Ұластыру арқылы көбейту


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қалемшелердi дайындау.
2. Құралдар жəне телітуші мен телiнушiнi ұластыруға дайындау
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Ұластыру арқылы көбейту вегетативті көбейту тәсілдеріне жатады. Ол арқылы жеміс ағашының мәдени сорттарын сақтайды және көбейтеді, және телінушінің жеміс салуын жеделдетеді және өсу күші мен өмір сүруін біртекті өзгертеді.
Көзсабақтау мезгiлi. Көзсабақтау екi мезгiлде - көктемде жəне жазда жүргiзiледi.
Бiздiң елiмiздегi барлық жемiс шаруашылығы аймақтарында қабылданған ең қолайлы мезгiл, жазғы көзсабақтау болып табылады, оны “ұйқыдағы бүршiкпен” көзсабақтау деп те атайды. Бұл үшiн бүршiгi келесi жылы көктемде өнетiн сол жылғы сабақты (өнiстi) пайдаланады.
Көзсабақтаудың ең тиiмдi мезгiлi телітуші камбиiнiң активтi бөлiну кезеңiмен тура келедi. Осы мезгiлде телітуші қабығының сүрегiнен бөлiнуi жоғары болады (жазғы шырын қозғалысы кезеңi) . Сондай-ақ, аналық жемiс ағаштарындағы ұластыруға дайындалатын өркендер де жеткiлiктi сүректелiп қатаяды. Оңтүстiк Қазақстан жемiс шаруашылығы аймағында жазғы шырын қозғалысы кезеңi 20 шiлдеден басталып тамыз айы толығымен жүредi.
Көктемгi көзсабақтау өнетiн бүршiктермен жүргiзiледi. Ол үшiн, өткен жылғы өсу кезеңiнде пайда болған қалемшеден алынатын қалқанша (көзсабақ) пайдаланылады. Олардағы бүршiктер ұластырудан 15-20 күн өткенде өне бастайды. Оңтүстiк жемiс шаруашылығы аймағында бұл мезгiлдi (тəсiлдi) көзсабақтаудың əлсiз өсуiне, бiрiгу процентi мен стандартты көшеттiң шығынының төмендiгiне байланысты пайдаланбайды дерлiк.
Қалемшелердiң жетiлуiне (телiнушiнiң) жəне өсу мерзiмiнiң ұзақтығына (қалай телітуші болса, солай телiнушiнiң де) байланысты əр түрлi жемiс дақылдарының көзсабақтау кезегi белгiленедi. Бiрiншi кезекте қалемшелерi (сабақтары) ерте сүректелетiн жəне өсу кезеңi қысқа болатын дақылдар ұластырылады. Оңтүстiкте көзсабақтауды (жазғы) өткiзу төменгi кезекте ұсынылады: алмұрт, беке (айва), шие, қызыл шие, алхоры, өрiк, шабдал, алма.
Бiр дақылды (сорт аралық) көзсабақтағанда жаздық сорттарынан бастап, кеш пiсетiн (қыстық) сорттарымен аяқтайды. Əр түрлi телiтушiлердi пайдаланғанда бiрiншi аласа өсетiндерiн (N9), сонан соң жартылай аласа өсетiндердi (ММ-106, т. б. ), соңында себiндiлердi көзсабақтайды.
ІІ. Негізгі бөлім
Қалемшелердi дайындау. Көзсабақтауға қалемшелердi ұластыратын күннiң қарсаңында немесе сол күнi таң сəрiден дайындаған орынды. Барлық жемiс өсiмдiктерiнiң қалемшелерi жемiс салатын, таза сорттылыққа тексерiлген жəне айырықша қыс жағдайына икемделген, аурулар мен зиянкестерге төзiмдi, жоғары өнiмдi, сортқа тəн жақсы боялған жемiсi бар ағаштардан дайындайды. Бөрікбасының ортаңғы немесе жоғары бөлiгiндегi жақсы, жарық түсетiн аумағынан ұзындығы 30 см-ден кем емес қалемшелердi қиып алады. Өркендi қиғаннан соң, су булануын азайту үшiн, жапырақ тақтасын ұзындығы 8-10мм сағағы қалдырып қиып тастайды. Сонан соң, қалемшелердi 50-100 данадан буып, оған сорты жəне дайындалған күнi көрсетiлген этикетка iлiнедi де, түбiне 3-5 см қалыңдықта су құйылған шелекке қалемше бумасын табанымен тұрғызып қояды. Қажет болған жағдайда қалемшелердi салқын бөлмелерде, жертөледе, тоңазытқышта, мұздатқышта немесе ылғалды жоңқаларда, немесе полиэтиленнен жасалған қалталарда сақтайды.
Көзсабақтау жұмыстарын ұйымдастыру. Телiтушiлердi көзсабақтаудан екi апта бұрын ауа райына қарамастан сiңiре суғару керек. Көзсабақтауға дейiн тетелітушілер сабағынан (дiңгекшесi) төменгi тамыр мойыншасынан 15-20 см биiктiкке дейiнгi бөлiгiндегi (сидамша) жанама бұтақтарын өткiр бақ пышағымен қиып тазартады. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында көзсабақты телітуші сидамның төменгi топырақтан 3-6 см биiктiктегi бөлiгiнде ұластырылады, ал клонды (бiртектес) сұламаталды баққа тереңдете отырғызу есебiмен, болады.
Көзсабақты ұластыру үшiн, тəулiктiң жарық уақыты мен салқын мезгiлiн таңертеңгi сағат 6-дан 10-ға дейiн, күннiң екiншi жартысында сағат 16-дан 20-ға дейiн пайдаланған жөн. Көзсабақтауды күштi жел тұрған жəне жаңбырлы күндерi жүргiзуге болмайды. Көзсабақтау жұмыстарын атқару үшiн, екi адамнан топ құрады, оның бiреуi тек көзсабақты ұластырады, ал екiншiсi оның соңынан орап бекiтедi. Көзсабақтаудың алдында телітушілердің түбiн ашады да, көзсабақ ұластырылатын сидам бөлiгiн ылғал шүберекпен тазалап сүртедi. Жұмыс барысында көзсабақтайтын пышақты өткiр қалпында (алмастың өткiрлiгiндей) ұстаған жөн.
Көзсабақтаудың тəсiлдерi мен əдiстерi. Телiнушiнiң өлшемi мен формасына қалқаншаны (щиток) телітушімен жалғастыру əдiсiне байланысты, көзсабақтаудың негiзiнен үш тəсiлi болады. 1. Т-үлгiсiндегi тiлмеге. 2. Дүмшелеп 3. Сақиналап жүргiзiледi. Көшеттiкте қабық астына Т-үлгiсiндегi тiлмеге көзсабақтауды жиi қолданады. Сақиналап жəне Т-үлгiсiндегi тiлмеге көзсабақтау үшiн, бұламаның қабығы сүрегiнен жақсы ажырау керек. Дүмшелеп көзсабақтағанда, телітуші қабығының ажырау дəрежесiне байланыссыз жүргiзе беруге болады.
Алдыңғы екi тəсiлмен ұластыру үшiн, бүршiктi қалқанша қолданады. Қалқанша - өркеннiң буын аумағынан ұзындығы 25-35 мм жəне енi 4-5 мм етiп қиып алынған сабақ бөлiгi. Ол сабақ камбиiнiң физиологиялық жағдайына қарай сүрегiмен немесе сүрексiз алынады. Қалқаншаның құрамына қарай көзсабақты “сүректi” немесе “сүрексiз” деп екi түрге бөледi.
Қалқаншаны қию əдiстерi . Сүректi қалқаншаларды қию. Егер көзсабақтауға пайдаланылатын қалемшенiң камбиi тыныштық кезеңiнде болса, қалқанша өте жұқа сүрек қабыршағымен (жазуға арналған қағаздан да жұқа) қиылып алынады (өлшемi жоғарыда келтiрiлген) . Ол үшiн, сол қолға қалемшенi (сабақты) бүршiгiнiң ұшымен өзiне қарата, сұқ саусақпен бүршiгi бар буынның астынан сүйей ұстайды. Оң қолдағы өткiр көзсабақтауға арналған пышақпен бүршiктiң табанынан төмен қарай 1-1, 5 см қалдырып, пышақтың жүзiн қиғаштата, қалқаншаның төменгi ұшын сүйiрлей, енiн 3-4 мм жеткiзе сүрек қабыршағын жұқалай қамтып, жоғары қарай өрлей қияды. Бүршiк табанының тұсына жете бере пышақтың жүзiн аздап тереңдете қияды. Қалқаншаның бүршiк орналасқан бөлiгiнiң енiн 4-6 мм жеткiзедi де, одан жоғары 3, 0-4 мм қалпына түсiредi. Қалқаншаның ұзындығын бүршiктен жоғары 1, 5-2 см жеткiзiп, сабақтан қиып алады. Сонымен бүршiктi қалқаншаның жалпы ұзындығы 2, 5-3, 5 см жеткiзедi. Мұндай қалқаншаларды “Т” əрпi тəрiздi тiлiмге телiгенде пайдаланылады.
1. Қалқаншаны сүрексiз қию. Қолданылатын сабақтың камбиi өсу кезеңiнде болып, қалемшенiң қабығы сүрегiнен жақсы ажырайтын болса, қалқанша сүрексiз қиылып алынады. Мұндай сөзсабақтардың бiтiмi өте жоғары болады. Қалқаншаны сүрексiз қиюдың үш жолы бар. Бiрiншiден, буындағы бүршiкке қарама-қарсы жағынан ұзындығын қалемшенiң диаметрiнiң үш-төрт есесiне тереңдей етiп қиғаш кеседi. Бүршiк қимасының ортасында немесе төменiрек орналасуы қажет. қиғаш кесiктiң жоғарғы шетiнен дөңгелетiп, сабақтың қабығын қияды.
Екiншiсiнде, сүректi қалқаншаны қиған əдiстi пайдаланады, тек қалқаншаның қалыңдығы сабақтың диаметрiнiң 30-50%-дейiн жеткiзiледi.
Үшiншi əдiсте бүршiктi ортасына ала, қалқаншаның формасы мен өлшемдерiн сақтап қабықты тiледi. Үш əдiстi де қалқаншаны сабақтан оң қолдық бас бармағы мен сұқ саусағының қысымымен төмен қарата, қалемше бойымен спираль бағытында бұрап ажыратады. Бұл əдiстерде бүршiк талшықтарының бүтiндiгi, көзсабақтардың бiрiгуiнiң негiзi болып табылады. Олардың жұлынбауын бүршiктiң орнындағы ойшық арқылы анықтайды.
Көзсабақтаудың тəсiлдерi 1. Т-үлгiсiндегi тiлiмге көзсабақтау. Алдын ала дайындалған телітуші сидамның төменгi бөлiгiндегi (көзсабақтау жұмысын ұйымдастыру бөлiмiн қара) қабығын “Т” əрпiне ұқсас етiп тiледi. Алғашында көлденең, сонан соң бойлама тiлiк жүргiзiледi (астынан жоғары қарай) . Бұлардың өлшемдерi қалқанша сиятындай болуы керек. Пышақтың сүйекшесiн пайдаланып, бойлама тiлiктiң екi жағындағы қабық ернеулерiн көтерiп сүректен ажыратады. Егер көзсабақ телітушіні тiлуден бұрын қиылса, оны пышақтың астына салады, ал кейiннен қиылса пышақтан салады. Бiрiншi əдiсте қиылып алынған көзсабақты сол қолға ұстап, оң қолдағы пышақтың сүйекшесiмен алдын ала тiлiнген телітушінің тiлiк бойындағы қабық ернеушелерiн көтерiп, қалқаншаның төменгi сүйiр ұшымен бiртiндеп қабық астына енгiзедi.
Бұл əдiс негiзiнен сүректi қалқаншаны ұластырғанда қолданылады. Ұластыру барысында қосылатын сыңарлардың камбиiн кебуден сақтау үшiн, алдымен телітушіде тiлiк жасалынады да, көзсабақ қиып алынады, сонан соң тiлмедегi қабық ернеулерi көтерiлiп, қалқанша қабық астына салынады. Ұластыру көзсабақты шекпiрмен (пленка тiлiктерi) орап байлаумен аяқталады.
2. Дүмшелеп көзсабақтау. Бұл тəсiлдi орындау барысында телітуші- сидамын көзсабақтау үшiн қабылданған биiктiктегi бөлiгiнде 450 бұрышпен көлденең, төмен қарата қиғаштап, аздаған тереңдiкке (2-3 мм) қабығы мен сүрегiн қоса тiледi. Сонан соң пышақты тiлiктен 2-3 см жоғары көтерiп, қалқаншаның ұзындығына тең, төмен қарата жұқалап, телітушінің қабығы мен сүрегiн қамтып кесiп алады. Оның орнына қалемшеден қиылып алынған қалқаншаны беттестiрiп бекiтедi. Қалқаншаны қию үшiн, қалемшенi төбесiмен өзiнен керi ұстап, бүршiктiң төменгi жағынан 10-14 мм қалдыра кесiк жасайды (450 ), сонан соң бүршiктен 10-15 мм жоғарыдан бастап, қалқаншаны сүрегiмен қиып алады да, телітушідегі кесiк орнына беттестiрiп байлайды. Дүмшелеп көзсабақтау қабық астына көзсабақтағаннан көп тиiмдi жəне одан 20-25% өнiмдiрек. Бұл тəсiлдiң тағы да төмендегiдей артықшылығы бар: көзсабақтауды активтi шырын қозғалысынан бiрнеше күн ерте бастауға болады, телiнушi мен телітуші бiрiгуi жылдамдайды əрi жақсарады, бiржылдық көшеттердiң өсуi 10-15% күшейедi. Қалқаншалар бұламаның астында еш уақытта (телітушінің қабығының астында) жабылмайды, сондықтан бұл тəсiлмен жуандығы 15-20 мм келетiн бұламаларды да үлестiруге болады. Дегенмен есте сақтайтын бiр жағдай, камбийдiң активтi бөлiнуi тоқталғаннан соң, бұл тəсiлдер де “Т” \ үлгiсiндегi тəсiл сияқты нəтижесiз болады. 11 сурет. Дүмшелеп 1-кесу орнын белігеу; 2-кесу; 3-ұластырылатын жерді дайындау; 4-қалқаншаны бөлу алу.
3. Сақиналы немесе сырнайлап көзсабақтау. Бұл тəсiл кейбiр қалың Грек жаңғағы сияқты дақылдарда көзсабақтануына қолданылады. Ол үшiн, арнайы екi тақталы (жүздi) пышақ қолданған тиiмдi. Мұндай құралды пайдаланып, бұлама сидамның қабығын алдыңғы тəсiлдерде көрсетiлген биiктiкте айналдыра кесiп, ұзындығы 2-3 см бөлiгiн (сақина) ажыратып алады. Оның орнына дəл осындай өлшеммен қалемшенiң (телiнушiнiң) буын аумағынан, бүршiгiн ортасына келтiрiп, сақиналап, қабығын қиып алып салады.
Көзсабақтарды орап байлау. Қалқаншаны орнына салысымен орап байлайды. Ол үшiн полиэтилендi жəне поливинилхлоридтi пленкаларды енiн 1 см. жуық жəне ұзындығын 25-30 см етiп қиып пайдаланады. Мұндай жабдықты “шекпiр” деп атайды. Көзсабақты ұластырған соң, ыңғайына қарай, төменнен немесе керi бағытта шекпiрдi шиыршықтап, тығыз орайды. Шекпiрдi орау үшiн, бiр ұшын қысқа ұстап, оны бiрiншi орамның астында қалдырады да, келесi орамдары тығыздап тартып, ернеулерiмен бiр-бiрiн бастыра қалқанша жəне жарақат толық жабылғанша орайды. Соңында шиыршық бағытымен iлмек арқылы қалған ұшын өткiзiп байлайды. Орау барысында өнетiн бүршiктер (көктемгi ұластыру) мен сүйектi дақылдардың бүршiктерiн ашық қалдырады, өйткенi олар артық сығымнан жарақаттануға ықтимал əрi өспей де қалуы мүмкiн.
Көзсабақты тексеру Ұластырудан 12-20 күн өткеннен соң, көзсабақтардың бiрiгуiн тексередi. Бiрiккен қалқаншалардың жапырақ сағақтары жеңiл түседi, қабықтары мен бүршiктерi бүрiспеген, түстерi қалпында, бiрiкпегендерiнiң сағақтары ажырамайды, қалқаншаның қабығы мен бүршiктерi кебедi əрi бүрiседi, түсi сұрғылттанады. Қалқаншалары ұласпаған телiтушiлердi қайталап көзсабақтайды. Бұл жұмыстарды тұрақты суық түсуден бiр ай бұрын аяқтайды. Бүршiктердiң бiрiгуi төмен болса көктемде, екiншi танапта қалемшемен ұластыруға болады - бүйiр тiлiкке, беттестiрiп, т. б. тəсiлдермен.
Жемiс өсiмдiктерiн қалемшемен ұластыру Əдiстмелiк нұсқау жəне түсiнiктеме Қалемшемен ұластырғанда бiржылдық өркеннiң екi-үш бүршiгi бар бөлiгiн . Бұлжемiс өсiмдiктерiн вегетативтi көбейту тəсiлi, көшеттердi қыста ұластыру əдiсiнде, көшеттiктiң екiншi танабында көзсабақтарды бiрiкпеген телітушілерді ұластыруға, клонды телітушіден аралығы бар көшеттердi өсiруге, сорттарды ауыстыруда, бақтарда кемiрушiлерден зардап шеккен ағаштарды емдеуге кең қолданылады. Мұның көзсабақтаумен салыстырғанда ұласуы мен өнiмдiлiгi төменiрек болады, қалемше мен шекпiрдiң (орайтын материал) шығынын көп талап етедi, бiрiгу берiктiгiн əрдайымқамтамасыз ете алмайды. Дегенмен, өсiмдiктердiң кез келген жасында қалемшелеп ұластыруға болады, сондықтан оны бақтарда қайта құруға қолдануға мүмкiндiк бередi. Қойылған мақсатқа байланысты телітушідегі ұластыратын орын жемiс ағашының əр түрлi бөлiгi - тамыр, сидам, дiңгек, бөрікбасы бола алады. Қалемшелеп телудiң мезгiлдерi: Оңтүстiк Қазақстан жағдайында қалемшелеп телудi келесi мезгiлдерде жүргiзген дұрыс: көктемде-ақпаннан сəуір айының аяғына дейiн, қыста- қаңтар мен ақпан айларының iшiнде жылы жайда ұластыру.
Қалемшенi (телiнушi) дайындау жəне сақтау . Қалемшелердi қыс басында қатты аяз түскенше əзiрлейдi, өйткенi шамалы ғана үсiген қалемшелер (əсiресе сүйектi дақылдарда) нашар немесе мүлдем бiрiкпейдi. Бұл үшiн сорттардан (дақылдардан) аурусыз, мол өнiм беретiн аналық ағаштарды таңдап алады. Ұластыру үшiн ағаш бөрікбасының шет жағында, жарықта орналасқан, сүрегi жақсы дамыған, ұзындығы 30-50 см, жуандығы 6-10 мм. келетiн бiржылдық өркенді пайдаланады. Дайындалған қалемшелердi 50-100 данадан бауға буып, этикетка iлiп, жертөледе, мұздақта немесе қарға көмiлiп сақталады. Жертөледе сақталғанда қалемшелердi тiке тұрғызып, қатарлап, табанындағы қиығын дымқыл құмға тығыздап беттестiрiп орналастырып, олардың 1/3 ұзындығын бүйiрлерiнен дымқыл құммен жабады (тек аса ылғал болмауы керек) . Жертөледегi ауаның температурасы 0-20 С болуы тиiс. Кейбiр дақылдардың - қызыл шие, шиелердiң қалемшелерi көктемге қарай температура 00 С шамасында бүршiктерi өне бастайды, сондықтан оларды қарда немесе мұздақта сақтаған жақсы. Қазақстанның оңтүстiк жемiс шаруашылығы аймағында, егер қыс жұмсақ болып, қатты аяз байқалмаса, қалемшелердi көктемде бүршiк бөрткенге дейiн дайындауға болады.
Құралдар жəне телітуші мен телiнушiнi ұластыруға дайындау . Ұластыруды орындау үшiн төмендегiдей құралдар қолданылады: (секатор) - қайшы, ара, бақжəне ұластырупышақтары. болуыкерек. Ұластыру пышағын тұрақтыалмас өткiрлiгiндей етiп ұстайды. Жуан дүмбелергежарма тəсiлiмен ұластыру үшiн арнайы балта пайдаланылады.
Қиюдың кейбiр типтерiн (тiлшелi қиғаш, кертiктi жəне бүршiкке) орындауда ұластыру түрлерiнде көптеген артықшылығы бар. Қалемшенi қиюда негiзгi тəсiл-қиғаштап кесу болып табылады. Оның ұзындығы қалемшенiң диаметрiн 3, 5-6 рет еселегеннен артық, ал бетi бiртегiс жəнежазық болуы керек. Қиғаш кесiктi дұрысжасау үшiн, қалемшеде кесiктiң бастауы мен аяғын белгiлеп, осы пункттер арқылы ойша жазықтық өткiзiп жəне осы жазықтық арқылы пышақты мұқият жүргiзу керек. Кесiк “өзiне” тəсiлiмен орындалады. Ұластыруға дайын қалемшеде кесiктенжоғары 2-3 бүршiк болуға тиiс. Тiлшелi қиғаш кесiктi дайындау Қалемшеде дұрыс жасалған қиғаш кесiктiң үшкiрлi ұшынан, ұзындығының 1/3 аралығында қалемшенiң бойымен тағы бiр тiлiк жүргiзiледi.
Кертiктi кесiк дайындау Бұл үшiн қалемшенiң бойына тiктеп (перпендикуляр) өзегiне дейiн қияды да сүрегiн жанып алады, сонан соң “өзiне” тəсiлiмен кесудi аяқтайды. Кетiктен жоғары 2-3 бүршiк қалдырады да “бүршiкке” қияды.
“Бүршiкке қию”, бұл үшiн қалемшенi сол қолға алып, ұластырушыға бағытталған бүршiктен 3 см-дей төменнен үлкен жəне сұқ саусағымен қыса ұстап сүйемелдейдi. Осы мезгiлде оң қолының бас саусағымен қалемшедегi бүршiктiң танабына басып, кесiк түсетiн жазықтықты белгiлеп, пышақты соның бағытымен жүргiзедi, ол бүршiкке қарама-қарсы жағының ортасынан 450 бұрышпен басталып, бүршiктiң төбесiнен 1-2 мм жоғары аяқталады.
Қалемшелеп ұластырудың тəсiлдерi
Қалемшелеп ұластырудың көптеген тəсiлдерi белгiлi. Олардың бəрiн екi топқа бiрiктiруге болады. Бiрiншi топқа қабық астына ұластыратын тəсiлдер кiредi, оларды көктемгi камбидiң үдемелi қарекетiнде, бүршiктер бөрткеннен өркендердiң интенсивтi өсiмi басталуына дейiн (жобамен алмалар гүлдеп бiткен соң 10-15 күнде) жүргiзуге болады. Оған қабық астына жəне көпiршелеп ұластыру тəсiлдерi жатады. Екiншi топқа телітуші мен қалемшелердiң тканьдерiн жалғастыруда қабықтың ажыратылуын қажет етпейтiн тəсiлдер кiредi, оларды қыста, көктемде шырын қозғалысы басталғанға дейiн жəне шырын қозғалысы басталғаннан кейiн де жүргiзуге болады. Оларға: жетiлдiрiлген жəне қарапайым беттестiру, дүмге ұластыру, бүйiрлiк тiлмеге ұластыру, жарып ұластыру, жанастыра ұластыру жəне т. б. жатады.
Қарапайым жəне жетiлдiрiлген беттестiру - телiнушi мен телітушінің жуандықтары бiрдей болған жағдайда қолданылады. Беттестiрудiң бiрiншi түрiнде, екi ұласушылар да өзара теңдей етiлiп(енi мен ұзындығы) қиғаш кесiк жасалынады. Оларды беттестiргенде, қалемше мен бұламаның камбий қабаттары сəйкес келуi шартты, сонан соң оларды қосып орайды. Дегенмен, бұл тəсiл орап бекiтудiң күрделiлiгiне байланысты сирек қолданылады.
Екiншi тəсiлде (жетiлдiрiлген беттестiруде) ұласушыларда тiлшелi қиғаш кесiк жасалынады. Сонан соң телiнушi мен телітушінің камбий қабаттарын беттестiрiп өзара жалғастырады. Ұласым бекем болуы үшiн, тiлшелер тығыз жалғасуы керек. Телiнушi мен телітушінің жуандығының айырмашылығында (диаметрiнiң мүмкiн болатын айырмашылығы 25% аспайды), сондай-ақ қиғаш кесiктердiң ұзындығы сəйкес келмегенде, ұласушылардың камбий қабатының бiр бойы беттескенi жөн.
Дүмге телу . Бұл тəсiлдi телітуші қалемшеден 2-3 есе жуан болған жағдайда қолданады. Телітушіні 60-70 бұрышпен қиғаштап кеседi де, түбiрдiң биiк жағынан, қалемшедегi кесiкке толық беттесетiндей етiп қабық пен сүректiң жұқа бөлiгiн қоса жолақтап кеседi. Соңынан қалемше мен бұламаны беттестiрiп, пленкамен орап бекiтедi.
Бүйiрлiк тiлмеге телу . Мұндай тəсiл көшеттiктiң екiншi табанында кездейсоқ көзсабағы бiрiкпеген телітушілерге жүргiзiледi. Телітушінің бөлiгiнде 20-250 бұрышпен тереңдiгi 0, 5-0, 8 см. етiп қабығы мен сүрегiн жаната қиғаштап тiлiп, үстiңгi жағын жантайтады. Қалемшенi сыналап кесiп, телітушідегі тiлiк iшiне бiр- бiрiмен толық беттестiрiп орналастырады да, орам жабдығымен бекiтедi. Ұластырылған қалемше толық бiрiгiп өскеннен соң, бұламаның ұласымнан жоғарғы бөлiгiн қиып тастайды.
Жарып телу. Бұл тəсiл көбiне жуан телітушілерге (жемiс салатын ағаштардың дiңгегiне, iрi қаңқалық жəне жартылай қаңқалық бұтақтарына) қолданылады. Телітушіні тегiстеп қияды да, ернеуiн бақ пышағымен қырнап тазалайды. Сонан соң, қалемшедегi кесiк бойлайтындай етiп, балтамен телітушіні (дiңгек немесе бұтақ) жарады. Пайда болған саңылау сақталу үшiн, тұғырдың ортасына ағаштан жасалған сына қағылады. Қалемшеде екi жақты қиғаш кесiк жасайды. Бұл кесiктi кертiктеп те жасауға болады. Телітуші мен ұласушының камбий қабаттарын сəйкес келтiру үшiн, қалемшенi жарықтың екi жақ ернеуiне қыстырады. Мұнан соң, ағаш сына алынады да томардағы жарық беттесiп, қалемшедегi кесiктi қысады.
Жанастыра ұластыру (аблактировка) Мұндай тəсiлде телітуші мен телiнушi аналық өсiмдiктерден ажыратылмастан ұластырылады, сондықтан олар қатар өсуге тиiс. Көктем- ұластырудың ең жақсы кезеңi. Телітуші мен телiнушiде (бiрдей биiктiкте) қабығы мен сүрегiн жолақтап кеседi. Жонылған жердiң тыс жағында бүршiк орналасқаны жөн. Ұластырушы пышақпен телітуші мен телiнушiнiң жонылған беттерiнде тiлшелер жасайды. Телітушідегі тiлшенi жонылған беттiң ұзындығының төрттен бiр бөлiгiндей, жоғарғы ернеуiнен қашықтықта, ал телiнушiде астыңғы ернеуiнен немесе керiсiнше жасалады. Барлық жағдайда, тiлшелер қарама-қарсы бағытта тiлiнiп жалғастырылғанда бiр- бiрiне айқаса кiрiгiп, камбий қабаттары беттесулерi қажет. Ұластырылған жерге нұм жағылып шекпiрмен оралып бекiтiледi. Шырын қозғалысы кезiнде қолданылатын қалемшемен телу тəсiлдерi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz