Эксгумацияланған өлексені сараптау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Соттық жарып.сою хаттамасы ... ... ...14
2.2. Қолданылатын зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3. Эксгумацияланган өлікті соттық.ветеринарлық сараптау.19
2.4. Өліктік өзгерістер және оның соттық мағынасы ... ... ...20
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
IV. Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ...24
V. Қосымшалар
Эксгумация (лат.еx-асты, humus-жер) – соттық-ветеринариялық, криминалдық экспертиза және қайта патоморфологиялық зерттеулер жүргізу үшін жерленген өліктің мүшелерін жер астынан шығару. Эксгумацияны тергеуші немесе соттық-ветеринариялық эксперт соттық және тергеу орындарының өкімі бойынша жүргізеді. Ерте көмілген өлікті немесе өлген жануарлардың мүшелерін соттық және тергеу практикасында ауру диагнозын, тірі кезіндегі морфологиялық өзгерістерін немесе өлімнің себебін анықтау үшін соттық-ветеринариялық экспертизаны өткізу кезінде шығарады. Өліктің немесе патматериалдың эксгумациясына дейін соттық және тергеу органдарының өкімі бойынша соттық-ветеринариялық эксперт анықталады. Эксперт шешілуге жататын сұрақтар мен жағдайды қарастырып, уақыты мен патматериалды және өлімнің көмілген жерін белгілеп, жүргізу тәртібі мен зерттелетін әдістерін анықтайды.
Өлген жануарлардың патматериалдарын немесе өлікті эксгумациялау мына жағдайда болуы мүмкін.
1. паталогоанатомиялық зерттеусіз көмілген жануарлардың зорлық көрсетумен өлтірілгендігі туралы сұрақтарды анықтау үшін.
2. тергеу және соттық істе қойылған ауру диагнозы мен жануар тектес өнімнің ветеринариялық-санитарлық бағасына байланысты сұрақтар туындағанда
3. тергеу барысында жаңа жағдайларды анықтау үшін жануар өлімі немесе оның қадықтарын қайта ашуды талап еткенде
Сот орындарының эксгумирленген өліктің эксгумациясын және соттық-ветеринариялық экспертизаны өткізу туралы қаулысында эксгумация мен экспертизаның өткізілуінің қажеттілігін туындатқан жағдайда анықталады. Сонымен қатар шешілуге жататын сұрақтар, зерттеу нысаны мен көмілген орны көрсетіліп, экспертизаны жүргізетін ветеринарлық дәрігер тағайындалады.
Эксгумирленген өлікті немесе бөлек мүшелерді соттық-ветеринариялық зерттеуді эксперт тиянақты түрде және белгілі бір жүйемен іске асырып, соңында зерттеу қорытындысымен аяқталады.
Соттық-ветеринариялық зерттеуге дайындау және өту барысында жануар өлімінен кейін паталогоанатомиялық және гистологиялық зерттеуде ұлпалар мен мүшелердің патологиялық қызметін анықтауды қиындататын аутолитикалық өзгерістер дамитынын ескеру қажет.
Өлік қысқы уақытта жердің тереңгі қабаты мен төменгі температурада жазғы уақыттағы жердің беткі қабаты мен жоғарғы температураға қарағанда ұзағырақ сақталады.
Жануар өлгеннен кейін және көмілгеннен кейін қаншалықты ерте эксгумация мен патоморфологиялық зерттеу жүрізілсе, соншалықты жануарлардың тірі кезіндегі морфологиялық өзгерістер, ұлпалар мен мүшелердің патологиялық қызметін анықтау мүмкін екендігі белгілі.
1. Ахметов Ж.Б. «Паталогиялық анатомия» Алматы. Ана тілі-1993ж.
2. Әбутәліков Ә., Асанов. Әр түлік малдардың жұқпалы ауруы. Орал-1993 ж.
3. Бакулов И.А., Індеттану және микробиологиялық негіздері. Алматы-1993 ж.
4. Боль К.Г., Боль Б.К. Основы патологический анатомий СХЖ. Москва-1961г.
5. Визнер Э. Болезнь крупного роготого скота. Москва.Колос-1970г.
6. Добин М.А.Кокуречев П.Н.Практикум по вет-ной потологической анатомий и вскрыию Ленинград.Колос 1976г.
7. Жаров А.В.Шинков В.П.и др. Патологическая анатомия СХЖ.
Москва-2003г.
8. Жанұзақов Н.Ж. Мал фельдшерінің анықтамалығы. Алматы-1985ж.
9. Жаров А.В. Иванов И.В.и др. практикум по поталогический
анатомий СХЖ. Москва-1989г.
10. Канапаткин А.А. Бакулов И.А.и др. Эпизоотология и инфекционные
болезний СХЖ .Москва,Колос-1984г.
11. Кузнецов Г.C. Протов И.А. Мал дәрігерінің анықтамалығы
Алматы-1971ж.
12. Тормис М.Р. Черкасский Б.Л. Болезни животных опасные для
человека. Москва-1997г.
13. Малахов Ю.А. Сабалива Р.Л. и др. Эпизоотическая ситуация по
бешенстве в России. Москва.
14.Махышев Т.Құтырыққа қарсы шаралар қолдану /жаршы/2001ж #3.
15.Махышев Т. Құтыру ауруы туралы мәлімет /жаршы/2001ж #6.
16.Махышев Т. Құтыру ауыруын алдын алу /жаршы/2001ж #12.
17.Махышев Т. Құтырық ауыруының таралуы /жаршы/2002ж #6.
18.Налетов Н.А.Паталогическая физиология и патотологический
анатомия СХЖ. Москва 1970г.
19.Нуралиев М.М. Есенгалиев Ғ.Ғ. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауыруларды балау және күресу шаралары. Орал -1998ж.
20.Орлов Ф.М. Инфекционные болезни R.P.C. Москва 1974г.
21.Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану /I кітап/ Алматы 1989ж.
22. Көпбосынов Б.Қ. Мал санитарының кітапшасы. Алматы, «Қайнар»,
1978 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Соттық жарып-сою хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Қолданылатын зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3. Эксгумацияланган өлікті соттық-ветеринарлық сараптау.19
2.4. Өліктік өзгерістер және оның соттық
мағынасы ... ... ... ... ... 20
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23
IV. Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
V. Қосымшалар

Кіріспе.

Эксгумация (лат.еx-асты, humus-жер) – соттық-ветеринариялық,
криминалдық экспертиза және қайта патоморфологиялық зерттеулер жүргізу үшін
жерленген өліктің мүшелерін жер астынан шығару. Эксгумацияны тергеуші
немесе соттық-ветеринариялық эксперт соттық және тергеу орындарының өкімі
бойынша жүргізеді. Ерте көмілген өлікті немесе өлген жануарлардың мүшелерін
соттық және тергеу практикасында ауру диагнозын, тірі кезіндегі
морфологиялық өзгерістерін немесе өлімнің себебін анықтау үшін соттық-
ветеринариялық экспертизаны өткізу кезінде шығарады. Өліктің немесе
патматериалдың эксгумациясына дейін соттық және тергеу органдарының өкімі
бойынша соттық-ветеринариялық эксперт анықталады. Эксперт шешілуге жататын
сұрақтар мен жағдайды қарастырып, уақыты мен патматериалды және өлімнің
көмілген жерін белгілеп, жүргізу тәртібі мен зерттелетін әдістерін
анықтайды.
Өлген жануарлардың патматериалдарын немесе өлікті эксгумациялау
мына жағдайда болуы мүмкін.
1. паталогоанатомиялық зерттеусіз көмілген жануарлардың зорлық көрсетумен
өлтірілгендігі туралы сұрақтарды анықтау үшін.
2. тергеу және соттық істе қойылған ауру диагнозы мен жануар тектес
өнімнің ветеринариялық-санитарлық бағасына байланысты сұрақтар
туындағанда
3. тергеу барысында жаңа жағдайларды анықтау үшін жануар өлімі немесе
оның қадықтарын қайта ашуды талап еткенде
Сот орындарының эксгумирленген өліктің эксгумациясын және соттық-
ветеринариялық экспертизаны өткізу туралы қаулысында эксгумация мен
экспертизаның өткізілуінің қажеттілігін туындатқан жағдайда анықталады.
Сонымен қатар шешілуге жататын сұрақтар, зерттеу нысаны мен көмілген орны
көрсетіліп, экспертизаны жүргізетін ветеринарлық дәрігер тағайындалады.
Эксгумирленген өлікті немесе бөлек мүшелерді соттық-ветеринариялық
зерттеуді эксперт тиянақты түрде және белгілі бір жүйемен іске асырып,
соңында зерттеу қорытындысымен аяқталады.
Соттық-ветеринариялық зерттеуге дайындау және өту барысында жануар
өлімінен кейін паталогоанатомиялық және гистологиялық зерттеуде ұлпалар мен
мүшелердің патологиялық қызметін анықтауды қиындататын аутолитикалық
өзгерістер дамитынын ескеру қажет.
Өлік қысқы уақытта жердің тереңгі қабаты мен төменгі температурада
жазғы уақыттағы жердің беткі қабаты мен жоғарғы температураға қарағанда
ұзағырақ сақталады.
Жануар өлгеннен кейін және көмілгеннен кейін қаншалықты ерте
эксгумация мен патоморфологиялық зерттеу жүрізілсе, соншалықты жануарлардың
тірі кезіндегі морфологиялық өзгерістер, ұлпалар мен мүшелердің
патологиялық қызметін анықтау мүмкін екендігі белгілі.
Соттық-ветеринариялық экспертиза практикасында мұздатылған және
шіріген материал гистологиялық зерттеулерге жарамсыз екендігі белгілі. Осы
уақытта жағдайға байланысты (ауа немесе топырақ) мүше мен өлексенің ыдырауы
бірқалыпты болмайды, көбінесе ұлпалар мен мүшелерді белгілі бір бөліктері
ұзақ сақталады, соларға қарап жануарлардың тірі кезіндегі патологиялық
қызметтері мен патологиялық жағдайын анықтауға болады.
Әсіресе, паренхиматозды мүшенің спецификалық ұлпасы өліктік ыдырауға
тез шалдығады. Осыған байланысты олардағы дистрофиялық процесстер мен
эритроциттердің қасиетін анықтау қиынға соғады.
Байланыстырушы және бұлшық ет ұлпалары, сонымен қатар қалыптасқан
лимфоидтық және макрофагальды клеткалар ұзақ уақыт сақталады, тұздардың
жиналуы жақсы көрінеді. Соттық-ветеринариялық зерттеу сұрақтары кей
жағдайда өлексенің көп уақыт бойы көміліп жатуынан кейін де шешілуі мүмкін.

Жануар терісі көмілгеннен кейін де топырақта көп уақыт бойы
сақталатынын ескере отырып, шіріген теріні уксусты спиртті ерітіндімен
өңдеп, терідегі жараны және басқа да жарақаттануларды анықтауға болады.
Сонымен қатар топырақта шаш, әсіресе сүйек ұлпасы, соған қоса механикалық
зақымданулар(сыну, оқтан жарақаттану), басқа да сүйек патологиялары
(остеодистрофия, рахит, артроз, артрит) ұзағырақ (бір немесе бірнеше жыл)
сақталады. Мұндай жағдайда тек сүйектің зақымдануын ғана емес, сонымен
қатар деңгейін, қалыптасу механизмін де анықтауға мүмкіндік береді.
Соттық-ветеринариялық зерттеуде өлік материалында, соған қоса
ыдыраған өлекседен де әр түрлі химиялық заттарды, әсіресе ксенобионттарды
анықтау маңызды орын алады. Өлекседегі минералды улар (фтор, радиоактивті
стронций, мышьяк, қорғасын) ұзақ жылдар бойы, ал өндірістік көміртек
оксидтері және барбитур қышқылдары бірнеше ай, алкалоидтар бірнеше жылға
дейін сақталады.
Соттық-ветеринариялық зерттеуде уланудан өлген өлекседегі әртүрлі
химиялық заттарды анықтау мақсатында өлексені түгелімен, оның қалдықтарын,
мүшелерді, ыдыраған бөліктерін жер астынан қазып алады.

I. Әдебиетке шолу

Эксгумация – жануар өлігін жарып-союсыз жерленген кезінде тергеушінің
болмауына байланысты қайталап жарып сою тәсілі. Соңғысы, егер сараптау
жұмыстары қанағаттанарлық дәрежеде өтпесе немесе ерте кезде сараптау алдына
қойылмаған жаңа сұрақтар туындағанда жүргізіледі. Эксгумацияны тергеуші
жүргізеді, оның негізі ретінде-аумақтық ветеринарлық дәрігер қатысы да
болғаны жөн. Эксгумация басталмас бұрын ветеринарлық мамандарға жарып-союға
алынатын жануардың түрін анықтауға мүмкіндік береді. Өлікті жарып-соймас
бұрын, алдын-ала суретке түсіру қажет.
Өлікті қазып алып, қайталап жануар түрін, жасын, жынысын анықтау үшін
суретке түсіріп, кейін кері жауып, өлікті зерттейтін жерге көлікпен
тасымалдайды. Тасымалдау кезінде сақтық шараларын сақтау қажет, ол іріңді-
өзгерген өлікті зақымдап алмас үшін қарастырылған. Өткізілген экугумация
бойынша тергеуші протокол жүргізеді: онда қандай өлікті кім, қашан
эксгумациялағаны туралы мәлімет жазылады. Қандай мақсатта эксгумациялау
жасалғаны көрсетіледі. Анықтауда қандайда бір белгілеріне және кіммен
жүргізілгеніне байланысты көрсетіледі. Жерлеу тереңдігін, топырақ
сипаттамасын, көмілген жердің түрін, өліктің сыртқы түрін сипаттап
көрсетеді.Кейін өлік, қайда, қандай көлікпен жіберілгені көрсетіледі.
Протоколға тергеуші және эксгумацияда қатысқан барлық тұлғалар қол қояды.
Зерттелуші эксгумацияланған өлікті сарапшы тиісті жалпы соттық-
ветеринарлық зерттеуге сай жүргізеді.
Алдын-ала мәлімет бөлімдегі актіде эксгумацияланудың уақытын,
сараптаманың алдыңғы нәтижесін, қазылған жердің түрін, оның жоғарғы, ішкі
бет жағын, зең саңырауқұлақтарының болуын, зиянкес және олардың
жұмыртқаларының бар-жоқтығын көрсетеді. Өлікті көмілген орнынан ерекше
сақтықпен шығарып алады, кейін орынның жағдайын яғни өлік жатқан жердің
материалын (шымтезек, ағаш үгіндісі, шөп) суреттеп, кейін топырағымен қатар
зерттеу жүргізу үшін алады.
Зерттеу жұмыстары сәтті аяқталған соң сарапшы өлікті жерлеу орнына
жеткізу мақсатында қажетті шаралар қолданады. Улануға күдікті болған
өліктің эксгумациясын ерекше ережелерді сақтап жүргізеді.
Өлікті қалпына келтіру. Өлікті қалпына келтіру түрі бұзылған немесе
іріңді-бұзылған өлікті тануға жеңілдік үшін қолданады. Осы мақсатта үрілген
тері асты жұмсақ ұлпалардан іріңді газдарды кетереді; бұзылған және түрі
бұзылған көз алмасын глицириннің спиртпен қоспасын шашу жолымен түзейді,
жарақатты тігіп, оған мақта немесе қатты пластинка салады. Жануарды қалпына
келтіру өлігіне және дайындалған фотосуретке қарап жүргізіледі.
Өліктің түрлі дәрежедегі өзгеруі нәтижесінде пайда болған терінің
жиырылуына байланысты, түк қабатынан дактилоскопиялық таңбаны зерттеуге
алады. Сонымен қоса малдың тұяқтарының астындағы жұмсақ ұлпасына арнайы
ерітінділерді шашырата отырып, түрлі әдіспен зерттеуге сынама алады. Жануар
өлігін қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында оның сүйегінің
қалдықтарына қарап анықтаудан сақтану қажет.
Өліктің кеш өзгерістеріне аутолиз, іріңдену, табиғи консервіленудің
түрлері, сонымен қоса зиянкес және олардың жұмыртқаларымен келетін түрлі
дәрежедегі өзгерістер мен бұзылулар жатады.
Аутолиз көбіне ішкі мүшелерде байқалады. Оның негізгі белгісі, өліктегі
ферменттердің әсерімен ұлпалардың тұтас кешендері және мүшелердің ерекше
ірі бөліктері еруге ұшырайды. Нәтижесінде мүшелер борпылдақ болып, оның
кейбір жеке аумақтары, қалыпсыз жартылай қоймалжың массаға толтырылған
азғана қуыстың қалпындай қалыңдыққа айналады. Бірінші кезекте аутолизге
және ошақтық еруге ең алдымен қарын асты безі, бүйрек асты безінің ортаңғы
бөлігі, қалқанша безі ұрынады. Жас төлдің өлігіндегі бас миы өзінің
бастапқы қалпын немесе консистенциясын тез жоғалтып, едәуір борпылдақ күйге
айналады. Аутолиздің қабыну ошақтары макроскопиялық жағынан кейде іріңдерге
ұқсауы мүмкін, сол себептен бұл жағдай қате қорытынды жасауға әкелуі
мүмкін. Асқазандағы қышқыл асқорыту сөлімен шақырылатын өліктік еру,
кілегейдің ісінуін, күңгірттенуін, кейде кейбір белгілі аймақтардың
кілегейлі асты қабықтарының бұзылуымен байқалады. Осыған ұқсас құбылытар
егер, асқазан құрамындағы масса асқорыту және тыныс алу жолдарына түссе
байқалады. Мұндай өзгерістерді улы заттармен улану белгісі ретінде және
қабыну немесе ойық жара процесінің байқалуы түрінде қате бағалануы мүмкін.
Аутолиздік өзгерістердің байқалу дәрежесі мен пайда болуы өліктің жеке
ерекшеліктеріне, өлім себебіне, қоршаған орта өзгерістеріне, топырақ
микрофлорасына, микроклиматқа бірден-бір байланысты.
Өліктің іріңденуі әдетте аутолиздік процестерден кейін байқалады. Ол
микроорганизмдердің топырақтағы қызметіне бірден-бір байланысты. Бұл
микроорганизмдер өлікте тез көбейіп, оның барлық бөліктеріне дерлік еніп,
мүшелері мен ұлпаларын қоректік орта ретінде қолданып, бұзылуларын
әкеледі. Сырттай іріңдену кейбір өзіне тән өзгерістермен байқалады.
Алғашқы белгілерінің қатарына қан пигментінің күкіртті қосылыстарымен
химиялық әсері нәтижесінде өліктік жасылдану пайда болуын жатқызуға
болады. Бұл құбылыс ақуыздың іріңді ыдырауында пайда болады. өліктік
жасылдану ашық құйылған боялған түс ретінде қарынның жоғарғы бетінде кейін,
лас-сұр, қызғылт немесе бурыл түске боялып, барлық тері жамылғысы мен ішкі
мүшелерге таралады. Қанды пигментінің тамыр жанындағы ұлпаларға енуіне
байланысты, тері арқылы жарқыраған түске еніп, венозды іріңді тор
құрайды. әрі қарай түктің беткі қабатында қыртысты байқауға болады, ол
көпіршік түрінде бастапқыда өліктің тері қабатында, кейін барлық дене
бойынан байқалады. Бұл көпіршіктер қабырғасы жұқа ірі мөлшерлі көлемге
дейін жетеді, жеңіл жыртылып, барлық дерлік қуыстары күңгірт сарылау және
лас-қызыл сұйықтыққа толады.
Жануар өлігін сойып-зерттеу кезінде серозды қуыстарында қызыл іріңді
сұйықтық байқалады. Бұл қуыстарға: плевралы, көкірек және жүрек қуыстарының
бөлімдері кіреді.
Іріңденудің негізгі белгісі газдардың, соның ішінде күкіртсутектің
түзілуі болып табылады. Ұсақ масса түрінде жұмсақ ұлпаларда жиналады, бірақ
өте жақсы көрінетін көпіршік түрінде, өліктік эмфизаманың дамуына әкеліп
соқтырады. Тері асты клечаткасы басты қарау және кесу кезінде үріліп, өзіне
тән қимыл береді; ішкі мүшелер, яғни бауыр, көкбауыр- сұрғылт-қызыл түске
боялады; ішкі мүшелерді қоршап тұрған серозды қабықтың астында газға толы
көпіршік түзіледі. Ми жартылай қоймалжың, қалыпсыз лас-жасыл массаға
айналады. Табиғи саңылаулардан ағатын қанды сұйықтық және кесу кезіндегі
қанның түсі де бұзылған күйде болады. Тері асты клечаткасы борпылдақ
жерінде газ мөлшерінің толуы болады, сонымен қоса бұл құбылыс асқазан-ішек
жолдарында, серозды қуыстарында байқалады. Осындай дене аумақтарын кесу
немесе тесу кезінде газдарды сыртқы ортаға белгілі дыбыспен шығады.
Өлікте газдың дамуы салдарынан оның жеке бөлімдері үлкен мөлшерге дейін
үріледі. Беттің және мойынның ұлпаларының ісінуінің салдарынан олардың
шекарасы жойылып, басы мойынға кигізіліп қойғандай түрге енеді. Жақтарының
тез ісінуі салдарынан көздің қабығын жабуға мүмкіндік болмайды. Кейде,
керісінші іріңді газдардың әсерінен көз алмасы ұяшығынан тез шығып,
еріндері күрт ісініп, ауызы ашылып, тілі басып қойған кезде де сыртына
шығып қалады. Өлік ішіндегі газдың қысымы артқы тесігінен нәжістің және
іріңді сұйықтықтың бөлінуін шақырады. Кей жағдайларда тік ішекке және
қынапқа кілегейдің түсуі байқалады. Кейде жүкті аналық жануарлардың ұрпаға
жатырдан сыртқа шығарылады. Бұл жағдай тірі жерленді деген ұғымға әкелуі
әбден мүмкін. Тері асты клетчаткасының ісінуі салдарынан теріде терең
ойықтар түзіледі; аяқтарында бұл белгілер байлау түрінде байқалса, мойын
немесе бас бөлімінде тұншықтыру түрінде болуы мүмкін.
Өліктің ісінуі әдетті, терінің жеке бөлімдеріндегі жарылуы, соғылу
түріндегі күйге айналып, кесілген және жұлынған жарақат көрсетіп, кейде
қате сараптама нәтижесін көрсетуі мүмкін.
Іріңдеудің берілген сатысында тері ылғалды, күңгірт-жасыл, бурыл немесе
қара түсті, оның беткі қабаты қол тигізу сәтінде тез сыпырылып, түк
қабаттары жеңіл түседі. Тістері ұяшықтарында оңый қозғалып, керек жағдайда
алып тастауға да болады. Сонымен қоса жануардың тырнақтары мен тұяқтары
онай бөлініп алынады.
Іріңдену. Беткі бөлімдері ісінген, қарайған, мойынын ажыратып, айқындау
қиын. Желіндері мен көкірек қуысы ісінген сұйықтыққа толы, іріңді
көпіршіктері көрінеді. Оң жақ бөлімде іріңді тор байқалады. Сол жақ
бөлігіндегі көпіршіктер жарылған, терісі кеуіп және қарайған күйге
айналған.
Өліктен сұйықтық түзуші жұмсақ ұлпалардың іріңді еру мөлшері ағып, газ
көлемі де бүлінген тері тесіетері арқылы сыртқа шығып, өліктің қабысуы
байқалады. Ішкі органдар сығылған, көлемі күрт кішірейген түрде болады.
Олар біртекті қара түске боялады; құрылымы ажыратылмастай, ұлпалары жеңіл
жыртылатын күйге айналады.
Іріңденудің соңғы сатысында кейбір тығыз ұлпалардан басқа, барлық
жұмсақ ұлпалардың бұзылуы байқалады. Өлікте тек қана азғана терінің,
байламның, қабыршақтың және сіңірдің құрғақ қалдықтары мен сүйек сақталады.

Әртүрлі ішкі мүшелердегі іріңдену өзгерістері бір уақытта дамымайды.
Бастапқыда бас миы іріңдейді, кейін бауыр, көкбауыр және асқазан-ішек
жолдары, сонан соң өкпе, жүрек және бүйрек іріңдейді. Еркек жануарларда ең
резистентті қалқанша безі, ал ұрғашы жануарларда-жатыр болып келеді. Бұл
жағдайда жануарлардың жыныстық мүшелері толық бұзылғанда, өліктің жынысын
анықтауға қолданылады.
Іріңді процестердің дамуы кей кездері өлімнің пайда болу ұзақтығын
анықтауда қолданылады. Қазіргі кездегі зерттеулерге сай анық іріңді
белгілері үш тәуліктен соң пайда болады. Әдетте іріңді өзгерістер 1 жұмадан
кейін судағы және 8 жұма жерде болғандай ауада да жұма ішінде бірдей түрде
болады. Ересек малдың жерге көмілуінде жұмсақ ұлпаларының жойылуы 2-3
жылдан соң; байламдары мен қабыршақтары және сіңірлері-4-5 жылдан соң
жойылады; сүйектер әсеріне -5-10 жылдан соң пішінін бұзады, кей жағдайларда
өте берік түрінде бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін. әдетте бұл
ориентерлік сызба және оны сақтықпен қолдану қажет. Айта кетер жайт,
іріңнің белгілері және пайда болу уақыты кей жағдайларда мезгілдік
ауытқуларға соқтыруы мүмкін. өліктің жылдам іріңдеуіне, түрлі дәрежедегі
жарақаттар мен инфекциялық аурулар септігін тигізеді. Себебін тигізуші
сәттердің қатарына қоршаған ортаның, топырақтың, микрофлораның жоғарғы
ылғалдығы және температурасы жатады. өләкті жерден қазып алғанда іріңдену
процестері жай жүргенін байқауға болады. Жас төлдердің өліктері тез
бұзылады, ал жүдеу немесе көтерем малдардыңөліктері баяу іріңдесе,
қоңдылығы жоғары жануар өлігі тез іріңдейді. Сонымен қоса бұл жағдайда
топырақтың құрылымының рөлі зор.
Өліктің кеш өзгерістерінің қатарына табиғи консервіленуді жатқызуға
болады. Өліктің мұндай өзгерісі, іріңденудің тоқтауын немесе баяу жүруіне
әкеліп соқтырады. Табиғи консервіленудің үш түрін ажыратады: мумификация,
майлы балауыздану, шымтезектік илеу.
Мумификация- өлікті қақтап құрғақ түрінде байқалады. Осындай әдісте
жұмсақ ұлпалар сусызданып, кебеді, біртекті бурыл түске айналып, сүйекке
тығыз жабысқан, мықты терілік консистенцияға айналады. Тері жамылғысы
жиырылып, тері асты ұлпаларының құрылымы ажыратылмайтындай күйге айналады.
Ішкі мүшелер күңгірт, тығыз, кепкен, әбден құрылымсыз жапыраққа ұқсаған
түрге айналады.
Өлік көп мөлшерде ылғалдылық жоғалту салдарынан жеңіл массалы, өзіне
тән иіс шығарады. өліктің мумификациялануы әдетте ыстық ауамен желдетілген,
яғни қатты құрғақ және жылы ортада жүреді. Сонымен бірге өліктің
мумификациялануы топырақта, сонымен қоса құрғақ ыстық құмда да жүруі
мүмкін. Жас төлдер өлігі, ересек жануарларға қарғанда тез мумификациялануға
ұшырайды. Ересек жануарлардың толықтай мумификациялануына кем дегенде 6-12
ай қажет. Бірақ мумификацияланудың өлгеннен соң 1 айдан соң байқалуы да
ғажап емес. Мумификация, ұзаққа созылған іріңдену процесінен соң байқалады;
бұл жағдайда өлік толықтай бұзылған болып саналады. Мумификацияланған өлік
өз кезегінде кез-келген жағдайда белгіліұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Мумификацияланудың соттық-ветеринарлық зерттеудегі маңызды құбылысы,
өліктегі кейбір ерекшеліктерімен жекеленген бұзылулар айқын білінуі мүмкін.

Майлы балауыздану- жұмсақ ұлпалардың ақ-сұр түске айналуын, крупозды-
ұнтақты маркалы массаға түсуін көрсетеді. Сонымен бірге сабынды және
қышқылдау иісін шығаратын күйді еске түсіреді. Кебу кезінде майлы балауыз
тығызданып, нәзік күйге айналады, тез сынғыш болып келеді, түріне қарасақ
гипске ұқсас.
Майлы балауызға алғашқы сатысында тері және тері асты клечатка, кейінгі
процестердің салдарынан бұлшық еттерге таралуы мүмкін. Ішкі мүшелерде
балауыз байқалмағандықтан, әрі қарай бұзылуларға әкеп соғады. Әдетте майлы
балауыздануға түгел өлік емес, оның жекеленген бөліктері ұрынуы мүмкін.
Майлы, балауыздану ылғалды, жылы ортада түзіледі. Салқын орта оның пайда
болуын уақытша тежейді. Майлы балауызданудың құрылуына өліктегі майлы
клечатканың дамуы септігін тигізеді.
Майлы балауыздану өлгеннен соң 2-4 айдан соң байқала бастайды. Ал
өліктің жекеленген бөліктерінде осы күйге айналуы ересек жануарларда 3-6
айдан соң байқалса, ал өліктің түгел дерлік балауыздануы-1 жылдан соң
байқалады. Берілген мерзімдер кей кездері ауытқуларға ұшырауы әбден мүмкін.

Майлы балаууызға айналған өлік механикалық зақымдануға сезімтал, ал
өзге қолайсыз жағдайларда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Майлы балауыздану
өліктегі алғашқы белгілерді өзіне бекітіп алуы мүмкін. Ол соттық-
ветеринарлық сараптауда қызығушылық тудыратын- жарақаттар, странгулярлы
ашу, қан құйылу, кейбір патологиялық процестер болуы мүмкін.
Шымтезектік илеу- бұл өліктің ерекше өзгерісі, ол шымтезектік батпақта
ұзақ уақыт батырылғанда байқалады. Жұмсақ ұлпалар бурыл- қара тү және
тығыздыққа ие болып, бүлінген теріні еске түсіреді. Шымтезектік илеуге
айналған өліктер, ұзақ уақыт сақталады.
Аутолитикалық және іріңділік процестерден басқа өлік тірі
организмдермен де бұзылады.
Өлік зиянкес және оның жұмыртқаларымен зақымданғанда толықтай және тез
бұзылады. Климаттық және маусымдық қолайлы жағдайларда жануар өлігіне
шыбындар өз жұмыртқасын тез арада салып үлгереді. Жұмыртқа салуға ең
ыңғайлы мүшелер ретінде көз аумағының бұрыштары, ауыз қуысы, мұрын
тесіктері, артқы тесіктік аумағы, қынап және өліктегі сыртқы зақымданулар
болып саналады. Жұмыртқадан 10-24 сағат өткеннен соң қуыршақтар жарылып
шығады. Соңғылары тереңірек енуге тырысады, яғни өліктің табиғи тесіктеріне
қарай, сонымен бірге ішкі органдарға еніп, кілегейлі қабық арқылы тері асты
клетчаткасына енеді. Асқорыту сөлімен қоса олар ұлпаларды тез зақымдап, көп
көлемде тесіктер жасайды. Бастапқыда жұмыртқалар тері астында орналасады,
кейін әрі қарай тесіктерін көбейтіп, үлкен көлемде өліктің беткі қабатына
шығады. 10-14 күннен соң жұмыртқалар қуыршақтанып, кейін ересек шыбындар
ұшып шығады. Қолайлы жағдайларды жылдың жылы мезгілінде шыбын және оның
жұмыртқалары аз уақытта қаңқаға айналдырып, тек кейбір аумағында сіңір,
байлам және кеуіп қалған терінің жекеленген аумақтарын қалдыруы мүмкін.
Шыбындар тек қана ашық жатқан жануар өлігіне ғана жұмыртқасын салып қоймай,
сонымен бірге борпылдақ топырақ арқылы жерленген өлікке де жетуі немесе
енуі мүмкін. Сонымен қоса жерленген жануар өлігіне шыбынмен топырақ бетіне
салынған жұмыртқалары енуі де мүмкін.
Әдетте көмілген жануар өлігінде, тірі кезіндегі шыбын жұмыртқасы
болса, ол өлікті бұзуға өз септігін тигізеді. Кейбір қоңыздар және олардың
жұмыртқалары да өлікте табылып олардың жұмсақ ұлпаларын жейді. Жекеленген
жағдайларда өліктің терісінде қоңыздар мен кемірілген көптеген дұрыс
дөңгелек тесіктер болуы мүмкін. Бұл тесіктер оқ-дәрімен жарақаттануды еске
түсіреді; ұқсастығы тесік айналасындағы қызыл қоршаудың барында, ол оқ-
дәрімен атылған жарақаттың қасиеттеріне ұқсас.
Терінің құрғақ қалдықтары, сіңір және байламдарда құрттармен және тұт
көбелегінің жұмыртқаларымен жойылуы мүмкін.
Егер өлік құмырсқа илеуінің жанында жерленген болса, барлық жұмсақ
ұлпалар құмырысқалармен жойылады. Құмырысқалар теріні жеу кезінде бурылдау
түсті із қалдырады. Сонымен қоса өмірлік улы заттардың әсері ретінде қате
қабылдауы мүмкін, қалыпсыз күйдегі птгментті консистенциялы із қалдырады.
Қырықаяқтар кейде терінің беткі қабатын жеп,(соның ішінде бет бөлімі
кіреді) бурыл-қызғылт түске бояйды.
Өліктің жұмсақ ұлпалары өзгеде зиянкестермен-кене, жезаяқтыларымен
зақымдануы мүмкін. Зиянкестер кей жағдайда мумификацияланған өлікті де
бұзады. өлімнің қорытындысын немесе өліктің белгілі бір нәрсемен
зақымданғанын, зиянкес бар жағына, даму дәрежесіне және зақымдану көлемін
анықтау қиынға соғады. Осыған негізделе отырып, өлімнің маусымдық
өзгешелігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жағдайда да
ветеринарлық-соттық дәрігермен ақылдасу қажет.
Өліктің бұзылуында жануарлардың да қатысы бар. Көбіне, өлікті жер асты
тышқандары мен егеуқұйпрықтар жейді. Бастапқыда жеуге беттің жұмсақ
ұлпалары, соның ішінде басты мақсатпен оның кейбір бөліктері ұрынады. өте
ірі жануарлар- түлкі, қасқырлар, жекелей немесе толықтай өлікті жойып
жіберуі мүмкін. Осы кезеңдерден соң өлікті жан-жаққа тасып әкету байқалады.
Құстар, әсіресе ірілері, ойылған жарақатты еске түсіретін, зақымдану
түсіріп, өліктің жұмсақ ұлпаларын жеуі мүмкін. Қарғалар өліктің көз алмасын
шұқып жейді.
Өлім жұмысшылары атты өліктің бұзылуының соттық-ветеринарлық мәні,
осы кезеңде аса маңызды өмірлік мәні бар мүшелер бұзылуы мүмкін, ал өзгеше
жағынан өлім кезіндегі жарақаттар тірі кездегі зақымданулар деп танылуы
мүмкін. Осындай жағдайда дұрыс қорытынды жасау үшін гистологиялық
зерттеулерді қолданады.
Өлікті бұзатын өсімдіктер қатарына зең саңырауқұлағын жатқызуға болады.
Ол топырақтағы өліктің ажырамас серігі, сонымен қоса жеткілікті
ылғалдылықта дамиды. Зең саңырауқұлағы алғашында бурыл түсті қалпына бетті
жаулап алады, кейін қою-ақшыл түске боялып бүкіл денеге тарайды. Зең
саңырауқұлағының өсуі ұлпалардың сусыздануына және кебудің өзіне тән
құбылыстарының дамуына септігін тигізеді.
Ұлпалардың жоғалуы саладарынан жерде жатқан өліктің қаңқасынан шөптер
және көпжылдық өсімдіктер өсіп шығады. Кейбір жағдайларда, ботаник-маман
көмегімен өлік сүйегінен өсіп шыққан өсу жасын анықтап, өліктің сүйектену
ұзақтылығын анықтаған.
Өлімді оқып-үйрену
Себебіне байланыссыз барлық өлім үш өміршеңдігі маңызды организмдердің
қызметінің тоқтауымен сипатталады. Оларға: тыныс алу, жүрек-қантамыр және
орталық жүйке жүйесі жатады. Осы жүйелердің соңғы қорытындысы ретінде дене
клеткаларының өлуі, бұл оларға оттегінің түсуінің тоқтауы салдарынан
туындайды.Тыныс алу қимылының тоқтауынан қанның желдетілуі доғарылады,
яғни бұл ұлпалық алмасу кезінде жиналған, оның оттегіне толып, көміртегіні
босататын қызметінің бұзылуы болып есептеледі.
Жүректің тоқтауынан организмдегі барлық қан айналу қызметі бұзылады,
ұлпаларға және мүшелерге оттегінің берілуі тоқтап, ондағы алмасу
өнімдерінің қажеттілігі төмендейді.
Өлім келуінің жылдамдығы кең, шектеулі дәрежеде. Ол түрлі ауруларда,
жүдеуде және созылмалы улануларда өзіндік жай сипатқа ие болуы мүмкін. Осы
жағдайларда өлімнің келуіне көп жағдайда өлім мен өмір арасындағы шекара
кедергі болады. Бұл құбылысты азональды кезең деп айтуға да болады. Агония
кезінде біртіндеп өлуі байқалады. Оларға: тыныс алудың жиілеуі, беткі
естілуі, кейде қоңыраулы, бірнеше минуттық үзіліспен , жүрек үндері-
өтетіні, жүректің соғу ритмі тез өзгереді, кей жағдайларда дірілдеу, несеп
пен нәжістің еріксіз бөлінуі байқалады. Өліктің сыртқы түрі өзгеріске тез
ұшырайды. Мысалға, беті күңгірттенген, бұлшық ет босаңсыған, оттегінің тепе-
теңдігінің бұзылуы салдарынан жұмсақ ұлпалар өзгерген, сілті және тұздардың
жетіспеуінен көз алмасы бұзылған, ауыз бұрыштары, кейде жақтың бүкіл бөлігі
түсіп кетеді. өлім миокард инфарктісі кезінде, өміршеңді мүшелер
қоректеетін ірі қантамырларының бітелуінде, ауыр жарақаттарда, кейбір
улануларда, электр тогымен зақымданғанда тез және кенеттен туындауы мүмкін.

Өлімнің клиникалық және биологиялық түрлерін ажыратады. Клиникалық өлім
байқалатын өмір белгілерінің, яғни тыныс алу, рефлекстеріне және жүрек
соғуының тоқтатылуымен анықталады. Бірақ мұндай жағдай дер кезінде
ветеринарлық шара қолдана отырып, жануарды сақтап қалуға болады.
Клиникалық өмір жағдайы өте аз ғана уақыт байқалса, кейін беті қайтпас
биологиялық өлім туындайды. Ол өмірге маңызды мүшелердің өлуімен, соның
ішінде орталық жүйке жүйесінің, оттегі жеткіліксіздігі салдарынан өз
жұмысын тоқтатады. Биологиялық өлімнен соң кейбір ұлпалар ұзағырақ өмір
сүре алады, мысалға жануар түгі мен тұяғы бірнеше күн бойы өсуге бейім.
Өлім себебінің классификациясы.Өлім себебі табиғи және қорлау арқылы
болған болып екі түрге бөлінеді. Өлімнің табиғи себебіне аурулар мен қартаю
себебі жатқызылады. Сонымен қоса табиғи өлім себебіне аналық малдың
жатырындағы төлдің өлі тууы, немесе жеткіліксіздігі салдарынан өлуі немесе
өміршеңдігі төмен, дамымаған төлдер өлімі жатады.
Қорлау арқылы көрінетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі
Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Қарасанмен ауырған мал еті
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Қойдың брадзоты
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Соттық сараптаудың жалпы жағдайы
Пәндер