Банк көрсететін қызметтер



1 Банк көрсететін қызметтер
2 Инвестициялық жобалар
3 Қазақстанның даму банкінің несиелік құралдары
4 Ұстанымы және стратегиясы
5 Корпоративтік басқару
Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:
-жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету;
-олардың қаржылану көздерін саралау;
-бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу; -жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.
Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.
Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары, инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Сайттың «Банк көрсететін қызметтер» бөлімі Сіздерге банктің шынайы сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін, қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Банк көрсететін қызметтер
Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында
бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға,
сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және
телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға
бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің
кең спектрін ұсынады.
Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ
мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету,
жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен
қатар клиенттерге:
-жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын
төмендету;
-олардың қаржылану көздерін саралау;
-бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша
тәуекелдерді бөлу; -жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге
мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ
клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде
инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.
Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк,
жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты
қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын
қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.
Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары,
инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық
шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің
тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп
қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық
басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы
меморандумда белгіленген.
Сайттың Банк көрсететін қызметтер бөлімі Сіздерге банктің шынайы
сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін,
қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге
ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы
барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.

• рус
• eng
• Негізгі бетке
• Байланыс
• Сайт картасы
• Банк туралы Банктің қызметтері
• Жобалар Есептер
• Баспасөз орталығы Сатып алулар

Инвестициялық жобалар

инвестициялық жобалар
экспорттық операциялар
құжаттар топтамасы
қамсыздандыруға қойылатын талаптар
ТЭН құру бойынша ұсыныстар
жобалық қаржыландыру
сыртқы бағалауға қойылатын талаптар
Банктің кредит саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін
инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың
шикізатқа жатпайтын салаларында оның ішінде қазақстандық тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететін бәсекеге
қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға
байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Даму Банкінің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары мыналарды
құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады:
1) инфрақұрылым объектілерін (энергетикалық, көліктік,
телекоммуникациялық, туристік);
2) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты өндіруді жәненемесе сатып
алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді
сатуды қоса алғандағы өнеркәсіптік өндірістерді;
3) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты шығаруды жәненемесе сатып
алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді
сатуды қоса алғандағы ауыл шаруашылық өндірістерді;
4) туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық-сауықтыру және
қонақ үй қызметтері саласындағы объектілерді (коммерциялық негізде);
Даму Банкінің шетелдегі инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің,
қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капитал
экспортының дамуына ықпал ететін жобалар болып табылады.
Банктің инвестициялық басымдықтарына сәйкес келетін жобалар үшін Банк
мынадай қызметтер ұсынады:
- орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан
20 жылға дейін) кредит беру,
оның ішінде:
- жобаларды бірлесіп қаржыландыру және қайта қаржыландыру;
- жобаларды жобалық қаржыландыру.
Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін қарыздың ең аз сомасы 5
млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленеді.
Даму Банкіне мыналарды қаржыландыруға тыйым салынады:
- қару-жарақ өндіруді;
- алкоголь өнімін өндіруді;
- есірткілерді, есірткі құралдарын және психотропты заттарды өндіруді;
- темекі бұйымдарын өндіруді;
- тұрғын үй құрылысын;
- мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдық-сауықтыру
кешендерін салуды;
- геологиялық барлау жұмыстарын.
2008 жылғы 14 мамырдағы Қазақстанның Даму Банкі АҚ
Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес инвестициялық жобалардың банк
сараптамасын жүргізу және білімге негізделген тәуелсіз кәсіптік
тәжірибені, тәуелсіздікті және объективтілікті қолдану процедураларын
жеңілдету мақсатында Банк клиенттермен жұмыс істеудің жаңа қағидаларын
енгізеді, Аталған қағидалар қаржыландыруға өтінім берген кезде
клиенттерге сыртқы тәуелсіз сарапшылардың мыналар бойынша қорытындысын
беруді көздейді:
1) қарызды қайтару бойынша қамсыздандыруды бағалау;
2) жобаны құқықтық бағалау;
3) жобаны техникалық бағалау;
4) жоба бойынша маркетинг жүргізу.
Сонымен қатар, Банк тәуелсіз сарапшыларға және сыртқы бағалау
қорытындысының мазмұнына талаптар белгіледі.
Банк консервативтік саясатты жүргізеді және жобаны, қарыз алушының
төлемге қабілеттілігі мен кредит қабілеттілігін банктік сараптау
негізінде кредиттік және нарықтық тәуекелдерді бағалай отырып,
жобаларды мұқият іріктеуді жүзеге асырады. Бұл ретте аймақтық
нарықтарды қоса алғанда, технология, шикізатпен қамтамасыз ету, өнімді
сату нарықтары, құрылатын немесе кеңейтілетін өндірістің бәсекеге
қабілеттілігін және экспортқа бағытталғандығын бағалаумен құралдардың
сапасы бөлігінде ішкі және сыртқы нарықтардың талдауына үлкен көңіл
бөлінеді

• рус
• eng
• Негізгі бетке
• Байланыс
• Сайт картасы
• Банк туралы Банктің қызметтері
• Жобалар Есептер
• Баспасөз орталығы Сатып алулар

Банк туралы

Банктің миссиясы – Қазақстанның бәсекелесе алатын шикізаттық емес
экономика секторының дамыту ісінде мемлекетке көмектесу.
Банктің мәртебесі – Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторын
қаржыландыратын ҚР Үкіметінің инвестициялық институті.

Банктің міндеттері:
• Экономикаға тікелей инвестициялар тарту
- ҚДБ-нің несие рейтингтерi: ұзын және арзан ақшаларды тарту; 

- Сенімді серіктес: сапалы сараптама және әкімшілік қолдау;
- Елеулі тәжірибесі: мемлекеттiк бағдарламалардың агенті.
• Экономиканың басым секторларының жобаларын қаржыландыру;      
- Елеулі экономикалық әсер ететін жобаларына назар аудару;
- ҮИИДБ шеңберiнде Үкіметпен мақұлданған жобаларын қаржыландыру.
Басым салалардағы ірі жобаларды жүзеге асыру: энергетика, көлік,
металлургия, химия және фармацевтика, мұнай химиясы, мұнай өңдеу,
машина құрылысы, басқа да салалар (құрылыс материалдары, туризм,
агроөнеркәсіптік кешені және т.б.).

Қазақстанның даму банкінің несиелік құралдары
• Инвестициялық жобаларға арналған қарыздар: 5-тен 20 жылға дейін,
ең төменгі сомасы - 5 млн. $;
• Қаржылық лизинг: 3-тен 20 жылға дейін, ең төменгі сомасы - 1 млн.
$; 
• Жобалық қаржыландыру; 
• Кепілдерді беру; 
• Мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.
2009-2010 жылғы жаңа құралдар
• Капиталда қатысу; 
• Мезониндік қаржыландыру; 
• Банкаралық қаржыландыру; 
• Айналымдық капиталды қаржыландыру.

Ұстанымы және стратегиясы

ұстанымы
даму стратегиясы
Ұстанымы
Қазақстанның отын және минералдық шикізатты сатудан тәуелділігі,
өнеркәсіптің, металлургияның инфрақұрылымдық және өңдеуші салаларында
төменгі инвестициялық белсенділік ел экономикасын шикізат ресурстары
нарығындағы өзгерістерге осал және сезімтал етеді.
Сондықтан Ел басшылығы экономиканы радикалды реформалауға қадам басып,
Қазақстанның шикізат тәуелділігінен шығуына мақсат қойылды. Елді
жеделдетіп жаңғырту және елдің әлемдік нарыққа кірігуі инновацияларға,
экономиканың өсуінің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі
бәсекелесті басымдықтарын үздік пайдалануға негізделген дамудың барлық
бағыттары бойынша сапалы серпінді талап етеді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстанның Даму Банкі туралы 2000 жылғы 28
желтоқсандағы № 531 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстанның Даму
Банкі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-
ІІ Заңына, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі жабық акционерлік
қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18
мамырдағы № 659 қаулысына сәйкес 2001 жылдың мамырында ерекше құқықтық
мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкі құрылды.
Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31 мамырда жабық акционерлік
қоғам нысанында тіркелді және 2003 жылғы 18 тамызда Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес акционерлік қоғам
нысанында қайта тіркелді.
Банктің миссиясы екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген кредит
ресурстарында ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізатқа жатпайтын
секторын жеделдетіп дамытудың инвестициялық қажеттіліктерін
қанағаттандыру жолымен Қазақстан Республикасының тұрақты ұзақ мерзімді
экономикалық өсуіне қол жеткізуде жәрдемдесуге негізделген.
Банктің орны:
- өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы;
- ұзақ мерзіммен қамтылған ірі (5 млн. АҚШ долларынан асатын) көлемді
капиталы бар инвестициялық жобалар;
- қазақстандық тауар өндірушілер өнімінің экспортына жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңмен анықталған Банктің
ерекше құқықтық мәртебесі бар.
Заңға сәйкес Банк қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық
қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым
мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі
инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Банктің міндеттері:
1) инвестициялық жобаларға орта мерзімді (бестен он жылға дейін) және
ұзақ мерзімді (он жылдан – жиырма жылға дейін) кредит беру;
2) қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, қазақстандық өнімді
сатып алушы бейрезидентке де қарыздарды беру жолымен бірлесіп
қаржыландыруды қоса алғанда, экспорттық операцияларға кредит беру;
3) басқа кредит институттары беретін қарыздар мен кредиттер бойынша
кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру
жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына
кредит беруді ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық
жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
Банктің кредит саясатының негізгі қағидаттары мен басымдықтары,
инвестициялық басымдықтар, қарыз қаражатын тартуға сандық шектеулер,
кредит берудің лимиттері, бағыттары, мүмкін шарттары, тәртібі мен
мерзімі, жеке капиталды орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер
беру, агент функцияларын орындау жалғыз акционердің шешімімен
бекітілген Банктің Кредит саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Қазақстанның Даму Банкі бір жағынан даму институты бола отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазына мемлекеттік холдингінің
атынан акционер анықтайтын мемлекеттік инвестициялық саясаттың
міндеттерін шешеді. Сонымен бірге, қаржы ұйымы бола отырып, Банк
банктер үшін барлық қажетті талаптарды орындайды және коммерциялық
қағидаттарда әрекет етеді.

Корпоративтік басқару

корпоративтік басқару
Банк басшылығы
директорлар кеңесі
нормативтік-құқықтық актілер
әлеуметтік жауапкершілік

2009 жылдың 3 маусымынан Банкінің атқарушы орынының қызметі Банкінің
басқармасын (алқа атқарушы орын) жүзеге асырып жатыр
Өзінің күнделікті іс-тәжірибесінде Банк корпоративтік басқарудың ең
жоғары стандарттарын ұстануға ұмтылады және корпоративтік басқарудың
үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес осы саладағы жақсартулармен үнемі
жұмыс істейді.
Қазақстанның Даму банкі АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес
Банкте корпоративтік басқару мынадай қағидаттарға сәйкес құрылады:
- акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Банктің Директорлар кеңесін және атқарушы органды тиімді басқару;
- Банктің қызметі туралы ақпаратты ашудың айқындылығы мен
объективтілігі;
- заңдылық және этика;
- тиімді кадр саясаты;
- қоршаған ортаны қорғау;
- корпоративтік шиеленістерді реттеу.
Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтаудың сөзсіз басымдығымен
қатар Банкте корпоративтік басқару жүйесі клиенттердің, инвесторлардың,
қоғамның және Банктің қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары
мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Банктің жалғыз акционері Ұлттық әл-ауқат Қоры Самұрық-Қазына АҚ болып
табылады.
Самұрық-Қазына орнықты даму қорының негізгі мақсаты ұлттық даму
институттары жүйесінде корпоративтік басқарудың біркелкі
механизмдерінің стандарттарын жақсарту және оларды пайдалану болып
табылады.
Корпоративтік басқарудың ең жақсы әлемдік тәжірибесін енгізу процесінің
шеңберінде Банктің Жалғыз акционері мынадай міндеттерді белгіледі:
1. Мониторинг пен ішкі бақылауды стратегиялық жоспарлау жүйесін
жетілдіру;
2. Ақпаратты ұдай ашу мен оның айқындылығын қамтамасыз ету;
3. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жүргізу;
4. Ішкі аудит қызметінің жұмысын жетілдіру;
5. Тәуекелдерді тиімді басқару жүйесін құру;
6. Персоналды тиімді басқаруды арттыру және Ұлттық әл-ауқат Қоры 
Самұрық-Қазына АҚ компаниялары тобының аса маңызды ресурсы ретінде
персоналды дамыту;
7. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын енгізу.
2007 жылдан бері Қазақстанның Даму Банкі капиталдың жеткіліктілігі
бойынша халықаралық талаптарды және Базель келісімін есепке ала отырып,
сонымен қатар ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігінің талаптарын ескере отырып, қаржылық тәуекелдерді басқару
әдістеріне көшуді жүзеге асыруды бастады.
Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің мүдделерін іске асыруды және
құқықтарын қорғауды, Банктің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге
қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың жалпы
қабылданған қағидаттарын ұстана отырып, Банктің Директорлар Кеңесінің
үш мүшесі Ұлттық әл-ауқат Қоры Самұрық-Қазына АҚ жалғыз акционері
ұсынған тәуелсіз директорлар болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанның Даму Банкі АҚ Директорлар кеңесінің жанында
мынадай тұрақты комитеттер құрылған: Тәуекелдер жөніндегі комитет,
Аудит жөніндегі комитет және тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі
комитет. Олардың қызметінің мақсаты Банк қызметінің негізгі салаларын
терең зерделеу және бұл мәселелер бойынша Директорлар Кеңесіне
консультация беру болып табылады.
Директорлар кеңесінің өз функцияларын толыққанды орындауы, Банктің
құрылымдық бөлімшелерінің акционерлердің құқықтары мен мүдделерін іске
асыруға кепілдік беретін рәсімдік талаптарды сақтауын қамтамасыз ету
үшін Банктің корпоративтік хатшысы лауазымы енгізілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары
Шетел валютасымен операциялар
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері. Қазақстандағы банк маркетингісі
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Банктік маркетинг жайлы
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Банк жүйесіндегі маркетинг
Банк менеджменті
Банктік қызмет сферасындағы коммерциялық сервисті қалыптастыру
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Пәндер