Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы



Жоспар
І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1) Халық шаруашылығындағы маңызы
2) Қант қызылшасының жалпы белгілері
3) Өсіру технологиясы
4) Тұқымға өсіру технологиясы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қай заманда болсын, адам ағзасына өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына қоса емдік, шипалық қасиеттеріне де назар аударған. Қазіргі кезде топыраққа айрықша көңіл аударылып, жерді экономикалық тиімді пайдалана отырып, «денсаулықтың қайнар көзі», және «тағамның музыкасы» атанған көкөніс дақылдарын көптеп өндіру басты мақсаттардың бірі. Көкөніс шаруашылығы– ашық және қорғаулы топырақтарда көкөністерді өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығының бір саласы, сонымен қатар көкөніс дақылдарының биологиясы мен олардың өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуға бағытталған прогрессивті өсіру технологияларын, еңбек шығыны мен өнімнің өзіндік құнын төмендетуді зерттеумен айналысатын ғылым. Көкөнісші ғалымдар сонымен қатар жаңа көкөніс дақылдарының жақсартылған сорттары мен оларды көбейтудің жаңа әдістемелерін, басқа да сала өкілдерімен бірлесе отырып, көкөніс шаруашылығының экономикасына, ұйымдастыру жұмыстарына және механизациясына жаңалықтар енгізумен айналысады. Көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Солардың ең бастылары: Көкөністерді егістік жағдайында өсіру және жасанды микроклимат жағдайында өсіру. Көшетпен өсіру әдісі кеңінен қолданылады, өсімдіктер алдын ала оңтайлы қоректік алаңда өсіріліп, кейіннен көшеттерліп отырғызылады. Сондай-ақ көктету, тежеу, өсіру және дозалау жұмыстары жүргізіледі. Көкөністерді егу қалалар мен өндірістік орталықтар маңайындағы онша үлкен емес жерлерде шоғырланлырылады, сонымен қатар жерді тиімді пайдаланумен қатар, арасында қайталап және тығыздап егу жөнінен өндіріс егістік жұмыстарына қарағанда жоғары өнімді болып келеді. Адамзаттың тағамына пайдалану үшін өсірілетін екпе өсімдіктердің жалпы түрлері 200-дің шамасында. Осының ішінде 100 ден астамы көкөніс дақылдары. ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі. ҚР Тағамтану Академиясының мәліметтеріне сай, әр адам жылына орта есеппен 126 кг түрлі көкөніс дақылдарын пайдалану қажет екен. Қазақстандағы көкөніс дақылдарының жыл сайынғы егістік көлемі 110-115 мың га шамасында, оның – 20-22 мың га оңтүстік облыстардың еншісінде. Көкөністердің барлық түрлерінен алынатын жалпы түсім 2,2-2,5 млн.тоннаға дейін. Көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі - 17-20 т/га аралығында, бұл көрсеткіш олардың өсіру аймақтарына, түріне, сорттық ерекшеліктері мен агротехнологиясына байланысты 10-12-ден 30-35 т/га дейінгі аралықта ауытқиды. Ал бұл тақырыпта қант қызылшасы дақылын қамтимыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
2. Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.
3. Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы-Астана 2010

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы



Орындаған: Тұрар А. ЗР-308Қ
Қабылдаған: Досжанова А.

Алматы - 2016
Жоспар
І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1) Халық шаруашылығындағы маңызы
2) Қант қызылшасының жалпы белгілері
3) Өсіру технологиясы
4) Тұқымға өсіру технологиясы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қай заманда болсын, адам ағзасына өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына қоса емдік, шипалық қасиеттеріне де назар аударған. Қазіргі кезде топыраққа айрықша көңіл аударылып, жерді экономикалық тиімді пайдалана отырып, денсаулықтың қайнар көзі, және тағамның музыкасы атанған көкөніс дақылдарын көптеп өндіру басты мақсаттардың бірі. Көкөніс шаруашылығы - ашық және қорғаулы топырақтарда көкөністерді өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығының бір саласы, сонымен қатар көкөніс дақылдарының биологиясы мен олардың өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуға бағытталған прогрессивті өсіру технологияларын, еңбек шығыны мен өнімнің өзіндік құнын төмендетуді зерттеумен айналысатын ғылым. Көкөнісші ғалымдар сонымен қатар жаңа көкөніс дақылдарының жақсартылған сорттары мен оларды көбейтудің жаңа әдістемелерін, басқа да сала өкілдерімен бірлесе отырып, көкөніс шаруашылығының экономикасына, ұйымдастыру жұмыстарына және механизациясына жаңалықтар енгізумен айналысады. Көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Солардың ең бастылары: Көкөністерді егістік жағдайында өсіру және жасанды микроклимат жағдайында өсіру. Көшетпен өсіру әдісі кеңінен қолданылады, өсімдіктер алдын ала оңтайлы қоректік алаңда өсіріліп, кейіннен көшеттерліп отырғызылады. Сондай-ақ көктету, тежеу, өсіру және дозалау жұмыстары жүргізіледі. Көкөністерді егу қалалар мен өндірістік орталықтар маңайындағы онша үлкен емес жерлерде шоғырланлырылады, сонымен қатар жерді тиімді пайдаланумен қатар, арасында қайталап және тығыздап егу жөнінен өндіріс егістік жұмыстарына қарағанда жоғары өнімді болып келеді. Адамзаттың тағамына пайдалану үшін өсірілетін екпе өсімдіктердің жалпы түрлері 200-дің шамасында. Осының ішінде 100 ден астамы көкөніс дақылдары. ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі. ҚР Тағамтану Академиясының мәліметтеріне сай, әр адам жылына орта есеппен 126 кг түрлі көкөніс дақылдарын пайдалану қажет екен. Қазақстандағы көкөніс дақылдарының жыл сайынғы егістік көлемі 110-115 мың га шамасында, оның - 20-22 мың га оңтүстік облыстардың еншісінде. Көкөністердің барлық түрлерінен алынатын жалпы түсім 2,2-2,5 млн.тоннаға дейін. Көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі - 17-20 тга аралығында, бұл көрсеткіш олардың өсіру аймақтарына, түріне, сорттық ерекшеліктері мен агротехнологиясына байланысты 10-12-ден 30-35 тга дейінгі аралықта ауытқиды. Ал бұл тақырыпта қант қызылшасы дақылын қамтимыз.

Негізгі бөлім
Халық шаруашылығындағы маңызы. Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады. Қантты сонымен қатар қант қамысынан (балқурай) өндіреді. Балқурай - тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, оны жер шарының 70-тен аса елдері өсіреді. Балқурай қантының үлесі әлем өндірісінің 60%-дан астамын құрайды. Балқурай қантының шығымдылығы қант қызылшасынан екі есеге жуықтай төмен. Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез сіңіретін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамында қант мөлшері азаятыны белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану - адам ағзасының жұмыс қабілетін, физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі факторлардың бірі. Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер- жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен- жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 цга жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді. Қант қызылшасын зауытта өңдеуден алынатын сығынды мен сірненің малазықтық маңызы зор. Қантсызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 1,3% шикі протеин және 10% жуық көмірсулар болады; 1ц шикі сығындының малазықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең; сығынды шығымы тамыр массасының 80% құрайды. Малазықтық сірнеде 60% дейін қант болады және оның малазықтық құндылығы дәнге жақындайды, себебі оның 1 кг-да 0,77 малазықтық өлшем және 45 г қорытылатын протеин бар. Сонымен қатар сірне кондитер және тағам өндірісіне шикізат та болады. Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) малазықтық құндылығы 5000-ға жуық малазықтық өлшемді құрайды. Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі қалдықтар) тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. 100 ц тамыржемісті өңдегенде 13-16 ц қант, 83-90 ц сығынды және 3,5-4 ц сірне алынады. Қант қызылшасы тамыржемісінің шамамен 40-50% малға азық болса, оны арнайы малазық ретінде де өсіруге болады. Демек, біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ғана емес, маңызды малазықтық дақыл. Малазықтық құндылығы бойынша қант қызылшасы малазықтық қызылшадан екі еседен артыққа асып түседі: оның бір кг-да 0,26 малазықтық өлшем, 12 г қорытылатын протеин, 0,5 кальций және 0,5 г фосфор болады. Басқа тамыржемістерге қарағанда қант қызылшасы біршама жақсы сақталады.
Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор. Ауыспалы егістерге оны енгізуден егіншілік мәдениеті артады. Қант қызылшасының топырағын терең өңдеу мен өсіп-жетілу кезеңіндегі жүргізілетін күтіп-баптау шараларының арқасында, танап келесі егілетін дақылдар үшін арамшөптерден тазартылады және онда ылғал жиналады. Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарына құнды алғы дақыл және ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін көтереді. Қант қызылшасын жер шарында 9,5 млн гектарға өсіреді, оның жартысына жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді (Украина, Ресей, Молдавия, Беларуссия). Қант қызылшасы Республиканың оңтүстік шығысында (Алматы және Жамбыл облыстары) суармалы жерлерде өсіріледі. Егер 1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс ауданы 57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар жерге ғана егіліп жүр. Республикада 7 қант зауыты бар, қант қызылшасы шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант өндіруге қайта жабдықталған. Қант қызылшасы тамыр жемісінің орташа өнімділігі 210-230 цга құрайды.
Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары. Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі. Мәдени екіжылдық қызылша б.э.д. 2000-1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы біржылдықтан (Beta vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салаыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы. Қант қызылшасының бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыржемістері, екінші жылы - гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетіледі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады. Тамыржемісінің пішіні - конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады. Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын-тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20%) тамыр жемістің ортаңғы бөлігінде болады. Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді. Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Пішіндері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі мен өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60-қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін барып береді. Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен бөжектер арқылы жүреді. Жемісі - жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері 2-5 тұқыммен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан 50г дейін. Біртұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механикалық себуге ыңғайлы. Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады. Қант қызылшасы басқадай мәдени тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік. Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады. Қант қызылшасының тұқымы 3-4°C өніп шыға бастайды. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет. Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу керек. Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы қосқұлақтану кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады. Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді. Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы - 2400°C. Өсіп-жетілуіне оңтайлы температура - 20-22 °C. Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндер - 3-4°C үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақты кезеңде - 6-7°C үсікке шыдамды. Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу керек. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда береді. Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Ауа тұқымның өніп-өсуі мен тамыржемістер қалыптасуының барлық кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар өңделген топырақтарда ауаның жеткіліксіз болуынан тамыржемістердің өсіп-жетілуі нашарлап, өнім төмендеп кетеді. Топырақ қышқылдығына қант қызылшасы сезімтал. Оған топырақ ортасының реакциясы бейтарап және әлсіз сілтілі болуы өте қолайлы (рН 6,5-7,5). Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қара-қоңыр топырақты жерлерде мол өнім береді.
Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы және Жамбыл облыстарында кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Елімізде оның 28 сорты өсіруге рұқсат етілген және кең тарағандары - Ялтушковская односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг, Амели, Венера, Георгина, Ленора және будандардан ЦКАЗМС-44, КазМС-19, КазСИБ-14 және басқалары.
Қант қызылшасы тамыржемісінің (бірінші жылғы) өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны және жақсы алғы дақылдары. Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда арнайы ауыспалы егісте дақылдың аурулары мен зиянкестерімен тиімді күресуге мүмкіндік туады. Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша өсіретін аудандарға 7-8 танапты (жоңышқа қызылшалы) арнайы ауыспалы егіс кескіндерін ұсынған болатын.
Қазіргі жағдайда фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі үш танапты ауыспалы егістер енгізілуде (Байоразов А., 2006). Мұндай қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады.
Әрине,қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін оны арамшөптерден таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек.
Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар пайдаланатындықтан және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді. Қайта егісте қант қызылшасы зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде.
Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет.
Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына, әдетте таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де қант қызылшасы жақсы өнім береді.
Суармалы жерлерде қант қызылшасының тамаша алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкөніс дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды.
Қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар жақсы өнім береді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Қант қызылша танабы тереңге жыртылу тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі, ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты.
Қант қызылшасы танабының топырағын өңдеу - негізгі (сүдігер) және тұқым себер алды өңдеулерден тұрады. Сүдігер жырту алғы дақылдар мен топырақ климат жағдайларына байланысты Ол негізінен танапты арамшөптерден тазартуға және топырақта ылғал мен қоректік заттар жинауға бағытталуы тиіс.
Топырақты негізгі өңдеу - аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу және тереңге сүдігер жыртудан тұрады. Аңызды мүмкіндігінше ерте сыдыра жыртқыштармен өңдеу үшін қант қызылшасын себуге арналған танаптағы сабандарды жиналған астықтармен бірге алып кету керек.
Сыдыра өңдеуді 10-12 см тереңдікке дискілі немесе түренді сыдыра жыртқыштармен, сүдігер жыртуды - мүмкіндігінше ерте, 30-32 см тереңдікке шолақ түренді соқамен атқарады. Ерте жырту топырақта ылғал мен қоректік заттардың мол жиналуына септігін тигізеді, құрғақ ауа райында топырақты соқамен жырту тығыздаумен бірге (шығыршықты таптауышпен бір агрегатта) атқарылады. Ол ылғалдың жақсы сақталуы мен арамшөптердің өсіп шығуына жағдай жасайды.
Жинаудан кейін жылы ауа райы ұзақ болатын жағдайда жақсартылған топырақты жартылай сүрілеп өңдеу жүйесін пайдалануға болады. Күздік бидайды жинағаннан кейін, дискілі сыдыра жыртқыштармен топырақты 7-8 см тереңдікке өңдейді, 10-12 күннен кейін түренді сыдыражыртқыштармен 14-16 см тереңдікке екінші рет өңдейді, немесе 18-20 см тереңдікке топырақтың жағдайына байланысты тісті тырма немесе шығыршықты таптауыштарды бір агрегатта пайдаланып, соқамен қайта таяз жырту. Сонан соң арамшөптердің шығуына қарай топырақты тырмалайды немесе қопсытады. Терең жыртуды (30-32 см ) қыркүйек айында жүргізеді.
Мұндай топырақты өңдеу жүйесі арамшөптермен тиімді күресуді және топырақта көп ылғал мен қоректік заттардың жинақталуын қамтамасыз етеді.
Суармалы жерлерде алғы дақылдар өнімін жинағаннан кейін танаптарға жеңіл түрде тегістеу жүргізеді, сонан соң гектарына 1000-1200 м3 мөлшерде жырту алдында суарады.
Егер қант қызылшасын дәнді дақылдардан кейін себетін болса, оларды жинағаннан кейін артынша суару жүргізіледі. Аңызды 7-10 см, содан соң 12-14 см тереңдікке сыдыра жыртып тыңайтқыштарды топыраққа сіңіреді. Сүдігерді 28-30 см тереңдікке жыртады.
Тұқымды себу алдындағы өңдеу - сүйреткісі бар тісті тырмамен (екі ізбен) тырмалау және 5-6 см тереңдікке себу алдындағы қопсыту мен тырмалаудан тұрады. Арамшөптермен ластанған топырақтарда екі қопсыту тырмалаумен бірге қолданылады: біріншісі - 7-8 немесе 9-10 см тереңдікке, екіншісі - себу алдындағы тұқым себу тереңдігіне тығыздаумен бірге жүргізіледі. Топырақты себу алдындағы дайындауда гектарына 4 кг мөлшерінде эптам гербициді қолданылады.
Тыңайтқыштар жүйесі.Қант қызылшасы егісіне тыңайтқыштар қолданудың негізі, өсімдікке иқажетті қоректік заттардың басым бөлігі оның өсіп дамуының қарқынды кезеңінде берілуі қажет. Сондықтан қант қызылшасы танаптарында органикалық және минералдық тыңайтқыштарды күзде сүдігерді тартарда беру, ал минералдық тыңайтқыштардың қалған бөлігін тұқыммен бірге және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қант қызылшасын тұқымға өсіру
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері
Диффузиялық шырынды тазарту
Бір жылдық шөптер
Түйнек жемістілер
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Қызылшаның тамыр жүйесі
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Пәндер