HP инфекциясымен шақырылған асқазан секреторлық қызметі қалыпты созылмалы гастрит


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

HP инфекциясымен шақырылған асқазан секреторлық қызметі қалыпты созылмалы гастрит

Төлқұжат бөлімі

Шағымдары

Қыжылдау, қышқылмен кекіру, эпигастральді аймақта сыздаған ауру сезімі, іштің қатуы, құсу.

ANAMNESIS MORBI ( Аурудың даму тарихы )

Өзін аурумын деп 2 жылдан бері сезінеді, сол кезден бері қыжылдау, қышқылмен кекіру, аурусезімі мазалйды. 3апта бұрын тұмаумен ауырып, көп мөлшерде антибиотик қабылдаған. Тамақтану режимі бұзылғаннан ауру сезімі күшейген. Участкелік дәрігердің жолдауымен №1 ҚКА жолданған.

ANAMNESIS VITAE ( Өмір тарихы )

1965 жылы жанұяда 5-ші жүктіліктен туған бала. Өз қатарынан қалмай, жасына сәйкес дамып-жетілген. Уақытымен, әр түрлі тағамдармен тамақтанады. Мектепті бітіргеннен кейін, орташа арнайы мамандықты білім алады. Тұрмыста, 4 баласы бар, олардың денсаулығы жақсы. 9 жылдан бері маршруттық автобуста кондуктор болып жұмыс істейді, жылдың салқын мезгілдерінде жиі ауырады екен, ауруханаға қаралған емес. Зиянды әдеттері: 12 жасынан шылым шегеді, ішімдікті мейрамдарда ішеді. Қант диабетімен ауырады. Сары ауру, мерез, безгек, сүзек және туберкулезбен ауырмаған. Аллергиялық анамнезі жоқ. 6 ай бұрын апенэктомия жасалған. Соңғы алты айда тіс дәрігерінде емделмеген, қан құйылмаған, қала сыртына шықпаған, жұқпалы аурулары бар кісілермен қатынаста болған-болмағанын білмейді. Туыстарында және өзінде психикалық, жүйке аурулары, тұқым қуалайтын аурулар жоқ.

STATUS PRAESENS OBJECTIVUS

Жалпы жағдайы : орташа

Ақыл-есі : анық

Төсектегі жағдайы : қанағаттанарлық

Бет әлпеті : қалыпты.

Дене бітімі : гиперстеникалық алыпты

Дене қызуы : 37 ºС

Терісі : құрғақ, серпімді

Кілегей қабаты : көздің кілегей қабаты бозғылт-қызғыл реңді ылғалды, таза.

Тері асты шел қабаты : біркелкі таралған, айқын дамыған, көзге көрінетін ісінулер жоқ.

Лимфалық жүйесі :

  • Жақ асты: бірлі-жарымы пальпацияланады, жұмсақ, серпімді, қозғалмалы, ауырмайды, бұршақ тәрізді.
  • Мойын - пальпацияланбайды
  • Бұғана астылық - пальпацияланбайды
  • Қолтық асты - пальпацияланбайды
  • Шынтақ - пальпацияланбайды
  • Шап - пальпацияланбайды

Бұлшық ет жүйесі : бұлшық ет қабаты жақсы дамыған, жиырылуы қанағаттанарлық, пальпация жасағанда ауырсынады, күші азайған.

Сүйек жүйесі : сымбатты. Буындардың үйлесімі, қозғалысы толық сақталған, ауырсыну сезімі жоқ. Туа біткен ақаулары жоқ.

Басы: аномалиялық даму өзгерісі жоқ. Бас сүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған, пальпация жасағанда ауру сезімі анықталмайды.

Мойын: мойын пішіні өзгеріссіз, қалқанша без үлкеймеген, кеңейген қан тамырлары мен көрініп тұрған пульсациялар жоқ.

Тыныс жүйесі

Мұрынның пішіні : өзгермеген, тыныс алуы қиындаған.

Кеуде пішіні: цилиндр тәрізді, дұрыс. Эпигастральды бұрыш 90º жоғары. Бұғана мен жауырынның орналасуы бір деңгейде. Жауырын кеуде қуысына тығыз жанасады.

Шеңбері: тыныштықта 105 см; кеуде экскурсиясы- 1 см. Тыныс алу мен шығару қатынасы 1/2.

Көмекші бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы: қатыспайды.

Тыныс алу түрі : аралас, тынысы ырғақты, беткейлі. Тыныс алу жиілігі-минутына 20 рет .

Кеудені сипап тексергенде: ауру сезімі жоқ.

Дауыс дірілі: - өзгермеген

Перкуссиясы: салыстырмалы: дыбыс барлық аймағында бірдей.

Топографиялық: өепе ұштарының биіктігі.

:
Сол жақта: Сол жақта
Оң жақта: Оң жақта
: Алдынан
Сол жақта: Бұғана үстінен 4 см
: Артынан
Сол жақта: 7-ші мойын омырқаның өсіндісі деңгейінде

Кренинг алаңының ені сол және оң жақта-5см.

Оң өкпенің төменгі шекаралары:

Төс маңы сызық бойымен: Төс маңы сызық бойымен
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры: 6-шы қабырғаның жоғарғы қыры
Төс маңы сызық бойымен: Бұғана ортаңғы сызығы бойымен
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры: 6-шы қабырғаның төменгі қыры
Төс маңы сызық бойымен: Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры: 6-шы қабырға аралық
Төс маңы сызық бойымен: Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры: 7-ші қабырға
Төс маңы сызық бойымен: Артқы қолтық асты сызығы бойымен
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры: 8 қабырға
Төс маңы сызық бойымен:

Жауырын сызығы бойымен

Жота маңы сызығы бойымен

6-шы қабырғаның жоғарғы қыры:

9 қабырға

10 кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі

Сол өкпенің төменгі шекаралары:

Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен: Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен
6 қабырға аралық: 6 қабырға аралық
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен: Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен
6 қабырға аралық: 7 қабырға
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен: Артқы қолтық асты сызығы бойымен
6 қабырға аралық: 8 қабырға
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен: Жауырын сызығы бойымен
6 қабырға аралық: 9 қабырға
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен: Жота маңы сызығы бойымен
6 қабырға аралық: 10 кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі

Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен:

Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Тыныс алғанда
3см
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Тыныс шығарғанда
3см
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Сол өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Тыныс алғанда
3см
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы: Тыныс шығарғанда
3см

Аускультациясында - өзгеріссіз, шуылдар жоқ. .

Жүрек қан-тамыр жүйесі

Жүрек аймағын қарау және пальпация жасап тексеру . Жүрек аймағында дөңестік жоқ. Жүрек ұшының түрткісі пальпация жасағанда анықталмайды. Оң қарыншаның соққысы анықталмайды. Жүрек аймағында діріл байқалмайды.

Жүрек перкуссиясы : Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары: сол-сол бұғана ортаңғы сызығы бойымен 5-қабырға аралықта, оң - 4-қабырға аралықта төстің оң қырынан 1, 5см сыртқа, жоғарғы - 3-қабырға деңгейіде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында)

Абсолюттік тұйықтығының шекаралары: оң-төстің сол қыры, сол -салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан2, 5 см ішке қарай, жоғарғы 4-қабырға деңгейінде орналасқан. Қан тамырлар шоғырының ені 2-қабырға аралықта төс сүйегі қырында, ені-6 см. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының өлденең мөлшері-14см. Жүрек пішіні қалыпты.

Жүрек аускультациясы : Тондардың жалпы сипаттамасы-анық, ырғақты, І тон жүрек ұшында, ұйқы артерияларының соғуына сәйкес; ұзақ үзілістен кейін естіледі; ІІ тонға қарағанда дауысты, ұзақтау және төмендеу. ІІ тон өкпе бағанасында І тоннан дауысты, кіші үзілістен кейін естіледі. Жүрек ұшында-қысқа, нәзік тұрақсыз систоликалық шуыл. Тондардың ажырауы және митральды қақпақшаның қосымша ашылу дыбысы естілмейді. Шоқырақ ырғағы жоқ. ҚҚ 120/90 мм с. б.

Шыбық артериялары пульсі : екі қолда бірдей, ырғақты, жиілігі 1мин-78. Пульс жетіспеушілігі анықталмайды. Кернеулігі қалыпты; толықтығы-қанағаттанарлық; пішіні-қалыпты; қан-тамыр қабырғасы-серпімді.

Асқорыту жүйесі

Ауыз қуысы: ұрттың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайлық доғашықтардың шырышты қабаты бозғылт қызыл, ылғалды, таза. Бадамшалар таңдайлық доғалықтар артында, үлкеймеген. Қызыл иек өзгеріссіз. Тіл көлемі қалыпты, қалыпты түстес, тегістелген.

Құрсақты қарағанда: іші үлкеймеген, тыныс алуға қатысады, кіндік тартыңқы емес.

Құрсақ пальпациясы : беткейлік пальпация кезінде: эпигастралды аймақта ауырсыну сезімі анықталмайды.

Терең пальпациясы: сигма тәріздес ішек - сол мықын аймағында, цилиндр тәріздес, серпімділігі сақталған, беті-тегіс, ені-1, 5 см, қозғалысты, шұрылдамайды, ауру сезімінсіз.

Бауыр . Перкуссиясы. Курлов бойынша өлшемі:оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша 20 см; алдыңғы орта сызығы бойынша 15 см, сол қабырға доғасы бойынша 11 см. Пальпациясы: бауыр қабырға доғасымен орналасқан. Бауыр қыры доғал, жұмсақ, консистенциясы қалыпты.

Көк бауыр. Перкуссиясы. Көлденең ені 12 см; ұзындығы 28 см, Пальпациясы: көк бауыр қыры анықталмайды.

Несеп бөлу жүйесі

Зәр шығару бұзылыссыз. Бел аймағында көзге көрінетін өзгерістер жоқ. Бүйректер пальпация әдісімен анықталмайды. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс. Қасаға сүйегі үстінде қуық анықталмайды.

Нерв жүйесі және психикалық жағдайы

Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгіштігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Ромберг кейпінде тұрақты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты.

Науқасты тексеру жоспары:

1. Жалпы қан анализі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Диеталық тамақтанудың жіктелуі
Ем – дәмдік тамақтану
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Ас қорыту мүшелерінің аурулары
Бұзаудың гастроэнтерит ауруы
Асқазанның кілегей қабығының қабынуы
Асқазан жарасының асқынулары
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz