Алабота тұқымдастар



1 Ақ алабота
2 Сексеуіл
3 Қызылша
4 Шпинат
5 Бұйырғын
6 Апиын
Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағаншажапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.
Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады. Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда кең таралған. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi. Алаботалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Қос жынысты гүлдердiң 5 аталығы тостағанша жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Ақ алабота
2 Сексеуіл
3 Қызылша
4 Шпинат
5 Бұйырғын
6 Апиын

Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған
өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді.
Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке
айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл
немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы
тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты,
күлтесіз болып келеді. Тостағаншажапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу
болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас
тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға
қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар
жатады.
Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады.
Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен
субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда
кең таралған. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және
Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi.
Алаботалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара
жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс
гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша
жапырақшадан тұрады. Қос жынысты гүлдердiң 5 аталығы тостағанша
жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс
жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл. Алаботалар тұқымдасының
өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн
өсiмдiктер. Жартылай бұталары, бұталары, аздап ағаштары да кездеседi.

Зайсандық сексеуіл.
Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас
өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын
сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі.
Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған.
Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қы зылқұмда сексеуілден отын
дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер
отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан,
сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп
тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3
түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара
сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендері нің төменгі ағыстарының аңғарларында
тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта
өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері
қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын
сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің
құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды.
Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте
көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі
қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға
батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас
бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен,
жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты
- бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.
Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша
түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан
айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі.
Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі Ол 30-60 жыл
тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға
пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп
алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм
бекітуге пайдаланылады.

Ақ сексеуіл (Haloxylon persіcum) – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл
туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақ тарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік
тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете
береді. Діңінің жуандығы 20 – 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-
жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан
жетіледі. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді.
Жемісі – қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен
кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін
қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл
кітабына енгізілген. [1][2] [3]
Сексеуiл — ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға
жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi:ақ сексеуiл, қара
сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48
пайызын алып жатыр.

Ерекшеліктері

▪ Ақ сексеуiл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк.
Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм.
Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-
арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас
бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл
жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен.
Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған
жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң
азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
▪ Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi
көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi.
Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз
ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды,
сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге
бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын
түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар
мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән
ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де
тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға
келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар.
Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш
қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда
адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет
шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн
сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн
тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер
қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне
өте қолайлы.

Қара сексеуіл [1](Haloxylon aphyllum) – сексеуіл туысына жататын бұта.
▪ Шөлді аймақтардағы құмды, сортаңды жерлерде, тақырда өседі.
▪ Биіктігі 4 – 9 кейде 12 м-дей. Діңі тырбиған, қисық әрі жуан (диам. 20
– 40 см), көп бұтақты болып біткен.
▪ Қабығы қар сұр түсті.
▪ Бір жылдық шөптесін өркендері көгілдір не көк түсті, жыл сайын үзіліп
түсіп қалады.
▪ Жапырағы ұсақ қабыршаққа ұқсайды.
▪ Гүлі майда, бір-бірден орналасқан.
▪ Сәуір – маусымда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді.
▪ Жемісі – қанатты жаңғақшауылы 50 – 70, кейде 100 жылдай жасайды.
▪ Сүрегі тығыз, ауыр, суға салсаң батып кетеді. Қызуы мол отын.
▪ Қара сексеуілді түйе (жыл бойы) мен қой (күзде және қыста) жақсы жейді

Селдіреген сексеуіл

Алабота туысы (марь - Chenopodium).
Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар
жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi қосжынысты,
топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүл серiгi
қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының да саны 5, аналығы
2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де болады. Алабота гүлiнiң
формуласын былай жазуға болады: * ♀ ♂ ГС·5 А5 Ж(2)
Аса кең тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабота (марь белая – Chenopodium
album). Ол бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау – ромба тәрiздi, шетiнде
ойыстау тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ
ұнтақ тұтып тұрады. Ақ алабота жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән
байлайды. Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың
бiразы мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi.
Келесi жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабота қаптап өседi.
Осылайша егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабота топырақтан тамырлары арқылы
азот, калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде
топырақ құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң
едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабота зиянкес
насекомдардың мекендейтiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтарының топтары
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Оомициттер - Oomycetes класының өкілі
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жеміс дақылдарының зиянкестері
Пәндер