Сәрсен аманжолов өмірі



КІРІСПЕ 3

1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ 18
1.1 Ғалымның өскен ортасы мен заманы 18
1.2 Білім баспалдақтары 32
1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҰСТАЗДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ. 38
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 38

2.1 Ғылыми.педагогикалық белестері 38
2.2 Басшылық және қоғамдық.саяси белсенділігі 49

ҚОРЫТЫНДЫ 64

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 70
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тарихында елеулі із қалдырған қайраткерлер қатарында XX ғасыр басында өмір сүріп, өз еңбектерімен өшпес із қалдырған зиялы қауым өкілдері тұр. Тарихшыларымыз сол зиялы қауым өкілдерінің бір тобының ғұмырнамасын жазып, көпшілікке ұсынуда. Дегенмен, әр зиялы қауымның жеке өмірі мен шығармашылық мұрасын, қоғамдық-саяси қызметін жеке тақырып етіп қарастырып, зерттеу жүргізу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені тарихты жасаушы халық болғанмен, халықтың бойындағы жасампаздық құдіретінің шыңдалуына түрткі болатын фактордың маңдай алдысы – жеке тұлға. Кеңес дәуірінде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсету мүмкін болмады.
Тоталитарлық жүйе, репрессия жылдарында жоспарлы түрде ұлтымызды зиялы қауымынан айырып, ұлттық болмысымызды жойып, мәңгүрт халық пен мәңгүрт интеллигенция тобын қалыптастыру саясатын жүргізгені анық. Оған дәлел-Алашордашыларды қойғанда Кеңес үкіметіне еңбек сіңірген зиялы қауымды да, оның ішінде Сәкен Сейфолла, Тұрар Рысқұл, Нығмет Нұрмақ сынды қайраткерлердің атылуы болды. Солардың қатарында Кеңес үкіметін жақтаушы ғалым С.Аманжоловтың да 1950 жылдары қуғынға ұшырауы таң қаларлық іс емес еді. Өйткені ғалым өз ұстанымдары арқылы ұлт мүддесін жақтаушылардың бірі еді. Ғалымды толғандырған мәселелердің маңдай алдысы-қазақтың тілі, ұлттық тарих, ұлт мәдениеті еді. Таптық мүддені қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолында атқарған қызметін дұрысқа шығармады.
«Тарихты жасайтын- халық». Дегенмен сол халықтың ортасынан шыққан жекелеген тұлғалардың іс-әрекеті мен қызметі арқылы ғана тарихи шындық айқындала түспек. Соңғы уақытта отандық тарихнамада жергілікті халық өкілдерінің саяси тұлғасын жасау басты назарға алынуда.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялауы тарихшыларымызға үлкен міндеттер мен мақсаттар жүктеді. Халық тарихында, тереңде жатқан алыс өлкелерде әлі де бүгінгі ұрпағына таныс емес тұлғалар жеткілікті. Ал оларды халқымен қайта қауыштыру тарихшыларға зор міндет жүктеп отыр.
Кеңестік саясат талай мемлекет қайраткерлерінің, зиялы азаматтардың есімдерін атауға тыйым салып, мұрағат қойнауларына жасырып келгені белгілі.
Гуманизм-адамның табиғаты деген мағынаны білдіреді. Ал, Кеңес үкіметі тұсында осы адам табиғаты құндылығына орыны толмас қастандық жасалды. Адам белгілі бір ұлттың өкілі болғандықтан, олардың өздеріне тән менталитеті, тарихы, тілі мен діні, әдет-ғұрпы, мәдениеті болады. Осының барлығын біріктіретін адамның ең басты құндылығына еш нәрсе тең келмейді. Оның ең бастысы- адам өмірі мен тағдыры. Кеңес үкіметі тұсында осы қазақ халқының ұлттық құндылығының тамырына балта шабылып, адамдардың өмірі мен тағдырына көптеген кедергілер жасалды. Сол кездегі қазақтың бет қаймағы зиялылар осы қастандықтардың алдыңғы құрбандары болды. Себебі халықты бастаушы өкіл –зиялы қауым еді.
ХХ ғасырдың І жартысы қазақ ғылыми интеллигенциясы өкілдері санының қаулап өсу кезеңі еді. Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдардың сан-саласында қазақ ғалымдары пайда болды. Осы ғылыми интеллигенция өкілдері қазақ қоғамының ілгері басып, кемелденуіне, ұлттық сананың оянуына ат салысты.
XX ғасырдың I жартысында қазақ халқының тіл мәдениетін жаңа сатыға көтеруші, халық тарихының бастау бұлағын зерттеуші, филолог-ғалым Сәрсен Аманжоловтың орны қазақ зиялыларының ішінде ерекшеленіп көрінеді.
Ғалым өз елін өркениетті елдер қатарына қосу үшін шығармашылық еңбекпен қатар белді орын алатын қоғамдық-саяси қызметтермен де айналысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. С.Аманжоловтың өмір белестері мен шығармашылық мұрасы отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмай келеді. Ғалымның өмірі, қоғамдық-саяси қызметі жайында бірнеше ізденістер мен оның еңбектеріне арналып жазылған түрлі деңгейдегі пікірлер, мақалалар аясында ғана қарастырылған.
С.Аманжоловқа қатысты алғашқы ғылыми пікірлер XX ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады. А.Әбдірахманов, Ә.Әбілқаев, Ғ.Қалиевтің «Профессор С.Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасы» мақаласын айта аламыз. Мақалада ғалымның өскен ортасы, білімге аяқ басқан кезеңі, ғылыми шығармашылық еңбек жолы қысқаша қарастырылған [1].
Ғалымның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесін Р.Б.Сүлейменовтың «Из истории развития науки в Казахстане (1933-1940) еңбегінен кездестіруге болады. Бұл еңбектен байқайтынымыз, С.Аманжоловтың қазақтың тіл мәселесімен бірге ұлт тарихы ғылымына өшпес із қалдырғанын көреміз [2].
С. Аманжоловтың тарих, археология, этнография ғылымдарына қосқан үлесі 1961 жылы Алматы қаласында шыққан «Труды Института истории, археологии, этнографии АН Каз ССР» еңбегінің 10-томында көрініс табады. Мұнда ғалымның, институттың басшылық жұмысын жетік ұйымдастырып, қазақ халқының тілі, тарихы, мәдени мұраларын жинап, құрастырып бастыртып шығарғаны сөз болады. Сонымен қатар, археологиялық зерттеу экспедицияларын шебер ұйымдастырып, көненің көзін ашып, келер ұрпаққа мол мұра қалдырғаны жайлы деректер келтіріледі [3].
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1958 жылғы 30 қаңтардағы басылымында Ғ.Мұсабаев «Көрнекті ғалым» атты мақаласымен С.Аманжоловтың еңбектеріне әділ түрде баға беруге тырысқан. Ғалымның өмірден мезгілсіз өткеніне қынжыла отырып, автор оның еліне сіңірген
1 Әбдрахманов А., Әбілқаев А., Қалиев Ғ. Профессор С. Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы .– Алматы, 1959. – 476 бет.
2 Сулейменов Р.Б. Из истории развития науки в Казахстане (1933-1940).
3 Труды Института истории, археологии, этнографии АН Каз ССР, т.10., А.-А.,1961.
4 Мұсабаев Ғ.Көрнекті ғалым: Социалистік Қазақстан.-1958, 30 қаңтар.
5 Ысмайлов Е. Халқы сүйген ғалым: Қазақ әдебиеті.-1958, 31 қаңтар. Казахстанская правда. 1948, 5 наурыз.
6 А.Аманжолов. Еліңе қызмет ету бақыт. Тәрбие құралы.-Алматы,2005.
7 Аманжолова К. Кенже аға: Сарсен Аманжолов туралы сыр / К. Аманжолов // Дидар. – 1994. – 8 ақпан.
8 Әбжаппаров Ә. Біртуар: Белгілі филолог, қоғам қайраткері С. Аманжолов // Егмен Қазахстан.-2003.-4 қазан.
9 Ахметжанова Ф. Ғалым және қазақ терминологиясы / Ф. Ахметжанова // Дидар. – 2003. - 6 мамыр.
10 Игибаев С.К. Историзм в работе С. Аманжолова «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» / С.К. Игибаев // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолов и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – С. 474-479.
11 Әбжаппаров Ә. Ғұлама ғалым С. Аманжоловтың туғанына 100 жыл / Ә. Әбжаппаров // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – 3-8 бет.
12 Мадиева Г.Б. Сарсен Аманжолов и ономастика / Г.Б.Мадиева // Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. Филология. Сер=Вестн. КазНУ. Сер. Фиолог. – 2003. - N4. - С. 130-13
13 Шаймерденова Н.Ж. Эпистолярное наследие С.А. Аманжолова / Н.Ж. Шаймерденова // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – С. 14-18.
14 Момынова Б.К. Қазақ терминологиясы және жалпы тіл білімі мәселелері / Момынова Б.К. // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – 22-30 бет.
15 Еңсебаева К.К. Сәрсен Аманжолов синтаксис мәселелері жөнінде / К.К. Еңсебаева // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – 35-40 бет.
16 Сәрсеке Г.Ә. С. Аманжоловтың еңбектеріндегі даму тұжырымы / Г.Ә.Сәрсеке // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – 41-48 бет.
17 Аманжолов А.С. Әкеден қалған ғылыми мирас / А.С. Аманжолов // Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. Филология. Сер=Вестн. КАЗНУ. Сер. Филолог. – 2003. - N4.(66) – 14-16 бет.
18 Оразалин С.К. С. Аманжолов – қоғам қайраткері / С.К. Оразалин, Ж.Д. Назбиев // С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері=Научное наследие С.А. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХI века: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары / ШҚМУ. - Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. – 53-57 бет.
19 Аманжолов С. Сабаздың ақ қаны, момынның ақ малы.-Сирек кездесетін қолжазбалар қорынан,-1930-1947.
20 ШҚОММ 1299-қор., 1-т., 14-іс.
21 Бұл да сонда, 1299-қор., 1-т., 13-іс.
22 Бұл да сонда, 50-қор.,1-т.,42-іс.
23 Бұл да сонда, 1299-қор., 1-т., 10-іс.
24 Бұл да сонда, 1299-қор., 1-т., 18-іс.
25 Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры.-Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004.-336 б.
26 ШҚОММ 1299-қор., 1-т., 2-іс.
27 Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері// Основы теорииказахского языка/С.аманжолов.-Алматы: Ғылым, 2002.-368 бет.
28 Аманжолов А.С. Әкеден қалған ғылыми мирас / А.С. Аманжолов // Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. Филология. Сер=Вестн. КазНУ. Сер. Филология. – 2003. - N4.(66) – 14-16 бет.
29 ШҚОММ 50-қор.,1-т.,42-іс.
30 Бұл да сонда, 50-қор.,39-іс.
31 Бұл да сонда, 50-қор.,40-іс.
32 Аманжолов С. Основы теории казахского языка = Қазақ тілі теориясының негіздері / С. Аманжолов. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 с.
33 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка / С. Аманжолов. – Алма-Ата, 1959. – Ч. 1. – 452 с.
34 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка: Учеб. пособие / С. Аманжолов. - 2-е изд., доп. – Алматы: Санат, 1997. - 608 с.
35 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: Оқулық / С.Аманжолов. – Алматы: Санат, 1994. – 320 бет. –Пер.:Краткий курс синтаксиса каз. лит. языка. (на каз. яз.).
36 Профессор С.Аманжолов және қазақ тіл білімінің мәселелері, АлМУ., 1995.
37 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі / С. Аманжолов. – Алматы, 1949.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 3
1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ 18
1.1 Ғалымның өскен ортасы мен заманы 18
1.2 Білім баспалдақтары 32
1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҰСТАЗДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ- 38
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 38
2.1 Ғылыми-педагогикалық белестері 38
2.2 Басшылық және қоғамдық-саяси белсенділігі 49
ҚОРЫТЫНДЫ 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тарихында елеулі із қалдырған
қайраткерлер қатарында XX ғасыр басында өмір сүріп, өз еңбектерімен өшпес
із қалдырған зиялы қауым өкілдері тұр. Тарихшыларымыз сол зиялы қауым
өкілдерінің бір тобының ғұмырнамасын жазып, көпшілікке ұсынуда. Дегенмен,
әр зиялы қауымның жеке өмірі мен шығармашылық мұрасын, қоғамдық-саяси
қызметін жеке тақырып етіп қарастырып, зерттеу жүргізу кезек күттірмейтін
мәселе. Өйткені тарихты жасаушы халық болғанмен, халықтың бойындағы
жасампаздық құдіретінің шыңдалуына түрткі болатын фактордың маңдай алдысы –
жеке тұлға. Кеңес дәуірінде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған
қызметін объективті тұрғыда ашып көрсету мүмкін болмады.
Тоталитарлық жүйе, репрессия жылдарында жоспарлы түрде ұлтымызды зиялы
қауымынан айырып, ұлттық болмысымызды жойып, мәңгүрт халық пен мәңгүрт
интеллигенция тобын қалыптастыру саясатын жүргізгені анық. Оған дәлел-
Алашордашыларды қойғанда Кеңес үкіметіне еңбек сіңірген зиялы қауымды да,
оның ішінде Сәкен Сейфолла, Тұрар Рысқұл, Нығмет Нұрмақ сынды
қайраткерлердің атылуы болды. Солардың қатарында Кеңес үкіметін жақтаушы
ғалым С.Аманжоловтың да 1950 жылдары қуғынға ұшырауы таң қаларлық іс емес
еді. Өйткені ғалым өз ұстанымдары арқылы ұлт мүддесін жақтаушылардың бірі
еді. Ғалымды толғандырған мәселелердің маңдай алдысы-қазақтың тілі, ұлттық
тарих, ұлт мәдениеті еді. Таптық мүддені қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз
қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті
қамтамасыз ету жолында атқарған қызметін дұрысқа шығармады.
Тарихты жасайтын- халық. Дегенмен сол халықтың ортасынан шыққан
жекелеген тұлғалардың іс-әрекеті мен қызметі арқылы ғана тарихи шындық
айқындала түспек. Соңғы уақытта отандық тарихнамада жергілікті халық
өкілдерінің саяси тұлғасын жасау басты назарға алынуда.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, 1998 жылды Халық бірлігі мен
ұлттық тарих жылы деп жариялауы тарихшыларымызға үлкен міндеттер мен
мақсаттар жүктеді. Халық тарихында, тереңде жатқан алыс өлкелерде әлі де
бүгінгі ұрпағына таныс емес тұлғалар жеткілікті. Ал оларды халқымен қайта
қауыштыру тарихшыларға зор міндет жүктеп отыр.
Кеңестік саясат талай мемлекет қайраткерлерінің, зиялы азаматтардың
есімдерін атауға тыйым салып, мұрағат қойнауларына жасырып келгені белгілі.
Гуманизм-адамның табиғаты деген мағынаны білдіреді. Ал, Кеңес үкіметі
тұсында осы адам табиғаты құндылығына орыны толмас қастандық жасалды. Адам
белгілі бір ұлттың өкілі болғандықтан, олардың өздеріне тән менталитеті,
тарихы, тілі мен діні, әдет-ғұрпы, мәдениеті болады. Осының барлығын
біріктіретін адамның ең басты құндылығына еш нәрсе тең келмейді. Оның ең
бастысы- адам өмірі мен тағдыры. Кеңес үкіметі тұсында осы қазақ халқының
ұлттық құндылығының тамырына балта шабылып, адамдардың өмірі мен тағдырына
көптеген кедергілер жасалды. Сол кездегі қазақтың бет қаймағы зиялылар осы
қастандықтардың алдыңғы құрбандары болды. Себебі халықты бастаушы өкіл
–зиялы қауым еді.
ХХ ғасырдың І жартысы қазақ ғылыми интеллигенциясы өкілдері санының
қаулап өсу кезеңі еді. Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдардың
сан-саласында қазақ ғалымдары пайда болды. Осы ғылыми интеллигенция
өкілдері қазақ қоғамының ілгері басып, кемелденуіне, ұлттық сананың оянуына
ат салысты.
XX ғасырдың I жартысында қазақ халқының тіл мәдениетін жаңа сатыға
көтеруші, халық тарихының бастау бұлағын зерттеуші, филолог-ғалым Сәрсен
Аманжоловтың орны қазақ зиялыларының ішінде ерекшеленіп көрінеді.
Ғалым өз елін өркениетті елдер қатарына қосу үшін шығармашылық
еңбекпен қатар белді орын алатын қоғамдық-саяси қызметтермен де айналысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. С.Аманжоловтың өмір белестері мен
шығармашылық мұрасы отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі
ретінде қарастырылмай келеді. Ғалымның өмірі, қоғамдық-саяси қызметі
жайында бірнеше ізденістер мен оның еңбектеріне арналып жазылған түрлі
деңгейдегі пікірлер, мақалалар аясында ғана қарастырылған.
С.Аманжоловқа қатысты алғашқы ғылыми пікірлер XX ғасырдың II жартысынан
бастап жарық көре бастады. А.Әбдірахманов, Ә.Әбілқаев, Ғ.Қалиевтің
Профессор С.Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасы мақаласын айта аламыз.
Мақалада ғалымның өскен ортасы, білімге аяқ басқан кезеңі, ғылыми
шығармашылық еңбек жолы қысқаша қарастырылған [1].
Ғалымның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесін Р.Б.Сүлейменовтың Из
истории развития науки в Казахстане (1933-1940) еңбегінен кездестіруге
болады. Бұл еңбектен байқайтынымыз, С.Аманжоловтың қазақтың тіл мәселесімен
бірге ұлт тарихы ғылымына өшпес із қалдырғанын көреміз [2].
С. Аманжоловтың тарих, археология, этнография ғылымдарына қосқан үлесі
1961 жылы Алматы қаласында шыққан Труды Института истории, археологии,
этнографии АН Каз ССР еңбегінің 10-томында көрініс табады. Мұнда ғалымның,
институттың басшылық жұмысын жетік ұйымдастырып, қазақ халқының тілі,
тарихы, мәдени мұраларын жинап, құрастырып бастыртып шығарғаны сөз болады.
Сонымен қатар, археологиялық зерттеу экспедицияларын шебер ұйымдастырып,
көненің көзін ашып, келер ұрпаққа мол мұра қалдырғаны жайлы деректер
келтіріледі [3].
Социалистік Қазақстан газетінің 1958 жылғы 30 қаңтардағы басылымында
Ғ.Мұсабаев Көрнекті ғалым атты мақаласымен С.Аманжоловтың еңбектеріне
әділ түрде баға беруге тырысқан. Ғалымның өмірден мезгілсіз өткеніне
қынжыла отырып, автор оның еліне сіңірген қызметіне терең талдау жасаған.
Онда: Профессор Сәрсен Аманжолов ғылыми жұмыста алға қойған мақсатына
жетуге аянбай күш салатын. Ол осыдан 20 жыл бұрын қазақ тілінің диалектісін
зерттеу жөнінде тіл әдебиет секторының алдына мәселе қойған болатын. Ол
күнде не маман, не қаражат жетіспейтін, әрі қазақ тілінің бұл мәселеге
байланысты көптеген жайлары өзінің дұрыс шешімін таппаған болатын. Осы
қиыншылықтарға қарамай-ақ, ол диалектологиялық экспедициялар ұйымдастыра
бастады. Бұлардың бағдарламаларын, іс-жоспарын, зерттеу әдісін өзі жасап,
өзі басқарды. Мұның нәтижесінде қазақ халқының нелер асыл сөздері
институтқа жиналды. Олардың ішінен талай сөздер қазіргі бай әдеби
тіліміздің кәдесіне асып отыр, - деген жолдары бар [4].
Е.Ысмайлов өзінің Халқы сүйген ғалым атты мақаласында С. Аманжоловтың
қазақ тіліндегі термин сөздерді жасауда, қазақ тілінің орыс графикасы
негізінде жаңа алфавиттің ережелерін жазуда және қазақ тілінің ғылыми
грамматикасын жасауда оның ғылыми жаңашылдық еңбегінің зор екенін дәлелдеді
[5].
Ал А.К. Калыбаева, Н.О. Оралбаева, А. Нұрмағамбетов Сарсен Аманжолович
Аманжолов деген еңбектерінде ғалымның Абай атындағы КазПИ де жиырма жылдан
астам қазақ тілі кафедрасын басқарып, сол кезде сонымен қатар, Қазақ КСРО
Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының акедемиялық сөздік және
терминология бөлімін басқарғанын баса айтқан. Бұл еңбектерге сүйеніп,
ғалымның бірнеше ондаған ғалымдардың жетекшісі болғаны белгілі болды.
Ғылыми жетекші болып жүрген кездегі шәкірттеріне берген ақыл-кеңестерін
көптеген ғалымдар үлкен алғыспен әліде еске алуда.
Сталиндік солақай саясат жылдары ғалымды ғылыми жетекшілік қызметінен
аластату үшін, біршама кедергілер жасалды. Бірақ, өз біліміне сенген ғалым
өз ұстанымдарын әрқашан мықты ұстап, қорғап қалып отырды.
Ғалымның өмірі туралы ұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор
Аманжолов Алтай Сәрсенұлы Тәрбие құралы журналына жариялаған Еліңе
қызмет ету бақыт мақаласында азды-көпті сөз қозғаған. Ол: Ата-анам –
кенді Алтайдың тумалары, шаруа отбасынан шыққан қарапайым, тәртіпті де
үлгілі, қайратты да мейірімді жандар еді - деп мақтанышпен еске алады.
Сонымен қатар ата-анасының білімді адамдар болып, бала тәрбиесіне аса көңіл
бөлетін адамдар болғанын айтады. Әсіресе әке тәрбиесінің кейбір қырларынан
үзінді келтірген[6].
Әке өмірі мен еңбегіне шынайы баға бере білген ұлы әкесінің аяқталмаған
еңбектерін жинақтап, құрастырып баспаға беруде. Алтай Аманжоловтың
құрастыруымен С.Аманжоловтың Қазақ тілі теориясының негіздері, Сәрсен
Аманжолов және қазақ фольклоры, Тіл және жазу еңбектері жарық көрді. Бұл
еңбектер қазіргі қоғамның дамуында ерекше орын алатын құнды деректердің
қатарына жатады.
С.Аманжоловтың өмірі мен еңбегі туралы мәліметтерді К.Аманжолованың
Кенже аға атты мақаласынан кездестіруге болады. Мұнда, С.Аманжоловтың
ғалым ретінде де, туыс ретінде де адамгершілік қасиеттеріне баға
берілген[7].
Тарихымызды зерделеп, ұлт зиялыларының еңбегін бағалап, ұмыт болған
есімдерді қайта жаңғырту біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз. Осы
мақсатпен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне шығыстан шыққан ғалым
С.Аманжоловтың есімі берілді. Сонымен қатар аталған жоғарғы оқу орнында
С.Аманжолов оқулары атты ғылыми халықаралық конференция тұрақты түрде жыл
сайын өткізілуде. Бұл конференцияда оқылатын біршама материалдар ғалымның
өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұраларына арналады. Соның ішінде,
ғалым Ә.Әбжаппаров Біртуар деген тақырыппен ғалым туралы бағалы мақала
жазды. С.Аманжоловтың қайталанбас ғылыми қасиеттеріне тың бағалар беріліп,
оның келелі еңбектеріне талдау жасаған[8].
С.Аманжоловтың қоғамдық-саяси және ұйымдастырушылық басшылық жұмыстары
бір-бірімен үйлесімін тауып, қазақ қоғамының дамуына өз кезінде ерекше үлес
қосты. Ал, ғылыми мұралары сол кездегі қазақ мектептерінің дамуы үшін
қосылған келелі іс болды. Тарихи зерттеулері тарих қойнауынан аршылып
алыныған, құнды тарихи оқиғалар қатарына жатқызылып отыр.
С.Аманжоловтың есімі Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне
берілуіне ат салысып, ғалым өмірі мен шығармашылығына байланысты мол дерек
жинаған қазақ тілі кафедрасының профессоры Ф.Р.Ахметжанова осы тақырыпқа
байланысты көптеген құнды мақалалардың авторы болды.
С.Аманжоловтың ғылымға қосқан үлесі туралы Ф.Р.Ахметжанова өзінің
Профессор Сәрсен Аманжолов, Аманжолов және қазақ наным-сенімдері
мақалаларында тиімді талдау жазып, өз пікірін ұтымды ұсынған [9].
Ұлы ғалымның ғылыми еңбектеріне Е.С.Әбдірәсылов, Ғ.Ж.Әбілқасов,
Е.Әбішев,Әубәкіров, Д.Әлкебаева, А.Қ.Болаева, А.Д.Ботабаева, Ғ.Е.Имамбаева,
А.М.Картаева, Қ.Қадашева, Ғ.Қалиев, З.С.Күзекова, Д.А.Қарағойшиева,
А.Қобыланова, С.Б.Қоянбекова, Б.Б.Мамаева, С.Мырзабеков, Б.Қ.Мұратбек,
Ж.Е.Нұрғалиева, Э.Н.Оразалиева, С.Оразалин,Т.С.Сайранбаев, А.Б.Салқынбай,
Г.Ә.Сәрсеке, Г.Смағұлова, А.Д.Тымболова, Н.Уәлібайұлы, Р.Ә.Шахнова өз
мақалалары арқылы талдау жасаған. Бұл мақалаларда, С.Аманжоловтың қазақ
тілі мен ұлт тарихын зерттеуге барлық ғұмырын арнағаны айырықша айтылады.
Әсіресе, ғылыми-педагогикалық келелі еңбектеріне тыңғылықты талдау жасалып,
ғалымның басшылық және саяси-ұйымдастырушылық істеріне жан-жақты
көрсетілген.
Кеңес Өкіметі кезінде қазақ тарихы мен қазақтардың шығу тегі аса
маңызды мәселелердің бірі екендігін, оны жан-жақты зерттеп, халыққа
шындықты жеткізуді қажет ететіндігін ұғынған зиялылардың бірі С.Аманжолов
болды. Ол кезде тарих белгілі бір идеологияның тар шеңберінен шықпай,
өкімет басындағылардың қатал жоспарлауы мен тыңғылықты тексеруінен өтіп
барып, баспаға беріліп отырылды. Қазақтың бетке ұстар ғалымдарына қазақ
халқының тілінің тарихын, ұлт тарихын зерттеуде үлкен бір ұлтшыл деген
кінәлар тағылып, олар осы жабылған жалалардың құрбаны болып жатты. Осы
зиялылырадың қатарында өмір сүріп, ғылыми жолда ерен еңбегімен көзге түскен
ұлы ғалымдарымыздың бірі С.Аманжолов тіл тарихын қазақтың шығу тарихымен
байланыстыра отыра зерттеп, түркі тілдес тайпаларға жекеше талдаулар
жасаған. Өз заманында көптеген ғалымдар алдыңғы буын ғалымдардың еңбегімен
келісіп, солардың зерттеген деңгейлерінен аспай, өзгертулер енгізуге
жасқанып отырды. Ал, С.Аманжолов өз зерттеулерінде, орыс тарихшыларының
сыңаржақ, жалаң зерттеулерімен келіспей, өз ойлары мен тұжырымдарын ашық
түрде дәлелдей зерттеп, пікірлерін дәлелді факторлармен жазып көрсете
білді.
Ғалымның тарихи зерттеулері жайында профессор С.Қ.Игибаевтың Историзм
в работе С.Аманжолова мақаласында тереңірек жазылған. Мұнда ғалымның қазақ
ру- тайпаларын, жүздерін біліктілікпен зерттегені баса назарда айтылып,
ғалымның тек қана атақты филолог болып қана шектелмей, туған елінің
тарихының бастау бұлағын зерттеуші ғалым екені баса айтылған. Әсіресе,
С.Аманжоловтың Үш жүздің құрылуы туыстық қатынаста емес, территориялық
аймақтарына байланысты- деп қарастырған пікірлеріне көңіл бөлген [10].
С.Аманжоловтың қазақ қоғамының дамып, ғылымының дамуына қосқан үлесі
ерекше еленіп, ғалым өмірі жайлы көлемді де, мағыналы мақалалар жарық көре
бастады. С.Аманжоловтың дүниеге келгеніне жүз жыл толғанда, ғалымның
өміріне, қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұраларына байланысты әр түрлі
деңгейдегі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіле бастады.
Бұл конференцияларда С.Аманжоловтың сан-саналы өмірі мен қоғам қайраткері
ретінде танылған еңбек белестері, ғылыми-педагогикалық қызметтері туралы
көптеген мақалалар оқылып, жарыққа шықты. Солардың бірі, ғалым
Ә.Ә.Әбжаппаров Ғұлама ғалым С.Аманжоловтың туғанына 100 жыл еңбегінде
ғалымның ұлан-ғайыр еңбегін бағалай отырып: С.Аманжоловтың қазақ тіл
білімі үшін сіңірген еңбегін бір мақала, бір баяндама көлемінде түгендеп
айтып беру, әрине мүмкін емес. Ғылымның аты – ғылым. Оған баратын жолдың
өзі де, ғылымның алғашқы баспалдақтарындағы ізденіс нәтижелері де бөлек-
бөлек әңгіме. Олай болса, аса көрнекті ғалым С.Аманжоловтың ғылыми
шығармашылық өмірбаянының әр беті ғылыми ізденіс-еңбектерге толы жемісті
жылдар, ғылымға деген ізденістер деп білуіміз керек - деген [11].
С.Аманжоловтың зерттеулерінің ерекшелігі, ғалымның ғылыми саланың бір
жағын жеке қарастырмай, өзара туыстас ғылымдарды бір-бірімен сәйкстендіре,
салыстыра түпкілікті зерттеп, өзінің құнды ойларын ортаға салу болып
табылады. Соның ішіндегі ең бір ыңғайластыра бірге зерттеген ғылыми
салалары: Қазақ тілінің тарихы, ұлт тарихы, түркология болды.
Г.Б.Мадиева Ономастическая проблематика в трудах Сарсена Аманжолова
еңбегінде қазақ ономастикасында этнонимика, антропонимика, топонимика
бағыттарының басты ерекшелігін дұрыс сипаттап жазған [12].
Н.Х.Шаймерденова өзінің Эпистолярное наследия С.А.Аманжолова
еңбегінде С.Аманжоловтың жанұялық мұрағатында сақталған хаттарының жазылу
үлгісіне талдау жасап, ғалымның 1938, 1939 жылдарда жазылған хаттарына
тоқталып, ғалым өмірінің айнасын осы хаттарды жазудағы асқан шеберлігін,
ақындық туа біткен қасиетін ашып көрсете білген [13].
Ал Б.К.Момынова: Қазақ терминологиясы және профессор С.Аманжолов
қолданған лингвистикалық терминдер мақаласында: Тіл тарихынан бастап
грамматиканың күрделі мәселелері туралы маңызы аса зор ізденістерді дүниеге
әкелген профессор С.Аманжоловтың терминалогия саласына қатысты ой-
пікірлерінің бүгінгі таңдағы қазақ терминологиясының бағытына, дамуына
тигізген әсері көп, - деп түйінді ой жасайды [14].
Ораз Сапашевтың Ғұлама жерлесіміз атты мақаласында С.Аманжоловтың
түркологияға қосқан үлесі, ғалым оқыған Шәңгіштай мектебі туралы толық
мағлұмат берілген. Жалпы ғалым О.Сапашев өз еңбектері арқылы ғалымның
білім алған белестерін шебер үйлестіре зерттеп, сол кездегі қазақ
мектептерінің тарихына, білім сапасына дәйекті талдаулар жасаған.
Ғалым өз еңбектерінде тіл мәселесінің тарихын қоғам дамуымен, тарихи
даму үрдістерімен байланыста қарастырған. Әсіресе, тілдің қоғам орнымен,
әлеуметтік өзгешеліктермен байланыстыран терең зерттеп көрсеткен. Мәселен,
С.Аманжолов еңбектерінде ұшырасатын тану, дүниені тану ұғымдары тек кейінгі
жылдары өріс ала бастаған когнитивті лингвистика мәселелерімен үндесіп
жатыр. Сол сияқты гуманитарлық ғылым деген тіркестің орнына ғылым
қолданысындағы қоғамдық ғылым ұғымы да кейінгі кездегі жиі айтылатын
терминдердің қатарына қосылуда.
К.К.Еңсебаева Сәрсен Аманжолов синтаксис мәселелері жөнінде
мақаласында ғалымның Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы атты
ғылыми еңбегіне талдау жасап, ғалымның сиыстыру проблемасын тұжырымдай ой
қорытқан мәселелеріне тоқталған. С.Аманжоловтың бұл еңбегі – жоғарғы
мектепте теориялық-практикалық жағынан қолданылып жүрген оқулықтың бірі
екенін ескереміз [15].
Белгілі бір елдің диалекетология мәселесін зерттегенде, оны ұлт
тарихынан бөліп қарастыру мүмкін емес. Бұл күрделі мәселені дұрыс түсінген
ғалым, қазақ диалектологиясын зерттей отырып, қазақтың шығу тарыихын арыдан
бастап құнды зерттеулер жүргізген. Бұл туралы, С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Г.Ә.Сәрсеке С.Аманжоловтың
еңбектеріндегі даму тұжырымы туралы ұтымды талдау жазған. Мақалада:
Диалектикалық даму тұжырымы ғалым С.Амажоловтың еңбектерінен айқын көрініс
тапқан. Ғалымның тілге және оның құбылыстарына қатысты білдірген ой
көзқарастары диалекталогиялық даму көзқарасымен тығыз байланысты. Ғалым
еңбектерінен тілдің, атап айтқанда синтаксис саласының көптеген
мәселелеріне диалектика заңдарымен қарап, талдайтынын байқауға болады -
деген [16].
Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әр тілдік зерттеуі диалектикалық
даму көзқарастарымен ұштасып отырады. Ғалым өзінің жан-жақты ұшқыр ойы мен
асқан білімінің арқасында, тіл жүйесінің әр элементін жеке қарастырмай оның
даму, өзгеріске ұшырау үрдісін тарихи оқиғалар, қоғамдағы ірі саяси-
қоғамдық өзгерістермен байланысын ажыратып көрсетіп отырған. Жалпы, ел
тарихын жазам десең, сол елдің тіл тарихын білу керек. Ал, белгілі бір
елдің тіл тарихын зерттеймін десең, ол елдің тарихын тереңнен білуің қажет
екені даусыз. Бұл құнды табиғи талапты өз кезінде берік ұстанған
С.Аманжоловтың қазақ тілін қалай зерттесе, қазақтың шығу тарихын солай
зерттей білетін бірегей ғалым екеніне көзімізді жеткіздік. Белгілі бір
халықтың шығу тарихын сол елдің ру-таңбаларын, шежірелерін, бай ауыз
әдебиетін зерттеу арқылы тарихи факторларды зерттеуде шебер дәлелдеулер
келтіре білген ғалымның талантын келер буын жас тарихшыларымызға үлгі
боларлық іс деп қарастыруға болады.
Кеңес Одағы кезінде тарихты бір таптың мүддесінде, сол тап идеологиясы
қырынан қарастырып, пролетариаттық ой-тұжырымынан өткізу оның тарих танымын
теріс айналдыруына әкеп соқты. Бірақ, өз ұсатанымдарымен дараланған ғалым.
Өзінің ғылыми белестерінде еш жасанқанбай ұлт тарихы мен фольклорын
зерттеуде, кеңестік идеология саясатына алаңдамай, тек шындыққа жүгінген.
Сонымен қатар, ұлт тілінің таза сақталып, ұлттық болмысымызбен, рухани
мұраларымыздан көз жазып қалмауымыз үшін өз кезінде қолына ту ұстап,
ұрандап шапты десек артық айтқан болмас едік.
Ғалымның 100 жылдық мерейтойына ұлы А.С.Аманжолов Әкеден қалған ғылыми
мирас деген мақаласын ұсынды. Онда әкесінің өмірі, шығармашылық мұралары,
қоғамдық-саяси қызметіне толық талдау жасаған [17].
С.Қ.Оразалин, Ж.Д.Назбиев С.Аманжолов – қоғам қайраткері деген мақала
жазып, ғалымның кең көлемді еңбектеріне талдау жасаған. Ғалымдар
С.Аманжоловтың асқан ерлігін дәріптей келе: Ол отызыншы, қырқыншы,
елуінші жылдардың қазақ тілінің күрделі мәселелерін шешуге өз үлесін
молынан қосқан ғалым болып табылады деген [18].
Сәрсен Аманжоловтың 30 жылдардың аяғына дейін жазған еңбектеріне КСРО
Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор С.Малов зор баға берді.
Профессор С.Е.Малов Сәрсеннің марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын
қазақ тіліне аудары жайлы мақалалары және аудармалары оның қазақ тілінде,
орыс тілінде терең білетіндігін байқатады деп көрсетті. Сәрсен Аманжолов
қазақ ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын жинап бастырумен бірге, ауыз
әдебиеті туралы мақалалар да жазды. Ауыз әдебиеті нұсқаларын жазғанда ол
оқиғалардың мезгілін, айтқан адамдар жайлы деректерді, бірге тіркеп,
түсінік беріп отырды. Ғалымның шығармалары мен еңбектері жалпы қазақтың,
оның тілі мен мәдениеті тарихының дамуына елеулі үлес қосады.
Әдебиеттер тізіміне талдау жасау барысында зерттеу тақырыбымызға сәйкес
тарихнамалық айналымда С.Аманжолов еңбектерінің қолданылуының әлі де болса
мақалалар төңірегінде ғана шектелгеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар, біз
қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған
шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері
Бітіру жұмысының мақсаты – С.Аманжоловтың өмірін, білім баспалдақтарын,
шығармашылық мұрасын бүгінгі күн талабына сай зерделеу мен әділ баға беру
болып табылады.
Жұмыстың осы басты мақсатынан төмендегі нақтылы міндеттер туындады:
- С.Аманжоловтың қазақ тіл мәселесін зерттеумен қатар ел тарихымен
айналысуына себеп болған мәселелерді анықтап, оның ғылымға келу жолын
көрсету;
- С.Аманжоловтың өмір жолын, ғылымдағы жетістіктерін бүгінгі күн
тұрғысынан бағамдау;
- ғалымның еңбек жолын XX ғасырдың I жартысындағы тарихи және мәдени
өмірімен байланысын ажыратып, анықтау.
- зерттеушінің тарихи еңбектерінің басты сипатын, негізгі ерекшелігін
жан-жақты ашып көрсету;
- С.Аманжоловтың тарихи деректер мен фактілерді орынды да шебер
пайдалану тәжірибесіне назар аудару;
- ғалымның қазақ тілі тарихын ұлт тарихымен сәйкестендіре зерттеген
еңбектеріне талдау жасау, түрколог ғалым ретінде танылған еңбектерін
зерделеу;
- жоғарыдағы мәселелерді басшылыққа ала отырып, зерттеуші ғалымның
отандық тарихнамада алатын орнын анықтау.
Ғалымның көп жылдар көлемінде жинақтап, саралаған еңбектері ғылыми
зерттеу айналымына түсуге тұрары даусыз.
С.Аманжоловтың өскен ортасын және шығармашылық мұраларын зерттеу
отандық тарих ғылымында XX ғасырдың I жартысында қазақ қоғамындағы ұлт
зиялыларының орнын анықтауға, оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға
беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді.
Бітіру жұмысының хронологиялық ауқымы.
С.Аманжолов өмір сүріп, азамат болып қалыптасып, ғылыми жолда ерен
еңбегімен көзге түскен 1903-1958 жылдарды қамтиды. Әсіресе оның қазақ
зиялылары арасындағы портреті жеке объективті түрде зерттеліп, XX ғасырдың
I жартысындағы тарихи оқиғалар, қоғамдық-саяси өмір кеңінен қамтылады.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Диссертацияда негізгі деректер
мұрағат құжаттарынан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған
құжаттар мен материялдар жинақтарынан, естеліктерден алынды. Сонымен қатар
С.Аманжоловтың өзінің жарияланған және әлі жарияланбаған еңбектері дерек
көзі ретінде пайдаланылды.
Шығыс Қазақстан Облыстық Мемлекеттік мұрағатының қорларынан алынған
құжаттар ғылыми айналымға тартылды.
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының 1299-қор, 1-тізімінде
С.Аманжоловтың қызмет бабымен және жекелей жағдайлармен жазылған хаттары
сақталған. 1943 жылы 15 қаңтарда әпкесіне жазған хатында соғыс қиындықтары
өлең жолдарымен жазылып көрсетілген. Сонымен қатар Мәлік Ғабдуллинмен
жазысқан хаттары мол дерек көзі болды. Осы қордың 14-ісінде ғалымның біліми
даярлығына байланысты алған дипломдары реттеліп көрсетілген. 13-істе Ұлы
Отан соғысы кезінде алған марапаттары жайлы куәліктер сақталған. Ал 10-
істен ғалымның жұмысқа орналасқаны жайындағы бұйрықтары мен жарлықтарын
таптық. 15-істе С.Аманжоловтың ғылыми атақтары туралы бірнеше құжаттары
ғалымның өмір жолынан мол дерек беретін құнды дерек болып табылады [25, 26,
27].
Осы қордың 16-ісінде ғалымның өз қолымен жазған өмірдерегінен мол
мағлұматтар алынды. 18-істе ғалымның өз қолымен өзінің оқу-әдістемелік
мазмұндағы библиографиялық еңбегін қолмен жазып, бірақ баспаға беріп
үлгермегені туралы дерек бар [28, 29].
Зерттеу жұмысын талдауда мерзімді басылымдар екі тілде кеңінен
пайдаланылды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Егеменді еліміздің шындық тарихын,
сол егемендік жолында күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін
зерттеу қазіргі таңда аса маңызды мәселе болып табылады. Еліміз егемендік
алған жылдардан, бұл назарларыңызға ұсынылып отырылған ғалым С.Аманжоловтың
өмір жолы мен ғылыми еңбектерінің маңыздылығы мен ерекшеліктеріне арналған
толыққанды зерттеу еңбек бүгінгі отандық тарихнама тұрғысынан алғаш рет
қарастырылып отыр. Мұнда ғалымның қазақ тілі тарихын ұл тарихымен
сәйкестендіре зерттеген және қазақтың ру-таңбаларын зерттеудегі шебер
құндылықтарына бүгінгі күн талабына сай баға беріліп, жаңа көзқарас
негізінде жан-жақты талданды. Нәтижесінде нақтылы салыстырулар мен
тұжырымдар жасау барысында жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік. қоғамдық-
саяси, шығармашылық қызметі қазіргі заман талабына сай және объективті
тұрғыда жан-жақты талданып көрсетілді.
Жұмыстың методологиялық және әдістемелік негіздері.
Бітіру жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету
мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдермен тығыз байланыстағы
тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер
басшылыққа алынды. Сондай-ақ соңғы жылдары көрнекті қайраткерлердің өмірі
мен қызметін зерттеуде қалыптасқан жаңа концепциялар да ескерілді. Зерттеу
әдістері ретінде жүйелілік, салыстырмалық, құрылымдық-функциялық тарихи
принциптер басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары:
- С.Аманжолов ХХ ғасырдың І жартысында өмір сүріп, қазақ тілінің
тарихын ұлт тарихымен салыстыра отырып зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі;
- С.Аманжолов қазақтың ру-тайпа таңбаларын зерттеп, қазақ халқының
тарихын зерттеуге өзіндік үлес қосқан ғалым.
- Ғалым өз кезінде түрік этногенезіне байланысты біршама еңбектер
жазып, түркология ғылымының қалыптасып, дамуына ат салысты.
- Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің V сессиясында С.Аманжоловтың жаңа
алфавитке көшуге байланысты ұсынысы бекітілді.
- 1946-1958 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының тіл әдебиет
институтында білім меңгерушісі болып, тіл білімі мен қазақ тіл білімінің
теориялық негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов бастаған ғылыми
жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен
бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал етті.
- С.Аманжолов Кеңес үкіметі тұсында орталық билік орындарына қазақ
мектептерінің болашағының құрдымға кетіп бара жатқанын білдірген петиция
(арыз-тілек) жазып, қазақ мектептерінің сақталып қалуына өз кезінде үлес
қосқан.
- Ғалым Ұлт мәдениеті институтын басқарып, онда қазақ халқының
фольклорын жинақтап, бастырып, қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің, салт-
дәстүрі мен тарихының басты құндылықтарын жинап, жазып, келер ұрпаққа мол
мұра ретінде қалдырды.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында ғалым майданға өз еркімен барып, орыс емес
ұлттардың арасында саяси үгітші болды. Осы кезде саяси-тәрбие жұмыс
тәжірбиесі туралы құнды еңбек жазып, соғысты майор дәрежесімен аяқтады.
Бітіру жұмысының қолданбалық маңызы.
Бітіру жұмысында келтірілген деректер мен жасалған қорытындылар
С.Аманжоловтың толыққанды өмірі мен сан-салалы қызметі тарихын жазуға,
жалпы алғанда Қазақстандық тарихнамадағы өмірбаяндық (ғұмырнамалық) жанрдың
дами түсуіне әсер етеді. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында оқытылатын қазақ
тілі тарихы мен Қазақстан тарихы және түрлі халықтар тарихы, қазақ
фольклоры пәндері бойынша дәрістер курсында және семинар сабақтарында
пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған мұрағаттық құжаттар мен әдебиеттер тізімнен
тұрады.

1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ

1.1 Ғалымның өскен ортасы мен заманы

ХХ ғасырдың І жартысында қазақ халқының басынан күрделі тарихи кезеңдер
өтті. 1905-1907 жылдардағы революция кезінде қазақ халқы большевиктік
партияның қатаң бақылауында болды. Осындай күрделі оқиғаларға толы ХХ
ғасырдың басында тақырыбымыздың өзегі болып отырған, болашақ филолог-ғалым
С.Аманжолов өмірге келді. Ғалымның көзқарасының қалыптасуына осы кездегі
тарихи оқиғалар өз әсерін тигізді. Қазақ зиялылары ішінде өз ұстанымдарымен
даралған қазақ зиялыларының бірі С.Аманжолов, басқа да қоғам
қайраткерлерімен қатар қазақ қоғамының нығайып, дамуына өз кезінде үлес
қосқан. С.Аманжоловтың қазақ ғылымында ерекше айтатын орыны, оның ғылымның
бір саласымен ғана айналыспай бірі-бірімен байланысты ғылыми салаларды
топтастырып, сәйкестендіре, салыстыра қарастыруы болып табылады.
Туған тілінің тағдырына араша түсіп, оның болашағы үшін аянбай еңбек
еткен зиялы қоғам қайраткерлері арасында қазақ тіл білімінің негізін
салушы, ұлт тілін ел тарихымен байланыстыра зерттеген ғалым Сәрсен
Аманжоловтың орны ерекше болды.
Сәрсен Аманжолұлы Алтай тауының батыс сілемі Қалбаның бауыры, Шығыс
Қазақстан облысының Ұлан ауданында (бұрынғы Өскемен уезі, Терістаңбалы
болысы, Егінсудың 4-ауылы) дүниеге келеді. Бұл ауыл қазіргі кезде Шымқора
деп аталады. Жердің атауының өзі шымнан қаланып жасалған үйлердің атына
байланысты болды.
С.Аманжоловтың сол кездегі орта шаруа жанұясында дүниеге келуі ата-
анасын үлкен бақытқа бөледі. Оның алдындағы ағалары осы кезде ересек болып
қалған еді.
Бұл қасиетті жердің топырағы бірнеше ұлы ғалымдарды дүниеге әкелді.
Осы Ұлан ауданында дүниеге келген атақты адамдардың қатарында ғалымдар:
Кәкен Аханов, Зәки Ахметов, атақты партизан жазушы, Ұлы Отан соғысының
батыры Қасым Қайсенов, қазіргі кездегі танымал ақын-жазушылар Серік
Ғабдуллин, Мүслім Құмарбеков, Тұрғазы Нұқаев, Ғаббас Қабышевтар бар.
Қасиетті қара топырақты жерде зерттеу жұмысымыздың өзегі болып отырған
ғалым С.Аманжоловта өмірге келді.
Ғалым С.Аманжолов найманнан тарайды. Арғын, Найман бір туған [30].
Ғалымның ата-тегін төмендегі шежіреден көруге болады. Мұнда ғалымның
арғы тегі Найманнан тарап, ХІІІ ғасырда өмір сүрген атақты Келбұға
жыршының ұрпағы екенін көреміз. С.Аманжоловтың ата-бабаларының тегінде
батырлар да болған. Олардың бірі ХҮІІІ ғасырдағы жоңғарлармен шапқыншылықта
белгілі болған батыр Шаңбатыр еді. Шаңбатыр өз кезінде өз елінін
жоңғарлардан қорғап, тәуелсіздік үшін аянбай күрескен атақты батырлардың
бірі еді. Ғалымның өр тұлғалы батырдың ұрпағы екеніне күмән жоқ екенін,
оның қатал саясат жылдарында өз елінің ұлттық мүддесі үшін аянбай күрескені
дәлел бола алады.
Шежіреде С.Аманжоловтың аты Сәрсенбай деп көрсетілген. Жалпы,
С.Аманжоловтың аты көптеген құжаттарында осылай көрсетіліп келген. Тіпті,
бертін орта мектептен алған куәлігінде де Сәрсенбай Аманжолұлы деп
көрсетілген. Кейіннен Сәрсен деп аталуы әке-шешесінің еркелетіп айтуымен
алмастырылып, өмірінің соңғы жылдарындағы құжаттарында Сәрсен Аманжолов деп
көрсетіле берген. Біз осы соңғы дерекке тоқталғанды жөн санадық. Ғалымның
шежіресін қарап отырып, ғалымның жыршы,ақын, батыр ұрпағынан тарағанына көз
жеткіздік.

Шүршейіт – Аманжол шежіресі

Ғалымның туған жылы мұрағат және баспасөз материалдарында әр түрлі үш
жылды қамтиды. Олар: 1899, 1901, 1903 жылдар.
Шығыс Қазақстан Облыстық мұрағатында кездескен мәліметтерге келсек,
Кеңес өкіметі алғаш орнаған кезде біздің облысымыздың бөлігі бағынған Сібір
өлкелік ревкомы 1920 жылы қазақ атты әскери полкін құрмақшы болады. Сол
полктың құрамына әр қазақ болыстарынан міндетті салық ретінде 21 жастағы
қазақ жігіттерін жинап алмақ болған. Бұл туралы Сібір ревкомы мен
губерниялық әскери бөлімінің телеграммасы 202 адам жинауға Өскемен уезіне
1920 жылы 14-шілдеде келеді. Мұндай бұйрық қазақтар арасында наразылық
тудырды. Мұндай қиын-қыстау кезеңде кедей балаларының жасы үлкейтіліп
көрсетілсе, бай балаларының жасы кішірейтіліп көрсетілді. Ашық көтеріліске
шыққан қазақ ауылдары байлардың әскер қатарына шақыру тізімдерін тауып,
өртеп жатты. Әр қазақ отбасы өз ұлдарының өз жері үшін ғана майданға
аттанғанын қалады.
Өскемен уезіне қарасты Ұлан болысы №7 ауылынан қазақ полкына алынатын,
1899 жылы туған азаматтарының арасында С.Аманжолов та болған. Оған дәлел –
Ұлан болысының Өскемен уездік ревкомына №7 ауылының 3 мұғалімі Қайса
Ноғайбаев, Сәрсен Аманжолов, Жафар Атахановты әскер қатарынан босатып,
үйлеріне қайтаруды сұраған 20 жылдың 7-тамызында жазылған хаты. Бірақ
уездік ревком арыздағы тілекті қанағаттандырмаған. Себебі, осыдан бір апта
өткенде уездік ревкомға Ұлан болысының №7 ауылының 14 атақты азаматтары қол
қойып: Сәрсен Аманжоловтың туған жылы 1899 жыл емес, 1901 жыл деп
растаған тағы бір хат келіп түскен. Осы хаттағы расталған 1901 жыл,
Сәрсеннің жерлестерін өз азаматын әскер қатарына бермеудің амалы деп
қарастырсақ, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатында жаңадан жинақталған
деректер оның жылы 1901 жыл екенін қайталап, көрсетеді. Мұнда Семей
қаласында оқыған училищеде С.Аманжоловқа берілген куәлікте төмендегідей
деректер жазылған: Инспектор училищь 2 района Семипалатинской области симъ
удостоверяет; что ученик Уланской аульной школы сын киргиза Семипалатинской
области Аманжолова Сарсенбай исполнилось к первому января тысячу девятьсот
пятнадцатого года четырнадцать лет. Бұл оқу орнындағы пәндерді 4-5 ке
аяқтаған Сәрсенге бұл куәлік 1915 жылдың 3 қыркүйегінде берілген.
Мұнда сонымен қатар С.Аманжоловтың өз қолымен жазған өмірдерегі
сақталған. Онда: Я родился 27 декабря 1903 г. в Егинсу аулсовете Уланского
Восточно Казахстанской области КазССР в семье отца казаха Аманжола Ещанова
(1851 г, умер 1914 г.) и матери Нарши Ещановой (1867-1921) по
национальности я казах. До революций мои родители батрачили. Отец умер
1914, мать после революций находилась на иждивении старшего сына и умерла
1921 году. Бұл деректе ғалым өз жылын 1903 жыл деп көрсетеді [31].
Сонымен қатар, 1901 жылды дәлелдейтін деректердің басымдылығына
қарасақ, ғалымның туған жылы 1901 жыл болар деп те ойланасың. Ал, негізіне
келсек, С.Аманжоловтың өмірінің соңғы кезіне дейінгі құжаттарының дерлігі
ғалымның туған жылы 1903 жыл екенін көрсетеді. Сондықтан ғалымның туған
жылының әр түрлі екенін қарастырғанмен, ең бір тоқтамы етіп сол 1903 жылды
қалдыруды жөн санадық.
С.Аманжоловтың шыққан тегіне келсек, ата-анасы Аманжол мен Нарша кедей
шаруа болған. Сегіз баланың кенжесі болған Сәрсен (Сәрсенбай) бала кезінен
оқуға қатты құмарланып өседі.
Әкесі мен шешесі халық өлеңін, ертегілерін жақсы білетін. Ал,
қонақтарды қарсы алушы Сәрсен, бала кезінен олардың ертегі айтып берулерін
өтінетін.
С.Аманжоловтың туа біткен табиғатынан бай ауыз әдебиетке қызығушылығы
осы кезден басталады. Әке-шешесі өте қарапайым адамдар болған. Сол кезде
олардың ұядай үйлеріне қонақ көп келуші еді.
Бала Сәрсен Өскемен уезіндегі Кеңес өкіметінің орнауын өз көзімен
көреді. 1918 жылы Өскеменде еңбекшілер депуттарының уездік Кеңесі құрылады.
Оның председателі Ушанов талдырмаш ақсары, аласа бойлы өте жалынды кісі
болды. Бұл кеңестің құрамына Сәрсеннің ауылынан орысша оқыған Шөки (Чокий)
Башықұлы, көрші ауыл Балғабайдан Гладышев деген ұста кіреді. Шөки уездік
заң комиссары болды. Оның ауылы Өскеменнен 30 шақырым жерде. Сәрсен Ұлан
болысының кеңсесіндегі хатшы Ерлексовке жәрдемші болып істеді. Маусым
айында Үкімет Колчак қолына көшкенде, адамдарды тұтқынға алып, Шөкиді қатты
жаралап, түрмедегі үлкен қорлықтан кейін өлді деп далаға шығарып тастайды.
Өлім аузында жатқан Шөкиді ауылдастары ауылға алып кетіп емдейді. Бірақ
ауыр науқастан кейін ол қайтыс болады. Шөки негізінен Сәрсен Аманжоловтың
туған нағашысы еді. Осы жағдайды өз көзімен көрген Сәрсен Аманжоловтың
жүрегінде үлкен кек қалады. Осы кезде болыс-билер кеңсеге баса көктеп
кіріп, Ерлексовты қанға бояйды. Сәрсенді де таяққа жығып, ол Ұлан өзенін
бойлай қашып, аман қалады.
1916 жылы Қатонқарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін,
С.Аманжолов Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищеге түседі. Бірақ
тұрмыс тұзағы оны жібермей, оқуға қаражаты болмағандықтан оқудан шығып
кетеді. Бірақ ыңғайы келсе оқуын жалғастыру оның арманы болды.
Ғалым 1919- 1920 жылдары Семей қаласыдағы үш айлық мұғалімдік курсқа
түсіп, оны жақсы бағамен аяқтап шығады. Оқуын бітіре сала 1919-1922 жылдары
Егінсу, Нұғыман ауылдарында мұғалім болып қызмет атқарады.
1922 жылдың 1 мамырынан 1924 жылдың 2 маусымына дейін Бұқтырма уезінде
халық соты болып, Кеңес үкіметінің дамуына өз үлесін қосады.
С.Аманжолов Кеңес үкіметіне, халқына шын берілген жас қайраткер еді.
Сондықтан оны 1924 жылы 1 маусымнан 1926 жылдың 1 мамырына дейін Шығыс
Қазақстан облысының атқару комитетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарады.

Жауапты қызметкерлердің білімдерін жетілдіру үшін әрбір жұмыс орынынан
арнайы курстарға, орта арнаулы және жоғарғы кәсіптік оқу орындарына жіберу
науқандары жүргізіліп жатты. Осы мақсатпен, республика көлемінде кәсіптік
оқу орындары көптеп ашыла бастады.
1926 жылы Сәрсен Аманжолов Ташкентке Орта Азия мемлекеттік
университетіне оқуға жолдамамен жіберіліп, осы оқу орнының қазақ тілі мен
әдебиеті бөліміне оқуға түседі. 1930 жылы желтоқсанда осы оқу орнын аяқтап
шығады.
С.Аманжоловтың сол кездегі білімге деген ерекше қабілетін осы
университеттің оқытушылары академик В.В.Бартольд, профессор С.Е.Малов
сияқты ғалымдар ерекше бағалаған. Ұшқыр ойлы, ғылымға табынды
С.Аманжоловтың тамаша қабілетін байқаған ұстаздары оның Орта Азия
мемлекеттік университеті қасындағы аспирантураға түсіп, сонымен қатар,
ассистенттік қызмет атқаруын ұйғырады. С.Аманжолов осыдан бастап педагогтік
іс пен ғылыми жұмысты қатарластыра жүргізді. Орта Азия Орталық партия
комитетінің және Қазақстан Өлкелік партия комитетінің ұйғаруы бойынша 1928
жылы ашылған Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына ол 1931
жылдың күзінде оқытушылық қызметке келді.
1931 жылы ІІІ кластың оқу кітабы мен шала сауатты үлкендерге арналған
әліппені жасауға қатысты. Жас ғалымның алғашқы көлемді еңбектері 1931 жылы
Ташкентте басылып шықты. Талантты ғалым сол 30-шы жылдары еліміздің мәдени
дәрежесін көтеру ісіне өзінің еңбектерімен жан аямай атсалысты.
С.Аманжоловтың ол кездердегі ғылыми мұралары тек оның өзінің ғана алғашқы
көлемді еңбектері емес, жалпы қазақ тілі біліміндегі алғашқы жасалып жатқан
еңбектер, оқулықтар еді.
Ғалымның сол жылдардағы еңбектерінің аса бір құндылығы – халқымыздың
мәдени дәрежесін, сауаттылығын көтеруге зор көмегін тигізген жақсылық
шарапаты еді. 1932 жылы ғалымның IV класқа арнап жазған Қазақ тілі
грамматикасы Алматыдағы мемлекеттік баспадан басылып шықты. Осы жылы оның
басқаруымен I-II-III класс оқушыларына арналған (көлемі 20 баспа табақ)
қазақ тілі оқулығы да жарық көрді. Ол кейіннен, 1934-1940 жылдары орталау,
орта мектептерге арналған грамматикалар жазды. Бұл грамматикалар мектеп
балаларын оқытуға мұғалімдерге ұсынылған тұңғыш оқулық болды. Бұл оқулықтар
республикадағы басқа да көрнекті ғалымдарымыздың оқулықтарымен қатар соңғы
26 жыл ішінде жас ұрпақтарға ана тілін оқытудағы басты құрал болды.
Сәрсен Аманжолұлы тұңғыш жасалған қазақ тілі бағдарламаларының да
авторы. С.Аманжолов жазған қазақ тілінің бастауыш мектепке арналған
бағдарламасы 1932 жылы Алматыдағы Оқу-педагогика баспасынан басылып шықты.
Бұл бағдарламаның құндылық жағы, біріншіден, ол тұңғыш жасалған
бағдарламалардың бірі болса, екіншіден, онда ана тілін оқыту жөнінде
әдістемелік нұсқаулар берілген еді. С.А.Аманжоловтың орталау және орта
мектепке арналған қазақ тілінің бағдарламасы 1933 жылы басылып шықты. Бұл
бағдарламаға әдістемелік нұсқаулар қосылып, толықтырылып, 1938 жылы қайта
басылды.
C.Аманжолов бастауыш, орталау, орта мектептерге бағдарлама жасап қана
қойған жоқ, сонымен қатар жоғары оқу орындарына да қазақ тілінің
бағдарламасын жасады. Сәрсен Аманжоловтың педагогикалық жоғары оқу
орындарына арнап жазған қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы 1938 жылы
жарыққа шықты.
Бұл бағдарламалар ана тілін бастауыш, орталау, орта және жоғары
мектептерде оқытудағы бірден-бір құнды оқу құралдары болды.
Сәрсен Аманжолұлы – қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен ғалым. Ол
1931 жылдан педагогикалық институтта дәріс оқып, 20 жыл бойы сол
институттағы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болумен қатар, басқа да
филология саласындағы мекемелерде басшы қызметте болды. Осы жылдарда ғалым
республикадағы Ұлт мәдениеті зерттеу институтының да көрнекті
қызметкерлерінің бірі еді. Бұл мекеме ел арасындағы ән-күй, музыка, тілге
байланысты материалдар және қазан революциясына дейінгі де, одан кейінгі
кеңес дәуіріндегі де халық ауыз әдебиетін жинап, қажеттілерін өңдеп,
жұртшылықтың керегіне жаратып отырды. 1936 жылы бұл мекеме КСРО Ғылым
академиясының қазақстандық филиалына қосылып, музыка бөлімі оның өнер
секторын құрды да, тіл және әдебиет бөлімі аз алдына сектор болып бірікті.
С.Аманжолов осы тіл мен әдебиет секторын басқарды. Сектордың қазіргі
Тіл мен әдебиет институты дәрежесіне дейін көтерілуіне ғалымның сіңірген
еңбегі зор. Ол Қазақ КСРО Ғылым акдемиясының Тіл мен әдебиет институтын
ұйымдастырушылардың, ұзақ жылдар оның барлық саладағы ғылыми жұмысына жан
аямай атсалысқан ғалымдардың бірі болды. Кең мағынадағы филолог болған
С.Аманжолов 1932-1942 жылдары халық ауыз әдебиетінің таңдаулы нұсқаларын
жинауға басшылық етті. Оларды бастырып шығарып отырды. Бұлардың қатарында
кеңес дәуіріндегі ауыз әдебиеті үлгілерін ғылыми жүйеге келтіріп, ең
алғашқы С.Аманжолов шығарған Қазақ совет фольклоры, Он алтыншы жыл,
Бөгенбай батыр сияқты көлемді еңбектері көпшілікке танымал. Сонымен қатар
ғалым 1940 жылы М.Әуезовтың алғы сөзімен жұмбақтар жинағын етіп бастырып
шығарады.
Жалпы ғалымның халқымыздың мәдени игілігіне асатын құнды еңбектері
жүзден асады. Ғалым қазақ тіліне байланысты барлық мәселені зерттеп, осыған
байланысты экспедицияларды да тиімді ұйымдастыра білді. 1937 жылы осы
экспедицияларды ұйымдастыруда кездескен қиыншылықтарды ғалым ұтымды шеше
білді. Экспедиция мүшелері тек қана тіл мәселелерін жинап қоймай, халық
ауыз әдебиеті материалдарын жинап, баспаға берді.
30 жылдардағы саясаттың салқыны С.Аманжоловтың да тағдырына әсер етті.
Ғалымға қарсы газет беттерінде үш мақала жарық көрді. Онда Оның достары өз
жазаларын тартып жатыр, Бұл неге жауапқа тартылмайды деген күмәндар болды.
Оның мақал-мәтелдер жинап, фольклорды зерттеуі қатаң бақылауға алынып,
міндер тағылды. Сәрсен Аманжолов Менің ешқандай кінәм жоқ, бірақ әйтеуір
мені де бір түні әкетуі мүмкін деген қобалжумен жүрді. Ол кісіні осы
саясаттан құтқарған, 1936-1937 жылдары Ленинградқа аспирантураға түсіп,
көрнекті ұстаз-ғалымдардың ұсынысымен ғылыми жолмен айналысып кетуге
байланысты оқиға болады. [32].
Осы қуғындау саясатын өз көзімен көрген ғалымға өз ортасы да күдікпен
қараумен болды. Қаншама халық жапқан жала құрбандары болып кетті. Қолдан
жасалған қудалау саясаты кезінде халық аштықтан да қырылып жатты.
Сол кезде астана Алматыдан 30 шақырым жерде Жаңалық, Әли деген елді
мекендер бар. 1932 жылғы осы жерде ашарлықтың кесірінен адамдар жаппай
қырылды.
Қазан революциясынан кейін соғыс басталған 1941 жылдың маусымына дейін
ширек ғасыр уақыт өтті. Ал соның табаны күректей 11 жылы Кеңес елі азамат
соғысы, жаңа экономика көшу саясаты аясында өтті.
Ұлы Отан соғысы кезінде ел қатарлы С.Аманжолов та майданға шақырылды.
Соғыс қарсаңында ғалымның қазақ тілін ұлт тарихымен байланыстыра зерттеуі
сол кездегі өкімет басшыларының ғалымға сенімсіздігін тудыра бастаған.
Ғалымның қазақ мектептеріне арнап жазған қазақ тілі оқулықтары мен сол
оқулықтарға арналып жазылған оқу бағдарламалары, мектеп мұғалімдері үшін
үлкен сұрнысқа ие бола бастаған. Бұл бағдарламалармен қоса ғалым, қазақ
мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін даярлап шығарды.
Бұл әдістемелік нұсқаулар қазіргі орта мектеп мұғалімдеріне табылмайтын
құнды мактериал болып табылады. С.Аманжолов сол кездегі коммунистік
мектептің қатаң тәрбиесінен өткен партия мүшесі болғанымен ұлттық тіл мен
ұлт тарихының белгілі дәрежеде зерттелуіне өзіндік үлес қосты. Сол үшін
оған деген коммунистік партия басшыларының да көзқарастары өзгере бастады.
Кейбір кездерде оның еңбектеріне сын айту байқала бастады. Сол кездегі
қатаң саясат ұлт зиялыларының барлық саладағы еңбектерін сүзгіден өткізіп,
баспаға беруде үлкен талқылауларға салып отырды. Ғалым С.Аманжолов өз
еңбектерінің түпкі нәтижесінің келер ұрпақ үшін пайдасын және құндылығын
дәлелді пайымдаулар арқылы көрсетіп жазып отырды. Тарих қойнауындағы, ғылым
жолындағы ақтаңдақтар әліде болса өз деңгейінде зерттелінбей келеді.
Соғыс кезінде орыстан басқа ұлттар арасында саяси тәрбие жүргізген
С.Аманжолов жауынгерлерді рухтандыруда, ұлттық тіл, мәдениет, тарих, салт-
дәстүрлерді ұтымды пайдаланды. Өзінің саяси тәрбие жұмысында Алпамыс,
Қобланды, Ертарғын, Қарасай батыр, Махамбет туралы еңбектерді
баспасөз беттеріне жариялап отырды.
С.Аманжолов майданға аттанғанда жары Евгения үшінші баласына аяғы ауыр
еді. Ол әйеліне ұл туса Орал, қыз туса Жібек қой деп тапсырып кетеді. Сол
кезде майданнан аман-есен оралсын деп атын қойған Орал ұлымен С.Аманжолов
соғыс аяқталғаннан кейін ғана қауышады.
ШҚОММ-ның қорында С.Аманжоловтың соғыс даласынан әйеліне, әпекесіне,
балаларына жазған хаттары сақталған. Бұл хаттардан соғыстағы ерліктері
туралы мол дерек алуға болады.
Осы қорда ғалымның әскери және қоғамдық-саяси қызметтеріне байланысты
анықтамалар, хаттамалар көшірмелері, бұйрықтар сақталған. Оған берілген
куәлікте Предъявитель сего капитан Аманжолов Сарсен состаит на службе в
Доме Красной Армии Карельского фронта в должности агитмашины и лектора ДКА
присвоено военное звания капитана деп 1944 жылғы 4-қарашадағы № 0230
бұйрығымен жазылған.
Сонымен қатар түрік тілдес тайпалардың тілдерін жақсы меңгерген Сәрсен
осы халықтардың мүдделерін қорғауға ерекше ат салысты. Бұйрықтар мен
жарлықтарды дұрыс түсінбенген осы халық өкілдеріне арнап, соғыс кезінде
сөздіктер жасап, бастыруға басшылық жасады.
Солақай саясат басшыларының ұлт тағдыры үшін жанын шүберекке түйген
азаматтардың майдан даласынан қайтпай қалуын тілеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
Сәрсен Аманжолов- Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары (1903-1958)
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Сәрсен Аманжолов
Автоматандырылған жұмыс орны
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Пәндер