Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

1. Ақша жүйесі мен ақша айналысының өзара қарым-қатынасы

  1. 1. 1 Ақша айналысының теориялық сипаттамасы1. 2 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері

1. 3 Ақша жүйесі: типтері мен қызметтеріне сипаттама

2. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің дамуы

2. 1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша байланысының даму ерекшеліктері

2. 2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін талдау

3. Ақша жүйесін жетілдірудің мәелелері мен даму мүмкіншіліктері

3. 1 Ақша жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі

3. 2 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастару ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 ж. 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына байланысты ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртібі қамтылады.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 Қазақстан Республикасы сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

Валюталық бақылау орандары болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып, заң бойынша, валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

ХВК - ға енетін кез келген ел өз төлемін валюта түрінде еркін конверциялаған валюта сатып алуға резерві мен төлем балансының тапшылығы жойылмайынша конверцияланбаған валюта басқа елге сатылмайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7 тамыздағы және 23 - ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен жүзеге аспай қалуы себеп болды.

Теңгені енгізу байланысты алда тұрған басты міндеттер:

- ақша тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету;

- ақшаны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру;

- ақша жүйесінің тұрақтылығы арқылы экономиканы дүниежүзілік нарықты бәсекелестік қабілеті бар экономикаға айналдыру;

- валюта - қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.

Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет - оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын - алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін «сом зонасынан» шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның шаруашылықтық байланыстарын сақтау мақсатында болатын.

Қазақстан валютасымен енгізуге дайындық үдерісінде Ұлттық Банк шетел және ТМД елдерінің тәжірибесін мұқият зерттеді. Әр түрлі варианттар тыңғылықты қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының әдістемелік базасы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы», 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары, Ғ. С. Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер», Көшенованың «Ақша, несие және валюта қатфынастары» оқулықтары басшылыққа алынды.

Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Ақша жүйесі - ақша айналысының өзара қатынасы

1. 1 Ақша айналысының сипаттамасы

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.

Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Сопдай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.

Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т. б. төлемдер үшін пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы пайда мен айналымнан салынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысана айналымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады.

Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т. б. қаржыландыруда жүзеге асады.

Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т. б. төлемдері жатады.

Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.

Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретінде де бөлінеді:

- тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;

- еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.

Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасы есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмүнын қүрайды.

Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.

Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:

- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;

- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге асырылады;

- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;

- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол акшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.

Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.

КСРО тұсында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.

Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

1. 2 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері

Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық акша жүйесі ХV-ХVІІ ғасырлардан қалыптаса бастады.

Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз акша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:

- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;

- ақша бірліктерінің атауы;

- акша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

- ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;

- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уэждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;

- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;

- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;

- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;

- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;

- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

Ақша бірліктерінің атауы

Ақша бірлігі - барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:

Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын казақстандық теңге болып табылады.

Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.

Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг - 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі -100 копеекке тең.

Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.

1-кесте «Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері»

Елдің атаулары
Ақша бірлігі
Елдің атаулары
Ақша бірлігі
Елдің атаулары: Қазақстан
Ақша бірлігі: 1 теңге = 100 тиын
Елдің атаулары: АҚШ
Ақша бірлігі: 1 доллар = 100 цент
Елдің атаулары: Ресей
Ақша бірлігі: 1 рубль = 100 копеек
Елдің атаулары: Англия
Ақша бірлігі: 1 фунт стерлинг = 100 пенса
Елдің атаулары: Украина
Ақша бірлігі: 1 гривня = 100 копийка
Елдің атаулары: Израиль
Ақша бірлігі: 1 шекель стерлинг = 100 агора
Елдің атаулары: Беларусь
Ақша бірлігі: 1 рубль = 100 копеек
Елдің атаулары: Жапония
Ақша бірлігі: 1 иен = 100 сена
Елдің атаулары: Өзбекстан
Ақша бірлігі: 1 сум = 100 тийн
Елдің атаулары: Сауд Арабиясы
Ақша бірлігі: 1 риал = 100 халал
Елдің атаулары: Қырғызстан
Ақша бірлігі: 1 сом = 100 тыйн
Елдің атаулары: Түркия
Ақша бірлігі: 1 лир = 100 куруш
Елдің атаулары: Тәжікстан
Ақша бірлігі: 1 сомони = 100 дирам
Елдің атаулары: Кувейт
Ақша бірлігі: 1 динар =100 дирхам = 1000 филса
Елдің атаулары: Әзірбайжан
Ақша бірлігі: 1 манат = 100 гепик
Елдің атаулары: Қытай
Ақша бірлігі: 1 юань = 10 цзяо = 100 финям
Елдің атаулары: Армения
Ақша бірлігі: 1 драм =100 люма
Елдің атаулары: Йемен
Ақша бірлігі: 1 риал = 100 филса
Елдің атаулары: Молдова
Ақша бірлігі: 1 лей =100 бань
Елдің атаулары: Кипр
Ақша бірлігі: 1 фунт =100 миллима
Елдің атаулары: Біріккен Араб Әмірлігі
Ақша бірлігі: 1 динар = 100 филса
Елдің атаулары: Үндістан
Ақша бірлігі: 1 рупия 100 пайса
Елдің атаулары: Ауғанстан
Ақша бірлігі: 1 ауған = 100 пул
Елдің атаулары: Марокко
Ақша бірлігі: 1 дирхам = 100 сантима
Елдің атаулары: Египет
Ақша бірлігі: 1 фунт = 100 пиастра
Елдің атаулары: Моңғолия
Ақша бірлігі: 1 тугурик =100 мунгу
Елдің атаулары: Австралия
Ақша бірлігі: 1 австралия доллары = 100 цент
Елдің атаулары: Тайланд
Ақша бірлігі: 1 бат = 100 сатанга
Елдің атаулары: Ирландия
Ақша бірлігі: 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса
Елдің атаулары: Бразилия
Ақша бірлігі: 1 крузейро = 100 сентаво

Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты

Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.

ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.

Ақша түрлері

Биметаллизм жүйесі

Ақша-несие айналымының тетігі - ақша - несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:

- ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;

Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі;

- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;

- банктерге несиелер;

- валюта нарығындағы интервенция;

- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;

- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.

Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.

Ақша функциясы келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. ҚР- ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.

Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі. Қолма - қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма - қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша реформасына мемлекеттік билігі мен ақша жүйесінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы тұсында үш рет-1922-24, 1947, 1960 ж . ақша реформасы болды. Жаңа экономикалық саясат кезінде червонецтер шығарылды. Ол алтынның 78, 24 үлесінің бір мысқалына (7, 74234 г), яғни ескі он сомдық шақаға тең болды. Сонымен қатар кұны 1, 3, 5 сомдық қазыналық билеттер, 1 сомдық, 50, 25, 15, 10 тиындық күміс және 1, 2, 3, 5 тиындық қара шақалар шығарылды. 1947 ж. айналыстағы ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1 сомына айырбасталды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960 ж. 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттері және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындар, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. 1961 жылдың 1 каңтарынан бастап, сомның алтын бағамы таза алтынның 0, 222168 г-нан 0, 987412 г-на дейін арттырылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Қазақстанда ақша реформасы 1993 ж. жүзеге асырылып, ұлттық ақша - теңге айналысқа енгізілді. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500, 1000, 2000 теңгелік билеттер шыға-рылды.

1. 3 Ақша жүйесі: типтері мен қызметтері

Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе күн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін ққру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі - бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайық

  • металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Қазақстан республикасының валютасы теңге
ҚР валютасы және оны тұрақтандыру мәселелері
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Қазақстанның ұлттық валютаның (теңгенің) болашағы
Валюталық құқық жүйесі
Валюталық саясат
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz