Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Жоспар
Реферат
Кіріспе
1.тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай.күйі және болашағы.
1.1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары.
1.2 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері.
1.3 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы.
1.4 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі.
2.тарау. Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі.
2.1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.
2.2 Қазақстан Республикасының Жоғарға Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметінің конституциялық.құқықтық негіздері.
2.3 Жалпы юрисдикциялық соттар.
3.тарау. Сот билігі жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері.
3.1 Қазіргі Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудың өзекті мәселелері.
3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Менің бітіру жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау. Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан туындайды және сол үшін сот қадағалауы негізделетін фундаментін нақты білу қажет, тақырып бойынша әдебиеттер мен нормативтік актілерге талдау жасау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.
2. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.
2. Арнайы әдебиет:
1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
2. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
3. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.
4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
6. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
7. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
8. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
9. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
10. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
11. Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет.
12. Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.
13. Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33
14. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001
15. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет
16. Судоустройство и правоохранительные органы в РФ/ В.И.Швецовтың жалпы редакциялығымен, - М., 1997.- 27-33беттер.
17. Кальсин И. Свобода слова и правосудие. Жинақта: Журналист у судебного барьера. – Алматы, 2001. – 28-бет.
18. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы.-М., 1996 - 55 бет.
19. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы РК. – Алматы:Дәнекер,2000. – 11-бет.
20. Кудряцев В.Н. Право и поведение. М. 1988. С.118.
21. Международно-правовая защита прав и свобод человека. Сборник документов. М.1990. С.324-329
22. Обязанности суда, обвинения и защиты. «Юридическая газета». 1999.10 ноября.
23. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М. 1999. С.157-158.
24. Токвил А. Де. Демократия в Америке. – М. Прогресс, 1992. – С.120.
25. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. – М.: Юристь,1997. 301-304 беттер
26. Гунель М. Введение в публичное право. М. 1995. С70.
27. Теория государства и права. Под. ред. проф. В.Г. Стрекозова. М.: ИПП «Отечество». 1993.
28. Судоустройство: Сборник нормативных документов. Сост. А.П. Рыжаков, А.И. Сергеев. – М.: «Белые альвы». 1995. С.23
29. Международный пакт о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966. С.14
30. Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы (жоба) // Юридическая газета. – 2001.- 8 тамыз
31. Судебные речи известных русских юристов. Сборник. Дело Максименко. Госюриздат. М. 1958. С. 865.
32. www.gazeta.kz/print.asp?aid=52665

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Реферат
Кіріспе
1-тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және
болашағы.
1. Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары.
2. Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес
принциптері.
3. Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы.
4. Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі.
2.1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.
2.2 Қазақстан Республикасының Жоғарға Сот Кеңесі мен Әділет
біліктілік алқасы қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері.
2.3 Жалпы юрисдикциялық соттар.
3-тарау. Сот билігі жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері.
3.1 Қазіргі Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудың өзекті
мәселелері.
3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері
институтын енгізу мәселесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар
Реферат
Менің бітіру жұмысымның тақырыбы – “Сот билігінің конституциялық-
құқықтық негіздері”.
Бітіру жұмыс 3 тараудан тұрады:

Бұл тарауда Қазақстандағы сот билігінің даму тарихы, әртүрлі
авторлардың сот билігі ұғымына берген анықтамалары, сот төрелігі ұғымының
түсінігі, басқа елдерде сот билігі қандай нысанда жүзеге асырылатыны
туралы мәселелер қарастырылады.

Бұл тарауда сот билігінің жүйесіне кіретін Жоғары Сот, Жоғарғы Сот
кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы, жалпы юрисдикциялық соттардың
құзыреттері туралы сипатталған.

Осы тарауда ҚР-ның сот жүйесін демократиялық бағытта дамытудағы
жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы, соның ішінде алқа заседательдері
институтын енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.
Сонымен бірге тақырыпқа байланысты қосымша метериалдар: диаграммала,
сызба нұсқаларды қолдандым.
Бітіру жұмысында жиі қолданылатын ұғымдар: сот билігі, судья, сот
төрелігі.
Кіріспе
1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата
Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
жариялады.[1]
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы
мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру
демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік
құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде
бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген
бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің,
оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып
табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді.
Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете
отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот
билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың
қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады.
Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің
қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде
келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің
барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену,
зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес
мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот
төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті
мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Менің бітіру жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
сот реформаларын талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер
көмегімен қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан туындайды және сол үшін сот
қадағалауы негізделетін фундаментін нақты білу қажет, тақырып бойынша
әдебиеттер мен нормативтік актілерге талдау жасау керек.

1.1Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары.
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы –
қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін
қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ
даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет
аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің
тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.[2]
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің
қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші
нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның
ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын
талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және
шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру
әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт
беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен
тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді
ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса
құрметті және тәуелсіз орган болған.
Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот
құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте
жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын.
Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп
көрсетілді.Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде
сайланды.[3]
Сот құрылысы туралы №1 декркетте жергілікті соттардың қылмыстық
және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі
жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын
істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне
келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік
судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына
бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және
шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері
сайланды. Революциялық трибуналдар – революцияға қарсы шыққандармен, пара
алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды.[4]
1918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен
соттың атын – “ Жергілікті халық соты” деп өзгертті және бұл соттардың ауыр
қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін
олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік
соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі
бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот
жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады:
1) жергілікті халық соты;
2) аймақтық сот;
3) облыстық сот;
4) жоғарғы бақылайтын сот.
Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі –
істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып
саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой)
судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады.
Шындығында Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңіндегі сот жүйесі қым-қуат,
аласапыран кезде белгілі бір бағыт-бағдарда ойдағыдай жұмыс жасамады.
Жоғарыда аталған сот жөніндегі №1, 2, 3, декреттер сот өндірісіндегі
прцессуалдық іс жүргізудің ережелерін,бағыт-бағдарларын бір жүйеге келтіре
алмады.бұл кемшілік 1918 жылғы 23 шілдеде РСФСР Юстиция Халық
Комиссириатының “Жергілікті халық соттарының іс-әрекетін ұйымдастыру”
жөніндегі нұсқауында атап көрсетілді. Осы пәрменді құжаттан кейін Қазақстан
аумағындағы Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Қарағанды және Түркістан өлкесіне
қарайтын Жетісу, Сырдария облыстарындағы уездерде халық соттары жедел
түрде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1918 жылдың тамыз айына дейін облыс,
уездерде 63 жергілікті халық соты құрылып үлгерген болатын.[5]
Бірақ бұл құрылған жергілікті халық соттары азамат соғысы жылдары кезінде
өз міндеттерін уақытша ғана атқарды. Аталған бұл соттармен қатар
революциялық трибуналдар да құқықтық тәртіпті қорғау негізінде сот істеріне
араласты.
1918 жылы 14 қазанда Әскери революциялық кеңестің жанынан Әскери
революциялық трибунал құрылды. Бұл орган негізінен шпиондық әрекеттерді,
ақгвардияшылардың үгіт-насихаттарын жүргізушілерді, шетел агенттерін ұстап
жауапқа тартты. Сонымен қатар, бұл орган әскери қылмыстарды қарады.
Әскери революциялық трибуналмен бірге құқықтық қызметті революциялық
трибуналдар да атқарды. Революциялық трибуналдардың құрамын, сондай-ақ
олардың жанындағы тергеу комиссияларының құрамын,олардың алты
заседательдерін жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарның кеңесі
сайлады. Революциялық трибуналдар жанынан ұйымдастырылатын тергеу
комиссиялары алдын ала тергеу жүргізу және қамауға алу, тінту,құжаттарды
алып қою, мүлікті тәркілеу және газеттерді жабу құқығына ие болды.
Революциялық трибуналдар жанынан сонымен қатар айыптаушылар алқалары да
құрылды.
Қазақстан аумағында ең алғашқы революциялық трибунал жылы 28
желтоқсанда Ақмола құрылды.
1918 жылғы 30 қарашада шыққан “РСФСР-дағы халық соттарының ережелері”
деген заң құжаты біріңғай кеңестік сот жүйесін ыңғайлауға айтарлықтай үлес
қосты. Ал, Қазақстан үшін 1919 жылы 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару
жөнінде құрылған Революциялық комитет Қазақстандағы соттар мына
төмендегідей ретте жүйеледі:
1. Аралық сот.
2. Уездік халық соты.
3. Аймақтық сот.
4. Революциялық трибунал.
Аралық сот ең төменгі сатыда билік жүргізді. Ол ауылдық, болыстық
атқару комитеті негізінде құрылып, қазақ, өзбек, ұйғыр және тағы басқа
халықтар арасында өрбіген мүліктік дау-шараларды қарап шешті.
Аралық соттар дауларды шешу үшін әдет-ғұрып заңдарына сүйенді. Бұл
соттардың шешімдері жергілікті кеңесте сақталатын арнайы кітапшыға жазылды.
Және бұл соттардың шешімдер бойынша уездік халық соттарына шағымдануға
болады деп көрсетті.[6]
Уездік сот революциялық трибуналдың соттылығына жататын істен
басқа, азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Аралас халық тұратын жерде
уездік халық соты екі бөлім негізінде құрылып,қазақ және орыс тілдерінде іс
жүргізді.
1926 жылы 19 қарашада РСФСР Бүкілодақтық Орталық Атқару
Комитетінің бекітуімен жаңа “Сот құрылысы туралы ” ереже қабылданды.
1937 жылы 26 мамырда қабылданған Қазақ ССР конституциясының 83-бабы
екгізінде мынадай сот жүйесі белгіленді:
1) халық соты;
2) облыстық сот;
3) Қазақ ССР Жоғарғы Соты;
4) КСРО-ның арнайы соты.
Қазақ ССР Конституциясының 88-бабы бойынша: “Халық соттарының
судьяларын аудан халқы жалпыға тән төте және тең сайлау құқығымен жабық
дауыс беру арқылы 3 жыл мерзімге сайлады. Халық соттарына судьялардың
кандидаттарын ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары және мәдениет
ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болады.”
Ұлы Отан соғыстары жылдарында көптеген сот қызметкерлерін әскерге
шақырып майданға аттандырды(207 халық сотының судьясы, 44 облыстық сот
мүшесі).
Сот қызметтерін ұйымдастыру мен оларға жағдай жасау (кадрларды
дайындау, халық судьясына сайлауды ұйымдастыру, соттарды қаржыландыру)
Қазақ ССР Юстиция Халық Комиссириаты мен облыстық еңбекші кеңес
депуттатарының жанындағы Юстиция Халық Комиссириатының басқармасына
жүктелді. Бұл орган 1946 жылы Қазақ ССР Юстиция Министрлігі болып қайта
құрылды.
1960 жылы 1 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Төралқасы “Қазақ
ССР Юстиция министрлігін қысқарту туралы” жарлық қабылданды. Министрліктің
сот мекемелері жөніндегі басшылық, қызметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына
берілді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарына атқарып келді.
1954 жылы 14 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі “Одақтас республикалар мен
автономиялық республикалардың Жоғарғы Соты құрамында және өлкелік,
облыстық соттарда, автономиялық облыстарда төралқа құру туралы ” Жарлық
қабылдады.
1978 жылы 20 тамызда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша, Қазақ ССР соттарына: Қазақ
ССР Жоғарғы Сот, облыстық соттар және Алматы қалалық соты, аудандық халық
соттары жатқызылды.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы
Н.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті қызметіне тағайындап, Қазақ ССР
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда
қабылданған Конституцияның 16-тарау сот билігіне арналды. Осы
Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа,
Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі
екендігі атап көрсетілді.
1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “ ҚР-дағы
соттар мен судьялардың мәртебесі туралы туралы” Жарлығы шықты. 84 баптан
тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен
судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай
келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді.
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000
жылы 25 желтоқсанда “ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ”
конституциялық заңы қабылданды. Бұл конституциялық заң бойынша көптеген
өзгерістер енгізілді.
Қазан төңкерісінен кейінгі уақыттан бастап осы күнге дейін
мемлекетіміздің тарихында бес Конституция қабылданғанын және сол
Конституцияларда көрсетілген сот жүйелері өз заманында өмір талабын
лайықты қызмет атқарғанын, қажет кезде тиісті толықтырулар мен өзгертулер
жасалып отырғанын байқаймыз.
Коммунизм кезінде биліктің үш тармаққа бөлінуі буржуазиялық өтірік
болды.1917 жылдан бастап жалпы адамдық құндылықтар жоққа шығарылды.
Әділеттілікке байланысты халықаралық нормалар қабылдағаннан кейін де бұл
жағдай сол күйінде қала берді. Адам құқықтары туралы жалпы декларациясында
былай жазылған: “Кез келген адам құқықтары бұзылған жағдайда құзыретті
ұлттық соттар негізінде нәтижелі қалпына келтіруге құқығы бар.” Мұндай
құқық туралы КСРО-да сөз болған жоқ. Социалистік жылдар кезінде соттар
партияның қатаң қадағалауында болды. Соттардың 90%-ке дейін партия
мүшелерімен тағайындалатын, Сот шешімі партия мүшелерінің келісімімен
анықталатын. Жоғарғы соттар партиямен сайланып, оларға есеп беретін және
олардың шешімімен жұмыстан босатылатын.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және
атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын
білдіреді.
“Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
туралы” ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі
Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нориативтік құқықтық
актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет
етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген
құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады.
Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми
жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына
айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз
жұмыстарында қарастырды.
Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең
маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және
әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат
қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып
табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет
орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары
әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік
тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы
теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-
әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін
бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай
әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол
қандай қиындықтарға кезігіп отыр – міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да
тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.[7]
“Сот билігі” ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және
жақында – 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына
байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде
теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін
мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік
биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты
проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот – құқық қорғау органы
жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды.[8]
Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот
билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында
ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды
болды.[9] Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік
биліктің тәуелсіз буыны ретінде ролін көрсете отырып, “Тәуелсіз сот билігі
құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты
кепілі бола бастады”.[10] Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов,
К.Ф. Гуценко және В.М. Ковалев бөліседі.
Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін
жүзеге асыруымен байланыстырады. Мәселен, У.Жекебаев және В.К. Бобров, сот
билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет
жағдайында сот қызметін жүзеге асырудағы аса маңызды белгілері мен
қызметтерін негіздеу тұрғысында қаралуға тиіс.[11]
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде
көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып
табылатын бір сот төрелігінжүзеге асырумен ғанашектеуге болмайды. Алайда
Қ.Ә.Мәми дұрыс ажыратқандай “сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын
неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни
мемлекеттетігінде оның ролі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан
айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет”.[12]
“Сот билігін, - дейді В.М.Савицкий, - құқықтық мемлекеттің негізгі
құрылымдарының бірі ретінде азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген
нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. ...
Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың
сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін”.[13]
Сот төрелігі саласынан басқа да сот билігі соттың басқа да
функцияларды жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:
- анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қабылдаған
шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықты бақылау;
- азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын
бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау;
- соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді
қолдану тәжірибесін зерделеу және жинақтау;
- жеке қаулылылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс
жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды
келтіру;
- республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі
мәселелері бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;
- жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу
әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыруы және т.б.
Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі – нақты судьяға ма
немесе сот мекемесіне ме деген сұрақ талқыға түсті. Б.А. Страшун және
А.А.Мишин “сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету құралы ретінде
барлық сот органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот органы сот билігін
ұстанушылар болып табылады”- деп есептейді.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң
шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен
заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа
алуға) бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де құқықтық актілерді
дұрыс қолданумен, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы танылған
халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге
тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс
жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар мен заң
шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, заң шығарушылық билік органдары (соттарды ұйымдастыру
және олардың қызметін регламенттейтін заңдарды қабылдаумен қатар) ҚР
Парламенті Сенатының атынан:
- ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусын қалыптастырады;
- Судьяларды осы соттың лауазымынан босату туралы мәселені
шешеді;
- ҚР Конституциясының 55-бабының 3-тармағында белгіленген
жағдайларда судьяларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім береді
және т.б.
Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы
ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды.
Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарының, сондай-ақ олардың
лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне
шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушылық
билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның
31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді
Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз
етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның
басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру
бойынша олардың қызметне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен
берілген функцияларды жүзеге асырады.
Осылайша, Сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету
өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы
олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің
шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен
фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелеріне сүйене
отырып, Қ.Ә.Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:
Бірінші белгі – бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас
мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны
мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген
мемлекеттік органдар билік тармағының табиғатына келе бермейтін қызметтерді
орындайды.
Екінші белгі – сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға –
Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.
Үшінші белгі – оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен
құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері
мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ
мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық,
функционалдық және қаржылық дербестікке ұсынатын сот билігінің
тәуелсіздігі.
Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға:
Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының
Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын
білдіреді. Сонымен бірге абсалюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды,
өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң
актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерін тек сот
күшін жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.
Төртінші белгі – бұл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы:
Қазақстан Республикасының атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін
жария ету.
Бесінші белгі – сот төрелігің, яғни құқықтық даулар мен істерді
қарауға байланысты жүзеге асыру.
Алтыншы белгі – осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік
құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған
дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға
байланысты жанжалдарда қарамайды және шешпейді.
Жетінші белгі – осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз
ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу).
Сегізінші белгі – осы биліктің құқық қорғау сипаты, қызметінде осыған
байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз
ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау.
Тоғызыншы белгі – оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен
қамтамасыз ету.
Жазылғандарды ескере отырып, сот билігін Қ.Ә.Мәми азаматтардың,
мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандындықтарын және заңды мүдделерін
қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген
басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен
Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу
нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағындағы міндетті
сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз
ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын,
Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы
ретінде айқындайды.[14]
Мәселен, В.И.Швецов сот билігінің мынадай белгілерін көрсетеді:
1) оны арнайы мемлекеттің органдардың жүзеге асыруы;
2) оның біртұтас сот жүйесін құрайтын соттарға тиесілігі;
3) қоғамда тиісті құқықтық режимді қаматамасыз ету;
4) оны түрлі құқықтық нысандармен жүзеге асыру;
5) оны іс жүргізу заңдарының негізінде және қатаң жүзеге асыру;
6) құқық қорғау органы болып табылатын соттың тәуелсіздігі, дербестігі
және оқшаулығы;
7) айрықшалығы;
8) сот өкілеттігінің биліктік сипаты;
9) сот талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оның шешімдерін
мемлекетің күшімен орындау.[15]
Осылайша, тәуелсіз және кәсіпқой сот билігі қылмыстық, азаматтық
және заңмен белгіленген барлық істер мен құқық және фактілер туралы
дауларды қарауға және шешуге бағытталған сот ісін жүргізу нысандары
саласындары саласында соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіндігін білдіреді.
Оның үстіне, соңғы уақытта сот қызметі мен дербестігін ұйымдастыруда көп
нәрсе жасалады және жасалуда. Олардың материалдық базасы нығаюда,
материалдық ынталандыру айтарлықтай өсті.[16]
Қазақстан Республикасында сот билігі шындыққа айналды. Бұл біздің
мемлекеттілігімізді дамытуда басты жетістіктердің бірі. Бүгінде сот билігі
мемлекеттік биліктің барлық қажетті атрибуттарына ие. Ол оны мемлекет
тұрақтандырушы күшке айналдарды, қоғамды әлеуметтік тартыстардан қорғайды.
Оған басқа органдар мен адамдардың іс-әрекеттері мен заң шығарушы және
атқарушы биліктің іс-әрекеттері мен шешімдеріне белсенді әсер етудің,
оларды “теңдестірудің” заңдық мүмкіндігін білдіретін сот билігі
өкілеттіктерінің тұжырымды жаңа түрі.
1.2 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес
принциптері.
Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске
асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып
табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі
қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс
жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық
нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау
және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды.[17] Осы анықтама, сондай-
ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық
Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын
ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың
қатарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот
жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот
жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың
мәртебесінің өзгешелігі олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне
байланысты;
2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында(ҚІЖК, АІЖК) белгіленген
тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты
мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және
шешу (қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару
арқылы) арқылы жүзеге асырылады;
3. Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге
белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының
міндетті қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот
қорғау немесе айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған
дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай
келетін шешім шығыруға тиіс;
4. Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды
күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да
республиканың барлық аумағындағыбарлық мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін
міндетті болып табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан
жалтару заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот
актілерін тек жоғары тұрған соттар және тек іс жүргізу заңнамасында
белгіленген тәртіппен өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін.
5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда
және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды
басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және
мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.[18]
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың
мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-
бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге
асырады. Сот төрелігіне нақты адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және
оған жазалау, не заңда белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ
заңсыз және негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші
сөз оған тиесілі.
Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге
асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау
бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын
ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық
қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге
асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің
тұтастай алғанда жүрегі.[19]
Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын,
заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот
шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша
шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға
міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе
істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін
міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға
жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі
келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды
қолдануға әкеледі. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес сот
үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісіно рындамау айыппұл салуға не
қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қамауға алуға әкеп соқтырды.
Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы
түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы
жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган –
сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа
органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі
функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот
жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында
белгіленген.
Аталған айырмашылық белгілерді ескере отырып, сот төрелігін соттың сот
шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін
қамтамасыз ететін заңның талаптары мен онымен белгіленген тәртібін
бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен
белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін
жүзеге асыру ретінде айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағына
сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде төмендегі негізгі
принциптерді басшылыққа алуы тиіс:
1. кінәсіз деп жорамалдау;
2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға
болмайтындығы;
3. заңда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;
4. әркімнің өз сөзін тыңдатуға құқылығы;
5. жауапкершілікті күшейтуге және жауапкершілікті жеңілдетуге жол
берілмейтіндігі;
6. айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7. ешкім өзіне-өзі, туыстары мен жақын адамдарына қарсы айғақ беруге
міндетті еместігі. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға
қарсы куәгер болуға міндетті емес.
8. адамның кінәлі екендігі жөнінде кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылатындағы;
9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтындығы. Ешкім
өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиіс емес;
10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында сот билігін тікелей жүзеге асыру
төменде қаралатын басты принциптерге негізделеді.(1-сызба нұсқа)
Заңдылықтың сақталуы. Заңдылық мемлекет пен құқықтың жалпыға бірдей
принцип болып табылады, ол жас, егемен Қазақстан үшін толық дәрежеде сотты
ұйымдастыру мен оның қызметіне де қолданылады.Заңдылық принципі
демократияның аса маңызды элементі болып табылады. Бұл екі ұғым бір-бірімен
мейлінше өзара байланысты, өзара тәуелді: елде демократиясыз заңдылықтың
болуы мүмкін емес, керісінше, мемлекетте заңдылық сақталмай демократияның
болуы да мүмкін емес.[20] Құқықтық мемлекеттің сот төрелігінде заңдылықтың
сақталуы принципі заңдылықтың аса маңызды талаптарының сот қызметіне
қолданылуын көздейді. Заңдылықтың демократиялық саяси биліктер және басқа
жағдайларда көрінетін негізгі қысқаша нақтыланған түрі В.Н. Кудряцевтің
пікірі бойынша төмендегідей:
- құқықтың жалпыға ортақтығы, яғни заңның араласу қажетін барлық қоғамдық
қатынастар билеп-төстеу жолымен емес, заңмен реттелетіндей заңдылық қажет;
- Конституция мен заңның басымдығы;
- барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі;
- құқықтарды жүзеге асыратын арнаулы және заңдық механизмдердің болуы(
міндеттерді қатаң сақтау мен орындау; субьективтік құқықтарды пайдалану
үшін кедергісіз мүмкіндіктердің болуы);
- құқықты кепілді, сапалы қолдану,құқық бұзушылыққа қарсы белсенді және
батыл күрес жүргізу, заңды бұзғандардың бәрінің заң алдындағы сөзсіз
жауаптылығы;
- құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, баяндылығы, құқықтық реттеудің барлық
тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі.
Осы талаптар заңдылықты қалыптастырады; бұл талаптардың жиынтық
сипаттама болуы қоғам өмірінен билеп төсеудің, жеке өктемдіктің,
бақылаусыздықтың жойылуына жағдай жасайды және түпкі нәтижесінде заң
нормаларында көзделгеннің бәрі нақты іске асады, адамдардың – қоғамдық
қатынас қатысушыларының іс жүзіндегі мінез-құлқынан көрініс тауып, бұл
қатынастардың шын мәніндегі заңдылығы қатаң құқық тәртібіне айналу үшін
оларды заңдылық мұраттарына сәйкес келтіруді көздейді.[21]
Біздігі соттардың, шын мәнінде құқықтын туындайтын өзіне тән,
қалыптасқан міндеті бар, яғни заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайда
жеке қаулы шығарады. Статистика көрсетіп отырғанындай, 1998 жылы
республиканың сот органдарына түскен қылмыстық істердің жалпы саны азайып,
тиісінше осы істерге қатысты сот төрелігі шығапған шешімдердің қатесі
едәуір көбейген.
Мына бір мысалға назар аударайық: 199 жылы Алматы облыстық сотының
тәртіптік алқасына 34 судья жөнінде 30 іс келіп түскен.
Аталған істердің 16-сын Әділет басқармасының бастығы, 18-ін
облыстық соттың төрағасы қозғаған, оның ішінде 4 судья жөніндегі іс бірігіп
қозғалған.
Атап айтқанда:
- материалдық және процессуалдық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін –19 іс;
- жаман әрекеттер жасағаны үшін –3 іс;
- істерді қарау мерзімін бұзғаны үшін – 10 іс;
- еңбек тәртібін бұзғаны үшін – 1 іс;
- сот жұмысын ұйымдастыруда жіберген кемшіліктері үшін – 11 іс
қозғалған.
Істерді қарау барысында: 5 судьяға қатаң сөгіс; 8 судьяға – сөгіс; 8 судьға
ескерту жарияланып, 13 судья жөнінде талқылаумен шектелген.
Жалпы өкілетті соттардың қарауына жататын қылмыстық істер бойынша заң
бұзушылықтардың аса көптігі Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүзеге
асыруға қиындық келтіріп отыр. Мұндай заң бұзушылықтар алдын-ала тергеу
органдарында да және алдын ала анықтаудың әртүрлі сатысындағы
прокурорлардың арасында да орын алуда. Іс жұргізуде заңдылықтың бұзылуы
мынадай жағдайларға: қылмыстық іс жүргізу мерзіміне, қорғалу құқығын
қамтамасыз етуге, дәлелдемелердә бағалауға, сараптама тағайындауға,
танушыларды тартуға, куәлердің іспен танысуына, алдын ала тергеу мен
анықтаудың толықтығына, прокурор енгізетін іс жүргізу құжаттарының сапасына
және іс бойынша қорытындысына, істің нәтижесіне мүдделік танытуға, алдын
ала анықтау сатысында істің тоқталуының заңдылығына қатысты
адамдарды(күділіктерді, куәларды) қабылдау-тарату орындарында ұстауға және
т.б. байланысты орын алады. Осы айтылған заңдылықты бұзу деректері бойынша
судьялар жеке ұйғарулар(қаулылар) шығарады. Заңдылық сақшыларының
өздерінің қызмет бабына деген жауапкершілігі әзірге жоғары деңгейде емес.
Аудандық(қалалық) соттар сан жағынан ең көп қаулыны (2398) Қазақстан
Республикасы Ішкі Істер министрлігі қызметкерлері атына, тиісінше,
прокарктура органдарына – 948, Ұлттық қауіпсіздік комитеті(ҰҚК)
департаменттеріне – 62 жеке қаулы шығарған.( 2-сурет)
Жеке қаулыларды шығаруға себепші болған заңдылықтың бұзылу көріністері
егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде заңдылықтың сақталуына тиісті
ықпал етпей отыр.
Ал мамандар мойындап отырғандай, жеке қаулыларды тиісінше орындау
туралы мәселе әлі де болсын сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ең осал
буындарының бірі ретінде қалып отыр.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек Конституция мен заңға
бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті шарттары, іс бойынша шындыққа
қол жеткізудің аса маңызды кепілдіктері болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігі судьялар сот процесінің барлық
сатысында бүкіл іс жүргізу жұмысын орындау кезінде тәуелсіз болатындай етіп
құрылады. Сатыларға бөлінетін сот процесіне:
- сот шешімі, үкімі, ұйғаруы,қаулысы;
- апелляциялық іс жүргізу;
- қадағалау ісі жатады.
Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы ықпал
етулерде тәуелсіз, дәлелдермен және істің бүкіл материалдарымен мұқият
танысып, зерттейді, сонан соң өзінің іштей берік сенім негізінде
конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды. Бірде-бір
істі қалай шешу туралы нұсқау беруге хақысы жоқ.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот органдарының ешқандай
иерархиялығына жол берілмейтінін атап көрсеткен жөн: бірінші сатыдағы сот
тек қана заңға бағына отырып, нақты іс бойынша үкім шығару жөнінде жоғары
тұрған сотқа тәуелсіз.
Апелляциялық немесе қадағалау сот сатысының да өздерінің қаулыларында
бірінші сатыдағы сотқа айыптаудың дәлелдігі немесе дәлелсіздігі, нендей бір
дәлелдеменің айғақтылығы мен айғақсыздығы туралы, бір дәлелдеменің басқа
дәлелмдемеден басымдығы туралы мәселені күні бойы шешетіндей нұсқаулар
беруге, жаза шараларын ұсынуға хақысы жоқ.
Осы көзқарас тұрғысынан сот төрелігін жүзеге асырудың аса маңызды
принциптерін зерттей отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1995
жылғы 29 қарашадағы және 13 желтоқсандағы қарарларымен мақұлданған “ Сот
органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі принциптердің” мазмұнын өте
маңызды. Бұл принциптер сот органдары қызметінің негізгі бағыттарын
айқындай отырып, былай деп белгіледі:
- сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік береді және ол
конституциясымен немесе заңмен баянды етіледі. Барлық мемлекеттік және
басқа мекемелер сот органдарының тәуелсіздігін құрметтеуге және сақтауға
міндетті;
- сот органдары өзіне берілген істердің кімнің тарапынан болса да
заңсыз ықпал етудің, теріс ниеттің, қысым көрсетудің, күш көрсетудің немесе
тікелей не жанама араласудың салдарынан туатын қандай да бір кедергілерге
және қандай да бір себептерге қарамастан деректердің негізінде және заңға
сәйкес байыппен шешеді.
- сот төрелігі процесіне заңсыз немесе рұқсатсыз араласуға жол
берілмеуге тиіс және сот шығарған сот шешімдері қайта қарауға жатпайды. Бұл
принцип заңға сәйкес сот жолымен қайта қарауға немесе сот ұйымдары шығарған
үкімді жеңілдетуге кедергі жасамайды;
- сот органдарының тәуелсіздік принципі сот органдарына олардан сотта
істі әділетті жүргізуді және тараптардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз
етуді талап ету құқын береді;
- судьялар өздерінің қауымдастықтарын және басқа да ұйымдарын
ұйымдастыру және оларға өздерінің мүдделерін қорғау, кәсіби даярлығын
жетілдіру және тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кіру еркіндігіне ие;
- сот лауазымына таңдап алынған адамдардың адами қасиеті мен қабілеті,
сондай-ақ құқық саласындағы даярлығы мен біліктілігі міндетті түрде жоғары
болуға тиіс. Судьяларды іріктеудің кез келген әдісі судьялардың жалған
уәждермен тағайындалуын болдырмауға кепілдік беруге тиіс. Судья қызметіне
іріктеу кезінде ол адамға қатысты кемсітушілік болмауға тиіс; алайда заң
қызметіне кандидат тиісті елдің азаматы болуға тиіс дейтін талап ешқандай
да кемсітушілік ретінде қаралмауға тиіс;
- судьялардың өкілеттілік мерзіміне, олардың тәуелсіздігіне,
қауіпсіздігіне тиісті сыйақысына, қызмет жағдайына, зейнетақысына, зейнетке
шығу жасына лайықты түрде заңмен кепілдік берілуге тиіс;
- қандай да бір тәртіптік іске немесе әлде бір адамның шағымдану құқына
не құзырына нұқсан келтірмей, судьялар өздерінің соттық қызметін жүзеге
асыруы кезінде орын алуы мүмкін қате әрекеттердің салдарынан келетін қаржы
шығыны үшін сотпен қудалаудан өзін қорғауды пайдалануы керек;
- судьялардың өздерінің соттық және кәсіби міндеттерін орындауы кезінде
олардың үстінен түскен айыптаулар мен шағымдар тиісті тәртіп бойынша жедел
және әділетті қаралуға тиіс. Судья сотта дұрыс жауап беруді және істің
әділетті қаралуын талап етуге құқылы. Шағымды алғашқы кезеңде қарау, егер
басқаша жағдай жөнінде өтінішболмаса, құпия жүргізілуге тиіс;
- судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетсіздігіне
немесе оларды атқаратын лауазымына лайықсыз ететін теріс мінез-құлықтарына
байланысты қызметінен уақытша босатылуы немесе шығарылуы мүмкін;
- тәртіптік жаза, қызметтен аластау немесе шығару туралы шешім қисынды
түрде дәлелденуге, сондай-ақ тәуелсіз тексеруден өтуге тиіс.[22]
Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген соттың
тәуелсіздігі принципі халықаралық қағидаға толықтай сай келеді, яғни: “Әр
адамның өзіне тағылған қылмыстық айыптауды қараған кезде немесе оның құқығы
мен міндеттері қандай бір азаматтық процессте анықталған жағдайда істі заң
негізінде құрылған білікті, тәуелсіз және байыпты сот әділетті және ашық
қаратуға құқығв бар”.[23]
Қазақстан Республикасында соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету
жағдайы қандай жолдармен жасалады?
Тәуелсіздік мынындай жолмен:
- заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен;
- сотта құрметтемегені үшін жауапкершілікпен;
- судьялардың сайлаудың, тағайындаудың, өкілеттіктерін тоқтату мен
кідіртілуінің белгіленген тәртібі тәртібімен, судьялардың орнынан түсу
құқығымен;
- судьялардың, олардың мәртебесіне сәйкес, мемлекет есебенін материалдық
және әлеуметтік қамсыздандырылуымен қамтамасыз етіледі.
Бұл айтылғандарға істі жан-жақты, толық және обьективті қарауға
кедергі жасау немесе заңсыз шешім шығарылуына қол жеткізу мақсатында қандай
да бір нысанда судьяға ықпал ету қылмыстық жауапқа тартуға әкеп
соқтыратынын қосу керек.
Судьялар өндірісте жатқан іс жөнінде ешкімнің де алдында есеп
беруге міндетті емес. Соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешкім де
соттан істі талап ете алмайды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана
қадағалау тәртібімен наразылық білдіруге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz