Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері



І. Еңбек өнімділігі және оның мәні
1.1.Еңбек өнімділігі 5
1.2. «Өнімділік . 2020» бағдарламасы 9
ІІ. Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері 11
ІІІ. Мұнай және газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігін анықтайтын факторлар және оларды арттыру жолдары 15
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер 22
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді.
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
1. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
2. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
3. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Еңбек өнімділігі және оның мәні
1.1.Еңбек өнімділігі 5
1.2. Өнімділік - 2020 бағдарламасы 9
ІІ. Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері 11
ІІІ. Мұнай және газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігін анықтайтын факторлар және оларды арттыру жолдары 15
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер 22

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса - бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді.
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

І. Еңбек өнімділігі және оның мәні
1.1.Еңбек өнімділігі
Еңбек өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]
[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік -- осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлеміТірі еңбек шығындары
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады.
Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) -- бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:
ЕӨ = Өнім көлемі Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
* еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
* еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:
Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі Негізгі капитал шығындар
Материал қайтарымы = - Өнім көлемі Агымдагы материалдық шығындар
Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:
* ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
* аралас бағалау (осы және басқалар).
Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:
МФ = Q f(x)

немесе:
МФ = ΔМФ МФ¤
Бұнда x -- МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:
* 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
* 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
* 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
* 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
* 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.
Еңбек өнімділігі - адамдардың өндірістік қызметінің нәтижелілігін, тиімділігін көрсететін кәсіпорын қызметінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Анығырақ айтсақ, жұмыс уақытының бірлігіне шаққандағы өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі, ең алдымен, еңбек ресурстарын қолдану тиімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін кері көрсеткіш - шығарылған өнім бірлігіне шаққандағы жұмыс уақытының шығыны - еңбек сыйымдылығы реттінде де сипаттауға болады.
Еңбек өнімділігінің өсімі - өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен өндіріс рентабельділігінің артуының негізі. Еңбек өнімділігінің артуымен еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жағдайында өнім бірлігін жасауға кеткен шығындағы еңбекақы үлесі төмендейді.
Өнім өндірісінің артуымен қамсыздандырылған өнім көлемінің кеңеюі өндірістің қысқартуларының үнемделуін де анықтайды. Бұл өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, пайданың және оның салыстырмалы көлемі - рентабельділігінің көбеюіне әкеледі. Еңбек өнімділігін арттыру бұл кезде тұрақты түрде еңбекақы өсімінің алдын алып тұру керек. Тек осы жағдайда ғана еңбек өнімділігінің өсімі өндіріс тиімділігін жақсартуды қамтамасыз етеді.
Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру толығымен алғанда еңбекті ынталандыруды толығырақ есепке алғанды талап етеді. Кәсіпорын жұмысшыларының ынталандырудың негізгі түрі еңбекақы екендігі бәріне аян.

1.2.Өнімділік - 2020 бағдарламасы.
Ақтөбе облысында өткен жылы еңбек өнімділігі бір адамға 42,5 мың АҚШ долларын құраған.
Ақтөбе облысында индустрияландыру картасына жалпы сомасы 632,8 млрд. теңгеге бағаланатын 73 инвестициялық жоба енгізілген. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде он мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. 2012 жылы 4,5 млрд. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылыпты.
Бұл жұмыстар облыста өнеркәсіп өндірісінің өсіміне ықпалын тигізген. Нақтылап айтар болсақ, өнеркәсіп өндірісі жыл қорытындысы бойынша 107 пайызды құраған. Бұл - республика бойынша ілгері көрсеткіштердің бірі.
Облыста жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту - бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің қатарында. Осы мақсатты көздейтін Өнімділік-2020 бағдарламасына облыс бойынша бүгінде жеті кәсіпорын қатысуға ниет танытқан. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2009 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, бір жұмыспен қамтылушыға 42,5 мың АҚШ долларын құрап отыр, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Биылғы жылы облыста басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі оннан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай, бірқатар кәсіпорындарды орналастыру жоспарланған индустриалды аймақ құрылысы басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Өнімділік - 2020 бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің хаттамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарламаның мақсаты еңбекті өндіруді ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларында өндіріс кәсіпорындарының бәсекелестігін жоғарлатуы болып келеді.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі - 2011-2020 жылдар.
Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттелеген айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімдер шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді енгізу, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу, тұтастай алғанда, кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады.
Бұл ретте еңбек өнімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, тартымды өткізу нарығына қол жеткізу, бәсекелес ортаның сапасы, өнімдер мен қызметтерді шебер жылжыта білу, өнімді немесе қызметті сату қабілеті ықпал етеді. Бұдан басқа қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджмент рөлі басты болып табылады.

ІІ. Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері - еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚ яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚ т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай‚ еңбек‚ құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т‚ м‚ дана‚ т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері, пайда
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Пәндер