Ақша қаражаттары есебі мен аудиті



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ... ... ... ... ... ... ..20
2.1. Кассадағы қолма.қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2.Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ...26
2.3.Валюта шотындағы қолма.қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.4.Банктегi арнайы шоттардағы қолма.қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... .38

3.тарау Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi ... ... ... ...43
3.2.Касса операцияларының аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

Қолданылғын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69

Қосымша
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нориативтік базаларға сәйкес жазылады.
Нарықтық реформалар нәтижесінде отандық экономиканың түпкілікті өзгеруі іскер адамдардың – кәсіпкерлер, менеджерлер, қаржы қызметкерлерінің жұмысына маңызды өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қажет етіп отыр. Бұл мамандардың көнеден келе жатқан бөлігі – бухгалтерлерге де тікелей қатысты.
Әрбір кәсіорын шаруашылығының нәтижесінің көрсеткіштерін бір жүйеге келтіріп есепке алатын бухгалтерлік есеп анықталады. Шарушылық есептің негізгі мақсаты, сол құбылыстар нәтижесінің көрсеткіштерін топтап талдау жасап, олардың өзара бір-бірімен қандай байланыста екенін анықтап қорытынды жасау болып табылады. Одан ары осы анықталған шаруашылық есеп көрсеткіштерінің адамзат қоғамының, өндіріс шаруашылығының өсіп-даму жолында қандай әсері бар екенін негізге ала отырып, сол есеп көрсеткіштерін тиімді әдіспен шаруашылықты басқаруға пайдалану болады.
Шарушылық есептің мазмұнының негізін құрайтын – бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп экономикалық ғылымдар ішінде бөлек ғылыми сала. Осы орайда, қоғамдық өндіріс процестері бухгалтерлік есепке алынатын бір тұтас тұлға деуге болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің даму жолында жүйелі көрсеткіш – мәлімет ретінде қажет. Себебі, бухгалтерлік есеп болмаса, қоғамдық өндірістің өсіп дамуы мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу. Осымен бухгалтерлік есеп бұл ұйымның меншіктік капиталы, активтері, міндеттемелері және қызмет ерекшеліктері туралы ақпараттарды, оны әр түрлі пайдаланушылардың: меншік иелерінің, инвесторлардың, банктердің, бақылаушы органдардың, акционерлердің және тағы басқа қолдануы үшін жинаудың, өңдеудің және берудің тәртіптелген жүйесі.
Есеп тізімдемесі, журналдарда, ведомостарда, бастапқы құжаттарда шаруашылық операцияларын жаппай, үздіксіз құжаттық негізделген түрде көрсету тәсілі негізінде жасалады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жүйесін құруды реттейтін құқықтық нормативтік актілер төрт деңгейді білдіреді.
1. «Бухгалтерлік есеп туралы» 26.12.95 жылы №2732 Заң күші бар Жарлық
2. Бухгалтерлік есептің стандарттары және 18.11.2001 жылы №6 Шоттардың бас жоспар – ұйымдарға шаруашылық операцияларды есепке алуда балама нұсқаларды көрсетуді білдіретін шаруашылық операцияларды есепке алу тәртібін анықтайтын ресми қағида.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі бухгалтерлік есеп және аудит Департаменті бекітетін нұсқаулықтар, ақыл-кеңестер, нұсқаулар, басшылықтар, мұнда ұйымнан салалық тиістілігіне, мөлшеріне және өндіріс үлгісіне және басқа факторлеріне байланысты есепті ұйымдастырудың нұсқаулары ұсынылады.
4. Жоғарыда аталған құжаттарда ұйымның нақты қызмет ерекшеліктерін ескере отырып анықталған тәсілдерге қағидаларға және қағидаттарға негізделеген нормативтер мен нормалардың жүйесі, нұсқаулар, нұсқаулықтар, ережелер, бұрықтар, мұны ұйымның басшысы немесе оның меншік иесі келесі есепті жылға жасап, бекітеді.
Қазіргі таңда ақша қаражаттар есебіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердіңтұрақты жүріп отыратын ақша қаражаттар айналымына байланысты. Өйткені барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарлы-материалды қорларды, шикізаттарды, қызметтер мен жұмыстарды сату және сатып алу арқылыөз жұмыстарын атқарады.
Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шынайы ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте ішкі және сыртқы қолданушыларға бақылау үшін қажет. Операциялар жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуы және ақша қаражаттарының мақсаттылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті. «Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» оқулықтар мен «Оптика» Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1қаңтардағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 2000-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» туралы жарлығы.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қарашадағы «Қазақстан Республикасы аудит» туралы заңы (2001ж. Енгізілген толықтырулар)
4. «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарлама, Алматы, 1997-2002ж.
5. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен ұсыныстар,Алматы,1998ж.
6. Әбдіманапов. «бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы,1995ж.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003ж. 24 қаңтардағы №91 қаулысы.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 11 қаңтардағы №41 қаулысы.
9. «Оптика» АҚ есеп саясаты.
10.Стандарты по аудиту РК, Алматы,1995ж.
11. Радостовец В.К. ,Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятии», Изд. «Центраудит – Казахстан», Алматы, 1998ж.
12.Ажибаева З.Н., Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1999ж.
13. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета», Москва, «Аудит»,1999ж.
14. Тулегенов Е.Т., Бралиевв Н.Б., Стороженко Л.А., Матвеева И.А. «Бухгалтерские информационные системы» , Алматы, Экономика, 1999г.
15. Дюсембаев К.Ш. «Теория аудита», Алматы, 1995г.
16. Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия», Алматы, 1998г.
17. Тасмаганбетов Т.А., Тлеужанова М.А., Омаров А.Ш., Мурзагалиев Ж.Н., Юсупова Н.П. «Анализ и аудит в системе управления предпринимательской деятельностью», Алматы, 1999г.
18. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» , 2002ж.
19. Радостовец В.К. ,Родостовец В.В. «Финансовый и управленческий учет», Алматы, 2003г.
20. «Бюллетень бухгалтера» № 24,26,31,41. 2004-2005г.
21. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Экономика, Алматы, 2005ж.
22. Ажибаева З.Н. «Аудит», Экономика, Алматы, 2004ж.
23. Назарова В.Л., «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Экономика, Алматы, 2003г.
24. Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н, Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Экономика, Алматы, 2001 г.
25. Абдыманапов А., «Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета» Алматы, 2003 г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Факультет: Қаржы және есеп
Кафедра: Бухгалтерлік есеп және аудит

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті

Студент: 4 курс сыртқы бөлім,

Мамандығы:
Бухгалтерлік есеп және аудит

Ғылыми жетекші:

Рецензент:
________________________
Жұмыс қорғауға жіберілді:
_____________________20__ж.
Кафедра меңгерушісі:

Мазмұны
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...3
1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны
ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Оптика АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...14
2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ... ... ... ... ... ... ..20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2.Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ...26
2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.4.Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi ... ... ... ... ... .38
3-тарау Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi ... ... ... ...43
3.2.Касса операцияларының аудитi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.3. Есеп айырысу шоттарының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .60
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..67
Қолданылғын әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 9
Қосымша

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының
экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына
үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару
жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік
есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар
талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және
мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына,
кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп
және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару
үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға
мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп
жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп
құжаттарының мазмұнына байланысты.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік
есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт
бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді.
Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нориативтік базаларға сәйкес
жазылады.
Нарықтық реформалар нәтижесінде отандық экономиканың түпкілікті
өзгеруі іскер адамдардың – кәсіпкерлер, менеджерлер, қаржы қызметкерлерінің
жұмысына маңызды өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қажет етіп отыр.
Бұл мамандардың көнеден келе жатқан бөлігі – бухгалтерлерге де тікелей
қатысты.
Әрбір кәсіорын шаруашылығының нәтижесінің көрсеткіштерін бір
жүйеге келтіріп есепке алатын бухгалтерлік есеп анықталады. Шарушылық
есептің негізгі мақсаты, сол құбылыстар нәтижесінің көрсеткіштерін топтап
талдау жасап, олардың өзара бір-бірімен қандай байланыста екенін анықтап
қорытынды жасау болып табылады. Одан ары осы анықталған шаруашылық есеп
көрсеткіштерінің адамзат қоғамының, өндіріс шаруашылығының өсіп-даму
жолында қандай әсері бар екенін негізге ала отырып, сол есеп
көрсеткіштерін тиімді әдіспен шаруашылықты басқаруға пайдалану болады.
Шарушылық есептің мазмұнының негізін құрайтын – бухгалтерлік
есеп. Бухгалтерлік есеп экономикалық ғылымдар ішінде бөлек ғылыми сала. Осы
орайда, қоғамдық өндіріс процестері бухгалтерлік есепке алынатын бір тұтас
тұлға деуге болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің даму
жолында жүйелі көрсеткіш – мәлімет ретінде қажет. Себебі, бухгалтерлік есеп
болмаса, қоғамдық өндірістің өсіп дамуы мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің
негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды
мемлекеттік талапқа сай бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу. Осымен
бухгалтерлік есеп бұл ұйымның меншіктік капиталы, активтері, міндеттемелері
және қызмет ерекшеліктері туралы ақпараттарды, оны әр түрлі
пайдаланушылардың: меншік иелерінің, инвесторлардың, банктердің, бақылаушы
органдардың, акционерлердің және тағы басқа қолдануы үшін жинаудың,
өңдеудің және берудің тәртіптелген жүйесі.
Есеп тізімдемесі, журналдарда, ведомостарда, бастапқы құжаттарда
шаруашылық операцияларын жаппай, үздіксіз құжаттық негізделген түрде
көрсету тәсілі негізінде жасалады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жүйесін құруды
реттейтін құқықтық нормативтік актілер төрт деңгейді білдіреді.
1. Бухгалтерлік есеп туралы 26.12.95 жылы №2732 Заң күші
бар Жарлық
2. Бухгалтерлік есептің стандарттары және 18.11.2001 жылы
№6 Шоттардың бас жоспар – ұйымдарға шаруашылық
операцияларды есепке алуда балама нұсқаларды көрсетуді
білдіретін шаруашылық операцияларды есепке алу тәртібін
анықтайтын ресми қағида.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының
Қаржы министірлігі бухгалтерлік есеп және аудит
Департаменті бекітетін нұсқаулықтар, ақыл-кеңестер,
нұсқаулар, басшылықтар, мұнда ұйымнан салалық
тиістілігіне, мөлшеріне және өндіріс үлгісіне және басқа
факторлеріне байланысты есепті ұйымдастырудың нұсқаулары
ұсынылады.
4. Жоғарыда аталған құжаттарда ұйымның нақты қызмет
ерекшеліктерін ескере отырып анықталған тәсілдерге
қағидаларға және қағидаттарға негізделеген нормативтер
мен нормалардың жүйесі, нұсқаулар, нұсқаулықтар,
ережелер, бұрықтар, мұны ұйымның басшысы немесе оның
меншік иесі келесі есепті жылға жасап, бекітеді.
Қазіргі таңда ақша қаражаттар есебіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл
шаруашылық жүргізуші субъектілердіңтұрақты жүріп отыратын ақша қаражаттар
айналымына байланысты. Өйткені барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер
тауарлы-материалды қорларды, шикізаттарды, қызметтер мен жұмыстарды сату
және сатып алу арқылыөз жұмыстарын атқарады.
Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шынайы
ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте ішкі
және сыртқы қолданушыларға бақылау үшін қажет. Операциялар жүргізілген
кезде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуы және ақша
қаражаттарының мақсаттылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға
әсер етті. Ақша қаражаттар есебі мен аудиті оқулықтар мен Оптика
Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- ақша қаражаттарына жалпы сипаттама беру;
- есеп айырысудың нысандарын анықтау;
- Оптика Акционерлік Қоғамына экономикалық сипаттама беру;
- кассадағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
- есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай
жүргізілетінін көрсету;
- валюта шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін
көрсету;
- ақша қаражаттар есебі аудитінің мақсаты мен міндеттерін
анықтау;
- касса операцияларының аудитін қарастыру;
- банк операцияларының аудитін қарастыру;
- Оптика Акционерлік Қоғамының ақша қаражаттар есебі талдауын
жүргізу.

1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде

1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын
банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып
түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша
шартты түрде пайдаланылады. . Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен
асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар
жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік
көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалардың
арасындаесепайырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк
шоттарын ашады. Банк шоттары_бұл банк пен клиенттер арасындағы
келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де,
шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және
корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен
ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ
олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған
бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаржаттардың қолда бары мен қозғалысын
есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын
субъектілер ақша қаражаттарын оқшаудан сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі
бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты
есептен шығаруға соттың, мемлекеттің салық қызметінің рұқсатымен және
қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі
мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда
өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге
асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік
банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық
жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да
әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінң органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк – алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып
табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу
үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем
жасаған кезде, авнстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын
пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем
құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл
құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда,
олар екі дана да толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да , оның
электрондық көшірмнсі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни
ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын – (№1 қосымша) толтыру кезінде келесі реквизиттері
көрсетіледі:
• төлем тапсырмасының нөмірі;
• төлем тапсырмасының жазылған күні;
• жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
• жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі
символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі –
экономиканың секторын көрсетеді;
• бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
• банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
• бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың
негізінде;
• төлем тапсырмасының жазылған күні;
• жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
• жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі
символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі –
экономиканың секторын көрсетеді;
• бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
• банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
• бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың
негізінде;
• жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды –
филиаларалық айналымдарының коды;
• төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
• бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда
қойылатын код;
• валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша
қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жургізуші субъектілердің арсындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылыды:
аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер
шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян
келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъктілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты жекелеген азаматтардың
атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын,
оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол
орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат
алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша
алатындығы көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған
әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана
етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жузеге асырудың бір
тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылса
да. Аталған міндеттемені орындау тек чекбойынша ақшаны алатын кезде ғана
болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі –
депозиттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл
кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін,
оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк
пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-
шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта банк өз клиенттеріне чек
берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал
клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға міндетті. Чек
ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады.
Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие
тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы
болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету
және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе,
онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан бүлінген деп жазу жазылады,
мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті тек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай
жағдайларды анықтаса:
• егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
• чектің мерзімі өтіп кетсе;
• төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
• чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
• чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
• чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
• чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған
құжаттардағы қлымен сәкес келмесе;
• чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
• чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады.
Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі – банкте қалса;
екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.

1.2. Оптика АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты.
Оптика Акционерлік қоғамы заңды тұлға болып саналады. Қоғамның
өз балансында есептелінетін жеке меншігі бар және ол өз атынан мүлік сатып
алуына, міндеттемелер алуға, сотқа арыз беруге және жауапты болуға құқылы.
Қоғам құрылған күнінен бастап құқықтар мен міндеттерге ие. Қоғамның өз мөрі
бар, онда оның мекен-жайы мен белгісі көрсетілген. Қоғам ұлттық және
шетелдік валютада шоттар ашуға құқылы.
Қоғамның құрылу мақсаты:
- табыс табу;
- оптика нарығының сұранысын қамтамасыз ету;
- тауарлар мен қызметтер нарығын үлкейту;
- акционерлер мен кллектив мүшелерінің сатудан табыс табу арқылы
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;
Заңмен шектелмеген шаруашылық жүргізу үшін Қоғамның азаматтық
құқықтары мен азаматтық міндеттері бар.
Қоғамның шаруашылық жүргізу нысаны мыналар;
- көзәйнектер, линзалар мен линза салатын ерітінділер мен күннен
қорғайтын көзәйнектерді көтерме және бөлшектеп сату;
- көзәйнектердің жөндеуі;
- оптика қызметтері;

Оптика АҚ-мының есеп саясаты
1.1. Оптика АҚ-мы ҚР-ның Әділет министрлігінде 1994 жылдың 15
наурызында тіркелген (тіркелу куәлігінің нөмірі №3163-1910-АО) Меншік түрі
– жеке меншік.
1.2. Атауы Оптика АҚ
1.3. Қоғамның акционерлері – жеке тұлғалар
1.4. Негізгі шаруашылық түрі – оптикалық өнімдерді бөлшектеп сату.
1.5. Оптика АҚ өз шаруашылығын келесі құжаттар мен нормативтік
актілер негізінде жүргізеді:
• Оптика АҚ жарғысы.
• ҚР азаматтық кодексі №409-1 01.07.99г (өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып);
• ҚР Заңы 13.05.2003ж №415-11 Акционерлік қоғамдар туралы
(өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып);
• Өзге де заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулар;
2. Басқару, ұйымдастыру құрылымы
2.1. Оптика АҚ-ның басқару органдары мыналар:
Жоғарғы басқару органы – акционерлер жиналысы; атқарушы Президент.
2.2. Оптика АҚ акционерлер жиналысы мен президентінің өкілеттілігі
ҚР-ның заңдарына және АҚ жарғысына сәйкес жүргізіледі.
2.3. Президент қарамағында: заң сұрақтары жөніндегі вице- президент,
сату жөніндегі вице-президент және бас бухгалтер.
2.4. Сату жөніндегі вице-президенттің функциялары:
кәсіпорынның қаржы жоспарын құру; меншікті айналым қаражатының
керектігін анықтау және нормативті есептеу.
2.5. Бас бухгалтердің атқаратын жұмыстары мыналар: ақша қаражаттары
операцияларын бақылау; ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепті құру; қаржы
есебін талдау; салық саясаты мен салық есебін дайындау әдістерін анықтау,
белгіленген мерзімде шаруашылық туралы толық және дұрыс ақпаратпен
қамтамасыз ету; қаржы есебін уақытылы құру және ұсыну; өндірістік
шығындардың есебі; бухгалтерлік жұмыстарды компьютерлендіру және
бухгалтерлік есептің салаларын бір орталық жүйеге біріктіру; келіп түскен
ақша қаражаттары мен тауарлы-материалдық қорлар есебінің дұрыс жүргізілуін
бақылау; шығын сметаларын бақылау мен түгендеу жүргізу; ішкі аудит.
3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың құрылымы
3.1. Оптика АҚ бухгалтерлік есебі келесі нормативтік құжаттарға
сәйкес орталық бухгалтерияда жүргізіледі:
- Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы №2732 26.12.1995ж ҚР
Заңына;
- 29.10.02ж №542 қаржылық есепті дайындау мен ұсынудың концептуалды
негізі;
- Бухгалтерлік есеп стандарттары;
- Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелер;
- Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары;
- Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын қолдану
түсініктемелері;
- Оптика АҚ Есеп саясаты;
- Оптика АҚ жұмыс шоттар жоспары;
- Әдістемелер, нұсқаулар мен басқа да бухгалтерлік есепті жүргізуге
арналған нормативті актілер.
3.2. Оптика АҚ бухгалтерлік есеп пен қаржы есебінің негізгі міндеті
АҚ қаржы жағдайы туралы, шаруашылығы және қаржы жағдайындағы өзгерістері
туралы толық және дұрыс ақпаратпен қызығушылығы бар тұлғаларды қамтамасыз
ету.
3.3. Алдыңғы кезеңдегі қаржы есебін құрған кездегі қате табылған
жағдайда, ағымдағы кезеңдегі таза табыс немесе зиянды есептегенде,
түзетілген қате сомасы ескеріледі.
3.4. Ақ қаржылық есебінің негізгі сапа характиристикасы түсініктілігі,
сенімділігі, салыстырмалылығы болып келеді.
3.5. Оптика АҚ есеп саясатында мына жағдайларда өзгертулер
жүргізілуі мүмкін:
- егер заңға сәйкес қажет болса, сонымен қатар бухгалтерлік есеп
туралы заңға;
- егер бұл өзгерістер Оптика АҚ қаржы есебі операцияларының одан да
дәл болуына әкелсе.
4. Бухгалтерлік құжаттар
4.1. Бухгалтерлік жазулар щаруашылық операциялар жасалғаны тіркелген
бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Оптика шаруашылығы
активтеріне әсер етуші барлық шаруашылық операциялар мен басқа да оқиғалар
меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте
көрініу тиіс. Бастапқы құжаттар Оптика АҚ операция жасалған кезде
құрылады, егер бұл мүмкін болмаса – операция аяқталғаннан кейін құрылады.
4.2. Бухгалтерлік жаулар қолмен және 1С:Бухгалтерия
компьютерлендірілген есеп жүйесінің көмегімен жасалынады.
4.3. Бірыңғай шаруашылық операцияларына жиынтық есеп құжаттары
ашылады. Жиынтық есеп құжаттарға бастапқы құжаттар қыстырылса, олар
дәлелдеу күшін сақтайды.
4.4. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрларының мазмұны
коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады. Бұл ақпаратты
Оптика АҚ басшыларының рұқсаты бар тұлғалар мен ҚР Заңына сәйкес
мемлекеттік органда қызмет ететін тұлға ала алады.
4.5. Бухгалтерлік есеп құжаттарына қол қою құқығын және қол қою
иерархиясын тұлғалардың қызметіне сәйкес Оптика АҚ басшылары белгілейді.
4.6. Оптика АҚ бастапқы құжаттарды бухгалтерлік есеп регистрлерін
қағаз және электронды ұстаушыда, қаржы есебін, есеп саясатын, ҚР Заңында
белгіленген уақыт аралығында сақтайды. Оптика АҚ құжаттарды сақтаудың
келесі мерзімдері белгіленген (Кесте № 1)
Оптика АҚ құжаттарды сақтау мерзімдері

Кесте №1
№ Құжаттар атауы Сақталу мерзімі
1 Кәсіпорынның қаржылық есебі мен
оған түсініктеме:
А. Жиынтық жылдық әрқашан
Б. Жылдық әрқашан
В. Тоқсандық 5 жыл
Г. Негізгі құралдардың ескіруі мен5 жыл
қайта бағалануы жөніндегі актілер
және ведомостар
2 Тұлғалық шоттар:
А.Жұмыскерлер мен қызметкерлердің 75 жыл – в
Б.Зейнетақы мен мемлекеттік 5 жыл
пособия алушылар
3 Бұдан басқа да жоғарыда 5 жыл
көрсетілмеген құжаттар

5. Түгендеу
5.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есебінің мәліметтері дұрыс
болуы үшін Оптика АҚ мүліктер мен ақша міндеттемелерін тугендеу жылына
бір реттен кем емес өткізіліп отырады.
5.2. Түгендеу өткізу түріне байланысты жоспарлы және кенеттен
болады.
Жоспарлы тугендеу Оптика АҚ белгіленген мерзімде өткізіледі :
- негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық қорлады тугендеу жылдық
бухгалтерлік есепті құрудың алдында бір реттен кем емес
өткізіледі;
- Оптика АҚ ақша қаражаттары мен кассадағы ақша құжатарын тоқсан
сайын бір рет түгендеу жүргізіледі.
- Оптика АҚ дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуын тоқсан
сайын бір рет түгендеу жүргізіледі.
Кенеттен түгендеу Оптика АҚ бірінші басшысының тапсырмасымен
жспарлы тугендеудің графигіне байланыссыз өткізіледі.
5.3. Оптика АҚ міндетті түрде өткізілетін түгендеулер:
- материалдық жауапты тұлғаның ауысуына байланысты;
- тауарлы-материалдық қорлардың ұрлануы мен бүлінуі орын алғаны
анықталғанда;
- Өрт, табиғи опат және басқа да зілзалалар болған жағдайда;
- Кәсіпорынды тарату кезінде ҚР Заңында белгіленген тарату балансын
құру алдында.
5.4. Түгендеу өткізу жауапкершілігі Оптика АҚ бас бухгалтері
мен түгендеу комиссиясның міндеті. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
Комиссия төрағасы – вице-президентАҚ
Комиссия мүшелері – АҚ филиалдарының меңгерушісі
- оптик-консультант
- бухгалтер

2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру .

2.1.Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір
шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса опера-цияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-Кассадағы қолма-қол ақша
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша және 452-
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шоттарында жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері №2 қосымша бойынша
жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша
салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған
ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған
кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа алуға міндетті.
Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен №3 қосымша немесе
басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем
тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да
құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордер-леріне қоса тіркелген
құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол
қоюы міндетті емес. Жеклеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша
берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін
көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оның кімнің және қашан
бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған
сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны
алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге:
Сенімхат бойынша деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне
немесе ведомостқа қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды
бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен
сыйлықтар төлем тізімдемесі №4 қосымша бойынша таратылады, оның қас бетінде
ақша бертін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен
бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе Депозитке салынды деп қолымен жазып
белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса,
төлем тізімдемесінде: Тізімдеме бойынша ақша таратқан деген жазу
жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс
және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және
шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс
және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және
жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаржаттарының
нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса,
кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың
толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың
рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас
бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген
қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан
кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп
басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды
немесе Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында №5 қосымша
жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы
парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі
көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі
ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының
жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан юасталады. Алдын ала
парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп
парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын
парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртыл-
майтын бөлігінің сыртқы жағынан көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі
жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөнінде құжаттың нөмірі, коррес-понденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесеесеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың , яғни 451 шоттың дебеті мен кредиті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі
қолма-қол ақша шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:
441-Есеп айырысу шотындағы ақша шоты – кассаға есеп айырысу шотынан
алынған сомаға;
333-Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі
қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-
таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
701-Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс
шоты материалдар,жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп
айырысқан кезде.
Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредиттелінеді және мына
төмендегі шоттар дебеттелінеді:
681- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу шоты – кәсіпорын
қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
333-Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі шоты –
кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
441-Есеп айырысу шотындағы ақша шоты – кәсіпорынның есеп айырысу
шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің
сомасына.
Валютамен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452-Кассадағы
шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шотын ашады.Валюта кассасындағы
есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның
айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында
каражаттарсомалары шетел валюталарымен және теңгеге айнал-дырылған түрінде
көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлердің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттелінеді де және мына төмендегі
шоттар кредиттеледі:
431-Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша валюта шотынан валюта түскен
кезде;
301-Алынуға арналған есептеулер шоты – кассаға алынған валюта
түсімінің сомасына;
725-Бағам айырмашылығынан аланатын кіріс шоты – тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
333-Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі шоты – есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредит-телінеді және
мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:
333-Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі шоты –
есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
431-Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша шоты – валюта шотына
өткізілген валюта сомасына;
844-Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар шоты – тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәти-жесінде болған бағам
айырмашылықтарының сомасына;
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Қоғамдық
тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты
олардан түскен түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша каражаттары бойынша
түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді.
Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орнала-сады. №1034 Қазақстан
Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп
айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген.
Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ)
енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін
беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату
келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
ТЖБКМ сатылып алынғанда оны тіркеуден өткізу үшін салық органына арыз
жіберіледі. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну қажет:
арыз, заңды тұлғаның мемлемкеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің
көшірмесі , БКМ паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық
органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғандығын және БКМ-ның белгіленген
талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на
карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына
қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы
тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық
жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451-Операциялық кассадағы қолма-
қол ақша аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
701-Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс
шоттары және басқа да шоттар – кассаға алынған түсімнің сомасына;
301-Алынуға арналған есептеулер шоты – сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты дебеттеледі
де, ал 451 шоттың Операциялық кассадағы қолма-қол ақша аралық шоты
кредиттеледі.

2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Банкі шоттары теңгеменде, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезже, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауда
және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады.Банк шоттары
бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері;
келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі
органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің
көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар
тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол
үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есбіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты;
аудандықеңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық
жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына
жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе
оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң
тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі
тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады.Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін элекрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі
есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым
салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге
асады. Банктегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы
шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе
қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол
тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі
құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұрығы. Хабарлама
сиямен бір дана етіп жазылады; Қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және
ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 441-Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақша шотында жұргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша
банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі
болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші
субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін мөрінің
таңбасымен расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның
орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен
бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелген құжаттарда көшірмеге қол
қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген
календарлық штемпелі қойылу тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып
қолқою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген
мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе
банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы
жіберілуі мүмкін.
Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441-
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша шоты кредитінен 334-Өзге де
дебиторлық берешек шотының дебетіне есптен шығарылады, ал есепке алынған
сомалар 441-шоттың дебеті және 687-Өзгелер шотының кредиті бойынша
көрініс табады.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде,
немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш
жылдан астам кезінде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде шот иеінің банкідегі есепшот жабылғандағы туралы хабарлама
жасауы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі
өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы
керек.
Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс
табады:
441-Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша шоты дебеттеліп, мына
төмендегі шоттары кредиттеледі:
451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша шоты –
кассадан акеліп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;
301-Алынуға арналған есептеулер шоты – сатылған өнім, жұмыс пен
қызмет төлемақысына;
661-Таурлық-материалдық қорларды бергені үшін алынған аванстар, 662-
Жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін алынған аванстар,
Алынған өзге де аванстар шоттары – сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден алынған аванстарына.
441-Есеп айырысу шотындағы ақша шоты кредиттеледі де, мына шоттар
дебеттеледі;
671-Төлеуге шоттар шоты – алынған өндірістік қорлар, орындалған
жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің
акцептелген шоттарының төлемақысына;
451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша шоты – еңбек
ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға
алынған сомасына;
141-Еншілес ұйымдарға инвестициялар, 142-Тәуелді ұйымдарға
инвестициялар,143-Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар –
шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың
сомасына;
401-Акциялар, 402-Облигациялар. 403-Өзге де қаржылық
инвестициялар шоттары – сатылып алынған акциялар , облигациялар,
банктердегі депозитшоттарына салынған салымдарына;
351-Тауарлы-материалдық қорларды жеткізгені үшін берілген аванстар,
352-Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген
аванстар шоттары - жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс
сомаларына;
601-Банктердің қарыздары, 602-Банктен тыс мекемелердің қарыздары
шоттары – есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем
қаражаттарының сомасына;
641- Еншілес ұйымдарға берешек, 642- Тәуелді ұйымдарға берешек,
643- Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек шоттары – еншілес және
тәуелді серіктестерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;
633-Қосылған құн салығы, 639-Өзге де салықтар, алымдар және
бюджетке төленетін міндетті төлемдер шоттары – салық бойынша бюджетке
төлемдер төленгенде;
651-Кепілдікті міндеттемелер - жеке және мүліктерін сақтандыру
бойынша қарыз сомасын төлегенде;
631-Төленетін корпорациялық табыс салығы - бюджетке корпоротивтік
табыс салығын төлегенде.

2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы,
нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде
жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент
еместер арсындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық
актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа
жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы
жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1
Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001
жылғы №115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі негіз болып
табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып
Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар
банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті
банктер заңды тұлғалар ұшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар – резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада
және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 Қазақстан Республикасының
банктердегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Ақша қаражаттары аудиті
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Пәндер