Топырақ эрозиясы туралы ақпарат



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Топырақ эрозиясы және оның пайда болу факторлары
2. Өсімдік жамылғысы факторының эрозия түрлеріне ықпалы
3. Эрозияның келтіретін зияндары және одан қорғау шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді. Топырақ эрозиясы деп оның бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.
Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда: табиғи факторлар, адамдардың шаруашылық іс-әрекеті (антропогендік фактор).
Климат факторларының ішіндегі ең күшті фактор — осімдіктер жамылғысы. Егер өсімдіктер жамылғысы күшті және оның тығыздығы зор болса, онда эрозия процесі нашар жүреді және керісінше.
Дефляциялы механикалық құрамы жеңіл және ауыр, бірақ түйіртпексіз, құрғақ топырақтар жеңіл ұшырайды. Топырақты эрозиядан қорғауда өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Оның тұтастығы өскен сайын, эрозия бәсеңдейді.
Өсімдік тамырлары, әсіресе астық тұқымдастар, топырақ түйірлерін бірбірімен мықтап жұғыстырып, оларды бұзылудан сақтап қалып, шаңдануына қарсы тұрады.
Өсімдік жамылғысы топырақтың су эрозиясына төзімділігін арттырады. Оның себебі, өсімдік тамырлары топырақтың бөлшектерін біріктіріп бекітеді, өсімдіктің сабақтары мен жапырақтары жауын-шашын тамшыларының соққысын қабылдайды, өсімдіктер және олардың қалдықтары топырақ бетіндегі су ағысының шапшаңдығын кемітеді, өсімдік жамылғысы бар топырақ беті ылғалды жақсы сіңіреді және қыста тоң болып топырақтың қату тереңдігі кемиді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005.
2. Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік оқулық 2006 ж.
3.Т.Дәуренбеков «Топырақты жел эрозиясынан қорғау жұмысын механикаландыру»
4. Т.Тазабеков және авторлар ұжымы- «Жалпы топырақтану” Алматы 1998, “Агроуниверситет” баспасы
5. Интернет желісі

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Топырақ эрозиясы және оның пайда болу факторлары
2. Өсімдік жамылғысы факторының эрозия түрлеріне ықпалы
3. Эрозияның келтіретін зияндары және одан қорғау шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді. Топырақ эрозиясы деп оның бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.
Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда: табиғи факторлар, адамдардың шаруашылық іс-әрекеті (антропогендік фактор).
Климат факторларының ішіндегі ең күшті фактор -- осімдіктер жамылғысы. Егер өсімдіктер жамылғысы күшті және оның тығыздығы зор болса, онда эрозия процесі нашар жүреді және керісінше.
Дефляциялы механикалық құрамы жеңіл және ауыр, бірақ түйіртпексіз, құрғақ топырақтар жеңіл ұшырайды. Топырақты эрозиядан қорғауда өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Оның тұтастығы өскен сайын, эрозия бәсеңдейді.
Өсімдік тамырлары, әсіресе астық тұқымдастар, топырақ түйірлерін бірбірімен мықтап жұғыстырып, оларды бұзылудан сақтап қалып, шаңдануына қарсы тұрады.
Өсімдік жамылғысы топырақтың су эрозиясына төзімділігін арттырады. Оның себебі, өсімдік тамырлары топырақтың бөлшектерін біріктіріп бекітеді, өсімдіктің сабақтары мен жапырақтары жауын-шашын тамшыларының соққысын қабылдайды, өсімдіктер және олардың қалдықтары топырақ бетіндегі су ағысының шапшаңдығын кемітеді, өсімдік жамылғысы бар топырақ беті ылғалды жақсы сіңіреді және қыста тоң болып топырақтың қату тереңдігі кемиді.

Топырақ эрозиясы және оның пайда болу факторлары.
Жер өңдеу кезінде топыраққа интенсивті ықпал жасау оның ққрылымы мен құрылысының бұзылуына және табиғи топырақ құралу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз -- оның желдің немесе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі. Эрозия кезінде топырақтың майда, құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлылығы кемиді. Табиғатта 2,5 см ғана қарашірік қабаты түзілуі үшін 300-ден 1000 жылға дейін уақыт керек. Осыдан-ақ топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың өте қажет екені көрініп тұр.
Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда:
а) табиғи факторлар;
б) адамдардың шаруашылық іс-әрекеті (антропогендік фактор).
Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жағдайы және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттан топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор -- жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол, әсіресе, қуаңшылық, желі күшті соғатын және өсімдік жамылғысы нашар немесе аңыздар мен өсімдік қалдықтары топыраққа сіңірілген жерлерде пайда болады. Жел эрозиясының пайда болуы, өсіресе, желдің шапшаңдығына тығыз байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша, егер жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 мсек. болса, эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 мсек.-қа жеткенде күшті эрозияға әкеп соқтырады.
Келесі фактор -- топырақ жағдайы, әсіресе, оның түйіршіктерінің молшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 мсек. болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1 мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктіктегі шапшаңдығы 9,6 мсек, ал 1,5 мм болғанда -11,1 мсек. болуы керек. Эрозияның пайда болуы тек қана топырақ түйіршіктерінің молшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмды топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктіктегі желдің күші қара-қызыл қоңыр топырақтарда 3-4 мсек., ал жеңіл саздақ топырақтарда 5,0 мсек. болуы керек.
Жер бедері. Топырақ эрозиясы кез келген жер бедерінде пайда болады. Дегенмен, ол кобінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның, әсіресе, су эрозиясына қатысы бар.
Өсімдіктер жамылғысы. Климат факторларының ішіндегі ең күшті фактор -- осімдіктер жамылғысы. Егер өсімдіктер жамылғысы күшті және оның тығыздығы зор болса, онда эрозия процесі нашар жүреді және керісінше.
Жер бетінде өсімдік жамылғысы жақсы дамығанда ол желдің күшін азайтып, топырақ түйіршіктерінің желмен ұшып кетуіне кедергі жасайды. Ал өсімдік жамылғысынан айырылған жерлерде эрозия процесі күшті жүреді. Өсімдік жамылғысының жоғалып кетуіне топырақ өңдеу тәсілі және малды ретсіз жаю үлкен әсер етеді. Топырақ эрозиясының пайда болуына әсер ететін күшті фактор -- адамдардың шаруашылық іс-әрекеті.

Өсімдік жамылғысы факторының эрозия түрлеріне ықпалы.
Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді. Топырақ эрозиясы деп оның бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.
Жел эрозиясы(дефляция) дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі.
Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық жағдайы, топырақ жамылғысының ерекшеліктері жел эрозиясының дамуына ықпалын тигізеді. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуының басты себебі- мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы. Сонымен бірге жер бедерінің жазық, тегіс болып, орманды алқаптардың сирек кездесуі жел әсерінің топыраққа ықпалын арттыра түседі. Осылармен бірге жел эрозиясының дамуына топырақтың қасиеттеріде септігін тигізеді. Әсіресе гранулометриялық құрамы жеңіл (құм, құмдақ, жеңіл саздақ), қарашіріндісі аз, біріккіштігі шамалы, үстіңгі қабатында карбонаты бар топырақтар жел эрозиясына тез шалдығады. Егістік алқаптарда көктемде өңделіп, бапталып тұқым себілген, өсімдіктері жаңа көктеп, жер бетін толық жаппаған танаптар жел әсеріне төзімсіз болып, эрозияға тез ілігеді.
Топырақтың жел эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар:
1. шаңды боран (қара дауыл)
2. күнделікті (жергілікті).
Дефляциялы механикалық құрамы жеңіл және ауыр, бірақ түйіртпексіз, құрғақ топырақтар жеңіл ұшырайды. Топырақты эрозиядан қорғауда өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Оның тұтастығы өскен сайын, эрозия бәсеңдейді.
Өсімдік тамырлары, әсіресе астық тұқымдастар, топырақ түйірлерін бірбірімен мықтап жұғыстырып, оларды бұзылудан сақтап қалып, шаңдануына қарсы тұрады.
Құрлық үстіндегі өсімдік сабақтары, жаңбыр тамшыларының ұру күшін бірінші өзіне қабылдайтындықтан, топырақ түйіртпектерін бұзылудан сақтап қалады. Тұтас өсімдік жамылғысы су ағыны жылдамдығын азайтып, топырақтың шайылуын кемітеді және судың топыраққа толық сіңуіне себептеседі. Шымды қабат және өсімдік төсенішінің жақсы су өткізгіштік қабілеті болғандықтан суды жылдам сіңіріп, өзіне жақсы ұстай алады. (1-кесте). Өсімдік жамылғысы бар құрлықтың қары қалың болады да, топырақтың тоңдану тереңдігі азаяды. Ондай топырақ бетіндегі қар көктемде тез еріп, ылғал оның кескіні мен төмен, түгел сіңіп кетеді.
Өсімдік жамылғысы топырақты дефляциядан да тұрақты сақтайды.

1-кесте
Топырақты шайылудан өсімдік жамылғысының қорғауы
(еңістігі 5,5-7º)
Ауыларуашылық дақылдары
1 гектардан су ағыны, л
1 гектардан топырақ шайылуы, т
2-ші жылдық көпжылдық шөптесін
3020
4,1
Күздік бидай
3700
8,0
Жүгері (беткейге көлденең себілген)
4200
15,7
Ерте пар(сүрі)
7500
49,9

Топырақ эрозиясы үдемелі өсімдіксіз сүріге қалдырылған танапта дамиды.

Су эрозиясыдегеніміз бетінен аққан су әсерінен топырақтың бұзылып, шайылып бүлінуі.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіндегі таулы өлкелерде, солтүстік және орталық Қазақстандағы, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы аласа таулы-шоқылы аудандарда топырақтың су эрозиясымен бүлінуі байқалады. Топырақтың су эрозиясына шалдығуының қарқыны келесідей табиғи-экологиялық жағдайларға байланысты болып келеді:
1. климат жағдайы - қыста қар жамылғысының қалыптасуы мен жылы мезгілде жауын-шашынның түсуі және олардың қарқыны, аумақтың температура режимі;
2. жер бедері - тау беткейлерінің пішіні мен экспозициясы, су жиналатын аумақтың ауданы мен пішіні, эрозия базисінің дәреже мөлшері;
3. топырақ түзуші тау жыныстарының, топырақ типтерінің, олардың құрылымының ерекшеліктері;
4. топырақ бетінің өсімдік жамылғысының дәрежесі және ерекшеліктері;
5. адамдардың іс-әрекеті.
Өсімдік жамылғысы топырақтың су эрозиясына төзімділігін арттырады. Оның себебі:
* өсімдік тамырлары топырақтың бөлшектерін біріктіріп бекітеді;
* өсімдіктің сабақтары мен жапырақтары жауын-шашын тамшыларының соққысын қабылдайды;
* өсімдіктер және олардың қалдықтары топырақ бетіндегі су ағысының шапшаңдығын кемітеді;
* өсімдік жамылғысы бар топырақ беті ылғалды жақсы сіңіреді және қыста тоң болып топырақтың қату тереңдігі кемиді.
Өсімдік жамылғысы жойылған немесе ол әліз дамыған топырақ беті су эрозиясына төзімсіз болып келеді.

Өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп, темекі, сөбіз, тары, күздік және жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар эрозиядан өздерінің өнім беруін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа бүлінген жерлерде 30-70%, ал қатты бүлінген жерлерде 65-90% -ға кемиді. Екінші топқа эрозияға орташа сезімтал арпа, қарақұмық, бұршақ тұқымдас дақылдар, бір жылдық шөптер жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15% -ға, орташа бүлінген жерлерде 30-35%-ға қатты бүлінген танаптарда 40-70%-ға кемиді. Эрозияға ұшырап, бүлінген жерлерге себілген басқа дақылдарға қарағанда, сұлы, қара бидай, көп жылдық шептер төзімді келеді. Бұл дақылдардың өнімі азғана бүлінген жерлерде 5-10% -ға, орташа бүлінген жерлерде 15-40%-ға, қатты бүлінген жерлерде -- 25-55%-ға кемиді.

Эрозиядан келетін зияндар. Топырақ эрозиясы ауыл-шаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықтар жердің құнарлы қабатынан, онымен бірге қоректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна қарашірік, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор, 2 тонна калий жоғалады екен. Су эрозиясы жыл сайын 2,5 млн. тонна азотты, фосфорды және калийді шайып өкететін көрінеді. Францтың мәліметтеріне сенсек, жел мен су жыл сайын Еуропадан 840 млн. тонна, Африкадан 21 млрд. тонна топырақты мұхиттар мен теңіздерге алып кетеді екен. Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Екіншіден, эрозияның салдарынан дәнді масақты дақылдардың өсімдігін желмен ұшқан топырақ түйіршіктері құртып жібереді, яғни, егістік жойылады. Атап айтқанда, 1962-1965 жылдар арасында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр
Биік таулы аймақ
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы
Тың жерлерді жаппай шеру ауыл шаруашылығын экстенсивті дамыту саясаты
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Топырақ эрозиясы және оның түрлері
Қазақстан топырағының экологиялық мәселелері
Топырақ туралы түсінік
Алматы облысының жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері
Пәндер