Бензин өндіру процесінің қазіргі экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары



Кіріспе
1. Бензин өндірісі
1.1 Бензинге қойылатын негізгі талаптар
1.2 Автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптар
2. Қазақстандағы бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайы
2.1 Бензиннің экологиялық ортаға тигізетін әсері
2.2 Қазақстанның бензин өдіру процесінің қазіргі экологиялық жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосуменен анықталады. Қазіргі адамдардың өмірін энергиясыз, жарықсыз, жылусыз, теледидарсыз, қазіргі тұрмысқа қажетті техникасыз соның ішінде жол көлігінсіз ойға алу қиын.
Мұнай және газ теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдері жәй тұрмысқа да және мемлекетті қорғауға да қажет
Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, үй қызметінде, энергетикада және т.б қолданылады.
Қазіргі кезге дейін мұнайды пайдалану энергиялық және көліктік бағыт негізгі және басым болып отыр, былайша айтқанда оны энергетикада және көлікте қозғалтқыш ретінде отын ретінде (автобензин, реактив, дизель және қазан отыны).
Бұл жағдайда мұнайдың басқа жанғыш қазбалардың арасында арзандылығымен, жоғары каллориялығымен, ыңғайлығымен, тазалығымен және жоғары концентрация энергия қоры болумен және іс жүзінде қозғалтқыштар отынын өндіруінде жалғыз көз екендігімен түсіндіріледі.
Осы жұмыстың мақсаты бензин өндіру процесінің қазіргі экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары туралы мәлімет беру.
Осы мақсатқа жеті үшін келесі міндеттер қойылды
- бензинге қойылатын негізгі талаптар туралы жазы;
- автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптарды сипаттау;
- Қазақстандағы бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайды талдау;
- бензиннің экологиялық ортаға тигізетін әсері туралы айту;
- Қазақстанның бензин өндіру процесінің қазіргі экологиялық мәселелері және оның шешу жолдарың көрсету.
1. Атырау энциклопедиясы. Алматы, Атамұра – 2013, 19-бет
2. Асқарова Ұ. Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы 2012ж.
3. Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана природы.- М., 2012.
4. Гирусев Э.В., Бобылев С.Н. Экология и экономика природопользования.- М., 2012.
5. Данилов А.Д., Королев И.Л. Атмосферный озон - сенсации и реальность. - Л., 1991.
6. М. Д. Диаров. «Экология и нефтегазовый комплекс» Том – 1. Алматы – 2013, с-387.
7. Г. М. Нұрсұлтанов, К. Н. Абайұлданов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу», Алматы «Өлке» 2014, 375-бет.
8. Саданов А.Қ., Əбжəлелов А.Б., Асқарова Ұ.Б. Экология.- Алматы, 2013.
9. Шаушенова А.Г. «Өнеркәсіпті аудандарда антропогендік көздер арқылы ластайтын заттардың ауада таралуы», «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2013ж. №3(35), 197б.
10. Омаралиев Т. Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы 2 бөлім
11. Х.А. Суербаев, К.М. Шалмағамбетова, Ә.Қ. Қоқанбаев. Мұнайөңдеу өнеркәсібінің каталитикалық процестері. – Алматы, 2004 ж. – 131 б.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Бензин өндірісі 4
1.1Бензинге қойылатын  негізгі талаптар 4
1.2Автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптар 7
2. Қазақстандағы бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайы
9
2.1Бензиннің экологиялық ортаға тигізетін  әсері 9
2.2Қазақстанның бензин өдіру процесінің қазіргі экологиялық
жағдайы 17
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын
энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосуменен
анықталады. Қазіргі адамдардың өмірін энергиясыз, жарықсыз, жылусыз,
теледидарсыз, қазіргі тұрмысқа қажетті техникасыз соның ішінде жол
көлігінсіз ойға алу қиын.
Мұнай  және  газ теңдесі жоқ  өте  құнды  пайдалы қазба.  Оларды 
өңдеуден шыққан өнімдері жәй тұрмыс қа да және мемлекетті қорғауға да қ ажет
Олар өндірістің  барлық саласында, көліктің барлық  түрлерінде,
соғыс және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, үй қызметінде,
энергетикада және т.б қолданылады.
Қазіргі кезге дейін мұнайды пайдала ну энергиялық және көліктік бағыт
негізгі және басым  болып отыр, былайша айтқанда  оны энергетикада 
және көлікте қозғалтқыш ретінде отын ретінде (автобензин, реактив, дизель
және қазан отыны).
Бұл жағдайда мұнайдың басқа  жанғыш қазбалардың арасында
арзандылығымен, жоғары каллориялығымен, ыңғайлығымен, тазалығымен және
жоғары концентрация энергия қоры болумен  және іс жүзінде қозғалтқыштар
отынын өндіруінде жалғыз көз екендігімен түсіндіріледі.
Осы жұмыстың мақсаты бензин өндіру процесінің қазіргі 
экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары туралы мәлімет беру.
Осы мақсатқа жеті үшін келесі міндеттер қойылды
- бензинге қойылатын  негізгі талаптар туралы жазы;
- автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптарды сипаттау;
- Қазақстандағы  бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайды талдау;
- бензиннің экологиялық ортаға тигізетін  әсері туралы айту;
- Қазақстанның  бензин өндіру процесінің қазіргі 
экологиялық мәселелері және оның шешу жолдарың көрсету.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Бензин өндірісі

1.1 Бензинге қойылатын  негізгі талаптар 

Мұнайдың әртүрлі отындар өндірі үшін шикізат ретінде бірнеше
артықшылықтары бар. Соның ішінде жоғары калориялығы, оның алыну, өндіру
және тасымалдау әдістерінің қарапайымдылығын көрсетуге болады.
Бензиннің құрамына 5 тен 15 ке  дейін  көміртек  атомдары  бар  сұйық
 көмірсутектер  кіреді.
Отындардың құрамында алкан көмірсут ектердің мөлшері көп болған сайын,  т
ұрақтылығы жоғарылайды.
Жоғарысапалы автомобильдік бензиндердің құрамында изопарафиндердің көп
болғаны тиімді, өйткені олар өте жоғары температурада оттектің әсеріне
тұрақты.
 Нафтен көмірсутектері парафинді кө мірсутектектермен салыстырғанда жан ғ
ан кезде жылуды  аз бөледі және жоғары детонациондық  тұрақтылығы бар,яғни
отындар үшін қажетті компонент болып табылады.
 Ароматты көмірсутектерде өзінің жо ғары термиялық тұрақтылығымен
отындар үшін қажетті компонент болы птабылады. Өзінің  күйе  түзу
 қабілетілігімен бензин құрамындағы  ароматты  көмірсутектердің мөлшері
40...45% болу қажет.
Мұнайдың химиялық құрамына байланыс ты отындар алудың екі түрі
 қолданылуы  мүмкін. Бірінші жағдайда t  40-тан 150оС-қа дейін интервалда
авиациондық бензиндер және 150-тан 300оС керосин алынады. Екінші жағдайда t
40-тан 200оС-қа дейін интервалда автомобильдік бензиндер және 200-тан 350оС-
қа дейін интервалда дизельдік отындар алады. Айдалған отындық фракциядан
кейін крекинг - бензиндер мен майлар алу үшін қолданылады.
Қайнау температурасы  400С тан көмірсутектерді (ілеспе газдарды)
кейбір бензиндерге қоспа ретінде қолданылады. Мұнайды тікелей айдағаннан
кейін алынған өнімдерге келесі дистилляттар жатады: бензин (40...200 0С);
лигроин (110...2300С); керосин (140...3000С); газоиль (230...3300С) және
соляр (280...3500С).
Бензиндік фракциялардың  орташа шығымын қолданыла отырған 
мұнайдың қасиетіне байланысты 15-тен  25%-ке дейін алуға болады.
Мұнай өңдеуде крекинг процестерін қ олданған кезде бензиндік фракциялар д
ың шығымын  жоғарылатуға болады.
Крекинг - бұл жоғары температура мен қысым жағдайында күрделі
сутектердің ыдырауына негізделген мұнай және оның фракцияларды өңдеу
процесі.
Алғашқы рет крекингті  1875 жылы  орыс оқымыстысы Летниш 
А.А. ойлап тапты,ал 1891 жылы Шухов В.Г. жасап шығарады, бірақта бірінші
өндірістік қондырғы АҚШ-та салынады.
Крекинг келесі түрлері бар: термиялық, каталитикалық, сонымен  қатар
 гидрокрекинг және каталитикалық  риформинг. 
Термиялық крекингті мазут,керосин ж әне дизельдік отыннан бензин алу 
үшін қолданылады.
Мысалы: керосин мен дизельдік отынның құрамына кіретін цетан
көмірсутегін 5 мПа қысым астында 500...550 0С-ге дейін қыздыру кезінде
бензиннің құрамына кіретін сәйкесінше нормальды октан және қалыпты октенге
қалыпты ыдырайды:
 
                                          С16Н43 500-550 0с  С8Н18
+С8Н16

Термиялық крекинг әдісімен алынған  бензиннің  октан саны (66...74)
және қанықпаған  көмірсутектердің мөлшері көп (30...40%), яғни оның
химиялық тұрақтылығы нашар және оны тек тауарлы бензиндерді алу кезінде
компонент ретінде қолданылады.
Каталитикалық процесс жоғары темпер атура мен катализатордың әсерінен к ө
мірсутектердің ыдыраумен олардың құ рылымдық өзгеруіне негізделген бензинді
алу процесі болып табылады.
Каталитикалық крекингті зауыттық қондырғыда ең бірінші рет 1919 жылы
Зелинский Ресейде жүргізді. Каталитикалық  крекинг  кезінде шикізат
 ретінде мұнайды тікелей айдау кезі нде алынған газоильдік және соляр ф ракция
ларын қолданады.
Шикізаттың молекулаларын ыдырау про цесін жылдамдататын алюмосиликатты
катализатор қатысында 0,15мПа қысым астында және 450...525 0С температураға
дейін қыздырып, ыдырау өнімдерін изопарафинді және ароматты көмірсутектерге
айналдырады. Бұл кезде олефиндердің мөлшері 9...10%-ке дейін төмендейді,
алынатын бензиннің октан саны (моторлық әдіс бойынша өлшенген)78...85-ке
тең болады.
Каталитикалық крекингтің  өнімі А-72 және А-76 маркалы бензиндер 
өндірісінде қасиетті компонент  болып табылады.
Гидрокрекинг- крекингтеу және гидрлеуді (газоильдер,мұнай қалдықтары
және басқалары) қосатын,мұнай өнімдердің өңдеу процесі. Бұл процесс
алюмокобальтмолибденді немесе алюмоникельмолибденді катализатор қатысында
370...450 0С температура кезінде 15...20мПа сутегі қысым астында
жүргізіледі.
Гидрокрекингтің нәтижесінде алынған бензиннің октан саны - 85...88
(зерттеу әдісі бойынша өлшенген) тең.
Каталитикалық  риформинг  үшін  шикізат  ретінде 85...1800С
температурада қайнайтын мұнайдың біріншілік айдаудағы бензиндік
фракцияларды пайдаланады.
Риформингті сутек  құрайтын газ (70...90%сутек) ортасында молибден
немесе платина катализаторы қатысында 480...540 0С температурамен 2...4мПа
қысым астында жүргізіледі.
 Риформингте молибден катализаторын  қолданғанда гидроформинг, ал 
платина қолданғанда - платформинг  деп аталады. Соңғысы қарапайым және
қауіпсіз болып келеді. Сондықтан соңғы уақытта жиі қолданылады.
Каталитикалық риформингті автомобильдік бензиндердің (моторлық әдісі
бойынша өлшенгені - 85ке және зерттеу әдісі бойынша-95-ке тең) жоғары
октанды компонентін алу үшін қолданады. Яғни бензин дегеніміз ұшқындап
оталатын поршеньді қозғалтқыштарда пайдалану үшін  сұйық  мұнай 
жанармайы.
Бұл бензин өндіру әдістерінің  барлығы  белгіленген нормативтік 
құжаттар арқылы өндіріледі  және сапасы жағынан  мемлекет бекіткен
техникалық  регламенттке сәйкес болуы тиіс.  Қазақстан Республикасында
мұнайөндіру зауыттарында соның ішінде Шымкент, Павлодар, Атырау мұнай
өндіретін зауыттарын айта кету керек. Сонымен  қатар автокөлік  бензиндерін
өндіргенде экологияға  тигізетін  әсерін  қадағалау  қажет. Мысал  ретінде
Қазақстан Республикасының ең ірі үш яғни Атырау, Шымкент, Павлодар
мұнайөңдеу зауытының және Ресей Федерациясының Салаватнефтеоргсинтез
бензиндерінің өнімдерін қарастыратын  болсақ соның ішінде  АИ-92 бензинін
алып салыстырмалы түрде бақылаймыз.
Бензиннің сапасы  бастапқы  шикізат – мұнайдың  сапасымен 
тығыз байланысты. Тәжірибелік  көзқарастан  мұнай құрамының аса маңызды
көрсеткіштеріне: мұнайдың  тығыздығы, фракциялық құрамы, күкірттің мөлшері,
парафиндер, су сондай-ақ, мұнайдағы тұздар қоспасы жатады. Дегенмен, осы
мұнайды өңдеу  барысында  қазіргі  заманның технологияларын  қолдануынада 
байланысты.
Мұнайды біріншілік өңдеу  барысында  алынатын  бензин әрі қарай
сапалы  бензин алу үшін  тек  шикізат көзі  болып  табылады. Бұл 
шикізаттың  октан  сандық  көрсеткіші  65- тен аспайды.Тек  басқа жеңіл 
фракциялармен араластыру  нәтижесінде  ғана  октан  саны  көтеріледі.
Завод  өндіріс  барысында  тек аз  мөлшерде ғана 0,3 % ке дейін  қоспа 
қосады, ол октан санын қажетті  мөлшерге  дейін  көтереді.
Бұл өте дұрыс, себебі  белгісіз көлемде  октан саны  қосылған 
бензинді  ұзақ сақтау оның сапасының  төмендеуіне әкеледі. Сапалы бензинді
айлап сақтағанда октанның сандық  көрсеткішін бір  бірлікке түсірсе,
сапасыз бензин  октан санын  күніне  бір бірлікке төмендетуі мүмкін.
Бензиннің сапасы  сондай-ақ механикалық  қосылыстармен, қышқылдармен,
сілтілермен, органикалық қосылыстармен, күкірт қосылыстарымен  ластану 
мөлшеріне  байланысты. Олардың  маңызды  параметрлеріне жататындар:
детонация, іштен жанудан қозғалтқыштың  тозу жиілігі, күйіктің  пайда
болуы, қозғалтқышқа коррозиялық әсер, токсиндік қалдықтар және  тағы басқа.

Сапасыз бензинді  қалай  білуге  болады ? Ең қарапайым әдісі,
кез келген жанар жағармай  станцияларында  қоспаларды  қосу арқылы 
бензиннің октан  санын көтеріп қою.Осылай, 76 бензиннен  92-ші  бензин, ал
92-ші бензиннен 95-ші бензинді ала береді. Бағасы өседі, ал сапасы ... ?
Автокөлігіңізге  бұл бензинді жиі  пайдаланбасаңыз, бұл оның денсаулығына
ондай әсер ете қоймас.Сіздің  автокөлігіңіз неғұрлым  жаңа болған сайын, ол
бензиннің сапасына  сезімтал  болып келеді.
Екінші әдіс шикізатты  орнында  өңдеу әдісі. Автомобиль 
бензиндерінің  өндірісінде  шикізат  ретінде  пайдаланылатын  біріншілік
бензинге  акциз салынбайды, сондықтан  шикізатқа  тікелей  қоспаларды 
қосуы мүмкін.Бұл  нұсқа  алдыңғыданда қауіпті, өйткені мұндай бензиннің
сапалық және мөлшерлік  құрамы  нормалы  талаптардан ауытқуға  жақын.
Мемлекеттік стандартпен қаралмаған  бензиннің басқада маркалары да бар,
дегенмен  олар да сұранысқа ие, ББҚ (тұрмыстық мақсакттарға  арналған 
бензин), абсорбент,олигомеризат,өндірістің екінші реттік  процестерінің
бензині және  тағы басқа. Бензиндердің  бұл маркаларын пираттар қалай
қолданатынын ешкім  білмейді. Мемлекеттік стандартқа  сәйкес келетін 
бензин өзгеріске ұшырайтынын ескерту қажет. Ұзақ уақыт  сақтағанда  оның
қышқылдануы  көбейе  түседі.Шайырлар түрлі  тетіктерге тұнып қалады:
жіберу  клапанының өзегіне  әсер етеді, карбюратордың  тетіктеріне, отын 
багінің  ішкі  қабырғаларына және  басқада  тетіктерге  әсер  етеді. Бұл
автокөліктің қалыпты  жұмысын  бұзады,қышқылдану, мыс  болған  жерде 
күшейе  түседі (мысалы, бензобакта, сүзгіде,  сору түтігінде). Бак немесе 
канистрдің  герметикалығы да  маңызды, сонымен қатар, жыл мезгілі де (жазда
қышқылдану  тез жүреді) әсер етеді.
Осының  бәрін  қорытындылай келе, жақсы бензиннің нарығын 
қалыптастыру  жағдайында тек  сенімді жанар жағармай станцияларынан 
бензинді  сатып алып, суррогат  алудан  құтылуға болатынын айта кеткен жөн.
Егерде белгіленген нормадан  асатын  болса, стандарттқа сәйкес  келмейді.
Сондықтан осындай нормативті  құжаттарға  сәйкес болуы тиіс.Егер  тұтынушы 
сапасыз  бензинді  қолданса, қоршаған  ортаға  залалын  тигізеді. Соңғы
жылдары Қазақстанның  атмосфералық  жағдайы  күрт өзгерді. Статистикаға 
жүгінетін  болсақ  мысал  ретінде Өскемен  қаласын  алсақ  жылына 2-3 мыңға
жуық  транспорттар  көбеюде. 2006 жылы 43861 бірлік жеңіл автокөлік және
10157 жүк көлігі тіркелген. Қазір ол әжептәуір көбейді. Бұндай  статистика 
Қазақстанның  барлық  облыстарында  тексеріліп, жүргізіліп отырады.
Қоршаған  ортаны  ластаудың маңызды көздерінің бірі - ол автокөліктер.
Ең ірі қалаларда қоршаған ортаның 90 пайызын автокөліктер  ластайды.
Автокөліктен шығатын газдар көмірсутек оксиді, көмірсутектер, азот
диоксиді,бензиперен құрайды. Көмірсутектердің реакцияға өте тез қабілетті
қала атмосферасында тотығады және  токсинді  заттарды түзеді. Басқа
стационарлық көздерге қарағанда  бұл  автокөлік  қалдықтары  атмосфера 
қабатына  жиналып, адамның тыныс  алуына  әсерін  тигізеді.
 
1.2 Автомобильдік бензиндерге қойылатын талаптар
 
Карбюраторлық қозғалтқыш үшін арналған отын-автомобильдік бензиндерге
келесі талаптар қойылады:
- қозғалтқыштың  қоректендіру жүйесіне тоқтаусыз  жеткізіліп тұруы;
- қасиетті  құрамы бар отынды ауалық қоспаның түзілуін қамтамасыз ету;

- қозғалтқыштардың бөлшектерін коррозияға және коррозиялық тозуға
ұшыратпау;
құбырда,жану камерасында және қозға лтқыштың басқа бөліктерінде шөгінді л
ердің минимальді мөлшерде болуын қа мтамасыз ету;
- өзінің  қасиеттерін сақтау, қайта құю  және тасымалдау кезінде
сақтау;
Қазіргі таңда бензинге қойылатын  талаптар өте жоғары. Оған
дәлел ретінде отынның сапасы  тек автокөліктің жұмысына әсер етіп қана
қоймай оның көптеген  қалдықтары қоршаған ортаға және адам ағзасына  әсер
етеді. Қазіргі кезде бұл  ұлттық экологиялық қауіпсіздік факторларының 
бірі қоршаған орта  болып табылады.
Қазақстан Республикасының 29 желтоқсан  2007 жылғы № 1372 арнайы
техникалық регламент  қаулысында : автокөліктен шыққан зиянды қалдықтар мен
токсинді заттар   қоршаған ортаны ластайтын  қалдықтарды реттейтін талаптар
бекітілген. Бұл техникалық регламентте  тәртібімен  уақыты 
белгіленген.Осыған байланысты 15 шілде 2009жылы Евро-2, 1-қаңдарда 2011
жылы Евро-3, 2014 жылы Евро-4 экологиялық сатылары бекітілген.
Егерде осы Евро бойынша  жұмыс жасайтын болсақ, Қазақстан
Республикасында  автокөлік бензиндерінің сапасы артып  және де қоршаған 
ортаға қалдықтарды шығару  әлде қайда азая  түседі.
 

2. Қазақстандағы  бензин тапшылығы мен экологиялық жағдайы
2.1 Бензиннің экологиялық ортаға тигізетін  әсері

Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер
табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе- теңдігінің 
бұзылуынан пайда болады. Ал оны  қалпына келтіру жолындағы жұмыста 
география ғылымының міндеті зор.
Пайдалы қазбалар  қорының  ғылыми негізсіз пайдалануы, жер бетіндегі 
өсімдіктер әлемі мен  жануарлар  дүниесінің  жұтаңдануы және  табиғи
ортаның  шектен  тыс  ластануы  күрделі экологиялық  проблемаларды тудырды.
Кейбір  өндіріс  орындарынан бөлінген  зиянды  қалдықтардың  шектен  тыс 
көбеюі қоршаған орта жағдайының  нашарлауына,адам ден саулығының бұзылуына 
апарып  соғуда. Осының  барлығы қоршаған ортаны қорғау  мәселесіне  ерекше 
көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен  айналысуды, сондай–ақ
оның  ресурстарын тиімді  пайдалануды талап етеді. Оған дәлел Теңізшевройл
компаниясы жалпы көлемі 1,9 млрд. Долларды құрайтын өндірістің қоршаған
ортаға жағымсыз әсерін азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде
өндірілген бір тонна өнімге шаққандағы газдардың алаулардағы жағылу көлемін
77 пайызға және ауаға таратылатын шығарындылар көлемін 66 пайызға
қысқартуға қол жеткізді.
2015 жылы ауаға жіберілетін  шығындылардың орташа деңгейі  өндірілген
мұнай тоннасына шаққанда 2,82 кг-нан келіп отыр. Бұл жоба  тарихындағы ең
бәсең көрсеткіш.
Сондай-ақ соңғы төрт жылда авариялардың салдарынан төгілетін 
мұнай көлемі де ескі тұрба құбырларын тексеткізу және ауыстыру жұмыстарына 
ірі қаржы салу арқасында айтарлықтай төмендеді.
2014 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі  кезең аралығында 
ТШО өндірістің  қоршаған ортаға әсерін одан  әрі қысқарту және желілер 
мен  жабдықтардың сенімділігін  арттыру жобаларына 418 млн.доллар 
қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
Каспий мұнайын  өндіруде  шетелдіктер  қазір тек табыс көзін  ойлап
отырғаны белгілі, ондағы табиғатқа үлкен  зиян келіп тұрғанынан екенін
ешкім ойлап жатқан жоқ.
Қазақстанда  табиғи ресурстар  қорының азаюымен қатар олардың  тозуы,
ластануы экологиялық жағдайдың  шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың
жаңа  сатысы- ғылыми  техникалық прогресстің негізіндегі жоғары
технологияға ауысу  табиғатты  пайдаланудың жаңа  стратегиясының қалыптасуы
арқылы жүзеге асуы  тиіс. Оның өзі өз кезегіндегі мемлекеттік және қоғамдық
экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.
Қоршаған ортаның ластануы адам  баласының тіршілік ортасының 
сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты  дамуына кері әсерін
тигізуде.Әлемдік  қоғамдастықпен қатар Қазақстандықтардың да қалыпты салт
тұрмысы экологиялық жағдайларға  қарай алаңдаушылық күйге  түсуде.
Экологияның нашарлай түсуі  Қазақстан жағдайында бұрын-соңды  болмаған
жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен
жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады. Шығыс
Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Соның ішінде
түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді
мекендер мен қала тұрғындарына көптеген қолайсыздық туғызуда.
Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан
сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің
экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек.
Қазақстандағы өндіріс  орындарына байланысты туындаған экологиялық 
проблемалар көп жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделген.
Қарағандыдағы, Павлодардағы, Шымкенттегі, Жамбылдағы, Алматыдағы,
Атыраудағы кейбір зауыттардың табиғатқа теріс әсерлері соған дәлел .
Бүгінгі таңда халыққа  экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселесін мемлекеттік деңгейге көтерудің қажеттілігі  туындап отыр.
Экологиялық білім  беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның,
табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты  тиімді
пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен 
табиғи ресурстарды  тиімді  пайдалану арқылы табиғатты аялай  білетін, оны
бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен  мәдиениеті жоғары, ізгілікті,
адамгершілігі мол жас ұрпақты  тәрбиелеудің маңызы зор.
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғатпен қоршаған
ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу,
жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана  іске асады.
Экологиялық білім мен  тәрбие  беру негізінде жеке адам мен қоғамның
табиғатқа деген  оң көз қарасын, экологиялық  мәдениетін  қалыптастыра
аламыз.
Қазақстандағы  бензин  тапшылығы
Мұнайөнімдерін өндіретін  өнеркәсіптер- қоршаған ортаны және адам
ағзасын көптеген әртүрлі токсикологиялық  заттармен  ластайды.Қоршаған
ортаны ластауыш  заттар бұл табиғи көмірсутектер. Олардың  құрамында
катализаторлар, ингибиторлар, қышқылдармен негіздер, мұнайдың,
мұнайөнімдерінің  химиялық реакцияға  айналу кезіндегі заттар бар.
Автокөліктерден тотыққан газдар адам ағзасына өте зиянды болып 
келеді, ол бірнеше химиялық элементтерден  тұрады оны 1- кестеден  көруге
болады.
 

Кесте 1 - Автокөліктерден шыққан тотыққан  газ
 
Көрсеткіш Бензиндік Дизельдік
двигателдер
двигательдер
N2 % 74-77 76-78
O2% 0,3-8,0 2,0-18,0
H2O% 3,0-5,5 0,5-4,0
CO2 % 0,0-16,0 1,0-10,0
CO % 0,1-5,0 0,01-0,5
Азот оксиды % 0,0-8,0 0,0002-0,5000
Көмірсутек% 0,2-3,0 0,09-0,500
Альдигидтер% 0,0-0,2 0,001-0,009
Қақ, гм3 0,0-0,04 0,01-1,10
Бензпирен -3,4 гм3 10-20*10-6 10*10-6


 
Бұл газдардың  адам  ағзасына  әсері мынадай факторларға  байланысты:
ол  бензиннің сапасына, автокөліктің  техникалық  жағдайына және т.б.
Барлық  бензиннің сапасын  Техникалық  реттеу комитеті  және метрология
органы қадағалау  тиіс. Бұл  қадағалау  зерттеу зертханаларында тексерілуі
тиіс. Мысал ретінде Өскемен қаласында  2006 жылы 100 партия  бензиннің
сапасы  31 мекемеде тексерілген, соның ішінде 25 АЗС-тің бензині
белгіленген нормаға сәйкес  келмейді. Тексеру нәтижесінде белгіленген
нормаға сәйкес  келмеген  бензиндер тұтынушыға  жіберілмеді.
Адам ағзасына және қоршаған ортаға тигізетін зиянкестердің әрқайсысына
тоқталатын болсақ: көмірсутектер - токсиндік мұнайөнімдерінің құрамындағы 
токсиндік заттар және газдар көмірсутектермен тікелей  байланысты. Ауыр
бензиндер жеңіл бензинге қарағанда токсинділігі жоғары. Мұнайөнімдерінің
токсинділігі күкіртті мұнай өңдегенде ең қауіпті көмірсутекттер мен
күкіртсутектердің комбинациясы түзіледі және ол  өте қауіпті. Ол адам 
ағзасының орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Көмірсутектер жүрек тамыр
жүйесіне сонымен қатар қанның гемоглабинін, эротроциттерін төмендетеді.
Бауырдың май басуына әкеліп соғады. Газконденсаттарының булары олардың
құрамына байланысты әсер етеді. Ал, мұнайдың ароматты көмірсутектері
бензинге жақын болып келеді. Шикізат  мұнайының  булары аз токсинді. Олар
көбінесе адамның терісінде экземамен дерматит тері ауруына әкеледі.
Бензиннің буы  адам ағзасына тыныс  алу жолдарымен өтіп, асқазанға
 келіп түседі. Адамның  улануына тіпті кей  кездері адам өліміне себепті 
болады. Адамның миы оның барлық ағзаларына әсер  етеді. Бензин буымен
уланған адамның мас адамнан айырмашылығы болмайды. Адамның бензин буына
булануы ауада 0,005-0,010мгм3 концентрациясы  аралығында уланады,
0,040мгм3 концентрациясы болса өліп кету қаупі бар. Соның нәтижесінде
бензин буына буланудың  нерв  жүйесінің функцияларының бұзылуына әсер
етеді.
Қаныққан көмірсутектер - химиялық инертті газ, бірақ өте қатты
наркотикалық қабілеттілігі бар зат болып табылады. Көмірсутек атомдары
көбейген сайын наркотикалық қабілеттілігі  күшейе түседі. Ол қанда, суда
тез ериді. Өндірісте қаныққан көмірсутектерді еріткіш  ретінде пайдаланады.
Қаныққан көмірсутектермен жұмыс жасаған кезде, олардың азғантай
концентрациясына адамның  терісі қызарып, пигменттік дақтар, қышыма ауруына
әкеледі.
Көміртегі оксиді- түссіз газ, дәмі, иісі жоқ. Тығыздығы 0,967 гдм3,
адам ағзасындағы қанның  0,1709 мөлшерін  құрайды. Адам ағзасына көміртегі
оксидінің токсинділігі гемоглабин темірімен әрекеттесетін болса,
карбооксигемоглабин түзеді сол себептен тыныс ала алмайды.
Күкіртті сутек- түссіз газ, жағымсыз иісі бар. Адам ағзасына  тыныс
алу жолдары арқылы  түседі ол орталық нерв жүйесінің және қанның тотығу
процесіне әсерін тигізеді. Күкірттісутектер адам ағзасындағы тотығу 
процесінің механизіміне токсиндік әсерін тигізіп, қанды азайтып оттегімен
қанықтырады. Күкірттісутектер қанда екі фаза арқылы өтеді: басында
эритроциттердің санын көбейтеді сосын гемоглабиннің құрамын азайтады және
қанның тұтқырлығын  көбейтеді. Адам ағзасында күкірттісутек тез тотығады,
бірақ  99% пайыз күкірттісутек ағзадан 3-5 минутта тазартылып шығады.
Азот оксиді – активсіз, түссіз газ, суда ерткіш қабілетті нашар  азот
диоксидімен тез тотығады, тотығу жылдамдығы  температураға, қысымға  және
азот оксидінің  концентрациясына  байланысты. Азот оксиді  көміртегі оксиді
сияқты гемоглабинді азайтады сонымен қатар наркотикалық әсері бар.
Сонымен  негізгі атмосфера қабатын ластаушы мұнай өнеркәсібінен шыққан
қалдықтар:
- мұнайдың компоненттері  және табиғи табиғи газдар- көмірсутектер,
күкіртсутектер, көміртегі оксиді, меркаптандар ауа бассейнніне өңдегенде
және тасмалдағанда тарайды.
- көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт, су буы пайдалануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каталитикалық крекинг қондырғысының реактор-регенератор бөлігіндегі технологиялық процесті айқын емес жиындар теориясы негізінде реттеу мәселесі
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Жанармай- мұнай өнімінің теориялық аспектілері
Мұнай өндіру кезіндегі қоршаған ортаның ластануы
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Өндіріс оның мәні және факторлары
Акциз салығының экономикалық мәні
Мұнайды біріншілік өңдеу
Мұнайды қайта өңдеу процестері арасында гидрогенизациялық каталитикалық процестердің үлесі
Биомассаны пайдалану жолдары. Энергия үнемдеуші технологиялар
Пәндер