Эфир майлы дақылдар



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Эфир майлы дақылдар. Жалпы сипаттамасы.
2. Эфир майлы дақылдар түрлері, халық шаруашылығындағы маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Эфир майлы өсімдіктер жер шарының барлық егіншілікпен айналысатын аймақтарында өсіріледі. Әлемде жылына 20-25 мың тонна эфир майлары өндіріледі. Олардың басым бөлігі – 26-28% - Солтүстік Америка мен Азия елдерінің үлесіне тиеді, ал Европа мемлекеттерінде -20% және Оңтүстік Америкада – 14%-ға жуығы өсіріледі. Европа континентіндегі эфир майлы өндірістің ең дамыған елдеріне ТМД мемлекеттері, Болгария, Франция, Испания және Италия жатады.
Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады.
Эфир майларына ең бай өсімдіктерге ерінгүлділер, балдыркөктер, астра, шатырша тұқымдастары кіреді және олардың эфир майлы өсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады.
Республикада және ТМД елдерінде егіс көлемі және өндірілген эфир майының мөлшеріне қарай жетекші орынды кориандр, бұрышты жалбыз, мускатты шатыраш (шалфей), анис, тмин және фенхель иеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
2. М.М. Жанұзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
3. М.И. Кондрашкина «Лабороторно-практические заниятия по растениеводству» Москва-2006 г
4. http://studopedia.info/6-76749.html

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Эфир майлы дақылдар. Жалпы сипаттамасы.
2. Эфир майлы дақылдар түрлері, халық шаруашылығындағы маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Эфир майлы өсімдіктер жер шарының барлық егіншілікпен айналысатын аймақтарында өсіріледі. Әлемде жылына 20-25 мың тонна эфир майлары өндіріледі. Олардың басым бөлігі - 26-28% - Солтүстік Америка мен Азия елдерінің үлесіне тиеді, ал Европа мемлекеттерінде -20% және Оңтүстік Америкада - 14%-ға жуығы өсіріледі. Европа континентіндегі эфир майлы өндірістің ең дамыған елдеріне ТМД мемлекеттері, Болгария, Франция, Испания және Италия жатады.
Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады.
Эфир майларына ең бай өсімдіктерге ерінгүлділер, балдыркөктер, астра, шатырша тұқымдастары кіреді және олардың эфир майлы өсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады.
Республикада және ТМД елдерінде егіс көлемі және өндірілген эфир майының мөлшеріне қарай жетекші орынды кориандр, бұрышты жалбыз, мускатты шатыраш (шалфей), анис, тмин және фенхель иеленеді.

Эфир майлы өсімдіктер. Эфир майлы өсімдіктерді ароматты зат - эфир майларын алу үшін өсіреді. Оларды негізінен парфюмерия-косметика, тамақ және дәрі дәрмек өндірістерінде қолданады.
Эфир майларын өсімдіктер шикізатынан гидродистилляциялау жолымен немесе ерітінділерімен экстракциялау арқылы алады. Эфир майлы өсімдіктер эфир майлары өндірісінде табиғи шикізат болып саналады.
Эфир майлы өсімдіктер жер шарының барлық егіншілікпен айналысатын аймақтарында өсіріледі. Әлемде жылына 20-25 мың тонна эфир майлары өндіріледі. Олардың басым бөлігі - 26-28% - Солтүстік Америка мен Азия елдерінің үлесіне тиеді, ал Европа мемлекеттерінде -20% және Оңтүстік Америкада - 14%-ға жуығы өсіріледі. Европа континентіндегі эфир майлы өндірістің ең дамыған елдеріне ТМД мемлекеттері, Болгария, Франция, Испания және Италия жатады.
Адамзат эфир майлы өсімдіктерді ертеден пайдаланған. Біздің эрамызға дейін 4 мың жыл бұрын мысырлықтар өздерінің қажетіне хош иісті өсімдіктерді қолданған. Индия, Египет және басқа ертеде өркениеті дамыған орталықтардың эфир май өндірісі жер шарының басқа елдеріне кеңінен тараған.
ТМД елдерінде әлемдегі барлық эфир өндірісінің 4%-дан астамы және дүниежүзіндегі кориандр майының 90% өндіріледі.
Әдебиет көздерінің деректері бойынша, әлемнің эфирлі табиғи флорасында 3000 таяу түрлері тіркелген, оның ішінде 1054 түрі ТМД мемлекеттері үлесіне тиеді, атап айтқанда Кавказда 491 түр, ал Қазақстанда 449 түрі кездеседі. ТМД мемлекеттерінде мәдениленген эфир майлы өсімдіктердің 30-ға таяу түрлері бар.
Эфир майларына ең бай өсімдіктерге ерінгүлділер, балдыркөктер, астра, шатырша тұқымдастары кіреді және олардың эфир майлы өсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады.
Эфир майлы өсімдіктердің химиялық құрамы күрделі және тұрақты емес. Оның құрамындағы компоненттер қатынасы, олардың сақталуы немесе сақталмауы көптеген факторларға - өсімдіктің табиғатына (түр, сорт), өсірілген жеріне, климат жағдайына, жинау мерзіміне және т.б. - байланысты өзгереді.
Өсімдіктердің барлық бөлігінде бірдей эфир майлары болмайды. Мысалы, кориандр өсімдігінде эфир майы гүлінде, жемісінде, сабағында, жапырағында және тамырында түзілсе, осы тұқымдастыққа жататын кароподиумда тек қана жемісінде жиналады. Бір өсімдік деңгейінде әртүрлі органдарына жиналған эфир майларының құрамы да әртүрлі болады.
Өсімдіктердің әртүрлі органдарынан эфир майын алудың технологиялық үдерісінің өздеріне тән ерекшеліктері бар, сондықтан эфир майлы шикізат әртүрлі топтарға жатқызылады. Олар тұқым, шөп, гүл және тамыр шикізаттары болып бөлінеді.
Тұқымдылар тобына шатырша тұқымдастығына жататын өсімдіктер кіреді, олардың піскен тұқымдары маңызды эфир майын алатын көздерге жатады, өндірістік маңызы бар өкілдері - кориандр, анис, зере, тмин және фенхель.
Шөптесін эфир майы шикізатын беретін өсімдіктерге және эфир майларын жер бетіндегі органдарында, негізінен жапырақтарында, жинаушылар қатарына ерінгүлділер тұқымдастығы жатады. Оған жалбыз (мята), басқа тұқымдастардан осы топқа герань, эвкалипт және т.б. кіреді. Гүлді топтар құрамына эфир майы гүлдің желек және тостаған жапырақшаларында, көбінесе гүл шоғырында болады (раушангүл, мускатты шалфей т.б.)
Тамырдан алынатын эфир майлы шикізат беретін өсімдіктерге, яғни майы тамырында жиналатындарға: ирис, аир және т.б. жатады.
Шетелдерге эфир майлы шикізатты ағаш түрлерінен алады. Олардан майды ағашты өңдеу жолымен өндіреді.
Республикада және ТМД елдерінде егіс көлемі және өндірілген эфир майының мөлшеріне қарай жетекші орынды кориандр, бұрышты жалбыз, мускатты шатыраш (шалфей), анис, тмин және фенхель иеленеді.
Еліміздегі аталған дақылдардан өндірілген эфир майларын негізгі тұтынушы парфюмериялық және косметикалық өнеркәсіптер. Сонымен қатар, эфир майларын тамақ өнеркәсібінде, кондитер бұйымдарын дайындауда, алкогольсіз сусындар, балық, көкөніс консервілерін, арақ- шарап жасауда пайдаланады. Кейбір эфир майлары медицинада және ветеринарияда қолданылады. Көптеген эфир майлы дақылдар тұқымдары мен жемістерінде эфир майымен бірге басқа майдың болуы оларды техникалық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік жасайды. Майы сығылғаннан кейінгі қалған қалдық-күнжарасы - жануарлар мен құстарға бағалы мал азығы.
Шатырша және ерінгүлді тұқымдастардың барлық өсімдіктері-бал жинаушы дақылдар.

Кориандр.
Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.Кориандр (Coriandrum sativum L.) - балдыркөктер тұқымдасына (Apiaceae) жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Ол кіндік тамырлы, сабағы жоғарғы жағынан бұтақтанады, биіктігі 50-100 см. Жапырақтары кезектесіп орналасады, төменгілері - ұзын сағақты, қауырсынды, ортаңғылары - қосарланған қауырсынды, жоғарғылары-ұзын таспа тіліктерге қатты тілінген. Гүл шоғыры - күрделі шатыршагүл. Гүлдері - ұсақ, ақ, ақшыл қызыл, сары, бестік түрде. Төмен түйінді, екі ұялы. Жәндіктермен айқас тозаңданады. Жемісі - дөңгелек немесе шар тәрізді, сары қоңыр немесе қоңыр түсті, қос тұқымша. 1000 тұқымның массасы 7-10 г. Піскен жемістер оңай үзіліп түседі. Жемістерінің піскен кездері жағымды иісі мен тәтті дәмімен ерекшеленеді (Сурет 41.).
Кориандрдың биологиялық ерекшеліктеріне басқа көптеген шатырша гүлділерге тән - өсіп-дамуының бастапқы кезеңдерінің ұзақтығы: себу көктеу кезеңінің ұзақтығы -15-23, ал көктеуден - сабақ түзуге дейін-40-46 тәулікті құрайды. Ол жылуға қатаң талаптар қоймайды, оның өсіп-жетілуіне белсенді температура жиынтығы - 1900ºC болса жеткілікті. Кориандрдың тұқымы топырақтың 0-5 см қабаты 6-8 ºC жылынған кезде өне бастайды, бірақ мұндай температурада өсімдік көгі себілгеннен кейін 20-25 күннен соң пайда болады. Өсімдік көгі 7-8 ºC үсікті көтереді.
Жылудың барынша қажетсінетін кезеңі - гүлдену және тұқымның пісуі. Кориандр өсіп- жетілуінің басында ылғалды шамалы пайдаланады, бірақ вегетативтік массасының қарқынды өсуі мен гүлдену кезеңдерінде ылғалды қажет етуі күрт өседі.Қоректік заттарды ең көп сіңіруі толық гүлдену кезеңінде, сондықтан топырақтағы қоректік заттар мен ылғал бұл кезеңде жетіспесе өнім төмендейді.
Кориандрға ең жақсы терең қарашірінді қабатты қара топырақтар. Оған ауырсазды және батпақтанған топырақтар жарамсыз.
Өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде кориандр баяу өседі және арамшөптерден көп зардап шегеді. Оның гүлденуі мен пісуі біркелкі емес. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 90-110 күн. Кориандрдың өсіруге рұқсат етілген және кең таралған сорттары - Смена, Луч, Янтарь Ранний.
Өсіру технологиясы. Кориандрдың өте жақсы алғы дақылдары көң енгізілген екпе сүрі танабына орналасқан күздік астықтар, отамалы және дәндібұршақ дақылдары.Кориандр тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді. Органикалық тыңайтқыштарды алғы егісіне, ал минералдықтар- дақылдардың өзіне тікелей беріледі. 1 гектардан 15-18 ц тұқым өнімін алуға тұқым себу алдында топыраққа 45-60 кг-нан азот, фосфор және калий енгізеді. Тұқыммен бірге түйіршіктелген суперфосфатты (1гектарға 10 кг Р2О5) қатарға себу тиімді. Кориандр өсімдігін 4-5 жапырақ кезеңінде гектарына 20кг әсер етуші зат есебінде азот және фосфор тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді.
Топырақты өңдеу шараларында 22-25 см тереңдікке сүдігер жырту (дәнді дақылдардан кейін кориандрды орналастырғанда алдын ала сыдыра жыртқыштармен өңдегеннен кейін), ерте көктемгі тырмалау және тұқым себу алдындағы қопсыту тырмалаумен бірге жүргізіледі.
Себуге ірі, біркелкі тұқымдар пайдаланылады. Тұқымды 3-4 күн жылы ауада қыздыру жақсы әсер етеді. Себу алдында тұқымды 80%-дық ТМТД (1ц тұқымға 400г) препараттарымен дәрілейді.
Кориандрды ерте көктемде, далалық жұмыстардың алғашқы күндерінде жаппай қатардағы немесе қатараралықтары 45 см кең қатарлы тәсілмен себеді.
Тұқым себу мөлшері гектарына жаппай қатардағы егісте 20-22, кең қатарлыда 13-15 кгга. Себу тереңдігі 2-3 см.
Жаппай қатардағы егісте өсімдік көктері шықпай тұрып, топырақ бетіндегі қабыршақтарды ротациялық шабықтауышпен жояды, ал кең қатарлыда- одан басқа , қатараралықтарды 2-3 рет қопсытады.
Кориандр жемістері біркелкі піспейді, алдымен жемістер орталық шатыршада, сонан соң бүйір шатыршаларда піседі. Жемістер көп тұрып қалса, оңай шашылып қалады. Кориандрды шатыршалардың 75% қоңырланғанда комбайнмен жинайды.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Кориандр тұқымында негізінен парфюмерия өндірісінде пайдаланылатын эфир майы (0,5-тен 1,5% дейін) болады. Ол жұпар иісті парфюмерлік заттар дайындауға қажет. Кориандр тұқымындағы эфир майынан басқа, 18-22% өсімдік майы өндіріледі (сұйық май), оны және полиграфия өнеркәсібінде пайдаланады. Тұқымы нан және тоқаш дайындауда қолданылады.
Кориандр жемісінен эфир майын алғаннан және сұйық майды экстракциялағаннан кейінгі қалдық-күнжаралар - малға жақсы құрама жем. Оның 1 кг күнжарасы 0,69 мал азықтық өлшеммен бағаланады.
Кориандр күнжарасында 6%-дан жоғары өсімдік майы 16% - шикі клетчатка, шикі протеин 31% дейін, эфир майы - 0,018% жуық, сонымен қатар белогінің 80% ерімейтін фракциядан тұрады. Кориандр күндарасы сауын сиырға, шошқаға, қойға және құстарға бағалы мал азығы болып есептелінеді.
Кориандр - жақсы бал әкелетін өсімдік. Дақылдың негізгі егістігі Ресей және Украинада орналасқан. Кориандрдың тұқым өнімі 10-12 цга.

Анис
Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары. Анис (Pimpinella anisum L.) - Балдыркөктер тұқымдасының (Apiaceae) біржылдық өсімдігі. Дақыл - кіндік тамырлы, жақсы жетілген. Сабағы тік өседі, жоғары жағында тармақталған, биіктігі 40-60 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, төменгілері - ұзынсағақты, домалақ, немесе бүйрек тәрізді; ортасындағылары қысқасағақты, ұшсалалы жапырақ; жоғарғылары сағақсыз, таспа бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры - күрделі шатыршагүл. Гүлдері - ақ. Жемістері жұмыртқа немесе алмұрт пішінді, екі тұқымды - жарылмайтын жасылша-сұр жемісшелерден тұрады. Жемістері жабысқан қысқа қылшалармен жабылған, эфир каналшалары орналасқан ұзына бойы қабырғалары бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында эфирлі майы бар препараттар
Перилланың өзі көпжылдық өсімдік
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Тұқымды себуге әзірлеу
Эфир майын өсіру технологиясы
Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы
Өсіру технологиясы
Өсімдік майын өндіру технологиясы
Шалғынды қара-қоңыр топырақ жағдайында қыша дақылының өнімділігі мен майының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Майлар
Пәндер