МЕЖДУНАРОДНЫЙ СТАНДАРТ ISO 9001:2015 «Системы менеджмента качества- Требования»

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
"Қорғауға жіберілді"
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент
______________Сырбаева Ш.Ж.
"_____" __________ 2017 ж.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын
ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру
Орындаған: 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының 3 курс студенті Қайыржан А.Ж. Ф-315 топ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы: Жунусова Г.Т.
АТЫРАУ, 2017 жыл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
1.1 Сапа менеджмент жүйесі 4
1.2 ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің негізгі жайы 4
1.3 ISO 9000 сериялы сапа стандарты 6
1.4 Сапа менеджмент жүйесіне арналған стандарттар 10
1.5 ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі 10
1.6 Сапа жүйесінің моделін таңдау 14
1.7 ISO 9000 - сапа менеджменті 16
1.8 ISO 9001 сертификаттау не үшін қажет? 18
1.9 ISO 9001:2008 19
1.10 ISO 9001:2015 19
ІІ. ТӘЖІРБИЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру 20
2.2 ISO 9001:2008 нұсқасы мен жаңа ISO 9001:2015 нұсқасының айырмашылығы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты: Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын анықтау.
Жұмыстың көкейтестілігі: ISO 9001:2015 жаңа нұсқасы ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстырғанда бұл стандартты жаңа деңгейге ауыстыратын құрамында бірқатар елеулі өзгерістер бар. ISO 9001:2015 стандартында курстық жұмыста көрсетілген негізгі өзгерістерден басқа да жасалған көптеген (жаһандық) жақсартулар жасалынды. Мысалы, "өнім" термині "тауарлар мен қызметтер" деген сөздермен ауыстырылды, сапа менеджменті жүйесінің және басқа да көптеген принциптердің саны қысқарды. Осы жұмыста өзгерістердің құрылымы ISO 9001:2015 бөлімдерінің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі келтірілген.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстырып, айырмашылықтарын анықтайтын тәжірибелік бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде сапа менеджмент жүйесі туралы негізгі түсінік, ISO 9000 сериялы сапа стандарты, ISO 9001 сертификаттау не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беріп, ISO 9001:2008 және ISO 9001:2015 стандарттары туралы қарастырылады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Сапа менеджмент жүйесі
Менеджменті жүйесі ұйымдарға өз мақсаттарына жету үшін ұстану қажет рәсімдер жинағын сипаттайды. Шағын ұйымдарда ресми лауазымдық нұсқаулықтар жоқ, мысалы "біздің тәсіл -нәрселер жасау". Жиі "біздің тәсіл - нәрселер жасау" жолын ұйымның басшылығымен жазылған жоқ. Алайда, ұйымдардың көп болуы қалай және не істеу керек туралы жазбаша нұсқаулықтардың болуына ықтимал. Бұл әрине әрбіреуіне қалай және қашан істеу керектігіне кепілдік береді. Егер ұйым үдерістерді ұйымның ішінде жүйелеген жағдайда, бұл менеджмент жүйесі деп аталады. Көптеген компаниялар менеджмент жүйесі бір стандарт пайдаланады. Стандарттарды зерделеу міндетін жеңілдетудің орнына менеджмент жүйелері стандарттарында бірдей құрылым мен бірдей терминдер мен анықтамалар болуы туралы шешім қабылданды.
Сапа менеджментінің жүйесі -- әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ISO 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.[1]
9000 сериялы ISO стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз -- өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.
1.2 ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің негізгі жайы
Халықаралық деңгейде ISO 9000 сериясының стандарттары сапа менеджмент жүйесінің негізін құрайды.
Сапа менеджмент дегеніміз - сапа жүйесін бірыңғай басқару. Сапа жүйесі - тұтынушыларға жоғары сапалы өнімді шығаруына кепіл беретін техникалық шаралар.
Халықаралық ISO 9000 сериялы шаралар сапа жүйесі қалай болуына әдістемелік нұсқау болып табылады. Сапа жүйесі мекемелердің экономикалық жағыдайына себеп болып келеді. Сапа жүйесінің мақсаттарын орындау техникалық және адам факторларына байланысты.
Сапаны басқару халықаралық тәжірибесі ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттар пакетінде негізделген, ол 1987ж. наурызда стандартизация бойынша халықаралық ұжыммен қабылданды және периодты түрде жаңарады. 1994ж. Осы сериядағы стандарттардың екінші басылымы шықты, 2000ж. Бұл стандарттардың үшінші басылымы шықты.
ISO 9000 сериясындағы стандарттар талаптар жиынын құрайды, олар әр түрлі дәрежеде барлық өнеркәсіптерде орындалады (контракт анализі, құжаттаманы жүргізу, шығарылатын өнімді бақылау). Бұл жұмыстар жүйелі түрде емес, бөлім ретінде өткізіледі. Стандарттар бұл жұмыстардың жүйелі түрде өткізілуін, құжаттандырылған үрдістер негізінде нәтижелердің бекітілуін талап етеді.
Бұл стандарттардың ерекшелігі еркіндік болып табылады, дайындаушы ISO 9000 бойынша сапа жүйелік құру немесе құрмауды өзі біледі, бірақ мұндай шешім қабылданғаннан кейін стандарттың талаптарын орындауға міндетті. Егер тиімді тапсырыс болса, контракт құру талабы сертификатталған сапа жүйесі бар болса, жиі өнеркәсіп басқарушысы сапа жүйесін тапсырыс беруші талабымен енгізеді. Ал сертификаттау бір нәрсеге сәйкестендіру бойынша жүргізіледі. [10]
ISO 9000 сериясындағы стандарттар өнеркәсіптің жеке жұмыс сферасынан. Бұл стандарттардың маңыздылығы олардың әмбебаптылығы, яғни жұмыстың шектеусіз барлық түрінде қолданылуы. ISO 9000 стандарттарында минималды талаптар қойылған, өнеркәсіптің көрсететін қызметтері немесе өндіретін өнімдеріне қарамастан ұжым сапаны қамсыздандыру талаптарына сәйкес болу керек. Егер сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда ол өнеркәсіптің көрсететін қызметтерінің немесе шығарылатын өнімдерінің сапасы талаптарға сай екенінің нақты дәлелі болып табылады.
ISO 9000 стандарттарының ерекшелігі сапа жөнінен ұжым басшылығының жауапкершілік дәрежесі болып табылады. Ұжым басшылығы сапа жағынан саясаттың жүргізілуіне, сапаны басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, енгізілуіне, құрылуына жауап береді және осының бәрі құжаттарда нақты хатталуы керек. Басшылық міндеттеріне кіреді: мамандарды таңдау және өнімді, өлшеуіш, бақылауын, сынау жабдықтар үшін қажетті ресурстардың бөлінуі, сонымен қатар ақпараттық қамту үшін компьютерлік техника. Сонымен қатар осының бәрі құжаттарда нақып хатталуы керек.
Басшылық біліктіліктің керекті деңгейін орнату керек және мамандардың уақытылы мамандығын жоғарлатуды бақылау керек.
Халықаралық ISO 9000 стандарттары Қазақстанда СТ РК ISO 9000 - 2001 жеке стандарттары ретінде барлық жерде енгізілуде.
Қазіргі таңда стандарттар санын едәуір азайтты.
ISO 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - Талаптар.
ISO 9004: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - жұмысты жақсарту үшін ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу және жетілдіру үшін негізгі болып табылады.
ISO 9000: 2000 Сапа менеджменті жүйелері - Негізгі жайлары және сөздік.
ISO 10011: 2000 Сапа жүйесінің құжаттарының құрылымы. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасына кіреді. [5]
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына мыналар кіреді:
1. Сапа облысындағы мақсат пен саясат туралы арыз. Өндірістің сапа аумағындағы қызметі және жалпы бағытттары және ол жоғарыда негіз ретінде енгізілген.
Ереже бойынша ол келесі аумақтарда қолданылады.
o жаңа техника мен технология;
o өнімді жаңарту немесе жаңа өнім;
o тұтынушыны қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;
o әлеуметтік сұрақтар және қызметкерлердің канағаттануы;
o жабдықтаушылар, қалдықтардың төмендеуі, ресурстардың экономикасы.
Мақсаттар тек қана декларация ғана болмау керек ол нақты, қол жетуге мүмкіншілігі бар, тексерілген болу керек. Оның жан жақты бағыттарын Саясатқа қоса бермеу керек. Жоғарғы басшылықтар приоритеттерін анықтап 3-4 мақсат беру керек. Осыған қарай басқа да бағыттарын қарастырмауға болмайды деген емес жәй ғана саясатқа кірмеу.
Егер Саясатқа кірген жағдайда ол бірінші орында болатытына күмән болмайды. Осыдан кейін жоғарғы басшылықтар қол койғаннан кейін сол Саясаттың міндеттерін орындауға мұқтаж болады.
2. Сапа басқармасы.
Барлық сапа жүйелерін жалпылай мәлімет беру. Құрылымдары ISO 9001 стандарт құрылымына сәйкес болу керек.
Сапа басқармасын тағайындаудың маңыздысы оның жүйе құраушыларынан тұрады. Сапа басқармасы-концепті басты құжат, ол мекеме жайлы түсініктеме беретін визит картасы болып табылыды. Сапа басқармасы сапа жүйесін енгізуде әрдайым анықтамалық функциясын орындайды, жұмыс күйін қолдайды. Ірі мекемеде сапа басқарма иерархиясы болуы мүмкін:
- жалпы сапа басқармасы;
- әр түрлі бөлімдерге сапа басқармасы;
- әр түрлі өндіру үрдісімен, сонымен байланысты жобалау функциялары, материалды-техникалық жабдықтау сапа бсақармалары.
ISO 9001 стандартына сай, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрып, әр қайсысы сапа басқармасының (4 пункті) бөлімінде жазылады:
1. Басқарманың жауаптылығы;
2. Ресурс менеджменті;
3. Өмірлік циклдың үрдісі;
4. Өлшем, анализ, жақсару. Процедуралар Процедуралар, бөлімдермен орындалатын, сапа жүйесі документтерінің 2-деңгейін құрайды. Әрбір процедура құжат болып табылып, жалпы процедураны сипаттайды. Мұндай құжат бөлімнің құрылымдық схема мен функционалдық міндеттері кіреді. Құрылымдық бөлімдер бір-бірімен функционалдық байланысы мен міндеттілігін көрсететіндіктен, мұндай процедураларды енгізу өте пайдалы.
ISO 9001 стандарттарының талабына сай мекеме міндетті құжаттық процедураларды тағайындап, жұмыс барысында қолдау керек:
1. Құжаттаманы басқару;
2. Сапа жазбаларын басқару;
3. Ішкі аудиттерді өткізу;
4. Сәйкес келмейтін өніммен басқару;
5. Жөнделетін амалдар;
6. Алдын алатын шаралар.
1. Құжаттаманы басқару
Мекемеде құжаттаманың тәртібін басқару қамтамасыз етеді. Олар анықталған жүйемен жасалынып,бір-біріне төлнұсқау және бір-біріне қарма- қарсы болмауы керек.
3.Нақты халықаралық стандарттарының талаптарына міндетті құжаттамалар үрдістерді (құжаттама деңгейі (түсініктеме жазбаның тереңдігі мен нақтылығы) өз мекеменің айналысатын қызметі мен көлеміне байланысты анықталынады, процестің қиындығы және өзара қызметтері және қызметкерлердің дәрежесіне байланысты). Құжаттамаларды басқару, сапа жайындағы жазбалар, ішкі тексерулердің өтуіне, өнімнің сәйкестік еместігін, ескерту қызметі және тағы басқалары процестерге енеді.
4.Мекемеге үнемді жоспарлау үшін қамтамасыз ететін құжаттамалар, процестермен жұмыс істеу және оларды басқару; (бөлімшелер туралы жағдайлар, қызметкерлердің нұсқаулары, регламенттер, технологиялық нұсқамалар).
5.Сапа туралы жазбалар, оларды қатаң түрде мекеме талап етеді, жиналған тәжірибені яғни мекеме жиналған жинақтарды қандай түрде сақтайтынын өзі біледі. Кестеде бір шама мысалдар келтірілген яғни сол жазбалар ISO 9000 талаптарына сәйкестігін көрсетеді. [6]
1.3 ISO 9000 сериялы сапа стандарты
ISO 9000 сериялы сапа стандарты ұжымдар мен мекемелерде шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер жинақталған нормативті құжат.
Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде бұл стандарттар ұлттық деңгейде қабылданып, фирмалар мен өндірушілер арасында келісім-шарттар жасаудың бұйым сапасын қамтамасыз етудегі негізгі моделі ретінде қабылданған.
Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ISO стандартына сай келуі бұйым өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы сапаға жасалған контракт кепілі болуы шарт.
ISO 9000 стандарт сериялары бес стандарттан тұрады, оның ішінде:
ISO 8402 стандарт сөздігіне бес өзекті термин кірген, олардың әр қайсысына төмендегідей анықтамалар және түсініктемелер берілген.
Сапа саласындағы саясат-бұл негізгі бағыт мекеменің сапа бағытындағы мақсаты, мәселелері; бұлар ресми түрде жоғарғы басшылармен бекітіледі де , жалпы саясаттың құраушы элементі болады.
Сапаны жалпылама басқару-сапа бағытындағы басқарудың жалпы функциясының аспекті; мұнда сапа бағытындағы саясатты анықтау және іске асыру болады.
Әрине бұйым сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін мекеменің барлық қызметкерлерін іске тарту қажет, бірақ түбінде жалпы жауапкершілік жоғары басшы үлесінде қалуы тиіс.
Сапаны жалпы басқаруға кіретін шаралар-оперативті жоспарлау, ресурстарды бөлу және тағы да басқалай сапа бағытындағы жүйелік жұмыстар-сапаны жоспарлау, жұмыс жүргізу және бағалау.
Ұйымдық құрылымдар жиынтығы, жауапкершілік, процедуралар, процесстер мен ресурстар, жалпы сапа басқару жүйелеріне жатады.
Мұндағы сапа жүйелерінің масштабы, сапаны қамтамасыз ету мәселесіне себеп болуы тиіс.
Сапаны басқаруға оперативті тәсілдер мен іс-қимылдар қолданып, сапа талаптарын шешуге жол ашуы керек.
Сапаны қамтамасыз ету үшін жоспарланатын және жүйелі түрде ылғи жүріп тұратын іс-шаралар, бұйым сапасын күдіксіз қамтамасыз етуге әкеледі.
Әлбетте, сапа жүйелілігіндегі істеліп жатқан шаралар тұтынушының талабына сай болмаса, онда сапа мәселесі толық шешілмеген болады.
Сапаны қамтамасыз етудің тиімділігі, өндіріс процесінде туатын факторларды ылғи тексеру, техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін анықтау, техникалық бақылау жүргізу сияқты қағидалардан тұрады.
Өндіріске сенім арту, сапа мәселесінің дәлелелі болады. Өндіріс мекемесінің аумағында сапаны қамту басшылықтың жалпы аспабы болады. Белгілі бір контрактық шарт жасауда өндіріске сенім арту өндірушінің беделін арттырады.
9000 сериялы ISO стандарты сапа жүйесінің модельдерін мекемеде іштей қолдануға нұсқаулар ретінде, ал сапаны жалпы басқару мәселелерінің (ISO 9004), сапа қамтамасыз етудің сырт мекемелермен қатысуында (ISO 9001, ISO 9002, ISO 9003) пайдаланылады.
Айта кететін бір жайт, ISO 9000 стандарттары мекемелерде қолданылатын сапа жүйелері стандарттауға арналмаған, сондықтан әрбір өндіруші өздерінің бейімді сапалы бұйымдарын шығара беруге құқылы. 9000 сериялы сапа жүйесінің ISO стандарттарын екі жағдайда қолданады: контракт жасарда және оның сыртында (1-суретте).
Сапа аумағындағы концепцияны анықтау ISO 8402
нақтылы емес нақтылы
Нақты стандарттарды қолдану үшін таңдама ISO 9000
жағдай жағдай (ішкі мақсат) (сыртқы мақсат)
Сапаны ISO 9001 қамтамасыз ISO 9002 ету моделі ISO 9003
Сапамен басқару Сапа жүйесінің элементтері ISO 8402
1-сурет. Сапа жүйесіне ISO 9000 стандарт сериялары
9001 сериялы ISO стандарты сапа моделі жүйесін қамтамасыз етуде жобалауда, құруда, өндіруде, монтаждауда және қызмет көрсетуде қолданылады, демек өнімнің толықтай өмірлік кезеңдерінде.
9002 сериялы ISO стандарты сапаның модельдік жүйесін өндіруде және монтаждауда, ал ISO 9003-өнімді біржолата тексеруде және сынауда қолданылады.
ISO 9004 стандартында сапаны басқарудың жалпы нұсқауы және сапа жүйесінің элементтері келтірілген.
Сонымен көрсетілген ISO стандартының сериялары төменгі жағдайларға икемделген екі түрінен тұрады:
- ISO 9001, ISO 9002 және ISO 9003 контракттық жағдайда сырттық сапаны қамту мақсатында;
- ISO 9004-сапаны жалпы басқаруда барлық мекемелер үшін ыңғайлы стандарт.
ISO 9004-басқарушы құжат ретінде, бұйым сапасының барлық сатыларында қолданылады, әсіресе техникалық, әкімшілік және адами факторлардың сапа жүйесіне тигізетін үлестерінде, өндіруден бастап тұтынуға дейінгі мезеттері.
Бұл стандартта, тұтынушының талабы орындалуы, функционалды жауапкершіліктің орнау және пайда мен шығынның бағалануы өте мұқият қадағаланған. Осы келтірілген барлық аспекттерді сапа жүйесін құруда тиімді пайдаланған жөн.
Осы екі жағдайда да өндіруші-ұйым сапа жүйесін сауатты ендіріп, оның деңгейін бірқалыпты ұстап тұруы қажет.[7]
1.4 Сапа менеджмент жүйесіне арналған стандарттар
ISO стандарттарының кейбірі ең танымал, мысалы менеджмент жүйесіне арналған стандарттар. Олар менеджменті жүйесін құру мен пайдалану кезіндегі үлгісі бола алады. ISO-ның барлық стандарттары сияқты, олар халықаралық сарапшылар консенсусының нәтижесі болып табылады. Сондықтан, сапа менеджменті жүйесіне стандартты енгізуді ұйымдастыру кезінде менеджмент саласындағы жаһандық тәжірибені пайдалана алады.
Менеджменттің тиімді жүйесінің көптеген мынадай артықшылықтары бар:
o ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану;
o тәуекелді басқару және жетілдіру;
o тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру, өйткені өнімдер мен қызметтер олардың үміттеріне сәйкес келуі керек.
1.5 ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі
Әрбір кәсіпорын үшін ISO 9001 негізгі халықаралық сапа стандарттары болып табылады. Оның көмегімен менеджмент сапасының жүйесі құрылады, қысқаша МСЖ.
ISO 9001 стандартының ерекшеліктері неде?
o Сапа жеке өнім үшін ғана емес, бүкіл кәсіпорынның жұмыс шегінде қарастырылады.
o Стандартты қолдану үшін аймақтық немесе басқа шектеулер жоқ, оны кәсіпорынның әрбір меншік түріне, әрбір көлемде және әрбір елде пайдалануға болады.
o Стандарт халықаралық сертификаттауға өтуге рұқсат береді. ISO 9001 халықаралық сертификат әлемнің әрбір нүктесінде танылады.
Сонымен бірге стандарт ISO 9001 қолданылуы бойынша нақты техникалық немесе басқа нұсқауларды қамтымайды, сондықтан ол түсініктемені (яғни зерттеуді) және әрбір кәсіпорынға жеке бейімделуді (яғни қолдануды) талап етеді.
Халықаралық стандарттың мәнін түсіну Сапа менеджментінің жүйесі құжаттар айналымына: құжаттарды толтыруға, нысандарды толтыруда талаптарды сақтауды бақылауға және т.б. бағытталады деген қате пікір бар. Құжаттарды дұрыс басқару - бұл сапа жүйесін құраушылардың бірі ғана екендігін дұрыс түсіну керек. Яғни, ол ұйымның ішінде болсын немесе сыртында болса да құжаттар қозғалысын реттеуге көмектеседі. Сапа менеджменті жүйесін құру мен басқарудағы міндеттерді бөлу Сапа менеджменті жүйесі - бұл басқару тетігі. Сондықтан жүйенің рөлінде топ-менеджердің болғаны маңызды. Егер де негізгі жауапкершілік жеткілікті жауапкершілігі және өкілдігі жоқ қызметкерге жүктелсе, онда бұл халықаралық стандарттар сапасына дұрыс енуге және оны ары қарай жалғастыруға нақты қауіп-қатер туғызады. Стандарт талаптарын әрбір қызметкерге жеткізу Өкінішке орай, менеджмент жүйесін енгізуге формальді түрде қарайтындар да бар. Басшылық арқылы қажетті құжаттардың барлығы бекітіліп, құрылса да, құжаттар папкаларға салынып, бөлімдерге тапсырылса да, аудиторлық тексеру кезінде сапа бойынша саясат басшының кабинетінде әдемі рамкада сақталып қалады және қызметкерлер оның мағынасын да түсінбейді. Ал СМЖ тәртіптері персоналдарға түсіндірілмеген және қызметкерлер СМЖ құжаттары мен стандарт арасындағы байланысты түсінбеген.
Республикада соңғы жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Үздік халықаралық компаниялардың тәжірибелері мен білімдеріне негізделген заманауи менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктеріне әсер ететін нарықты реттеу тетігінің мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.
Сапалы өнім (көрсетілетін қызмет) алу бөлігінде тұтынушылардың қанағаттанушылықтарын қамтамасыз ету және үнемі тұрақты түрде құқықтарын сақтауға 9000 сериялы ISO халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған сапаны басқару жүйесі ықпал етеді. Өз персоналының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде сенімді жағдайларды қамтамасыз етуге 18000 ОНSАS халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі болып табылады. Компанияның келеңсіздік ықпалдарынан қоршаған ортаны нысаналы қорғау және бірізділікпен қорғау үшін жағдайлар ISO 14000 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі құрады.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында менеджменттің жаңа жүйесін енгізу және әрі қарай дамыту мақсатында ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов 2010 жылғы 22 қазанда № 1100 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарлама қаулысын бекітті. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаға сәйкес менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған, соның ішінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың мониторингі жүргізіледі.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ұсынған мәліметтері бойынша 2015 жылғы 1 шілдесі жағдайына Қазақстан Республикасының 8527 кәсіпорны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестікке менеджмент жүйесін енгізді және сертификаттады. Оның ішінде 7281 - ISO 9001 , 13269 - ISO 14001, 1221 - ОНSАS 18001, 111 - ISO 22000, 16 - SА 8000.
Менеджмент жүйесін енгізген Қазақстан Республикасындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны - 319. Енгізу дәрежесінде 85 кәсіпорын бар.
Халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификатталған 8527 кәсіпорындардыңұйымдардың ішінен менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардыңұйымдардың неғұрлым көбі республиканың мынадай ірі облыстары мен қалаларында шоғырланған: Алматы - 2349 (менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттағандардың жалпы санына 27 %), Қарағанды облысы - 1317 (15 %), Ақтөбе облысы - 906 (10,6 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 882 (10,3 %), Жамбыл облысы - 837 (9,8 %), Алматы облысы - 794 (9,3 %). Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың неғұрлым азы мынадай облыстарда бар: Солтүстік Қазақстан - 145 кәсіпорын (менеджмент жүйесін енгізген жалпы санынан 1,7 %), Қостанай - 250 (2,9 %), Ақмола - 283 (3,3 %).
Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың жалпы саны 2014 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 766-ға өсті (2014 жылдың қорытындысымен салыстырғанда).[12]
ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.
Сапа менеджментінің идеологиясы компания өнімін (қызмет көрсетудің) өндірудің барлық процестерін үнемі және жүйелі түрде басқару болып табылады, оның негізгі мақсаты компанияның барлық қызметкерлерінің және компанияның сапа менеджментіндегі басшылығында жетекші роль атқаратындардың қатысуымен тұтынушылардың қолданыстағы және күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Сапа менеджмент жүйесін дайындау және ендіру келесі кезеңдерден тұрады:
1-кезең - сапа менеджмент жүйесін құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Оның құрамына:
- сапа менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізу шешімдерін қабылдау;
- құжат жинағын өндіру жұмыстары қандай күштермен жүргізілетінін анықтау;
- стандарттарды енгізу стратегияларын анықтау;
- сапа менеджмент жүйесін дайындау мен енгізудің басқарушы және жұмысшы мүшелерін құрастыру;
- ұйым басшыларын және алдыңғы мамандарды үйрету;
- сапа аймағында саясат пен мақсаттарды ендіру.
Бұл кезеңде Сапа менеджмент жүйесінің дайындау, енгізу және жақсарту бұйырықтары ISO 9000 сериясына сәйкес шығарылады.
Егер сапа менеджмент жүйесі әрбір бөлек бөлімшелер, процестер, өнім үшін шығарылса, онда ол бұйрыққа әсер етеді.Өндіру үшін жауапты жақ белгіленеді, яғни сапа менеджмент жүйесінің басшылық мүшесі. Белгіленген жақ сәйкес мүмкіндікке ие болу керек.Сапа менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын координациялары үшін сапа жөнінде кееңес құру ұсынылады және ол ұйымның басқару мүшесінен, кеңес мүшелерінен, сапа бөлімшелері мен кеңес көмекшісінің басқару мүшелерінен құралады.Бұл кезеңде жұмысшы топ құрамына құрылымдық бөлімшелердің сапаға жауапты арнайы мамандар кіреді. Мамандарды дайындау. Сапа менеджмент жүйесін енгізген ұйым тәжірибесі көрсетеді: Жүйені енгізу мен құжатты өндіру жұмыстары бөлімшелерге немесе мамандарға сапаға әсерін тигізетіндерге, яғни стандарттау комитеттері, техникалық бақылау бөлімшелеріне жүктеледі.Жұмыстарға барлық деңгейдегі басшыларды және ұйым ұжымын тарту қажет, олар идеяны түсіну керек және орнатылған тапсырмалардың шешімін табу керек. Бірақ ең алдымен жұмысты бастар алдын мамандарды жоғары бөлімнен атқарушыға дейінгі үйрету қажет.
Сапа аймағында саясатты анықтау - бұл ұйымның мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау, олар жоғарғы басшылықпен орнатылады және ұйым стратегиясына және оның сапаға қатысты философиясына негізделуі қажет.
Саясатта тапсырыс берушінің күтімін атқару мен орнатылған мақсаттардың жүргізу әдістерінің ұйым мақсаттары көрсетіледі.
2 - кезең - сапа менеджмент жүйесінің жобалануы. Берілген этапта процесс анықталады; Сапа менеджмент жүйесі - әрекетінің негіз түрлері анықталады; Сапа менеджмент жүйесіндегі жоғарғы басщылықтың жауаптылықтары мен мүмкіндіктерін орнату.
Әрекеттегі жүйені талдау. Құжаттандыру қажеттігін орнату мақсатындағы процестер талданады. Талдау кезінде міндетті түрде анықтау керек:
- сапа менеджмент жүйесінің сұрақтарына және процесті орындау сұрақтарына мамандардың дайындық деңгейі;
- қолданыстағы ресурстардың жағдайы және процестің материалдық- техникалық қамтамасыз етуінің жағдайы;
- әрбір процестің кіруі мен шығуы.
Талдау қортындысы негізінде жауапты атқарушылар мен атқару мерзімі анықталуымен бірге сапа менеджмент жүйесінің құрлымы енгізілген бағдарламада өнідіріледі.
3 - кезең - Сапа менеджмент жүйесінің құжаттандырылуы. Бұл этап сапа менеджмент жүйесінің өндіру процесін тұрақтайды. Сапа менеджмент жүйесінің құрлымы мен құжат құрамы, сапа менеджмент жүйесі құжаттарын кодтау ережелері анықталынады, сапа менеджмент жүйесінің құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі, құжатты өндірудің бақылауы мен консультациясы ұйымдастырылуы.
4-кезең - сапа менеджмент жүйесін енгізу. СМЖ-нің құжатын іске келтіруін енгізген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz