Бюджеттік есеп және есептілік


Бюджеттік есеп және есептілік
Бюджеттік заңнамалармен бюджеттерді атқару женіңдегі есеп беруді қарау мен бекіту қарастырылған. Бюджетті атқару бойынша есеп беруді бюджетгік ақша алушылар мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері есептемеліктерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган дайындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі барлық есеп берулерді құру негізі болып бюджеттік есеп табылады. Бюджеттік есеп - ол бюджеттік операциялар жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу кәне қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Бюджеттік есепті жүргізу тәртібін бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тағайындайды.
Ауыстырмалық операциялар мен олардың есебі Ұлттық банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шотта жүргізіледі. Бұл шот бақылаулық шоттар мен мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы бюджет құралдарының қалдықтарын құрайды. Бюджеттік кодекске сәйкес тек қана бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын мемлекеттік мекемелердің шоттары келесілер:
• бюджеттік ақшалармен жасалатын операциялардың есебі үшін
арналған бюджеттік шот;
• тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын
ақшалардың мемлекеттік мекемелер қарамағында қалатындарының
түсуі мен жұмсауының есебі үшін арналған шот;
• жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық пен демеушілік түрде
түсетін ақшалардың түсуі мен жұмсауының есебі үшін арналған шот;
• мемлекеттік мекемелердің уақытша иелігіне түсетін ақшаларды
есепке алу үшін арналған депозиттік шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаны күту үшін арналған шетел
валютасындағы арнайы шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы
арнайы шотқа Ұлттық валютадағы шот;
• бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мерзімінде ақшаларды
есепке алу мен пайдалану үшін арналған жаңғырмалы шот;
• шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін арналған шетел
валютасындағы шот;
• мемлекеттік мекеменің айрықша шығыстарын жүргізуге қажетті
ақшаларды есепке алу мен жұмсау үшін арналған нақтылық
қаржыландыру шоты.
Осы шоттардың мәліметтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі есептемелердің барлық түрлері құрылады. Есептемелерді дайындаушылар бойынша бюджетті атқару жөніндегі есеп берулер төрт түрге бөлінеді. Олар:
1) мемлекеттік мекемелердің есеп беруі;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің есеп беруі;
3) бюджеті атқару женіндегі уәкілетті органның есеп беруі;
4) үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың есеп берулері.
Барлық есеп берулер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылады және ұсынылады. Республикалық бюджетті атқару жөніндегі есеп берудің құру менұсыну тәртібін ҚР Президенті тағайындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі есеп беру келесі талаптарды сақтау арқылы құрылуы тиіс:
• нақтылық, яғни атқарылған бюджеттік операциялар есебі қателіксіз және дүрыс болуы;
• толығу, яғни есеп беруде барлық қажетті ақпарат болуы;
• сәйкестік, яғни есеп беру құруда Бюджеттік кодекс пен басқа да
нормативтік актілер ережелерінің сақталуы.
Республикалық бюджеіті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша жылдық есепті ҚР Үкіметіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органына ұсынады. Бұл республикалық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп беру бекітілген, анықталған, түзетілген республикалық бюджетті және оның кассалық атқарушы көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретінде түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігінің бағалауы жөнінде аналитикалық есеп қоса тіркеледі.
ҚР Үкіметінің Парламент пен Есеп комитетіне ұсынған өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп Мәжіліс пен Сенатта Есеп комитетінің тұжырымын алғаннан кейін қаралып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі. Ал облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерін атқару жөніндегі есептер Бюджет кодексында белгіленген тәртіппен тиісті Маслихаттар сессияларында қаралып бекітіледі.
Қаржы және салық органдары, қазынашылық және бақылаушы органдар мен басқа да ведомстволар жүргізетін бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау бюджеттік процестің маңызды бір элементі болып табылады. Бұл талдау барлық кезеңдерде жүргізіледі - бюджетті қалыптастыруда, қарауда, бекітуде және атқаруда. Мұндай талдау арқылы бюджеттік көрсеткіштердің дәйектемілігі, құрылымдық, дииамикалық өзгерістер мен басқа да параметрлері анықталады. Қазіргі кезенде бюджеттерді болжамдық қалыптастыруға көшу және барлық деңгейдегі бюджеттерді реттеу мен бюджетаралық қатынастарды құру мәселелерін шешуге байланысты экономикалық талдаудың мәні мен қажеттілігі күшейе түсуде.
Бюджеттік көрсеткіштерді талдаудың әдістері мен кезеңдері, сондай-ақ ақпараттарды өңдеу мен зерттеу әдістері жалпы экономикалық талдаудың талаптарына негізделеді. Мұндай талдау жүргізу барысында жүйелік, объективтік, нақтылық және оперативтік принциптер сақталуы тиіс. Талдау жүргізудің тізбектілігін келесі кезеңдер түрінде болуы мүмкін:
1) қажетті мәліметтерді тексеру, жинақтау және топтау;
2) талдау жасау-көрсеткіштерді салыстыру, өзгерістердің себептерін,
факторларын анықтау, көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстар
мен өзара тәуелділіктерді әшкерелеу;
3) қорытындылар мен тұжырымдар қалыптастыру;
4) талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар жасау.
Бюджет процесінің әр түрлі кезеңдерінде талдау бағыттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, бюджеті қалыптастыру маңында Парламент комиссиялары бюджеттік көрсеткіштер есептемелерінің заңнамаларға, шығыстардың мемлекетпен кепілденген әлеуметтік нормативтерге, қаржылық қамтамасыз ету көлемдердің белгіленген болжамдар мен экономика секторлары және әлеуметтік салалардың даму пропорцияларына сәйкестігін талдайды, ал қазынашылық органдар бюджеттердің деңгейлері бойынша кірістердің түсуі мен бөлуін, бюджет құралдарын нақты пайдалану мен басқа да көрсеткіштерді талдайды.
Бюджет атқаруының бірқатар жекеше және аса жете талдауы жүргізіледі, себебі бұл арада жалпы қорытындылар мен қоса бюджетік кірістер мен шығыстар бойынша атқаруының жеке нәтижелерін талдау әдістемелерін пайдалануы мүмкін. Жалпы әдістемеге талдаудың жалпы мақсаттарын анықтау, мәліметтерді жинау мен олардың дұрыстығы мен сенімділігін алдын ала тексеру, бюджеттік көрсеткіштердің динамикасы мен атқару деңгейіи салыстыру, белгіленген көлемдердің ауытқуларына факторлық талдау кіреді.
Талдаудың жеке әдістемесі өзінің нақты пайдалануын бюджет деңгейіне, кірістер түрлері мен шығыстардың бағыттарының талдау объектісі бойынша толық ақпаратпен қамтамасыз ететін мәліметтердің саны мен сапасына және оларды тексеру тәсілдеріне, сондай-ақ талдау нәтижелері бойынша болжамды тұжырымдарға байланысты табады.
Талдаудың әрбір әдісінің өз мағнасы бар, бірақ та экоыомика-лық талдау қорытындыларының нықтылығы мен іскерлігі сол әдістерді кешенді пайдалануына байланысты. Олар, бір-бірін толықтыра отырып, бюджеті кірістері мен шығыстары бойынша атқару процесінде әр түрлі көрсеткіштер арасында пайда болатын күрделі тәуелділіктер мен байланыстарды ашуына себепші болады.
Кірістер бойынша бюджеті атқару маңында салықтар, алымдар және басқа да төлемдер шектелімдерін (конингенттерін) жұмылдыру және оларды бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бөлу түсіндіріледі. Бюджеттің кірістік бөлімінің атқаруын талдаудың бас мақсаты - ол кірістер түсімінің резервтерін іздеу, яғни жалпы мемлекеттік және жер-гілікті салықтар контингенті мен олардың жинастырушылығын ұлғайту.
Шығыстар бойынша бюджеті атқару маңында бюджетте қа-растырылған және бюджеттіктізімдемеге сәйкес шығыстарды қар-жыландыру табылады. Бюджеттің шығыстық бөлімінің атқаруын талдау барысында бюджеті жалпы, шығыстардың түрлері бойынша, төменгі тұрған бюджеттер бойынша, әрбір бөлімдер бойынша, бюджеттік мекемелер түрлері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша атқаруларының қорытындылары зерттеледі. Сонымен қатар, бөлінген құралдарды тиімді пайдалану мүмкіншіліктері анықталады, оларды жұмсаудың мақсатты сипаттары тексеріледі және мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың құралдардағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету дәрежелері бағаланады.
Әдеттегіндей талдау процесінде бекітілген және анықталған бюджеттердің көрсеткіштерінің деңгейін, көлемін және оларды нақты орындауын көрсету үшін тиісті кестелер жасалады. Бұл арада ауытқулардың себептері мен көрсеткіштерді сипаттайтын басқа да мәліметтер анықталады.
Бюджеттік көрсеткіштерді талдау нәтижелерін биліктің өкілдік және атқарушы органдары қаржы-бюджеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру, бюджет құралдарын тиімді жұмсау мен бақылауды бағалау, кірістер резервтерін анықтау бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.
Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер ұлттық қорды құрайды.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділіктілігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін темендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономиканың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамасыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары коныоктурасының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде рес-публикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz