А- Қадиянилік және оған баратын жол



1. Қадияниліктің құрылуы мен қысқаша тарихы
2. Миссионерлік пен қадияниліктің қарым.қатынасы
3. Қадиянилікте пайғамбарлық көзқарастары
4 Ахмадия жамағатының көзқарастары
5. Қадиянилердің қазіргі таңдағы жағдайы
Қадиянилік Мырза Ғұлам Ахмед қадияни (1908) тарапынан құрылған діни әрекет болып табылады. Құрушысының атына сәйкес қадиянилік, ахмадия немесе Мырзаия аты берілген. Көбінесе ахмадилік пен қадиянилік ретінде көп танылған. Мырза Ғұлам Ахмед ілімін Кадиянда толықтырды. Кейін Сиялкот аумақтық сотында қызмет атқарды. Осы уақыттар аралығында Христиандар, үнділер және мұсылмандармен жақыннан танысты. Жергілікті газеттерде Ислам дінін жақтап мақала жазды. Ағылшын отаршылдығына қарсы жасалған 1857 жылғы әскери көтерілістің сәтсіз болуына байланысты үмітсіздікке түскен мұсылмандар «Жаңалаушы (мүжәддид)» көзқарасымен болашаққа үміт етіп қарады. Бұдан басқа «уәде етілген Масих» немесе «күтілген Маһди» түсінігін тарата отырып осының арқасында көптеген артынан еруші жақтастарын жинады. Қияметтің болуы және одан бұрын Маһди мен Масихтың келетіні туралы риуаяттар арқылы маһдилік, масихтік және пайғамбарлық кіпір көзқарастарын жариялады. Мырза Ғұлам Ахмед көптеген шығармалар жазып қалдырды. Бұлардың ішінен айтып өтер болсақ ең маңыздысы 4 томдық Бараһини Ахмадия атты кітабы болатын. Бұл кітаптарында өзіне берілген илһам, керемет және көріпкелдігіне байланысты жазған еді. Мұнымен қоса уахидің тоқтамағандығын, уахидің (өзіне) сезім арқылы берілгендігі туралы көзқарастарын жариялады.
Мырза Ғұлам Ахмед 10 тараудан тұратын беят (қол беру) шарттарына қарағанда, өз атына беят ала бастады. Осыған байланысты Мырза Ғұлам Ахмедке дейін мойынсұну керектігі алға қойылды. Мырза Ғұлам Ахмед өзінің қияметтен бұрын келуі тиіс болған Масих және мұсылмандардың көптен күткен Маһдидің өзі екендігін айтты. Ең соңында астарлы түрде пайғамбарлық пікірін жариялады. Мырза Ғұлам Ахмед Масих, Маһди, елші мен пайғамбарлығымен қоса кришналық ерекшелігін қосып, өзінің үнділердің көптен күткен кришна екендігінде ашықтады. Өзінен кейін басшылыққа Хәкім Нуриддин келді.
Қадиянилік Мырза Ғұлам Ахмедтің масихтік, маһдилік, набилік көзқарастарымен құрылған. Иман мәселесінде Әшғари мен Матурудидің көзқарастарында болды. Фикх мәселесінде ханафи мазхабына сай амал етеді.
Қылышпен жиһад пікірі ағылшын отаршылдығына қызмет көрсетті. Қадиянилік Лахор және Кадиян болып екі тармаққа бөлінген. Лахор тармағы Мырза Ғұлам Ахмедтің пайғамбарлық сипатын иемденбегендігін айтқан болса, Кадиян тармағы Мырза Ғұлам Ахмедтің пайғамбарлық сипатқа ие екендігін қолдағандыққа байланысты Кадиян тармағы Ислам дінінен шықты. Кадиян тармағы өзіне «Масихтың екінші халифасы» атын берген Мырза Ғұлам Ахмед ұлы Мырза Башуриддин Махмуд Ахмедті (1889-1965) басшы тағайындады. Кейінірек Мырза Насыр Ахмед (1909 жылы туылған) басшылыққа өтті. Қадияниліктің Лахор тармағы болса, Хәкм Нуридиннің аз уақыттан соң Лахорға орналасты.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
А- Қадиянилік және оған баратын жол
Қадиянилік Мырза Ғұлам Ахмед қадияни (1908) тарапынан құрылған діни
әрекет болып табылады. Құрушысының атына сәйкес қадиянилік, ахмадия немесе
Мырзаия аты берілген. Көбінесе ахмадилік пен қадиянилік ретінде көп
танылған. Мырза Ғұлам Ахмед ілімін Кадиянда толықтырды. Кейін Сиялкот
аумақтық сотында қызмет атқарды. Осы уақыттар аралығында Христиандар,
үнділер және мұсылмандармен жақыннан танысты. Жергілікті газеттерде Ислам
дінін жақтап мақала жазды. Ағылшын отаршылдығына қарсы жасалған 1857 жылғы
әскери көтерілістің сәтсіз болуына байланысты үмітсіздікке түскен
мұсылмандар Жаңалаушы (мүжәддид) көзқарасымен болашаққа үміт етіп қарады.
Бұдан басқа уәде етілген Масих немесе күтілген Маһди түсінігін тарата
отырып осының арқасында көптеген артынан еруші жақтастарын жинады.
Қияметтің болуы және одан бұрын Маһди мен Масихтың келетіні туралы
риуаяттар арқылы маһдилік, масихтік және пайғамбарлық кіпір көзқарастарын
жариялады. Мырза Ғұлам Ахмед көптеген шығармалар жазып қалдырды. Бұлардың
ішінен айтып өтер болсақ ең маңыздысы 4 томдық Бараһини Ахмадия атты кітабы
болатын. Бұл кітаптарында өзіне берілген илһам, керемет және көріпкелдігіне
байланысты жазған еді. Мұнымен қоса уахидің тоқтамағандығын, уахидің
(өзіне) сезім арқылы берілгендігі туралы көзқарастарын жариялады.
Мырза Ғұлам Ахмед 10 тараудан тұратын беят (қол беру) шарттарына
қарағанда, өз атына беят ала бастады. Осыған байланысты Мырза Ғұлам Ахмедке
дейін мойынсұну керектігі алға қойылды. Мырза Ғұлам Ахмед өзінің қияметтен
бұрын келуі тиіс болған Масих және мұсылмандардың көптен күткен Маһдидің
өзі екендігін айтты. Ең соңында астарлы түрде пайғамбарлық пікірін
жариялады. Мырза Ғұлам Ахмед Масих, Маһди, елші мен пайғамбарлығымен қоса
кришналық ерекшелігін қосып, өзінің үнділердің көптен күткен кришна
екендігінде ашықтады. Өзінен кейін басшылыққа Хәкім Нуриддин келді.
Қадиянилік Мырза Ғұлам Ахмедтің масихтік, маһдилік, набилік
көзқарастарымен құрылған. Иман мәселесінде Әшғари мен Матурудидің
көзқарастарында болды. Фикх мәселесінде ханафи мазхабына сай амал етеді.
Қылышпен жиһад пікірі ағылшын отаршылдығына қызмет көрсетті.
Қадиянилік Лахор және Кадиян болып екі тармаққа бөлінген. Лахор тармағы
Мырза Ғұлам Ахмедтің пайғамбарлық сипатын иемденбегендігін айтқан болса,
Кадиян тармағы Мырза Ғұлам Ахмедтің пайғамбарлық сипатқа ие екендігін
қолдағандыққа байланысты Кадиян тармағы Ислам дінінен шықты. Кадиян тармағы
өзіне Масихтың екінші халифасы атын берген Мырза Ғұлам Ахмед ұлы Мырза
Башуриддин Махмуд Ахмедті (1889-1965) басшы тағайындады. Кейінірек Мырза
Насыр Ахмед (1909 жылы туылған) басшылыққа өтті. Қадияниліктің Лахор
тармағы болса, Хәкм Нуридиннің аз уақыттан соң Лахорға орналасты. Бұл
тармақтың басшысы Мәуләнә Садриддин (1881 жылы туылған) болды. Қадиянилер
1913 жылдан бастап Еуропа мемлекеттерінде әртүрлі таблиғ орынталықтарын
құрды. Қазіргі таңда әлеме 2 миллион мен 10 миллион арасында
қадияниліктердің болғандығы айтылуда.
Мырза Ғұлам Ахмедтің есіміне сәйкес мырзайия, оның туған жеріне сәйкес
Қадияния есімдері берілген. Мырза Ғұлам Ахмедтің пайғамбар тарапынан
есіміне ышара етілген деген көзқарасымен әрекет ете отырып, әрі құрушысы
мен мойынсұнушылары, әрі ресми құжаттарды негізге алған зерттеушілер
Ахмадия атын қолданған. Мұсылман зерттеушілері болса, құрушысының есімін
алға қоя отырып Қадияния атын қолдануды жөн көрген. Осы себепті Ислам
әлемінде және мазхабтар тарихы зерттеулерінде көбірек Қадияниялық деп
танылған (Фығлалы, 2001, 24, 137).

1. Қадияниліктің құрылуы мен қысқаша тарихы
Империяның ыдырай бастаған ХІХ және ХХ ғасырлар, мұсылмандар үшін
саяси, әскери, экономикалық және қоғамдық тұрғысынан үлкен бір дағдарыспен
әлсіреген кезеңі болатын. Білім және технологияда маңызды жетістіктерге
жеткен Батыс елдері бір жағынан мұсылмандар қанауды, әрі олардың тілдерін,
діндерін және мәдениеттерінен алыстатуды жоспарлады. Қанаушы бұл елдер
қармақтарына алған жерлерде тәуелсіздік пен бостандық атымен көптеген
діндер мен ұлттарды бір-біріне қарсы жаулартырды. Қанаушылықты ең қатаң
түрде жүргізген аймақтардың бірі көп дінді, көптеген тілде сөйлейтін және
көптеген мәдениеттерді шоғырландырған Үндістан мемлекеті болатын.
Мұсылмандар бұл аймақтың ағылшындар тарапынан XVIII ғасырдың екінші
жартысынан бастап жаулап алу жоспарлары кезінде үлкен бір үмітсіздікке тап
болды. Одан алдын өздері мен отандарын сыртқы дұшпандарға қарсы қорғаған
халифалық лауазымының әлсіздігі бұл үмітсіздікті одан сайын үдете түсті.
ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңдерінде көптеген аймақтарды ағылшындар басшылықты
өз қармақтарына алды. Ағылшындардың өз қармағындағы жерлерді отарлау іс-
әрекеттері мен халықты христиан дініне күштеп кіргізу іс-әрекеттері
мұсылмандардың арасында оларға деген дұшпандық пен жек көрушілік сезімінің
оянуына себепші болды. 1857 жылы сипаһилер Делиден бастау алған үлкен бір
көтерілісті жүзеге асырады. Бірақ соңы жеңіліспен аяқталып, ағылшындар
тарапынан қатаң түрде күшпен тоқтатуда. Бұл жеңіліс мұсылмандарды да
үмітсіздікке түсуіне себеп болды. Сонымен қатар аймақтағы мұсылмандар мен
үнділер арасына бір-бірлерімен дұшпандық отын сала бастады.
Үндістан көптеген діндердің орналасқан аймағы болатын. Исламның бұл
жерге келгенінен бастап басқа діндерге әсер етулермен бірге олардың
айтарлықтай өзгеріске ұшырауына себепші болды. Мұнымен бірге мұсылмандар да
олардан әсерленген болатын. XVI ғасырдан бастап аймақта үнді діндері мен
Ислам арасындағы келіспеушіліктер тоқтатылып, ортақ сенімдерге негізделген
тауһиди илаһи немесе діни илаһи есімімен аталған жаңа бір дін құрастыру
жолына кірісті. Хижреттің екінші мың жылында әр түрлі сүнни сопылық
тарихаттарының әсерінен құтқарушы Маһди және жаңалаушы мүжәддид
(реформатор) пікірі жайыла бастады. уахдәт- шуһудшы Шейх Ахмед Шарһиндидің
екінші мың жылдың жаңалаушысы деп жариялауымен бірге, яһуди және христиан
дінінен енген маһдилік пікірі мұсылмандардың сана-сезімдерін жаулап ала
бастады. Нақышпенди тарихатынан болып табылатын Шах Уалиуллаһ ад-Дахлауй
XVIII ғасырдың басында уахдәт вужуд және уахдәт шухуд түсінігін
біріктіруге тырысып, мұның соңыда өзіне шиа арасында маһдиге қатысты
қолданылған заманның имамы (қаюмуз заман) сипатын қолданды. Кейіннен ол,
Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) кейін пайғамбардың келмейтінін, бірақ оның
өкілдерінің болатынын, яғни өздері пайғамбар болмаса да пайғамбарлық
қабілетке ие кісілердің болатындығы жайлы айтты. Бұл тартысулардың соңында
Үндістанда мұсылмандар арасында дәстүршіл әрі ақылға салушы кейбір
әрекеттердің ортаға шығуына себеп болды. Бұл құтқарушы немесе маһдилік
пікірі кейіннен қадияниліктің құрушысына да әсер етумен бірге олда бұл
пікірді қолданды.

2. Миссионерлік пен қадияниліктің қарым-қатынасы
Христиан миссонерлері, мұсылмандардың арасындағы дағдарыс пен ішкі
талас-тартыстарды пайдалан отырып, оларға қарсы іс-әрекеттерін жүзеге асыра
бастады. Ашқан білім ұялары мен насихат жүргізу орталықтары арқылы
мұсылмандар арасында күдік пен бүлік шығару ұрықтарын егу іс-әрекеттерін
арттыра түсті. Барлық бұл саяси, діни және қоғамдық дағдарыстың салдарынан
шарасыздық пен жәбірленушілікке түскен мұсылмандар, Аллаһ тарапынан
жіберілетін өздерін құтқаратын, халықты өз құшағына тарта білетін
басшыларды күте бастады. Мұнымен бірге қиямет пен ақыр заманға байланысты
сөздерді және бұл пікірлерін қолдап қуаттау үшін қолдана бастады. Маһди,
Мүжәддид, Масих және құтқарушыға байланысты риуаяттар мың жыл сенімімен
байланыстыра отырып халық арасында жайыла бастады. Мырза Ғұлам Ахмед 1839
жылы осындай бір ортада Пенжаб облысының Кадиян қалашығында дүниеге келді.
Ол Кадиян қалашығында Құран Кәрім, араб тілі, парсы тілі, логика және
философия ілімдерін алдын. Сиякотта аймақтық сот орнында 1864 -1868 жылдар
арасында басшылық қызметін атқарды. Бірақ кейіннен Кадиянға қайта оралып,
адамдардан оқшау өмір сүрді. Осы кездерде Құран, хадис және тәпсірлермен
бірге өзге діндерді де зерттеп, мақалалар жаза бастады. Қызметтегі кезінде
христиан поптары, үнділер мен мұсылмандардың мәселелерін жақыннан тануы
Мырза Ғұлам Ахмедтің пікір көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізді.
Исламды қорғау және басқа діндерге сын таға отырып Кадиянда жергілікті
газеттерде 1877-1878 жылдарда жазылған мақалалары, үнді және христиандардың
мұсылмандарға қарсы істеп жатқан шабуылдарының жиілеген кезінде жазған
болатын. Бұл мақалалары арқылы мұсылмандар тарапынан үлкен ықыласқа ие
болды. Өйткені мұсылман қауымы 1857 жылғы жеңіліспен аяқталған
көтерілістерінің кейін өздеріне жәбір көрсетіп, зорлық-зомбылық жасаған
ағылшындардан өш алатын уәде етілген Масих және келуі күтілген Маһди
пікіріне үміт ете бастаған еді. Мырза Ғұлам Ахмед, өзін халыққа таныту
мақсатында 50 томдық кітап жазуды жоспарлады. Бірақ бұл кітаптарының 5
томын ғана шығара алды. Бераһини Ахмадия атымен аталған кітаптарының
алғашқы томын үнді және христиан діндерін сынға алған тақырыптарға орын
бере отырып, бұл шығарманың алғашқы екі томын 1880 жылы баспадан шығарды.
Бұл бөлімде Ислам дінінің ақиқат дін екендігін илһам, керемет және көріп-
келдік жолдарымен дәледеуге тырысты. 1984 жылы соңғы 2 томы жарыққа шықты.
Кітаптың 3-ші және 4-ші томдарында уахидің тоқтамағандығын, Хазіреті
Пайғамбарға (с.а.у.) бар болмысымен мойынсұнған әр қандайда бір кісінің
ашық және жасырын болған білімдермен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Бұл
пікірлермен қоса аталмыш кітабында ағылшындарға қарсы жиһадтың дұрыс емес
екендігін және ағылшын үкіметін мақтап-мадақтап, оларға мойынсұну керек
екендігін білдіретін бөлімдер жазылды (Фығлалы, 2001, 24, 137).
Бұл пікірлердің нәтижесінде қадиянилердің ортаға шығуынан бастап осы
күнімізге дейін ағылшындардың қол-қабысын алғандығы және кейбір жазушылар
бұл кісі жайлы Ислам әлемінде ағылшын империализмінің қолдаушысы деп сын
таққан (Қараңыз: Заһир И.И. 1985. Ислам әлемінде ағылшын империализмі
Қадиянилік, аударған Ариф Айтекин, Стамбул).
Мырза Ғұлам Ахмед белгілі бір жоспар бойынша әуелі мүжәддидтік, кейін
Мәһди мен Масих және ең соңында пайғамбар екендігі жайлы айтты. Хижри жыл
санағы бойынша XIV ғасырдың мүжәддиді ретінде Исламды жаңалау үшін
жіберілгендігін 1880 жылы жариялады. Үш жылдан кейін Аллаһтан әмір алғанын
айта отырып, өз атына беят алуды қолға алып, жаңа бір жамағат құра бастады.
Беяттың шарттары 10 тараудан тұратын еді. Бұл тараулар шірктен және әр
түрлі үлкен күнәлардан ұзақ болу, тахажуд намаздарымен қоса басқа
намаздарды ақсатпастан оқу, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу,
кел келген жағдай Аллаһ Тағаланың тура жолынан таймау, Құрандағы
көрсетілген жолмен жүру Исламға деген ұстанымды барлық нәседен жоғары
ұстау, дінді дүниеден үстін ұстау және қандай да бір қиыншылық жағдайда
болсын Мырза Ғұлам Ахмедке сене отырып, оған өле-өлгенге дейін мойынсұну
деп жазылған болатын (Фығлалы, 1994, 48-49).
Мырза Ғұлам Ахмед екінші сатыда мүжәддиддікпен де қанағаттанбай
қадияниліктің пікірлерінің бірін толықтырушы болып табылатын яғни өзіне
қатысты пікірлерді одан әрі кеңейте отырып 1891 жылы Масих және Маһдимін
деп жариялады. Бұл көзқарасы бойынша Хазіреті Иса дар ағашына келгенде
өлмегендігін айта отырып, үңгір сияқты мазарында өз-өзіне келіп, Мархәм
Иса (Исаның дәрісі) атты дәрімен жазылып, Інжілді үйрету үшін Кашмирге
келгендігін айтты. Осы жерде 120 жасында қайтыс болған Хазіреті Иса,
Шринагарда жерленді. Осы себептен қияметтен бұрын келетін Масих, Хазіреті
Иса емес Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінен, оған жаратылысы жағынан
ұқсайтын тұлға болады. Мұсылмандар да күтетін Маһдиіде, басқа бір адам
болмайтындығы, Масихпен дәлме-дәл ұқсас адам болады деді. Бұл кісі де Мырза
Ғұлам Ахмедтен басқа емес деді. Масих және Маһди болған Мырза Ғұлам Ахмед,
әрі Хазіреті Исаның, әрі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) рухани күшін өз бойына
сіңірген деген пікірін айтты. Сондықтан бейбітшіл, жиһадты қылышпен,
насихат арқылы Исламды жаяды деді (Фығлалы, 1994, 52-53; 2001, 24, 137).

3. Қадиянилікте пайғамбарлық көзқарастары
Мырза Ғұлам Ахмед үшінші сатыда 1902 жылы пікіріне жаңа бір пікір
қоса отырып Аллаһтың көлеңкесі және пайда бола бастау тәрізіндегі бір
пайғамбар болғандығын айтты. Бірақ бұл жаңа және шариғат алып
келмегендігіне байланысты пайғамбардың рухани лебізінен нәр алған деген
астарлы мағынадағы пайғамбарлық болатын. Бірнеше жылдардан кейін Мырза
Ғұлам Ахмед, бұл сипатына кришна сипатын қоса отырып үнділердің кришнасы
өзі екендігінде айтты. Мырза Ғұлам Ахмедтің 1908 жылы кенеттен келген
өлімінен кейін бұл топтың басына сайлаумен Масихтің бірінші халифасы
сипатымен Хәкім Нуриддин тағайындалды. Оның заманында кейбір пікір
айырмашылықтар болғанымен, мазхаб арасында бөлінушілік болмады. Хәкім
Нуриддиннің 1914 жылңы өлместен бұрын орнына Мырза Ғұлам Ахмедтің ұлы Мырза
Башируддин Махмуд Ахмедті лайық деп білді. Бірақ Мәуләнә Мұхаммед және
достары бұған қарсы отырып, мазхабқа байланысты жұмыстардың бастаруын Мырза
Ғұлам Ахмед тарапынан құрылған Садр ән-Жумәни Ахмадиге берілуі керек
екендігін айтты. Олардың бұл талаптарына мән берілместен Масихтің екінші
халифасы лауазымымен Мырза Ғұлам Ахмедтің ұлы Мырза Башируддин Махмуд
Ахмед (1889-1965) халифа сайланды. Осыған байланысты Қадиянилер лахорлық
және қадияндық болып екіге бөлінді.

Ахмадия жамағатының көзқарастары
Ахмадиліктің көзқарастары Мырза Ғұлам Ахмедтің мүжәддидтық, масихтық,
маһдилік және пайғамбарлық пікірлері айналасында жинақталған. Оларда
тікелей сенім және ақида тақырыбы жайлы еш тоқталып өтпестен, тек қиямет
және ақыр заман риуаяттарында орын алған сенім тақырыбына кірмейтін
мәселелермен байланысты. Бұл әрекеттің сеніммен байланыстырылған және
таластарға себеп болған жерлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және діни экстремизм
«Ахмадия» немесе «Қадияния» діни ағымы (Пәтуалар)
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Ұлы жібек жолы жайында
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде
Пәндер