Қаржылық есеп беру туралы



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері. Бухгалтерлік баланс.
2. Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
3. Қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік балансты жасау және ашып көрсету
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері. Бухгалтерлік баланс.
2. Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
3. Қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік балансты жасау және ашып көрсету
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі - толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз - меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттык негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс Актив, яғни субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.
Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:
* Активті;
* Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
* Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.
ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы № 3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы - мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін - тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.
Түсініктеме хат.
БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хат та кіргізілген.
Оның құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы қажет. Түсінік хаттың бір басты мақсаты - бүкіл бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылар алдында кәсіпорын қызметінде орын алған проблемаларды анықтау, айналыс құралдарының айналысының кеміп кетуін айту, рентабельділіктің тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін негіздеу.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік балансты жасау және ашып көрсету.
Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңға , 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
- материалды - жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау - тапсыру күні);
- талан - тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай - ақ құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;
- негізгі құралдарды және тауарлы - материалдық қорларын қайта бағалауда - субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар - жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал - сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс - монтаж жұмыстарының құрамында - жоспарсыз жұмыстың бар - жоғы анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Пәндер