Өсіру технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • 1. Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
  • 2. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
  • 3. Өсіру технологиясы
  • 3. а. Алғы дақыл
  • 3. ә. Топырақ өңдеу жүйесі
  • 3. б. Себу жұмыстары
  • 3. в. Күтіп, баптау жұмыстары
  • 3. г. Жинау
  • 4. Ғылыми еңбектер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы. Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі.

Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы - жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.

Негізгі бөлім

Халық шаруашылығындағы маңызы. Күнбағысқа бәсекелес болуға мүмкіндігі бар дақылдың бірі - қыша. Ол топырақ күйін нашарлатпай өсімдік майы өндірісін арттыра алады. Нарық экономикасында оған сұраныс соңғы жылдары артып келеді. Қазақстанда қыша өсірудің агроэкологиялық артықшылықтары оның медициналық- биологиялық қасиеттерніде, өнімінің жоғары рентабельділігі (110%-дан жоғары) нарықта оның дамуына, өнімін қайта өңдеуде, таза пайданың артуына әсері зор. Жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін тұрақты жоғары тұқым өнімін алуда дақылдың өсіру технологиясын тыңғылықты іске асыру қажет. Қышаның тұқымында 47-49% - ға дейін өсімдік майы жинақталады және мамандардың бағалауынша оның дәмі күнбағыс майынан дәмдірек. Тұқымында 3, 0% - ға дейін эфир майы болады (сарепт қышасында) . Ақ қышаның тұқымында 35% сұйық (өсімдік) майы мен 1% шамасында эфир майы бар. Тұқымынан майларды сығып алғаннан кейінгі қалдығы -күнжарасынан қыша ұнтағы өндіріледі, одан асхана қышасы мен медициналық қышалықтар дайындалады. Соңғысының медицина саласында емдік қасиеті зор (әсіресе суық тигенде) . Қышаның агротехникалық маңызы да айтарлықтай: оның тұқымы жақсы ықтырма өсімдігін қалыптастырады; өсімдіктерінің тамыр жүйесі органикалық қышқылдар түзеді де топырақтағы қиын еритін тұздарды жеңіл сіңірілетін күйге айналдырады, әрі топырақта ол фитосанитарлық рөл атқарады (әсіресе картоптың фитофтороз, ризоктониоз, парша, фузариоз шірігі ауруларын басады) сонымен қатар қыша өсімдігін топыраққа жыртып енгізгенде ондағы сымқұрттар (проволочники) санын азайтатыны белгілі, өйткені олардың қыстап шығу жағдайлары нашарлайды да опат болуына ұрындырады; Қазақстанда қыша - жақсы бал жинағыш дақыл.

Кез келген дақылдың өсіру технологиясы оның биологиялық ерекшеліктеріне (қоршаған орта факторларына талаптарына) негізделіп жасалады, сонымен бірге өсімдік тіршілігінің ұзақтығы, жарық күннің ұзақтығына реакциясы, тозаңдану түрі, әрбір өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы, гүлдену ұзақтығы және т. б. ескеріледі.

Дақылдардың биологиясы мыналарды қарастырады:

- дақылдың жылуға (температураға) қажетсінуі (ең төменгі өну температурасы, ең жоғарғы өсімдік шыдайтын температура, өсімдіктер үшін оңтайлы температура, өсімдіктердің теріс температураларға төзімділігі, белсенді температура жиынтығы) ;

- ылғалға қажетсінуі (транспирациялық коэффициенті, су пайдалану коэффициенті, ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі) ;

- топыраққа, қоректік заттарға (NPK) қажетсінуі;

- жарыққа қажетсінуі;

- ауаға қажетсінуі.

Қышаны халық шаруашылығында көбінесе жаздық бидай себудің қарсаңында тиімді ылғал қорын сақтау үшін ықтырма сеуіп өсіру-жаздық бидайдың оңтайлы өсіру технологиясының бірден-бір қажетті шарты. Осыған байланысты сүрі танаптарында екінші қыстың қарын тоқтату үшін қышадан ықтырма өсіріледі. Ол шілденің алғашқы онкүндігінде арнаулы СКН-3 сепкішімен себіледі. Топырақтың беткі қабаты біршама кеуіп кеткеннің өзінде ол қышадан қос қатарлы ықтырманы қамтамасыз етеді. Кәдімгі СЗС-2, 1 сепкішін де пайдалануға болады. Ол үшін 2-3 қатарлы ықтырмаға әрбір 8-12 м сайын 4-5 см тереңдікке гектарына 500-600 г мөлшерінде қыша тұқымын себеді.

Қыша ықтырмасы 30-40 см қар қабатын жасайды, соның нәтижесінде қар тоқтатқыштармен қар тоқтатудың қажеті болмайды.

Жекелеген өте құрғақ жылдары ықтырма себу алдында сүрі алқаптарының беткі қабаты (8-10 см дейін) барынша кеуіп кетеді де қыша ықтырмасының егін көгін алу қиындап кетеді. Мұндай жағдайда ықтырмаға сұлы себіледі, өйткені оның тұқымын тереңірек сіңіріп, жақсы егін көгін алуға болады. Шілденің басында аралығын 8-10 м етіп СЗС-2, 1 сепкішімен немесе оның модификацияларының бірімен (СЗС-6/12) 4-5 қатарлы ықтырма себіледі. Сұлы ықтырмасының қышаға қарағанда қар тоқтату қарқыны шамалырақ, сондықтан қар тоқтатудың қажеттігі туады.

Солтүстік Қазақстан жағдайында қышаның Неосыпающаяся 2 сорты жақсы ықтырма дақылы болып табылады. Оның маңызды биологиялық ерекшелігі - ерте піседі, жақсы бұтақтанады, сабақтары жапырылуға төзімді. Осыларға сәйкес оның өсімдіктері жаз ортасында сепкенде жақсы дамиды да суық түскенше сабақтары діңденіп үлгереді. 10-20 - шілдеде себілген қыша ықтырмасы 15-20 - қазанға қарай 80-110 см биіктікке жетеді және қар қабатын жасауда желге қарсы жақсы бөгесін болады. Оны желдің басым бағытына көлденең себеді.

Қыша ықтырмасын кезкелген құрғақшылықты жылы ойдағыдай өсіруге болады. Ол үшін сүрі танабын СЗС-2, 1 сепкіш-культиваторымен топырақты 4-6 см-ден асырмай өңдейді. Сүрі танабын кезекті өңдегенде қыша себіледі. Оны екі немесе төрт сепкішті СЗС-2, 1 агрегатымен (МТЗ немесе К-700 тракторларының бірімен) себеді: мұндай жағдайда қышаны екінші және төртінші сепкіштердің алғашқы екі сошнигі себеді, қалған сепкіш аппараттар жабылады нәтижесінде ықтырмалардың ара қашықтығы 4, 2 метрге тең болады. Себу жұмысын жеңілдету үшін тұқым жәшігінде қалқа (аралық) жасалады немесе жүгері сепкішінің жәшігін бекітеді. Сепкіш аппаратта ең төменгі (минималды) айналым санын орнатады (сепкіш аппараттың білігіне 32 тісті жұлдызша кигізіледі) . Катушканың жұмысшы бөлігінің ұзындығы 3, 0 мм шамасында. Осы қалыптағы катушка әр гектарға есептегенде 1, 0 кг қыша тұқымын себеді. Қыша тұқымы топыраққа 4-5 см тереңдікке сіңіріледі.

Бір есте ұстайтын жайт, қыша-майлы дақыл және тұқымының өнгіштігі оның сақтау жағдайлары мен ұзақтығына тәуелді. Сондықтан себу алдында тұқымның өнгіштігін тексеріп себуге жарамдылығын анықтаған жөн.

Қыша ықтырмасын себуге бессепкішті агрегатты пайдалануға да болады. Мұндай жағдайда қышаны екінші және бесінші сепкіштердің алғашқы екі сошнигі себеді, ал ықтырмалардың ара қашықтықтары 4, 2 және 6, 3 метрден кезектесіп қалыптасады. Кейіннен ықтырма аралық кеңістікті өңдегенде және күздікті сепкенде трактор кең жолақпен жүріп отырады, қозғалыс бағыты мен тәсілі ықтырма сепкендегідей болуға тиіс.

Ықтырма аралығын өңдегенде және күздікті сепкенде ықтырманың жарақаттанбауын қадағалау қажет, ол үшін сепкіш агрегат жаппай қатардағы себу тәсіліндегі реттеу жұмыстарын іске асырып, себуді түзусызықты жүргізеді.

Қолайлы жағдайларда қышанаң егін көгі 5-8 тәулікте пайда болады. Қыша жаппай көктегеннен кейін, ықтырма аралықтарындағы арамшөптерді құрту үшін культивация жүргізіледі. Ықтырмалы сүрі танабын өңдеуде ықтырма сепкен агрегатттар пайдаланылады, бірақ біршама конструкциялық өзгеріс жасалады:сепкіштен қыша ықтырмасын сепкен сошник катогімен бірге ағытылады, көрші сошниктерге оң және сол жағынан табанның орнына регіш (наральник) орнатады немесе ықтырма жақтан келетін табанды кесіп тастайды; қосымша сошниктердің тірегіштерін (стойкасын) 10-12 см оңға және солға жылжытуға болады, бұл танапты өңдегенде және себу жұмысын жүргізгенде ықтырманың жарақаттанбауын қамтамасыз етеді; Бұл жұмыстарды орындауға басты талап - 4-6 см тереңдікті сақтау.

Қыша өсімдіктерін зиянкестерден қорғаудың өте қажет кезеңі - өнуінен жапырақ розеткаларының пайда болу аралығы. Ең тиімді күрес шараларының бірі себуге дейін қыша тұқымын улы химикатпен өңдеу болып табылады. Осы мақсатпен 1 т қыша тұқымы 2 кг Тигам инсектицидінің 10-15 л судағы ерітіндісімен өңделеді. Жабыстырғыш ретінде Na KMЦ қолданылады. Осындай өңдеуден кейін өсімдіктер екі апта бойы зиянкестерден сенімді қорғалады да ширығып үлгереді. Алайда ықтырма өсімдігін жарақаттайтын қырыққабат көбелегі мен бүргелердің пәрменді байқалуында оларға қарсы Суми-альфа, 5 % к. ә. (0, 2 кг/га) препаратымен егістік бүркіледі. Ылғалды жазда қыша тез өседі де зиянкестер қыша ықтырмасына айтарлықтай зиян келтіре алмайды.

Оңтүстік облыстарда алғы дақылды жинаумен бір мезгілде немесе оны жинап алысымен танапты сыдыра жыртқыштармен өңдейді: азжылдық арамшөптер болса 5-7 см, тамыр өркенді және тамырсабақтыларды 10-12 см топырақ тереңдігіне. Екінші жағдайда қайта сыдыра өңдеу жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арамшөптер өсіп шыққаннан кейін танапты 22-25 см тереңдікке терң қопсытқыштармен немесе шолақ түренді соқамен өңдеуге(жыртуға) кіріседі.

Көктемде қара сүрі жерді ылғал жабу үшін тырмалайды, жаз бойы бірнеше рет арам шөптерді жою үшін қопсыту жүргізеді. Бірінші қопсыту - терең жасалынады, ал қалғандары алдыңғыларынан таяздау тереңдікке жүргізіледі. Тұқым себералды қопсыту тұқым енгізу тереңдігіне жасалынады.

Ерте сүрі жерге арналған танапқа көктемде сыдырту, сонан соң терең жыртумен бірге тырмалау жүргізіледі. Таза ерте сүрі жерді күтіп-баптау қара сүрі жердікіндей.

Таза сүрі жерлердің тиімділігі ықтырма сепкенде артады. Ықтырмалы өсімдіктер - күнбағыс, жүгері, қышаларды күздіктерден 40-45 күн бұрын егеді. Ықтырмалардың ара қашықтығы тұқымсепкіштің еніне байланысты. Күнбағыс, жүгері ықтырма жолақтарындағы қатараралық -70, ал қышада 12 см болады.

Тұқымдары мен жемістерінің құрамында өсімдік майы болатын өсімдіктерді майлы дақылдарға жатқызады. Майлы дақылдар ботаникалық көптүрлілігімен ерекшеленеді, әртүрлі тұқымдастарға жатады:

  • астра тұқымдасынан - күнбағыс, мақсары;
  • қырыққабат тұқымдасынан - ақ және көкшіл сұр қыша, рапс, қышабас, крамбе;
  • бұршақ тұқымдасынан - майбұршақ, жер жаңғағы;
  • сүттіген тұқымдасынан - майкене;
  • күнжіт тұқымдасынан - күнжіт;
  • ерінгүлділер тұқымдасынан - ляллеманция, перилла;
  • көкнәр тұқымдасынан - майлы көкнәр.

Қыша өсімідігінен сүрлемдік мал азығы дайындалады.

Мақта - жоңышқа ауыспалы егістіктерінде, көктемде көк балауса ретінде жиналатын немесе жасыл тыңайтқышқа жыртылатын (рапс, қыша, арпамен қосыла себілген ас бұршақ және басқалары) күздік дақылдарды пайдаланған жағдайда, суармалы мақта егісі өте тиімді. Мақта өсіретін шаруашылықтардағы ауыспалы егісте мақтаның үлесі 65-80% шамасында болады.

Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен сорттары. Қышаның екі түрі өсіріледі (көкшіл сұр немесе сарепт қышасы) - (Brassica Juncea L. ) және ақ қыша - (Sinapis alba L. ) және қырыққабат (Brassicaceae) тұқымдасына жатады. Екеуінің сыртқы құрылыстарында көп ұқсастықтар бар (Сурет 33) .

Көкшіл сұр қыша - айтарлықтай биік (1, 5-2 м-ге дейін) біржылдық өсімдік, бұтақты, балауыз тұтынан түсі көкшіл сұр болып келеді. Дамыған кіндік тамыры 2м топырақ тереңдігіне бойлайды. Жапырақтары шар пішінді, отырмалы немесе қысқа сағақты. Гүлдері төрттік түрде, қосжынысты, ашық сары түсті, маусым-шілде айларында гүлдейді, гүл шоғыры - шоқгүл. Гүлдегеннен кейін дөңес бұршаққын түзеді, оның ұзындығы 3-5 см-ге дейін жетеді, біз тәрізді мұрыншасы болады. Тұқымы шар тәрізді, қызғылт қоңыр немесе күңгірт-қоңыр түсті, 1000 тұқымның массасы - 2-4 г.

Сурет 33. Көкшіл сұр қыша. 1, 2 - дамыған егін және гүлдену-жеміссалу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - сабақтың бір бөлігі; 4 - жемісі; 5 - тұқымдары.

Ақ қыша - біржылдық шөптесін өсімдік, тереңге бойлайтын кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады. Сабағының биіктігі -30-80см. Көкшіл сұр қышадан шашақталған сабағымен ерекшеленеді және жапырақтары мен бұршаққындары сияқты ұсақ түктермен көмкерілген. Гүлдері сары түсті, бал иісті, жемісі -5-6 тұқымды бұршаққын және ол ұзын семсер тәрізді мұрыншасымен аяқталады. Жеміс піскенде жарылмайды, тұқымы шар тәрізді, сарғыш түсті, 1000 тұқымының массасы - 5-6 г. Қыша қоршаған орта факторларына жоғары талап қоймайды.

Сурет 34. Ақ қыша. 1, 2 - дамыған егін көгі және гүлдену-жеміссалу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - жапырақтары, гүл шоғырлары және жемістерімен сабақтың бір бөлігі; 4 - жемісі; 5 - тұқымдары.

Тамыр жүйесі қиын еритін тұздардан фосфор мен калий қоректік элементтерін сіңіре алатындықтан әлсіз қышқыл реакциялы құнарлығы төмен топырақтарда өсе береді. Көкшіл сұр қыша жылуға айтарлықтай жоғары талап қоймайды, тұқымдары 2-3°C жылылықта өне бастайды, егін көгі -5 °C-ға дейінгі үсікті (бозқырау, аязды) жеңіл көтереді. Қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді, транспирациялық коэффициенті - 320-350 бірлікке тең; оған ауыр, толқымалы және сортаң топырақтар жарамсыз, орташа байланысқан қара және қара-қоңыр топырақтарды жаратады; өсіп жетілу кезеңінің ұзақтығы - 90-100 тәулік. Ақ қыша ылғал сүйгіш және салқынға төзімді дақыл; тұқымы 1-2°C температурада өне бастайды, егін көгі - 6°C бозқырауды көтереді; ұзақ күннің өсімдігі сондықтан солтүстік аудандарда ерте гүлдейді және қысқа өсіп-жетілу кезеңімен (80-90 тәулік) ерекшеленеді. Қазақстанда қышаның өсіруге рұқсат етілген мынадай сорттары бар: Неосыпающаяся 2 (Ақмола, Павлодар, СҚО), Заря (Павлодар обл. ), ВНИИМК 11 (Батыс Қазақстан обл. ), Рушена (Ақмола, Павлодар, СҚО) .

Өсіру технологиясындағы ерекшеліктер. Ауыспалы егістегі орны. Қышаға сүрі танабында өсірілген дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, отамалы дақылдар және сүрі жерлердің барлық түрлері жақсы алғы дақыл болып табылады. Қышаны күнбағыстан, тары мен қырыққабат тұқымдастары дақылдарынан кейін (рапс, қышабас, қыша ж. б. ) орналастырмаған дұрыс. Қыша - масақты дәнді дақылдар үшін бағалы алғы дақыл: танапты ерте босатады, тамыр жүйесі 1, 5 м дейін топырақ қабатына бойлай отырып оны жақсы борпастандырады, органикалық заттармен байытады; тамыр және аңыз қалдықтары топырақта сақталған аурулар және зиянкестерге езгілей әсер етеді.

Топырақ төңдеу жүйесі алғы дақылға байланысты өзгереді, алайда барлық жағдайларда ол ылғал жинақтауға, арамшөптерді құртуға, егін көгінің жаппай көктеуіне топырақтың тегіс және ылғалды бетін жасауға бағытталуы тиіс топырақты негізгі өңдеу оңтайлы мерзімде 22-25 см-ге терең жүргізіледі. Көктемде физикалық пісуінен бастап себу алдындағы топырақ өңдеу жұмыстары қарастырылады: 3-4 см тереңдікте тырмалау, 5-6 см себу алдындағы культивация және ұсақ кесекті топырақ құрылымын қамтамасыз ететін тығыздау.

Тыңайтқыш жүйесі. Қыша топырақтағы қоректік заттарға талапты тдақыл. Ол 1 ц тұқымы мен соған сәйкес жер үсті массасын қалыптастыру үшін топырақтан 5, 5-6, 0 кг азот, 2, 0-3, 0 кг фосфор және 2, 5-3, 5 кг калий шығындайды. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды топырақтың астына негізгі өңдегенде енгізеді. Дақыл органикалық тыңайтқыштарды да қажетсінеді, алайда оларды алғы дақылға енгізген жөн, өйткені тікелей енгізгенде танаптың арамшөптермен ластануын күшейтеді әрі қышаның пісуін ұзартып жібереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Күрішті өсіру технологиясы,картасы
Азық ақуыздарын өндірудің технологиялық кешені
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Бассейіндік балық өсіру технологиясы
Күздік бидай өсіру
Биоагенттерді өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz