Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
Кіріспе ... .
1 Кәсіпкерлік мәні,мазмұны және оның түрлері.
1.1. Кәсіпкерлік мәні мен түрлері ... .
1.2. Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі..
2 «Макинский элеватор» ЖШС мысалында кәсіпкерлік қызметті басқару ерекшеліктерін талдау
2.1. «Макинский элеватор» ЖШС шаруашылық жағдайын және экономикалық даму деңгейі талдауы.
2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқару қызметі...
3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару..
3.2. Шағын кәсіпорындардың дамуын басқару..
3.3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу..
Қорытынды ...
Пайдаланылған әдебиеттер ...

Қазақстан Республикасының нарықтың экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып,табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес,сонымен бірге коммерциялық, финанс,ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.
Қазіргі Қазақстан экономикасы жағдайында нарыққа өтумен байланысты көптеген өрескел қателіктер,асығыстықтар орын алуда. Экономика үлкен тоқырау үстінде. Оның басты себептерінің бірі нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін білікті, өз ісін жете меңгерген кәсіпкерлер тобы өте аз. Сондықтан осы курстық жұмысымда кәсәпкерлік істі ұйымдастыруда дамытуда,шешу жолдарында көптеген мәліметтер жинап оларға тоқталдым.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.
11. Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.
12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.
13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.
14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 2003ж.
15. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 2008ж.
16. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 2005.
17. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан» 2007ж.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Кәсіпкерлік мәні,мазмұны және оның түрлері.
Кәсіпкерлік мәні мен 5
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік 7
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Макинский элеватор ЖШС мысалында кәсіпкерлік қызметті басқару
ерекшеліктерін талдау
2.1. Макинский элеватор ЖШС шаруашылық жағдайын және экономикалық 10
даму деңгейі
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқару 23
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті 28
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Шағын кәсіпорындардың дамуын 30
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік 31
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Пайдаланылған 36
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтың экономикаға кенеттен өтуімен
байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер
тобы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып,табысты
еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес,сонымен
бірге коммерциялық, финанс,ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш
кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет
етеді.
Қазіргі Қазақстан экономикасы жағдайында нарыққа өтумен байланысты
көптеген өрескел қателіктер,асығыстықтар орын алуда. Экономика үлкен
тоқырау үстінде. Оның басты себептерінің бірі нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істейтін білікті, өз ісін жете меңгерген кәсіпкерлер тобы өте аз.
Сондықтан осы курстық жұмысымда кәсәпкерлік істі ұйымдастыруда
дамытуда,шешу жолдарында көптеген мәліметтер жинап оларға тоқталдым.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс
істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті
дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін
ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет
иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір
заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол
тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық
потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың
тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және
тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет
көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік
ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат,
энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің
меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-
жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі
өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге
жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет.
Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы
байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Курстық жұмысымда 3- бөлім қаралған. Бірінші бөлімде кәсіпкерлік мәні,
мазмұны және оның түрлері. Ал екінші бөлімінде ҚР-ғы кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаумен оның дамуына тоқталсақ, үшінші бөлімінде
Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару жөнінде ашып жазылған.
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Ал мақсатына келетін болсақ бұл
тақырыпты тереңнен ашып, және кәсіпкерліктің қалыптасуына толық тоқталып
өту болып табылады. Осындай мақсат қойғаннан кейін осы тақырыптың мәнін ашу
барысында мынадай міндеттер орындалған:
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің басқаруына тоқталу;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік мәселелері,оның шешу жолдарын баяндау;
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен даму жағдайын
зерделеу;
- Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісін айқындау;
1 Кәсіпкерлік мәні, мазмұны және оның түрлері
1. Кәсіпкерлік мәні мен түрлері
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі;
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық топ;
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік деген ұғым негізінен өмірде экономикалық
белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы,
ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық блсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты. Өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан – жақты белсенділігін талап
етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін
болуы керек.
Кәсіпкелік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік
белсенділігі,қабілеті.Оның дамуы орта ғасырдан бастала-ды. Қазақстан
кәсіпкерлері ерте заманнан бастау алып ке-леді. Қазақстанның көшпелі
шаруашылық жағдайында кә-сіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр1
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды. 1861 жылғы ре-формадан
кейін темір жол құрылысы,ауыр өнеркәсіп сала-лары орын алды.
Кәсіпкерлік субъектісі болып-жеке адамда,сонымен бірге заңды
тұлғалар,біріккен серіптестік:арендалық ұжым,аш-ық және жабық акционерлік
қоғамдар,шаруашылық ассо-циациялары,әртүрлі бірлестіктер(корпорациялар).
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Кәсіпкерлік түрлері:
1) Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері
бар:өндірістік,коммерциялық,финанс және консультациялық.
2) Мемлекеттік түрлері бойынша жеке меншік,мем-
лекеттік,муниципалды,сонымен бірге қоғамдық құ-рылымдар меншігі.
3) Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке ад-амның немесе
коллективтің құрамы болуы керек.
4) Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-провалық
және ұжымдық-экономикалық.
Осылардың ішінде ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.
1) Серіктестер-бұл адамдардың бірлестігі,онда екі және одан да көп
серіктестер болады. Олар өз капитандарын қосады және әрбір мүше
өзінің капи-талымен жеке жауап береді. Олар:1)шексіз жа-
уапкершілікті серіктестер;2)командитті(сенімге не-гізделген)
серіктестер шектелген жауапкерші-ліктермен.
Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектел-ген
жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндетте-мелеріне жауап бермейді.
2) Акционерлік қоғамдар :ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
1) Концерн-көп салалы акционерлік қоғам,әртүрлі компаниялардың
бақылау пакеттерін сатып алады.
2) Ассоциация-экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
3) Консорциум-бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы,өте
ірі жобаға инвестиция)біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4) Синдикат-бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5) Картол-тауар,қызмет көрсету бағасы,нарық аудандарын бөлу,өндіріс
мөлшері жөнінде келісім.
6) Финанс-өнеркәсіп тобы-банк,сақтандыру,және сауда капиталының
бірлестігі.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлеріне тоқ-талатын
болсақ,қазір Қазақстандағы мынадай ұжымдық-прованың форма кәсіпкерліктер
құрылуда.
1) Шаруашылық серіктестік-толық серіктестік. Ол-ардың мүшелері
өзара кәсіпорын құру жөнінде келі-сімге қол қояды. Құруға керекті
серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің
пайдасы,зияны пайдаға қарай бөлінеді. әрбір мүше өзінің табысына
пайда қосып сонан салық төлейді.
2) Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мү-шелері серіктес
атанған іс жүргізушілер ішінен бі-реу немесе бірнеше мүшелері
зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде
жауапкершілікке алады.
3) Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мү-шелері қоғамның
міндеттеріне жауап бермейді,ал зиян тәуекелдеріне өздерінің
үлестерімен жауап береді.
4) Қосымша жауапкершілігі бар қоғам-қоғам міндет-темелеріне
өздерінің заттарымен жауап береді.
5) Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6) Өндірістік кооперативтер-ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7) Унитарлы кәсіпорын-коммерциялық мекеме,мен-шіктік құқығы жоқ.
Унитарлы кәсіпорынның мү-ліктері бөлінбейді. Унитарлы кәсіпорын
тек мем-лекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын
болып есептеледі.
1.2.Кәсіпкерлікке экономикалық,әлеуметтік және про- валық жағдайлар.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономи-калық жағдай
керек. Олар:нарыққа тауар,қызметтер ұсы-ну,тауарлардың,қызметтердің алуан
түрлері тұтынушы-лардағы ақша-қаражат көлемі,яғни олардың сатып алу қа-
білеттілігі,жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық кемдігі,еңбек ақы
қорының артық-кемдігі,қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы
керек,т.б.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтық инфрақұрылымы болуы
керек:банктар,шикізат,материал,құра л-жабдықтар сатушылар,тауарды
тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер,заң,бухгалтерлдік т.б.қызмет
көрсеттетін ме-кемелер,еңбекке орналастыру агенттігі,оқу орындары,
жарнама,көлік,сақтандыру,байланыс,а қпарат,т.б.мекемелері.
Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру,қалып-тастыру үщін
тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы,олардың тауарға,қызметке
деген талғамы,төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның
рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып,жағдай жасауы тиіс:денсаулық
сақтау,жұмыс орнын жасақтау,еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлік жасақтау және оны дамыту үшін кадрлар оқыту,білім
дәрежесін,мамандығын көтеруге көңіл бөлу,кәсіпкерлер даярлауды тұрақты
қадағалау.
Провалық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін болуы
шарт. Оған мыналар жатады:Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,салық
туралы заңдар,кә-сіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар,шағын және
орта бизнесті қолдайтын органдар,меншікке провалық заңдар,т.б.
2. Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі
Халық шаруашылығының барлық салаларында шағын кә-сіпорындардың болуы
дүниежүзілік практикада экономика-лық тиімді іс болып табылады. Ірі
фирмаларда зор мате-риалдық,финанстық,еңбек ресурстары және маманданған
кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер
қабылдап,өндірістің технологиялық жаңа әдіс-терін қолдана алады. Ал,екінші
жағынан,соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын
алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп
талап етпейтін жұмыс салаларында пайда болады. Шағын фирмалардың ірі
фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа
жақындығы,тұтынушылардың сұранысына икемділігі,шағын мөлшерде өндірілуі.
Шағын кәсіпорынға , өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының
бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономикалы жетілдіруге
септігін тигізеді:бәсекелестік орта өркен-дейді,қосымша жұмыс орны пайда
болады,тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен
толықтырады,экспорттың потенциалын арттырады,жергілікті шикізат ресурстарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Шағын уәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі
бар:өндірген тауарын,салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.
Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай-жоспарлау. Шағын кәсіпорын
өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік
мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін
өзінің әлеуметтік қашуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек.
Жоспардың негізіне тауар алушылармен және шикізат,материалдар сататын
кәсіпорындармен, өн-діріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар
болуы керек.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру-провалық формаларына
байланысты,пайдадан,амортизацияға шығарылған санадан,бағалы қағаздарды
сатқаннан түскен ақшадан,еңбек ұжымының мүшелерінің жарнамаларынан,пай-
дадан түскен несиеден тұрады.
Ақша қаражаттарды сақтау үшін және есеп алыры-су,кассалық
операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша
алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібін орын-далмаған
кәсіпорын сотарқылы банкрот болып жарияланады.
Жалпы негізде,шағын кәсіпорын шет елдің серіптестермен шарт жасап
және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын
кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына,оны сатып алуына
оның ішінде аукциондарға да қатынасуға құқылы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері,оның
жүйесі,түрі дербес шешіледі. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілдік еңбек ақы
төлеуді қамтамасыз етеді. Еңбек жағдайы,қызметкерлердің әлеуметтік қорғау
шарала-рын орындайды. өзінің қызметкерлеріне демалыс,қысқар-тылған жұмыс
күні,т.б. жеңілдіктерді қолдана алады. Заң бойынша шағын кәсіпорын
қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына,еңбек
қабілетіне кел-тірілген зиянды толықтыруға жауапты.
Қазақстан жағдайында нарықтық қатынастарға көшумен байланысты басқа
елдердің тәжірибелерін қолдану қажет болып отыр.
Қазіргі кезеңде шетел тәжірибелері негізінде Қазақстанда,Ресейде
қоладанылатын кәсіпкерліктің кейбір экономика провалық түрлерін қарайық.
1. Консигнация-комиссия шартының бір түрі;
Тауарды өткізумен байланысты кәсіпкерлік сферада пайдланылады.
Келісуші жақтардың мүліктік қатынастарын реттейтін,тауар иесінің тапсырмасы
бойынша делдалға белгілі бір жағдайда тауар өткізу жөнінде консигнациялық
шарт жасау. Шартта әдетте жөнелтілген тауар,оның лимиттік бағасы және сату
уақыты көрсетіледі. Консигнатор тауарды өткізгенше өз қоймасында
сақтауға,консигнанттың пайдасына сақтан-дыру міндетті.Сақталмаған тауарды
сатушы иесіне қайырады,мүмкін консигнатордың өзі сатып алуы..
2. Франчайзинг-кәсіпкерлік формасы АҚШ-та,Жапонияда, Батыс Еуропа
елдерінде кең тараған. Бұл кәсіпорын-дардың нарықтағы ерекше өзара
серіктестік қатынастары. Франчайнг бойынша қатынастар бұл
ірі,әжептәуір тұрақты франчайзер деп аталатын форма,бизнесте
экономикалық жағдайы жоқ шағын кәсіпорынға,белгілі бір уақыт
аралығында,тұрақты жерде кәсіпкерлік іспен айналысуға қажет.
Франчайзер қолданған жетілген технологиясы, “Ноу-Хау”,атағы әйгілі
тауар маркілерін;франчайзердің қызметкерлерін оқыту,кеңес беру
қызметтерін атқарады. Бизнестің қандай түрі болмасын,франчайзинг
жағдайында серіктестер праволарын,мүмкіндіктерін беру туралы шарт
жасайды. Франчайзердің көмегі және қолдауы шартта белгіленген ақылы іс
болады. Бұл үлкен маңызы бар экономикалық қатынастар,әсіресе өтпелі
экономика жағдайында .
1. Макинский элеватор ЖШС мысалында кәсіпкерлік қызметті басқару
ерекшеліктерін талдау
1. Макинский элеватор ЖШС шаруашылық жағдайын және экономикалық даму
деңгейі талдауы
Макинский элекватор ЖШС Қазақстан Республикасы, Макинск қаласының
Элеваторная көшесі, 1а үйінде өз қызметін жүзеге асырады.
Макинский элекватор жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1930 жылдың
қараша айының бесінші жұлдызында қалыптаса бастаған.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңға сәйкес қалыптасқан күннен бастап
жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Заңды
тұлғанын құрылтайшысы Черкасов Иван Данилович серіктестікті анықталмаған
мерзімге аша отырып, 103 мың теңге көлемінде ақша сомасымен жарғылық
қорын құрастырған.
Кәсіпорын қызметін көктемгі егін егу науқанына дайындықпен, сонымен
қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен бастады. Серіктестікте
егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен оны өңдеуді жүзеге
асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы савхозды
жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар
құрылтайшысының өзі қосқан (интелектуалды салымдары қоспағанда) мүлкі мен
серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.
Біраз жылдар ішінде атқарылған айтарлықтай жұмыстар:
- Серіктестікте бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын, тазартатын,
сұрыптайтын екі диірмені жұмыс істеуге дайын тұрды;
- Ауылшаруашылық техниканын жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін
АЗС жұмысы қалыпты;
- Көлік техникаларын жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын жүйелендіру;
- Құрылыс заттарын жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына келтірлді.
Жаңа қалыптасып отырған серіктестік үшін оның маңызы зор еді.
Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға деген өндірісті
ұлғайту жоспарлары қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге асты;
- Егін шаруашылығымен қоса серіктестік мал шаруашылығын да қоса
дамытуды алдына мақсат қойды;
- Сонымен қатар нан өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін, пісіріп
сататын нан пісіретін уйдің құрылысы осы алғашқы жылдарда
атқарылған айтарлықтаз қызметтерінің қатарында болатын;
Макинский элеватор ЖШС коммерциялық ұйым. Кез-келген коммерциялық
ұйымның, кәсіпорынның мақсаты озінің капиталының рентабелділігі, яғни
пайда табу. Серіктестік өзінің пайда табу масатында алуан түрлі шаруашылық
қызмет түрлерін жүргізеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алуан
түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:
- негізгі шаруашылық түрлері;
- негізгі емес шаруашлық түрлері;
Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру
болатын. Уақыт өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті.
Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері
- егін шаруашылығы:
○ бидайды өндіру, оны өңдеу;
○ күнбағысты өндіру, оны өңдеу;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналысатын қосымша қызмет
түрлері:
- құрылыс қызметі;
- құрылыс материелдарын өндіру;
- құрылыс материалдарын сату-сатып алу;
- жол құрылыс материалдарын шығару;
- жанар-жағар май саудасы;
- қонақ үй, мейрамхана, кеңселерді жалға бепру қызмет көрсету
саласы;
- техникалық қызмет станциясы (СТО);
- автоколік, техниканың қосалқы бөлшектерін өндіру, сату, атып алу,
- кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау т.б
б.т
Кәсіпорын өндірісін жүзеге асыруды және дамытуды тек қана ішкі
қаржыландыру көзімен ғана жүзеге асырып отырған. Өнім өндіру мен қызмет
көрсету серіктестік үшін пайда көзі болып табылады. Пайдаға жету үшін
серіктестік қызыметінің заңдылықпен тиым салынбаған келесі негізгі түрлерін
жүзеге асырады:
- құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін
дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік
жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс
жұмыстары, ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы,
құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға
арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және
сату;
- Ұн тартатын өндірістік, ауыл шаруашылық өнімділігінің оның
ішіндегі дән және дән өнімділігін және мал шаруашылығының барлық
түрлерін жасау, өндіру және сату, дән, ұн тартатын және нан
пісіретін өндірістік, мал және мал шаруашылығының өндіру өңдеу
және сату, ауыл шаруашылық техниканы, минералды тыңайтқыштар мен
химикаттарды сатып алу және сату, нан-бөлкелік, кондитерлік пен
макарондық өнімдерін жасап сату, жер аумақтарын жалға беру;
- Халық тұтыну тауарлары,тамақ өнімдерің жасау,сатып алу,жеткізу
және сату, осы мақсатымен дүкендер,дәмханалар,мейрамханалар,б ар
қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын
ашу,халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар
жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу;
- Әрлендіру,жарнамалық,кеңес беру жән делдалдық қызмет,басып шығару
қызметі,полиграфиялық қызмет,ақпараттық материалдарды
көрсету,инвестициялық,сауда және делдалдық қызметке қатысу,
маркетинтік, қаржылық және басқа қызметтерді мекемелерге,
ұйымдарға,көрсету,заңгерлік қызметтерді көрсету;
- Мекемелер,азаматтарға автокөлік қызметтерін көрсету, теміржол
тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік
құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып алу және сату, ТҚС, ЖҚС,
автотұрақтар және көлік жуу нүктелерін ашу;
- Халыққа тұрмыстық,әлеуметтік,тұрған және медициналық қызметтер
көрсету,осы мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді,
сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер, моншалар, сауаналар және
демалыс аймақтарын ашу;
- қағаз массасы қағаз және қатты қағазды шығару, сатып алу және сату
қағаздан жасалған бұйымдарды, тұрмыстық химия құралдарын және
парфюмерия-сәндер бұйымдарын шығару;
- жиһаз, техникалық құрал-жабдық, өнеркәсіптік және құрылыс
материалдарды, ағаш,м еталл,п ластик, пенополистеролды өндеуге
арналған бұйымдарды, басқа да әрлеу және әрлендіру материлдарды
шығару, сатып алу және сату, инновацияларды жетілдіру және ендіру,
жоғары технологиялы өнімді шығару және сату;
- сыртқы экономикалық қызмет, экспорт, импорт ғылыми зерттеу және
мәдени ағартушылық қызметтерді дайындау және қайта дайындау, осы
мақсатта курстар және оқу орындарды ашу, жылжымалы және
жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, жалға беру пайдалану
жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау, су
көздерін пайдалану;
- қызметтің ҚР заңнамасымен тиым салынбаған басқа түрлері.
Серіктестіктің негізгі мақсаттары үстіде қарастырылған қызметтерді
жүзеге асыра отырып пайдаға жету, оны үнемі ұлғайту. Мақсат тек қана
өндірістің жеткен деңгейде ұстап тұру емес, оны әрдайым ұлғайту мен жана
өндіріс орындарын қалыпетастыру болып табылады.
ЖШС келесі құжаттар және нормативтікактілердің негізінде өз қызметін
жүзеге асырады:
• Жарғы;
• Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстері (өзгерістер және
қосымшаларды есепке алумен);
• Қазақстан Республикасының ұйымдарының қызметтік қаражат және ішкі
құжат регламент белгілейтін құқықтық актілер;
• Басқа да құқықтық-нормативтік заңдар.
Кәсіпорын салық төлеуші ретінде 2002 жылдың 21 мамыр
күні 620 300 215 727 нөмірімен тіркелген.
Кәсіпорын:
1) Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес көрсетілген қызметтерге
тарифтерді қарастырады;
2) Кәсіпорынның мүліктік кешенін жаңартып отырады және даму
бағдарламасын іске асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған қызмет түрлерін
іске асырады;
Кәсіпорын мүлкінің құралу көздері болып:
- құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлестері мен олардың
қосымша мүлікке қосқан жарналары;
- серіктестіктіңөндірістік қызметтер түскен табыстары;
- несиелер;
- заң актілерінде тиым салынбаған басқа да қызметтерден түскен
табыстар.
Серіктестік мынадай құқыққа ие:
1) Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік
істерін басқаруға қатысуға;
2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі
туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен
танысуға;
3) серіктестік қызметінен серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның
жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан
кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық
қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
5) Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке
қатысуын тоқтатуға ;
6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың
құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау
айтуға құқылы.
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның
мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын
кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық
мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам
өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және
қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль
атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі
инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында,
жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда
маңызды роль атқарады.
Кесте 1 - Қызмет көрсетулер бойынша табыстың өзгеруі
№ Көрсеткіштің атауы Сомасы, мың теңге Өсу қарқыны, %
2010 2011 2012 2010 жыл 2011 жыл
1 Өнiмдердiң iске 739152 917429 1043113 41,1 13,7
асыруынан табыс
2 Активтердiң қатардан6249 663 5880 -5,9 786,9
шығуынан табыс
3 Тегiн алған активтер- 595 - - -100
бойынша табыс
4 Басқа да табыстар 9837 4843 6826 -30,6 40,9
5 Табыс 755238 923530 1055819 39,8 14,3
2012 жылы табыстар соммасы 1055819 мың теңгені құрады. 2010 жылмен
салыстырғанда бұл көрсеткіш 39,8%-ға немесе 300581 мың теңгеге өскен, ал
2011 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға немесе 132289 теңгеге өсті.
Табыс құрылымында меншікті салмақты қызмет көрсетуден табыс алуда.
Табыс сомасының 2011-2012 жылдар аралығындағы өзгерісі келесі суретте
берілген.
Сурет 1 - 2010-2012 жылдар аралығындағы табыс сомасының динамикасы
Кесте 2 - 2010-2012 жылдардағы таза табыстың өзгерісі
Көрсеткіш атауы 2010 2011 2012 2012 жылғы өзгеріс,
%
Сомасы, мың теңге 2010 ж 2011 ж
Сатылған өнімнен табыс 739152 371429 1043113 41,1 13,7
Жалпы табыс 68530 81589 115973 69,2 42,1
Таза табыс 323 1711 4109 1172,1 140,1
Жеке капитал 408306 543079 546530 33,9 0,6
Жеке табыстың 0,08 0,32 0,75 850,4 138,6
рентабельділігі
Табыстың рентабельділігі 0,04 0,19 0,39 801,4 111,2
Жалпы табыстың 0,47 2,10 3,54 651,7 68,9
рентабельділігі
Рентабельділік деңгейі мен динамикасына мынадай өндірістік-шаруашылық
жағдайлар әсер етеді.
1. Өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейі;
2. Капитал және оның көздерінің құрылымы;
3. Өндірістік ресурстарды қолдану деңгейі;
4. Өнімнің көлемі, сапасы және құрылымы;
5. Өндірістік шығындар;
6. Өндірістен түскен табыс.
Рентабельділік – кәсіпорынның жалпы тиімділігін білдіретін көрсеткіш.
Жоспар бойынша 2011 жылы рентабельділік деңгейі 0,09%-ды құрады.
Қор сыйымдылығы - негiзгi өндiрiстiк қорлардың сомасының бюджеттiк
құралдардың игеруiне кеткен сомасына қатынасын көрсетеді. (846 619,0 мың
тенге 1 686 450,0)= 0, 50.
Қор қайтарымдылығы - бюджеттiк құралдардың игеруiне кеткен сомасының
негiзгi өндiрiстiк қорлардың сомасына қатынасын көрсетеді. (1686450,0 мың
тенге 846 619,0 мың теңге) = 1,99 тенге.
Материал сыйымдылығы – бұл барлық материалдық шығындардың сомасының
бюджет құралдарын игеру сомасына қатынасын көрсетеді. (308 547,5 мың тенге
1 686 450,0 мың тенге)= 0,18
Материал қайтарымдылығы – материал сыйымдылығына керісінше.
(1686450,0\308547,5)= 5,47
Еңбекақы сыйымдылығы – қор сыйымдылығының сомасының бюджет құралдарын
игеруге кеткен сомасының қатынасына тең. (656199,1 1686450,0)=0,39
Еңбекақы қайтарымдылығы - еңбекақы сыйымдылығына керісінше.
(1686450,0\656199,1)=2,57
Еңбек өнімділігі – меңгерілген құралдарының сомасының жұмыскерлер
қатынасына тең. 1686450,0 \ 867 = 1945,0 мың тенге.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты
бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік,
әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау
қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін
шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің
кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы
болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік
табыстылықтан да маңызды болып отыр.
Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен
оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Төлем қабілеттілік пен қаржылық
тұрақтылық шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық қызметінің
маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлем
қабілетті болса, онда ондай кәсіпорын сол саладағы басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда инвестиция тартуда, несие алуда, білікті мамандар тартуда
елеулі артықшылыққа ие болады.
Қаржылық жағдайды талдаудың мәнi мен мiндеттерi

оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Қаржы ресурстарын кәсiби басқару
қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған
байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi
қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен
капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық
жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы (КҚЖ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың
жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектiсiнiң нақты сәттегi өз
қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер жүйесiмен
анықталады. Қорыта келгенде, кәсiпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық
тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiмен сипатталады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше
талқыланады:
қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткiлiктi қаржылық
қамтамасыз етiлуi;
қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем
қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;
қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi
тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге үдемелi
ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрiнiсi - кәсiпорынның төлем
қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi – бұл субъектiнiң өз
мiндеттемелерiн уақытында өтей алу мүмкiншiлiгi.
Макинский элеватор ЖШС кәсіпорнының қаржылық есебі келесі
құжаттардан тұрады:
• Бухгалтерлік баланс
• Шығындар мен табыстар есебі
• Ақша қаражаттарының қозғалыс есебі
• Меншікті капиталдағы қозғалыстар, өзгерістер есебі
• Есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндіру жазбалары
Жылдық қаржылық есептің есеп периоды болып календарлы жыл саналады, 1
қаңтардан 31 желтоқсанға дейін. Құжаттар қосымшаның 11 бөлімінде
көрсетілген.
Есеп периодының барлық мәліметтері қаржылық есепте көрсетіледі.
Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасында - теңгеде құрылады.
Қаржылық есепке директор мен басты бухгалтердің қолдары қойылады, олар бұл
есептің уақытында берілуіне жауапты. Қаржылық есеп келесі мекемелерге
берілуі тиіс.
• Құрылтайшылар құжаттары бойынша меншікті адамдарға;
• Мемлекеттік статистика мекемелеріне;
• Мемлекеттік бақылау және қадағалау мекемелеріне.
Қаржылық есепті беру мерзімі қаржылық есеп жылынан келесі жылдың 31
наурызынан асыртуға болмайды. Аралық қаржылық есеп тоқсан сайын беріледі.
2012 жылдың жаңа салығы бойынша қаржылық есеп тоқсаннан кейінгі 2-ші айдың
15 күнінен кешірмей беріледі. 2010 жылғы салық кодексінің талаптары бойынша
тоқсаннан кейінгі бір айдың 20 күнінен аспай қаржылық есепті беру қажет.
Макинский элеватор ЖШС аралық қаржы есеп беру тәсілін қолданып
тұрады. Жылдың қаржылық есеп пен аралық қаржылық есепте бір есеп саясатын
қолданады.
Барлық есептер электронды түрде CГДС арқылы беріледі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін келесі әдістер
пайдаланылады:
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі заманға сай және
объективті түрде бақылау. Яғни кәсіпорынның осал тұстарын
қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал
тұстарды жою жолдары.
2. Қаржылық жағдайды жақсарту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның
төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.
3. Қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше болжау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы мәліметтер көзі бухгалтерлік
баланс болып табылады.
Баланста орын алған мәліметтер негізінде кәсіпорынның соңғы қаржылық
нәтижесі, талданып отырған кезеңдегі өзіндік қаражаттары, таза пайда
ретінде көрсетілген қаржы ресурстарының мөлшері орын алады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу
мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі
уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты
екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және
қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді және
вертикальді талдаудан басталады.
Жинақталған бухгалтерлік балансты сараптау кезінде 2012 жылы 2010
жылға қарағанда жалпы активтер 70736 мың теңгеге немесе 39,67 %-ға артқан.
Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда ұзақ мерзімді
активтердің 65183 мың теңгеге немесе 8,4 %-ға артқан. Ал қысқа мерзімді
активтер 5553 мың теңгеге немесе 8,4 %-ға кеміген.
Жыл соңында жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және
резервті капиталдың мөлшері 91,9 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды
546528 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін
өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.
Кесте 3 - Есепті кезеңдегі баланс мәліметтерінің өзгерісі, 2012 жыл
№ Көрсеткіштер Есеп беру Өткен кезең өзгеріс (+,-)
кезеңіне
сомасы баланстағы үлесі сомасы
мың.тг (%) мың.тг
2011 ж.2012 ж. 2011 ж.2012 ж.
Жарғылық капитал 295096 295096 0 54,3 54,0 -0,3
Резервтік капитал 20445 25392 4947 3,8 4,6 0,9
Шығарылмаған 227535 226040 -1495 41,9 41,4 -0,5
табыстар
Барлығы 543076 546528 3452 100,0 100,0
Жарғылық, резервтік капитал міндеттемелердің 91,9% құрауы,
кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Кезең ішінде меншікті капитал сомасы 3452 мың тг немесе 0,6%-ға өскен,
ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық капитал сомасы
өзгермеген. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын Меншікті капиталдың
қозғалысының есебі формасы бойынша анықтауға болады.
Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін
уақытылы жауып отыру болып табылады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілік –
қарыз алушының барлық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие
қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін
көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас
бөлігі. Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі
ажыратылады. Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады,
ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс
төлемдерді есепке ала отырып анықталады.
Төлем қабілеттілікті талдауға кіреді:
- баланстың өтімділігін талдау;
- өтімділік коэфиценттерін талдау.
Баланстың өтімділігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу
мүмкіншілгімен анықталады.
Активтердің өтімділігі – активтердің ақша қаражатына айналу
уақытымен, мөлшері анықталады.
А1 – өтімді активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық
салымдар);
А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар);
А3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ұзақ мерзімді дебиторлық
қарыздар, басқа да айналымдағы активтер);
А4 – қиын өтімді активтер (ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері);
П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыздар);
П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар,
қызметкерлермен есеп айырысу, басқа да қысқа мер.активтер)
П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы
табыс)
П4 – тұрақты пассивтер (капитал, резервтер).
Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс өтімді болып табылады:
А 1 ( П 1; А 2 ( П 2; А 3 ( П 3; А 4 ( П 4.
Осы теңсіздіктерді орындалу орындалмауын анықтау үшін баланстағы
көрсеткіштерді актив пен пассив өтімділі бойынша жіктелінген кесте
құрылған.
Кестенің сол жағында активтер А, А2, А3, А4, оң жағында П1, П2, П3, П4
сомалары мың теңгемен көрсетілген.
Кесте 5 - Кәсіпорын балансындағы активтердің өтімділігі
Активтер Сомасы, мың теңгеПассивтер Сомасы, мың +,- өзгеріс,
теңге мың теңге
Есепті Өткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz