Жергілікті өзін-өзі басқару ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ

Біздің ойымызша жергілікті басқару шетелдердің құқықтық институттары ішіндегі, біз қарастырып отырған конституциялық құқықтар жүйесіндегі, ең күрделісі болып табылады. Сондықтан да әр түрлі елдердің конституциялық институттарының негізгі анықтамаларын, мейлі ол құқық саласы не оқу пәні болғанына қарамастан, белгілі бір құқық жүйесі ретінде қарастыруға болатын болса, ал жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілі бір құқықтық институтқа телу қиынның-қиыны. Өйткені, жергілікті басқару әр алуан субъектілер (мысалы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың заңды құрылымдары, сол секілді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдары) тарапынан жүзеге асырылады. Біз жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын біртұтас деп қарағанның өзінде, жергілікті қару бір жағынан мемлекеттік органдар, екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатынына куәміз. Сонда бұл екі орган арасына қандай шек қоюға болады?

Әрине, конституциялық құқык саласын ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де қарай отырып, төмендегідей тұжырымдарға келуімізге болады:

- өкілетті мемлекеттік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді басқару деп біз белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындарды жергілікті мемлекеттік басқаруды айтамыз.

- жергілікті өзін-өзі басқару деп, өздеріне тән аумақта мемлекеттік өкімет міндетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселелерді заңда көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдіктерін пайдалана отырып жүзеге асырушы органды айтады (әрине, жергілікті мәселелерді шешуде меклекеттік органдар тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетілетінін естен шығармауымыз керек) .

Дегенмен, бұл жергілікті басқару институттары белсенді жұмыс істеулері үшін төмендегі ең қажетті өкілеттіктерге ие болулары керек:

- ресми түрде тұрғандардың нақты әкімшілік-аумақтық бірлігі (аумағы) болуы;

- жергілікті маңыздағы істерді белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік (аумақ) шеңберінде өзі басқаруы;

- өзінін жеке атқарушы аппараты болуы;

өзінің жеке материалдық базасы (соның ішінде муниципальдық меншік түрінде) болуы;

- жергілікті салықтарды белгілеп әрі оны жинауы, сондай-ақ белгіленген тәртіпте нормативтік актілер шығаруы.

Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, жергілікті (немесе муниципальдық) басқарудың шетелдердегі анықтамасын былайша айтуға әбден болады. Бұл жергілікті маңызға ие істерді басқкаруды сайлау жолымен не болмаса заңда бекітілген басқадай тәртіппен құрылған органдар арқылы басқару болып табылады.

Ол - өзіне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының өкілетті өкілі.

Ескерту. Шетелдердің бірқатарында жергілікті басқару мемлекеттік басқарудың ең маңызды бір бөлшегі болып есептеледі. Мысалы, АҚШ-та муниципальдық қызметте мемлекеттік қызметтің жалдамалы қызметкерлерінің жалпы санының 50 процентке таяуы бар. Ал, ФРГ-да мемлекеттік қызметкерлердің 30 проценттен жергілікті басқару органдарында жұмыс істейді.

Оның үстіне, жергілікті басқарудағы сайланбалы органдар көптеген мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан, Испания, Жапония) өкілдік жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.

Жергілікті басқаруды конституциялық құқық шеңберіндегі оқулық пәні ретінде ғана қарап әңгімеледік әрі олардың көзге көрініп тұрған жақтарына әсіресе жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың айырмашылықтарына назар аудардық.

Әкімшілік-аумақтық құрылым және жергілікті басқару органдары

Ашығын айтсақ, мемлекеттік әкімшілік-аумақтык құрылымы мемлекеттің өзінің белсенді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтыны құпия да, жаңалық та емес.

Унитарлық мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері, сөз жоқ, тек белгілі бір елдің жоғарғы мемлекеттік органдары құзырында болса, ал федеративтік елдерде - олардың субьектілері құзырында болады.

Кез келген елдердің әкімшілік-аумақтық құрылымына көз жүгірткенде нақты жайларды көруге болады. Мысалы, Франция аумағы 95 департаментке бөлінеді, Италия - 20 облыстан, Жапония -47 префектурадан (олардағы тұрғындар саны 500 мыңнан 12 млн. дейін) тұрады. Әрине, бұл айтылған елдердің бәрінде де өте майда әкімшілік-аумақтық бірліктер де бар. "Өзбекстан Республикасы - делінген бұл елдің Конституциясының 68-бабында, -облыстардан, аудандардан, поселкалардан, қыстақтардан, ауылдардан және сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасынан тұрады". Қарақалпақстан Республикасының, облыстарының, қалаларының, аудандарының шекараларын тек Өзбекстан Республикасы Президенті Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісі келісімімен ғана өзгерте алады.

Ал, Армения Республикасында әкімшілік-аумақтық бірліктер болып облыстар және қауымдастықтар (қала, қыстақ) табылады.

Молдова Республикасының Конституциясына сәйкес бұл елдің аумағы әкімшілік тұрғыдан аудан, қала және қыстақтарға бөлінеді. Заңда көрсетілгендей кейбір қалалар муниципия деп танылуы мүмкін. Көпшілікті басқару өкіметін қыстақтар мен қалалардағы сайланбалы жергілікті кеңестер мен примарлардан тұратын жергілікті автономия жүзеге асырады.

Заңға сәйкес жергілікті кеңестер мен примарлар жеке басқарушы өкімет ретінде әрекет етіп, қыстақтар мен қалалардағы қоғамдық істерді шешеді.

Шетелдердегі жергілікті басқару органдарының міндеттері заң тәртібімен (мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдова Республикасы, Литва, Түркия, Түрікменстан және т. б. бірқатар елдерде) шешіледі. Сондықтан бірқатар шетел мемлекеттері заңдары жергілікті басқару органдары өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп те бөлетінін айта кеткеніміз жөн. Мұндағы бірінші топқа жататын мәселелер көбіне, жалпы мемлекеттік маңызға ие болады, ал міндетті емес топка жергілікті басқару органдарының өз қараулары бойынша жүзеге асырылатын мәселелерге өкілеттіктері айтылады.

Шетелдердің заңдары жергілікті басқару органдарының негізгі қаржылық қайнар көздерін де анықтап береді. Олар негізінен өз табыстарынан, елдің мемлекеттік бюджетінен берілетін дотациядан және тұрғындардан алынатын әр түрлі салықтар мен жинаулардан тұрады. Табыстың негізгі бөлігін қозғалмайтын мүлікке салынатын салықтар құрайтынын ескерте кетеміз.

Жергілікті басқару органдарына үкімет тарапынан берілетін субсидия тәжірибеде өте кең тарап отыр. Көп елдерде мұндай жәрдемнің көлемі муниципалитеттің барлық табыстарының 15-тен 60 процентке дейінгі мөлшерін камтиды.

Жергілікті басқару органдарының құрылу тәртібі, құрылымы мен қызметінің ұйымдастырылуы

Көптеген шетелдерде жергілікті басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, жергілікті басқару органдарын (ЖБО) сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және көпмандатты округтер құрылады. Ал, Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департаменттердің бас кеңестері екі турда өтетін мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Ал, енді, айталық, Италияда жергілікті басқару органдарының сайланатын мүшелеріне сайлаушылар міндеттер жүктей алмайды.

Муниципальдық кеңестер әр түрлі мерзімге сайланады. Мысалы, Ұлыбританияда - төрт жылға, Францияда - алты жылға, Италияда - бес жылға, Жапонияда - төрт жылға, т. с. с., сайланады. Беларусь Республикасында жергілікті кеңес депутаттары төрт жыл мерзімге сайланады.

Муниципальдық кеңестер саны жағынан да әр түрлі. Мысалы, АҚШ-та - 5 -тен 50 -ге дейін, Францияда -9 -дан 165 -ке дейін, Италияда - 15 -тен 80 -ге дейін, Жапонияда - 12 -ден 120 -ға дейін, Ұлыбританияда - 70 адам шамасында.

Муниципальдық кеңестердің негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады. Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі.

Мысалы, Франция мен Жапонияда бұл сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмесе, АҚШ-та айына 1 -ден 4 ретке дейін өткізіледі.

Бұл арада біз (ЖБО) жергілікті басқару органдары басшыларына кең өкілдік берілетінін айта кеткеніміз жөн. Мысалы, Жапонияда губернатор (префектурада), мэр (қауымдастықта) мол билікке ие болып әрі ел үкіметінің өкілі ретінде саналады. Губернаторлар мен мэрлер тұрғындар тарапынан төрт жылға сайланып, олар муниципальдық аппараттардың басшы шенеуніктерін өздері тағайындап, өздері орнынан алады.

Молдова Республикасында аудандық кеңес ауылдық және қалалық кеңестердің аудандық маңызға ие қоғамдық істерін басқаруды үйлестіреді. Жергілікті көпшілік биліктердің арақатынасын автономия принциптеріне негіздеп шешеді әрі жалпы мәселелерді шешуде ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.

Түрікменстанда әкімдер жер-жерде мемлекет басшысының өкілі есебінде саналып, оларды президент қызметке тағайындап, орнынан алады әрі олар президентке есеп береді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін кеңестер және аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары құрайды. Кеңестер халықтық өкіметтің өкілетті органы болып табылады, олар азаматтар тарапынан тікелей бес жыл мерзімге сайланады әрі әкімшілік бағыныштылық қатынастарда болмайды.

Армения Республикасы Президенті Премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстарға префектура қызметіне тағайындайды әрі қызметінен босатады. Олар үкіметтің аумақтық саясатын жүзеге асырады, республикалық атқарушы органдардың аумақтық қызметінің атқарылуын үйлестіреді әрі Армения Республикасы заңдарына жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің сәйкес болуын қадағалайды.

Өзін-өзі басқару органдары қалалар мен ауылдардағы қауымдық меншікті иелік ету, қоғам тәртібін сақтауды ұйымдастыру, қауымның өзге де өзіне тиісті мәселелерін шешу үшін үш жылға сайланады: құрамында үштен он бірге дейін адамы бар жене қауым басшысы старейшиндер қауымы кеңесін құрады. Қауым жетекшісі өз аппаратын түзеді.

Өзбекстанда облыстар мен Ташкент каласы әкімінің қызметіне Президент өзі тағайындап, қызметінен босатады әрі өзіне тиісті халық депутаттары Кеңестері оны бекітеді. Ал, аудан мен қалалардың әкімдерін өзіне тиісті облыстардың әкімдері қызметке тағайындап, орнынан босатады әрі бұларды да өзіне тиісті халық депутаттары Кеңесі бекітеді. Ал, қалалардағы аудан әкімдерін сол өзіне тиісті қала әкімі қызметке тағайындап, орнынан босатады, халық депутаттары бекітеді. Ал, аудандық маңызға ие қала әкімдерін аудан әкімі халық депутаттары Кеңесі бекітуімен қызметке тағайындап әрі қызметінен босатады.

Осылайша, біз басқа елдердегі жергілікті басқару қызметінің іс-әрекеті мен ұйымдастырылу жүйесін біршама біліп алдық. Енді, нақтылы бір шетелдердің жергілікті басқару жүйелерімен тереңірек танысуымызға әбден болады.

Әсіресе, АҚШ тәжірибесі оқырманға өте қызық болар деп санаймыз. Ең алдымен бұл елде 50 муниципальдық жүйе, муниципалитеттің алты түрі: графтық, қала, бороу, виллиджи, тауналар, тауншиптер бар. Муниципальдық басқару органдары штаттарға тәуелсіз түрде, жергілікті маңызға ие барлық мәселелерді өздері шешуге құқылы. Алайда, муниципальдық басқару органдарының әрбірінде өз жарғысы немесе хартиясы болуы талап етіледі. Хартия бірнеше түрлерді қамтиды. Мысалы, кейбір жағдайларда штаттық өкімет ұсынған, өздері негізін салып бекіткен хартиямен жұмыс істесе, кейде муниципалитет өздері жасаған, тек заң шығарушы штат жиналысы бекітуі үшін ұсынған хартиялар да болады. Муниципалитеттер өте жиі түрде өз хартияларын өздері жасайды. Бірақ, мұндайда, бұл хартиялар жергілікті референдумда бекітілуі тиіс.

Қазіргі кезде АҚШ-та муниципалитет ішіндегі басқаруды ұйымдастырудың үш түрі кездеседі:

1. Комиссиялық;

2. Кеңес-менеджер;

3. Муниципальдық кеңес және мэр.

Комиссиялық. Бірнеше адамнан тұратын басқарудың мұндай түріндегі муниципальдық кеңес мүшелерін тұрғындар 3-5 жыл мерзімге сайлайды. Мүшелердің әрбірі екі сипатта: жергілікті норма белгілеуші органның-муниципальдық кеңестін мүшесі ретінде және муниципалитеттің негізгі департаментінің атқарушы аппараты жүйесіндегі басшысы ретінде болады.

Бұл қарастырылып отырған жүйеде мэр орны белгіленбеген. Егер де мэр орны белгіленсе, онда ол тек салтанатты қызметті ғана орындайды әрі кеңестер отырысында төрағалық қана етеді.

Шындығына келсек, бұл жүйе тиімді деп табылмайды. Өйткені, ол ең алдымен билікті бөлісу принципін қанағаттандыра алмайды.

Кеңес-менеджер. Мұндай түрі басқарушы-маманды өте жоғары жалақымен қамтамасыз ете алатын муниципалитеттерде ғана пайдаланылады. Бұл жүйе көптеген муниципалиттерде өріс алған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Сайлау құқығы жайлы
Жергілікті өкілді органдар қызметінің принциптері
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Муниципалдық құқық
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі. ҚР Азаматтық құқығы туралы жалпы ұғым
Сайлау органдары
Сайлау жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz