Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілеттілігі мен есте сақтау процестерінің психологиялық негіздері және диагностикалау ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Психология және әлеуметтiк педагогика кафедрасы

Диплом жұмысы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

М А З М Ұ Н Ы

КIРIСПЕ . . . ………. 3

1- ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің

даму ерекшеліктері. . … . . . 6

1 . 2. Қабілеттіліктің танымдық процестермен

/ес/ байланысына түсінік . . . …11

1. 3. Қабілеттердің классификациясы факторларының

ерекшеліктері . . . 26

2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау

2. 1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері . . . …43

2. 2. Зерттеудің классикалық әдістері . . . 49

2. 3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ………. 63

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . . . . …. . 66

ҚОСЫМША . . . …. 68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностика әдістерінің дамуы 30-50 жылға тоқтап қалғанымен, қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау жаңа сатыға көтерілген. Психодиагностика мәселесін шешу, оның жекелеген құраушылары арасындағы қатынасты қарауды көздейді: мұғалім (диагност), оқушы (оның қабілеттері), тест /1, 2/.

В. В. Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі: 1. окудың жемістілігін анықтайтын әдістер (оқушының үлгерімін бағалайтын дәстүрлі әдістер) ; 2. педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті) Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын және оларды қайта қарау керектігін айтады. /2/

"Егер бұрындары бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен "балаларды окуға, жазуға, санауға" үйретуі керек болса, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар, балаларды окуға үйретумен бірге, олардың қабілеттерін дамытуға, оқушының жеке басында керек сапаларды калыптастыруы керек" /3/. Дифференциалды ес психологиясы, есті зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен, оларды оқу іс-әрекетінде ғылыми-практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып табылады.

Классикалық есті зертгеу әдістері қабілеттерді емес, процестерді қарастырады. Бұрынғы кеңестік кездегі процестерді зерттеудің бірнеше кезеңдерін С. П. Бочарова төмендегідей көрсетеді:

1. Психика мен іс-әрекет бірлігі. Танымдық процестерді зерттеу 1920-30 жылдардағы П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Я. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев еңбектерінен басталды.

2. Теория мен іс-әрекет бірлігі. 1940-50 жылдардағы А. А. Смирнов, П. И. Зинченко, Л. В. Занкованың зерттеулерінде ес белсенді іс-әрекет ретінде, нақтылы іс-әрекет түрінде (оқу, ойын, еңбек) қарастырылды.

3 Естің ақпараттық концепциясы. 1960-70 жылдардағы операторлар іс-әрекетінің міндеттері ақпаратты өңдеуге байланысты мнемикалық процестерді комплексті сандық және сапалық зерттеуге әкелді. П. И. Зинченко, В. Я. Ляудис, Е. В. Земелянская, Н. И. Рыжков, Г. В. Репкина, С. П. Бочарованың зерттеулерін айтуға болады.

  1. Құрылымдық-функционалды концепция ақпараттық концепциямен бірге дами бастады. (П. И. Зинченко, Ю. К. Стрелкова, Г. Г. Бучетич, Е. Н. Гордон т. б) .
  2. Жүйелік бағыт. Жоғарғы бағыттар негізінде пайда болып, А. А. Смирнов, П. И. Зинченко еңбектерінде көрініс тапты. /2/

Ал, қазіргі уақытта В. Д. Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше бағыттарын байқауға болады: Ес - психикалық процесс ретінде: мұнда мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту, ұмытумен сипаттайды;

Ес - ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы және т. б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі;

Ес - дамушы сан қырлы қорлар жүйелері;

Ес - тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы; /5/.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

- Қабілеттер жайлы теорияларға талдау жасау;

- Қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық құрылымын анықтау;

- Қабілеттердің функционалды даму деңгейін анықтау;

Зерттеу болжамы: окушылардың қабілеттерін дамыту, олардың есте сақгау өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады.

Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі қабілеттер мазмұны мен құрылымының диагностикасы.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып окушыларының қабілеттері.

Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В. Д. Шадриков, С. А. Изюмова, Т. В. Зотова, Л. В. Черомошкина) .

Зерттеудің практикалық мәні: оқушының қабілетінің даму деңгейін білу, оның жеке басының дамуы мен жетілуіне белгілі бір қырдан қарауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Бастауыш мектеп окушыларында ес процесінің даму ерекшеліктері.

Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияққы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін диагностикалау және дамыту: психологиялық негіздері мен әдістемелік тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін дамыту ерекшеліктері: теориялық және эксперименттік негіздер
Бастауыш сынып (4-сынып) оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін диагностикалау технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту: назарды және есте сақтауды диагностикалау мен жаттықтыру
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту: теория мен педагогикалық тәжірибе
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін диагностикалау
Мектепке даярлық тобының оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау (мнемикалық) қабілеттерін диагностикалау: теориялық және тәжірибелік-психологиялық зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz