Тары өсіру технологиясы



Жоспары:
I.Кіріспе
1.1.Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
1.2.Тарының биологиялық ерекшелігі
II.Негізгі бөлім
2.1Тарының өсіру технологиясы
ІІІ.Ғылыми еңбектер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 – 80%-ына тек Тары ғана егілген.Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Тары – өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор , "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді.
Жер шарында жыл сайын тары 25,0 млн га жерге өсіріледі. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан ж.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1997-2006 ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Актөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз (белок), 81 % крахмал, 3,5-4,0 % май ж.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құрылады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары – лизин, метионин, триптофан – айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза ж.б.) белсенділігі өте жоғары, күлінде К, Na, Mg, P мен бірге Cu, Б, J микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда В1, В2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Өсімдік шаруашылығы» Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А.Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов Алматы 2011, 302-314 бет
2. «Өсімдік шаруашылығы практикумы» Т.А.Атақұлов, С.С.Арыстанғұлов, А.Е.Елшібаев Алматы 2007, 75-85бет
3. «Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы» пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар Семей 2012
4. http://kazatu.kz/science/sf9_agro_205.pdf
5. http://studopedia.info/6-76737.html

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграглық университеті
Агрономия кафедрасы

Тақырыбы:
Тары өсіру технологиясы

Орындаған: Тоққожа Құралай
Тобы :ЗР-309
Тексерген: Досжанова Айнұр

Алматы 2016
Жоспары:
I.Кіріспе
1.1.Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
1.2.Тарының биологиялық ерекшелігі
II.Негізгі бөлім
2.1Тарының өсіру технологиясы
ІІІ.Ғылыми еңбектер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 - 80%-ына тек Тары ғана егілген. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Тары - өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады.
Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор , "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді.
Жер шарында жыл сайын тары 25,0 млн га жерге өсіріледі. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан ж.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1997-2006 ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Актөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз.
Тары - өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз (белок), 81 % крахмал, 3,5-4,0 % май ж.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құрылады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары - лизин, метионин, триптофан - айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза ж.б.) белсенділігі өте жоғары, күлінде К, Na, Mg, P мен бірге Cu, Б, J микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда В1, В2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп.

1.1.Тарының халық шаруашылығындағы маңызы

Қазақстанда да тары ежелгі дақыл. Ол қазақ даласына VI-VII ғасырлардан бастап егіле бастаған. Тіпті соңғы кезге дейін тары қазақ даласының басты дақылы болып келеді. Өткен ғасырда егістік жердің 75-80 процентіне тек тары ғана себілетін.
Тары ерте қазақ даласының негізгі дақылы болғандықтан халқымыз одан неше түрлі ұлттық тағамдар ( ақталған тары, жент ), сусындар (тары көжесі, боза) дайындай білген. Бұл тағамдар әлі күнге дейін халқымыздың сүйіктісі болып отыр.
Өзінің қуаншылыққа, ыстыққа, аңызаққа төзімділігінің арқасында ол әлі күнге дейін өз дережесін жоғалтқан жоқ, жыл сайын мыңдаған гектар жерлерге егіледі. Бұдан басқа да тарының өзге дақылдарда жоқ жақсы қасиеттері бар. Мысалы, бұл дақыл кеш себілгенде де жақсы өнім бере алады. Тарының бұл ерекшеліктерін пайдаланып түрлі себептермен өнбей қалған күздік бидай, арпа сияқты дақылдардың орнына егуге болады. Тарының тез пісетін сорттары көп, сондықтан бұл дақылды бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де пайдаланады. Бидай, арпа, сұлы сияқтя дақылдарға қарағанда тарының әр гектарға себілетін тұқым мөлшері 8-10 еседей кем. Тары басқа дақылдарға қарағанда зиянкестер мен ауруларға сирек шалдығады. Тары басқа дақылдардан гөрі кешірек себілетін болғандықтан көктемдегі қауырт науқанды едәуір бәсеңдетіп , адамдар мен техникаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарының мал азығы ретінде де маңызы зор, дәні құс шаруашылығында жиі қолданылады, әсіресе, балапандар үшін табылмайтын азық. Тары сабанының азықтық дәрежесі бидай сабанынан екі еседей артық, дала шөбімен қатарлас. Бір килограмм тары сабанынан 0,41 азықтық өлшем, 1 г сіңімді протеин бар. Ал 1 кг сұлы сабанынан азықтық өлшем, 0,3 г жұғымды протеин , бидай сабаны одан да төмен 0,22 азықтық өлшем 11 г протеин бар. Тары жармасының құрамында крахмал 81,0 , белок 12, май 3,5 , қант 0,15 сияқты адам организміне керек заттар бар. Тарыда ең қажетті зат белоктың мөлшері күріш, арпа, қарақұмық жармаларынан едәуір көп.
Тары белогының биологиялық құндылығы жер жаңғағы, фасоль, бидай ұнымен бірдей, ал бұршақтан жоғары. Тары дәнінде кездесетін линол қышқылы атаросклероздың дамуына жол бермейді. B1 және B2 витаминдері басқа астықтардан екі есе көп болады. Тары дәнінде мырыш, йод, баом сияқты маңызды микроэлементтер де бар.
Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады.
Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандыр-ғанда жұ-мыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының саба-ны мен мекенінің өнімі асты-ғынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг тары саба-нында 0,41 кг а.ө. және 24 г протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 13 есе артық.
Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және итқонақ пішенінен асып түседі.
Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себіле-тіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетациялық кезеңі опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді.
Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар ж.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1-22,5 ц және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га егістіктің әр гектарынан 201 ц тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті (потенциалды) мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр-сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде - орта есеппен 4,0-6,5 цга шамасында ғана.
Ботаникалық сипаттамасы. Тары 400 түрді біріктіретін Panicum туыстығына жатады. Барынша кең тараған түрі - кәдімгі тары (Panicum miliaceum). Сіпсебасының құрылысына байланысты бұл түр бес түр тармағына бөлінеді қомақты, тармақты, қысылған (тығыз), сопақ, тұтас. Сіпсебасы қомақты тары әдетте ерте пісетін, топыраққа талғамы жоғары емес, ылғалға көбірек талап қояды және жеңіл шашылады. Сіпсебастары тығыз түр тармақтары оларға керісінше қасиеттерімен ерекшеленеді.
Қазақстанда өсірілетін тары сорттарының сіпсебастары (шашақтары) негізінен қысыңқы, кейде тармақты келеді және Flavum, Sanguineum, Coccineum түршелеріне жатады.

1.2.Тарының биологиялық ерекшелігі

Тары біржылдық жаздық дақыл, өсіп - өнуі үшін біршама жылылықты қажет етеді. Аса бағалы азықтық дақыл - бидаймен қатар, тары өндірудің арттыра түсу - елімізде астық молшылығының жасаудын жолы. Ал, тары өндіруді молайтын мәселесін түбегейлі шешуде бұрынғысынша Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан ерекше роль атқармақ.
Қазақстанның батыс облыстарының территориясы өзінің табиғи - климаттық жағдайы жағынан өте өзгеше болып келеді. Ақтөбе және Орал облысының территориясы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1125 километрге, батысынан шығысына қарай 1385 километрге созыдып жатыр.
Қазақстанның тары өсірумен шұғылданатын басқа аймақтармен салыстырғанда Ақтөбе және Орал облыстар территориясының өзіндік табиғи климаттық ерекшеліктері бар. Климаты өте континентальды болып келеді.
Тарының алғаш кезінде ойдағыдай өніп шығуы егістік жердің үстінгі қабатының ылғалдылығына байланысты болып келеді. Ал, егістік жері тұзды аймақты осы мерзімде тарының өніп шығуына қажетті ылғал мөлшері шамамен 40 мм болуы керек. Кей жылдары ол бұдан да төмен болады. Ылғал қорының осылайша ауытқып отыруы өсімдіктің біркелкі өніп - шығуына әртүрлі әсер етеді. Қажетті ау деген ең төменгі мөлшердегі ылғалдылық 20 проценттей азайса, бір шаршы метр жерде 50 өсімдіктің әдеттегіден кем өсетіндігін зерттеулер көрсетіп отыр.
Танаптың тары өркендерімен көмкеріліп, сол өркендердің одан әрі бойлап өсуі негізінен ассимиляциялық цингрим жүйесіне тікелей байланысты. Бұл жүйенің басты факторлары мыналар: өсімдіктің күн қуатын фотосинтез процесі кезінде бойына қаншалықты сіңіретіндігі, ауаның температурасы, ылғал мөлшері, топырақтың құнарлығы, т.б.
Тәжірибе көрсеткеніндей , өсімдік әр кезеңде әр түрлі өсіп жетіледі. Өсуінің алғашқы вегетациялық кезеңінде тары өркені бірдей бойлап өсіп кете алмайды. Өркен үш жапырақты жағдайға жеткен кездің өзінде де оның биіктігі 5-7 сантиметрдей болып, түтіктенген кездегі салмағы 1-3 граммнан аспайды. Өсімдіктің өсіп жетілуіне ең қолайлы жағдай туғанда ғана ол 4-5 граммға , яғни түтіктену кезеңімен салыстырғанда 4-6 есе биіктейді.
Қазақстанның агрометеорологиялық станцияларының көп жылдық деректерін талдау көрсеткеніндей , ауа райы қолайлы болған жылдары танаптар тары жапырағымен көмкеріліп, өсімдік бойлап өсіп, өнім молая түскен. Біздің республикамызда тары көбінесе шашақ шығарғаннан кейін 15-20 күн өтісімен өсуін мүлдем тоқтатады. Әдетте, биік өскен өнімді мол береді. Сабағының биіктігі 30 сантиметрден аспайтын тарының түсімі гектарынан көп дегенде 5 центнерден ғана айналады. Биіктігі 50 сантиметрден 90 сантиметрге дейнгі тарының әр гектарынан 10 центнерден кем өнім алынбайды. Егер тары сабағы 90 сантиметрден асса, онда сол танап гектарына 20-25 центнер немесе одан да артық өнім беруі мүмкін.
Ал өсімдік биіктігі сентиметрге жетсе немесе одан да артса, онда гектар берекелілігі центнерден де жоғарылай түседі.
Тары дақылы өсуімен шұғылданатын он бір облысының оңғы 30 жыл бойы алған орташа өніміне көніл аударар болсақ, түсімнің гектар басына бір центнерге артқанын аңғарамыз. Міне , осы мерзімде бидай түсімі республткамызда әр гектарға 3. 3 центнерге көбейген. Осы бір фактінің өзі-ақ бізде бидайға қарағанда тарыға онша көніл аударылмағандығын айқын аңғартса керек.
Сонымен, тары өнімділігін арттыру үшін бұл дақылды ойдағыдай өсіп - өнуіне барлық мүмкіндік бар белгілі бір ауданға шоғырландырса егу керек. Ол үшін әуелі сол өңірдің климат жағдайын жете тексеріп, жақсы білген жөн.
Тарының тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді. Тары тұқымының бидай мен қарабидайдан және арпадан айырмашылығы өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады. Тары тамыры бір жарым метрге дейін барып, жан жағынан бір метрден астам тарайды. Тамырының негізгі массасы шашақтанғанға дейін пайда болады. Содан түптенгенге дейін тамыры тәулігіне 2 см, түптенуден бас жарғанға дейін тәулігіне 3 см өсіп отырады. Ал гүлденген кезден бастап тарының тамыр массасы онша өспейді. Әрине , тарының жер нәрімен жақсы қоректеніп , тез өсіп жетілуіне негізгі тамырбасты роль атқарады. Дегенмен , ол жүгерінікі сияқты , сабақ буындары арқылы пайда болатын тірек тамырлары арқылы еркін қоректене алады.
Ауа райы өте қуаншылық болғанда топырақтың пайда болуы баяулайды немесе мүлдем тоқтап қалады. Соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны сақинадай тірек таба алмай көбінде топырақ бетіне шығып қалып , жалғыз түбірше ілініп тұрып қалады. Мұнын өзі онын жаратылысынан ақ құрғақшылыққа бейімділігін аңғартса керек. Тарының басқа дақылдардан айырмашылығы міне осында.
Тары өркені өте баяу өседі. Оған көбіне арам шөптер кедергі келтіреді. Тарының түптенуі әдетте өркендер жер бетіне еркін көктеп шыққаннан кейінгі 10-15 күннен кейін басталады. Содан сон сабақтары жетіледі. Сөз ретіне қарай айта кеткен жөн, ауыр топыраққа егілген өсімдік ылғалдың аздығынан немесе күннің суықтығынан дер кезінде түптене алмайды, ал мол құнарлы топырақта ол жылдам түптеледі. Егер температура 15-20 градус болса , түптену интенсивтілігі күшейе түседі.
Тарының жасыл түсті өркені қалың түкті болып келеді. Осы белгісі арқылы оны арам шөптер өркенінен оңай айыруға болады.
Тарының жапырақтары негізгі сабақтың буындарынан өседі, ал жапырақтар алақандардан және қынаптардан тұрады. Жапырақ алақандарының ұзындығы 1825 см, ені 1,24 см дейін жетеді. Жапырақ алақандары мен жапырақ қынаптарының түсі әсіресе, құрғақшылық жылдары күлгін болып келеді.
Тарының бұтақты және бұтақсыз сабақтары цилиндрге , іші астаушаға ұқсайды. Әр сабақ бірінен сон бірі рет ретімен орналасқан буындардан тұрады. Жапырақ қынаптары төменгі буынаралық бөлігін жымдаса қоршап тұрады.
Өсімдіктің өсу жағдайына орай оның буын сандары 4-10 дейін болады. Ал,буынаралығының ұзындығы ( төменнен жоғары қарай ) 2-5 см , ал жалпы ұзындығы 25-40 см жетеді. Сабағының биіктігі 20-30 см -ден 2 метрге дейін болады ( орташа биіктігі 60-80 см ).
Қарапайым жағдайда қатарлы себілген тары түбінің 3-4 , ал сирегірек сепкенде әр түптің 15-20 сабағы бас жарып , шашақтанады. Оның дәндері 200 грамм салмақ тартады.
Түптену кезінде тары өсімдігі түбі иіліп немесе қисайып немесе жартылай қисайып тұрғандай және құлап жатқандай формада болады. Тары жиі себілген және ылғал жеткілікті болған жағдайда өсімдік түбі тіп тік болып жетіледі.
Тары өсімдігінің алғашқы өсіп жетілу кезеңінде ауа райы қолайлы келіп, ылғал мен қоректік зат жеткілікті болса, оның сабақ буындарының бұтақтар және бүйір жанама бұтақтары шығып , олардың көбі шашақ тастап, дән алады. Әдетте тары шашағы қалыптаса бастаған кезде кейін ғана жанама бұтақшалары пайда бола бастайды. Сол қосымша шашақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Күздік бидай және қара бидай
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Дәнді дақылдардың түрлері
Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы
Тары дақылының биологиялық ерекшеліктері
Тары дақылын өсіру
Тары дақылының өсіру
Пәндер