Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есеп



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер
б) Бухгалтерлік есептің объектілері
в) Бухгалтерлік есептің әдістері
г) Бухгалтерлік баланс

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылатын әдебиеттер
Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрыңғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын емес, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған. Өйткені есеп-қисап барлық мекемелердің қатаң иерархиялық бағы-
ныштылығына сүйенетін еді.
Мекемелердің қай-қайсысы болмасын өзіндік бастамаға ешқандай құқығы болмай, тек жоғары басқару органдарының нұсқауларын орындауына міндетті болған. Осы себептер салдарынан ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисап жүйесі нарықтық қатынастар кезінде басқаруға қажетті мәлімет берген емес, әрі бере алмайтын еді. Өйткені ол дүниежүзілік тәжірибеден, халықаралық стандарттардан бөлек болатын. Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына (былайша айтқанда, ТМД-нің барлық елдеріне сияқты) үлкен өзгерістер енгізді. Егер бұрыңғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құрылса, енді олар есеп айырысулар, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады. «Пайда» деген ұғым жартылай түрде көзге ғана сипатқа ие болатын еді, өйткені оны мемлекет өзі пайдаланатын еді және кәсіпорындарда оны алуға ынта болмағандығы ешкімге құпия емес. Әдеттен тыс, бірақ шынын айтқанда, кейбір кәсіпорындар (әсіресе одақтық ведомстволардың) өздерінің шығыстарын әдейі жоғарылатып көрсететін еді, өйткені залал шегетін жағдайда, мемлекет, әдеттегінше, оларды өзінің жәрдем қаржыларымен өтеп беретінін білетін еді. Анықтап айтқанда, кәсіпорынның күнелту, даму және өркендеудің көзі пайда алу емес, мемлекеттік нұсқау болатын еді. Әміршіл экономиканың мұндай теріс механизмдері бухгалтерлік есептің жүргізілуіне де өз әсерін тигізді.
Мәселен, кәсіпорынның балансы мемлекеттік механизмдебейнеленеді, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуына тиісті мән берілмесе де, шығыстардың әрбір бабы атап көрсетілген. Оған қоса баланс өте өрістеген еді. Алайда, барлық аталған аз ғана өзгешеліктері кезінде бухгалтерлік есептің әдістемесін үйренуге өндірісте де, оқу орындарында да тиісті көңіл бөлінетін еді. аттап кету мүмкін емес.
1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет.
2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.
3. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
5. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
6. Ғаламтор желісі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер
б) Бухгалтерлік есептің объектілері
в) Бухгалтерлік есептің әдістері
г) Бухгалтерлік баланс

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылатын әдебиеттер

КІРІСПЕ

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрыңғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын емес, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған. Өйткені есеп-қисап барлық мекемелердің қатаң иерархиялық бағы-
ныштылығына сүйенетін еді.
Мекемелердің қай-қайсысы болмасын өзіндік бастамаға ешқандай құқығы болмай, тек жоғары басқару органдарының нұсқауларын орындауына міндетті болған. Осы себептер салдарынан ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисап жүйесі нарықтық қатынастар кезінде басқаруға қажетті мәлімет берген емес, әрі бере алмайтын еді. Өйткені ол дүниежүзілік тәжірибеден, халықаралық стандарттардан бөлек болатын. Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына (былайша айтқанда, ТМД-нің барлық елдеріне сияқты) үлкен өзгерістер енгізді. Егер бұрыңғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құрылса, енді олар есеп айырысулар, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады. Пайда деген ұғым жартылай түрде көзге ғана сипатқа ие болатын еді, өйткені оны мемлекет өзі пайдаланатын еді және кәсіпорындарда оны алуға ынта болмағандығы ешкімге құпия емес. Әдеттен тыс, бірақ шынын айтқанда, кейбір кәсіпорындар (әсіресе одақтық ведомстволардың) өздерінің шығыстарын әдейі жоғарылатып көрсететін еді, өйткені залал шегетін жағдайда, мемлекет, әдеттегінше, оларды өзінің жәрдем қаржыларымен өтеп беретінін білетін еді. Анықтап айтқанда, кәсіпорынның күнелту, даму және өркендеудің көзі пайда алу емес, мемлекеттік нұсқау болатын еді. Әміршіл экономиканың мұндай теріс механизмдері бухгалтерлік есептің жүргізілуіне де өз әсерін тигізді.
Мәселен, кәсіпорынның балансы мемлекеттік механизмдебейнеленеді, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуына тиісті мән берілмесе де, шығыстардың әрбір бабы атап көрсетілген. Оған қоса баланс өте өрістеген еді. Алайда, барлық аталған аз ғана өзгешеліктері кезінде бухгалтерлік есептің әдістемесін үйренуге өндірісте де, оқу орындарында да тиісті көңіл бөлінетін еді. аттап кету мүмкін емес.

Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер
Есеп -- бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің дамуы өмірдің қажеттілігі-мен келген, ал ол өз кезегінде жазу мен математика сияқты өркениеттің ажырамас бөліктерінің дүниеге келуіне себеп болды. Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да негізгі әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, калькуляция, дебет, кредит, контировка және т.б. көп терминдер сақталып қалған.
Бухгалтерлік есептің -- есептің басқа түрлерінен (мысалы, статистикалық) ерекшеленетін бірқатар өзгеше белгілері бар:
1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі
түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді;
2. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін
шаруашылық операциялар көрсетіледі;
3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер)
(мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен
жүргізіледі.
Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде -- аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әртүрлі деңгейлерін-де қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты болады. Бухгалтерлік есеп материалды жауапты тұлғалардың қызметі
үстінен бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбір Материалды жауапты тұлға бойынша материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі бөлек жүргізіледі.Материалды жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың (ұсақ сауда кәсіпорындарының қызметкерлерінен
басқа) табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде (дана, кг, км және т.б.) көлемі бойынша есеп жүргізуді болжамдайды. Мезгілді түрде бухгалтерлік есептің мәліметтері Материалды жауапты тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен салыстырылады. Ол үшін құндылықтардың сақталу орындарында түгендеу үрдісі жүргізіледі.
Табиғи өлшегіштерден басқа, есепте еңбек өлшегіштері де қолданылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары (күн, сағат, минут) анықталады. Алайда, бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. Өйткені, тек соның көмегімен кәсіпорындардың әртүрлі мүлкінің
(үйлер, құрал-жабдықтар, материалдар, мал басының саны) жалпы құнын есептеу мүмкін.

Бухгалтерлік есептің объектілері
Кәсіпорын жұмысының барысында шаруашылық құралдардың айналымы пайда болады. Бұл айналымда үш процесті атап көрсетуге болады: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Жабдықтаупроцесінде жеткізушілерден материалдардың келіп
түсуі, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстарын төлеу, өндіріске материалдар босату сияқты шаруашылық операциялар есепке алынады.
Өндіріс процесінде өндірілген өнімнің (атқарылған қызметтердің) құнына тікелей немесе жанама әсер ететін шығындар есепке алынады.Өткізу процесінде өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден келген ақшалардың есеп айырысу шотына келіп түсуі, табысты (залалды) анықтау, өндірістік өзіндік құнды шығыс ету мен
оны 5410 Есепті жылдың пайдасы (залалы) шотына апару және өткізу бойынша басқа шығыстар есепке алынады. Өткізу процесі кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болғандықтан, процестің қайсысының болсын (өндіріс, коммерция, ауыл шаруашылық және т.б.) рөлі жоғары екенін атап кетуіміз қажет.Өткізу термині тауарлар жөнінде сату, айырбастау, ақысыз беру немесе кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушының меншігіне беруді білдіреді. Жұмыстар немесе қызметтерді өткізу, сол жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің атқарылуын білдіреді. Сонымен қатар, өткізудің негізгі мақсаты пайда (жиынтық табыс)
алу болып табылады. Пайда ұғымы өткізілген өнім, жұмыстар, қызметтер мен
тауарлардың құнының оларға жұмсалған (жіберілген) шығындардың
құнынан артықшылығы болып саналады. Ал, керісінше жағдайдың
орын алуы жиынтық залал көргенін білдіреді.Өндірістік процесте шаруашылық құралдардың бірнеше түрі пайдаланылады. Еңбек бұйымдары (материалдар, отын, жартылай фабрикаттар және т.б.) мен еңбек құралдарынан (үйлер, ғимараттар,
құрал-жабдықтар және т.б.) тұратын кәсіпорынның шаруашылық құралдарының бір бөлігі өндіріс саласында болады. Шаруашылық құралдарының басқа бөлігі айналымда жүреді. Олар: алушыларға жіберілген дайын өнім, есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар, есеп айырысудағы қаржылар. Егер кәсіпорын уақытша өзінің айналымында басқа кәсіпорындардың қаржыларын пайдаланса (мысалы, бұл есеп айырысу бойынша мерзімі келмеген, ал материалдарды кәсіпорын алып қойған жағдайда), онда қарыз кредиторлық деп аталады.
Ал егер, керісінше, кәсіпорын басқа кәсіпорынның жұмысын орындап қойып, ал оның төлемі әлі жасалмаса, онда ол қарыз дебиторлықд еп аталады. Шаруашылық құралдары өз кезегінде айналымдағы, негізгі және дерексіз болып бөлінеді.
Айналымдағы құралдар -- бір өндірістік циклда ғана пайдаланылатын құралдар (бұйымдар). Бұларға материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, қуат ресурстары жатады.
Негізгі құралдар өндірісте бірнеше рет және бір жылдан артық мерзімде пайдаланылады. Бұл: үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар,
көпжылдық ағаштар және т.б.
Дерексіз қаржылар деп жиынтық табыстан бюджетке, әртүрлі қорларды ұйымдастыру, сондай-ақ әртүрлі қайырымдылық қорларға
төлемдер аталады. Шаруашылық құралдардың белгілі көздері меншікті және қарыз болып бөлінеді.
Меншікті көздер болып жарғылық капитал, жиынтық табыс саналады. Қарыз көздеріне банктердің ссудалары мен несиелері, әртүрлі қарыздар және кредиторлық қарыз жатады.Барлық шаруашылық құралдары мен олардың көздері бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.

Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау
2. Шоттардағы қосарлы жазу
3. Калькуляциялау
4. Бағалау
5. Түгендеу
6. Баланс
Түгендеу -- бухгалтерлік есептің құжаттарын кәсіпорындағы сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың
нақты бар болуымен салыстыру. Түгендеу Материалды жауапты тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың сақталуын тексеру мен есептегі қателерді айқындау үшін қажет.
Бағалау - барлық құралдар ақша өлшегіші болатын бірыңғай өлшемде көрсетілуі тиіс. Осы үрдіс бағалау деп аталады.
Калькуляциялау - бұл үрдіс -- өнім, жұмыстар мен қызметтерді өндіру мен өткізудегі шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялау өнім мен қызметтерді өндірудегі шығындарды білу мен талдау, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.Басқа әдістер соңында, тиісті бөлімдерде қаралады.

Бухгалтерлік баланс
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Бухгалтерлік есептін, кәсіпорынды басқарудағы рөлі
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорынның экономикалық жұмысының мазмұны
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі
Пәндер