Лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Лизингтік операциялардың теориялық аспектілері
1.1 Лизингтің экономикалық мәні ... ... ... ... ..5
1.2 Лизингтік операциялардың негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 ҚР лизингтік операциялардың дамуын талдау
2.1 ҚР лизингтік операциялардың дамуын 2013.2015 жылдарда талдау ... ... ... 30
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

3 ҚР лизингтік операциялардың мәселелері мен дамуы
3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар ... ... ... ... ...56
3.2 ҚР лизингтік операция проблемаларын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Пайдаланған әдебиеттер
Бүгінгі күнде, еліміз әлемдік шаруашылықтың толық құқылы мүшесіне айналуы, КСРО ыдырап, орнына нарықтық қатынастар орнауынынан кейін біз саяси, әлеуметтік-эконоикалық проблемаларға тап болдық.
Проблемалар саны аз емес, оларды бірден толығымен шешу ешкімнің қолынан келмес. Нарықтық экономикалық қатынастарға өрлеп бара жатқан мемлекет үшін барлық мәселерді мұқият қарастыру керек, өйткені мұнда тым кеткен ауытқулар ертеңгі жағдайға елеулі әсерін тигізуі мүмкін.
Проблемалардың көбісі, біздің ойымызша, мемлекет үшін стратегилық маңызыды экономика салаларында шоғырланған. Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.Мұндағы физикалық және моралды тозған жабдықтарға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймыз.
Сапасы жоғары (әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттік мүмкіндіктерін былай қойғанда) тауарларды тозығы жеткен жабдықтар көмегімен өндіру мүмкін емес екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен бүгінгі таңда кәсіпорындардың бағасы қымбат, оған қоса ғылыми-техникалық даму нәтижесінде тез жаңартылып отыратын жаңа құралдарды сатып алуға мүмкіндіктері жетіспейді. Жабдықтарды несиеге сатып алып, айналыс құралдарына қайтадан инвестиция тарту де проблемаға айналады.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы дүние жүзінде 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан лизинг қатынастарын дамытуда жатыр деп ойлаймыз. Оның себебі, көптеген кәсіпорындар өндірісті интенсификациялау мен техникалық жаңартуларға қомақты қаржы ресурстарын бөлу қиынға соққан кезде, өндіріс аясын дамыту мен меншіктің барлық формаларындағы, соның ішінде, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысатын отандық өндіріске қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін лизинг бизнесінің рөлін арттыру қажеттігі туды. Сонымен қатар, бұл экономиканың барлық саларындағы физикалық тоған және моралды ескірген негізгі капиталды толығымен жаңартудағы күрделі проблеманы шеше отырып, салықтық жеңілдіктерді иемденуге көмектесе алады. Лизинг бизнесінің құқықтық, салықтық және басқа да негіздерін құру шағын және орта бизнес дамуының қарқынын және даму көлемін жылдамдатады.
1 Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы, Егемен Қазақстан 12/УП- 00 (10.07.2003 ж. N 483-II; 10.03.2004. ж. N 532-II толықтырулармен).
2 1994 жылдың 28 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» Заңы (толықтырулармен қоса)
3 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің зандық күші бар Жарлығы // 31.08.1995, N 2444;
4 Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банк статистикалық бюллетені;
5 2012-2014ж.ж ҚР лизинг даму бағдарламасы;
6 Горемыкин В. А. «Лизинг», Москва - 2003
7 Покровская В. В. «Халықаралық коммерциялық операциялар мен олардың регламентациялары», М-ИНФРА, Москва – 2006ж
8 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары.Оқу-құралы-Алматы,2004ж
9 ҚазАгроҚаржы АҚ http://www.kaf.kz
10 Францева Е. Ф. «Лизинг», Москва – 1998 жыл.
11 Сагадиев К. Қазақстандағы лизинг: дамудың проблемалары мен перспективалары. Азия-ЭЖ/2003ж. №13
12 Смағулов А. С. «Лизинг», Алматы – 1998ж.
13 Абдраимов Р. ҚР қаржы лизингінің дамуы: реалдығы мен перспективалары /Аль-Пари 2005ж. № 4-5
14 Айманова Л.;Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы / Аль-Пари 2005ж. № 4
15 Комаров В. Реалды секторға реалды көмек / Лизингтік қатынастардың дамуы // Риск 2003ж. № 2-3
16 Лизинг: Инвестициялайдың тиімді мүмкіндіктері мен өндірісті қайта құру / Бизнес 2005г. № 3-4
17 Мэнсен Т., Цыганов А. Шағын кәсіпкерлік саласындағы лизингтік мәмілелерді сақтандыру / Финансы 2006ж. № 13
18 Анвар Сайденов «Операция Лизинг», «Казахстанская правда» газеті № 209-210 28.09.2009ж, б. 6
19 Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігіhttp://WWW.kazstat.asdc.kz
20 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіhttp://WWW.nationalbank.kz
21 http://www.leasing.kz
22 Тлеужанов Е.; Киреева К. Лизинг – инвестициялық қаржыландыру формасы. /Аль-Пари 2004ж. № 4
23 Баишев Б., Бекетов К. Лизинг как форма арендных отношений//Банки Казахстана, 2000ж, N2,5.32-34.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Лизингтік операциялардың теориялық аспектілері
1.1 Лизингтің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Лизингтік операциялардың негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 ҚР лизингтік операциялардың дамуын талдау
2.1 ҚР лизингтік операциялардың дамуын 2013-2015 жылдарда талдау ... ... ... 30
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .33

3 ҚР лизингтік операциялардың мәселелері мен дамуы
3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларға байланысты туындаған проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
3.2 ҚР лизингтік операция проблемаларын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64

Кіріспе

Бүгінгі күнде, еліміз әлемдік шаруашылықтың толық құқылы мүшесіне айналуы, КСРО ыдырап, орнына нарықтық қатынастар орнауынынан кейін біз саяси, әлеуметтік-эконоикалық проблемаларға тап болдық.
Проблемалар саны аз емес, оларды бірден толығымен шешу ешкімнің қолынан келмес. Нарықтық экономикалық қатынастарға өрлеп бара жатқан мемлекет үшін барлық мәселерді мұқият қарастыру керек, өйткені мұнда тым кеткен ауытқулар ертеңгі жағдайға елеулі әсерін тигізуі мүмкін.
Проблемалардың көбісі, біздің ойымызша, мемлекет үшін стратегилық маңызыды экономика салаларында шоғырланған. Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.Мұндағы физикалық және моралды тозған жабдықтарға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймыз.
Сапасы жоғары (әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттік мүмкіндіктерін былай қойғанда) тауарларды тозығы жеткен жабдықтар көмегімен өндіру мүмкін емес екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен бүгінгі таңда кәсіпорындардың бағасы қымбат, оған қоса ғылыми-техникалық даму нәтижесінде тез жаңартылып отыратын жаңа құралдарды сатып алуға мүмкіндіктері жетіспейді. Жабдықтарды несиеге сатып алып, айналыс құралдарына қайтадан инвестиция тарту де проблемаға айналады.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы дүние жүзінде 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан лизинг қатынастарын дамытуда жатыр деп ойлаймыз. Оның себебі, көптеген кәсіпорындар өндірісті интенсификациялау мен техникалық жаңартуларға қомақты қаржы ресурстарын бөлу қиынға соққан кезде, өндіріс аясын дамыту мен меншіктің барлық формаларындағы, соның ішінде, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысатын отандық өндіріске қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін лизинг бизнесінің рөлін арттыру қажеттігі туды. Сонымен қатар, бұл экономиканың барлық саларындағы физикалық тоған және моралды ескірген негізгі капиталды толығымен жаңартудағы күрделі проблеманы шеше отырып, салықтық жеңілдіктерді иемденуге көмектесе алады. Лизинг бизнесінің құқықтық, салықтық және басқа да негіздерін құру шағын және орта бизнес дамуының қарқынын және даму көлемін жылдамдатады.
Лизингтік қатынастар өндірісті дамытудың перспективті бағыты мен техникалық қайта жарақтандыру екпіні бола алады.
Қазақстан экономикасының дамуын тежеп тұрған өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша, негізгі қорларға инвестициялаудың ерекше түрі ретіндегі - лизингтің маңызы өте жоғары.
Лизингтік келісімнің объектісіне - өндіріс циклінде жойылмайтын кез келген мүлік бола алады. Іс жүзінде лизингке берілетін мүлікке моралды ескіруі жылдам техникалық жабдытар, бағасы қымбат машиналар, станоктар, автомобильдер, су көлігі, ауыл шаруашылығы техникасы, ғимараттар мен құрылыстар және т.б. жатады.
Лизингтік келісімнің негізгі қатысушыларына Лизинг беруші, Лизинг алушы және Жабдықтаушы жатады. Соған қоса, көпжақты мәміле орын алса, брокерлік лизингтік, трасталық, сақтандыру және қаржы компаниялары, дилерлер, брокерлер, комиссионерлер, маклерлер, консигнаторлар, агенттер сияқты түрлі делдалдар да қатыса алады. Шетелде жасалған ірі мәмілеге 6-7 субъект қатыса алады.
Зерттеудің негізгі мақсаты: лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.
Курстық жұмысының алдындағы міндетіне:
* Теорияны зерттеу негізінде лизингтік мәмілеге қатысушылар мен жалпы мемлекет экономикасы үшін лизингтің артықшылықтарын анықтау.
* Тәуелсіздік алған жылдардан бастап лизинг бизнесінің дамуын талдау.
* Қазақстандағы коммерциялық банктердің лизинг қатынастарын қарастыру.
* Еліміздегі лизинг бизнесін тежеп тұрған проблемаларды анықтау мен оларды шешу жолдарын қарастыру жатады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде, лизингті пайдаланудың теориялық аспектілері, яғни лизингтің шығу тегі,пайда болуы,лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері,жалпы экономикалық мәніне тоқталамыз.
Екінші бөлімде,ҚР лизингтік операциялардың дамуына талдау,және Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау жасау.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг мәселелері мен дамуын қарастырамыз.

1. лизингті пайдаланудың теориялық аспектілері

0.1 Лизингтің экономикалық мәні
Байлық көзі иелену құқығында емес,пайдалану құқығында жатыр
Аристотель.

Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда "жалға беру" беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизингтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 383 - 322 ж.ж.)"Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности" атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді.Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales).
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа "лизинг" терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) "Белл" телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған "United States Leasing Corporation" американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компаниялар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модификациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар "қаржы-лизингтік қоғамдар" деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания "Локафранс"1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжымайтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс", "Слибай", "Локабай", "Софимобай", "Слиминико", т.б..
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима" ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония" мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне" дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 "бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары" КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес - неміс лизингтік компания "Евролизинг"құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан - Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы " Насиональ де Пари Банкісі", ал неміс жағынан - Батыс Германияның ірі лизингтік компания - "Митфинанц ГмбХ" болды.[12,9б]

1.2 Лизингтік операциялардың негізгі элементтері

Лизингтік мәміле-бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
Лизинг алушы -лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
90-шы жылдардың бірінші жартысында, нарықтық өзгерістер нәтижесінде, бұрын біздің экономикамызда болмаған қаржы құралдары, банктер, несие орталықтарында және жай ғана мекемелерде қолданыла бастады.
Осы сияқты шарттардың бірі, Батыста кеңінен қолданған, жаңа инвестицияның қайнар көзі болып табылатын қаржылық жалға беру немесе қаржылық лизинг, басқаша айтсақ жай ғана лизинг.
Осылайша лизинг терминін қолдану жалға берудің жаңа түрін енгізуге үлкен әсерін тигізді.
Қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті шығарушы мен оны қолданушының арасында қаржы жұмысы бойынша делдал (посредник) жүреді. Оның атқаратын қызметі: шартты қаржыландыру.
Қаржылық лизиг - жеке меншік мүліктік белгілі бір төлемақыға басқа біреуге уақытша пайдалануға берудің нәтижесінде шыққан мүліктік және экономикалық қатынас. Ал классикалық лизинг бойынша үш тұлғаның шартқа қатысты байқалады: лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушы.
Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг мекемесінде шарт жасауға ұсыныс жасайды.
Бұл келісімшарт бойынша лизинг алушы өзіне алатын мүлікті жақсы білетін сатушыны таңдайды, ал лизинг беруші меншігіндегі мүлікті лизинг алушыға лизинг төлем шарты бойынша уақытша қолдануға береді. Келісімшарт аяқталғаннан кейін - шарт бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе лизинг алушының жеке меншігінде қалады.
Егер сатушы немесе лизинг беруші, немесе сатушы не лизинг алушы бір адам болса, онда шартқа катысушылар саны екіге қысқарады.
Егер лизинг мүлігі өте қымбат болса шартқа катысушылар саны да көбейеді. Ол лизинг берушінің қаржы мөлшеріне байланысты.
Мүліктік қатынас жағынан қараганда лизинг шарты екі сатыдан тұрады.
1. Сату-сатьш алу құқығы.
2. Мүлікті уақытша пайдалану күкығы.
Бұл кұқықтар әртүрлі келісім шарт арқылы жасалады.
Егер лизинг келісімшартында мүлікті келісімшарт біткеннен кейін сатылады деп алдын-ала көрсетсе, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы сату-сатып алу қатынасына ауысады да, лизинг беруші мен пайдаланушы арасыңда тек мүлік болады.
Айта кетерлік бір жайт лизинг процесі кезіндегі барлық элементтер бір-бірімен тығыз байланысты.
Мүлікті уақытша қолдану катынасы (яғни лизинг келісімшарты) сату-сатып алу туралы келісім шарттарға өз күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді яғни бір келісім шартты жасау, екінші үлкен істі атқаруға бастама болады, ал лизинг процесіне қатысушылар тығыз байланыста бола отырып, әртүрлі сатыда өзара қызмет атқарады. Бірінші сатыда, құрал-жабдықты жөндеуші және болашақ лизинг беруші сату-сатып алу келісім шартын жасай отырып сатушы және сатып алушы ретінде таныла алады. Осыдан мүлікті пайдаланушы, сату-сатып алу келісімшартында заңды түрде қатыспаса да, лизинг шартының белсенді тұлғасы болып қала береді. Сату және сатып алу келісімшартының техникалық сұрақтарын (мәселен, мүлікті қабылдап алу тәртібі) дайындаушы мен лизинг алушының арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты каржыландыру міндеті артылады.
Ал екінші сатыда мүлікті сатып алушы, сол мүлікті лизинг беруші ретінде уакытша колдануға береді. Бірақ екінші келісімшарт бойынша қарым-қатынастар мүлікті қолданушы мен лизинг берушінің арасында болмайды. Мүлікті сатушы лизинг берушімен келісімшартқа тұрғанымен, құрал-жабдықтың сапасына қатысты жауапкершілігі пайдаланушының алдында қала береді.
Лизинг қатынасындағы үлкен де маңызды рөлді мына бір құбылыс атқарады: Ол мүлікті уакытша қолдануға беру катынасы. Ал мүлікті сату және сатып алу қатынасы екінші орында. Сондықтан да жұмыс барысында лизинг келісімшартындағы шарттардың барлығының орындалуына көбірек көңіл бөлген жөн.
Экономикалық жағынан лизинг несие және инвестициямен ұқсас болып келеді. Осылайша несиелік қарым-қатынастары үш үлкен принципке тоқталады.
1. Несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі.
2. Белгіленген мерзімнің қайтарылуы (возвратность)
3. Көрсетілген қызмет үшін белгілі бір төлем алынады.
Лизинг бойынша мүлік иесі, затын уақытша басқа біреуге қолдануға береді де, белгіленген уақытта оны қайтадан алады, ал жасаған қызметі үшін төлемақы алады. Сырт көзге несие қатынасының элементі сияқты. Бірақ, қатысушылар ақшамен емес, мүлікпен жұмыс істейді, Осыған байланысты ол тауар нссиесіне, ал формасы жағынан инвестициялык, қаржыландыруға ұқсайды. Лизинг шарты толық мәнді орындалуы үшін лизинг берушінің өзінің жеке қаржысы болуы керек немесе ол "арзан" ақшаға қолы жете алуы керек. "Арзан" ақшаға қол жеткізу дегеніміз - банк, несие орталықтары, қаржы құрамының көмегімен жасалған лизинг компаниялары.
Лизингтің бүкіл әлем таныған, ең белгілі түрі қаржы лизингі және операциялық лизинг. Операциялық лизингті баскаша оперативті лизинг деп атайды. Лизингтің осындай түрлерге бөлінуі көбінесе мүлікті қолдану уакыты және тәуекелге бел буумен лизингке берілген мүліктің байкаусызда бүлінуімен байланысты.
Оперативті лизингте келісімшарт мерзімі мүліктің пайдалану мерзімімен қысқа болады және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын жабады. Сондықтан да лизинг беруші мүлікті уақытша колдануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және де оның мүлкіне сұраныс жоқ болса, мүлік құнын жоғалтады. Осындай шарттарға байланысты оперативті лизингтің құны қаржы лизингінен анағұрлым жоғары болады.
Қаржы лизингіне жалға беру мерзімінің ұзақ болуы мүлік құнының (көп немесе барлығының амортизациясы) үлкен болуы тән. Лизинг шарты уақытында лизинг беруші лизинг төлемдерінің арасында өзіне мүліктің толық құнын қайтара алады және лизинг шартынан өзіне пайда көреді.
Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды, транспорт түрлерін, кұрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға алу деп түсінеді. Бірақ "лизинг" түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.
Лизингтің арендасы едәуір үлкен айырмашылығы бар. Жалға алушыға қарағанда лизинг алушы объектіні тек ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмайды. Оның мойнына жеке меншік құқыұымен байланысты сатып алушының дәстүрлі міндеттері ілінеді, олар: мүлік ақысы, кездейсоқ жағдайда мүлік жоғалса орнына келтіру, оны сақтандыру және техникалық жабдықтау, сонымен бірге жөндеу. Алайда лизингті беруші мүлікке жеке меншілік етеді.
Лизингті келісім объектісінің өлімі мен қолдана алмасушылығы қарызды өтеу міндетінен бастайды. Лизингті алушының жалға алушыдан айырмашылығы - лизингті алушы лизингті берушіге объектіні қолданған құқығы үшін әр ай сайын ақша төлейді, оның толық бағасын төлейді. Лизингтік келісімде объектінің кейбір ақаулықтары болып калса, лизингті беруші барлық кепілдік міндеттерінен басталады деп есептелінеді, ал лизингті алушы барлық талабын тікелей жеткізіп берушіге қояды.
Лизингті беруші объектіні лизингті алушылардың сұрауымен орындайтындықтан, мұндай тәсіл дәлелденген. Сонымен қатар, міндеттерді осылайша бөлу объектіні күтудің кепілі болып табылады.
Сол сияқты мынаны да есепке алу қажет, егер жалға беру жалға алушы мен жалға берушінің арасындағы екі жақты келісім болса, ал лизингтік контракт үнемі үш жақты немесе көпжақты мінезге ие. Оны келесі сызба мысалдан көруге болады.

Лизинг беруші
(Лизинг компаниясы)
Лизинг алушы
(Өндірістік кәсіпорын)
Жабдықтаушы
2

1 3
4


Сурет 1. Екіжақты лизингтік мәміле
1 - Лизинг компаниясы мен құрал-жабдық алғысы келген Өндірістік кәсіпорын арасында келісімшарт жасалады. Лизинг компаниясының клиенті таңдаған құрал-жабдыққа тапсырыс береді.
2 - Лизинг компаниясы клиент сұранысы бойынша Жабдықтаушымен сату - сатып алу туралы келісімшарт негізінде құрал-жабдықты сатып алады.
3 - Жабдықтаушы Өндірістік кәсіпорынға құрал-жабдықты жеткізеді.
4 - Құрал-жабдықты пайдаланушы Өндірістік кәсіпорын Лизинг берушіге лизинг төлемдерін төлейді.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болыу мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операйия деп те атайды. Көпжақты лизингтік мәміле тәртібін 2 - ші сызбадан көруге болады.

Лизинг беруші
(Лизинг компаниясы)
Жабдықтаушы
Лизинг алушы
(Өндірістік кәсіпорын)
Банк

Сызба 2. Көпжақты лизингтік мәміле

Дерек көзі: Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы.- Алматы, 2004

1 - Банк пен Лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі.
2 - Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін Жабдықтаушыға төлейді.
3 - Жабдықтаушы Лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4 - Лизинг компаниясы мен Лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келсмшарт жасалады.
5 - Жабдықтаушы Өндірістік кәсіпорынға құрал-жабдықты жеткізеді.
6 - Құрал-жабдықты пайдаланушы Өндірістік кәсіпорын Лизинг берушіге лизинг төлемдерін төлейді.
7 - Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Кейбір экономистер лизингті, белгілі бір тауарды үшінші жақтың жеке меншік құқығы ретінде қолдану және оған қысқа, орта және ұзақ мерзімді жалға беретін, арнайы лизингтік компанияның делдалдылық негізінде негізгі қорға қаржы бөлудің спецификалық формасы деп түсіндіреді.
Лизингті қаржыландырудың бір тәсілі деп қарастыру, лизингті беруші лизингті алушыға жабдықты қолдану және оның ақшасын бөліп-бөліп қайтаруға мүмкіндік беруінен бастау алады, былайша айтқанда несиеге береді.
Басқалары лизингтік продукцияны жалға алу инструменті және инвестициялық процестің маңызды каналы толық қамтылған іскерлік қарым-қатынастағы жаңа формалар деп есептейді. Сонымен катар оның ұзақ мерзімді қолдануда товарды экспортқа шығаруда несиелеу формасы деп те қарастырады.
Тар және бірмағыналы қатардағы анықтамалар бойынша, жалға беру -қаржыландыру формасы, несиелеу формасы, товарды жалға алу формасы - лизингнтің көп қырлы табиғаты жаңа, күрделі пар-парымен лизинг - несие, лизинг - жалға беру, жалға беру - істеу, лизинг - сатып алу, жалдау - сатып алу, сату-қарсы лизинг, сатып алу лизинг сияқты конструкция тудырады. Сондықтан бір жағдайларды лизинг сауда-қаржылық несие қаржы-коммерциялық операция деп түсіндірілсе, баска жағдайларда - сату - жалға беру, кейде - несие - жалға берушілік келісімі деп танылады,
Австрияның атақты бизнесмендерінің бірі Вольфганг Хайер "Европада бизнес көзін қалай табуға болады" деген кітабында "Лизинг ол не, жалға беру кепілі ме, әлде несие алу келісімі ме?" деген сұрақ қояды да, "Тұтастай алғанда, лизинг жоғарыда аталған келісімдердің элементтерінің сәйкестігінен туындайтын ерекше түрдегі келісім" деп жауап береді.
Лизинг мәселесімен айналысатын көптеген ресейлік экономистер "лизинг - аренда мен жалға алған жабдықты төлеу несиесін байланыстыратын сфера" деген ұқсас пікірді ұстанады.
Экономикалық қатынаста лизинг қаржы операциясы, қаржы бөлуді жүзеге асыру амалының жаңа формасы деп қарастырылады.
Егер лизингті - шапшаңдық, қайтарымдық және ақылық шартпен мүлікті уақытша колдану деп түсінсек, оны негізгі қорларға затты несие ретінде бере аламыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизинг машина немесе жабдық сатып алуда несие алудың бір формасы немесе дәстүрлі банктік қарыздарға жататын еді.
Кез-келген лизиигтік келісімнің өзекті мәселесі - қаржы, нақты айтқанда, несие операциялары. Мүліктің иесі қолданушыға өз тарапынан қаржылық көмек көрсетеді; ол мүлікті толық бағасына сатып алады, жекешелендіреді, содан белгілі бір уақыт өткен сайын, лизинг алушы сол сумманы орньша қояды.
Сондықтан экономикалық мағынада лизинг - лизинг берушінің лизингті алушыға мүлікті пайдалануға беретін форма немесе несие. Мұндай несиелік қарым-қатынастарда субъект ретінде қарыз беруші - лизинг беруші, ал қарыз алушы лизинг алушы болады, қарыздың объекгісі машиналар, жабдықтар транспорт түрлері және т.б, негізгі элементтер.
Қарызға берілген лизингтің бағасы сыртқы формасы жағынан коммерциялық несиеге ұқсас, алайда олардың арасында принципиалды айырмашылықтар бар.
Бұл коммерциялық несие және лизингті жеке меншіктік қатынасына қатыстығын керсетеді. Коммерциялық несие негізінде, товарды уақытша қолдануға берумен бірге, келісім объектісі, яғни товарға жеке меншікке алу кұқығы да беріледі. Меншікке товарды пайдалану құны , дәл қазір төлеуге мүмкіндік жоқ, уақытша иегерімен төлемдер кіреді.
Лизинг кезінде мүлікті пайдалану құқығы басқару құқығынан ерекшеленеді. Лизингті беруші қолдануға берілетін мүлікті басқару құқығын сақтап қалады, ондай болса оны пайдалану құқығы лизингті алушыға көшеді. Осы қолдану кұқығымен, лизингті берушімен келісіп, лизингті төлем жүргізіп отырады, Лизинтің уақыт мерзімі біткен соң, объект лизинг берушінің жеке меншігінде болады. Мынадай да жағдайлар болады: лизинг алушы лизингтік келісім бойынша объектіні қолданудың уақыт мерзімі біткен соң, оны сатып алу құқығы бар, соған сәйкес объектінің құнын төлеген соң, жеке меншікке құқығы бар.
Коммерциялық несие де, лизинг те де саудалық және несиелік келісімнің өзара байланысы көрсетіледі. Коммерциялық кредит кезінде несиелік келісім сату-сатып алу актісіне негізделген, оның тіршілігі саудалық келісімнің тіршілігіне байланысты. Лизинг кезінде сату-сатып алумен бастала бермейді, себебі ол лизингтік компанияның жеке меншігі де бола алады, және әрқашан да лизингтік келісім мүлікті лизинг алушы сатып алумен аяқтала бермейді. Коммерциялық несие товар түрінде беріледі де, ақшалай жабылады. Лизингте де несие товар түрінде беріледі. Экономикалық табиғаты жағынан лизингтік төлем - несиені мүлік түрінде қолдану төлемі. Келісім біткеннен кейін, лизинг берушіге, қағида бойынша объект натуралды - заттық формасында қайтарылады. Лизингтік келісімнін компенсациялық өзектілігі де болуы мүскін, онда төлем жабдықты жалға алу негізінде продукцияны жабдықтау формасында немесе қарсы жұмыс формасы ретінде жүзеге асуы мүмкін. Коммерциялық кредит қысқа мерзімді. Классикалық лизингте, қағида бойынша, әрі орта мерзімді және қысқа мерзімді келісімдермен бірге, ұзақ мерзімді жалға алу да бар.
Лизинттің несиеден өзгешелігі бар, банктік қарыздың кепілі ретінде жалға алушының мүлігіне жеке меншік құқығы бар. Оның қарызы өтелген соң, мүлік жалға алушының меншігіне айналады. Лизингті қарым-қатынастарда жалға алудың ақшасы төленіп болған соң, объект лизинг берушінің меншігіне айналады.
Перов В.А.былай дейді: Лизингтің феномені 70 жылдарға таман жәй ұзақ мерзімді жалға алу ретінде ғана емес, жалға алу қатынастары, кепілдікпен несие алуды қаржыландыру элементтері, қарыздық міндеттерді есептеу және т.б. қаржылық механизмдері бар жаңа, дәстүрлі емес, спецификалық, перспективті қаржыландырудың толық системасы бар деген сияқты ерекшеліктерге ие болды.
Бұл түсінікке кеңірек берілген амал. Сыртқы экономикалық білім негіздері деген сөздік - анықтамада беріледі: Лизинг - машина және жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу, жалға берушінің товарға жеке меншік құқығын сақтап қалуға негізделген, инвестицияны қаржыландырудың және өтімді активизациялаудың салыстырмалы жаңа тәсілі. Лизингті компаниялар машиналарды, жабыдқтарды, компьютерлерді, транспорт түрлерін сатып алып жалға берушілерге өндіріс мақсатында қолдануға береді, сонымен бірге келісім біткенге дейін оларға меншік қаржы ресурстарын қолдануға альтернативті. Ол өндірістік компанияларға товарды ешқандай шығынсыз алуға, өнімнің ескірунен пайда болатын шығьннан құтылуға мүмкіндік береді.
Нақты экономикалық мағынасына келсек, лизинг - мүлікті уақытша қолдануға беру негізінде қалыптасқан мүліктік қатынастар комплексі. Мүліктік жалға алу келісімімен бірге, бұл комплекс сату-сатып алу келісімі, қарызға алу келісімі және т.б. да келісімдерді өзінің құрамына енгізеді. Лизингке осы келісімдердің күрделі үндесуі және ондай қатынас негізінде туындайтын сіңісушілік тән.[15.36б]
Лизинг тартымдылығы
Біздің білуімізше қатысушы(лар) тұлғаларға пайда әкелмеген шарттар ешқашан да кең ауқымда қолданыла алмайды. Қатысушы тұлғалар үшін лизинг тартымдылығын мынадай шарттар арттыра түседі:
1. Ақша несиесіне қарағанда мүліктік түрде инвестициялау құралдың қайтарылмай қалу мүмкіндігін жояды, себебі лизинг берушіде мүлікке деген жеке меншіктік құқығы болады және ол ақшаға қарағанда қайтарып алуға болатын зат ретінде қаралады.
2. Лизинг 100 пайыздық несиелеуді қарастырады және де алғашқы төлемді қажет етпейді. Сондықтан ешқандай да қаржылық күйзеліске түспей, қымбат мүлікті алу мүмкіндігі болады. Ал жай несиеде, несие беріп отырған мекеме сатып алынған заттың құнын алушының атынан өзі төлеуге тиіс болады.
3. Қандай мекемеге болмасын мүлікті лизинг бойынша алуы тиімді, өйткені лизингтік мүлік кепіл (залог) ретінде танылады. Шетелдерде кейбір лизингтік мекемелер лизинг алушыдан ешқандай кепілдік (гарантия) талап етпейді.
4. Лизинг келісімі екі жаққа да төлемнің ыңғайлы түрін қарастырады. Қатысушы тұлғалардың өзара келісімімен лизинг төлемін тауар реализациясының төлемін алғаннан кейін де бере алады.
5. Лизинг алушының ішкі жан дүниесіне де денсаулығына да көп зиян келмейді, себебі мүлік жеке меншікке алынбайды. Ол тек уақытша қолдануға алынады.
6. Лизинггік мүлік лизинг берушінің балансына кірмейді және бұл мүлікке лизинг беруші салық төлемейді.
7. Лизинг беруші үшін салық төлеміне жеңілдіктер жасалады. Ол үшін лизинг беруші лизинг алушымен салықты төлейді, бірақ лизинг төлемінің құнын түсіреді.
8. Мүлікті өндіруші үшін өнімнің өтімділігі арта түседі.
9. Халық шаруашылық жағынан алып қарайтын болсақ, лизинг өнімді реализацияға беру, өндірудің дамуы ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, жаңа жұмыс орындарын салу. Сондықтаң да мемлекетіміз лизингтік операцияларда пайдалануды кеңейтудің жолын қарастыруда.
Лизингке қатысты кейбір кемшіліктерді де атап өту жөн болады. Лизинг беруші үшін мына кемшіліктер пайда болады.
Мүліктің ескіруі және лизинг төлемнің ұзақ болуы.
Ал лизинг алушыға лизингтің бағасы сатып алу мен банктік несиеге қарағанда жоғары болады.
Бірақ лизингтің пайдалы жағы пайдасыз жағынан қарағанда анағұрлым көп, ал лизингтің даму тарихы көптеген мемлекеттерде оның өндірісті дамытудағы маңызы зор екендігін дәлелдейді. Лизинг тартымдылығы салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің кіруімен арта түседі.
Лизинг түрлері және оның ерекшеліктері:
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг;
Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетге бұл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісімшартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісімшартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымнен бірге бұл келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет керсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моралъді) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизннгтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісімшартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындыктары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінін тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары;
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде кұралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығыңдар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәуір төмен болады. Былай Қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау кұқығын қарастырады.
Қаржы лнзингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен қүрылғылар), сонымен қатар үзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі кайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.
Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісімшартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі.Лизингтің бұл түрі 3 жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді.Бұл келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап, лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады, Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және займды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі туады.
Тікелей лизинг
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хегох, GАТХ, көптеген әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады. Мысал үшін, "Даймлер-Крайслер" және ВМW концернлері ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша пайдалануға береді. № 7В-ІІ 05.07.2000 ж. Қаржы лизингі туралы ҚРЗ-на
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерің 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетт і түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретіңде лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-щартының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Жалпы танылған тәжірибеде лизингтің түрлеріне мыналар жатады:
шартқа қатысушы тұлғалардың саны;
oo мүліктің түрі;
oo нарық секторы;
oo лизинг төлемінің формасы;
oo міндет алу көлемі;
oo мүлікті пайдалану көлемі мен соған байланысты амортизация шарттары
Шартқа қатысушы тұлғалардың санынан лизингтің мына түрлерін бөліп қарастыруға болады:
- екі жақты лизинг шарты (немесе тікелей лизинг), бұл шарт бойынша мүлікті қоюшы мен лизинг алушы бір тұлға болады.
- кепжақты лизинг шарты (немесе жанама лизинг). Бұл шарт бойынша лизингті қоюшы емес, қаржылық делдал өткізеді. Қаржылық делдал ретінде лизинг беруші мекеме танылады. Шарттың бұл түрінің классикалық нұсқасы үш жақты болуы табылады. Қатысушылар: қоюшы - лизинг беруші - лизинг алушы.
Мүліктің түрі арқылы мыналарды айыра аламыз:
- жылжымалы мүлік лизингі (жұмыс машиналары, көлік құралдары, өндірістік кұралдар).
- жылжымайтын мүлік лизингі (өндірістік ғимараттар, т.б.).
Лизинг операциясының қай жерде өткендігі жайында нарық секторына байланысты бөліп көре алатынымыз;
- ішкі лизинг, бұл бойынша шартқа қатысушы тұлғалар бір ғана мемлекеттің атынан болады;
- сыртқы лизинг (халықаралық), бұл шарт бойынша лизинг беруші мен лизинг алушы әртүрлі мемлекеттерден болады. Мүлікті сатушы басқа бір мемлекетте болуы мүмкін. Халықаралық лизинг импортты және экспортты болады. Халықаралық лизингте лизинг алушы импортты лизингке қатысады, ал лизинг беруші экспортты лизингте болады.
Лизинг төлемінің формасына байланысты мынадай түрлері бар:
- ақшалы формадағы лизинг, бұл бойынша төлемақы ақшамен белгіленеді;
- өтемақы төлемді лизинг (немесе өтемақылы лизинг), бұл шарт бойынша лизинг алушы лизинг берушімен тауар арқылы есептеседі;
- аралас төлемді лизинг, бұл лизинг бойынша төлем жартылай ақша түрінде, жартылай тауар түрінде немесе білгілі бір қызмет көрсету арқылы төленеді;
Мүлікті қолдану уақыты мен соған байланысты амортизация шарттарының мынадай түрлері бар:
- Мүлік амортизациясының толық болуына байланысты толық төлемді лизинг. Бұл жерде келісімшарт уакыты мүліктің қызмет ету уақытымен теңеседі де лизинг берушіге лизингтің мүліктің толық кұны төленеді.
- Мүлік амортизациясының толық болуының еместігіне байланысты, жартылай төлемді лизинг. Бұл жерде келісімшарт уақыты мүліктің қызмет ету уақытынан аз болады да, лизингтің мүліктің қызмет ету уақытынан аз болады да, лизнигтік мүліктің жарты құны ғана төленеді.
Келісімшарт уақыты мен лизинг мүлігінің негізгі шектік критерийлерінің бірі ол лизингтің қаржылығы және оперативтілігі.
Оперативті лизинг
Оперативті лизинг бойынша жалға берілетін мүлік, мүліктің қызмет ету мерзімінен аз уақытқа беріледі. Осыған байланысты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары туралы
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Лизингтің мағынасын зерттеу
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Пәндер