Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай.кyйiн талдау
3.1. Жалпы сипаттама
3.2. Экологиялық ахуал
3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi
3.4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
3.5. Арал өңiрi экономикасының жай.күйi
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
5.1. Негiзгi бағыттары
5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетiн арттыру
5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егiншiлiк әдiстерiн жақсарту
5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу
5.1.5. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту
5.1.6. Өңiрдiң маркетингi
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс.шаралар жоспары
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жыл сайын 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөнiндегi кешендi шаралар мен тетiктердi көздеу ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал өңiрiнде қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ауқымды шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520 қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекiтiлген, Арал өңiрiне iргелес өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске асырылуда.
Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi.

Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 915 Қаулысы
 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегi 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама
бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген
iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 20
қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне оның iске асырылу барысы туралы
ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi жыл сайын 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан
Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық
ақпарат ұсынсын.
      4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының
әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiрiндегi экологиялық
қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына
жатқызылатын аумақтарды дамыту жөнiндегi кешендi шаралар мен тетiктердi
көздеу ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 Бағдарламаның мазмұны
1.  Бағдарламаның паспорты
2.  Кiрiспе
3.  Проблеманың қазiргi жай-кyйiн талдау
3.1. Жалпы сипаттама
3.2. Экологиялық ахуал
3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi
3.4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
3.5. Арал өңiрi экономикасының жай-күйi
4.  Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5.  Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
5.1. Негiзгi бағыттары
5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетiн
арттыру
5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егiншiлiк әдiстерiн жақсарту
5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу
5.1.5. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту
5.1.6. Өңiрдiң маркетингi
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
6.  Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7.  Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8.  Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 26 қыркүйектегi
N 915 қаулысымен    
бекiтiлген    
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарлама
      1. Бағдарламаның паспорты
Атауы                Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
                     жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған
                     бағдарлама
 
Әзiрлеу үшiн         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы
негiздеме            31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген
                     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006
                     жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi
                     бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына
                     кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына
                     Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың
                     жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
                     Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға
                     арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк
                     кестесiнiң 104-тармағы;
                     Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                     Әкiмшiлiгi Басшысының 2005 жылғы 13 мамырдағы
                     N 41-8.28 бұйрығымен бекiтiлген 
                     Қазақстан Республикасының Президентi
                     H.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 27-28 сәуiрде
                     Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында
                     берген тапсырмаларды орындау жөнiндегi
                     iс-шаралардың 4-тармағы
 
Негiзгi әзiрлеушi    Қазақстан Республикасы Экономика және
                     бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
 
Мақсаты              Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды
                     тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтiк
                     инфрақұрылымды дамыту, өңiрдiң беделін арттыру
                     арқылы Арал өңiрi халқының тұрмыс сапасының
                     өлшемдерiн жақсарту болып табылады
Мiндеттерi           Экологиялық ахуалды оңалту;
                     суды ұтымды пайдалану және жерді пайдалану
                     әдiстерiн жақсарту;
                     сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
                     нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
                     өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету
 
Қаржыландыру         Республикалық бюджеттен 3474,8 млн. теңге,
көздері              оның ішінде 2007 жылы 1182,3 млн. теңге, 2008
                     жылы 904,1 млн. теңге, 2009 жылы
                     1388,4 млн. теңге көлемiнде;
                     халықаралық гранттар есебiнен 2007 жылы 86,3
                     млн. теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделiп
                     отыр.
                     Республикалық бюджет қаражаты есебiнен
                     қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша
                     қаражаттың көлемi тиiстi қаржы жылына
                     арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
                     Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын
                     болады.
Бағдарламаны iске    Бағдарламаны iске асыру және онда көзделген 
асырудан күтiлетiн   барлық шараларды қабылдау Арал өңiрiндегi
нәтижелер            экологиялық ахуалды жақсартуға, халықты сапалы
                     ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды ұтымды
                     пайдалануға және Арал өңiрiндегi егiншiлiк
                     әдiстерiн жетiлдiруге ықпал етуге тиiс.
Iске асыру мерзiмi   2007-2009 жылдар
      2. Кiрiспе
      Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал өңiрiнде
қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ауқымды
шаралар қабылдауда.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N
520 қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекiтiлген, Арал
өңiрiне iргелес өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және
болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес
жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске
асырылуда.
      Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн
бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi
ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым
желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
      Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу
жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып,
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа
2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi.
      3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
      3.1. Жалпы сипаттама
      Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламаның қабылдануымен өңiрдегi жағдайды тұрақтандыру
жөнiндегi шаралар неғұрлым жүйелi сипатқа ие болды.
      Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою
жөнiндегi басымдықтар айқындалды.
      Көрсетiлген Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен 2004-2006
жылдары Арал өңiрi проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру
үшiн 17356,1 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2004 жылы 6271,9 млн. теңге,
2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджеттi нақтылау кезiндегi
түзетулердi ескере отырып) 3269,8 теңге бөлiндi.
      Көрсетiлген қаражат мынадай жобаларды iске асыруға жiберiлдi:
      Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзінің солтүстiк
бөлiгiн сақтау;
      Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және
санитариясы;
      Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын
салу;
      Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына
дейiн 1 және 12 кәрiздiк-сорғы станциялары бар бас тегеурiндi
коллекторларды салу;
      Қызылорда облысында бас су өткiзу құрылысы бар Қараөзек өзегiн қайта
жаңарту;
      Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәрiз желiлерiн қайта жаңарту
және кеңейту (1-кезек);
      Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын
iлеспе газға көшiру;
      және басқалар.
      Тұтастай алғанда, көрсетiлген және басқа да мемлекеттiк және салалық
бағдарламалар шеңберiнде Арал өңiрiнiң проблемаларын шешу үшiн 2004 - 2005
жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлiнген болатын.
      Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 -
2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жайылымды пайдалану жүйесiн
жетiлдiру, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы шөлейттену
процестерiн болдырмау мақсатында егiстiктi жайылымдар жасау, Қызылорда
облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтiру және мелиорациялау
жөнiндегi пилоттық жобаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi шаралар
қабылдануда.
      Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде соңғы жылдары Арал өңiрiнде
демографиялық көрсеткiштердiң жақсарғаны байқалады.
      2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткiшi халықтың әр 1000
адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұл индикатор
25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-тi құрайды. Ақтөбе облысында да бала
туу орташа республикалық көрсеткiштен жоғары.
      Өлiм-жiтiм көрсеткiштерi соңғы жылдары Арал өңiрiнiң аудандарында да
төмендеу үрдiсiне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен
қалыптасты.
      Арал өңiрiнде елдiң басқа өңiрлерiмен салыстырғанда халықтың өмiр
сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары
iске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық
қасiрет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтiк және тұрғын үй
көмегiн көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлiнiп келдi.
      Сонымен қатар, халықтың өмiр сүру жағдайының едәуiр нашарлауына алып
келген Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою үшiн
капиталды қажет ететiн iрi жобаларды iске асыру арқылы мемлекеттiң одан әрi
мақсатты қолдауы қажет.
      Сонымен бiрге орасан күйзелiске ұшыраған, табиғи және әлеуметтiк-
экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету үшiн
жарамсыз және даму үшiн перспективасы жоқ өңiр ретiндегi Арал өңірі туралы
соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет.
      Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесi осы ұғымды өзгертуге, Арал
өңiрiн үлкен мүмкiндiктер өңiрi ретiнде қабылдауға жәрдемдесуi тиiс, бұл
оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы
болады.
      3.2. Экологиялық ахуал
      Арал теңiзi бассейнiндегi экологиялық жағдайды жақсарту үшiн Арал
өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған
бағдарламаның шеңберiнде "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау - 1-кезең" (бұдан әрi - САРАТС-1)
жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру бiрiншi кезектегi маңызға ие.
      Жобаны iске асыру нәтижесiнде 2006 жылғы ақпандағы деректер бойынша
Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң деңгейi Балтық жүйесi бойынша (жобаны
iске асыру басталғанға дейiн 39 метр) 41,4 метрлiк белгiге дейiн жеттi. Бұл
ретте, су бетiнiң аумағы 2606-дан 3156,6 шаршы км-ге дейiн, су көлемi -
17,7-ден 25,2 текше км-ге дейiн ұлғайды, ал судың минералдануы бiр литрге
23-тен 12 граммға дейiн азайды.
      Алдын ала есептеулер бойынша судың көбеюiнiң қазiргi қарқыны
сақталған кезде Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi судың деңгейi 2006
жылдың соңына қарай Балтық жүйесi бойынша 42 метр белгiге жетедi, яғни
жобалық көлемге жобада көзделген мерзiмнен 1-1,5 жыл бұрын жетедi.
      Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменiрек Сырдария өзенiнiң
өткiзу қабiлетi 60-тан 400 текше мсек. дейiн және тиiсiнше 400-ден 760
текше мсек. дейiн ұлғайды.
      Көлдер жүйесiн суландыру алаңы 6,3 мың гектарға, Қазалы гидроторабына
"байланған" шабындықтар 7 мың гектарға және Қызылорда гидроторабына
"байланған" суармалы жер 17 мың гектарға жеттi.
      Қазiргi уақытта САРАТС-1 жобасының бiрiншi кезеңiн iске асыру
жалғасуда.
      Бұдан басқа, 2002 - 2005 жылдары Арал өңiрінде 2 мұнай және 143
өздiгiнен төгiлiп жатқан, оның iшiнде құрамындағы радионуклидтерi жоғары
121 ұңғыма жойылды. Нәтижесiнде 300 мыңнан астам шаршы метр алаңдағы жер
бетi сулары мен топырақтың мұнай өнімдерiмен және радионуклидтермен одан
әрi ластануының алды алынды және шамамен 9 мың текше мтәулiк көлемiнде жер
асты тұщы судың шығысы қысқарды.
      Сонымен бiрге, қабылданып отырған шараларға қарамастан, техногендiк
жүктеме және Арал өңiрiнiң топырақ жамылғысының шөлейттенуi жалғасуда. Бұл
ретте, топырақ түзудiң теңгерiмдi табиғи процестерi бұзылуда, топырақтың
құнарлылығы мен өнiмдiлiгi азаюда, қоршаған ортаның ластану, топырақ
жамылғысының сортаңдану мен азу процестерi күшеюде.
      Жер ресурстарын пайдалануда жiберілген маңызды кемшiлiктер едәуiр
учаскелерiн су басқан және сортаңдалған суармалы жерлердің қайтарымының
төмендеуiне әкелдi. Жыл сайын айналымнан суармалы жердiң 10-15 %-ның
шығарылуы жалғасып отыр, Арал өңiрiнiң оңтүстiк бөлiгiнде жайылымның 20-25
%-ы жарамсыз. Үш мың жайылма көлдердiң 123-i ғана қалды, шабындықтардың
өнiмдiлiгi 4 eceгe азайды, топырақтың шөлейттену және сортаңдану процесі
күшейiп отыр.
      Суару және коллекторлық-дренаждық желiлердiң техникалық жай-күйi және
олардың пайдалы әрекет коэффициентi жер, сондай-ақ су құрылғыларының тозу
көздерi бола отырып, өте төмен деңгейде қалып отыр.
      Суарылатын, құрғатылмаған және шала құрғатылған жерлердiң сортаңдану
және сондай-ақ батпақтану процестерiмен қатар тыңайтқыштар қалдықтарының
жинақталуы, улы химикаттармен, дефолианттармен ластануы байқалып отыр.
      Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанында әртүрлi сортаңдардың iрi
массивтерi қалыптасты. Зерттелген 1533 мың га алаңның 755 мың га немесе
шамамен 50 %-ы сортаң.
      3,0 мыңнан астам га аумақта сексеуiл дәнiн себу жөнiндегi жыл сайынғы
жұмыстар жеткiлiксiз, өйткенi Арал теңiзiнiң кеуiп қалған табанының
қазақстандық бөлiгi шамамен 2,4 млн. га құрайды.
      2004 - 2005 жылдар бойы жүргiзiлген зерттеулерге сәйкес өңiрдегi
судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткiштер бойынша
санитарлық нормаларға сәйкес келмейдi.
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Арал өңiрiнiң
экологиясы өңiрлiк орталығы 2003 - 2005 жылдар аралығында жүргiзген
қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығының жай-күйiн мониторингiлiк
зерттеулер халықты сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтамасыз етiлуi
халықтың денсаулығы нашарлауының маңызды себептерiнiң бiрi болып табылады
деген қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi.
      Бұл ретте, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң неғұрлым қолайсыз жағдайы
Қызылорда қаласында қалыптасқан, олар кермектiгi, лайлылық, түстiлiк,
сульфаттардың, құрғақ қалдықтың болуы сияқты химиялық-талдамалық
көрсеткiштер бойынша шектi жол берiлетiн шоғырлануға (бұдан әрi - ШЖШ)
сәйкес келмейдi.
      Оңтүстiк Қазақстан облысының Арал өңiрiнiң аймағына кiретiн
өңiрлерiнде де жағдай оңып тұрған жоқ, онда мемлекеттiк
гидрометеорологиялық мониторинг деректерi бойынша Сырдария, Келес, Бадам
өзендерiнде мыс пен сульфат бойынша ШЖШ бiрнеше есе асатын жер бетi
суларының ластануы байқалып отыр.
      Өңiрде жер бетi суларының ресурстары шектеулi болғандығына және
өзiнiң сапалық сипаттамалары бойынша халық пен шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыра алмайтындығына байланысты судың
жер асты запастарын пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты
перспективада минералдылығы жоғары жер асты суларын тұщыту жөнiндегi
қондырғыларды қолдана отырып, жергiлiктi су тартқыштар салу қажеттiлiгi
туындайды.
      Арал өңiрi аумағында қоршаған ортаның барлық көрсеткiштерiнiң жаппай
және жүйелi мониторингi жолға қойылмағанын атап өткен жөн. Ауа сынамасын
бiр жолғы iрiктей отырып, тоқсан сайынғы мониторинг Қызылорда қаласында
ғана жүзеге асырылады. Арал өңiрiнiң қалған аумақтарында атмосфералық
ауаның ластануын бақылау жүргiзiлген жоқ.
      Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өңiрдегi
экологиялық жағдай мейлiнше күрделi болып қалып отыр.
      Экологиялық қолайсыздық халықтың денсаулығына және бiрiншi кезекте
ана мен бала денсаулығына әсер етедi. Әлеуметтiк маңызы бар аурулардың
(қаны аздық, туберкулез, несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары, гипертензиялық
бұзылу, жүктi әйелдердiң, туудың және туғаннан кейiнгi кезеңнiң
патологиясы) өсуi есебiнен әйелдердiң экстрагениталдық патологиясы ұлғайды.
Бұл аудандарда аллергиялық ауру жиi байқалуда. Республиканың басқа
аудандарындағы балалармен салыстырғанда Арал өңiрiндегi балалардың
антропометрикалық деректерiнiң неғұрлым төмен екендiгi байқалуда.
      Қызылорда облысында жоғары аналар өлiм-жiтiмi сақталуда (тiрi туған
әр 100 мың балаға 79,1), бұл республикалық көрсеткiштен шамамен 2 eceгe
жоғары.
      2000 - 2005 жылдардағы Арал өңiрi аймағы халқының ауырушаңдығы
көрсеткiштерiн талдау Арал өңiрiнiң барлық аудандарында эндокриндi, жүйке,
ас қорыту жүйесi, несеп органдары жүйесi ауруларының өскенiн көрсеттi.
      Сонымен бiрге, бұл халық денсаулығының нашарлауымен ғана емес, сондай-
ақ жыл сайын жүргiзiлетiн алдын ала медициналық тексерулер барысында
ауруларды анықтаудың жақсаруымен де түсiндiрiледi.
      3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуi
      Республика өңiрлерi бойынша талдау және салыстырмалы деректер Арал
өңiрiндегi сумен жабдықтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту соңғы
жылдары жедел қарқынмен жүзеге асырылғанының куәсi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N
93 қаулысымен бекiтiлген 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық
бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2002 - 2003
жылдары Арал өңiрiнде 195 км-ден астам су құбыры желiлерi салынды немесе
қайта жаңартылды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N
1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын және 2002
- 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасын iске асыру
шеңберiнде өңiрдi ауыз сумен жабдықтауды дамытуға республикалық бюджеттен
2004 - 2006 жылдары 6107,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
      2004 жылы Қызылорда облысының Жалағаш, Жосалы кенттерiндегi және
Жиделi топтық су құбыры (2-кезегiн қайта жаңарту), Ақтөбе облысының
Байғанин және Оңтүстiк Қазақстан облысының Қарақұр ауылдарында су құбыры
желiлерi салынды немесе қайта жаңартылды.
      2005 - 2006 жылдары Арал-Сарыбұлақ (IV кезек), Жиделi және Кентау-
Түркiстан топтық су құбырлары сияқты iрi объектiлердiң құрылысы, Қызылорда
облысының Қазалы қаласын сумен жабдықтау жобасы аяқталды (немесе аяқталу
сатысында), Қызылорда облысының Жаңақорған, Тереңөзек кенттерiнiң, Ақтөбе
облысының Ноғайты ауылының сумен жабдықтау объектiлерi, Қарағанды облысының
Жездi кентiндегi су құбыры желiлерi және басқалар қайта жаңартылды.
      Қызылорда облысында Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде "Арал теңiзi
өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитариясы" жобасы iске
асырылуда. Жоба шеңберiнде жалпы ұзындығы 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық су
аққысы желiлерiн қыздырылған шойыннан жасалған құбырлар төсеп, Арал
қаласының қолданыстағы су тарату құбыры желiсiн полиэтилен құбырларымен
қайта жаңарту, 3 мыңнан астам үйдi қалпына келтiрiлген желiге қосу, су
тарту колонналарын және өрт сөндiру гидранттарын орнату және тегеурiндi су
мұнараларын салу және басқа да жұмыстар жүргiзiлдi.
      Қазiргi уақытта халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етiлу деңгейi
бойынша (75%) Қызылорда облысы республиканың басқа облыстары арасында
алдыңғы орындардың бiрiн иеленедi.
      Ақтөбе облысы бойынша 2005 жылы Арал өңiрiндегi халықтың су құбыры
суымен қамтамасыз етiлуi 60,4 %-ды құрады, орталықтандырылмаған көздерден
2000 жылғы 70 %-ға қарағанда - 39,5%-ды құрады. Жұмыс iстемейтiн бу
құбырларының үлес салмағы 2000 жылғы 15,3 %-дан 2005 жылы 10,6 %-ға
төмендедi.
      Сонымен бiрге Арал өңiрiнде жұмыс iстеп тұрған су құбырларының
санитарлық-техникалық жай-күйi қанағаттанғысыз күйде қалып отыр, бұл су
құбыры құрылыстары мен тарату желiлерiнде апатты жағдайлардың жиi болуына
алып келедi. Бiрқатар су құбырларында тазарту және зарарсыздандыру
қондырғыларының қажеттi кешенi жоқ.
      Судың тапшылығынан Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерлерiндегi
халықты сумен қамтамасыз етуде неғұрлым қиын жағдай қалыптасып отыр, мұнда
Арал өңiрi аймақтарының бiрқатар елдi мекендерiнде су тұтыну үлесi норма
бойынша тәулiгiне 150 литрдiң орнына шамамен 30 литрдi құрайды.
      Арал өңiрiнiң жергiлiктi атқарушы органдары ішкi су құбыры желiлерiн
салу және оларды салынып жатқан топтық су құбырларына қосу мәселелерiн
тиiсiнше пысықтамайды. Бұл республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың
тиiмсiз жұмсалуына алып келедi.
      3.4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N
1459 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың
2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан
Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өңiрдiң бiлiм беру жүйесiн
дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 3456,3 млн. теңге
бөлiндi. Осы жылдары 11 бiлiм беру объектiсiнiң құрылысы салынды және
аяқталады, 10 құрылыс басталды және жалғастырылады.
      2000 жылмен салыстырғанда өңiрдiң жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң
желiсi 31 бiрлiкке ұлғайды.
      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде өңiрдiң денсаулық
сақтау жүйесiн дамытуға 2004 - 2006 жылдары бюджеттен 3240,4 млн. теңге
бөлiндi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13
қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 2006 жылы республикалық
бюджеттен Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында әйелдер консультациясы
бар  перзентхана үйiн салуды бастауға 100,0 млн. теңге бөлiндi.
      2004 - 2006 жылдары 9 денсаулық сақтау объектiсiнiң құрылысы салынды
және аяқталатын болады, 7 объектiнiң құрылысы басталды және жалғастырылады.
      Бұдан басқа, денсаулық сақтау және бiлiм беру желiлерiн дамыту
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен де жүзеге асырылады.
      Сонымен бiрге, егер оқушы орындарын ұлғайту бiлiм беру қызметтерiне
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн болса, аурухана төсектерiн жай ғана
ұлғайту өңiр халқының денсаулығы проблемаларының барлық кешенiн шеше
бермейдi. Арал өңiрiнiң денсаулық сақтау iсiнде негiзгi назар қалыптасып
отырған экологиялық жағдайда аурудың алдын алу, салауатты өмiр салтын
жүргiзу жөнiнде халыққа бiлiм беру жұмысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Арал өңiрiнiң проблемалары
Мен және мені қоршаған орта
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Арал экологиясы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Пәндер