Велосаяхатқа қажетті құрал-жабдықтар


Велосаяхатқа қажетті құрал-жабдықтар
Велотурлардың жабдықтарына кез келген жорықта қажетті қарапайым заттардан (палатка, ыдыс-аяқ) басқа міндетті түрде жөндеу үшін кілттер комплектісі, велоаптечка және запас детальдер (спицалар, тормозные колодки, чайки, шайбы, шарикоподшипники), запас дөңгелек немесе камера, иілгіш болат трос және велосипедте жүру үшін ыңғайлы киімдер, қатты табанды кроссовки кіреді.
Велотурист өзіне киген киімінен басқа 2 пар іш киім, майка, 3-4 пар носки, жеңіл сыртқа киетін костюм және жеңіл аяқ-киім (тапочка, кеды) алып шығуы қажет.
Бас киім - мақта материалынан жасалған берет немесе панама, пластикалы козырегы бар "курорттық" ақ немесе түсті шапка.
Жейде - жабылатын екі кеуде қалталы жеңіл материалдан жасалған (ковбойка), тығыз тегіс мақта материалдан қысқа шорты, маса-шіркейлері көп аудандар үшін - аяқ жағы резинамен жиналған, ұзын сатин немесе трикотаж шалбар. Саяхат ауданына байланысты таңғы және кешкі суықтан қорғану үшін жүн свитер және жүн носки қажет.
Түкті материалдан жасалған киім алмаған дұрыс, себебі түкті матаға жолдағы шаң-тозаң жеңіл тұрып қалады, егер бұндай киім су болып қалса, оны кептіру үшін айтарлықтай уақыт қажет етіледі.
Аяқ-киім жеңіл, мықты, жаяу қозғалыс үшін ыңғайлы, аласа өкшелі және велосипед педаліне турист табанын майыстырып алмас үшін жетерліктей қатты табанды аяқ-киім болуы тиіс.
Бұлтты ауа райы үшін су өткізбейтін куртка, плащ немесе плащ-жамылғы (тіпті болмаған жағдайда, тоқтаған кезде қолданатын скатерть ретінде пластикалық пленка) болуы керек.
Басқа жабдықтар
Велосипедпен саяхатқа шығатын әйел адамға арналған костюм, ер адамға арналған киімнен айрықшаланбайды.
Жарық күн сәулесінен күнді қорғау үшін жасыл немесе мұнарлы түсті мөлдір пластикалық козырек немесе күннен қорғайтын көзілдірік болғаны жөн.
Мотовелотуристің киімі жылы болуы тиіс. Оған мақта-матадан жасалған шаңғы костюмі, қара тығыз материалдан жасалған жартылай комбинезон, жел өткізбейтін куртка, боранға қарсы костюм келеді.
Велосипедтер біртипті болған кезде топтың запас бөліктерінің жиынын келесі заттармен шектеуге болады: цепь, алдыңғы және артқы дөңгелек үшін 3 ось бойынша, 4 педаль осі, алдыңғы вилкалар үшін чашкалар жиыны, 50 спица, цепь үшін 3-4 замочка, 2-3 камера және покрышка.
Жалпы инструменттер сөмкесінде мыналар болуы керек: кіші балға, тесетін зат, үлкен бұрағыш, гайка кілттерінің жиыны, екі майлағыш, мотоцикл насосы, 3, 4, 5 және 6 мм подшипник үшін шариктер.
Камера мен покрышкаларды жөндеу үшін резина клейін, жамау үшін резина, вентильді резина, прорезиненный холст, нитки, 2-3 штопальді ине, біз, жіңішке және мықты шпагат, рамалар мен вилкалардың сынған кезінде - жұмсақ сым, сыромятные ремни, жіңішке, мықты арқан.
Шариктерді майлау үшін қою (тавот, техникалық вазелин) және сұйық (машина майы) майлар, ал қол тежегіші үшін - запасные фибровые или резиновые колодочки. Топқа камераның тесілгенін тексеру үшін қажетті брезент немесе резина тазик алғаны дұрыс.
Егер дала жағдайында түнеу болатын болса, "памирка" типті палатка алып алу керек, жиналатын плащ-палатка алса одан жақсы болғаны. Бұндай плащ-палаткалар барлық қатысушылар тасымалдау үшін бөлінеді, ол бұлтты күні әрбір турист үшін плащ болса, ал тұрақтаған кезде түнеу үшін 4 немесе 6 плащтан палатка тұрғызылады.
Топтың 2-3 кино- немесе фотоаппараты, кассеталарды зарядтау үшін мешок, балта, брезент жиналатын шелек, ысқырыуық, компас, сағат, мықты түптелген 2 дәптер (топтың күнделік және жол журналын жазу үшін), қарандаштары болуы керек.
Төгілетін азық-түліктерді тасу үшін байлайтын баулары бар тығыз, мықты мешоктар, ал майлар үшін - сынбайтын ыдыс болуы керек.
Әрбір қатысушының багажында жеңіл одеяло, 2 орамал, туалет жабдықтары, бинт, мақта, жеке пакет, бәкі, 2-3 ине, кішірек қайшы, түйреуіш, эмалдандырылған кружка, жеңіл алюминий меске және қасық, ал инструменттер сөмкесінде - гайка және конус кілттер жиыны, майлағыштар, шариктары бар қорап, болттар, гайкалар, велосипедті сүртетін шүберек болуы керек.
Велотурист үшін 19 см диаметрлі котелокқа жиналатын 7 заттан тұратын жорық ыдыс-аяқтар наборы ыңғайлы. 2 котелок қақпақтарымен: біреуі - 4 л көлемді және басқасы - 2, 5 л, бұлар көлемі жағынан 6 адамға ас дайындауға жетерлік. Оны тасу үшін тығыз матадан сырты чехол тігіп алу керек.
Апатты жағдайдағы қажетті заттар
Жоғары күрделіліктегі туристік жорықтарда апатты жағдайларда қажетті заттар керек болады. Осы заттар құрамына азық-түліктердің бір бөлігі (сақталатын қорлар) және бірқатар қажетті заттар кіреді. Апатты жағдайларда қажетті заттарды сақтау мен тасымалдауды тәжірибелі дайындалынған туристер қамтамасыз етеді. Бұл заттардың құрамы жорықтың ерекшеліктерімен анықталады. Төменде таулы аймақтардағы саяхат кезінде қажетті заттардың тізімі (азық-түліктен басқа) келтіріледі:
1. контейнер - тасымалдауға арналған жеңіл сөмке;
2. компас;
3. жиналмалы пышақ, ұзындығы 120 мм;
4. су өтпейтін қораптағы сіріңке;
5. құрғақ спирт (7-10 таблетка) ;
6. май шамдар (3-5) ;
7. дәрігерлік қобдиша (йод, қан тоқтатқыш, байлайтын құралдар, антибиотиктер) ;
8. кескіш сымтемірлі;
9. тоқты фонарь;
10. белгі беретін айна, патрондар;
11. балық аулайтын заттар;
12. темір фольга;
13. полиэтиленді пленка (жауын-шашыннан жабын) ;
14. қансорғыш жәндіктерге қарсы репелленттер.
Апатты азық-түліктің қоры дегеніміз - бұл ұзақ автономды өмір сүру кезінде ағзаның энергия және тамақ қажеттіліктерін өтейтін апатты жағдайда қажетті тамақ рационы. Қалыпты жағдайда рацион калориялығы ағзаның энергия шығындарын жауып отыруы керек.
Апатты азық-түліктің қорының маңызы зор. Біріншіден, ол адамның аш қалмауына септігін тигізеді; екіншіден, адамның ағзасының жоғалтқан энергиясын толтырады. Азық-түліктің апатты қорының өнімдік құрамы оны пайдалану географиясына байланысты. Ыстық климатты аудандар үшін азық-түліктің апатты қорының негізін көміртекті тағамдар құраса, ал полярлы жерлерде майлар мен ақуызы көп тағамдар құрайды. Апатты азық-түліктің қорын пайдаланудың спецификалық жағдайлары азық-түлікке бір қатар талаптар қояды. Олар қосымша кулинарлық әзірленусіз қолданылуы, жеңіл қабылдануы, жағымсыз климат жағдайларында да қалыпты сақталуы, ағзадағы судың сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Апатты азық-түліктің қорының қолданылуының ерекше жағдайларын, сақталу және тасымалдауды ескере отырып, оны жинау кезінде аз салмақты көп калориялы және ұзақ уақыт бойы сақталынатын өнімдерді қолданады. Кейбір кездерде ет консервілері, және де шоколад, галет, қант, карамельдер алынады. Олардан әскери авиация ұшқыштарына арналған апатты азық-түліктің қорын жасаған.
Палаткасыз түнеуді ұйымдастыру
Керек жағдайда маршрутта жауын мен желден қорғайтын қарапайым қорған жасап палаткасыз да түнеуге болады. Бұндай жағдайлар жорықтардың басталғанда болып тұрады. Әсіресе, туристер саяхаттың соңғы керекті жеріне кеш келіп қалған кездерде болады. Ертеңінде ертемен туристік топ ары қарай қозғалу керек болған соң олар сол жерде түнеп қалады. Жаз мезгілінде жауыннан қорғану үшін қалқа жасап, ұйықтайтын қаптарда түнеуге болады. Ұйықтайтын қаптың астына поролон немесе үрленетін төсеніш төсеу керек. Олардың болмаған кездерінде төсеніш ретінде өсімдіктердің жапырақтарын пайдаланады.
Аңшылар мен балықшылар өздерінің аялдаған жерлерінде иілмелі шатыр қалқа жасайды. Ол үшін қадалар қағып оған ағаш бұтақтарын жабады.
Қыс мезгілдерінде қар жабынында түнейтін жер ұйымдастыруға болады. Ол үшін қалың қар ішін ойып түнеу орнын жасайды. Бұл ойықта түнімен отта жағуға болады. Оның желді жағынан жақсы қалқа жасап қою керек. Бұндай түнеу орнын жасау өте күрделі қиын болады, бірақ тәжірибелі туристке бұндай орынды жасауға 1, 5-2 сағат уақыт кетеді. Орманды жерлерде ағаштар жанынан үңгір жасап та түнеуге болады. Ол үшін оның діңгегі жанындағы қар жабынын терең етіп қазып бұтақтармен жауып, үстінен қармен бастырады.
Қатты аязды күндері қопсыма қардан қарапайым үңгір жасауға болады. Ол үшін қарды бір үйеме етіп жинап үстінен қаттап үстінен су құйып қатырады. Сонан соң қатқан қарды қазып үңгір жасайды. Ауа шыққанға кішкене ойық-тесік жасайды. Ішінен от жаққанда оның қабырғасын қатайтып түнеуге мүмкіндік береді. Бұндай түнеу орны жылуды жақсы сақтайды.
Қардан жасалған орында түнеудің жақсы өтуі көптеген жағдайларға байланысты болады. Сол себепті түнеуді ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстарды мұқият орындау және тәртіп ретін сақтау қажет.
Қардан жасалған орындарда күрек немесе пышақ болуы керек, себебі қар құлап басып қалуы да мүмкін.
Үңгірлердің ішінде отты пайдаланған кездерде улы газбен уланып қалудан сақтану қажет. Сондықтан таза ауа кіріп тұруды қамтамасыз ету керек. Ұйықтайтын қаптарда жатқанда адам басымен бірге кіріп ұйықтауы қауіпті. Онда демалғаннан ауа дымданып қатырады. Адам бетін киімімен жауып жатуына болады.
Қорытындылап айтатын болсақ, ең қиын күрделі жағдайлардан да шығудың көптеген жолдары бар. Ол үшін адамдардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бай тәжірибелерін есте сақтау жеткілікті. Ол тәжірибелерді барлық жорық түрлерінде белсенді түрде игере білу керек. Қиыншылықтар пайда болған кезде біріншіден, ол жағдайды, мүмкін болатын іс-әрекеттерді және оның салдарларын мұқият талдап бағалай білу керек.
Аялдау орындары үшін желден сақтайтын орындар, желсіз ауа райында - беткейлердің асуларындағы жерлер таңдалынады. Егер топ бұдырлы терең қармен қозғалатын болса, ал шаңғы жолын салу уақыт пен айтарлықтай энергия шығынын талап етсе, демалуға болады, тоқтамай: топтың жартысы шаңғы жолын салады, басқасы ақырын 1-2 км/сағ жылдамдықпен қозғалысты жалғастырады немесе демалады. Қатты тайғақ және желді кездері қозғалыс пен демалыстың қатаң интервалын сақтаудың қажеттілігі жоқ. Бұндай жағдайда демалуға тоқтау топтың жетекшісінің шешімі бойынша болады. Ол топтың жағдайын көріп және сезіне білуі керек.
Аялдау кезінде қарға отырмаған дұрыс. Құлаған ағаштардың діңгегіне, оларды алдын ала қардан тазалап, үстіне рюкзак немесе киім қойып отыру керек. Тоқтаған кезде рюкзакты шешіп алаып, шаңғының артына қойып отыруға болады. Тоңбау үшін рюкзактан бір киімді шығарып киіп алған жөн. Кездейсоқ тоқтаған жерлерде шаңғы таяғына рюкзакты сүйеп, тұрып демалады.
Үлкен күндізгі тоқтауды қоныстанған пункте жасаған жақсы. Егер ол дала жағдайында болса, оның уақыты тамақ қабылдауға қажетті уақытқа дейін, яғни 20-30 мин дейін болады. Ұзақ демалыс шай қайнату мен ыстық тамаққа отқа қажетті су, отын болған кезде болады. Шайды қайнатуға 30 мин артық уақыт жұмсалмайды, ал отын шай қайнатуға қанша керек болса, сонша 15-20 мин от ұстауға болады. Түскі ас үшін ең қолайлысы тұрақтан термоспен ыстық шай немесе бульон әкелген болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz