Литосфераға антропогендік әсер ету



1. Литосфера
2. Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы
3. Топырақтың ластануы
4. Жерді қайта құнарландыру
5. Қорытынды
Литосфера - қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен катар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытка байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б.) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т. б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді. Топырақ - ол аналық жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық-тарихи дене.
Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы, яғни өсімдіктерді органикалық және минералды қөректі заттектермен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді.
Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-1903 ж.ж.) қалады. Ол бірінші рет "топырақ" және "топырақ құрылымы" ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.
1. «Экология» А.Ж.Акбасова., Г.Ә.Саинова., Алматы, 2003ж. 164-175 беттер.
2. «Экология негіздері» Ж.Ж.Жатқанбаева., Алматы 2003ж.
3. «Экологиялық энциклопедия» Алматы, 2007ж. 224-225 беттер
4. «Экология негіздері» Баяшов А., Дарибаев Ж.Е., Шакиров Б.С., Мадиев Ө.Қ., Сарбасова А.С., Түркістан 2000ж. 106-111 беттер.

Литосфераға антропогендік әсер ету.
Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы
және халық денсаулығы.
Топырақтың ластануын интегралдық бағалау.

Литосфера - қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен,
бетінің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен,
сонымен катар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте
орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің
нәтижесінде уақытка байланысты литосфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи
күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б.) және олардың салдарынан
орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі,
судың тасуы және т. б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір
өзгертеді.
Жер қабатының үстінгі қабатын топырақ дейді. Топырақ - ол аналық
жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер
бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық-
тарихи дене.
Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы, яғни
өсімдіктерді органикалық және минералды қөректі заттектермен қамтамасыз ету
қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне
байланысты келеді.
Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын
орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің,
бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды
және дербес табиғи түзілу болып табылады.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-
1903 ж.ж.) қалады. Ол бірінші рет "топырақ" және "топырақ құрылымы"
ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және
басты ерекше қасиеттерін тапты.
В.В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін
анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт,
өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне
байланысты бұларға су(топырак суы, жерасты суы) және адамның шаруашалық
әрекеті қосылды.
Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған енімінен
тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны
гумусты немесе қарашірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты-түйірлі болады.
Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын
ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен
жануартекті қалдықтарды айтады.
Топырақ құнарлығы негізінде осы өсімдіктекті және жануартекті
қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қарақоңыр түсті гумусқа
байланысты. Қарашірінді негізінде гуминнен, гуминқышқылынан және
фульвоқышқылынан, сонымен қатар белоктардан, көмірсуларынан, майлардан,
шайырлардан, лигниннен және т.б. тұрады.
Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы қабаттың қалындығы көбіне 20 см-ден
аспайды. Климаттық, гидрологиялық, топырақтың физикалық-химиялық
қасиеттеріне байланысты кейбір жағдайларда 80-100 см тереңдікте де
кездеседі. Жоғарғы қабаттың құнарлығын сақтау үшін және өсімдіктердің
тиімді пайдалануына осы қабат келесі қасиеттер жиынтығына ие болуы керек:
• құрамында өсімдіктер сіңіре алатын түрдегі қөректік элементтер (азот,
фосфор, калий, микроэлементтер) жеткілікті деңгейде ұсталуы;
• ылғалдылықтың қажеттілік мөлшерінің болуы;
• өсімдік пен топырақ жануарларының тіршілігіне қажетті
мөлшерде оттегінің болуы;
• улы қосылыстардың болмауы;
• қолайлы су-ауа режимі мен өсімдік тамырларының қөректік заттектерді
және ылғалдықты жақсы өткізетін физикалық құрылымының
(механикалык төзімділігі, суға төзімділігі, т. б.) болуы.

Минералдардың, органикалық заттектердің және газдардың белгілі бөліктері
сұйық күйде топырақта болатын суда еріп, топырақ ерітіндісін түзеді.
Топырақ ерітіндісі жер шарының тарихындағы табиға сулардың ең маңызды
санаттарының бірі, В.И.Вернадский айтқанындай (1960), "биосфера
механизмінің негізгі элементі" және "тіршіліктің негізгі субстраты".
Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ерітінділеріндегі тұздар
мөлшерінің, қышқылдықтың өзгеруі жатады, себебі оларға микроорганизмдердің
белсеңділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтық коллоидтердің
алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу
мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Топырақ түзу процесінде топырақты мекендеген тірі организмдердің
атқаратын рөлі зор. Топырак неғұрлым құнарлы болса соғұрлым олардың саны
жоғары болады. Қара топырақтың қалыңдығы 15 см беткі қабатының 1 га
ауданында 10 т бактериялар, сонша саңырауқұлақтар, 4 т шылаушындар, 140 кг
балдырлар, 17 кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелген.
Өсімдік үлескісі астындағы топырақ организмдерінің қауымдастықтары
тепе-теңдік күйінде болады, өйткені, олардың қөрек негізі осы өсімдіктердің
түсіндісі болып табылады. Мұны тұтынып олар органикалық заттектерді
бейорганикалык заттектерге айналдырып, негізінен көмірқышқыл газы мен су
түзеді. Сонымен топырақтағы организмдер топырақ түзуші фактордың бірі екені
айқын, топырақ қасиеті осыларға да тығыз байланысты.
Көрнекті биолог ғалым Ч. Дарвин айтқандай топырақ "... өткен ғасырлар
бойы жауын құрттары арқылы жыртылып келген".
Бір жауын құртының массасы шамамен 0,5 грамдай, бір шаршы метрде
олардың саны 50-ге жуық болады. Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері
арқылы 50 тоннадай топырақты, құрғақ шөптерді, жапырақтарды, көнді және
тағы басқа да органикалық заттектерді өткізіп, құнарландыра алады. Жаңбыр
құрттарының өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері кейбір елдерде
жасанды жолмен өсіріліп құстарға, балықтарға, терісі қымбат аңдарға жем
ретінде беруге және өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып
жүр.
Биогумустың тиімділігі барлық органикалық тыңайткыштардікінен
анағұрлым жоғары. Оны қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімін
жоғарылатумен қатар топырақтың құнарлығын, жел мен су эрозиясына
беріктілігін, экологиялык жағдайды жақсартады. Био-гумус радиоактивті
элементтердің, ауыр металдардың, нитраттардың транслокация процесін
тегжейді.
Жерді жыртуды, тырмалауды, дара дақыл егуді және т.б. қамтитын
топырақты ауыл шаруашылығы тұрғысында пайдалану заттектердің айналымының
тепе-тендігін бұзады, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.

Қазақстан Республикасы топырақтарының сипаттамасы
Біздің еліміздің ең басты байлығы — жер. Өйткені жер — адамзатты
асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстың бірі. Осыған орай әр
өндіріс салалары табиғат байлығының сақталуына,табиғатты қорғау мен
жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп, оларға қатысты нақтылы ережелерді
білулері және міндетті түрде орындаулары қажет.

1-ші кесте. Қазақстан топырақтары туралы мәліметтер
Т о п ы р а қ Жер Жалпы
көлемі, жер
млн.га көлемінен
% мөлшері
Орналасқан аймағы Түрі
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қара 25,4 9,8
Павлодар облыстарының терістік жағы,топырақты
Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс дала жене
Қазақстан облыстарының солтүстік орманды дала
шеттері
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қара қоңыр 90,4 33,3
Қазақстанның батыс жағы, Қостанай, топырақты
Ақтөбе, Орал, Қарағанды облыстарыныңқұрғақ дала
көптеген жерлері және шөл
дала
Батыс Қазақстан облысының біраз Құба және 119,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропогендік әсердің атмосферада біліну
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Экологиялық дағдарыстан шығу
Антропогендік әсерлердің табиғат пен адамға зиянды ықпалы
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы
Антропогендік факторлар
Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері
Литосфераға антропогендік факторлардың әсері
Пәндер