Жинақтаушы зейнетақы жүйесі: мәні, артықшылығы



I Зейнетақы жүйесінің жалпы сипаттамасы
1.1 Зейнетақының жалпы экономикалық мәні мен түсінігі
1.2 Зейнетақылардың түрлері
1.3 Зейнетақыны тағайындау тәртібі
II Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы
2.1 Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйеісінің қалыптасу кезеңдері
2.2 Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін талдау
2.3 Зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі
III Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму перспективалары
3.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелері және оны шешу жолдары
3.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйелерін жетілдіру бағыттары
Қорытынды
«Зейнетақы» сөзінің орысша баламасы «пенсия» сөзі төлем деген мағынаны білдіреді. С.И.Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзіне мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т.б. байланысты ақшалай ақысыздандыру».
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде «зейнетақы» сөзіне түрліше анықтама берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И.Астрахан анықтама берді. Оның пікірінше, зейнетақы – бұл «қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен циклының аяқталуына немесе оның толыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына немесе ұзақ мерзімге шығуына орай материалдық қамсыздандыру мақсаттарына әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер».
«Зейнетақы» сөзінің өзге де анықтамалары негізінен «зейнетақы алу құқығы туындау үшін алғышарт болып тұрақты немесе ұзақ мерзімдік еңбекке жарамсыздық табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақының орнына ақшалай төлемдер төленеді» деген пікірлерге негізделеді.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т.б. себептерге байланысты еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.
Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде – белгілі бір жасқа толуымен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлеу қажет болады.
Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу /2, 64 б./.
1. Қазақстан Республикасының Президентінің халқына жолдауы. // Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Алматы-2007 жыл.
2. Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А, Ахметов Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Алматы-2005 жыл. 548 бет.
3. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев. Қаржы. Алматы-2005 жыл. 551 бет.
4. А.Айтуған. “ЖЗҚ меншік капиталына келетін табысты үлестіру” // Қаржы Қаражат. 2005 жыл, №1
5. Б.Д.Бекбердиев “ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары” // Қаржы Қаражат. 2001 жыл, №5.
6. К.С. Абдиева. Казахстан в цифрах. Статистический сборник. Алматы -2005 г.
7. Статистический ежегодник Казахстана за 2004 год // Под редакцией Абдиева К.С. Алматы -2004 г.
8. Ураз Баймуратов. Финансы Казахстана. Алматы- 2005 г. 317 с.
9. У.Б.Баймуратов, К.Тулепбаев. “Пенсионная реформа: итоги, проблемы” // Банки Казахстана. 2002, №7.
10. Кичигина М. “Деньги любят счет” // Рынок ценных бумаг Казахстана 2004, № 11.
11. Аналитический отчет “Финансовый сектор: состояние, проблемы и перспективы”. Ассоциация финансистов Казахстана 2005 г.
12. Финансовый сектор. Аналитический отчет. 2006 год, №4.
13. Нурмаханбетов Е. “Анализ рынка пенсионных услуг” // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2004 год, май №2.
14. Алдамбергенов А.У. “Проблемы и перспективы эффективного управления пенсионными активами РК” // Рынок ценных бумаг Казахстана. Алматы, 2006 15 ноябрь.
15. Нугманова К.Ж. “Неправительсвенные организации – базовая основа гражданского общества” // Казахстан – Спектр. Научный журнал, 2003, №4.
16. Ельшибеков С.К. “Перспективы совершенствования и оптимизация накопительной пенсионной системы РК” // Рынок ценных бумаг Казахстана. 15 ноябрь, 2004 год.
17. Алибаев А. Накопительная система Казахстана (цифры, факты, комментарии). Алматы -2000 год.
18. Саханов Н. “Уровень и структура влияния неправительственных организации в Казахстане” // Спектр развития №4, 2004.
19. Аналитический отчет “ Финансовый сектор: состояние, проблемы и перспективы” // Ассоциация финансистов Казахстана. 2005 год.
20. Маметтеги С.Х. “Текущее состояние и перспективы развития фондового рынка” // Рынок ценных бумаг. 2006 год, 15 ноябрь.
21. Франц И. “ Проблемы и развития НПО- сектора в Казахстане: до и после форума” // Спектр развития. 2003 год, №3.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
I Зейнетақы жүйесінің жалпы сипаттамасы
1.1 Зейнетақының жалпы экономикалық мәні мен түсінігі

Зейнетақы сөзінің орысша баламасы пенсия сөзі төлем деген мағынаны
білдіреді. С.И.Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде зейнетақы
сөзіне мынадай анықтама берілген: еңбек сіңірген жылдары үшін,
мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т.б. байланысты ақшалай
ақысыздандыру.
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде зейнетақы сөзіне түрліше анықтама
берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И.Астрахан анықтама
берді. Оның пікірінше, зейнетақы – бұл қызметкерді, жұмысшыны не оның
отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен циклының аяқталуына немесе
оның толыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына немесе ұзақ мерзімге
шығуына орай материалдық қамсыздандыру мақсаттарына әлеуметтік сақтандыру
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер.
Зейнетақы сөзінің өзге де анықтамалары негізінен зейнетақы алу
құқығы туындау үшін алғышарт болып тұрақты немесе ұзақ мерзімдік еңбекке
жарамсыздық табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі
жалақының орнына ақшалай төлемдер төленеді деген пікірлерге негізделеді.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін
жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан
айырылуына және т.б. себептерге байланысты еңбек міндеттерін орындауды
тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады.
Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар
субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.
Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық
әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетақы – бұл әрбір азаматтың
еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен
қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде
қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде –
белгілі бір жасқа толуымен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы
жарналарын міндетті түрде төлеу қажет болады.
Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған
жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне
байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы
зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын
ұзақ мерзімге ай сайын төлеу 2, 64 б..
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының
азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан
айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен
зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік
береді.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау
жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса),
қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының
жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты
әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер
көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның
құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәй-
кес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін
қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік
және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің
жүйесін
айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының
ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық
байлыққа
және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің
жұмыс
тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша
қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік
қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі
әлеуметтік төлемақылар жасалынады.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі
орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып
табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек,
отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну
қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Ең төмен тұтыну
бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты мезгіл-
мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкелетті орган қайта бекітеді.
Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттік орталығы,
қазіргі кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры, әлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субъектілерінің
тұтыну қорлары арқылы жүзеге асырылады. Төлемақыларды халықты
әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субъектілері, өндірістік емес
сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік
сақтандыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы
құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде
қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың
айырмашылықтары бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс
істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең
спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен
жіктеріне “әлеуметтік көмек” деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның
еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін
тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады.
Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-
өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының оларды алуына қарай көп
немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен сақтандыру жүйесі, еңбекке
уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде
әлеуметтік қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар
заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі
істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген
қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы 3, 273 б..
Қорыта келгенде, зейнетақы – бұл белгілі бір жасқа келген,
асыраушысынан айырылған, еңбекке жарамдылығынан айырылған жағдайда
төленетін кепілдендірілген бір айлық ақшалай төлем төлеу болып табылады.
Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған
жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдар үшін, мүгедектігіне
байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы
зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын
ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

1.2 Зейнетақылардың түрлері

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең қуатты,
сенімді және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік – қаржы институттары болып
табылады.
Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын
өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына
қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен
анықталады.

1-сурет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Жоғарыдағы 1-суретте көрсетілгендей Қазақстан Республикасында
зейнетақылардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. еңбек зейнетақылары;
2. әлеуметтік зейнетақылар.
Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:
– жасына байланысты зейнетақылар;
– мүгедектігіне байланысты зейнетақылар;
– еңбек сіңіргені үшін төленетін зейнетақылар;
– асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.
Жасына байланысты еңбек зейнетақылары және мүгедектігі бойынша еңбек
зейнетақылары екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.
Еңбек зейнетақысына қатысты құқықты Қазақстан Ресспубликасының
азаматтары ҚР-ның Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңның шарттарын сақтаған жағдайда иеленеді.
Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері
заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек
зейнетақысына құқықты иеленеді.
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ
тұлғалар да зейнетақы алуға құқықты болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға
құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады
2, 65 б..
Қазақстанда барлығы 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді,
олардың ішіндегі 12-сі аймақтарда 72 филиалдарымен және 73 өкілдіктерімен
басқарады.
Елімізді зейнетақы реформасы басталғаннан бергі кезеңде ЖЗҚ бірнеше
топтарға бөлінді. Бірінші – ірі қорлар, немесе жүйе құрушы, Ұлттық банктің
жинақтаушы қоры және Ұлар-Үміт қоры, бұлардың үлестік иеленулері 60%.
Келесі топ орташа қорлардан тұрады. Оларға ABN AMRO-КаспийМунайГаз,
Сенім, Құрмет, Валют-транзит қорлары жатады. Бұларға барлық актив
көлемінің 20% тиесілі. Келесі топ көптеген қорлардан (17 қорлардан)
тұрады. Олар Қазақмыс, НефтеГаз-Дем, Қазақстан, Ұлттық зейнетақылық
қор, Қорғау, Отан, Капитал, олар 15% актив көлемін иеленеді. Ең
ұсақтары – Д.Қонаев атындағы ашық зейнетақылық қоры және Филипп-Моррис
Казахстан, бұлардың үлесі 1%-дан кем емес.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты олардың облыстардағы бөлімшелері мен
өкілеттіктерінің де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмысын реттеу жөніндегі комитеті берген
арнаулы лицензияларының болуы шарт. Сонда ғана олардың жұмыстары, яғни
халыққа көрсететін қызметі заңды болып есептеледі. Сондықтан зейнетақы
қорларына өз ақшаларын аударушылардың мәселенің осы жағына аса мұқият
болғандары абзал.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы заңға сүйенсек олар ашық және
жабық болып екіге бөлінуі тиіс. Ашық қорлар өз есептеріне қаржы
аударушылардың қай жерде тұрып, қайда жұмыс істейтіндіктерін талап етуді
мақсат тұтпайды. Ондай қорларға өз болашағын, дәлірек айтқанда қарттық
шағын қамтамасыз етуді көздеген кез-келген Қазақстан азаматының өз
табысының белгілі бір пайыз бөлігін аударуға толық құқы бар. Ал,
корпоративтік қорлардың ерекшелігі – оған тек сол құрылтайшыға еңбек
ететіндер ғана салымшы бола алады.
Бүгінде бізде екі – Қазақстан және Филипп-Моррис корпоративтік
жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Мұндағы айырмашылық сол – егер жоғарыда
аталған корпорациялардың бірінде жұмыс істеп жүрген адам жұмыс орнын
ауыстырар болса, ол бұл қорлардың салымшысы болудан шығып қалады.
Еліміздің заңдары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларын
құру үшін кем дегенде төрт құрылтайшы болуы тиіс. Акциялар да
олардың арасында тең бөлінуі тиіс. Ал, корпоративтік қордың жүз пайыз
акциясы бір ғана құрылтайшының қолында болады 4, 44 б.
Қорыта айтатын болсақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қай
түрін алсаңда, олар өз ерекшеліктерімен сараланып тұрады. Оған себеп
құрылған әр зейнетақы қоры өзіне барынша көп назар аудартуға,
клиенттерінің көп болғандығын, сонымен қатар, өз пайдаларын жеткілікті
ететіндей жағдай жасауға тырысады. Өз салымшыларының жинақтарын барынша
жақсы қызметпен қамтамасыз етуге тырысады. Өздерін басқа қорларға қарағанда
артық екенін дәлелдеуді мақсат етеді.

1.3 Зейнетақыны тағайындау тәртібі

Қазақстан Республикасының Жинақтаушы зейнетақы қорының меншік капиталы
құрылтайшылармен акционерлердің жарғылық капиталға салымдарының есебінен
және тек қана ақша, комиссиялық сыйақы түрінде қалыптасады; сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да табыс
көздерінен құралады 4, 44 б..
Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек
сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа
толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда,
сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын
төлеген жағдайда тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге
түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте,
әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек
стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан
есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде
белгіленеді.
Қазақстан Республикасында зейенетақы реформасының Үкімет қабылдаған
концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің қажеттігін айқындайды. Оның
ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол
банкі және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа
қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты
жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетті
зейнетақылық жарналарынан және де осы төлемдерді нивестициялаудан түсетін
табыстардан құралады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам
нысанында құрылады және де ашық немесе корпоративті болуы мүмкін. Ашық
зейнетақы қорының құрылтайшылары – заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының әрбір түріне жарғылық
қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылыу қызметі арқылы
зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды.
Ұлттық зейнетақы агентігінің талаптарына сәйкес әр қор зейнетақы тәртібін
бекіту қажет. Тікелей қызметі бойынша зейнетақы жарналарынан 1% және
инвестициялық табыстан 10% мөлшерінде шығындарын қамтамасыз етуге
комиссиондық алым алуға болады.
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы жабық акционерлік қоғам
нысанында құрылады, құрылтайшылары резидент және резидент емес заңды және
жеке тұлғалар бола алады 4, 49 б..
Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі
кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын
жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы
инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді
беруді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорынан мемлекеттік емес жинақтау
зейнетақы қорының айырмашылығы – мемлекет зейнетақы төлемдерінің сақталуын
қорғайды: зейнетақы активтерін тәуелділігі аз және біршама табысы аз
тетіктерге инвестициялайды.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерінің негізгі
бөлігі активтерді басқару компаниялары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарға
және банкі депозиттеріне инвестициялау арқылы жұмсайды. Қалған бөлігі
Қазақстан қор биржасының А листингі бар қазақстандық кәсіпорындардың
акцияларын алу арқылы отандық кәсіпорындардың даму инвестициясы жұмсалады.
А листингі бар кәсіпорындарға халықаралық аудит стандартына өткеніне 2
жылдан асқан кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтау
қорларына қарағанда инвенстициялық табыстан жоғары пайыз мөлшерінде
табыс беріп отыр.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының
сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз
етіледі.
Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек заңды
тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды
жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау
операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан – банктер арқылы
өтеді.
Ал өз кезінде кастодиан – банктер және зейнетақы активтерін
басқару компанияларының қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау – зейнетақы қорларының
қызметін реттеу комитеті, Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық комиссиясы және Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын
қамтамасыз етеді 4, 39 б..
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық
қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы
қорларының қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық
бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының
инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасалмағанын көрсетеді.
Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан
жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды
қарастыруға болады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін
негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арасынан, қазіргі кездегі
әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп
көрсетуге болады:
– әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру;
– мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік
және зейнетақы төлемдерін сақтандыру;
– өзіндік резервтер қорларды құрып, оларды жарғылық қормен
байланыстыру.
Белгілі бір мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорлары үшін
сақтандырудың қандай түрі сәйкес келетін осы қордың мүмкіншілігі мен
мақсатына байланысты болады және де сақтандыру компанияларын таңдағанда
мұқият тексеру қажет.
Зейнетақы қорлары клиенттердің сенімділігін көбейту үшін ірі қаражатты
институтпен келісім жасап, ол институт келешекте зейнетақыны төлеп тұруға
кепілдік беруі қажет 5, 69 б..
Зейнетақылық қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы
төлемдерін есептеу үшін қажетті өтілі мен табысын растайтын құжаттармен
қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы
органға беріледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген
күннен бастап тағайндалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы
төлемдерін тағайындаушы органдарға бір мезгілде берген күн - Орталықтан
зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз
бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы
төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген
күн есептелінеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін
тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен жүргізіледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды
қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен
бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін
тағайындаушы органы тиісті шешім шығырылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей
бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда
зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша
түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.
Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен
шағымдануға болады.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға
олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемінде
зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады 5, 61 б..

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29
тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қоғау туралы Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес еркектер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда
50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі - 20 жылдан кем болмаған жағдайда
45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген
әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға
құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6
айға өсіп отырады.
Сонымен қатар, салған салымдары өздеріне қайтарылып, қарттық шағында
өмір сүрулеріне жететіндей, өз зейнетақы қорын инвестициялағаны үшін олар
сыйақылар алатын болады. Алайда, қайтарылым қағидасында бірқатар жыныстық
жағынан қиыншылықтар туындайды. Әйелдерде ерлерге қарағанда жалақы мөлшері
төмен болып келеді, соған орай зейнетақы салымы және жинақ сомасы да аз
болады. Бірақ, әйелдердің өмір сүру деңгейі ерлерге қарағанда ұзақ.
Қазақстанда күтілген өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жыл, ерлерде - 60,45 жыл.
Дәлірек болу үшін 1- кестеге қарайық:
1 - кесте.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір ұзақтығының орташа деңгейі

Жылдар Барлық Соның ішінде әйелдердің
тұрғындар орташа жастан
артық өмір
сүруі
ерлер әйелдер
1995 63,5 58,0 69,4 11,4
1996 63,6 58,0 69,7 11,7
1997 64,0 58,5 69,9 11,4
1998 64,5 59,0 70,4 11,4
1999 65,5 60,3 71,0 10,7
2000 65,5 58,9 71,3 11,5
2001 65,8 60,5 71,32 10,82
2002 66,0 60,7 71,52 10,82
2003 65,83 60,45 71,46 11,01

Жоғарыда көріп отырғанымыздай 1995-2003 жыл аралығында ерлер де,
әйелдерде бірдей шамаға өскен деп айтуға болады. Ал әйелдердің орташа жас
мөлшерінен артық өмір сүруі жылдар аралығында бірдей дәрежеде асқанын
көрсетеді. Ең төменгі деңгей 1999 жылы, ал ең жоғарғы деңгей 1996 жылы
тіркелген 6, 27 б..
2-кесте
Әлемнің кейбір елдеріндегі өмір сүру ұзақтығының күтілген
көрсеткіштері

Тұрғындардың Зейнеткерлікке Зейнеткерліктегі
Елдер күтілген өмір сүрушығу жасы күтілген өмір сүру
ұзақтығы, жыл ұзақтығы
ерлер әйелдерерлер әйелдерерлер әйелде
р
МЖЗҚ-ның барлық
зейнетақылық
активтердің
көлеміндегі үлесі,%
МЖЗҚ-ның ашылған 53 39 32 28 25
жеке зейнетақылық 24 21,8
шоттардағы үлесі,%

57 49 43 46 38 34,9
37

Кестеде көрсетілген көрсеткіштерге сүйенсек 1999-2005 жылдар
аралығындағы көрсеткіштер біршама төмендеген, зейнетақы активі сомасы 31%-
ға дейін түскен 12, 22 б..
Алғашында ең жоғарғы табыс мөлшері Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорының көрсеткіштерінен көрінді. Өзінің зейнетақылық активтер көлеміндегі
лидерлік орынын ол 5 жылдан кейін 2004 жылдың басында босатты. Басты
жинақтаушы зейнетақылық қор болып - активтер мөлшерінің көлеміндегі
айырмашылығы 20 млн. теңге болатын Ұлттық банктің қоры алды. Бұл
міндеттеме бірқатар деңгейде МЖЗҚ приватизацияға жақындатты, оған сонымен
қатар мемлекеттік және шетелдік компаниялар қатысады (негізінен банктер)
13, 40 б..
Зейнетақы жүйесінің күрделілігі негізінен теңдік, жағдайлығы,
тұрақтылық сияқты ұғымдармен түсіндіріледі. Тексеріс кезінде көрінгендей
зейнетақылық жүйенің басқадай қасиеттері де бар, оларға: біртұтастық
(зейнетақылық қызмет нарығы – құралатын элементтер сомасы ғана емес,
бітұтас жүйе), іс-қимылдың үзіліссіздігі (құралымдардың саны мен сандардың
өзгерісін және олардың бір-біріне байланыстылығын қамтитын күрделі жүйе),
деңгейлік, комуникативтілік (ішкі ортада көптеген коммуникациямен
байланысқан жүйе басқа құрылымдардан шет жерде болмауы керек), геобиоценоз
(жүйенің дамуы), басқарушылық арқылы ұйымдастырушылыққа қабілеттілігі
(заңды актілер, үкіметтік бағдарламалар, мемлекеттік реттеумен
қамсыздандыру арқылы) 14, 17 б..
Жинақтаушы зейнетақы қорының меншік капиталы құрылтайшылар мен
акционерлердің жарғылық капиталға салымдарының есебінен және тек қана
ақша, комиссиялық сыйақы түрінде қалыптасады; сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да табыс көздерінен
құрылады.
Жинақтық қордың табыстары негізінен: комиссиядық сыйақылардан; меншік
активтерді инвестициялаудан түскен табыстың есебінен қалыптастырылады.
Жинақтық қорлардың және олардың акцияларын ұстаушылар болып табылатын
құрылтайшыларының қаржылық ахуалының көрсеткіштерінің бірі ретінде жарғылық
капиталдың көлемі болып табылады, оған дәлел төмендегі 4-кесте болып
табылады:

4-кесте
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капититалы
көлемінің өзгеру динамикасы

Жарғылық Жарғылық капиталдың көлемі,жылдар
Жинақтаушы капиталдың бойынша
зейнетақы рұқсат етілген
қорының атауы ең аз көлемі,
мың теңге
2005 жылдың 1 2006 жылдың 1
қаңтарына, мың қаңтарына, мың теңге
теңге
Ұлар-Үміт 180,000 440,000 480,000
Қазақмыс 50,000 50,000 50,000
Қазақстан 80,000 250,000 260,000
НефтеГаз-Дем 180,000 180,000 170,000
Құрмет 180,000 180,000 180,000
Капитал 180,000 180,000 180,000
Қорғау 180,000 180,000 180,000
Отан 180,000 180,000 190,000
Сенім 180,000 187,000 191,000
Жиынтығы 1,827,000 1,881,000

Жоғарыдағы кестеге келетін болсақ, негізінен, барлық жинақтаушы
зейнетақы қорларының жарғылық капиталының көлемі барынша аз рұқсат етілетін
деңгейде қалыптасқан, төменгі деңгейдегі салым салған қорлар корпоративтік
қорлар болып табылады. Жарғылық капиталдар салымдары бойынша алғашында
рұқсат етілген жарғылық капитал салымдары біршама бірдей деуге болады, тек
Қазақмыс ЖЗҚ-ның салымы ғана ең төменгі көрсеткішті көрсетіп тұр. Ал,
бастапқы салыммен соңғы жылдар арасындағы салымдар арасындағы
айырмашылыққа келетін болсақ капиталының көлемі ең көп Ұлар-Үміт ЖЗҚ
260,000, ал Қазақстан ЖЗҚ-сы 170,000 мөлшеріне дейін көбейген 4, 46
б..
Біз үшін меншік капиталының өсу динамикасы маңызды сияқты. Жинақтық
қорлардың капиталға айналуына байланысты оларға қойылатын талаптардың арта
түсуінің жағдайында қорлардың қаржылық қызметін бақылыу органдарының ЖЗҚ
меншік және жарғылық капиталдың өсу динамикасы қатынастығының көрсеткішін
өз жұмысында қолдана бастауы қажет. Осыған байланысты қорлардың табыстары
мен шығыстарының көрсеткіштерін байқау үшін төмендегі 5-кестені
пайдаланамыз:
5-кесте
Жинақтық қорлардың 2006 жылдың 1 қаңтарында қарағандағы жай-күйі
бойынша табыстары мен шығыстары (мың теңге)

ЖЗҚ-ның атауы Кезеңдегі табыстары Кезеңдегі шығындары
Сенім 68,542 216,643
Қорғау 188,960 75,501
Капитал 85,838 59,843
Отан 33,784 80,332
Ұлар-Үміт 739,645 671,543
НефтеГаз-Дем 104,684 97,202
Құрмет 168,413 193,078
МЗЖҚ 52,836 51,437

Жинақтық қорлардың жалпы табыстары 4 млрд. теңгеден астам, ал жалпы
шығындары 3 млрд. теңгеден астам деңгейде құралды. Жоғарыда келтірілген
кестеден зейнетақылық қорлардың көпшілігінің шығындары табыстарынан асып
кеткенін көруге болады.
Сонымен, ЖЗҚ-дағы қазіргі қаржылық менеджментті сипаттайтын негізгі
ерекшеліктерді атап өтуге болады:
• әкімшіліктік-шаруашылықтық шығындардың өсуімен жүргізілетін
менеджмент;
• жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметінен келіп
түсетін менеджмент;
• салымшыларға қатысты пассивтік қызмет ететін және төмен шығындарды
қажет ететін менеджмент;
Сонымен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі қыметтері:
зейнетақылық салымдар сомасын, зейнетақылық қорлардың инфляция қарқынын
есепке ала отырып міндетті салынатын салымдар деңгейіне жеткізіп сақтауын
қадағалау, салымшыларға олардың жинақтары туралы ақпарат жеткізіп отыру,
зейнетақылық жинақтардың еріктілі қағидасын сақтап, зейнетақылық
активтердің сақтандыру жүйесін құру, зейнетақылық активтерді сақтандыру
болып табылады.

2.3 Зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан (жалақысынан)
міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жинқтаушы
зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Ұстау
және жинақтаушы зейнетақы қоларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына
мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін
пайдаланатын заңи тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке
нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс
берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық
пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде жарна аударады.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең
төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары
Салық кодексінің 144 бабының 1), 3), 8), 10), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Ұйымдағы бұқарамен байланыс бөлімінің ролі
Темірбанк банк жүйесінің жетілдіру жолдары
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолы
Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру мәселелері
Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
Пәндер