Дизель отыны



1 Дизель отынының құрамы
1.1 Физико.химиялық құрамы, қасиеттері
1.2 Физикалық қасиеттері
2 Дизель отынының маркалары және қолданылуы
2.1 Дизель отынының түрін және сапасын анықтау
3 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Дизель отыны (көне сөзі - соляр, ауызша сөзі солярка, соляра) — ішкі жану дизель қозғалтқышында отын ретінде қолданылатын сұйық өнім. Әдетте бұл терминмен мұнайды тікелей айдаудың керосин-газ-май (газойл) фракцияларынан алынатын отынды білдіреді. «Солярка» атауы неміс тіліндегі Solaröl (күн майы) сөзінен туындаған — 1857 жылы мұнай айдау кезінде пайда болатын ауырлау фракцияны осылай атаған. Бұл фракция сары түсіне байланысты осылай аталған.
Дизель отынындағы күкірт құрамының төмендеуі қатал жағдайларда жүргізілетін гидротазарту жолымен іске асырылуы мүмкін. Көрсетілген мақсатқа шикізаттың берілген типі үшін тиімді, жаңа катализаторды таңдаумен жетуі мүмкін.
Бүгінгі күні пайдалануда тұрған мұнай шикізатын гидроөңдеу реакторларының көпшілігі 70 жылдардың ортасында жобаланып құрастырылған. Өнімдер шығарымы мен олардың сапасы өзгергендіктен көптеген мұнай өңдеушілер катализаторларды өңдеу прогресін пайдаланудан үстемдіктерге ие бола және өз қондырғыларына ірі қаржылай салымның алдын ала алды. Алайда, реакторлы жүйе потенциалын экономикалық жағынан тиімді етіп толығымен іске асыру үшін істегі реакторлы жүйелердің олардың жаңарту жолдарын қарастыра жұмыс сипаттамалары мен құрылыстарының толық бағалануы қажет.
Дизельді отынның сапасын жетілдіру бойынша еуропалық елдер аянбау күш жұмсауда. Оларда отынның бұл түріне талаптарды қаталдандыру концепциясы қабылданған. Әсіресе, күкіртті қосылыстардың құрамы бойынша. Бүгінгі таңда әлемдегі мұнай өңдеуші зауыттардың шектелген саны ғана күкіртті қосылыстардың ультра төмен құрамды дизельді отын ала алады. Бұдан бөлек бұл отындарда арматты көмірсутектердің қатысуын, фракцияның 98%-қ қайнау нүктесін азайту және цетанды санды жоғарылату қарастырылады (бүгінгі таңда 52 пункт, ал перспективада 55-58 пунктке дейін).
2000 жылдан бастап Еуропада цетанды сан бойынша “51-ден аз емес”, күкірт бойынша “0,035 массалық % аспайтын”, тығыздық бойынша полиароматты қосылыстардың құрамын “көлемнің 11%-дан аспайтындай” етіп нормалау кезінде “0,845 грамм/см3 аспайтын” талаптарын бекітетін Еуро-3 нормалары қолданылуда.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Дизель отыны (көне сөзі - соляр, ауызша сөзі солярка, соляра) -- ішкі жану дизель қозғалтқышында отын ретінде қолданылатын сұйық өнім. Әдетте бұл терминмен мұнайды тікелей айдаудың керосин-газ-май (газойл) фракцияларынан алынатын отынды білдіреді. Солярка атауы неміс тіліндегі Solaröl (күн майы) сөзінен туындаған -- 1857 жылы мұнай айдау кезінде пайда болатын ауырлау фракцияны осылай атаған. Бұл фракция сары түсіне байланысты осылай аталған.
Дизель отынындағы күкірт құрамының төмендеуі қатал жағдайларда жүргізілетін гидротазарту жолымен іске асырылуы мүмкін. Көрсетілген мақсатқа шикізаттың берілген типі үшін тиімді, жаңа катализаторды таңдаумен жетуі мүмкін.
Бүгінгі күні пайдалануда тұрған мұнай шикізатын гидроөңдеу реакторларының көпшілігі 70 жылдардың ортасында жобаланып құрастырылған. Өнімдер шығарымы мен олардың сапасы өзгергендіктен көптеген мұнай өңдеушілер катализаторларды өңдеу прогресін пайдаланудан үстемдіктерге ие бола және өз қондырғыларына ірі қаржылай салымның алдын ала алды. Алайда, реакторлы жүйе потенциалын экономикалық жағынан тиімді етіп толығымен іске асыру үшін істегі реакторлы жүйелердің олардың жаңарту жолдарын қарастыра жұмыс сипаттамалары мен құрылыстарының толық бағалануы қажет.
Дизельді отынның сапасын жетілдіру бойынша еуропалық елдер аянбау күш жұмсауда. Оларда отынның бұл түріне талаптарды қаталдандыру концепциясы қабылданған. Әсіресе, күкіртті қосылыстардың құрамы бойынша. Бүгінгі таңда әлемдегі мұнай өңдеуші зауыттардың шектелген саны ғана күкіртті қосылыстардың ультра төмен құрамды дизельді отын ала алады. Бұдан бөлек бұл отындарда арматты көмірсутектердің қатысуын, фракцияның 98%-қ қайнау нүктесін азайту және цетанды санды жоғарылату қарастырылады (бүгінгі таңда 52 пункт, ал перспективада 55-58 пунктке дейін).
2000 жылдан бастап Еуропада цетанды сан бойынша "51-ден аз емес", күкірт бойынша "0,035 массалық % аспайтын", тығыздық бойынша полиароматты қосылыстардың құрамын "көлемнің 11%-дан аспайтындай" етіп нормалау кезінде "0,845 граммсм3 аспайтын" талаптарын бекітетін Еуро-3 нормалары қолданылуда.

1 Дизель отынының құрамы

1.1 Физико-химиялық құрамы, қасиеттері

Дизель отыны жылдам жүретін қозғалтқыштарға арналған тұтқырлығы кем дистилляттық және баяу жүретін (трактор, кеме, стационарлық т.б.) қозғалтқыштарға арналған тұтқырлығы жоғары болып бөлінеді. Дистилляттық дизель отыны тікелей айдау арқылы алынып, сумен тазартылған керосин-газ-мұнай (газойл) фракцияларынан және 15-і каткрекинг пен кокстау арқылы алынған газ-майлардан (газойлдерден) тұрады.баяу жүретін қозғалтқыштарға арналған тұтқыр отын мазуттар мен керосин-газ-май (газойл) фракцияларының қоспасы болып табылады. Дизель отынының жану жылуы орташа есеппен 42624 кДжкг (10180 ккалкг) құрайды.
Тұтқырлығы және құрамындағы су мөлшері. Дизель отыны қыстық және жаздық болып жіктеледі. Олардың негізгі айырмашылығы осы отын стандарттарында көрсетілген шекті сүзгіленгіштігі (ASTM D 6371) мен лайлану және қату температураларында (ASTM D97, ASTM D2500). Қыстық отынды өндіру қымбаттау болып келеді, бірақ, мысалы, −10 °C жағдайында жаздық отынды алдын ала жылытып алмай пайдалану мүмкін емес. тағы бір проблема - дизель отынының құрамында судың болуы. Дизель отынын сақтау кзінде су бөлініп, ыдыстың түбіне жиналып қалады, сееббі дизель отынының тығыздығы 1 кгл-ден төмен болып келеді. Магистральдегі су кептілісі қозғалтқыштың жұмысын толық тоқтатады.
МемСТ 305-82 Дизель отыны. Техникалық шарттар мемлекетаралық стандартының талаптарында жаздық сұрыптар үшін 20 °C жағдайында кинематикалық тұтқырлықты 3,06,0 сСт шегінде, ал қыстық сұрыптар үшін 1,85,0 сСт шегінде, арктикалық сұрыптар үшін 1,54,0 сСт шегінде болуы реттелген. Сондай-ақ бұл стандартта отынның барлық маркаларында су болмауы талап етіледі.
Тұтанғыштығы. Дизель отынының негізгі көрсеткіші -- цетан саны (Л-45). Отынның жану камерасындағы тұтанғыштық қасиетін көрсететін цетан саны α-метилнафталинмен қоспадағы цетанның көлемдік мөлшеріне тең болып келеді, бұл көлемнің ASTM D613 стандартты жағдайында зерттелген отынмен салыстырғанда тұтанғыштығы бірдей. Дизель отынының ASTM D93 бойынша анықталған тұтану температурасы 70 °C-тан аспауы тиіс. Дизель отынының ASTM D86 бойынша анықталған айдау температурасы 200°C-тан төмен, 350°C-тан жоғары болуы тиіс.
Қату температурасы деп дизель отыны бар пробирканы немесе ыдысты 45 ºС-қа еңкейткенде, қоюлану нәтижесінде дизель отынының төгілмейтіндей дәрежедегі температураны айтады. Дизель отынының қату температурасы - ауа температурасына байланысты қолдану-қолданылмауын көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Ауаның минималды температурасы отынның қату температурасынан 10-15 ºС-қа жоғары болу керек. Лайлану және қату температурасы арнай прибор арқылы анықталады.
Дизель отынындағы су төмен температурада оның двигатель цилиндрлеріне берілуін бұзуы мүмкін. Жоғары температурада су типті эмульсиялар түзілсе, ал төмен температурада мұз кристалдарына айналып, отын фильтрін бітеуі мүмкін.
Механикалық қоспалар дизель отынына оның талаптарға сәйкес сақталмағанынан немесе көліктерге құйған уақытта түсулері мүмкін. Сонымен қатар құм, глинозем түріндегі механикалық қоспалардың енуі қауіпті, өйткені олар үйкеліскен деталь қабаттарына түсіп, сызаттар, қатерлер туғызып және тез тозуға соқтырады.
Фракциялық құрамы дизель отынының буланғыштығын тікелей сипаттайды. Жеңіл фракциялы отын оңай буланады. Бірақ, өте жеңіл фрациялы құрамды дизель отынын қолдануға болмайды, себебі мұндай отын нашар өздігінен тұтанатын көмірсутектерден тұрады, және оның тұтқырлығы жеткіліксіз болады. Ауырлатылған фракциялы құрамды дизель отынын қолдану оның нашар буланатындығынан, уақытында өздігінен тұтанбауына және нашар жануына, түтін шығуына және отынның үнемсіздігіне алып келеді. Дизель отынының фракциялық құрамын анықтау әдісі, бензиннің фракциялық құрамын анықтау әдісінен айырмашылығы жоқ.
Өздігінен тұтануы - дизель отынының тұтану көзінсіз өздігінен тұтану қасиетін айтады. Отынның өздігінен тұтануы цетан санымен бағаланады және оған байланысты двигатель цилиндріндегі отынның жану процесі жүреді. Двигательдің қалыпты жұмыс істеуіне отынның өздігінен тұтанғаны және ары қарай екпінді жанғаны, қысымның сатылы артуы өте маңызды. Осы жағдайда двигатель жеңіл жұмыс жасайды және оның бөлшектеріне ауырлық түспейді, оның максималды қуаты артады, маңызды отындық үнемділігі қамтамасыздандырылады. Егер отын өз уақытында өздігінен тұтанбаса, двигательдің ауыр жұмыс істеуіне соқтырады. Ауыр жұмыс жасағанда оның бөлшектеріне ауырлық түседі. Бұл ауырлық оның тез тозуына, сынуына, отынның мөлшерден көп қолданылуына, түтіннің шығуына және қуаттылығының төмендеуіне алып келеді.
Цетан саны - отынның өздігінен тұтану көрсеткіші саны жағынан цетан құрамының метил-нафталинмен қоспасының көлеміне тең көрсеткіш. Дизель отынының цетан саны оның химиялық және фракциялық құрамына байланысты болады. Көбінесе, жоғары цетан саны парафинді көмірсутектерде болады, төменірек - нафтендерде, және ең төмені - ароматты көмірсутектерде. Цетан санының көптігіне дизель отынының іске қосылу қасиеттері байланысты. Жоғары цетан санды отындарда өздігінен тұтануы өте жақсы және ондағы двигатель оңай іске қосылады. Дизель отынының цетан саны жоғары цетанды компоненттердің және арнайы қоспалардың көмегімен көбейтілуі мүмкін.
Техникалық талаптарға сәйкес отындардағы цетан саны 45-тен төмен болмауы тиіс.
Двигатель бөлшектерінің тозу қарқындылығы отынның коррозиялық құрамына, өздігінен тұтануына және құрамындағы мезаникалық қоспалардың болуына байланысты. Отын сапасына қарай двигатель бөлшектерінің тозу қарқындылығы 2 еседен көп артып кетуі мүмкін. Отынның сапасыздығынан техникалық қызмет көрсетулерге де көптеп шығындар кетеді.
Дизель отынының коррозиялық қасиеттері бензиндікі сияқты құрамындағы күкірттің және күкіртті қосылыстардың, сілтілердің, минералды және органикалық қышқылдардың мөлшеріне байланысты. Көбіне зиянды активті күкірт, минералды қышқылдар, сілтілер болып табылады. Сондықтан олардың дизель отынында аз мөлшерде де болуын жібермейді.
Қышқылдылығы - дизель отынындағы органикалық қышқылдардың мөлшерін сипаттайды және олар 100 см3 отынға 5 мг КОН-тан артық болмауы керек.
Дизельді отында суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болуына рұсат етілмейді. Дизель отынында шайырлы заттардың және қанықпаған көмірсу-тектердің мөлшеріне байланысты оның жану камерасында, клапандарда, форсункаларда және басқа двигатель бөлшектерінде бөлінулердің пайда болуына қабілеттілігі байқалады. Бөлінулер двигательдің қалыпты жағдайдағы жұмысын бұзады (қызып кету, үрлеуінің және пайда болған газдардың тазалануының нашарлауы), отындық үнемділіктің нашарлауына және қуаттылықтың азаюына алып келеді. Кокстелу, мысалыға, форсунка тесіктерін шаңға толтырады, ол отынның берілуін бұзады, ал кейде форсунка бастиегін үзіп жібереді. Күйіктің пайда болу себебі отынның жоғары тұтқырлығы мен нашар булануынан да болады.
Кокстенуі - отынның арнайы приборда өлшенгеннен кейінгі кокстелунінен соң пайда болған қатты көмірлі қалдықтың пайыздық мөлшерімен түсіндіріледі.
Лап ету температурасы - отындағы жеңіл фракциялардың болуын шектейді және оның өртенгіштігін сипаттайды. Лап ету температурасы - отынның ауада түзілген буы тұтану көзі әсерінен тұтану байқалатындай жылдамдықпен жанатын ең төмен температурасы, бұл ретте тұрақты жану туындамайды. Яғни, лап етіп жану температурасы дегеніміз мұнайөнімдерін құю кезінде немесе беті ашық ыдыста болған уақытта отқа қауіпті тұтанатын температурасы. Лап ету температурасы барлық дизель маркаларында 35ºС-тан төмен болмауы керек.

1.2 Физикалық қасиеттері
Жаздық дизель отыны. Тығыздығы 860 кгм³-тен аспайды. Тұтану температурасы 55°C. Қату температурасы −5°C. Қайнап біту температурасы 180-360 Цельсий градусын құрайтын тікелей айдалған, сумен тазартылған және қайталама туынды көмірсутекті фракцияларды араластыру жолымен алынады. Қайнап біту температурасының артуы бүріккіштің коксталуы мен түтінденуді туғызады.
Қыстық дизель отыны. Тығыздығы 840 кгм³ аспайды. Тұтану температурасы 55°C. Қату температурасы −35°C. Қайнап біту температурасы 180-340 °C құрайтын тікелей айдалған, сумен тазартылған және қайталама туынды көмірсутекті фракцияларды араластыру жолымен алынады. Сонымен қатар қыстық дизель отыны жаздық дизель отынына отынның қату температурасын төмендететін, алайда шекті сүзгіленгіштік температурасын әлсіз өзгертетін депрессорлық қоспаны қосу арқылы алынады. Жаздық дизель отынына қолдан жасау тәсілімен 20 %-ға жуық ТС-1 керосинін немесе КО қосады, бұл орайда оның пайдалану қасиеттері өзгермейді дерлік.
Арктикалық дизель отыны. Тығыздығы 830 кгм³ аспайды. Тұтану температурасы 25°C. Қату температурасы −50°C. Қайнап біту температурасы 180-320 Цельсий градусын құрайтын тікелей айдалған, сумен тазартылған және қайталама туынды көмірсутекті фракцияларды араластыру жолымен алынады. Арктикалық отынның қайнап біту температурасының шектері шамамен керосин фракцияларының қайнап біту шектеріне сәйкес келеді, сондықтан бұл отын мәні бойынша ауырланған керосин болып табылады. Алайда таза керосиннің цетан саны төмен - 35-40 әрі майлау қасиеті де жеткіліксіз (ЖҚОС қатты тозады). Осы проблемаларды болдырмау үшін арктикалық отынға майлау қасиеттерін жақсарту үшін цетанды арттыратын қоспалар мен минералды мотор майын қосады. Арктикалық дизель отынын алудың қымбаттау тәсілі жаздық дизель отынын парафиннен айыру болып табылады.

2 Дизель отынының маркалары және қолданылуы

Автомобильдің екі тактілі және төрт тактілі дизельді двигательдері дизельдің жылдам қозғалатын типіне жатады, олар жай жүретін стационарлы және транспортты дизельді двигательдерге қарағанда, отын сапасын қатаң талап етеді. Автомобильді дизельді двигательдер үшін 1-кестеде көрсетілгендей сапаның негізігі көрсеткіштері тән.
Техникалық шарттарға байланысты келесідей дизельді отындардың маркаларын шығару қарастырылған: ДИТО-ЭЛ, ДИТО-Элп, ДИТО-ЭЗ-минус 15, ДИТО-ЭЗ-минус 25, ДИТО-Эзп-минус 15, ДИТО-ЭЗ-минус 20, ДИТО-ЭЗ-минус 25, ДИТО-Эзп-минус 30.
ДИТО-ЭЛ - экологиялық жағынан жақсартылған, цетан саны 45-тен төмен емес жаздық дизель отыны. Кинематикалық тұтқырлығы 20º С-та 1,8+-6 мм2с төңірегінде болуы шарт, қату температурасы -10 ºС-тан жоғары емес, лайлану және фильтрлену температурасы нормаланбайды. Техникалық шарттар отындағы механикалық қоспалардың, судың, күкіртсутектің және де суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болмауын қарастырады.
ДИТО-ЭЗ-минус 15 - экологиялық жақсартылған фильтрлену температурасы шектелген -15 ºС-тан жоғары емес, қату температурасы -25 ºС жоғары емес қыстық дизель отыны.
ДИТО-Эз-минус 25 - экологиялық жақсартылған, фильтрлену температурасы -25 ºС-тан жоғары емес және қату температурасы -35 ºС, лайлану температурасы нормаланбайтын дизель отыны.
ДИТО-Эзп-минус 15 - экологиялық жақсартылған, канцерогенді поли-ароматикалық көмірсутектерден азайтылған, шекті фильтрлену температура-сы -15 ºС-тан жоғары емес, лайлану және қату температурасы -25 ºС, 5 ºС дизель отыны.
ДИТО-Эзн-минус 20, ДИТО-ЭЗп-минус 25, ДИТО-ЭЗп-минус 30 - қыс-тық, экологиялық жақсартылған, полиароматикалық қосылыстардан азайтыл-ған, шекті фильтрлену температурасы -20 ºС, -30 ºС, -35 ºС-тан жоғары емес, қату температурасы -30 ºС, -35 ºС, -40 ºС-тан жоғары емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизель отынын озонмен өңдеу
Моторлық отындардың түрлері
Көмірден және мұнайдан алынған дизель фракцияларын гидротазалау
Форреактор қолданылатын өнімділігі 2 млн. 250 мың т/ж дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысын дайындау
Жанармайдың ауамен араласуы және жанғыш қоспаның құрамы
Игданит аммиак селитрасы мен дизель отынынан дайындалатын қарапайым жарылғыш зат
Дизельді депарафинизациялау процесі
Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары
Акциз салығы.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісінің өркендеуі
Пәндер