Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат

Тақырыбы:Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету

Орындаған:Ермахан А

Тобы:ПА-106

Қабылдаған:Дауқабақ У

Алматы 2016ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1 Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері

2. 2 Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

2. 3 Қоныстандыру және көшіру

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

2. 1 Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және тетенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

- қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологияяық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздаңдыруды жүргізу.

Қорғаныс гымараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі. Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талатарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады. Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналык қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады. Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету жөне оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады [1] .

2. 2. Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері .

Көшіру шараларызілзалаға, апаттарға душар болу ы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметшілерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдісі болып табылады. Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

Көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

Қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйывмшылдықпен апру және оранластыру. Қаладағы ұйымдардатек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апрып қайту ең аз уақыты ескере отырып ұйымдастырылады. Көшіру шарларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ - бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ. Барлық көшірілген халық қауіпсіз амақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуы тиіс.

Көшірудің негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санытын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу

- көшіру шараларын жүргізу кзінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін халықты жолда орналастыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сонжай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергіліктіотқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті отқарушы оргвндар, ұйымдар олдын ала жүргізеді. Барлық категориядағы халықты көшіруді және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар орналастырады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу мерзімі оның аяқталуы болып саналады. Қауіпсіз аймаққа көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді. Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі, және солардың шешімімен бекітіледі. Осы шешімдер негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты оранластыру аудандарын Республика үкіметі, жергілікті атқарушы орагндар белгілейді. Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы ораналастру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа ораналастыру.

Көшіру тізімдері үш данада жасалады. Біреуі - ұйымда немесе пәтерлерді иеленуші коопертивінде қалады, екіншісі - көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пунктте (тізімді анықтағаннак кейін) жіберіледі, үшіншісі - бытыраңқы оранластыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі. Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы оранластыратын және көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, ораналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.

Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері. Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспаралауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шеші үшін көлікке отырғзу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады. Көшіру комиссиялары республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведомстволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Көшіру комиссияларының құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарның бірі көшіру комиссиясының төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, ілім, әлеуметтік қөамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттарының, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Көшіру комиссияның негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау [2] .

2. 3. Ұжымдық қорғаныс құралдары, қорғаныс құрылымдары.

Ұжымдық қорғаныс құралдары қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады. Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар жатады.

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т. б. ) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т. б. ) болып бөлінеді.

Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады.

Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру.

Апаттар кезіндегі медицина қызметi - зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету жолымен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға және төтенше жағдайлар аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды өткiзу мен төтенше жағдайларды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтiруге арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды қадағалау және бақылау бөлiмшелерi (апаттар медицинасының кезекшi - диспетчерлiк пункттерi), төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның шұғыл медициналық көмек қызметi, денсаулық сақтау жүйесiнiң шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына келтiру емi мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметi, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, Азаматтық қорғаныс медициналық қызметiнiң мекемелерi мен құрамалары, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кiредi.

Апаттар медицинасының құрамалары - төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс iстеуге арналған, төтенше жағдайлар аймақтарында шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшiн құрылатын жасақтар, топтар, бригадалар және басқа да бөлiмшелер. Төтенше жағдайлар кезiнде халыққа шұғыл медициналық көмек - төтенше жағдайлар кезiнде шекарада немесе тiкелей төтенше жағдайлар аймағында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу iс-шараларының кешенiн ұсыну нысаны.

Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң түрi - медициналық көмек көрсететiн тұлғалардың бiлiктiлiгiмен өткiзiлетiн орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу - алдын алу iс-шараларының тiзбесi

Шұғыл медициналық көмектiң көлемi - тiршiлiк көрсеткiштерi бойынша төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңiнiң мүмкiндiктерiне байланысты медициналық көмек түрiнiң шеңберiнде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу iс-шараларының жиынтығы. Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмеккөрсетудi ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезiнде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайлардың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады. Объектiлiк төтенше жағдайлар кезiнде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетудi күнделiктi қызмет режимiнде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

Жергiлiктi, өңiрлiк және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттар медицинасы қызметiнiң күштерi мен құралдары қолданысқа енгiзiледi. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестiре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесiне қарай кезеңдiк емдеу әдiсiмен ұсынылады.

Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлiк ұйымдарының қызметкерлерi мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек iс-шараларын жүргiзу үшiн алдын ала ұдайы әзiрлiктегi апаттар медицинасы құрамалары құрылады және ұсталады. Апаттар медицинасы құрамаларын құру тәртiбiн және жұмыс ережесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

Төтенше жағдай аймағынан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрi медициналық көмек көрсетудi, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады [3] .

2. 4 . Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің ТЖ кезіндегі міндеттері.

Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай кезіндегі білікті медициналық көмек ұйымдастыру
Жедел медициналық көмек
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Халықты қорғауды ұйымдастыру
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық
Төтенше жағдайда қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz