Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-7
І. Тарау. Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы.
1. 1. Ресей жеріндегі түріктердің тарихы . . . 8-13
1. 2. Европа елдерінде түрік диаспорасының қалыптасуы . . . 13-25
1. 3. Түрік диаспорасының ұйымдары мен қоғамдары және оның ықпалдылығы . . . 25-29
ІІ. Тарау. Еуропадағы түрік диаспорасының белсенді тұлғалары.
2. 1. М. Шоқайдың өмірі мен қызметі . . . 29-35
2. 2. Зәки Валидидің қоғамдық қызметі . . . 35-44
2. 3. Баймырза Хайттың қоғамдық қызметі . . . 44-53
Қорытынды . . . 54-58
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер . . . 59-61
Кіріспе
1983 жылдан бері статистика мен демография ғылымында түркі тілдес халықтардың жалпы саны мен орналасуы және өсу барысы жан-жақты сараланып, ғылыми тұрғыда тиянақты есептелетін. Осы жылдардың аралығында (1983-2000) түркі жұрты, жылына орта есеппен 2, 4-2, 7% өсіп, сапа жағынан тағы да дами түсті. Өткен замандарда көшпелі қауымның негізін түзген түркі халықтары қазіргі кезде жер жүзі тұрғындарының отыздан бір бөлігін құрап, әлемдік тарихта өзіндік орынға ие болып келе жатыр, 1999 жылдың аяғында 6 миллиардқа толған адамзат баласының жалпы санының 2, 6 процентін құраса, ал өзі тұрған Еуразия алып континентті тұрғындарының 4 процентін құрады. Ал таралып-қоныстану жағынан, яғни орналасу ареалы жағынан біртұтас Еуропа мен Азия құрылығында ең көп тараған славяндармен қатарлас келеді.
Кең байтақ алып Еуразияда түркі тілдес халықтар жайыла орналасуы жағынан алдыңғы орындардың бірінде. Олардың қоныстанған аймағы солтүстік-шығыста, сонау Солтүстік мұзды мұхиттан басталып, (Якутия-долғандар), оңтүстік батыста Босфор шығанағынан ары асып, Балқан түбегіне ) дейінгі, шамамен 15-16 миллион шаршы шақырым жерді алып жатыр. (Қытайлардың қоныстану ареалынан 1, 5 есе кең) . Осы XX ғасырда олардың ішінде тәуелсіз тек бір мемлекет - Түркия ғана болды, ал қалғандарында өз алдына дербес мемлекет, егеменді ел болмады. Түркі халықтарының Солтүстік мұзды мұхит пен қиырдағы Тынық мұхиттан Босфор мен Балқанға және Днепр мен Дунайға дейінгі аралықты алатын, осындай кең-байтақ территорияда, тарих пен табиғат бірлесіп жасаған біртұтас көшпенді белдеуін отаршылдар Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Қазақстан, Орал өңірі мен Еділ бойы және Солтүстік Кавказ (Қаптау) мен Қиыр шығыста бірнеше жерден күшпен үзіп жіберді. Қырымдағы түркілік иіс мүлдем құрыды.
Мұндағы бірден-бір негізгі ұйытқы - Түркия мемлекеті. Шамамен VІ-VII ғасырларда Сыр мен Әму бойынан кеткен түркі тайпалары - Кіші Азияға ауып барып, үлкен империяға айналған мемлекет құруы түркілер үшін еуропалықтардың Америка құрылығын ашуымен пара-пар ғаламат оқиға. Олардың жаңа мекендеріне ата жұрттың дәстүрлі жер-су атауларын да алып барғаны таңқаларлық. Қазіргі Түркияның оңтүстігіндегі қос бұрымдай екі өзен - Жейхұн жене Сейхұн деп аталады. Оларда да Ұлытау - Ұлудағ бар. Ал, Стамбұл Еуропаға «ислам бол» деген бұйрық, өктем сөзден шыққан сөз.
Түркі әлемі өзінің жер көлемі жағынан (250 млн. Халқы, 20 мемлекеті бар), көршілес араб елдерінен алда тұр. Араб әлемі 10 млн. Шаршы шақырым болса, ал түркі әлемі 15 млн. Шарашы шақырымға жайылып жатыр. Сол сияқты көрші парсы жерінен сан жағынан екі есе, жер жағынан төрт есе кең. Ал, 275 миллиондық славян әлемінен әзірге халық саны кем болғанымен, демографиялық өсу қарқыны жағынан анағұрлым басым.
Түркі тілдес халықтардың ежелдік қалыптасқан, тұрақ еткен мекені Еуразияның дәл кіндік ортасы, атап айтқанда Орталық Азия-Қазақстан мен Орта Азия, Шығыс Түркістан мен Оңтүстік Сібір, Еділ бойы мен Орал өңірі және Солтүстік Ауғанстан мен Батыс Монғолия (10 млн. Шаршы шақырым) . Бұл жерлерде қазір түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың жартысына жуығы тұрып жатыр. [1]
Шет елдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуына мынадай аспектілер тән: саяси (18-19 ғасырларда болған ұлт-азаттық көтерілісі мен патша самодержавиесіне қарсы соғыс), экономикалық (шаруашылық жүргізудің дәстүрлі жүйесінің бұзылуы орыс колонизаторларының құнарлы жерлерді тартып алып, орныққан жерлерінен ығыстыруы, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары экономиканың құлдырауы), діни (мұсылман қайраткерлерін қудалау, мешіт пен медреселерді жабу) .
«Қазақ диаспорасының тарихи тағдырлары» атты кітаптың авторы Г. М. Меңдіқұлованың пікірінше диаспора мен ирредент түсініктерін бір-бірінен айыра білуіміз керек. Қазақстанмен көршілес Ресей аумақтарында (Астраханъ, Орынбор, Қорған, Омбы облыстары), Өзбекстанда (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл аудандары) және Қытайда (ШУАР-дағы Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл-Құмыл аудандары) өмір сүріп жатқан қазақтарды «диаспора» терминімен бөлектеуге болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында тұрып жатыр. Сондықган тұрғындардың бұл тобы «ирредент» терминімен анықтауға жатады.
Бұрынғы КСРО-дағы одақтас республикалар бір-бірінен бөлектеніп, тәуелсіздік алып кеткеннен кейін қазіргі кезде мемлекеттік шекараларды қайта қарап, ол жерлерді қайтару жайлы мәселе қойылып отырмағандығы өз-өзінен түсінікті. Жоғарыда айтылған пікірді тарихи өткен кезеңге байланысты деп карау керек.
Толық емес мәліметтер бойынша қазіргі кезде Ресейде 1 млн. 310 мың этникалық қазақтар тұрып жатыр. Олардың 70 пайызы селолық жерлерде ғұмыр кешуде. Жоғарыда айтылып өткендей, біздің отандастарымыздың көіпшілігі Ресей Ферациясның Қазақстанмен шектесетін 12 субъектісінде, атап айтқанда Алтай өлкесі мен Алтай республикасында, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Новосібір және Тюмень облыстарында тұрады.
Дегенмен, Ресейден оралу процесі ақырын жүріп жатыр. Негізгі себеп олардың Мәскеудің аз халықтарды орыстандыру саяысатына бой алдырғандарында болып отыр. Олардың көпшілігі ана тілдерін ұмытқан және этнос ретіндегі ұлттық мақтаныштарын, өздерін ұлт ретінде сезінулерін жоғалтқан.
Ресейде бірде қазақ орта мектеп, қазақша республикалық газет-журнал шықпайды.
Қазақ диаспорасы ТМД мен Балтика мемлекеттерінде де өмір сүріп жатыр. Ол бұрынғы Кеңес одақ ішіндегі ішкі көші-қон процестерінің нәтижесінде қалыптасқан. Олардың тұрмыс-тіршілігі жергілікті халықтың жағдайымен бірдей. Жерлестік және мәдени орталықтарды құру диаспора өкілдерінің аздығына байланысты ұлттық белгілерге қарап емес, этнодіни белгілерге қарап (түркі тілдес ұлттар, мұсылман қоғамдары, т. б. ) жүргізіледі. Бұл ортада елге көші-қон жасауға белсенділік байқала қоймайды.
Батыс Еуропа елдеріндегі (негізінен ГФР, Франция) қазақ диаспорасы Түркиядан басталған еңбек миграциясы «толқынында» пайда болды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бақуаттылығы мен сол елдердің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген менталитет оларды Еуропадан көшуге асықтырар емес. Соңғы жылдары АҚШ- қа біраз жас қазақтар жұмыс, оқу іздеп қоныс аударды, әсіресе қыз -келіншектер.
Басқа елдердегі қазақ ұлтының өкілдері сандарының аздығына байланысты жергілікті халықтарға жартылай сіңіп кеткен.
Болашақта әлемдегі қазақ этносы қалай дамиды, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанға оралып мықты ел құрама? Сол мәселені бүгінен бастап Өкімет, қоғам - жұртшылық болу ойлауымыз керек.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Диаспорология ғылымының дамуына негіз болған дүниедегі диасиоралардың қалыптасуының ерте, орта, жаңа, қазіргі замандардағы дамуының тарихи кезеңдерінен байқағанымыздай, этностар сонау ертеден бастау алатын тайпааралық текетірестердің, ұлтаралық қақтығыстар мен жаулап алу соғыстарының тағы басқа алуан түрлі құбылыстардың әсерінен ұлттық келбетін жоғалтып, үстем этностарға сіңісіп, жоғалып этномәдени ассимиляцияға ұшырап отырған. «Белгілі бір этностың өз генофондын, мәдениеті мен салт-санасын (менталитет) тілі мен дәстүрлерін дамытуға, өркендетуге және ұдайы жаңғыртуға толық мүмкіндік алатын өзіндік табиғи ортасын этникалық кеңістік дейміз». Этностарды өзінің этникалық кеңістігінен, яғни ата-мекенінен басқа этнодиаспоралық кеңістіктерге қоныс аударуға мәжбүр ететін диаспоралардың қалыптасуын бейнелейтін құбылыстар болады. Бұл құбылыстар ұлтаралық дау-жанжалдармен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қақтығыстар мен дау-жанжалдар туралы (конфликтология) ғылымның негізін салушы немістің көрнекті әлеуметтанушысы Г. Зиммель болды. Ғылыми жүйелерін жасауға К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм, философиялық-психологиялық тұжырымдарын жасауға З. Фрейд, Э. Фромм және т. б. ат салысты. [2]
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. КСРО-ны мекендеитін халықтардың тізімін жасау қажеттігі болған кезде назар аударылды. «КСРО-да «диаспера ұғымы ең қатерлі, ең қажетті проблема екеніне күманы жоқ, халықтардың санасында «Этникалық Отан ұғымы кеңістікке берікбекіп, нақты көрніс тапты. Ресейдегі диаспералар туралы әбден, жеткілікті айтуға болар еді-дейді. Сол кездегі бұл құбылыстарды бенелетін ұғым ретінде «этнолингинтік қауымдастық, «этногрфиялық топ (Чебоксаров Н. И., Чебоксарова И. А. ), «негізгі этникалық бөлшектер деген еңбектері жарық көрді.
Жұмыстың зерттеу мақсат: ХХ ғ. бірінші жартысында өткен тарихты зерттей отырып бүгінгі проблемаларын халықаралық қауымдастықтар деңгейінде шешуші қажеттіліктерге назар аудару. Қазіргі диаспорамыздың қиын мәселелерін тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүдеміз халықтық бірлігіміз тұрғысында ғана қажет болып отырған жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткенннің қатесін түзеу, адам құқығын қорғау сияқты біздерге өте қажетті іс.
Зерттеу міндеттері: Осы тұрғыдан мынадай мәселелерді зерттеуді міндет етіп қойдым:
- Еуропа елдерінде түрік диаспорасының тарихын зерттеу.
- Ресей жеріндегі түріктердің тарихын зерделеу.
- Түрік диаспорасының ұйымдары мен қоғамдары және оның ықпалдылығын анықтау.
Еуропадағы түрік диаспорасының белсенді тұлғалары ретінде
- М. Шоқай
- З. У. Тоған
- Б. Хайттың қоғамдық қызметі мен өміріне талдау жасау.
Қазіргі заманғы этномәдени үрдістер тереңдей түскен сайын жаһандану құбылысының бет-бейнесі айқындала түсуде. Қазіргі кезде өзінің тарихи отанында отырған халықтардың этномәдени дамуына айтарлықтай әсерін тигізе бастаған жаһандану үрдісі кезінде өзінің ата-қонысынан, яғни тарихи отанынан жыраққа өмір сүретін диаспоралардың атап айтқанда, біртұтас қазақ халкының құрамдас белігі, дүниеге шашыраған қазақ диаспорасының әлеуметтік мәдени болмысы қандай күйде болуы мүмкін? Жаһандану үрдісі кеңістікте берік бекіген сайын диаспоралардың жергілікті үстем этностарға сіңісу қауіпі белең алып отырғандығы белгілі. Дегенмен, бұл әлі басы ашық күрделі зерттеулерді қажет ететін мәселе.
І. Тарау. Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы.
1. 1. Ресей жеріндегі түріктердің тарихы.
Бүгінгі Ресейде әр түрлі деректер бойынша 800 мыңнан 1 млнға жуық этностық қазақтар тұрады. ТМД елдерінде 1 млн. 815 мыңдай қазақ болса, соның 40 пайызы ресейліктер деген дерек бар. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қзақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Тюмень және басқа облыстарында тұрады. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында 10 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр.
Ресей қазақтарының 70 пайызына дейіні ауылдық жерлерде тұрады. Мысалы, Орынбор облысында 197474 қазақ бар. Облыстың Адамов ауданы тұрғындарының - 31, 2, Ақбұлақтың - 24. 4, Белясевтің - 23, Домбаровтың - 41. 5, Первомай ауданының - 22, 3, Соль-Илецкінің (қазақ Тұзтөбе дейді) - 22, 5, Ясный ауданының - 52, 2 пайызын қазақтар құрайды. Орынбор облысында бізше айтқанда 1 аудан әкімі, 24 селолық әкім, 1 аудаңдық білім бөлімінің, 1 мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1 облыстық депутат, 114 мектеп директоры, 74 қала және аудан әкімшіліктерінің қызметкерлері, 1 аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 1 аудаңдық прокурор, 38 ауылшаруашылық ұжымдарның жетекшілері қазақтар.
Диаспора - қырық құрау, ұлттық тарихи отанынан тыс жерде тұратындардың кездейсоқ бірлігі емес. Сондай-ақ оны жарғыға негізделген ұйым деуге де болмас. Диаспора - ортақ мүдделерімен айқындалып тұрған, ұйымдасқан, тұрақта қауымдастық ондай анықтамаға жүгінудің басты себебі - шет елге қоныс аударған ұлт өкілдерінің ұлттық саны мен сапасы бірдей емес. Ресейдің қазақ жастарының арасында ұлттық ассимиляцияға ұшырап, ұлтсызданған, қазақ ұлтына орыс көзімен қарап, орыс өлшемімен баға беретіндер баршылық. Ондай нигилистер бүгінгі қазақстандық қазақтардың арасында да бар, ал ресейлік қазақтардың арасыңда молырақ. Шет елге қоныс аударуына қарамастан, ұлттық идея төңірегінде топтасқан, ұлттық келбетін сақтауға мүдделі қазақтарды диаспора дейміз. [3]
Орыстандыру саясаты оларды бір қалыпқа салып, бір тілге, мәдениетке мойынсунуға итермелесе де, көп жағдайда ол саясат кері ықпалын тигізіп, ұлттық сананы оятып, ұлттық топтың өзін дербес этностық топ, диаспора болып сезуіне итермеледі. Қазақтар жұбын жазбай, іргелес қоныстану дәстүрін сақтауға да тырысады. Астрахань облысы қазақтары ауылдық жерде 78 қазақ, 121 - қазақ-орыс, 4 - қазақ-татар, 2 - қазақ ноғай, 5 - қазақ-чешен, 5 - үш үлтты елді мекендерде тұрып жатыр. Ал Омбы облысындағы 44 ауылда бірыңғай қазақтар қоныстанған.
Ресейдегі қазақ диаспорасы Ресей - Қазақстан қатынастарын - халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бүгін еліміздің экономикасы қарқындап дамып келе жатқан тұста, мемлекетіміз диаспораны мәдениет, білім, ана тілін қолдау саласында, сондай-ақ этностық қазақтардың еркіне сәйкес тарихи отанына оралуына мүмкіндік жасай алады. Соңғы жылдары Санкт-Петербург, Астрахань қалаларында Бас консулдықтар ашылды, енді Омбы және Самара қалаларында да ашылу жоспарланып отыр. 2005 жылдың қаңтар айында Президент Н. Ә. Назарбаев Мәскеу қаласында қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарымен қатар, Ресей мен Қазакстан арасыңдағы мәдени, ғылыми-техникалық және іскерлік байланыстарды дамыту барысында диаспораның алатын рөлі жөнінде де пікір алмасты.
Ресейдегі қазақ диаспорасы бүгін ұлттық ұстанысы жағынан біркелкі емес, күрделі. Қауымдастықтың этнопсихологиялық тұрғыдан бағыты екі ұшты: тарихи отаны мен бүгінгі қоныстанып отырған мемлекетінің, өз ұлты мен араласып отырған ұлттық ортаның проблемаларын басынан кешіруде. Олар өздерінің қазақстандық қазақтардан «өзгеше» екендігін біледі, себебі олар диаспораның екінші, үшінші ұрпағы, орыс тілін, мәдениетін жақсы игерген. Бірақ орыстардың оларға қазақ ұлтының өкілі, жағдай туса тарихи отанына оралатын мүмкіндігі барлар ретінде қарайтынын да терең сезінеді. Сондықтан олар Ресей мен Қазақстанның аралығынндағы көпірдей. Олардың арасында не Қазақстанның, не Ресейдің азаматтығын таңдамағандар әлі жоқ емес, тіпті совет азаматтарымыз деушілер де жасы елуден асқандардың арасында баршылық. Ал ондайлар қазақстандық орыстардың арасында тіпті көп.
Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша, қазақ диаспорасын алаңдатып отырған мәселелер мынандай:
- Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстар;
- Қазақстан бизнес құрылымдарымен серіктестік, экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастар; қазақ диаспорасы шоғырланған Ресей аймақтарында консулдықтар ашу;
мәдени-гуманитарлық мәселелер төңірегінде диаспора өкілдерінің талаптары әр түрлі:
мәдени-ұлттық-автономиялар мен орталықтарға қаржылай-заттай көмек;
шекараға жақын аймақтарға теле-радио хабарларын, қазақ тіліндегі баспасөзді жеткізу;
диаспора өкілдерінің жастарына Қазақстан жоғары оқу орындарынан арнаулы орын бөлу;
Қазақстан театрлары мен белгілі өнер қайраткерлерінің гастрольдерін ұйымдастыру;
- жазушы, ақын және мәдениет қайраткерлерімен кездесу; бірлескен Қазақстан Ресей жоғары оқу орындарын ашу;
- кітапханаларды қазақ тіліндегі көркем әдебиет және оқу-методикалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмек;
- диаспора өкілдерінің балаларын Қазақстан жеріне қазақы тілді ортаға бейімдейтін жаздық демалыс ұйымдастыру.
Ресейдің кейбір облыстарында қазақ басқа да этностық диаспора өкілдерінің санын тым асыра көбейту арқылы, мысалы, Волгоград облысындағы 42 мың қазақтың санын 60-80 мыңға жеткізіп, "аймақта демографиялық экспансия бар, бөтендер маңызды позицияны өз қолына алып жатыр" деп халықты қорқытып-үркіту де орын алып отыр. Экстремизмнің тарауын православие дініндегілер мұсылмандардан көруге әуес. Тіпті "іргелес мемлекеттер орыстарды ығыстыру үшін әдейі мұсыдмандарды Ресейге қоныс аударуда" деп кінә тағу жиі кездеседі.
Әр аймақтағы саяси биліктің қоғамдық пікірге, саяси күштер мен әлеуметтік ахуалға, сондай-ақ федералдық, орталыққа алаңдауы ұлттық саясаттың іс-қимылын шектейді. Дегенмен басты мақсат - диаспоралар мен билік арасындағы қатынастарды реттеу болып отыр. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолы - диаспоралардың этномәдени өзіндік ерекшеліктерін сақтау. Федерация субъектілері заңдары бойынша ұлттық-мәдени саладағы мұқтаждықтарын диаспоралар өзінің қоғамдық бірлестіктері арқылы жүзеге асырады. Заңдарда диаспораның ұлттық мәдени құқын қолдау жолдары да қарастырылған. Мемлекеттік органдарда ұлттық қоғамдық бірлестіктерді білім, ақпарат, мәдениет салаларындағы іс қимылдарын қолдауға, оларға бюджеттен түсетін салық пен басқа да төлемдерден жеңілдіктер беруге, ғимараттарды жеңілдікпен жалға алуға жағдайлар қарастырылған. Өкінішке қарай, заңдардың бұл баптары бюджет заңымен үйлеспегендіктен жүзеге аспай, олар сөз жүзінде қалып отыр.
Ал Астрахань облысы мен Самара облысының заң шығару органдары ұлттық-мәдени қауымдастықтарға қаржылық, ғимараттарды пайдалануға, бюджеттен төленетін салықтардан жеңілдіктер жасап, диаспоралардың мәдени әлеуметін дамытуға арналған бағдарлама қабылдаған. Ол бойынша диаспоралардың мәдени дамуын 98, 9 пайыз облыстық бюджеттен, 0, 7 пайыз жергілікті бюджеттен, 0, 4 пайыз басқа көздерден қаржыландырады.
Қазақ диаспорасы мекендеген бірқатар аймақтарда көптеген заң күші бар ұлттық саясат тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар, арнаулы іс-қимыл жоспарлары мақұлданған. Әлеуметтік, экономикалық, құқықтық мемлекеттік, рухани салаларда арнаулы іс-қимыл жоспарлары да бар.
Саратов облысы бағдарламасында халықтардың әлеуметтік және ұлттық-мәдени дамуына мән берілсе, "Тұжырымдамада" оны іске асырудың жолдары нақтыланған. Сондай бағдарлама Самара облысында "Жаңару" - ("Возрождение - I-1994-1998), Возрождение - II-2000-2001 жылдарға, Орынбор облысында "Аймақтық ұлттық, саясатты жүзеге асырудын моделі" бағдарламасы 1994-1995, 1996-1997, 1998-2000, 2001-2005 жылдарға арналған. Олар сабақтастық негізінде қисынды жалғасып жатыр. Егер алғашқы жылдар диаспоралардың сұранысын қанағаттандыруға арналса, 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламада ұлттық және ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, дау-дамайлардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетуге және ұлттық экстремизмді болдырмауға басымырақ мән беріледі.
Олардың 62, 3 пайызы қоныс аударушылар мен диаспора өкілдерін жергілікті тәртіп пен дәстүрлерді сыйламайды деп кінә тақса, 32, 4 пайызы еңбек нарығы мен әлеуметтік саладағы жағдайды шиеленістіреді дейді. Ал 26, 3 пайызы салықтан жалтарады, жергілікті заңды сыйламайды деген уәждер айтады. Мәскеуліктердің 13. 5 пайызы ұлтына қарамай сырттан келгендерді ұнатпайды, 15, 1 пайызы ұлтаралық араздықты саяси күштер әдейі ұшқыштарды деп есептейді. Енді біреулер Мәскеуде өмір сүру жылдан жылға қиын болып бара жатыр, сондықтан байырғы тұрғындар "қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан" дегендей, қиындықтарды бөтен ұлттарға аударуға әуес.
Сонымен ұлттық, диаспораның атынан "ұлттық өкілдікке" кім құқылы, диаспораның мүддесін кім қорғайды: ұлттық серкелер ме, ұлттық құрылымдар ма, әлде ұлттық мәдени автономия ма деген сауалға заң жауап бермейді. Осы мәселенің басы ашылмағаннан, кейін диаспораның мүддесі аяқ асты болатыны да анық. Ұлттық серкелерден ұлт мәселесін тым саясаттандырады деп қауіптенсе, ұлттық мәдени автоноииялар мен ұлттық құрылымдар ұлт мәселесін озбырлықпен иемденіп кетеді деген қауіптен сақтандыру да орын алып отыр. Кейбір ғалымдар Мәскеу қаласында да орыс ұлттық мәдени автономиясын құру жөнінде пікір айтуда, себебі орыс ұлтын Мәскеуде басқа ұлттар ығыстыруда деп түсіндіреді. Оны неофашистік жастардың тобы қуаттап отыр. [5]
Патшалы Ресейден кейінгі кеңестік империяның кезінде халықтар тарихы туралы бұрмалаушылықтар орын алған . Солардың бірі- көптеген ұсақ халықтардың бұрын дербес мемлекеттігі болмаған, солардың күшті Ресейге қосылуы табиғи заңдылық дегенге сайса, екіншісі-түрлі халықтар ақ патшаның құзырына "өз еркімен кірді "дейтін қисын. Бұл екі тұжырымның екеуіне де сын көзбен қарау керек болады. Ақиқатына келгенде қандай ұсақ ұлыс дегеннің өзі де бір замандағы қуатты мемлекеттердің құрамындас бөлшегі болғанын көреміз. Демек, тарихсыз ел жоқ, тағдыры сәтсіз қалыптасқан жұрттар ғана бар. Дүниеде өзінің болмысын, дербестігін сақтағысы келмейтін халық болмайды. Олардың күшітілердің қарауына өз еркімен апарған жағдайлар да түрлі-түрлі. Одақ, бірлестік дегендердің түрлі қажеттіліктен, көбінесе мәжбүрліктен туатынын жасырудың ешбір қажеті жоқ. Бір-бірімен терезесі тең елдердің экономикалық бірлесуі бір басқа да, күшті мен әлсіздің "теңдестігі" одан анағұрлым өзгеше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz