Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы



1. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы.
2. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – мұғалімнің оқу – тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін, әрекеттер құрылымы. Құрылымдар: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет құралы.
Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс – әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс – әрекет тәсілдері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс – әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс – әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым – қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырьшған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс -әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондъгқтан педагогикалық ықпал ету кдлыптасу барысыңдағы тұлғаның ортамен ( тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын — ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс – әрекет барысында қалыптасады , іс – әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс – әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс – әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.
Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
- қаңдайда болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп
жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген
педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.)
жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі
құралдарының қарым – қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б
объективтік алғы шарттарын көруге болады;
- кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану
мақсатымен міңдеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың
барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші,
негізгі, өзекті іс – әрекетті анықтауды талап етеді;
1. Педагогика. Қоянбаева Р. 2006
2. Педагогика. Дәріс курсы, Алматы, 2003.
3. Қазіргі заманға сабақ. Садықова А.
4. Аймағамбетова Б., Бозжанова Қ. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Тарих -педагогика факультеті

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

С Ө Ж

Тақырыбы: Балақашадағы ұйымдастырылған іс-әрекетте қолданылатын әліс-
тәсілдер.

Қабылдаған: магистр-оқытушы Сейтқұлова Ж.

Орындаған: Бабаева Г
Тобы: СМД-311 дж

Түркістан – 2013

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Тарих -педагогика факультеті

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

С Ө Ж

Тақырыбы: Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы.

Қабылдаған: магистр-оқытушы: Шынпейіс Г

Орындаған: Бабаева Г
Тобы: СМД-311 дж

Түркістан – 2013

Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы.

1. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы.
2. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – мұғалімнің оқу – тәрбие істерін
нәтижеге жеткізетін, әрекеттер құрылымы. Құрылымдар: іс-әрекет мақсаты, іс-
әрекет субъектісі, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет құралы.
Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-
әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс – әрекетті айқындау
(затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс – әрекет тәсілдері арқылы
жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс – әрекет тәсілдерін меңгеру сол
индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық
міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен
бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс – әрекеттердің түрлері
жүйелі кіреді: қарым – қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене,
өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін
қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырьшған іс-әрекет олардың
творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз
жетті. Әдеттегі іс -әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның
белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондъгқтан педагогикалық ықпал ету
кдлыптасу барысыңдағы тұлғаның ортамен ( тек әлеуметтік қана емес, сонымен
қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын — ала қойылған мақсатқа
байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс – әрекет барысында қалыптасады ,
іс – әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас
ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс – әрекет түрлері маңызды болып қалмайды,
іс – әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.
Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
- қаңдайда болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп
жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген
педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.)
жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі
құралдарының қарым – қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б
объективтік алғы шарттарын көруге болады;
- кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану
мақсатымен міңдеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың
барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші,
негізгі, өзекті іс – әрекетті анықтауды талап етеді;
Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық
мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол
оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық
бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық
процестегі нақтылы жұмыстын формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін
ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз
болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы
егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны
және іс -әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.

3. Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің объектісі.
Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда
білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық
объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін
емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы
білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс
– әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті
-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады’
Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі,
тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім сананың біртұтастық
объектісі болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс –
әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей
қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет
мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол оқу-әдістемелік
құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін
емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні
теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің
әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес
болмайды.
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның
қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс –
әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ,
негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті
оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді.
Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С.
Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің
нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі
арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу)
процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді,
мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық
процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі
бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас
педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін
емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға
бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас
педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.
Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару
шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі
дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық
процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық
материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты
жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың
табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
4. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп
көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко
,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан
дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық
шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда
педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін
мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы
мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің
төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес
әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек
көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б
жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат
табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге
кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын
түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған
нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан
қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай
болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал
кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту
нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің
педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге
қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы,
сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл
мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын,
білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық
бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы
белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның
кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу
кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген
кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби
құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің,
зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық
бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-
әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі
кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім –
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-
мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара
алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын,
компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл
тұлғаны талап етеді.
5. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі.
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық
ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады.
Педагогикалық әдеп –
мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір
тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық
әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге
болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады,
өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп
келген психологиялық әдеп.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;
мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;
Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек;
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы
қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалім-
дер арасында басталып, өзінің заңды жал-ғасын сыныптарда табуы тиіс.
Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің
тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық
педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның
қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);
Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті
тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі).
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші).
Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы
психологиялық кедергі).
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке
сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем
дайындалмау керек)
Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр
болмайды).
Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-
әділ) баға.
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс
қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана
жайдары, қайратты және көңілі
көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен
оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).
Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі
дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған
шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ,
бірқатар артистік қимыл қозғалыс-
тар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс).
Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп
бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның
көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы,
үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі.

Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында психологиялық
шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік байқалуда. Өйткені қоғамдық
тәжірибе шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие
болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойларды осы проблемаға назар
аударуына мәжбүр етті.
Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен
креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу.
Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық
деген мағынаны береді.
Шығармашылық психиканың даму механизмі мен негізі ретінде
қарастырылады (Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов
және т.б.). Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырылады (Н.Г.
Алексеев, С.М. Бернштейн, В.С. Библер, В.Н. Пушкин, О.К. Тихомиров, Э.Г.
Юдин және т.б.).
Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған
бағытты зерттеуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық құзырлық түсінігі
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика ғылымының қызметтері
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Педагогикалық іс - әрекет
Пәндер