Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніне сипаттама, мемлекеттік қолдау көрсету механизмдері

1. 1 Ауыл шаруашылығы, оның түрлері және салалары . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасы аграрлық секторға қолдау көрсетуі . . . 6

1. 3 Қазақстан Республикасы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы . . . 8

2 Қазақстан Республикасының аграоөнеркәсіп секторының жай-күйі бағыттары мен бағдарламаларды талдау

2. 1 Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларды талдау . . . 11

2. 2 Аграрлық секторды дамыту үшін құрылған ұйымдардың агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету бағыттары . . . 16

2. 3 Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстанның ауыл шаруашылықты қолдау бағыттары . . . 23

3 Қазақстан Республикасының агробизнесті дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары

3. 1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары . . . 30

3. 2 Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары . . . 35

Қорытынды . . . 41

Қолданылған әдебиеттер . . . 43


Кіріспе

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары, т. б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықтың азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май, т. б. ), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді.

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы.

Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салардың қайсысымен немесе олардың қандай жиынтығымен шұғылағандағы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс. Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иелену мүмкіндігін, өнім өткізу нарығын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және басқадай экономикалық факторларды ескеру қажет.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі - бұл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: ауыл шаруашылығын зерттеп, негізгі мәселелерді анықтап, осы мәселелерді шешу мақсатында өз ұсыныстарымды беру.

Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде жалпы ауыл шаруашылығына түсініктеме беріліп ауылшаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету механизмдері сипатталған. Оның ішінде ауыл шаруашылығының түрлері мен салалары, еліміздің аграрлық секторға қолдау көрсетуі, Қазақстан Республикасы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалған.

Ал екінше бөлімде Қазақстан Республикасының аграрлық секторының жай-күйі бағыттары мен бағдарламалары талданды. Яғни: ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалары, аграрлық секторды дамыту үшін құрылған ұйымдардың агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету бағыттары, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына өту кезеңіндегі ауыл шаруашылықты қолдау бағыттары қарастырылған.

Курстық жұмыстың 3 бөлімінде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары жазылған. Бұл бөлімде аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің имиджін жақсарту жолдары ұсынылды.

1 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніне сипаттама, мемлекеттік қолдау көрсету механизмдері

1. 1 Ауыл шаруашылығы, оның түрлері және салалары

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың түрі, топтары, т. б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықтың азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май, т. б. ), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Қазақ жерінде б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп-қонатын болды. Олар, көбінесе, жылқы түйе, қой және ешкі өсірді. Малдардың жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел археологиялық қазбалардан табылған қыш құмырадағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149, 1 млн. га. жер бар.

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Бұл шаруашылыққа егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т. б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік шаруашылығы ғылым ретінде - ауыл шаруашылық өсімдік түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым.

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен, ауыл шаруашылық өндірісін күш-көңіл және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары, дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынады. Осы салаға сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Нарық жағдайында өндірістің тауарлы салалары, яғни кәсіпорынның кірісін қамтамасыз ете алатын саласы маңызды.

Тауарлы ауыл шаруашылық салалары негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі сала - өндірістің мамандандырылуын айқындайды және оның өнімінің үлес салмағы кәсіпорынның тауарлы өнімінде анағұрлым көп болуы керек. әрбір кәсіпорында бірнеше негізгі сала болуы керек. Мысалы, қала маңындағы аймақта сүт және көкөніс өндіру болса, солтүстік аудандарда астық өндіру мен құс өсіру және басқалар қатар жүреді. Анағұрлым ірі негізгі саланы - басты сала деп атайды [16] .

Негізгі саладан басқа бірнеше қосымша салалар да тауарлы болуы мүмкін.

Қосымша салалар үстеме тауарлы өнім өндірісін қамтамсыз етеді. Және негізгі салалармен қиылысымда кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұтымды құруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер астық және құс етін өндіру - негізгі салар болып табылатын шаруашылықта табиғи жем азық жайылымдарда қосымша тауарлы салалар ретінде жылқы шаруашылығы немесе қой шаруашылығы өнімдерін өндірген жөн.

Ірі шаруашылықта негізгі және қосымша салалардан басқа қосалқы өндірістер де болуы мүмкін, олардың өнімдері негізінен ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. (Мал азығын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, агросервис және басқалары) .

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірнеше салалардан тұруы, көпсалалы болуы, сондай-ақ бір ғана салада мамандандырылуы да мүмкін (құс фабрикалары, жылыжай комбинаттар және басқалары) .

Сөйтіп, сала - ауыл шаруашылық өндірісінің бөлімі. Саланың айрықша белгілері:

  • өнім құрамы (ет, сүт, астық және т. б. ) ;
  • еңбектің қолданылатын жарақтары мен құралдары (астық өндіруге комбайн қажет, сүт өндіру кезінде сауу агрегаттары керек) ;
  • өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуы;
  • еңбеккердің кәсіби ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылық тауарын өндіруші осы салардың қайсысымен немесе олардың қандай жиынтығымен шұғылағандағы жақсы екенін ойлап шешуге тиіс. Бұл ретте ол кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін, өзінің шаруашылығында ресурстардың бар болуын және оны қосымша иелену мүмкіндігін, өнім өткізу нарығын, өңдеу мүмкіндігін, өнімге сұранысты және басқадай экономикалық факторларды ескеру қажет [15] .

Саларды таңдағанда олардың қилысымын ескерген жөн: технологиялық және экономикалық байланыстар болуын; кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі; саланың ресурстарға қатынастары жөнінен бәсекелестігі жоқтығын ескеру қажет.

1. 2 Қазақстан Республикасы аграрлық секторға қолдау көрсетуі

Аграрлық және онымен іргелес салаларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясат қысқа, орташа және ұзақ мерзiмдi сипаттағы мақсаттарды көздейдi және жиынтығында тiкелей аграрлық өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен түсiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға, ауылдағы жұмыспен қамтудың барлық нысандарын, соның iшiнде ауылдық жерлердi индустрияландыру арқылы оза дамытуға және оларды қолдауға бағытталатын болады.

Қысқа мерзiмдi сипатты мақсаттар

Нарықтарды тиiмдi мемлекеттiк реттеу, протекционистiк сыртқы сауда саясатын жүргiзу, нарықтың және барабар қаржы жүйесiнiң инфрақұрылымын қалыптастыру, шағын кредиттер беру бағдарламаларын жүзеге асыру, шаруашылықтардың көлбеу кооперациялануын және тiгiнен интеграциялануын дамыту арқылы өндiрiстi шоғырландыру жолымен аграрлық сектордың рентабельдiлiгiне және ауыл халқының кiрiстерiн қолдап отыру.

Орташа мерзiмдi сипатты мақсаттар

Аграрлық өндiрiстi интенсивтендiру және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн орташа әлемдiк өнiмдiлiкке жақындату, ауылдағы қайта өңдеу мен сервистiк өндiрiстердi жан-жақты дамыту, ауыл халқына әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын қамтамасыз ету.

Ұзақ мерзiмдi сипатты мақсаттар

Аграрлық өндiрiстi тұрақты дамыту және оңтайландыру. Ауылдық жерлердi индустрияландыру, ауыл мен қала халқының тұрмыс деңгейлерiндегi айырмашылықтарды еңсеру.

Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.

90-жылдардың орта шенiнде әлемде аграрлық секторды қолдауға жыл сайын 350 млрд. АҚШ доллары жұмсалды.

Мұның өзi осы сектордың ел дамуындағы тарихи және әлеуметтiк маңызымен, ең алдымен ауылдың кiрiсiн және онда жұмыспен қамтуды қолдаумен, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен, ауылдық аумақтарды дамытумен және дәстүрлi ауылдық ландшафт пен халықтың санын сақтауға ұмтылумен айқындалады.

Әлеуметтiк сектор мен оның жекелеген бөлшектерiн мемлекеттiк реттеудiң классикалық үлгiсi - АҚШ, Канада, Еуропа одағы (ЕО) елдерi.

Аграрлық сектордың өнiмдiлiгi, әсiресе жоғары дамыған елдердегi техникалық прогрестiң жылдам жүруiне байланысты өнiмдiлiгi өсе түсiп отыр. Тектiк инженерияны одан әрi енгiзуге және биотехнологияларды дамытуға байланысты оның неғұрлым тез серпiн алуы мүмкiн.

Артық өндiрiстiк қуаттар мен сұраныстың баяу өсуi жағдайында аграрлық өнiмдi ұсынудың жылдам ұлғаюы iшкi нарықтарда бағаның құлдырауына және осы елдердiң аграрлық секторлары табысының төмендеуiне алып келедi. Мұның өзi ресурстардың экономиканың аграрлық емес секторларына ығысуына жағдай жасайды.

АҚШ-та жұмыс iстейтiндердiң жалпы санынан аграрлық секторда жұмыс iстейтiндердiң үлесi 1910 жылғы 35%-дан қазiргi кезде 3-4%-ға дейiн қысқарды.

Аграрлық секторда жұмыспен қамтудың қысқаруының тежеусiз үрдiсi өсу, даму үстiндегi кез келген экономикаға тән құбылыс және ол Қазақстан үшiн де аса өзектi болып отыр. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк салдарлардан басқа, аумақтың кеңдiгi мен халықтың сирек қоныстанғандығына орай, ауылдың құлдырауы елдiң ұлттық қауiпсiздiгiне әсер ететiн факторға айналуда.

Елдердiң көпшiлiгiнде ресурстардың ығысуының iс жүзiндегi қарқыны бiршама баяу жүрiп жатыр және аграрлық өндiрушiлердiң кiрiсiн қолдау осы елдердегi аграрлық саясаттың басты мiндетi болып отыр [1] .

Аграрлық сектордың кiрiсiн арттыру үшiн iс жүзiнде барлық жерде және әсiресе, дамыған елдерде арнаулы протекционистiк бағдарламалар:

- мемлекеттiк сатып алу интервенциялары арқылы бағаның нысаналы деңгейiн қолдау;

- өндiрушiлерге тiкелей баға субсидиялары (ең төменгi кепiлдiктi бағалар) ;

- экспортты субсидиялау;

- ресурстарды арзандату жолымен шығындарды азайту (материалдық-техникалық ресурстарға арналған субсидиялау, жеңiлдетiлген кредиттер беру) iске асырылады.

Қолданатын бағалар ұлттық шекаралар шеңберiнен шығып кететiн экономикалық абайсыздықты туындатады.

Iшкi нарықты қорғау үшiн АҚШ және ұқсас аграрлық бағдарламалары бар басқа да елдер тарифтер, квоталар нысанындағы импорттық кедергiлер белгiлейдi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады, мұның өзi осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi.

Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi.

Өнiмдерiнiң нарықтарда технологиялық жағынан артта қалуы және бәсекеге қабiлетсiздiгi болмауы жағдайды ушықтырады.

Аграрлық протекционизммен бұрмаланған қазiргi таңдағы әлемдiк сауда талаптарына бейiмделу, әлемдегi дамыған елдерде қолданылатын аграрлық саясаттың негiздерiн ескеру - өтпелi тұрпатты елдердiң аса маңызды мiндеттерi.

Қазақстанның аграрлық секторы әлемдегi орташа еңбек өнiмдiлiгiне қол жеткiзгенге дейiн аграрлық протекционизм шараларын қолдану орта мерзiмдi кезеңде ел үшiн қолайлы.

1. 3 Қазақстан Республикасы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық - саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады.

Бүгінде еліміз ауыл бағдарламасында көрсетілгендей, дамыған елдердің аграрлық салада қол жеткізген тәжірибелерінің саяси-экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау міндетін қойып отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер қарастырылған [2] .

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі - жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы - бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы сөзсіз.

Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орнына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселелер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ - Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылды. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.

2 Қазақстан Республикасының аграрлық секторының жай-күйі бағыттары мен бағдарламаларды талдау

2. 1 Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларды талдау

Мемлекеттік бағдарламалар ұзақ мерзімді индикативті жоспарлардың құрамында аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жасалады. Орта мерзімді және жылдық жоспарларда жұмыстардың мазмұны мен қаржыландыру жағдайларына байланысты түзетіліп отырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарларының құрамын олардың өзі мемлекеттік экономикалық басқару орындары көрсетіп берген формалар мен көрсеткіштер негізінде дербес айқындалады.

Экономикалық басқарудың барлық деңгейлерінде жасалған жоспардың құрамында қорғанысқа жұмылдырылған қуаттарды құру, дамыту және сақтау, қорғанысқа жұмылдырылған резервтердің материалдық құндылықтарын жаңартып отыру алдын ала ойластыруға тиіс.

Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы арақатынасын айқындауды талап етеді:

  • аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бағаны реттеу;
  • қаржы тәртібін жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;
  • баға деңгейін қадағалау негізінде бағаны реттеу;
  • өнім өткізу нарығын дамыту және тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік өзгертулер жүргізу;
  • еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстарын нарығын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары жайлы
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz