Огюст Конт



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Француз ғалымы Огюст Конт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2 Конттың социология ғылымында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3Огюст Конт . позитивтік әлеуметтануды негіздеуші ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
IIҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
IІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Кіріспе
Адамзат тарихында өркениеттің бастауы саналған Антикалық және Ортағасыр, Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірлеріндегі әлеуметтік ой-тұжырымдар әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы классикалық кезеңді дайындады. Осы кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелі әлеуметтану қоғамның барлық қырын зерттейтін ғылым ретінде саналып, ХІХ ғасырдың аяғында ғана ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды.
Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны әлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа «Социология» (әлеуметтану) деген терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Тәжин М., Аяғанов Б. «Социология негіздері». Алматы.
2. Сыдықов Ұ.Е., Розенберг Ц.Р. «Инженерлік еңбектің социологиясы». Алматы.
3. https://kk.wikipedia.org
4. https://bigox.kz
5. https://dov.kz

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Француз ғалымы Огюст Конт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Конттың социология ғылымында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3 Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
II Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
IІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Кіріспе
Адамзат тарихында өркениеттің бастауы саналған Антикалық және Ортағасыр, Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірлеріндегі әлеуметтік ой-тұжырымдар әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы классикалық кезеңді дайындады. Осы кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелі әлеуметтану қоғамның барлық қырын зерттейтін ғылым ретінде саналып, ХІХ ғасырдың аяғында ғана ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды.
Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны әлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа Социология (әлеуметтану) деген терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды.

Француз ғалымы Огюст Конт. XIX ғасырдың басында адамзаттың коғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары ез еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798 -- 1857) шықты.
1798 жылы 19 қаңтарда Монпелье қаласында, католиктік және монархтық қатаң тәртіп үстем болған қаржы шенеунігінің отбасында дүниеге келді. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, анти клерикалдық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. 1816 жылы үкімет мектепті жауып тастады, ендігі жерде Конт күн көру мақсатында математикадан ақылы сабақ беруге мәжбүр болды. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен - Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен - Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Сен-Симонның саяси-әлеуметтік көзқарастары Контқа қатты әсер етіп, оның көптеген маңызды идеяларының қайнар көзі болған. Осы көзқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт өзінін позитивизмін тұжырымдайды. 1826 жылы Конт философиядан үйде ақылы дәрістер оқуға кіріседі. 1830 - 1842 жылдары ол үлкен жобаны жүзеге асырады: "Позитивті философия курсы" атты 6-томдық басылымын шығарады. 40-жылдардың екінші жартысында интеллектуалды сабақтардан басқа уағыздық және тәжірибелік ұйымдастыру қызметіне кірісіп, позитивизмді сынап, діни және моральдік ілімді насихаттайды. 1847 жылы ол Адамзат дінін жариялап, 1848 жылы позитивтік қоғам құрады. Өмірінің соңғы жылдарында Конт жаңа діни ілім мен табынуды жүзеге асырумен шұғылданып, өзін Адамзат дінінің бірінші дінбасы деп жариялады. 1857 жылдың 5 қыркүйегінде Конт өзі шәкірттерінің алдында дүниеден өтті.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.


1.2 Конттың шығармашылығы. Конт ілімінің негізгі идеялары туралы айтпас бұрын, социологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына бірқатар әлеуметтік-экономикалық және идеялық-саяси (бірінші кезекте Еуропаның бірқатар елдеріндегі өндірістік революция) жағдайлар, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстанудағы маңызды (атап айтқанда, жасаушаның (клетканың) табылуы, энергияның сақталу, түрлену заңы, Дарвиннің эволюциялық теориясы) жаңалықтар түрткі болғанын есте ұстау қажет. Бұл кезеңде бірінші орынға биологиямен қатар, химия да шықты. әлеуметтік салада да үлкен өзгерістер жүріп жатты: ХІХ ғ. 40 - жылдарында жұмысшы көтерілістері, кәсіподақтар қозғалысының жандануы, Франциядағы революция (1848), саяси жағдайдың жалпы тұрақсыздығы, қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыстық жағдайдың орын алғаны белгілі. Бұл кезеңде капитализм Англия мен Францияда ерекше қарқынмен дамыды, оларда "орта тап" қалыптасып, әртүрлі қоғамдық қозғалыстар пайда болып, әлеуметтік реформаларға деген ұмтылыс байқалды.
Бұл мемлекеттерде бір жағынан қоғамның "әлеуметтік аурулары" пайда болса (қылмыстың көбеюі, жұмыссыздық, жұмысшы тап пен буржуазия арасындағы қарама-қайшылықтың (артуы), екінші жағынан осы "ауруларды" емдеуге қызығушылық танытып отырған, қоғамдық процестерді реттеуші рөлін атқара алатын және оларға қажетті бағыт бере алатын жалпылама теория жасап шығаруға деген қажеттілікті сезініп отырған күштер өсіп жетілуде еді. Жаратылыстану ғылымының қарқынды дамып, оның әлеуметтік процестерге қатты әсер етіп, экономикалық дамуға жол ашқан тұсында практикалық пайдасы бар қоғам туралы ғылымның артта қалуы бірден көзге түседі.
Социологиялық процесс осы бір толғағы жеткен мәселені шешуі тиіс еді. Алайда Конт құрған социология ғылымы бұл мәселені шешіп қана қоймай, сонымен қатар нағыз ғылыми білім ретінде адамзаттың танымдық (интеллектуалдық) қорына маңызды үлес қосты.
Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1819 - 1828), Сен-Симонмен бірге қызмет істеген уақытына сәйкес, алты шағын бағдарламалық шығармалардың жеке еңбектердің басылуымен сипатталады. Кейін Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде өзінің "Позитивті саясат жүйесінің" ІV томына қосады (1854). Жеке еңбектерінде ол "анархия" күйінде тұрған адамзат интеллектуалды және әлеуметтік мәжбүр болып отырған реформаларды жүзеге асыру принциптері мен жолдарын көрсетеді. Мұнда кейін Конт дамытқан бірнеше маңызды идеялар орын алған, соның ішінде жаңа қоғамда ғалымдардың ерекше рөлі туралы идея, адамзат дамуындағы басты екі дәуірдің: сындарлы және органикалық дәуірдің бөлінуі; "позитивті саясаттың" түсінігі мен принциптері; және атақты "үш саты заңы".
Екінші кезең (1830 - 42) - бұл алты томдық "Позитивті философия курсы" жасалып, басылып шыққан кемелденген кезең (томдар 1830, 1835, 1838, 1839, 1841 және 1842 жылдары жарық көрді). Бұл кезде Конт позитивистік дүниетанымның философиялық және ғылыми негіздерін зерттеді.
Интеллектуалды реформа әлеуметтік (сонымен қатар саяси, моральдік, діни) реформалардың алдында болуы керек деп есептеген ол ғылым ретінде "объективті" тәсілді ұстанады: ол адамзаттық және әлеуметтік дүниенің әлемнің жалпы жүйесіне қосылуын, адам әрекеттері дамуының табиғи жолына бағыныстылығын және социологияның (ғылымдар иерархиясында жоғары тұрған ілім ретінде) позитивті күйге ерте жақындаған және кемелденген жаратылыстану ғылымдарына бағдарлануына негіздейді.
Үшінші кезең, Конт шығармашылығының қорытынды кезеңі 40-жылдардың екінші жартысынан басталады. Бұл кезде төрт томдық "Позитивті саясат жүйесі немесе Адамзат дінін орнықтырушы социологиялық трактат" (1851 - 1854), "Позитивтік катехизис" (1852) және "Субъективті синтез" (1856) жасалды. Осы уақытта Конт "субъективті" көзқарас пен "субъективті" тәсілге баса көңіл бөледі. Оның ілімінде бірінші орынға "жүрек" ұғымына кірген адамзаттық және әлеуметтік өмірдің эмоционалдық факторлары шығады. Басты объектіге сәйкес, оның назарына адамның эмоционалды қажеттіліктеріне (мораль мен дін) жауап беретін институттар ілінеді. Теориялық көрініс ауысады: егер "Курста" Конт әлеуметтік заңдардың "табиғи" сипатын, оларды тану және оларға бағыну қажеттілігін көрсетсе, ендігі жерде, керісінше, "субъективті" көзқарасқа сәйкес әлеуметтік дүниені адам сезімінің, ерік-жігері мен қызметінің жемісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар бұл кезеңде ол тек ғылым рөлінде емес, басқа рөлдерде де (жаңа діннің моралисі, пайғамбары және бірінші попы, саяси-әлеуметтік жобалардың авторы) алға шығады.
Конт көзқарастарының қалыптасуына ықпал етушілердің арасында Бэкон, Декарт, Юм, Кондильяк сияқты философтарды, сондай-ақ өткен заманның көрнекті жаратылыстанушыларын айтуға болады. Конт әлеуметтік дамуды тұтас алып, "әмбебаптық рухқа" негіздеп қарауға алғашқы елеулі талпынысты Боссюэден табады. Конт саяси экономиядағы либералдық бағыттың ықпалын негізінен Адам Смит пен Жан-Батист Сэядан сезінді.
Конт әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде детерминизм принципін тұңғыш рет таратып, бұл құбылыстардың жаратылыстану заңдарының іс-әрекетіне бағындырылғанын көрсеткен Монтескьенің үлесін өте жоғары бағалайды. Конт әлеуметтік ғылымның қалыптасуына Гоббстың маңызды үлес қосқанын мойындайды. Дегенмен ол идеялары бір-біріне қарсы болған екі ойшыл - де Местра мен Кондорсені ерекше жоғары бағалайды. Дәстүршілдік пен либерализмді, консервативтік және революциялық рухты біріктіруге және бітістіруге ұмтыла отырып, ол екі ойшылдың тұжырымдамасын бірін-бірі толықтыратын нәрсе деп қарастырады. Конттың басты әлеуметтік ұраны - "Тәртіп және прогресс" де Местраның (және басқа дәстүршілердің, әсіресе де Бональдтің) тәртіп идеясына және өзінің "рухани әкесі" санайтын Кондорсенің прогресс идеясына сүйенеді.
Әсіресе Контқа терең ықпал еткен Сен-Симон болды, бірақ Конттың өзі мұны мойындаған емес. Сен-Симон шығармаларындағы идеялардың Конттан кездеспейтінін таба қою қиын. Мұны, атап айтқанда Конт үшін маңызды болған мынадай қағидалардан көруге болады: қоғамның дамуындағы "шиеленісті" және "органикалық" кезеңдердің айырмасы; прогресс идеясы; осы заманғы ғылымның, әсіресе әлеуметтік ғылымның мәні; индустриализм мен "индустриалдардың" қазіргі және болашақтағы рөлі. Одан біз кейіннен Конт дамытқан "адам туралы ғылым", "әлеуметтік физика" немесе "әлеуметтік физиология" - жалпы ғылымның бір бөлігі екені туралы тезисті де кездестіреміз; жалпы ғылым бақылауға негізделуі тиіс және оның әдістері жаратылыстану ғылымдарының әдістеріндей болуы тиіс.
Бірақ та Конт Сен-Симонды жай ғана жалғастырушы деп санау қателік болар. Біріншіден, олардың арасында белгілі бір теориялық және әлеуметтік-тәжірибелік алшақтық бар. Сен-Симон әлеуметтік прогресс проблемасына баса назар аударады; Конт болса прогреске сенім арта отырып, әлеуметтік тәртіп проблемасына үлкен мән береді. Конт саяси билікті, әлеуметтік иерархия мен субординацияны шоғырландыруды және орталықтандыруды жақтайды; Сен-Симон керісінше мемлекеттің құритынын айтып, негіздейді және адамдар арасында іргелі теңдік болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік реформаның қажетті шарты ретінде интеллектуалдық реформаның мәнін дәлелдей келіп, Конт Сен-Симонды асығыстық жасады деп кінәлап, табиғат әлі зерттей қоймаған сырқатты елдегісі келеді деп көрсетеді. Екіншіден және де ең бастысы, Сен-Симонның идеялары ұрықтық, әлі көктемеген түрде бейнеленген, бұл көбіне жекелеген пікірлер, тұжырымдамалардың нобайы, бірақ тұжырымдамалардың өзі емес. Контта керісінше осы идеялар өрістеген, жүйелі тұжырымдамалар мен теориялар түрінде көрінген.

Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші. Жалпы Конт бір-біріне қайшы келетін идеялық дәстүрлерді біріктіруге ұмтылды: прогрестің ағартушылық идеясы мен дәстүршілдік, ағартушылық рационализм мен ортағасырлық католицизм. Оған әсіресе, әлеуметтік-иерархиялық идеология мен ұлттан жоғары тұратын құрылым ұнады. Конт христиандық қасаң қағидашылықты ескірген деп есептейді, бірақ христиан дінін ескірген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс әлеуметтануының негізін салушы
Әлеуметтанушылар туралы мәліметтер
Неопозитивизм философиясы
Огюст Конттың өмірі
Әлеуметтану ғылымының дамуы
О.Конт-әлеуметтанудың негізін салушы
Әлеуметтанулық теория
Позитивизм
Огюст Конттың позитивизмі
Огюст Конт позитивизмі
Пәндер