Төлем қабілеттілігі



1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
2 Өтімділік (Өтемпаздық)
3 Өтімді қаражат
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында көп көңіл болінеді.
Арнайы есептік талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді.
«Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, -компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, «Шаруашылық қызметті талдау» оқулығының авторлары «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. «Төлем қабілеттілігі, – деп жазады ол, – бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу, қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше «төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі».

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында көп көңіл болінеді.
Арнайы есептік талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді.
Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, -компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, Шаруашылық қызметті талдау оқулығының авторлары Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу, қабілеттілігі түсіндіріледі деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі. Бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары несиелер 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабіілеттілігі деп, оның дер ккезінде өзінің барлық міндеттемелері бойыншша төлемдер жүргізугі дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылад.
Өтімділік (Өтемпаздық) - пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыружәне борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі - ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Өтімділігі жоғары топтар - ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚ тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.;
2. Өтімділікгі орташа топтар - меншікті бағалы қағаздар‚ жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек;
3. Өтімділікгі төмен топтар - тауар-материалдық құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық.
Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады:
* Меншікті айналым капиталы - айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма;
* Өтімділік коэффициенті - өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ;
* Өтеу коэффициенті - айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ.[[1]][[2]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өтімді қаражат[өңдеу]
Қарыз міндеттемелерін жабу үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары мен басқа активтер. Өтімді қаражатқа: қолма-қол ақша қаражаты, шоттағы және банктегі ресурстар, құнды қағаздар мен айналым қорындағы жеңіл өткізілетін элементтер кіреді.[[3]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сілтемелер[өңдеу]

Тұтынушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар

Маркетинг-микс факторлары сатып алу туралы шешімге
I. Психологиялъщ факторға - мотивация, тұлға
1. Сатып алушының себептерін (мотивтерін) түсінуге
3. Фрейдтің мотивация теориясы адам мінез-құлқын
Тұтынушылар өз шешімдерін өздерін қоршаған ортаға байланысты қабылдайды. Олардың бірдеңені сатып алуына, мәдениет, әлеумет, жеке психологиялық факторлар үлкен етеді. Бұл факторлар көбіне нарық қайраткерлерінің бақылауынан тыс жатады. Бірақ оларды міндетті түрде есепке алу керек. Міне сондықтан біздер сатып алушы (тұтынушы) туралы ұғымымызды кеңейте түсіп оған сипаттама бере алуымыз тиіс.
Мәдени деңгейдегі факторлар. Тұтынушы мінез-құлқына ең үлкен және терең әсер ететін факторға мәдениет деңгейі жатады. Сатып алушы үшін мәдениеттің, субмәдениеттің және әлеуметтік жағдайдың қандай рольдер атқаратынын қаралық.
МӘДЕНИЕТ. Мәдениет -- адамның тұтынысын және мінез-құлқын анықтауға негіз болатын бірінші себеп. Адамзаттың мінез-құлқы негізінде өмір нәтижесінде табылған адал дүние. Бөбек өз жанұясындағы және қоғамдық институттардағы базалы құндылық жинағын зеректікті, ұғынуды, бағалауды, манерді және қылықтарды қабылдайды. Мысалға, америкада өсіп келе жатқан бөбек мынадай құндылықтармен кездесіп танысады: істі бітіру және табыстылық, белсенділік, еңбекқорлық және іскерлілік, алға ұмтылу, материальды комфорт, дербестік, бостандық, сыртқы комфорт, филантроптық, жаскөрінушілік.
СУБМӘДЕНИЕТ. Әрбір мәдениет құрамы майдаланған құралымдардан не барлық мүшелеріне нақтылы теңдесетін және қатынастық мүмкіншіліктер беретін субмәдениеттерден құралады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ -- әрбір қоғамда әртүрлі қоғамдық кластар болатыны анық.
Оларға біз былай деп анықтама береміз:
Қоғам кластары -- иерархиялық тәртіпте орналасқан және оның мүшелерінің құндылықтар туралы түсініктері, қызығушылықтары, мінез-құлықтары ұқсас сипаттамалары бар қоғам шегіндегі бірқатар тұрақты топтар.
Қоғамдық кластардың әзіне тән бірнеше сипаттамалары болады: 1) өздерін дерлік бірдей ұстауға бейімделгісі келетін, тек бір ғана класқа жататын адамдар; 2) қай класқа жатуына байланысты адамдардың қоғамдағы жағдайы ия жоғарғы, ия төменгі сатыда болуы; 3) қоғамдық класс тек бір ғана ауыспалы көрсеткіш негізіңде емес, қоғамға жататын адамдардың негізгі жұмыстарына, табыстарына, білімдеріне, құндылық көзқарастары сипаттамаларына байланысты анықталады; 4) жеке адамдардың жоғарғы класқа ауысуға не төменгі кластардың біреуіне түсуіне мүмкіндігі болады. Қоғам кластарының тауарларға және киім маркаларына, шаруашылық құрал-жабдықтарына, демалысты ұйымдастыруына, автомобильге деген ашықтан-ашық ұнатушылықтары болады. Сондықтан кейбір нарық қайраткерлері өз әрекеттерін қоғамның тұрақты бір класына бейімдейді. Мақсатты қоғамдық класс тауарлар сатылатын арнайы дүкендерді, жарнама үшін ақпараттарды тарататын арнайы құралдарды және арнайы жарнамалық үндеулерді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты тұтынушылардың региональдық ерекшелік мінездері туралы жарнамалық кірістермен жұмыс атқарып отырған хабар жүйесі үшін ақпараттар жинау болған. Зерттеу объектілері мекендері ретінде тандалынған осы 10 қалаларда ел тұрғындарының үштен бірі тұрады және ірі хабар жүйелерінің телеорталықтары орналасқан. Медиамарк фирмасының зерттеулері бүкіл ел масштабында сатып алу есепті интенсивтігі бірдей тауарлар бойынша да тұтынушылардың региональды ұнатымдары болатынын ашқан. Зерттеудің күтпеген нәтижесінің бірі -- спирттік сусындарды тұтынуда региональдық ұнатымдардың барлығы болса, екіншісі -- әртүрлі қалалардың тұрғындары күрделі қор салудың әртүрлі формаларын қалайтындық фактісінің ашылуы болған.
Әлеуметтік тәртіптегі факторлар.Тұтынушының мінез-құлқы референттік топтар, жанұя, әлеуметтік рольдер және статустар сияқты әлеуметтік тәртіптегі факторлармен анықталады.
РЕФЕРЕНТТІ ТОПТАР. Көптеген референтті топтар адамның мінез-құлқына өте күшті әсер етеді.
Референтті топтар -- адамның мінез-құлқына не қатынасына тікелей (демек, кездескенде) не жанама түрде әсер ететін топтар.
Адамға тікелей әсер ететін топтарды мүшелік ұжымдар деп атайды. Бұл жеке адамның өзі жататын және олармен байланыстағы топ. Бұл ұжымдардың бірқатары бірінші сатыда болғандықтан, олармен байланыс көбіне тұрақты түрде болады. Олар: жанұя, достар, көршілер және қызметтегі әріптестер. Басты ұжымдар әдетте формальды болмайды. Оның үстіне адам әдетте формальды болатын және олармен байланысы тұрақты сипаттамалы емес екінші қатардағы бірқатар ұжымдарға да жатады. Бұлар діни бірлестіктер, мамандар қауымдастығы және кәсіподақ, түрлі қоғамдық мекемелер.
Жеке адамның өзі жатпайтын топтары да оған әсерін тигізе алады. Тілекті ұжым -- бұл адамның өзінің қосылғысы келетін тобы. Мысалға, жас футболист күндердің бірінде жоғарғы лигада ойнайтын командада ойнауды мақсат етіп қойып, олармен тікелей байланысы болмағанымен, өзін сол ұжыммен теңдестіреді. Тілексіз ұжым -- құндылық көріністерін және мінездерін осы жеке адам ұнатпайтын топ.
Нарық қайраткерлері өз тауарларын сататын нақтылы нарықтағы референтті топтарды анықтауы керек. Референтті топтар адамдарға ең кем дегенде үш жолмен әсерін тигізеді. Біріншіден, тұлға өзі үшін жаңа мінез-құлық көрінісімен және өмір бейнесімен кездесуі мүмкін. Екіншіден, тұлға әдетте ұжыммен жақсы байланыста болғысы келетіндіктен, оның қатынастарына және оның өзіне өзі туралы пікіріне топ әсерін тигізеді. Үшіншіден, топ тұлғаны бейімділікке көндіріп, оның нақтылы тауарды және марканы таңдауына әсерін тигізуі мүмкін.
ЖАНҰЯ. Сатып алушының мінез-құлқына оның жанұя мүшелері үлкен ықпал етуі мүмкін. Жеке тұлғаға ақыл айтушы жанұя мүшелері, ата-аналары жатады. Олардан адам дін, саясат, экономика, әділдік, өзін өзі сыйлаушылық, сүйіспеншілік туралы кеңес алады. Сатып алушының ата-анасымен тығыз байланысының осы жоқтығына қарамастан, оның ой-санасындағы олардың ықпалы едәуір болуы мүмкін. Ата-аналары және балалары осы уақытта бірге тұратын елдерде ата-аналардың ықпалы шешуші рольді атқарады. Жеке тұлғаның күнделікті сатып алу мінез-құлқына оның өз жанұясы, демек, жұбайы және балалары тікелей әсер етеді. Жанұя қоғам шегіндегі тұтынысты сатып алудағы ең маңызды мекеме болғандықтан, оны барлық жағынан зерттеуі қажет. Нарық қайраткерлері күйеуінің, әйелдің және балалардың әрқайсысының түрлі тауарлар және қызметтерді сатып алуға тигізетін ықпалдарын жете білуі керек.
Күйеу және әйелдің бір-біріне ықпалының арақатынасы сатып алынатын тауар категориясына байланысты үлкен өзгерістерде болуы мүмкін. Әйел жанұяға азық-түлік, майда шаруашылық заттарын, негізгі киім заттарын сатып алуда басты рольді атқарады. Бірақ жұмыс істейтін әйелдердің көбейуіне, еркектердің жанұяға керекті заттарды сатып алуға дайындығының есуіне байланысты ситуация өзгере бастаған сияқты. Сондықтан өз тауарларын негізгі және жалғыз сатып алушылар әйелдер деп ойлайтын сатушылар қателеседі.
Өте қымбат тауар және қызметті сатып алуды, әдетте, күйеуімен әйелі кеңесіп шешеді. Нарық қайраткері нақтылы тауарды не нақтылы қызметті сатып аларда кімнің пікірінің салмақтырақ екенін білуі керек. Бірқатар тауар не қызметтерді сатып алуда олардың әсерлерінің қалай бөлінетіні төменде келтіріліп отыр:
-- Еркектің пікірі: өмірді қауіпсіздендіру, автомобиль, теледидар.
-- Әйел пікірі: жуу машинасы, кілем, жиһаз, қонақ бөлмеге алатын жиһазды есептемегенде, ас үй құрал-заттары.
-- Жалпы шешім: қонақ бөлме жиһазы, демалысты өткізу, үй сатып алу, үйден тыс ойын-сауықтар. Зәуреге келетін болсақ, оның камера сатып алуда негізгі кеңесшісі күйеуі болады. Мүмкін, оның күйеуінің жалпы сатып алу жөнінде не нақты фотоаппарат түрін сатып алуда өз пікірі болуы мүмкін. Дегенмен, негізгі шешім қабылдаушы, сатып алушы және пайдаланушы Зәуренің өзі болады.
РОЛЬДЕР ЖӘНЕ СТАТУСТАР. Индивид көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі. Оның осылардың әрқайсысындағы орнын роль және статус көзқарасы бойынша сипаттауға болады. Зәуре өз ата-анасы үшін қыз ролінде, өз жанұясында әйел ролінде, ал фирмада маркалы тауарлар өндірісінің меңгерушісі ролінде деп саналық. Роль -- оның айналасындағы адамдардың одан күтетін әрекеттер жинағы. Зәуренің атқаратын әр ролі оның сатып алу мінез-құлқына қайсыбір түрде ықпалын тигізеді.
Әр рольдің қоғам тарапынан берілетін жағымды баға дәрежесін көрсететін өзіндік статусы болады. Маркалы тауар өндірісі меңгерушісінің осы қоғам көзқарасы бойынша қыз ролімен салыстырғанда статусы жоғары. Маркалы тауар өндірісі меңгерушісі ретінде Зәуре өзінің осы роліне және статусына лайықты киімдер сатып алатын болады. Адамдар көбіне өз статусына лайықты тауарларды көргенде назарын тоқтатады.
Дербестік тәртіптегі факторлар.Сатып алушының шешім қабылдауына оның сырт сипаттамалары да ықпал етеді: әсіресе оның жасы, жанұя өмір циклінің кезендері, кәсібі, экономикалық жағдайы, өзінің түрі және өзі туралы өзінің ойы.
ЖАСЫ ЖӘНЕ ЖАНҰЯ ЦИКЛІНІҢ КЕЗЕҢІ. Адамның жасы үлкейген сайын оның сатып алатын тауары мен қызмет ассортименттерінде өзгерістер болады. Адамның алғашқы жылдарында оған бала тамағының азық-түліктері керек. Ер жетіп, кәмелетке келген кезінде ол түрлі-түрлі азық-түліктерді пайдаланса, үлкейгенде диетикалық тағамдарды пайдаланады. Жылдар өткен сайын адамның киімге, жиһазға деген көзқарастары өзгеріп отырады.
Тұтыныс сипаттамасы жанұя өмір циклінің кезеңдеріне де байланысты. Нарық қайраткерлері өзі мақсатты нарықтарын осы нышан бойынша анықтап, әр нақтылы кезеңге лайықты тауарларды дайындап, мақсатты бағыттағы маркетингілік жоспарды ұйымдастырады.
Соңғы кезде шыққан кейбір еңбектерде жанұя өмір циклін психологиялық кезеңдер бойынша топтастырады.
КӘСІП ТҮРІ. Адамның сатып алатын тауары мен қызметтеріне оның атқарып жүрген жұмыс түрі де бір қатар әсерін тигізеді. Жұмысшы жұмыс киімдерін, жұмыс аяқ киімін, тамақ салатын қорап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттіліктерін бағалау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау
Пәндер