Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ДАМЫТА ОҚЫТА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

ADMIN · ДЕК 26TH, 2012 · 0 COMMENT

Рахимжанова Апидаш Муратовна

№25 қазақ қыздар гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі

ДАМЫТА ОҚЫТА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

  • Ø Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
  • Ø Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
  • Ø Жеке басдамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
  • Ø Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. /6, 15 б. /

В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

  • Ø Оқу міндетін қою сабағы
  • Ø модельдеу сабағы
  • Ø түсінікті нақтылау сабағы
  • Ø нақтылау сабағы
  • Ø бағалау сабағы
  1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту белгілері:

  1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы - тығыз байланыста.
  2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
  3. Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
  4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
  5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
  6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:

- проблемалардың шешімін табу

- ақпараттық

- коммуникативтік құзыреттіліктер

- Құзыреттілік - оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген. / 3, 20-21 б. /

Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр. Оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:

Проблеманы шешу
ақпараттық
Коммуникативтік
Проблеманы шешу:
  • Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға, шешім қабылдауға
  • Өз әрекетіне мақсат қоюға
  • өзін - өзі бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға
  • қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға
  • сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға
  • ақпараттардаы өзбетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға
  • коммуникациялық технологияларды қолдануға
  • ақпаратты өңдеп, қолдануға
  • қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация түрлерін қолдануға
  • тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға
  • әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге
  • басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге
ақпараттық:
Коммуникативтік:
Проблеманы шешу: мүмкіндік береді

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

Оқу мәтінін қою сабағында

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

ü оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

ü проблеманы шешу жолын іздестіреді

ü жаңаны өздері табады

ü ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады. / 7, 17 б. /

Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырма, Мысалы:

А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіне сүйеніп, сызбаны толтыр.

Менің бойымдағы жақсы қасиеттер
Менің бойымдағы жағымсыз қылықтар

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

*Ақпараттық ізденісті жоспарлау

*Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.

*Ақпаратты өңдеу

*Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.

*Логикалық операцияларды пайдалану.

Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

*Жазбаша қатынас

*Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.

*Диалог құру

*Өнімді топтық қатынас

*Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

  • Сабақтың мазмұны
  • Ø Оқу жағдайын ескеру
  • Ø Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

  • Ø Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
  • Ø Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
  • Ø Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

  • Ø Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру
  • Ø Оқушымен жанама қарым - қатынас
  • Ø Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

  • Ø Қойылған мақсатқа жету
  • Ø Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер) /5, 22-25 б. /

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар нұсқасын ұсынып отырмын

Модуль: Мен және қоршаған орта

Тақырып: Денсаулық- зор байлық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
«Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтіндік қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар мен мәселелер»
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі
Жобалау мен шығармашылық
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz