Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы



Мазмұны

Кіріспе

1 Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы

2 Мақта шаруашылығының Республика шаруашылығындағы маңызы.
2.1 Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны
2.2 Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы
2.3 Мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру.

3 Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.
3.1 Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы
3.2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының дамуындағы мақта шаруашылығының ролі
3.3 Облыс территориясында жеңіл өнеркәсіп салаларын орналастыру.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған.
Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Соның ішінде Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында алғашқы отандық жаңа және келешектік жоғары өнімді: ПА – 3031, ПА – 3044, МА – 3047, М – 4003, М - 4005, М – 4007 және М – 4011 мақта сорттары шығарылды. Бұл жаңа сорттар аудандастырылған. Оңтүстік Қазақстанның күлгін түсті топырақтарының жағдайларына бейімделген және де олардың жаңа сорттық баптау технологиялары жетілдірілген. Мақта шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оларды атап өтетін болсақ: Үмбетаев И.Ү., Көпешов Ш., Болғанбаев Е., Серғазиев А., Майлыбаев М., Батькаев Ж.Я., Мұстафаев А.Б., Биғараев О., Сыдықов Д.А.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның даму келешегін және республиканың экономикасының дамуындағы орнына талдау жасау.
Жұмыстың міндеті:
- Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихын қарастыру.
- Мақта шаруашылығының республика шаруашылығындағы маңызы.
- Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Серғазиев Ә. Мақта егістігінде гербацидтерді қолдану- Алматы, Қайнар, 1978-178 б.
2. Майлыбаев М. Қазақстан мақтасы- Алматы , Қайнар, 1969 - 159 б.
3. Сәуірбаева Ж. Жетісайдың мақтасы - Алматы., Қайнар, 1985-167 б.
4. Көпешов Ш. Мақта өндірудің экономикасы- Алматы., Қайнар, 1975-188 б.
5. Көпешов Ш. Қазақстан мақтасы-Алматы, Қайнар, 1979–187 б.
6. Көпешов Ш. Мақта шаруашылығы: Тәжірибе және тәлім - Алматы Қайнар, 1988-188 б.
7. Болғанбаев Е., Серғазиев А. Мақта түсімін арттыру жолдары - Алматы., Қайнар, 1975-175 бет.
8. Бердібаев Р. Ақ мақта – Алматы., Қайнар – 1981 - 155 б.
9. Сыдықов Д.А., Үмбетаев И.Ү., Батьколов Ж.Е., Биғараев О. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өндірісін өркендетудің өзекті мәселелері- Алматы , Бастау 2002 – 84 б.
10. Үмбетаев И.Ү., Биғараев О., Әлімбекова Ә. Мақта шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздері – Атакент, 2005 – 304 б.
11. Үмбетаев И.Ү., Батькаев Ж.Я. Қазақстан Республикасының Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі – Алматы, Құс жолы ,2000 – 204 б.
12. Батькаев Ж.К., Мустафаев А.Б., Умбетаев И.И. Рекомендации по применению минеральных и органических удобрений под хлопчатник в Южно-Казахстанской области - Алматы, Кайнар, 1993 – с. 46-47.
13. Назаров Р. Беречь землю. Хлопководство - М., 1995 - с 17-19.
14. Духовный В.А. Отчет по мелиорации земель Джетысайской зоны – Ташкент, 1996 (рукопись).
15. Аширбаев Н.Ж., Рябинина Г.Н., Бочарников А.П. Болезни и вредители хлопчатника на юге, юге-востоке Казахстана. Казахской проект по улучшению ирригации и дренажа. Фермерская информационная служба–Алматы 1999 -с.6-28.
16.Нугманов Р. Сорта–узбекские, поля–казахстанские, проблемы–общие. Сельское хозяйство Узбекистана–Ташкент, 1993–с. 3-9.
17.Назаров Р. Наука и хлопок. Сельское хозяйство Узбекистана- Ташкент, 1999-с.18.
18.Назаров Р. Технология получения высокого урожая. Сельское хозяйство Узбекистана - Ташкент, 1999-№6-с 15.
19.Ділдабеков Ш. Ақ мақталы алқапта - Алматы, Қайнар, 1982–165 б.
20.Исмухамбетов Ж.Д., Саметов А.О., Айтбаев Ж.А. Оңтүстік Қазақстанда мақтаны зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау жөніндегі ұсыныстар - Алматы , Бастау, 2002–32 б.
21.Майлыбаева А. Мақта монополистері шаруаларды шаршатып тұр // Оңтүстік Қазақстан-№63-64-2005-14 мамыр-1 бет.
22. Төлепберген М., Тайжан Б. Мақталы өңір, Мақтаулы өмір// Егемен Қазақстан -№202 - 2005-2 қыркүйек-1-3 беттер.
23. Көшербаева Е. Мақта өндірісін көтерудің келелі мәселелері көп // Оңтүстік Қазақстан-№162-2005 -8 қараша-1 бет.
24. Кенжеғұлов Н. Мақта –облысымыздың басты байлығы // Оңтүстік Қазақстан -№132-2005-15 қыркүйек -2 бет.
25. Таев Б. Мақталы өңірдің мәселесі көп.// Қазақстан ZAMAN -№44-2004-1 қараша-4 бет.
26. Әбдірашұлы Б. Мақтаны егіп алуға болады. Жерді ше? // Оңтүстік Қазақстан -№149-150-2005-15 қазан-4 бет.
27. Серіков Б. Мақташы-кәсіпкерге көмек // Мақтаарал-№2-2005-2 бет.
28. Исахов Ә., Баһадүр Ж. Мақташылардың еңбегі еш кетпесін десек// Оңтүстік Қазақстан - №140-2005-29 қыркүйек -3 бет.
29.Еркебайұлы Ө., Тілеубеков Ә. Мақта кластері элиталық тұқымдық шиттен басталады // Мақтаарал - №31-2005-8 шілде-3 бет.
30. Қонысбек Б. Қазақстанның мақта кластері элиталық тұқымдық шиттен басталады // Оңтүстік Қазақстан -№90-2005-30 маусым-3 бет.
31. Исахов Ә. Мақта туралы заң// Оңтүстік Қазақстан -№100-2005-19 шілде-4 бет.
32. Серікұлы Б. Мақта кластерінің негізгі-шаруа қожалықтарын қолдау // Қаржы Қаражат -№5-2005-13 бет.
33.Молдабек Ш. Мақталы елдің мақтанары көп // Қазақстан ZAMAN -№46-2003-7 қараша-11 бет.
34.Көшербаева Е. Біздегі мақта бағасы // Оңтүстік Қазақстан -№141-142-2003-4 қазан-4 бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы

2. Мақта шаруашылығының Республика шаруашылығындағы маңызы.
1. Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны
2. Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы
3. Мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру.

3 Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.
3.1 Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы
3.2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының дамуындағы мақта

шаруашылығының ролі
3. Облыс территориясында жеңіл өнеркәсіп салаларын орналастыру.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл
шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру
жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары
мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан
жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді.
Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде
ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру
керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған Қазақ-орыс тоқыма альянсы ЖШС
кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі
озық технологиямен жасақталған Ютекс кәсіпорны да толық қанды жұмыс
істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан
Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар
жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде Арнайы экономикалық аймақты
аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар
жасалынды. Сонымен қоса Арнайы экономикалық аймақты дамытуға
инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы
жасалынған.
Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын
шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми
тәжірибелік станциялар ашылды. Соның ішінде Мақтаарал ауыл шаруашылық
тәжірибе станциясында алғашқы отандық жаңа және келешектік жоғары өнімді:
ПА – 3031, ПА – 3044, МА – 3047, М – 4003, М - 4005, М – 4007 және М –
4011 мақта сорттары шығарылды. Бұл жаңа сорттар аудандастырылған. Оңтүстік
Қазақстанның күлгін түсті топырақтарының жағдайларына бейімделген және де
олардың жаңа сорттық баптау технологиялары жетілдірілген. Мақта
шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Оларды атап өтетін болсақ: Үмбетаев И.Ү., Көпешов Ш., Болғанбаев
Е., Серғазиев А., Майлыбаев М., Батькаев Ж.Я., Мұстафаев А.Б., Биғараев О.,
Сыдықов Д.А.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының
қазіргі жағдайын, оның даму келешегін және республиканың экономикасының
дамуындағы орнына талдау жасау.
Жұмыстың міндеті:
- Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихын қарастыру.
- Мақта шаруашылығының республика шаруашылығындағы маңызы.
- Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.

1 Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы

Мақтаның тарихын В. И. Лениннің Түркістанды суландыру үшін
ирригациаллар басқармасын құру туралы 1918 жылы 17 мамырдағы шешімімен
шектейтіндер қатты қателеседі. Қазақстан даласындағы мақтаның тарихы ХІІ –
ХІV ғасырлардан басталады.
Замандар әфсанасы, деректер Шыңғысхан шапқыншылығы суырған
топырақтың астында қалған ежелгі Отырар мақтаның, жүзімнің отаны болғанын
көрсетеді. Отырар қаласының орнынан табылған суландыру жүйелері , мақта
шиті, жүзім тұқымдары мұнда өркендеген мақта, жүзім шаруашылықтары
болғанын дәлелдейді.
Он мыңдаған шақырымды алып жататын Мырзашөлдің ұзақ жазы, ыстық ауа
райы ғана емес, құмдауышты топырақты, тақтайдай тегіс даласы ежелден мақта
өсіруге сұранып тұрғандай екен. Сол кезеңдерде басым Мырзашөлден алатын
Сырдариядан тартылған 70 шақырымдық, алғаш “Орынбайарық” деп аталған
каналды қазу басталған екен. Бұл канал қазақ жерінде мақта өсірудің
алғашқы өркениетті қадамының басы, алғашқы жоралғысы дейді тарихи деректер.

Осылай канал қазып, Мырзашөлде жайқалтып мақта өсірген бабаларымыз
салған сол соқпаққа түскен мақта тарихының іздері бірде айқын, бірде
көмескі болғанымен, өзіліп қалмаған. 1913 жылы аталарымыз 15 мың гектарға
егілген мақталықтан 9,9 мың тонна өнім алады.
Ақшаның қайда жатқанын қазақтың байлары да білді. Олар да бұл жолда
қарап жатпай, 1917 жылы Байбота бай атамыз К- 15 деп аталған каналды
қаздырды. 1926 жылы К – 26 каналы қазылды. Каналдар қазылған соң
“Байботарығының” жағасындағы жерлер тегіс суландырылып, мақта егістігінің
көлемі ұлғая бастады, тағы басқа егіншілік түрлері дамыды.
Орыстың көзіне түспеген қазақтың байлығы барма. Қазақ даласында мақта
өсіруге оларда ерекше ықылас танытпапты. 1896 жылдары КНЯЗЬ Константин
Мырзашөлге келіп, мақта өсіруге ат салысқан. Ол Мырзашөлді суландыру үшін
әлгі “Орынбай” каналдың ұзындығы 90 шақырымға жеткізуді көздейді. 1939 –40
жылдары бұл канал тағы да 14,5 шақырымға ұзартылды.
Кеңес өкіметі бұл каналдың “Орынбайарық” атын алып тастады. Каналға
күйіс-түйісі жоқ С. М. Киров ақсақалдың атын берді. Біз кіммен де дос
болуға дайын халық емеспіз бе? Ол каналдың аты кейін “Достық” деп
көрсетілді.
Қадамын енді бастаған кеңес үкіметі бірден Мырзашөл, Түркістан
аймақтар суландыруға ден қойды. В. И. Ленин қол қойған үкіметтің алғашқы
декреттерінің бірінде Түркістанды суландыру жұмыстары үшін 50 млн. сом
қаржы бөлуге қаулы қабылданады.
Міне мақтаны, мақтаның аралы – Мырзашөлді игеру осылай басталған
апаларымыз бен аталарымыздың сол дәстүрі жылдан жылға сабақтасып, жалғасып
дамуда. Тіпті соғысқа киім-кешек, қорғанысқа қажеттілігіне байланысты Ұлы
Отан соғысы жылдары бір ғана Мырзашөл емес, бүкіл Қазақстан халқы мақта
өсірді.
Облыста қазірде мақтаның денін – 100 мың гектардан астамын мақта
шаруашылығының қалыптасқан отаны ежелгі Мырзашөл - Мақтаарал ауданы
өсіреді. Одан кейінгі орынды Шардара, Түркістан, Сарыағаш, Келес өңірі,
Ордабасы, Түркістан, Арыс аудандары алады. Соңғы жылдары облыстың барлық
аудандары дерлік мақта өсіруге қадам жасауда. Бірақ көпшілігі бұрын егіп
көрмеген әрі жер, су, климат жағдайына байланысты жасақтайды.
Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілік ерте заманда дамыған.
Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойын мекендеген халықтар біздің эрамызға
дейінгі 4-3 ғасырларда диқаншылықпен айналысқан. Археологтар Б.И.
Вайнберг, Л. И. Левиналардың зерттеулеріне қарағанда, біздің эрамыздың
бірінші ғасырында Келес пен Шардара аудандарының маңында мақта, бидай,
тары және т.б. дақылдар өсірілген. Белгілі ғалым, профессор В. И. Юферов
өзінің “Түркістанның мақта шаруашылығы” деген кітабында қазіргі Жамбыл
қаласының тұрғындары VIІ ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса,
академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып
мақта шығарылғанын баяндайды.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығымен 1888 жылдан
бастап айналысқан. Бұған 1877-1906 жылдар арасында салынған Орынбор Ташкент
темір жолы үлкен ықпал жасаған. Мәселен, 1885 жылы Шымкент облысының
территориясында небары 432,2 гектар мақта егілген болса, 1910 жылы 3631,6
гектар, ал 1913 жылы 20,8 мың гектар мақта егілген. Бірақ ол кезде мақта
қарапайым тәсілмен өсірілді. Егістік ағаш соқамен жыртылып, кетпенмен
қазылған арықтан суарылды. Суармалы егістіктің 80% -тен астамы бай-
кулактардың қолында болды. Мақтаның шығындылығы гектарына 3-4 центнерден
аспайтын еді.
Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін Совет үкіметі Орта
Азиямен Қазақстанның Оңтүстігінде мақта шаруашылығын дамыту жөнінде нақты
шаралар белгілеп, оны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырды. Түркістан мен
Азербайжанда мақта шаруашылығын дамыту жөнінде 1920 жылы В. И. Ленин қол
қойған аса маңызды документ мақта шаруашылығын онан әрі дамытуға, халық
шаруашылығы ғана аса қажетті маңызды дақыл – мақтаны өндіруге кеңінен жол
ашты.
1921 жылдан бастап мақта өсірілетін аудандарда бұрын мақта егілген
суармалы егістік қалпына келтірумен бірге тың жерлерді игеру, суару
жүйелерін кеңейту, мелиорациялық, ирригациялық құрылыстар салу қолға
алынды. Соның нәтижесінде республикамызда 1925 жылы мақта егісінің көлемі
30 мың гектарға таяу болды. 1927 жылы мақтаның әр гектарынан 8 центнерден
өнім жиналып, небары 49,3 мың тонна мақта өндірілді. Бұған суармалы егістік
жерлерді қайта бөлу әсерін тигізді.
Елімізде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіптің жедел дамуына
байланысты шитті мақтаға деген қажет күн санап арта түсті. Осыған орай
1935 жылы наурыз айында Шымкент қаласында мақташылардың республикалық ІІ
съезі болды. Съезде озат калхозшылар көтеріңкі міндеттемелер қабылдап,
облыс бойынша жоспарланған 58,7 мың тонна мақтаның орнына мемлекет
қоймасына 73,0 мың тонна мақта тапсыруға серт берді.
Облыс диқандары белгіленген межеден шығып бұл жылы алғашқы жеңіске ие
болды. Көптеген шаруалықтар жоспарлы тапсырманы екі еседей асыра орындап,
еңбектің тамаша өнегесін көрсетті. Мәселен, Келес ауданына қарасты “Қызыл
әскер” колхозы сол жылы мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім алды, ал
Сарыағаш ауданындағы “Красный Восток” колхозынан мақтаның әр гектарынан 46
центнерден өнім жинап рекорттық көрсеткішке жетті.
Республика мақташыларының тәжірибесі артқан сайын мақтаның әр
гектарынан 11,3 центнерден өнім алынды. Ол жылдарда мұның өзі елеулі
жетістік екені даусыз.
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада мақта егісінің көлемі біраз
азайып, шығындылығы төмендеп кетті. Бұған ең алдымен соғыстың зардабы
әсерін тигізді. Техника жетіспеді, суландыру жүйелері жаңартылмады, бұрын
басталған ирригациялық құрылыстардың жұмыстары тоқтап қалды. Қолда бар
техниканың бір бөлігі майданға жіберілді. Осының барлығы мақта егісінен
төмен өнім жиналуына себепші болды. 1944 жылы 37,5 мың гектарға егілген
мақтаның әр гектарынан 5,3 центінерден ғана өнім жиналды. Әрине бұл
көрсеткіш соғыстың алдындағы жылдармен салыстырғанда екі есе кем.
Соғыстан кейінгі уақытта республика мақташыларының алдында мақта
өндіруді соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу, сонымен қатар мақта
шаруашылығы онан әрі міндетте тұрды.
Комунистік партиямен совет үкіметі соғыстан кейін мақта шаруашылығын
жедел дамытуға ерекше көңіл бөлді. КПСС орталық комитетінің 1965 жылғы
наурыз Пленумының және онан кейінгі Пленумдарының шешімдерінде мақта
өндірудің нақты жолдары көрсетілді. СССР Министрлік Советі 1965 жылғы 5
тамызда колхоздар мен совхоздардың шитті мақта өндіруді және мемлекетке
сатуды молайтуға материалдық ынталылығын арттыру туралы арнайы қаулы
қабылдады.
Партия мен үкіметтің жасап отырған қамқорлығына облыстың мақташылары
қажырлы да жемісті ісімен жауап берді. Партия мен үкімет мақташылардың
еңбектерін жоғары бағалады. 18 мақташыға социолистік еңбек ері атағы
берілді. Жүздеген диқандар ауыл шаруашылығы мамандары Совет Одағының
ордендерімен, медальдармен наградталды. 8-ші бес жылдықта оның алдындағы
бес жылмен салыстырғанда облыста шитті мақта өндіру 29 процент артты. 9-шы
бес жылдықтың үш жылында ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбегі тіпті
жемісті болды, үш жылда олар мемлекетке жоспардағы 75 тоннаның орнына 902
мың тонна мақта сатты. Сөйтіп жоспар 120 процент болып орындалды. 151 мың
тонна мақта жоспардан артық сатылды. Бұдан облыс шаруашылықтары қыруар
пайда келтірді.
.ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарында Америкадағы азамат соғысы
нәтижесінде мақта жөнінде болған дүние жүзілік дағдарыс, Орта Азияның
Ресейге қосылуы, Каспиий теңізі - Самарқанд (1881-1889)жж Орынбор –
Ташкент (1877 – 1906)жж темір жолдарының салынуы Орта Азиямен Оңтүстік
Қазақстанда тауарлы мақта шаруашылығының өркендеуіне көп әсер етті.
Осыған орай, қазіргі Шымкент облысы территориясына кіретін жерлерде
мақта өсіру кәсібі кең етек ала бастады. Бұрын дәнді дақылдар егіліп
келген суармалы жерлердің едәуір бөлігіне енді мақта егілетін болды, одан
жиналатын мақтаның көлемі де жылдан – жылға ұлғая түсті. Мысалы 1888 жылы
Шымкент уезіне қарасты жерлерде қоза бар болғаны 408,18 гектар жерге
егілген болса, 1910 жылы оның көлемі 3631,6 гектарға жетті. Сөйтіп,
Қазақстанда мақта шаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы
кезінен бастап даму жолына түсті.
Мақта өсіру кәсібі алдымен Оңтүстік Қазақстанның Ташкент қаласына
жапсарлас Келес және Сарыағаш аудандарында, ал ХХ ғасырдың алғашқы
жылдарында, Ташкент-Орынбор темір жолы салынып біткеннен кейін, Түркістан
және Шымкент қалаларына жақын аудандарда өнім алды. Мысалы Арыс өзенінің
бойында 1910 жылы 2075 гектар, 1911 жылы – 32,35 гектар, 1912 жылы – 4226
гектар жерге мақта егілді. 1910 – 1913 жылдары Мырзашөлде суландыру жұмысы
жүргізумен байланысты Мақтаарал ауданының территориясындағы жаңадан
игерілген жерлерге де мақта егіле бастады. Сонымен, Қазақстанның қазіргі
территориясында қоза егісінің жалпы аумағы 1913 жылы 20,8 мың гектарға
жетті.
Әрине, ол кезде қоза қозадүрсін тәсілдермен жүйектеп немесе қолмен
шашылып егілетін Мақташылар ауыл шаруашылық машиналар мен минералдық
тыңайтқыштарды білмейтін. Олардың және өңдейтін құралдары тек жерағаш пен
кетпен ғана болатын. Мақта егілген суармалы жерлер, негізінен алғанда,
мақта егісін өңдеу үшін көп батырақтар ұстап отырған ірі жер иелері –
байлардың қармағында болатын. Олар жерлерінің едәуір бөлігін, қатаң шарттар
қойып, кедейлерге жалға беріп отырды. Ал, кедейлер болса, одан өнген
өнімнің тек төрттен бірін ғана алып келді. Оның үстіне мақтаның өнімі ол
кезде гектарынан 3 – 4 центнерден аспайтын еді. Ал өндірілген мақта өнімі
мақта өңдейтін қарапайым шағын заводтарда майдагерлік жолмен ғана
тазартылатын .
Дүние жүзілік бірініші империалистік соғыс кезінде Қазақстан
аудандарында шұғыл азайып кеткен мақта егісі тек совет үкіметі жылдарында
ғана қайтадан қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы жылдарынан бастап
– ақ Орта Азияда, Закавказье аймағында және Оңтүстік Қазақстан аудандарында
мақта шаруашылығын қайтадан өркендету жөнінде бір қатар нақты шараларды
іске асырды. РСФСР Халық комиссарлары Советінің Түркістан мен Азербайжан
мақта шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру туралы 1920 жылға желтоқсанның
шенінде В. И. Ленин қол қойған декреттері мақта шаруашылығын қалпына
келтіріп өркендетуге негіз қалады.
Бұрын мақта өсірумен шұғылданған аудандарда шаруашылықтың бұл саласын
қайтадан қалпына келтірумен қатар, Мырзашөлдің жаңа тың жерлерін суландыру
үшін ирригациялық құрылыстар салу кең өріс алды. 1924 жылы жаңа жерлерде
11 мың га суармалы жері бар “Мақтаарал” совхозы құрылды.
1925 жылға қарай Қазақстанда қоза егісінің аумағы дүние жүзілік
бірікелкі империалистік соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түсіп, 29 900 га
жетті.
Мақталы ауданда 1925 – 1926 жылдарда жүргізілген жер – су реформасы
мақта шаруашылығын одан әрі өркендете түсуде қозғаушы күш болды. Өйткені
ірі бай, манап, алпауыттардың қармағындағы жерлерін кесіп алу есебінен
мыңдаған батырақтар жерсіз және жері аз мақташылар жерге ие болды.
Қазақстанның мақта шаруашылығында бірінші бес жылдық бүкіл Советтер
Одағындағы сияқты елдің мақта жөніндегі тәуелсіздігі үшін күрес ұранымен
өтті, өйткені бұл кезде СССР –дың тоқыма өнеркәсібі жыл сайын 50 % - ке
жуығы шет елдерден әкелінген мақтамен жұмыс істейтін. Елімізде жүзеге
асырылған индустрияландыру шаруалардың бытыраңқы шаруашылықтарын
коллективтендіру шаралары бұл ең маңызды міндетті ойдағыдай орындап шығуға
берік негіз қалады. Мақта шаруашылығында машиналар мен минералдық
тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қоза егісінің аумағын тез ұлғайтуға және
шитті мақтаның жалпы өнімін арттыруға мүмкіндік жасады.
1932 ж бастап мақта шаруашылығы Республиканың Оңтүстік Қазақстан
облысынан басқа оңтүстік - шығыс облыстарында да тарады. Қоза егісі
Алматы облысының Панфилов және басқа аудандарында, Қызылорда облысының
Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында, Жамбыл облысының Шу, Талас,
Луговой, Свердлов, Жамбыл және Сарысу аудандарында да егілетін болды.
Сөйтіп сол жылы мақта егісінің аумағы 133,8 мың гектарға жетті. 1935 жылы
шитті мақтаның жалпы өнімі 72,6 мың тонна болды.
Алайда, осы тұста жер – су жағдайы мақта өсіруге қолайсыз аудандарда
бұл дақылдың егіс көлемі орынсыз ұлғаюы салдарынан оның өнімі шұғыл
төмендеп кетті.
1934 жылдарда және Мақтаарал ауданының территорияларында шитті
мақтаны өсіруді кеңінен өріс алды.
Дүние жүзілік империалистік соғыс кезінде Қазақстан аудандарында
шұғыл азайып кеткен мақта егісі тек совет өкіметі жылдарында ғана қайтадан
қолға алынды. Совет өкіметі өзінің алғашқы жылдарынан бастап – ақ Орта
Азияда, Закавказье аймағында және Оңтүстік Қазақстан аудандарында мақта
шаруашылығын қайтадан өркендету жөнінде бірқатар нақты шараларды іске
асырды.
ХІХ ғасырдың 32 жылдарында мақта шаруашылығы республикамыздың
оңтүстік облысынан басқа оңтүстік шығыс облыстарына да тарады. Мақта
шаруашылығы Алматы облысының Панфилов және басқа аудандарында, Қызылорда
облысының Сырдария , Шиелі және Жаңақорған аудандарында, Жамбыл облысының
Шу, Талас, Луговой, Свердлов, Жамбыл және Сарысу аудандарында өркендей
түсті.
Алайда, кейіннен жер – су жағдайы мақта өсіруге қолайсыз аудандарында
бұл дақылдың егіс көлемі орынсыз ұлғайюы салдарынан оның өнімі шұғыл
төмендеп кетті. Сондықтан ХІХ ғасырдың 34 жылдарынан бастап республиканың
мақта егуге ауа райы қолайсыз Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарында
мақта егісі бірте- бірте азайтылып, кейін мүлдем егілмейтін болды.
Республикамызда мақта шаруашылығын өркендетуде мақтаның отандық ең
жоғары сапалы сорттарын егудің, мақтаның аудандастырылған сорттарын оқтын –
оқтын жаңа, неғұрлым бітік өсетін сорттармен алмастырып отырудың маңызы
зор. Мақта сортының жаңартылуын өзі мақта түсімділігін едәуір арттырып,
мақта торқасының сапасын жақсартуға көмектеседі.
Соңғы жылдары облыстың мақта өсіретін барлық аудандары мақтаның мол
өнім беретін сорттары – С – 4727, 108 – Ф , “Қырғыз – З”, “Мақтаарал”
сорты облысымызда 2000 жылдан бастап егіле бастады. Қазіргі кезде бұл
“Мақтаарал” жаңа сортының жеті түрі шығарылып келеді. Мұның үшеуі Оңтүстік
Қазақстанда аудандастырылған. Биылдың өзінде “Мақтаарал - 4005” жаңа сорты
мемлекеттік сорттық сынақ инспекциясының шешімімен Оңтүстік Қазақстан
облысының мақталы алқаптарында аудандастырылды. Әрине, бұл тұқым
сорттарының жоғары дамығанын көрсетеді.
Алайда, жақсы тұқым қозадан мол өнім алу мәселесін толық шеше
қоймайды. Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі шаруашылықтарында бір тұқымнан
өнген мақтаның өзі де әр түрлі өнім береді. Демек, әр ауданда мақтаны
жергілікті топырақ, ауа райы ерекшеліктеріне қарай бейімдеп егіп өсіру
керек. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірілетін
жерлерінің топырағы, ауа райы, жауын – шашыны және басқа жағдайларына қарай
төрт түрлі табиғи – экономикалық аймаққа бөлуге болады.
1. Бетпақдала аймағы.
2. Келес аймағы.
3. Түркістан аймағы.
4. Шымкент аймағы.
Бетпақдала аймағы – бұл көлбеу жазық болып келеді. Топырағы ашық сұр
түсті. Оңтүстік батысының топырағы сульфатты сор, ал оңтүстік шығысының
топырағы сульфатты, хлоридті – сульфатты сор. Жер асты суы тайызда жатады.
Суда еритін тұздар бұл ауданда жердің жоғарғы қабатынан жарты метр
тереңдікте 0,8 – 1,5 %, ал одан тереңде 2 % - ке дейін көбейе түседі.
Бетпақдаланың жері жазық болғанымен оның релефінде ойпаттарда көп
кездеседі. Бетпақдала аймағын – Мақтаарал ауданы қамтиды.
Келес аймағы. Бұл - жер бедері төбелі – жонды, ойлы – қырлы болып
келетін Сарыағаш, Шардара аудандарын қамтиды. Мұнда жер қыртысы сұр
топырақтан құралған. Келес, Құркелес және басқа алқаптарда сортаңды сұр
топырақ, сондай – ақ шалғындық және шалғындық – батпақтық топырақ басым
келеді. Өзен аралықтарында сарғылт саздақ топырақ көбірек кездеседі.
Түркістан аймағы – бір ғана Түркістан ауданын қамтиды, оның жер
бедері, бірақ тегіс, 1-2 метр тереңде малта тастары бар ашық сұр топырақты
болып келеді. Мұнда малта тас астындағы ұсақ топырақ ұнтағы шамалы сұр
топырақты жер көбірек кездеседі. Бұл аймақтың шығыс бөлігінде әр түрлі
дәрежеде сортаңданған сарғылт саздақ сұр топырақты жерлер басым.
Шымкент аймағы – Сайрам, Бөген аудандарын қамтиды. Жер бедері жонды -
төбелі болып келіп, бірте – бірте тау етегіне және тауға ұласады.
Мұнда сорланбаған ашық сұр топырақ ыза суы тереңірек жататын жерде
болады. Онша биік емес бөктерлерде қара – қоңыр саздақ, кейде сазды сұр
топырақ басымдау. Сай – жыралары мен өзен салалары көп бел – белестерде ,
тау етегіндегі саздақ ұсақ тасты көшкін топырақты жерде боз – қызыл қоңыр
саздақ қиыршық топырақты қыртыстар көбірек ұшырайды.
Бетпақдала, келес, Түркістан аймақтарының ерекшелігі сол – бұларда
жылу көбірек те, жауын – шашын азырақ, ал Шымкент аймағында, мұның
керісінше, жауын – шашын көбірек те, жылу азырақ.
Топырақ, ауа райы жағдайы жағынан мақтаның өсіп өркендеуіне Бетпақдала
, Келес, Түркістан аймақтары өте қолайлы, мақта өсіретін шаруашылықтардың
көбісі де осы аудандарда орналасқан, мақтаның неғұрлым көп алынып жүрген
жерлері де осы аймақтар болып саналады

2 Мақта шаруашылығының Республика шаруашылығындағы маңызы

2.1 Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны
Қазақстанның оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі
дақылдарының бірі – мақта. Мақтаның халық шаруашалығында алатын маңызы
орасан зор. Қазіргі адамзат қоғамына астық пен металл қандай қажет болса,
мақта да сондай қажет болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен
республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Мұнда мақта өсіруші
шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістері
шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық
тауарына айналды. Сонымен қатар ол өсімдік майына деген сұранысты
толықтырудың маңызды қоры болып табылады. Сондықтанда Қазақстан
Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2001-2003 жж. Арналған
мемлекеттік бағдарламасында: “өсімдік майы мен қант тапшылығын жою және
нарық жағдайында мақта талшығы жағдайында, өндірісті ұлғайту үшін майлы
дақылдар, қант қызылшасы және мақта өнімділігін арттыру қажет”-деп
көрсетілген.
Мақта мәдени өсімдіктердің ішіндегі ең бағалы дақыл болып табылады.
Біздің елімізде ол халық шаруашылығы үшін өндіріледі. Бұл өсімдіктің,
сабағынан әр түрлі өнім алуға болады. Бір түр мақта орта есеппен 33% шитті
мақта, 22% жапырақ, 24% сабақ, 12% шикі көсек және 9% тамыр береді.
Мақта шаруашылығының негізгі өнімі – шитті мақта. Оны халық “ақ алтын”
деп атайды. Шитті мақтаны заводтарда тазалағанда салмағының
бөлегіндей талшық бөлегіндей тамыр береді.
Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Киім
тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен
оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және
басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және
авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады.
Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар, мақта
целлюлозасын,жасанды тері, фибра т.б. алуға болады. Мақтаның әрбір
центнерінен (мақтаның сортына қарай) орта есеппен 34-33 кг таза талшық және
62-66 кг тұқым алынады.
Мақта талшығын және басқа бөліктерін химиялық жолмен өңдеу арқылы
жоғарыда аталған бұйымдардан басқа сынбайтын әйнек, фотопленка, каллойдтар,
лактар, қағаз, пироксилин, сірке және лимон қышқылын, сондай-ақ т.б.
көптеген өнім алуға болады яғни, 700-ден астам бұйым жасалады. 100 кг
талшықтан 2000 м барқыт немесе 1200 м сиса, 2 болмаса, 500 м бөз тоқылады.
Мақтаның түбіті – оның сапасыз талшығы деп есептеледі. Түбіттің
құрамында 90-91% целлюлоза, 1,5-2,0% метазон, 2-3% литник, 1% күл және 4-5%
басқа заттар болады. Бұдан мақта түбітінде целлюлоза өзге өсімдік
материалдарына қарағанда көбірек екені байқалады. Мәселен, ағашта 50-58%
қана целлюлоза бар. Сондықтан целлюлоза өндіру үшін мақта жасанды талшықтар
мен пластмасса жасауға қажетті аса берік қасиеті бар.
Целлюлоза суда, спирт пен эфирде ерімейтіні мәлім. Халық
шаруашылығында одан азот қышқылымен өңдеу арқылы нитроцеллюлоза алынады.
Оны спирт пен ацетонда еріткенде хирургияда кеңінен қолданылатын желімдік
затқа айналады. Азот қышқылында өңделген целлюлозадан өте күшті қопарғыш
зат пироксилин жасалады.
Мақта заводтарында 60-65% шитті мақтаны өңдеген кезде одан 32-33
проценттен астам торқа алынады. Осы торқадан тоқыма өнеркәсібі әсем және
мықты мақта –шыт, сәтен, бәтес, шифон, крепдешин, жасанды, жібек, әртүрлі
барқыт мата мен бұйым жасап шығарады. Бір тонна шитті мақтаның торқасынан
орта есеппен 4000 метрдей әртүрлі мата тоқуға болады. Сонымен қатар,
фабрикаларда өңделген мақта торқасы тек мата жасауға қажетті шикізат қана
емес, одан техникаға керекті сан алуан заттар да істеп шығарылады. Мақта
торқасынан сүзгілер, мотор арасына салынатын заттар, электрлік орауыштар,
белдіктер және басқа да бұйымдар жасалады.
Май заводтарында мақта шитін өңдегенде, одан 20-25 процентке дейін май
алынады. Ол майды тамақ үшін пайдалануға да, одан глицерин, сондай-ақ басқа
да арнаулы май істеп шығаруға болады. Мақта шитін тазартқанда 3 процентке
жуық өте бағалы мақта мамығы алынады. Ондай мамықтан жасанды былғары,
авиация өнеркәсібі мен автомобильдер үшін сыр, жасанды жібек және басқа
бұйымдар істеледі. Май алу үшін өңделген әрбір тонна мақта шитінен 400-420
кг күнжара, 380-400 кг қабық шығады. Бұлар малға құнарлы азық ретінде
пайдаланылады.
Мақта тұқымының эндоспермінде орта есеппен 35,5% белок заты, 6,5% су,
1,8% госсипол, т.б. бар екені ғылыми тұрғыдан анықталған. Эндоспермнің
негізгі бөлегі белок пен углевод қосылысынан және фосфор заттарынан тұрады.
Мақта майының құрамында 40-45% линолин қышқылы бар, ол архидон қышқылымен
қосылып, адам организміне аса қажетті С витаминінің ролін атқарады. Мақта
майынан, сондай-ақ, маргарин өндірісінде кеңінен қолданылатын тағамдық
сапалас, таза глицерин мен май қышқылы алынады.
Мақта тұқымынан алынатын күнжара мол азығына аз қосылады, өйткені,
оның құрамында мол организміне зиянды госсипол бар. Госсипол ауыл
шаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар
дайындауға, ал өнеркәсіпте – смола мен пластмасса т .б., медицинада
бірқатар ауруларды емдеуге және медикаменттер әзірлеуге пайдаланылады.
Мақта тұқымының эндоспермінен бөлінген қабаты қауыз деп аталады. Оның
құрамында 40-41% целлюлоза, 18-22% центоз, 30-31% литник және 3-7% тері
илейтін заттар бар. Гидролиздік заводтарда тұқым қауыздарынан глюкоза мен
қышқыл алынады.
Мақта өсімдігінің жапырақтарынан лимон және алма қышқылдары, ал
сабақтарынан – спиртпен құрылыс материалдары (картон, шифер, престелген
тақтайлар, фанера, әртүрлі плиталар), т.б. жасалады. Еліміздің экономикасы
Қазақстанның оңтүстігіндегі жергілікті қарапайым тұрғындарына мақта
шаруашылығының маңызы өте зор. Халықтар мақтаның қозасын отын қылады. Ол
отынды күнделікті үй пешіне немесе ошағына қолданады. Мақтадан шығатын
отынды қозаның паясы делінеді. Бұл отын мақтаның қозасынан алынады. Тағы
айта кететін маңыздылығы мақта заводтарында мақтаны өңдегенде, одан
талшығынан бөлек линт, пух, қауашақ және қоқымы қалады. Линтті өңдеп одан
порох шығарады. Бұл линтті көбіне Қытай Республикасы Қазақстаннан сатып
алып, оны өңдеп порох шығарады. Ал пухты халықтар мал шаруашылығына
қолданады. Пух малдың азығы болып саналады. Қауашағы бұл мақтаның қауызы.
Қауашақтыда мал шаруашылығында қолданады. Қауашақты суға салып жібітіп, оны
малдарға жем есебінде беріледі. Мақтадан өңделген қоқымына келетін болсақ,
бұл қоқымды зауыттардан шығарылып, егістік жерлерге қайтадан сеуіп шығады.
Бұл қоқым жердің құнарлығын арттырады. Яғни, қоқымды тыңайтқыш ретінде
қолданылады.
Мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды.
Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе
жастық, көрпешеге және т.б. заттарға қолданылады. Мақтаны көрпеге,
көрпешеге, жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен мақтасын
бөлек алып, жоғарыда аталған заттарға салады. Мақтаны салмастан бұрын, оны
арнайы машинаға салып, өңдеп алады.
Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны қазіргі
таңда қарастырылып отырған ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Мұнай мен
металл халық шаруашылығына қандай керек болса, мақта да дәл солай керек
болып отыр. Бұл мақта шаруашылығы ХІХ ғ бас кезінен – ақ осы Қазақстан
Республикасында егіле бастады. Өзіміздің тәуелсіздігімізді алғалы бері
мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны
ерекше болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде бірден – бір мақта
өндіруші өлке. Бұл өлкеде жыл сайын 400 – 500 мың тонна мақта шикізаты
өндіріледі, орташа өнімділік - 18 – 22 цга құрайды. Бұл өңірде мақта
шаруашылығы ежелден мықты дамыған. Республикамыздағы суармалы жердің
төрттен бірін осы өлкеде алып жатыр. Бұл - үлкен байлық, зор табыс көзі
оны ұқыптылықпен, жанашырлықпен пайдалануымыз керек. Қазақстан
Республикасының жері қазақтың пейіліндей кең ғой, бірақ мақта Оңтүстік
Қазақстанда ғана өсіріледі. Мақта дақылы өніміне халықаралық сұраныс
жоғары. Алайда, осы сұраныстың толық дәрежеде пайдаланылмай келе жатқанын
айту керек. Қазір мұнда мақта майы ғана өндіріледі деуге болады.
Шикізаттың негізгі бөлігі сыртқы, экспортқа шығарылады. Терең өңделмеген
өнім бағасы арзан.
Егер шикізат өзімізде өңделіп, одан мүмкін болатын барлық дайын өнім
түрлері шығарылса, табыста қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.
Қазақстан экспортқа 3 – 3,5 млн. тонна астық шығарып, оны сатудан
300-350 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы түсірсе, 150 мың тонна мақта
талшығын экспорттау 165 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пайда әкеледі. Демек,
мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану – кезек күттірмейтін міндет.
Сол міндеттің бірі – ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде және өңдеуде
кластерлік жүйені белсенді пайдалану. Солардың алғашқылары – тамақ және
тоқыма өнеркәсібі кластерлері. Аталған кластерлерді өркендетуде мақта
шаруашылығы аса зор маңызға ие.
Жалпы алғанда мақта – Отанымыздың халық шаруашылығында алатын орны
ерекше. Сондықтан мақта шаруашылығының маңызы өте зор.

2.2 Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы

Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының
ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 13 осы
дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 13 шитті мақта өсірумен
айналысады.
Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілері ауа
райының қолайсыздығына қарамастан біршама жоғары көрсеткіштерге қол
жеткізді. Масақты дақылдар мен мақсарыдан басқа барлық дақыл түрлерінің
өнімі 1999 жылға қарағанда артық болды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өңдірілген өнім 2000 жылы 49,1
млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31,5 млрд. теңгені құрады. Оның 46,6
пайызы немесе 14,7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.
Мақтаарал ауданында барлық өндірілген 15,1 млрд. теңге өнімнің 9,9
млрд. теңгесі немесе 65 пайызы мақтадан түсті. Шардарада бұл көрсеткіш
барлығы 3,7 млрд. теңге, оның ішінде мақта 2,1 млрд. теңгені кұрайды. Бұл
ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің 57 пайызы, Түркістанда — табыстың
34, Ордабасыда — 28, Арыс, Отырарда — 12, Сарыағаш аудандарында - 7 пайызы
мақтадан алынды.
2000 жылдың ауа райы мақташылар үшін онша қолайлы болмады. Көктем
айының құрғақ болуына байланысты мақта егісін сумен қамтамасыз етуде
көптеген қиыншылықтар кездесті. Дегенмен, мақташылар бұл қиындықты жеңе
отырып үлкен табысқа қол жеткізді. Облыс бойынша 153,3 мың гектарға егілген
мақтаның түсімділігі 18,7 центнерге, өнімі 287,1 мың тоннаға жеткізілді.
Сөйтіп 1999 жылдан 38 мың тоннаға артық өнім алынды. Тапқан табыстары да
жаман болған жоқ. Бұл — ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформаның
алғашқы нәтижелері. Әр гектар жер өз иесін тауып, жерге жанашырлық
көзқарастар қалыптаса бастады деп айтуымызға болады.
Мақтаарал өңірінің диқандары 2000 жылы әр гектардан 20,2 центнерден,
барлығы 192,8 мың тонна, яғни 1999 жылдан 8,8 мың тоннаға көп шитті мақта
дайындады.
Шардара ауданында мақта дақылының егіс көлемі 1999 жылға қарағанда 6,2
мың гектарға артық егіліп, 20,7 мың гектарға орналастырылды. Гектар
түсімділігі 20,2 центнер немесе 4,6 центнер арттырылды.
Жалпы, облыста гектар берекелілігін арттыруға деген құлшыныс бар. Осы
дақылмен айналысатын аудандардың барлығында дерлік 2000 жылы 1999 жылға
карағандаа бұл жөнінде ілгерілеушілік сезілді. Тек объективті, субъективті
себептермен Түркістан қаласының шаруашылықтарында былтыр, алдыңғы жылмен
салыстырғанда әр гектардың өнімділігі 2,4 центнерге кеміп кетті. Дегенмен,
өткен жылдың жағдайында көптеген тауар өндірушілер агротехникалық шараларды
дұрыс сақтау нәтижесінде мақтадан жоғары өнімге қол жеткізе алды. Мәселен,
Шардара ауданы Қазақстан ауыл округінің "Сеңгірбай" шаруа қожалығында 72
гектар мақталықтың гектар түсімділігі 58 центнерден, Мақтаарал ауданының
"Иіржар" ауыл округіне қарасты "Захид" шаруа қожалығында 50 гектардан 43
центнерден, Казыбек би округіндегі "Жұлдыз" шаруа қожалығында 40 га
мақталықтан 40 центнерден, "Арай" ауыл округіндегі "Ақ нұр" өндірістік
кооперативінің мүшелері 160 гектардың әр гектарынан 38 центнерден өнім
алды. Ордабасы ауданы "Төрткүл" ауыл әкімшілігіне қарасты "Арыстанды"
өңдірістік кооперативі 120 гектардан 32 центнерден, Түркістандағы Ескі Иқан
ауыл әкімшілігіндегі Камалов атындағы шаруа қожалығы 60 гектардан 26
центнерден, Сарыағаш ауданындағы Қошқар ата ауыл әкімшілігіндегі "Балауса"
шаруа қожалығы 40 гектардан 37 центнерден, Арыс қаласындағы Жиделі ауыл
әкімшілігіндегі "Өмірзақ и К" шаруашылығы гектарынан 35 центнерден өнім
жинады.
Мақта шаруашылығындағы табыс аз емес. Сонымен қатар пайдаланылмай келе
жаткан резервтер де баршылық. Мәселен, мақта өсіру технологиясын бұзып,
"шитті сеуіп қойсаң болды, өнімді құдайдың өзі береді" дейтін шаруашылықтар
да аз емес.
2000 жылдың қорытындысына қарағанда, кейбір аудандағы ауыл
әкімшіліктерінде жұмысқа деген талаптың төмендеп кеткені және жоғарыда
айтқанымыз айқын байкалады. Айтайық, Мақтаарал ауданындағы 20 ауыл
әкімшілігінде әр түрлі жағдай қалыптасқан. 10 ауыл әкімшілігінде гектар
түсімі 20 центнердің үстінде болса, қалған 10 ауыл әкімшілігінде бұл
көрсеткіш оған жетпейді. Егер де барлық аудан әкімшіліктері әр гектардан 25
центнерден өнім алғанда, былтыр 220-230 мың тонна шитті мақта жинаған болар
еді.
Шардарадағы Қоссейіт ауыл әкімшілігі бойынша гектар түсімі 24,2
центнерден келсе, Казақстанда 23,4-тен, Достықта 20,7-ден өнім алынды. Оның
есесіне Жаушыкұм - 15,2, Шардара — 15, Сүткент — 13,8 центнерді місе тұтты.
Түркістан каласы бойынша ең жоғары түсім көрсеткіші Ескі Иқан ауыл
әкімшілігінде — 15,5. Бұл — аудандағы ең биік көрсеткіш болып табылады.
Қарашық - 12,9, Жүйнек — 13,1 центнерден алды. Гектар түсімі 10 центнерге
жетпеген ауыл әкімшіліктері де бар. Мәселен, Үшқайық — 8,3, Сауран — 8,7,
Бабайқорған - 5,4 центнерден берді. Ал, 1004 гектар жерге 4 есе кем қоза
еккен Жаңа Иқанда әр гектардан небәрі 4-ақ центнерден шитті мақта алынды.
Ордабасыдағы мақтамен айналысатын 9 әкімшіліктің екеуі ғана (Қараспан
мен Қажымұқан) 16 центнердің үстінде өнім алды. Сарыағаш ауданы бойынша әр
гектар 18,1 центнерден өнім берсе, Біртілек — 18,6, Тегісшіл — 18,9,
Қапланбек - 20, Қызылжар — 22 центнерден алды. Аудан озаттарының көшін
"Ұшқын" ауыл әкімшілігі (27,5) бастап отыр. "Жібек жолында" 20 гектарға
мақта егіліп, оның айналымы 12-ақ центнерді құрады.
Облыста шитті мақта өнімділігі гектар түсімділігінен емес, егіс
көлемін арттыру есебінен, экстенсивті тәсілді қолданудың негізінде алынып
отыр. Мәселен, облыста 1997 жылы 104 мың гектардың түсімі гектарынан 19,0
центнерді құраса, 2000 жылы онан 49 мың гектарға көп егілген алқаптың
бергені — гектарына 18,7 ц болды.
Мақта өсірудің ғылымда дәлелденген, тәжірибеде сыналған өзіндік ерекше
агротехникалық тәсілдері бар. Өкінішке орай, бізде мақта өсірудің
агротехникалық шаралары қатаң сақталмайды. Баяғы диқан бабаларымыз "Жер
айдасаң күз айда, күз айдамасаң жүз айда" деп бекер айтпаған. Ал сүдігер
айдау жұмысы көптеген аудан шаруашылықтарында мүлде орындалмайды.
Жалпы, біз мақтаны еккенде одан табыс табамыз деп егеміз. Негізінде оны
өндірудің тиімділігі — гектар түсімділігіне тікелей байланысты екендігі
әрбір диқанға, маманға өз-өзінен түсінікті. Мәселен, гектарынан 15
центнерден шитті мақта алсақ, тиімділік бар-жоғы 3 пайызды құрайды, ал 20
центнерден алынса, 29 пайыз.
Мақта өсірудегі негізгі мәселелердің бірі элиталық тұқым шаруашылығын
дамыту болып табылады. Бұрынғы жылдары облыста элита тұқымын өндіретін 7
тұқым шаруашылығымен айналысатын 18-20 шаруашылық болатын. Жоғары
репродукциялы тұқымдар арнайы элита тұкым өндіретін шаруашылықтарда
өңдіріліп, олар тұқым шаруашылықтарында көбейтіліп, басқа шаруашылықтарға 2-
4-репродукциясы тұқымдар таратылатын. Тұқым дайындалатын танаптар
бекітіліп, зауыттарда бөлек сақталынып, өңделінетін.
Қазіргі таңда бұл жұмыстар толық жүргізілмейді. Зауыттарда дайындалған
тұқымның сапасы төмен, кей ұжымдар тапқан тұқымын ғана себеді. Өткен жылы
облыс бойынша егіске жұмсалған 5,0 мың тоннадан артық тұкымның 3,5 мыңы
немесе 70 пайызы 2-класқа жатқызылған. "Мырзакент", "Ақ алтын", "Иассы"
акционерлік қоғамдары арқылы тек 2-кластық тұқым таратылған. Оның үстіне
тұқымның сапасын қадағалайтын "Казагроэкспертиза" мемлекеттік-қазыналық
кәсіпорнының облыстық бөлімшесі мақта тұқымының сапасын тексеру, қадағалау
және шара көру жұмыстарын өз дәрежесінде ұйымдастыра алмай келеді.
2001 жылы облыста мақта тұқымын жақсарту мақсатында элита тұқым
өндіретін 6 шаруашылық ашылды. Оның 3-і Мақтааралда, ал Шардара, Түркістан
мен Сарыағаш аудандарында бір-бірден.
Өндірілген тұқымды көбейтіп, тарату үшін облыс бойынша
мамандандырылған 11 тұқым шаруашылығы айналыспақшы. Осы ұжымдардың дұрыс
жұмыс істеп кетуін ұйымдастыру аудан басшылары және аймақтық басқарманың,
оңың тұқым инспекторлары мен ауыл шаруашылығы департаментінің міндеттері.
Міне, осындай кемшіліктерге қоса гектар түсімінің төмен болуы себептерінің
бірі — ауыспалы егістің сақталмауы.
Ауыспалы егістікті тиянақты игеру мол өнім алуға әсерін тигізетін
басқа да проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
1. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының резервациясын жоюға көмектеседі. Ал
ол өз кезегінде қымбат бағалы улы химикаттарға жұмсалатын қаржы шығынын
үнемдеуге, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік
береді.
2. Топырақ құнарлылығын арттыруға, жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға
және мал шаруашылығына қажетті жемшөп қорын жасауға ықпал етеді.
Бұрынғы жылдары ауыспалы егісті толық сақтаған облыс мақташылары жыл
сайын мол өнім алатын. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 116,5 мың гектарға
егілген мақталықтың түсімі 24,9 центнерден келген болса, 2000 жылы 153,3
мың гектарға егілген мақталықтың түсімділігі 18,7 центнерден келді немесе
6,1 центнерге азайды. Өйткені ауыспалы егістің қажеттілігін диқандар біле
тұра, бұл мәселеге соңғы кезде тіпті көңіл бөлмей келеді. Өткен жылы облыс
бойынша мақта 153,3 мың гектарға, оның ішінде Мақтааралда 96,7 мың
гектарға, яғни егістіктің 80 пайызына орналастырылды. Жоңышқаның егіс
көлемі аталмыш ауданда 8,8, мың гектардан немесе егістіктің 7 пайызынан
аспады. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында 2000 жылы 12,5 мың гектар
мақталықтың түсімі 15 центнерден, 28,0 мың гектардан 18 центнерден, 42,5
мың гектардан 20 центнерден төмен болды.
Осындай жағдай басқа да өңірлерде орын алып отыр. Сарыағаш ауданында
жоңышқалық суармалы егістіктің бар-жоғы 10 пайызын құрайды. Шардарада — 12,
Түркістанда — 13,5, Ордабасыда 17 пайызға тең келеді;
2001 жылы да аудандарда ауыспалы егіс енгізу қолға алынбады. Алдын-ала
берген есеп жобалары бойынша Мақтаарал ауданында 2001 жылы мақта 92,0 мың
гектарға, ал жоңышка 9,4 мың гектарға немесе егістіктің тиісінше 75 және 8
пайызына орналастыру көзделген. Шардарада жоңышқаны — 13 пайызға,
Түркістанда — 17 пайызға егу межеленген.
Мақта шаруашылығын дамытудың облыстық бағдарламасында ауыспалы
егістікті игеру үшін үстіміздегі жылы облыс бойынша мақта 133 мың гектарға
орналастырылып, оның әр гектарынан 23 центнерден түсім алу межеленген. Оның
ішінде Мақтаарал ауданында 84 мың га мақталықтың гектар түсімділігін 25
центнерге жеткізу көзделген. Сондықтан аудан және ауыл әкімдері 2001 жылға
ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыруын қайта қарап, ауыспалы егістікті
игеруді ұйымдастырулары қажет.
Шитті мақта өсіруде келесі бір аландататыны - ағын су мәселесі. Ол
өткен жылы тапшы болды. Сарыағаш, Шардара аудандарынан басқа барлық өңірдің
диқандары қиыншылық көрді. Су мөлшерінің көлемі жылдан-жылға азайып барады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-
зерттеу институты жаңа суару жобасын жасап отыр. Соған сәйкес, 2001 жылы
Мақтаарал ауданындағы "Достық" каналы арқылы берілетін 720 млн. текше метр
су ресми түрде 600 млн. текше метр ғана берілмекші. Сол себептен суарудың
үнемді тәсілдерін қолданып, су жүйелерін тазалау, оларды мезгілінде
жөндеуден өткізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
2000 жылы облыстық бюджеттен су жүйелерін жөндеп, тазартуға 20 млн.
қаржы бөлінді. Оған Сарыағаш, Отырар, Төлеби аудандарында тиісті жұмыстар
атқарылды. 2001 жылғы облыс бюджетінде осы мақсатқа 63 млн. теңге қаралған.
Одан басқа Мақтаарал ауданында суармалы жерлерді қалпына келтіру
жұмысына дүние жүзілік және Азия даму банкілері өз көмектерін көрсетуде.
Азия даму банкінің несиесі бойынша жалпы құны 55,12 млн.АҚШ долларына 32,5
мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру іс-шараларының жобасы жасалынуда.
Ал дүние жүзілік даму банкінің қаражаты бойынша 9,6 мың гектарда бұл
жұмыстар жүріп жатыр. Мемлекетаралық "Зах", "Ханым", "Үлкен Келес" және
"Ашынау" каналдарында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджет
есебінен осы іске 2000 жылы 100 млн.теңге бөлініп, каналдарды жөндеу
жұмыстары басталды. Ендігі міндет — барлық су шаруашылықтары және су
пайдаланушылар бірлесе отырып су жүйелерін жөндеу, тазалау жұмыстарын
мезгілінде, көңілдегідей ұйымдастыра білу.
Кейінгі жылдары облыс мақташыларына "Қазақстан мақтасы" компаниясы,
"Нимекс" корпорациясы, "Интекс" фирмасы тағы да 9 мақта өндеу зауыттары
арқылы фьючер негізінде қаржылай көмек көрсетуде.
2000 жылы мақта өндірісіне облыс бойынша 2.343 млрд.теңге қаржы
жұмсалды. Бұл — ауыл шаруашылығы саласына берілген инвестицияның 79 пайызы.
Алайда, соңғы кезде тауар өндірушілер мен мақта өндейтін зауыттар,
компаниялар арасында келіспеушіліктер жиі орын алып отыр. Көп жағдайда
мақта зауыттары, компаниялар өз үстемдігін пайдалана отырып шаруашылықтарға
қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
Қазақстандағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Ауыл шаруашылығы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Қазақстан Экономикасын Кластерлер көтереді
Пәндер