Асқабақ жайлы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Асқабақтың шығу тарихы
2.2 Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
2.3 Дақылдың аудандастырылған сорттары
2.4 Дақылдың морфологиялық сипаттамасы
2.5 Дақылдың агротехникасы
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған. Олар - негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.
Асқабақ тұқымдастар ұзын сабақты, жай жапырақты болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да кездеседі. Мысалы, жабайы өсетін итжүзім(переступень) - екі үйлі көпжылдық өсімдік. Оның тамыры өте жуан. Сабақтары - жіңішке, жемісі - нағыз жидек. Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланады.
Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозаңдығы - имек. Аналық жатыны - үш ұялы. Жемісі - қабақ (тыквина). «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар (мысалы, мексикалық қияр - чайот). Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктер. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
1.Өсімдік шаруашылығы./ Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, т.б.-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір»,2011,-632б
2. Қ. Қайым.Биология Алматы. Атамұра 2003ж.
3. 4. Жизнь растений, в 6 томах. - М.: «Просвещение», 1974-1982.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Асқабақтың шығу тарихы
2.2 Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
2.3 Дақылдың аудандастырылған сорттары
2.4 Дақылдың морфологиялық сипаттамасы
2.5 Дақылдың агротехникасы
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихы
Асқабақ -- асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен Волгалық сұр-92, Мозолеевская-10, Қашғарлық-1644 сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 - 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы - ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі - қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі - жалған жидек, ірі, пішіні - дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 - 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 - 18% құрғақ заттар, 8 - 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 - 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған. Олар - негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.
Асқабақ тұқымдастар ұзын сабақты, жай жапырақты болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да кездеседі. Мысалы, жабайы өсетін итжүзім(переступень) - екі үйлі көпжылдық өсімдік. Оның тамыры өте жуан. Сабақтары - жіңішке, жемісі - нағыз жидек. Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланады.
Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозаңдығы - имек. Аналық жатыны - үш ұялы. Жемісі - қабақ (тыквина). Қабақ деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар (мысалы, мексикалық қияр - чайот). Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктер. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
АСҚАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолесвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.

Дақылдардың биологиялық ерекшеліктері

Асқабақ шөптесін өсімдік
Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, коңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ колтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары -- дара жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі -- жалған жидек немесе қауашақ, олардын салмағы кейде 100 килограмға жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұкым жарнақтарынан тұрады. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозандығы - имек. Аналық жатыны -үш ұялы. Жемісі - қабақ (тыквина). Қабақ деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар, мысалы, мексикалық қияр - чайот.

Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.

Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады.

Асқабақ (тыква -- Сucurbіtа). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық немесе біржылдық шөптесін өсімдік. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістеріңде қанттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті көкөністік өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады.

Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі. Құрамында 18 пайыз құрғақ заттар, 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құранда аты аталған өсімдіктер
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі
Ет өнімдерінің жаңа технологиялары бойынша патенттік ізденістер
Суықпен және ыстықпен ысталған құс етін стандарттау
Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері
Химиялық элемент
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Кондитерлік өнімдердің химиялық құрамы
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту
Пәндер