Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Сарымсақтың шығу тарихы
2.2 Дақылдың химиялық құрамы және биологиялық ерекшеліктері
2.3 Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер
2.4 Дақылдың аудандастырылған сорттары
2.5 Дақылдың агротехникасы
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын өсімдіктер - даражарнақты өсімдіктер . Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері – ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.
Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі – қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.
Сарымсақ – пияз туысты, көпжылдық өсімдік.
Сарымсақ (лат. Allium sativum) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөністің түрі.
Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - «тілшелерден» құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетелі. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі. [1-сурет] Сарымсақтың өзіне тән иісі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 мг% С витамині бар. Құрамындағыбактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекше«фитон» - өсімдік латынша «каедере» - жою, яғни «жойғыш өсімдік» деген мағына береді. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік.
Оны шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады.
Сарымсақтың екі түрлі іріктемесі бар: күздік сарымсақ, жаздық сарымсақ. Сонымен бірге тау сарымсағы, жабайы сарымсақ деген түрлері де бар. Күздік сарымсақ қысқа қарай егіледі. Ал жаздық сарымсақ көктемде егіледі.
Дүниесі : Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Класы: Даржарнақтылар
Тұқымдасы: Лалагүлділер
Туысы:Пияз
Түрі: Сарымсақ
1. Двуреченский В. Откуда хлеб растет // Казахстанская правда. 2007, 22
декабрь.
2. Серова А.А., Макарова А.Н. Сортоиспытание яровой пшеницы на
темно- каштановых почвах Акмолинской области // Информационно –
рекламный научно практический журнал по сельскому хозяйству. –
Агомеридиан, 2008. №4 (10). - С.29-33.
3. Тютенов А.Х. Алғы дақыл және жаздық бидай сұрыптарының астық
өнімі // С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым
жаршысы. 2003. Том 3 , журнал №10. –Б.18-22 .
4. Мұсынов Қ.М. СҚО Айыртау ауданы «Исағали» ЖШС де жүргізілген
ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы есеп. - Астана, 2009. -25 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Сарымсақтың шығу тарихы
2.2 Дақылдың химиялық құрамы және биологиялық ерекшеліктері
2.3 Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер
2.4 Дақылдың аудандастырылған сорттары
2.5 Дақылдың агротехникасы
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын өсімдіктер - даражарнақты өсімдіктер . Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.
Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі - қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар - азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.
Сарымсақ - пияз туысты, көпжылдық өсімдік.
Сарымсақ (лат. Allium sativum) - амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөністің түрі.
Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - тілшелерден құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетелі. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі. [1-сурет] Сарымсақтың өзіне тән иісі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 мг% С витамині бар. Құрамындағыбактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекшефитон - өсімдік латынша каедере - жою, яғни жойғыш өсімдік деген мағына береді. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік.
Оны шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады.
Сарымсақтың екі түрлі іріктемесі бар: күздік сарымсақ, жаздық сарымсақ. Сонымен бірге тау сарымсағы, жабайы сарымсақ деген түрлері де бар. Күздік сарымсақ қысқа қарай егіледі. Ал жаздық сарымсақ көктемде егіледі.
Дүниесі : Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Класы: Даржарнақтылар
Тұқымдасы: Лалагүлділер
Туысы:Пияз
Түрі: Сарымсақ
Таралуы
Сарымсақ әдетте Орталық Азияда кездеседі, ол сондай-ақ Италияда және Оңтүстік Францияда өседі.

Сарымсақтың шығу тарихы
Сарымсақ (Чеснок) -- пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны -- Оңтүстік Шығыс Азия.
Сарымсақтың дәмі-ащы, иісі өткір.
Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушылар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.
Сарымсаққа міне 4000 жыл, ол әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе Жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарындадәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.

Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Енді құрамына тоқталайық.
Селен Магний Германий
Фосфор Кальций
Йод Хлор

Көмірсулар Темір Марганец
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады. Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі -- эфир майы. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Сарымсақ бактерияға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай.Мамандардың айтуынша, 100 г сарымсақта - 150 калория бар.

Сарымсақтың биологиялық құрамы

Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.

1.Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада сан мың ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. 1.Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.

2.Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.

3.Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр "Кагор" шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.

4.Жүрек ауруларына да сарымсақ - таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.

5.Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 13 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.

6.Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.
Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.
Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген.
Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.

7.Қант диабеті ауруын да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі - ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.

8.Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады.
9.Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Сарымсақ - теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек.

Сарымсақтың пайдасы, құдіреті
Арнайы зерттеулер
Бізге жақсы таныс және жоғарыда айтып кеткен сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Соған қарамай сарымсақты сирек қолданамыз. Сарымсақ қандай ауруларға дауа болады?
Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады. АҚШ-та сарымсақтың шипалық қасиетін ұзақ уақыт зерттеп, одан тиімді препарат жасап шығарған. Бал және асханалық сіркесумен араластырып жасаған препарат төмендегідей ауруларды емдейді.
Рак. Ғалымдар сарымсақ құрамында рак клеткаларының өсуін тежейтін, фитохимиялық заттар бар. Рак ауруларын емдейтін ұлттық институттың мәліметтері бойынша, сарымсақты үзбей пайдаланатын адамдар арасында асқазан мен тоқ ішек рагіне шалдығушылар саны жоққа тән. Сондықтан сарымсақтың әсерін күшейте түсу үшін оны күн сайын майдалап езіп, сіркесу және балмен араластырып, үзбей пайдаланған мақұл.
Холестерин. Англияның Ланцет деген медициналық журналы ағзадағы холестеринді азайтып, қаннан толық бөліп шығарудың тиімді тәсілі күн сайын сарымсақ жеу деп есептейді. Ол үшін сарымсақты үккіште өткізіп, сіркесумен араластырып, дәміне қарай бал қосады. Бір жолға бір-екі бөлік жетеді.
Демікпе. Екі бөлік сарымсақты майдалап езіп, бір қасық алма сіркесуымен араластырады, бірнеше тамшы бал қосады. Соны әрқашан таңертең аш қарынға ішсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз, біртіндеп құлантаза сауығуыңыз мүмкін.
Диабет. Американдық диетолог Клейннің зерттеуі бойынша, едәуір мөлшердегі сарымсақ бұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль) қосындысы диабетпен сақтанатындардың қанын сұйылтуға ықпал етіп, қан айналымын түзейді, қан құрамындағы қант азаяды. Аталмыш қосындыға алма сіркесуы мен бал қосса әсері тіпті молая түседі.
Сарымсақтан қашпаңыз
Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған екен. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойылған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кверцетин – табиғи биофлавоноид
Сарымсақтың биологиялық құрамы
Ұзынша кене
Сарымсақ сорттары
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Сарымсақтың химиялық құрамы
ФИТОНЕМАТОДАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Өсімдік фитонцидтерінің емдік қасиеттерін зерттеу
Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Пәндер