Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ТАРИХНАМА

1.1 XX ғ. ТАРИХНАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

1.2 МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕШТІ.ҚЫПШАҚПЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖАЙЫНДА ХАБАРЛАЙТЫН МЫСЫР ЖӘНЕ АРАБ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ МЕН ТАРИХШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНО.МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ

2.1 САРАЙ МЕН ҚАЙЫР АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЕЛШІЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2.2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

2.3 СҰЛТАН БАЙБАРЫС: ДІН ЖӘНЕ САУДА, ЭТНИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ, ӘДЕТ.ҒҰРЫПТЫҚ, САЛТ.ДӘСТҮРЛІК, ТІЛДІК ЖӘНЕ АНТРОПОНИМДІК БАЙЛАНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өзінің он бес жылдығын атап отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орйда, халықаралық аспектіге ие қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен Жерорта теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр мен Шам елін ерекше атауға болады.
Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып Дешті Қыпшақ мемелекеті мен Мысыр Мамлүк мемелекетінің өзара байланыстары тақырыбын таңдап алдық. Өз заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі мемелекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген.
Мәселенің тарихнамасында Мамлүк мемлекетінің және және сондай-ақ Берке мемелекетінің зерттелу тарихында қалыптасқан белгілі дәстүрлер бар. Сонымен қоса, олардың екеуінің өзара байланыстары аспектісі едәуір аз зерттелген. Бұл екі ірі мемелекеттің өзара байланыстары туралы хабарлайтын негізгі дерек көздері XIII-XVI ғғ. жататын ортағасыр араб тарихи шығармалары болып табылады.
XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің отарлауына душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды басынан кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне тоқтау қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес үкіметі жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен ата-дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу қазақ зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулаоға ұшыратып, елі емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын геноцидке ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің бірі болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы қырылып, қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани тоқыраулыққа әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық сананың орнына «интернационализм», «халықтар достығын» бүркемеленіп құлдық сананы енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде. Осыншама қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше биік. Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани зардаптарының бірі болып табылады.
Жалпы ислам тарихында орны ерекше, мәртебесі биік болған мамлүк кезеңінен мұра болып қалған өте бай қолжазбаларында Дешті Қыпшақты мекен еткен, салты мен дәстүрі бір, тілі мен мәдени тамыры ортақ көшпелі халықтың тарихын зерттеуде түркі, қыпшақ, моңғол және түркі-моңғол халықтарының байланысы арақатынасы және ерекшеліктері туралы мол құнды деректер сақталған.
Аталған мемелекеттің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде орналасып, тарихи дамуы жағынан қазақ халқы олардң этникалық және мәдени мұрагері болып табылуы себепті, Дешті Қыпшақ мемелекетінің тарихын зерттеу ісі төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса, әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының қандай деңгей мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі сыртқы саясатымыздағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары мен негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор. Осы диплом жұмысының тақырыбы мен мазмұнын қамтитын Дешті Қыпшақтың Мамлүк мемелекетімен ғасырларға созылған жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарын ашу арқылы алғашқысының діңгегін құраған бүгінгі егемен Қазақ мемлекетінің орта ғасырлардағы араб ислам әлемімен саяси, дипломатиялық және рухани байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп, бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңыздылығы ерекше мәртебелі араб және ислам елдерімен қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы Батыс және Шығыс елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи байланыстардың тамырлары мен бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола алады.
Әдебиетте кеңінен тараған «Алтын Орда» атауы орыс жылнамалары бойынша кеш пайда болған, оның алғаш рет жазылуын XVI ғ. жатқызады. Мұсылман дерек көздерінде бұл мемлекеттік құрылым көптеген атаулармен белгілі және олардың ішіндегі кең тарғаны Дешті Қыпшақ болған. Моңғол жаулаушылығына дейін Ұлы даланың Ертістен бастап Дунайға дейін созылғанұланғайыр жерлері XI ғ. аяғынан XIII ғ. басына дейін қыпшақ хандарының қолында болған. бірінші жартысында қыпшақтардың билігі астында болған жерлердің бәрі Моңғол империясының құрамына кіргізіліп, осы ғасырдың 60-шы жылдарынын бастап саяси биліктің барлығын өз қолдарына алған моңғол ақсүйектері қыпшақтармен туыстасып, олардың арасына бірте-бірте сіңісу арқылы ассимиляцияға ұшарайды. Қыпшақ және моңғол мәдениетінің өзара күресінің нәтижесінде дамуы жағынан жоғары тұрған қыпшақ мәдениеті басымдылыққа ие болып, көп ұзамай жеңіп шығады. Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа алып Алтын Орда мемлекетінің синонимі ретіндегі «Дешті Қыпшақ» терминін зерттеуіміздің тақырыбына енгізіп, XIII ғ. ортасынан ХV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық, құдалық, этикалық байланыстарын қарастырдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХVII-ХVIII ғғ. Батыс Еуропа мен ресейде басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде бірқатар зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқан.
Батыс Еуропа елдерінде Дешті Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулер өзінің бастауын ХVII-ХVIII ғғ. алады және бастапқы кезеңде бұл зерттеулердің ғылыми ауқымы тар болды. Және еуропалықтар тарпынан өзінің мұсылман көршілері туралы жалпы қызығушылық шеңберінен аспады және тақырыптық жағынан да шектеулі сипатта болды. Бұл салада зерттеулер жүргізген алғашқылардың арасында д′Эрбело, Ж. Дегинь, И. Хаммер-Пургштальді атауға болады.
Ресей зерттеушілері тарпынан Дешті Қыпшақ тақырыбына деген қызығушылық XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың аяғын қамтитын кезеңде басталып, ол негізінен Алтын Орданың тарихын зерттеумен байланыста қарастырылады. Бұл саладағы жүргізілген алғашқы зерттеулерді Х.М. Френ, П. Савельев, И. Березин, Г.С. Саблуков, С.д′Оссон, Х. Ховорстың аттарымен байланыструға болады. П. Савельев пен Г.С. Саблуков зерттеуші өздерінің зерттеулерінде нарративті жазба деректермен қоса, Алтын Орданың нумизматикалық материалдарын кеңінен пайдаланған [1].
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ортасына дейін Батыс Еуропа және Ресей зерттеушілерін Алтын Орда тақырыбының ішінде негізінен оның саяси тарихы, мемлекеттік құрылымы және батыс елдерімен қарым-қатынасы қызықтырды. Бұл кезеңде араб және парсы тілдеріндегі нарративті деректермен қоса, Алтын Орданың ірі қалаларының қалдықтарында жүргізілген қазба жұмыстары кезенде табылған материалдық деректер, оның ішінде нумизиматикалық материалдар кеңінен пайдаланылды. Бұл салада зерттеу жүргізгендердің ішінде В.Г. Тизенгаузен, С. Лэн-Пуль, Н.И. Веселовский, Г. Алтуниан, М.Д. Писелков, Ф.В. Баллод, В.В. Бартольд, Г.В. Вернадский, П. Пеллио, Б. Спулердің аттарын атауға болады. Олардың ішінде В.Г. Тизенгаузен Алтын Орда тарихына қатысты ортағасыр араб [2], парсы және түркі жазба деректерінен үзінділерінен құралған жинағы бұл салада бүгінгі күнге дейін құнды дерек көздері ретінде өзінің ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ. С. Лэн-Пуль нумизматикалық материалдарды пайдаланса, Ф.В. Баллод археологиялық қазба материалдарын кеңінен пайдалануға тырысады.
Дешті Қыпшақ тақырыбы 50-ші жылдардан басталып жазылған зерттеулер негізінен маркстік тұрғыдан, жауланып алынған халықтар мен мемлекеттерге қатысты Алтын орданың керітартпалық рөлі баса қарастырылады. Кеңес үкіметі кезінде зерттеулер жүргізген Б.Г. Греков, А.Ю. Якубовский, М.Г. Сафаргалиев [3] Алтын Орданың саяси және мемлекеттік жүйесін көрсетуге тырысса, ал Г. А. Федоров-Давыдов [4]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Савельев П. Монеты Джучидов, Джагатаидов, Джелаиридов и другие, обращавшиеся в Золотой Орде в эпоху Тохтамыш. –С. –Пб., 1858 Вып. 1-2; Березин И. Очерк внутренного устройства Улуса Джучиева. – ТВОРАО, 1864. ч.8. С. 387-494; Березин И. Ханские ярлики. Ярлык хана Золотой Орды Тохтамыша к польскому королю Ягайлу, 1392-1393 года. – Казань, 1850; тариханные ярлыки Тохтамыша, Тимур-Кутлука и Саадет-Гирея, с введением, переписью, переводом и примечаниями, изданные И. Березиным. – Казань, 1851; Саблуков Г.С. Монеты Золотой Орды. – Казань, 1896. – Т. 13, вып. 6. С. 519-527;
2 Лэнь-Пуль С. Мусульманские династии. Хронологические и генеологические таблицы с историческими введениями, пер. с. Английского с прим. и дополн. В. Бартольд, С. –Пб., 1899; Веселовский Н.И. Хан из темников Золотой Орды Ногай и его время. Пг., 1922.; Присельков М.Д. Ханские ярлыки русским метрополитам. – Пг.,1916; Баллод Ф.В. Старый и Новый Сарай, столицы Золотой Орды. Результаты археологических работ летом 1922 года. – Казань, 1923; Бартольд В.В. Истоия культурной жизни Туркестан. Л., 1927; Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. – М., 1963. Сочинения. Т. І; Вернадский Г.В. К вопросу о вероисповеданиях монгольских послов 1223 г. – SK, 3. 1929, pp. Resume, p. 148.
3 Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М. – Л., 1950; Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1961.
4 Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. – М., 1966; Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973.
5 Али-Заде А. Борьба Золотой Орды и государства ильханов за Азербайджан. – Ан Аз ССР, 1946; Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране 13-14 веков. – М. – Л., 1960; Булатов Н.М. Классификация поливной керамики золотоордынских городов Нижнего Поволжья и Северного Кавказа: автореф. ... канд. дис – М., 1969; Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серия, Золотая... – Алма-Ата, 1983; Егоров В.А. Историческая география Золотой Орды в ХІІІ-ХІV вв. – М., 1985.
6 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма-Ата, 1986. Т. І.
7 Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII-XIV вв. Научно-аналитический обзор. – Алма-Ата: Академия Наук Каз ССР, изд. «Наука», 1987; Кумеков Б.Е. Мамлюкские антропонимы как источник по этническому составу Дешт-и Кипчака // КазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процестері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, 17-18 мамыр 1999 жыл. – Алматы, 1999 № 9.
8 Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений персидских и арабсих. – С. Пб, 1884. Т. І.; Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений персидских тюркских. – М., 1941. Т. ІІ.
9 Баллод Ф.В. Старый и Новый Сарай. – Казань, 1923.
10 Крачковский И.Ю. Арабская географическая литература // Соч. – М., – Л.: Изд-во Ан СССР, 1957, – Т.4. – 912 с.
11 Бартольд В.В. Источниковедение. – Сочинения. – М., 1967.
12 Бартольд В.В. История изучения востока в Европе и России. – Л., 1925. Изд. 2-е.
13 Крачковский И.Ю. Над арабскими рукописями. Изб. Соч. – М., – Л, Изд-во Ан СССР, 1955. – Т.І. – 469 с.
14 Баллод Ф.В. Приволжские «помпеи» (Опыт художественно-археологического обследования частей правобережной Саратовско-Царицынской приволжской полосы). – М. – Пт., 1923.
15 Березин И. Н. Очерк внутреннего устройства Улуса Джучиева. СПб, 1864, С. 385-494;
16 Сақи Қ. Сұлтан Байбарыс. – Астана: Фолиант, 2000. – 260 б.
17 Прошлое Казахстана в писменных источниках Y в. до н. э. – XY в. н. э. (Извлечения из источников) / Составител: Б.Б. Ирмуханов. – Алматы: Өлке, 1997. – 370 с.
18 Батыршаұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы дипломатиялық елшіліктер // ҚазМҰУ хабаршысы. 2000. № 1. (16). 66-74 бб.
19 Батыршаұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы саяси некелер // Гуманитарлық ғылымдар Академиясының ғылыми журнал. 2000. № 1. (5). 50-57 бб.; Амин Аль-Хули. «Сыйлат бейна Ан-Нил уа Аль-Вулга» (Ніл мен Еділ арасындағы байланыстар). Қайыр, 1964, 15-бет.
20 Батыршаұлы Б. Сұлтан Байбарыс // Отан журналы. 2000. № 1. 24-26 бб.
21 Бейбарыс сұлтан // Жас алаш. 2000. № 112. 3 б.
22 Саудабаев А. Бейбарыс сұлтан. – Алматы, 2000.
23 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата, 1986. 82 б.
24 Батырша-ұлы Б. Мысыр мен Таяу шығыстағы мамлүк ислам архитектурасы туралы. – Отан, 2000. № 3. 44-47 б.
25 Батыршаұлы Б. Араб деректеріндегі мамлүктердің аттары (есімдері) олардың шығу тегінің дәлелі ретінде // ҚазМҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. 2000. № 3 (18). 22-28 ббеттер.
26 Мәдени пантүркизм жөнінде зерттеу // Жас Түркістан журналы, 1999. № 2-3. 28-бет.
27 Кумеков Б.Е. Мамлюкские антропонимы как источник по этническому составу Дешт-и Кипчака // КазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процестері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, 17-18 мамыр 1999 жыл. – Алматы: «Қазақ университеті». 1999 № 9.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІМЕН XIII-XV ғғ.
БАЙЛАНЫСТАРЫ

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми жетекшісі

20__ ж.
Орындаған студент

Хаттама №

20__ ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ТАРИХНАМА

1.1 XX ғ.
ТАРИХНАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9

1.2 МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕШТІ-ҚЫПШАҚПЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖАЙЫНДА
ХАБАРЛАЙТЫН МЫСЫР ЖӘНЕ АРАБ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ МЕН ТАРИХШЫЛАРЫ
ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... 15

2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНО-МӘДЕНИ
БАЙЛАНЫСТАРЫ

2.1 САРАЙ МЕН ҚАЙЫР АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ЕЛШІЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

2.3 СҰЛТАН БАЙБАРЫС: ДІН ЖӘНЕ САУДА, ЭТНИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҚ, САЛТ-
ДӘСТҮРЛІК, ТІЛДІК ЖӘНЕ АНТРОПОНИМДІК
БАЙЛАНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның
геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен
бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өзінің он
бес жылдығын атап отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи
санасының қалыптасуы заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен және
мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен
байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орйда, халықаралық
аспектіге ие қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық
құбылыс емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының
бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте
қазақ халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен Жерорта
теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің тарихында
өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр мен Шам елін ерекше
атауға болады.
Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып Дешті Қыпшақ мемелекеті мен
Мысыр Мамлүк мемелекетінің өзара байланыстары тақырыбын таңдап алдық. Өз
заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі мемелекеттің іргелері көп
жағдайларда қыпшақ этносы, оның дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген.
Мәселенің тарихнамасында Мамлүк мемлекетінің және және сондай-ақ
Берке мемелекетінің зерттелу тарихында қалыптасқан белгілі дәстүрлер бар.
Сонымен қоса, олардың екеуінің өзара байланыстары аспектісі едәуір аз
зерттелген. Бұл екі ірі мемелекеттің өзара байланыстары туралы хабарлайтын
негізгі дерек көздері XIII-XVI ғғ. жататын ортағасыр араб тарихи
шығармалары болып табылады.
XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің отарлауына
душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды басынан
кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне тоқтау
қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес үкіметі
жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен ата-
дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу қазақ
зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулаоға ұшыратып, елі
емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын геноцидке
ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің бірі
болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы қырылып,
қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани тоқыраулыққа
әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық сананың
орнына интернационализм, халықтар достығын бүркемеленіп құлдық сананы
енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде. Осыншама
қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше биік.
Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу
ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына
сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға
енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани
зардаптарының бірі болып табылады.
Жалпы ислам тарихында орны ерекше, мәртебесі биік болған мамлүк
кезеңінен мұра болып қалған өте бай қолжазбаларында Дешті Қыпшақты мекен
еткен, салты мен дәстүрі бір, тілі мен мәдени тамыры ортақ көшпелі халықтың
тарихын зерттеуде түркі, қыпшақ, моңғол және түркі-моңғол халықтарының
байланысы арақатынасы және ерекшеліктері туралы мол құнды деректер
сақталған.
Аталған мемелекеттің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде орналасып,
тарихи дамуы жағынан қазақ халқы олардң этникалық және мәдени мұрагері
болып табылуы себепті, Дешті Қыпшақ мемелекетінің тарихын зерттеу ісі төл
ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен
мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса,
әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының қандай деңгей
мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік
қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі сыртқы
саясатымыздағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары мен
негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор. Осы диплом жұмысының тақырыбы
мен мазмұнын қамтитын Дешті Қыпшақтың Мамлүк мемелекетімен ғасырларға
созылған жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарын ашу арқылы
алғашқысының діңгегін құраған бүгінгі егемен Қазақ мемлекетінің орта
ғасырлардағы араб ислам әлемімен саяси, дипломатиялық және рухани
байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп, бүгінгі әлемдік
қауымдастықтағы орны мен маңыздылығы ерекше мәртебелі араб және ислам
елдерімен қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды негіз
бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы Батыс және Шығыс
елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи
байланыстардың тамырлары мен бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола
алады.
Әдебиетте кеңінен тараған Алтын Орда атауы орыс жылнамалары бойынша
кеш пайда болған, оның алғаш рет жазылуын XVI ғ. жатқызады. Мұсылман дерек
көздерінде бұл мемлекеттік құрылым көптеген атаулармен белгілі және олардың
ішіндегі кең тарғаны Дешті Қыпшақ болған. Моңғол жаулаушылығына дейін Ұлы
даланың Ертістен бастап Дунайға дейін созылғанұланғайыр жерлері XI ғ.
аяғынан XIII ғ. басына дейін қыпшақ хандарының қолында болған. бірінші
жартысында қыпшақтардың билігі астында болған жерлердің бәрі Моңғол
империясының құрамына кіргізіліп, осы ғасырдың 60-шы жылдарынын бастап
саяси биліктің барлығын өз қолдарына алған моңғол ақсүйектері қыпшақтармен
туыстасып, олардың арасына бірте-бірте сіңісу арқылы ассимиляцияға
ұшарайды. Қыпшақ және моңғол мәдениетінің өзара күресінің нәтижесінде дамуы
жағынан жоғары тұрған қыпшақ мәдениеті басымдылыққа ие болып, көп ұзамай
жеңіп шығады. Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа алып Алтын Орда
мемлекетінің синонимі ретіндегі Дешті Қыпшақ терминін зерттеуіміздің
тақырыбына енгізіп, XIII ғ. ортасынан ХV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті
Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық,
құдалық, этикалық байланыстарын қарастырдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХVII-ХVIII ғғ. Батыс Еуропа мен ресейде
басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде бірқатар
зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқан.
Батыс Еуропа елдерінде Дешті Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулер
өзінің бастауын ХVII-ХVIII ғғ. алады және бастапқы кезеңде бұл
зерттеулердің ғылыми ауқымы тар болды. Және еуропалықтар тарпынан өзінің
мұсылман көршілері туралы жалпы қызығушылық шеңберінен аспады және
тақырыптық жағынан да шектеулі сипатта болды. Бұл салада зерттеулер
жүргізген алғашқылардың арасында д′Эрбело, Ж. Дегинь, И. Хаммер-Пургштальді
атауға болады.
Ресей зерттеушілері тарпынан Дешті Қыпшақ тақырыбына деген
қызығушылық XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың аяғын қамтитын кезеңде
басталып, ол негізінен Алтын Орданың тарихын зерттеумен байланыста
қарастырылады. Бұл саладағы жүргізілген алғашқы зерттеулерді Х.М. Френ, П.
Савельев, И. Березин, Г.С. Саблуков, С.д′Оссон, Х. Ховорстың аттарымен
байланыструға болады. П. Савельев пен Г.С. Саблуков зерттеуші өздерінің
зерттеулерінде нарративті жазба деректермен қоса, Алтын Орданың
нумизматикалық материалдарын кеңінен пайдаланған [1].
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ортасына дейін Батыс Еуропа және
Ресей зерттеушілерін Алтын Орда тақырыбының ішінде негізінен оның саяси
тарихы, мемлекеттік құрылымы және батыс елдерімен қарым-қатынасы
қызықтырды. Бұл кезеңде араб және парсы тілдеріндегі нарративті деректермен
қоса, Алтын Орданың ірі қалаларының қалдықтарында жүргізілген қазба
жұмыстары кезенде табылған материалдық деректер, оның ішінде
нумизиматикалық материалдар кеңінен пайдаланылды. Бұл салада зерттеу
жүргізгендердің ішінде В.Г. Тизенгаузен, С. Лэн-Пуль, Н.И. Веселовский, Г.
Алтуниан, М.Д. Писелков, Ф.В. Баллод, В.В. Бартольд, Г.В. Вернадский, П.
Пеллио, Б. Спулердің аттарын атауға болады. Олардың ішінде В.Г. Тизенгаузен
Алтын Орда тарихына қатысты ортағасыр араб [2], парсы және түркі жазба
деректерінен үзінділерінен құралған жинағы бұл салада бүгінгі күнге дейін
құнды дерек көздері ретінде өзінің ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ. С. Лэн-
Пуль нумизматикалық материалдарды пайдаланса, Ф.В. Баллод археологиялық
қазба материалдарын кеңінен пайдалануға тырысады.
Дешті Қыпшақ тақырыбы 50-ші жылдардан басталып жазылған зерттеулер
негізінен маркстік тұрғыдан, жауланып алынған халықтар мен мемлекеттерге
қатысты Алтын орданың керітартпалық рөлі баса қарастырылады. Кеңес үкіметі
кезінде зерттеулер жүргізген Б.Г. Греков, А.Ю. Якубовский, М.Г. Сафаргалиев
[3] Алтын Орданың саяси және мемлекеттік жүйесін көрсетуге тырысса, ал Г.
А. Федоров-Давыдов [4] археологиялық қазба материалдарының негізінде Алтын
Орданың мәдени өміріндегі Хорезм, Византия сияқты елдердің ықпалын ашуды
көздейді. Сондай-ақ, бұл салада зерттеулер жүргізген зерттеушілердің ішінде
А. Али-заде, И.П. Петрушевский, Н.М. Булатов, В.П. Юдин, К.А. Пищулина және
В.Л. Егоровтың [5] аттарын атауға болады. Осы кезеңде бірқатар өзекті
зерттеулер жүргізген төл тарихымыздың аттарын атауға тұрарлық. Бұл саладағы
елеулі зерттеулердің ішінде төл зерттеушілеріміздің орны үлкен. Академик Ә.
Марғұлан [6] өз зерттеулерін Қазақстанның орта ғасырлар тарихындағы, атап
айтсақ, Ұлы даланың жоғарғы мәдениетін көрсетуге арнаса, академик Б.Е.
Көмеков [7] ортағасыр араб және парсы жазба деректерінің негізінде дешті
Қыпшақ мемлекетінің тарихи географиясын, саяси және мәдени өмірін, оның
этникалық құрылымын ашып көрсетуге арналған зерттеулері бұл тақырыпқа үлкен
үлесін қосты.
Соңғы жылдары дешті Қыпшақтың тарихи орны мен рөліне баға беруде
ғылыми көзқарас түбегейлі өзгеріп, бұрынғыдай біржақты емес, екі жақты
сипатқа ие болды.
Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихына арналған зерттеулер батыс Еуропада
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басынан бастауын алады және алғашқы
зерттеушілердің назары Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихы, сыртқы
саясаты, батыс христиан елдерімен қарым-қатынастары мен мемлекеттік
құрылымы сияқты салаларын ашуға бағытталған зерттеушілерінің арасында Г.
Уейль, Дж. Саувагет, С. Лэн-Пуль, М. Уильямның еңбектері бар [8].
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихын
зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М. Гаудефре-Демомбинес,
А. Поляк, Е. Комбе, А. Атия, М. Канардтың, ал Мамлүк мемлекетінің әскери
жүйесіне байланысты Д. Айалонның зерттеулерін атауға болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Мысыр мамлүк мемелекетінің тарихын
зерттеуде Батыс Еуропа зерттеушілерінің тарапынан үлкен белсенділік
байқалмады. 60-70 жылдары бұл салада араб, әсіресе мысыр зерттеушілерінің
үлесі көбейіп, оның тақырыптық ауқымы да едәуір кеңейіп, бірқатар арнайы
және жалпы зерттеулер жарық көрді. Алғашқы араб зерттеушілерінің ішінде
Амин әл-Холи, махмуд Ризақ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың
аттарымен байланысты болса, 80-ші жылдары мамлүктер тақырыбында зерттеулер
жүргізген тағы бірқатар араб зерттеушілері белгілі болады, атап айтсақ Абд
әл-Азиз Махмуд Абд ад-Дайм, Али ас-Саййд Али зерттеулері бұл саланың өзекті
тақырыптарын ашуға аранады [8].
Жалпы айтқанда, бұл саланы зерттеуде бастапқы кезеңдерде белсенділік
танытқан батыс Еуропа зерттеушілерінің орнына ХХ ғасырдың екінші
жапртысынан бастап араб, әсіресе мысыр зерттеушілері Мамлүк мемлекетінің
сыртқы саясаты, дипломатия, соғыстары, сауда мамлүктердің әлеуметтік
жағдайы, экономика, мәдениет, әдебиет салаларындағы дамушылық, дін және
ішкі саясатындағы реформалары сияқты көптеген қырлары мен сырларын ашуға
бағытталған зерттеулерді жүзеге асырды.
Алайда, мамлүк мемлекетінің дешті Қыпшақпен қарым-қатынастары,
этникалық байланысы және соңғысының араб ислам мәдениетіне әсері мен үлесін
көрсетуге, оның тарихи рөлі мен орнын анықтауға бағытталған зерттеулерге
талпыныс байқалмады. Соның салдарынан, бұл тақырып бүгінгі күнге дейін араб
және мысыр зерттеушілері үшін тың тақырыптардың бірі болып қалып отыр.
Мысыр Мамлүк мемлекетінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары
тақырыбы батыс еуропа елдерінің ішінде Е. Катреме, Е. Блоше, Г.В.
Вернадский, А. Поляк, М. Канард сияқты ғалымдардың тарпынан біршама
зерттелді.
Дешті Қыпшақ пен мамлүк мемлекетінің қарым-қатынастары мен
байланыстарының кейбір жақтары мен қырларын ашуға бағытталған бірқатар
зерттеулер тек ХХ ғ. басында қолға алынып, оның тарихнамасындағы алғашқы
зерттеушілері Г.В. Вернадский және А. Поляк болды. Г.В. Вернадский Мамлүк
мемлекеті, Алтын Орда және Византия арасындағы қарым-қатынастарға арналған
мақаласында негізгі назарын Мамлүк мемлекеті мен Византия арасындағы қарым-
қатынастарға аударады. Оған қарағанда, А. Поляктың зерттеуі Мамлүк
мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы қарым-қатынастарды ашуға жақынырақ
тұрды және автор Алтын Орданың мамлүк мемлекетіне әлеуметтік, экономикалық
және мәдени әсеріне көңіл бөлді.
Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетінің дипломатиялық байланыстарын
ашуға арналған С. Закировтың зерттеуі [3] бұл тақырыпты жан-жақты
баяндайды. Закиров өз зерттеуінің негізгі оъектісі етіп екі мемлекет
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды және Мамлүк мемлекетіндегі
дипломатия саласындағы сұлтан кеңесінің құрылымы мен қызметін көрсетуге
арнайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты
Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті арасындағы ХІІІ-ХVI ғғ. өзара
байланыстарының тарихын зерттеу.
Алға қойған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Дешті Қыпшақ және Мамлүк мемлекеттері зерттелу тарихнамасына
қатысты бұрын-соңды жүргізілген зерттеулерге шолу жасау;
- XIII ғ. ортасынан XV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақ
пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық,
құдалық, этникалық байланыстарын қарастыру;
- Зерттеу барысында Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті
арасындағы әскери-саяси және дипломатиялық жақындасудың негізгі
алғышарттары мен себептерін және оның нәтижелері мен салдарын
көрсету;
- Дешті Қыпшақ пен мамлүктер арасындағы мәдени, әдет-ғұрыптық,
салт-дәстүрлік, тілдік, этникалық және антропонимикалық
байланыстарын анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРИХНАМА
1.1 XX ғ. тарихнамасы
XX ғ. бірінші жартысындағы Кеңес үкіметіне дейінгі және кейінгі орыс
зерттеуші-шығыстанушыларының негізгі зерттеу оъектісі Алтын Орда
мемлекетінің саяси тарихы мен мемлекеттік жүйесі болды. Бұл тақырыпты
зерттеу тәсілдері мен пайдаланған деректерінің түріне қарай,
зерттеушілердің саяси көзқарасы мен зерттеудің түпкілікті нәтьижесінен
байланыссыз, оларды негізгі екі топқа топтастырдық. Біріншісінің қатарына
В.В. Бартольд, И.Ю. Крачковский сияқты араб жазба деректерін пайдаланған
зерттеушілерді айтсақ, екінші тобын құрайтындар Ф.В. Баллод, Б.Д. Греков,
Г.А. Якубовский, А.Ю. Федоров-Давыдов [4; 9] сияқты зерттеушілер өздерінің
ғылыми еңбектерін археологиялық материалдарды зерттеудің нәтижелерін
пайдаланған. Мысыр Мамлүк мемлекетінің тақырыбы, оның барлық салаларында да
орыс зерттеушілері үшін мүлдем қызығушылық тудырмаған. Қазан төңкерісіне
дейін ззерттелмеген бұл тақырып кеңес кезеңінде де, ислам діні мен
мемлекеттерінің тарихы тақырыбы зерттеушілердің назарынан тыс қалды.
1917 ж. бастап Кеңес үкіметі кезеңінде Дешті Қыпшақ тақырыбының ауқымы
біраз кеңігендігі байқалады. Бұл кезеңге дейінгі орыс шығыстанушы мен
арабистикасында басталған дәстүрдің үрдісімен оның назары негізінен өзінің
шығыс аймақтарының тарихын зерттеуге бағытталады. Кеңес кезеңінің алғашқы
жылдары жұмыс істеген ірі зерттеушілердің қатарында академик В.В. Бартольд,
И.Ю. Крачковский [10] сияқты өзекті зерттеулердің авторларының аттарымен
байланысты. Бұл кезеңдегі зерттеушілердің назары негізінен Шыңғыс ханның
құрған империясы және оның ішінде Ресейді үш ғасырдан астам уақыт өз
бұғауында ұстаған Алтын Орда мемлекетінің тарихы қызықтырды. Кеңес
кезеңінің алғашқы кезеңіндегі зерттеуші ориенталистердің өздерінен кейінгі
келген зерттеушілерден негізгі айырмашылығы, өз заманының саяси жағдайына
байланысты артықшылығы болды, атап айтсақ ол – кеңес үкіметінің 30-шы
жылдары өзінің шыңына жеткен таптық жіктеушілік саясатының қысымшылдығының
әсері мен ықпалы әлі әлсіз болды. Дегенмен, кеңес кезеңінде орыс
ориенталистерінің арасында әлі де болса отаршыл патшалы Ресейдің
империалистік және шовинистік көзқарастарынан мүлдем арылды деп айтуға
болмайды.
Атақты арабист және шығыстанушы академик В.В. Бартольд (1869-1930)
ортағасырлардағы Түркістан және Орта Азия халықтарының саяси және мәдени
тарихын зерттеуде Батыс Еуропа елдері мен Ресейде қалыптасып қалған Шығыс
елдері, әсіресе көшпелі түркі және моңғол халықтарының тарихына қатысты
жаңа, әрі құнды пікірлер айтты. Ол көшпелі түркі-моңғол халықтарының тарихы
мен мәдениеті жоқ деген қалыптасып қалған батыстық шовинистік көзқарастарды
өзінің еңбектерінде ғылыми дәлелдер арқылы негізсіз екенін дәлелдеп беріп,
Еуропа мен Азия елдерінде де тарихи эволюцияның бірдей заңдылықтары әрекет
етеді [11; 12] деген батыл пікірді алғаш болып айтты. Араб, парсы және
түрік тілдерін жетік меңгерудің арқасында осы тілдерде жазылған қолжазба
деректермен кеңінен танысып, оларды зерттеу саласында үлкен маман атанған.
Орта Азия елдеріндегі кітапханалардағы сақтаулы қолжазба қорларымен
танысумен қатар шет елдерде, оның ішінде Батыс Еуропа және Шығыс елдерінің,
атап айтсақ Қайыр, Стамбул сияқты ірі орталықтарының кітапханаларының
көптеген қолжазбаларымен танысып, оларды тікелей зерттеп, деректанулық
талдауллар жасады. Бартольд өзінің зерттеу оъектісі ретінде негізінен Орта
Азия мен Түркістанның ортағасырлық тарихына көп көңіл бөлді. Оның ғылыми
зерттеулерінің арасында Моңғол жаулаушылығы кезіндегі Түркістан
(Туркестан в эпоху монгольского нашествия) 2 томдық еңбегінің орны ерекше.
Бұл еңбегі үшін 1900 жылы Шығыс ғылымдары докторы атағына ие болады. Сондай-
ақ, оның өзекті еңбектерінің арасында ислам тарихына қатысты Ислам
(1918), Мұсылман мәдениеті (1918), Мұсылман әлемі (1922), Мусейлима
(1925) және т.б. атауға болады. Бұл еңбектерінде В.В. Бартольд араб
батысеуропалық авторлардың ең маңызды еңбектеріне сынды шолу жасап,
мұсылман мағлұматтарын тексеріп, мұқият түрде іріктелген орасан көп ғылыми
материалдар жинақтап, ислам тарихының бастапқы кезеңіне жаңаша көзқараспен
қарап, Шығыс елдері арасында исламның таралуы және мұсылман мәдениетінің
дамуы туралы құнды пікірлер айтты. Оның жасаған тұжырымдары мен бақылаулары
әлемдік шығыстану және исламтану ғылымын едәуір байытты, алайда оның кейбір
пікірлері мен шығарған нәтижелері бәсекелесті және әлі де болса өз
зерттеуін күтуде.
В.В. Бартольд 9 томдық Таңдамалы шығармалар жинағы 1960-шы жылдары
Мәскеуде жарық көріп, онда негізінен Орта Азия елдері мен Түркістанның
саяси және мәдени тарихына жаңаша көзқарас, Шыңғыс хан және оның ұрпақтары
құрған ұлан байтақ империясының саяси тарихымен қоса, оның мемлекеттік
жүйесі туралы, сондай-ақ көптеген ортағасыр қолжазбаларына деректанулық
тұрғыдан талдаулар жасалды. Сондай-ақ, онда бірқатар Батыс Еуропа елдерінде
жарық көрген ғылыми еңбектерге рецензиялары мен ғылыми сындары қамтылды.
Кеңес жылдарындағы арабистика саласында құнды зерттеулердің авторы
ретінде академик И.Ю. Крачковскийдің (1883-1951) есімімен тығыз байланысты.
Ол араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті, негізінен ортағасырлық
кезеңді қамтитын, көптеген ғылыми еңбектердің авторы болды және бірқатар
ортағасыр жазба ескерткіштерінің текстері мен аудармаларын жжариялады.
Мұсылман Шығысының (VII-XVIII ғғ.) географиялық әдебиетінің тарихына
қатысты фундаментальды еңбектің, кеңестік және шетелдік шығыстану ғылымының
тарихы саласындағы көптеген монографиялар мен мақалалардың авторы болды.
Оның еңбектері өзінің ғылыми маңыздылығын бүгінгі күнге дейін сақтап
келеді. Негізгі еңбектерінің ішінде Над арабскими рукописями [13] атты
еңбегі ортағасыр араб жазба деректерін зерттеуге арналған.
Біздің тақырыбымызға қатысты И.Ю. Крачковскийдің 9 томдық таңдамалы
шығармаларының 4-томында [10] ортағасыр араб авторларының атап айтсақ
мамлүк кезеңінде өмір сүрген және сол кезең туралы аса құнды дерек көздері
болып табылатын шығармалардың авторлары әл-мақризи, әл-Омари, әл-
Қалқашанди, Ибн Батута, Ибн Халдун сияқты авторлар мен олардың шығармалары
қарастырылады.
Алтын Орда тарихына қатысты маңызды зерттеулердің бірі профессор Ф.
Баллодтың Приволжские Помпеи [14] атты еңбегі 1919-1921 жылдар аралығында
Алтын Орда мемлекетінің астанасы болған Сарай және тағы басқа ірі
қалаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде
жинақталған материалдық деректер негізінде жазған. Бұл еңбек өз саласындағы
құндылығын бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған зерттеулердің қатарында, себебі
ол қазба материалдарының негізінде алға қойған мақсатына, яғни Алтын
Орданың жоғарғы дамыған мәдениетінің болғанын айтумен ған шектелмей, сондай-
ақ ортағасыр нарративті дерект еріндегі көптеген мағлұматтардың ақиқаттығын
дәлелдеп берді.
Кітабының алғысөзінде Алтын Орда тарихының зерттелу деңгейі жөнінде
автор Алтын Орда мәдениеті жеткілікті мөлшерде зерттелмеген оның
ескерткіштері біздің көз алдымызда қиратылып, жойылу үстінде. Ал мұның
барлығы археологтардың бүкіл ынта-жігерін салуға тұрарлық өте бай
материалдар болып есептеледі [14], деген тұжырымы орынды. Сондай-ақ, ол
өзінің алдындағы уақытта орыс зерттеушілері мен алтын іздеушілердің Алтын
Орда қалаларының қираған орындарына қиратушылық пен тонаушылық сипатында
жүргізілген қазба және басқа да жұмыстарының тарихнамасынан хабар беріп
қана қоймай, оларға өзінің ащы бағасын берумен қоса, Алтын Орданың
архитектура өнері саласындағы жетеітіктерін көрсетіп, атап айтсақ қала
ғимараттарын соғу үшін пайдаланған материалдары мен архитектуралық құрылысы
туралы құнды мағлұмат береді. Бұл салада оның келтірген мағлұматы
төмендегідей: Сондай-ақ, осы жерде 1888 жылы Саратов Ғылым Археологиялық
комитетінің мүшелерінің жүргізген қазба жұмыстары Алтын Орданың төртбұрышты
кірпіштерінен салынған бірнеше ғимараттарды ашты; Кірпіштен төселген
едендері, кірпіштен қаланған пештері, су құбырлары және бір ғимаратта түрлі
түсті тастардан құралған (мозайка) еден, мәрмәр тастан жасалған колонна
табылған. Бұл қаланың көлемі шамамен 500.000 құлаш шаршы екендігі
анықталды [14], деген пікірі Алтын Орданың экономикалық және мәдени
дамуының жоғарғы деңгейде болғанын дәлелдейді.
Керамикалық бұйымдарды күйдіру үшін арналған тамаша пештер, мәрмәр
тастармен және оюлы кескіндермен әшекейленіп жасалған жасалған
орталықтандырылған күрделі үй жылыту жүйелерімен жабдықталған үйлер, су
құбырлары, геометриялық есептерді пайдалана отырып дұрыс жобаның негізінде
салынған көшелер мен алаңдар, керуен-сарайлар, мешіттер мен керемет зәулім
мавзолейлер, жібек маталар мен қабырлардан табылған парша маталары, күміс
ожаулар, венециялық және парсы әйнектері – осының бәрі ХІІІ ғ. екінші
жартысы мен ХІV ғ. Алтын Орда қалаларының тұрғындарын тіпті жабайы емес,
керісінше өнеркәсіппен және саудамен айналысқан, Шығыс және батыс
халықтарымен араласуды жатырқамаған, бейнелеу өнерін кеңінен дамытқан
мәдениеті жоғары халық етіп көрсетумен қоса, оның көптеген елдермен
байланыстарының жан-жақты дамығандығына материалдық дәлелдер келтіреді.
Осы саладағы маңызды зерттеулердің қатарына 1950 ж. жарық көрген Б.
Греков пен А. Якубовскийдің Золотая Орда и ее падение [3] атты еңбегінде
көпшілік орыс ориенталистері қайткен күнде де Алтын Орда тақырыбына соқпай
кете алмауына және осы салада бірқатар зерттеулердің жариялануымен қоса,
көптеген материалдар жинақталуына қарамастан, олардың ешқайсысы да Алтын
Орданың тарихына қатысты толық зерттеу жұмысының жоқ екендігін айтады [3].
Бұл зерттеу негізінен Алтын Орданың саяси тарихына арналған.
Алтын Орда тақырыбы саласындағы арнайы зерттеудің қатарында М.Г.
Сафаргалиевтің 1960 ж. жарық көрген Распад Золотой Орды [3], атты еңбегі
Жошы ұлысының, яғни Алтын Орда мемелекетінің құрылуынан бастап, оның
құлауына дейінгі саяси тарихын баяндайды. Автор негізінен батыс және орыс
зерттеушілерінің еңбектеріне кеңінен сүйенген автор араб жазба деректерін
В.Г. Тизенгаузеннің жинағындағы келтірілген араб дерек көздерін және
сонымен қоса, ортағасыр батыс дерек көздерінің ішінде М. Поло, В. Рубруктың
деректері кеңінен пайдаланылған.
И. Березиннің Внутреннее устройство Улуса Джучиева [15] атты
еңбегінде Алтын Орданың әлеуметтік жүйесі туралы бірең-сараң мағлұматтар
табуға болады. Алайда, ол негізінен оның саяси құрылымын ашуға бағытталған
болса да, жалпы жағдайды баяндаудан гөрі онда көбінесе бірқатар
мансаптардың тізімін берумен шектеледі.
Алтын Орда мемлектінің тарихын арнайы зерттеген Г.А. Федоров-Давыдов
өзінің еңбектерінде негізінен археологиялық қазба жұмыстары кезенде
табылған материалдық деректерге кеңінен сүйенеді. Зерттеуші өзінің ұзақ
жылдар бойына жүргізген қажымас еңбегінің нәтижесінде Алтын Орданың тарихы
мен мәдениетіне арналған көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялады.
Олардың ішінде, Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских
ханов (1966), Общественный строй Золотой Орды, (1973) зерттеулерінің [4]
орны ерекше.
Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетінің арасындағы байланыстарға
арналған тұңғыш зерттеудің авторы Мысыр ғалымы Амин әл-Холи болды. Оның
1964 ж. Қайырда жарық көрген Сыйлат бейна ан-Нил уа әл-Вулга (Ніл мен
Волга (Еділ) арасындағы байланыстар), атты зерттеуі 1960 ж. Мәскеуде болып
өткен Шығыстанушылардың халықаралық 25 конференциясындағы жасаған
баяндамасының негізінде жазылған [16]. Бұл еңбектің Е. Беляев жасаған орыс
тіліне қысқартылған аудармасы Связи между Нилом и Волгой деген атпен 1962
жылы Мәскеуде жарық көрді.
Амин әл-Холидің зерттеуінің өзі туралы айтар болсақ, оның маңыздылығы
осы саладағы тұңғыш зерттеу болуымен қоса, зерттеушінің ортағасыр араб
жазба дерек көздерінен құнды деректер келтірумен құнды. Зерттеуші екі
мемлекет арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстарын жан-жақты ашуға
талпыныс білдіреді. Мысыр Мамлүктерінің Дешті Қыпшақпен байланыстарының
әскери-саяси және дипломатиялық жақтарымен бірге олардың арасындағы
этникалық, мәдени, әдет-ғұрыптық және салт-дәстүрлік байланыстардың мықты
болғандығы туралы автордың пікірлері мен тұжырымдары орынды, әрі батыл.
1966 ж. Мәскеуде жарық көрген С. Закировтың Дипломатические отношение
Золотой Орды с Египтом. XIII-XIV вв. [3] атты еңбегі Алтын Орда мен Мысыр
Мамлүк мемлекеті арасындағы дипломатиялық байланыстарды ашуға бағытталған
кеңес және әлем тарихнамасындағы алғашқы зерттеу болып табылады. Бұл
еңбекті жазу барысында пайдаланған деректердің тізімімен араб жазба
деректердің өте аз мөлшерде пайдаланғанын аңғаруға болады. Араб ортағасыр
авторларының ішінде, В.Г. Тизенгавузеннің жинағын есептемегенде, әл-
Мақризидің Сулук және Хитат шығармалары аталған. Сондай-ақ, жоғарыда
айтылған мысыр зерттеушісі Амин әл-Холидің Ніл және Еділ арасындағы
байланыстар, атты зерттеуінің Беляевтің аудармасы көрсетілген. Тағы
бірнеше араб авторларынан басқасы, негізінен кеңес және батысеуропа
зерттеушілерінің еңбектері кеңінен пайдаланылған. Кітап, кіріспе және
қорытындыдан басқа негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінше бөлімі екі мемлекет
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты көрсетуге арналса, екінші бөлім
осы дипломатиялық қарым-қатынасты жүзеге асыратын сұлтанның кеңсе қызметі
мен оны орындау үшін пайдаланатын барлық құрал-саймандар, амал-тәсілдер
сияқты мәселені ашуға негізделген. Тұңғыш зерттеу болғанына қармастан,
өзінің тақырыбына сәйкес біраз материалдарды қамтып, осы тақырып
төңірегінде ғылыми тұжырымдар жасауға тырысты. Бұл зерттеудің жарыққа
шыққанына қырық жылға жуық уақыт өтсе де бүгінгі күнге дейін осы саладағы
жалғыз зерттеу болып отыр.
Қазақ зерттеушілерінің арасында Дешті Қыпшақ тақырыбын арнайы тұңғыш
зерттегендердің бірі академик Б.Е. Көмеков. Зертттеушінің негізгі зерттеу
оъектісі Дешті Қыпшақтың этникалық құрылымы мен мемлекеттік жүйесін араб
жазба деректерінің негізінде зерттеуі қазақ тарихы ғылымында бұрын
болмаған. Қыпшақ Даласына қатысы бар араб жазба деректерін зерттеу
барысында тақырыптық жағынан қисыны келген жағдайларда мамлүктерді қамтып
отырған. 1987 ж. Алматыда шыққан Арабские и персидские источники по
истории кыпчаков VIII-XIV вв., [7], атты ғылми-аналитикалық шолуы мамлүк
кезеңіне жататын бірқатар авторлардың шығармаларына тоқталып, негізінен
ондағы қыпшақ бірлестігіне, оның этникалық құрылымына қатысты деректерге
шолу жасалды. Сонымен қатарн, мамлүк мемлекетінің тарихи және мәдени
рөліне, екеуінің өзара тығыз байланысы мен ықпалы туралы аса назар
аударарлық пікірлер айтады. Автор бұл орайда: Алтын Ордамен дипломатиялық,
сауда және әскери-саяси байланыстарды орнату мамлүктер мен Дешті Қыпшақ
арасындағы өзара ықпал етуді одан әрі күшейтті. Ол жақтан моңғолдардың
басып алған елдерінен Мысырға жүйелі түрде құлдар (мамлүктер) келіп тұрды.
Әрине, отанынан қашық жерде, тілдік және этникалық жағынан бөтен қоршаған
ортада қыпшақтар өздерінің дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен этникалық
өзгешеліктерін сақтап қалуға тырысты. Ол туралы бізге жеткен жазба деректер
ашық хабарлап отыр [7] деп түйеді.
Сондай-ақ, Б.Е. Көмековтың арнайы мамлүк тақырыбына жазған
зерттеушілердің ішінде, 1999 ж. ҚазМУ хабаршысының 9 санында жарық көрген
Мамлюкские антропонимы как источник по этническому составу Деш-и Кипчака
[7] атты мақаласы осы саладағы үлкен зерттеудің бастамасы болып табылады.
Бұл мақалада келтірілген біраз мағлұматтар мен пікірлер болашақта өзінің
терең зерттеуін күтіп тұрған тақырыптардың қатарын ажатқызамыз.
Қазақстан тарихының біз қарастырып отырған кезеңі мен тақырыбына
қатысы бар елеулі еңбектердің бірі ретінде Б.Б. Ирмұхановтың 1997 жылы
Алматыда жарық көрген Прошлое Казахстана в писменных источниках 5 в. до
н.э. атты зерттеуін атауға болады [17]. Бұл жинақтың хронологиялық жағынан
қамтығын екімыңжылдық кезеңі тек Қазақстан тарихын ғана емес, сонымен қоса
онымен көршілес елдер мен халықтардың тарихына қатысты құнды мағлұматтарды
қамтыған. Жинаққа, Мамлүк мемлекеті мен Дешті Қыпшақ арасындағы
байланыстарды сипаттайтын бірқатар араб жазба дерек көздерінен алынған
үзінділер кіргізілген.
Соңғы жылдары жарық көрген төл зерттеушілеріміздің еңбектерінің
ішінде, Қ. Сәкидің Сұлтан Байбарыс атты туындысының орны ерекше. Бұл
шығарма С. Закировтың жоғарыда аталған еңбегінен кейін шыққан өзекті
зекрттеулердің бірі деуге тұрарлық. Зерттеуші еңбегенде 1260-1277 жылдар
аралығында Мысыр мен Шам елінде билік еткен, мұсылмандардың қорғаушысы мен
арабтардың халық қаһарманына айналған тарихи тұлға сұлтан Рукн ад-Дин аз-
Захир Байбарыс әл-Бундуқдаридің ғұмырнамасы мен оның заманын және ішкі
саясаттағы реформалары, сыртқы саясаты, араб отанын қорғау жолындағы
Джиһад жариялап сырт жаулармен соғыстары мен өзінен кейін қалдырған
архитектуралық ескерткіштері туралы кеңінен мағлұматтар береді. Автор
сұлтан Байбарыстың тұлғалық ерекшеліктеріне көбірек назар аударған.
Зерттеудің деректік негізі мықты, себебі ол қарастырылып отырған
уақиғалардың замандасы мен куәсі болған Ибн Абд аз-Заһир, Ибн Шаддад, Ибн
Уасил сияқты авторлардың басты шығармаларындағы деректерге сүйенген.
Сонымен қоса, бүгінгі күнге белгілі ортағасыр араб жазба дерек көздерінің
көбісін пайдаланған.
Сөйтіп, біздің қарастырып отырған тақырыбымызға қатысты бірқатар
мағлұматтарды қамтуына байланысты бұл зерттеудің ғылыми құндылығы жоғары
деп бағалауға болады.
Сонымен, ХХ ғ. екінші жартысынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі
кезеңді қамтитын зерттеулер туралы қоытындылап айтсақ, олар деректік және
тақырыптық жағынан едәуір жоғарғы сатыға көтерілуімен ерекшеленеді. Бұл
кезде жарияланған ортағасыр араб шығармаларының санының көбеюіне байланысты
зерттеулердің де саны артып, тақырыптық аясы кеңігені байқалады. Олардың
ішінде, араб, әсіресе мысыр зерттеушілердің үлесі көбейді. Батыс Еуропа
және Шығыс елдерімен қарым-қатынастарына арналған зерттеулер пайда болды.
Сонымен қатар, 60-шы жылдардың үлкен ерекшелігі ретінде, алдындағы
кезеңдерде қозғалмаған маңызды тақырыптардың ішінде Мамлүк мемлекетінің
Дешті Қыпшақпен дипломатиялық қарым-қатынастарға арналған және Қ. Сакидің
ғұмырнамалық зерттеулерінің жарық көруі ерекше құбылыс деуге болады.

1.2 Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары жайында
хабарлайтын Мысыр және араб жазба деректері мен тарихшылары туралы.
1250-1517 жылдар аралығында Мысыр мен Шам елінде билік еткен, тарихта
мамлүктер деген атпен белгілі көшпелі түркі халқының өкілдерінің құрған
Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихы мен Батыс және Шығыс елдерімен қарым-
қатынастары мен әртүрлі салалардағы байланыстары қазіргі заманғы көптеген
араб және Батыс зерттеушілерінің назарына ілініп, бұл салада біріз
зерттеулер жарық көрді. Аталған зерттеулерге сол кезеңнің замандасы және
тарихи уақиғалардың куәсі болған ортағасыр араб және мысыр тарихшыларының
жазып қалдырған араб тіліндегі жазба деректері негізгі дерек көздері болып
табылады.
Мысыр Мамлүк мемлекетінің араб ислам тарихында алатын орнының
ерекшелігі оның сол кезеңдегі араб ислам әлемінің саяси және мәдени
орталығына айналуымен тікелей байланысты.
1258 жылы орталығы Бағдад қаласында орналасқан Араб Халифаты моңғол
жаулаушылығының қолынан құлады. Оны 1260 жылы мамлүк сұлтаны аз-Захир
Байбарыс Мамлүк мемлекетінің астанасына көшіріп, Аббас әулетінің халифатын
Қайыр қаласында қайта жандандырумен байланысты Мамлүк мемлекеті Араб
Халифатының орталығына айналды.
Мамлүк династиясының билігі туралы жазылған алғашқы шығармаларының
бірі Мухи ад-Дин Ибн Абд аз-Захирдың (1293 ж. қайтыс болған) қаламына
тиесілі Ар-Рауд аз-захир фи сират әл-Малик аз-Захир атты шығармасы. Оның
бұл еңбегі қыпшақ тегінен шыққан мамлүк сұлтаны Байбарыс әл-Бундуқдаридің
(1260-1277 жж. билік еткен) өмірбаянына арналған. Сұлтанның жеке хатшысы
қызметін атқарған, сұлтан сарайында жоғарғы мансап иесі болған, көптеген
құжаттар мен материалдар қолында болуының нәтижесінде Ибн Абд аз-Захир өз
еңбегінде мамлүктердің Алтын Ордамен байланыстары туралы құнды деректерді
келтіреді [7, 25-26].
Байбарыс ад-Дауадар әл-Мансури (1325 ж. қайтыс болған) мамлүк
сұлтандарының сарайына жақындардың бірі болған. Оның қаламынан туған
Зубдат әл-фикр фи тарих әл-хиджра атты шығармасында 622 жылдан бастап
1324 жылдар аралығындағы уақиғалар туралы айтылады. Сондай-ақ, оның
еңбегінде қыпшақтардың құрылымы мен олар туралы тарихи-этнографиялық
мағлұматтар бар [8].
Шихаб ад-Дин ан-Наууайри (1279-1332) Мысыр энциклопедиялары мектебінің
басында тұрған тұлға. Әдебиет саласындағы білімнің арқасында мамлүк сұлтаны
әл-Малик ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауынның сарайына жақындатылып, онда
жоғарғы мансапты қызметтер атқарады [8]. Ибн Хаджар өзінің Ад-дурар әл-
камина атты еңбегінде, сұлтан ан-Наср Мухаммад ан-Нууайриді біраз маңызды
істерді атқаруға тағайындап, Тарабулус қаласындағы әскерді бақылаушы етіп
қояды, ал бұл өте маңызды әскери мансап, - деп көрсетеді. Кейінгі жылдары
ол мемлекеттік істерден алшақтап, өзінің баяғыдан армандаған ісіне –
шығармашылық ісіне кіріседі. Оның Нихайат әл-арб фи фунун әл-адаб атты
үлкен энциклопедиялық шығармасы негізінен гуманитарлық мағлұматтарды
қамтиды. Ол өзінің еңбегінде сол кездегі белгілі араб әдебиеті тарихи
тағлымдар мен деректерді барынша жинақтайды. Бұл шығармадағы тарихи-
географиялық бөлігі компилятивті. Оның еңбегінде Қыпшақ елі туралы қысқаша
берілген мағлұматтары мен жекелеген қыпшақ рулары арасындағы өзара
қырқыстар мен қыпшақ руларының құрылымы туралы деректердің үлкен маңызы
бар. Сондай-ақ, моңғол жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі қыпшақ елінің
рухани мәдениеті туралы мағлұматтар береді [7, 25 б.].
Ибн Фадл-Алла Ал-Омаридің (1301-1349) Масалик әл-абсар фи мамлик әл-
амсар атты еңбегі өзінің көлемі мен мазмұны жағынан ан-Нууайридің көп
томды энциклопедиясымен бәсекеге түсе алады. Оның шығармасынан моңғол
жаулаушылығынан кейінгі кезеңдегі Орта Азия, Еділ бойы мен Кавказ өңірінде
тұратын халықтардың тұрмысы, түркілер елінің қалалары мен сауда жолдары
және қыпшақтардың қоныстары мен этникалық ерекшеліктері туралы мағлұматтар
бар [7, 26 б.].
Абу әл-Аббас әл-Қалқашандидің (1355-1418) Субх әл-аша фи китабати-л-
инша атты шығармасы өте көлемді энциклопедиялық шығармалардың қатарына
жатады. Ал-Қалқашанди Қайыр мен Александрия қалаларында өз заманының ең
үлкен ғұламаларының қолында оқып, әдебиет, ислам заңдары, тіл білімдері,
шығармашылық сияқты пәндерді жетік меңгереді. Кейін, сұлтан сарайында
жоғарғы мансаптарға ие болып, мамлүк сұлтаны аз-Захир Барқуқтың билігі
кезінде сұлтан сарайының шығармашылық кеңсесін басқарды 75, 77 б.].
Тақийа ад-Дин әл-Мақризи (1364-1441) Қайыр қаласында дүниеге келген.
Мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-Захир Барқуқтың, одан кейін оның ұлы әл-Малик ан-
Наср Фарадж Ибн Барқуқтың билігі кезінде бағы ашылып, мемлекеттік жоғарғы
мансаптардағы қызметтер атқарады. Сұлтан сарайына жақын адамдардың бірі
болып беделді мамлүк әмірлерінің қамқорлығына бөленеді. Өмірінің шамамен
елу жасына келген уақытынан бастап шығармашылықпен айналыса бастайды. Оның
Ал-Мауази уа-л-итибар би-зикр әл-хитат уа-л-асар атты шығармасын ең
атақты әрі маңызды деп айтса болады [7, 90 б.].
Абу әл-Мухасин Ибн Тағри-Берди (Тәңірі-Берді) (1409-1469) Қайыр
қаласында мамлүк сұлтаны әл-Малик аз-захир барқуқтың билігі кезеңінде
дүниеге келген. Өзінің сөзіне жүгінсек, әкесі сұлтан барқуқ сатып алған
мамлүк болған [7, 115 б.]. Зеректігі үшін сұлтан оны өзіне жақындатып
жоғарғы мансапқа бөленеді. Сұлтан Барқуқ қайтыс болғаннан кейін, оның ұлы
әл-Малик ан-Наср Ибн барқуқтың билігі кезінде Шам елінің билеушісі етіп
тағайындалады. Ол өзінен кейін Мысыр тарихына арналған үлкен тарихи еңбек
қалдырады. Оның Ан-Нуджум аз-захира фи ахбар мулук Мыср уә-л-Қаһира атты
құнды еңбегі Мысыр тарихы туралы жазылған энциклопедиялық шығармалар
қатарына жатады [7, 114-117 бб.].
Осы жерде, сол замандағы мұсылман тарихшыларының көбі тарихшы болумен
қатар ислам заңдары мен хадистің білгірлері болғандығын айта кеткен жөн.
Қорыта айтсақ, Мысыр Мамлүк мемлекеті ислам тарихындағы әдеби және
тарихи шығармаларға ең бай кезең болды десек қателеспейміз. Жоғарыда
қысқаша баяндалған тарихшылар және олардың тарихи шығармаларынан басқа
Мамлүк мемлекетінің тарихы, оның құрылымы мен олардың Дешті-Қыпшақпен
байланыстары туралы малүк кезеңінде өмір сүрген, осы тақырыпта құнды тарихи
шығармалар жазған көптеген тарихшылардың есімдерін атауға болады, олар: Ибн
әл-Фууати (1323 ж. қайтыс болған), ас-Сукаи (1264-1324), Ибн Сасри (1397 ж.
қайтыс болған), Ибн әл-Фурат (1334-1405), Ибн Ийас (1448-1524) және тағы
басқалары. Аталған ортағасыр араб және мысыр тарихшыларының Мамлүк
мемлекетінің және оның Дешті-Қыпшақпен байланысына арналған тарихи құнды
шығармаларын терең зерттеу қазақ тарих ғылымы алдында тұрған үлкен
міндеттердің бірі.

2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНО-МӘДЕНИ
БАЙЛАНЫСТАРЫ

2.1 Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар (1261-
1438 жж.)
Алтын Орда мемелекетінің астанасы Сарай қаласының тарихы, оның ішкі
және сыртқы саясаты, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары
жайында, араб деректерінде, назар аударарлық мағлұматтар бар. Онымен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Мысыр мамлүк мемлекетінің астанасы
Қайыр қаласы, сол кездегі араб ислам шығысының саяси және рухани
орталықтарының бірі болған. Еділдің бойындағы Сарай мен Нілдің бойындағы
Қайыр арасындағы, тарихқа белгілі, дипломатиялық байланыстары – олардың
арасындағы қарым-қатынастардың қаншалықты берік болғандығының дәлелі бола
алады [16; 18]. Бұл байланыс, жалқы айтар болсақ, бүкіл ислам әлемінің
өміріне, соның ішінде, саяси және әлеуметтік қана емес, сонымен қатар,
өнер, өркениет, өндіріс салалары мен рухани өміріне үлкен әсерін тигізді
[16; 18]. Ислам тарихындағы орны ееркше Мысыр мамлүк мемлекетінің тарихы,
оның әскери және мемлекеттік құрылымы, ішкі және сыртқы саясаты, Батыс және
Шығыс елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасы, өнер, білім, әдебиет,
мәдениет және т.б. салаларындағы жаңалықтары мен жетістіктері, араб және
батыс зерттеушілері тарапынан кең зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер жарық
көрді. Оған қарамастан, мамлүктердің тегі мен табиғатына арналған арнайы
зерттеулер жоқтың қасы. Араб деректері, оларды, яғни, түркі мамлүктерін,
атқамінерлік пен соғыс өнеріне бейім, дене бітімі мықты, қиыншылықтарға өте
төзімді, мәдениеті көшпелі, кәсібі жаугершілік пен малшылық [16; 18], деген
жалпылыма мағлұматтар береді.
Соның іщінде, Мысыр жерінде түркі мемлекетініңнегізін салған
мамлүктердің кіндік қаны тамған, төл отаны – Дешті Қыпшақпен байланыстары
мен қарым-қатынастары, араб және батыс зерттеушілерінің назарынан тыс
қалып, толық зерттелмеген тың тақырыптардың бірі.
Екі ел арасында, 177 жылға созылған, ұзақ мерзімді қамтитын қарым-
қатынас, бірінен соң бірі, жұбы үзілмей жалғасқан 47 ресми елшіліктердің,
яғни, дипломатиялық миссиялардың болғаны тарихқа мәлім. Қайырдан Сарайға
келген елшілер қатарында Қайыр елшілерімен бірге қайту – екі мемлекет қарым-
қатынасындағы дипломатиялық дәстүрге айналған [16; 18].
Жер қашықтығына қарамастан қарым-қатынас жасау жолдары құрлық және
теңіз арқылы өтетін сапар айларға, ал кей жағдайларда, бір жылдан астам
уақытқа созылған ұзақ, әрі ауыр, әрі қауіп-қатерге толы сапарлар, бірінен
соң бірі кезектесе жалғасып, сол алыс замандағы, Ніл мен Еділ өзендерін
мекендеген екі еларасындағы байланыстың қаншалықты күшті және берік
болғандығын көрсетеді. Әсіресе, ислам мен христиан елдері, Батыс пен Шығыс
арасында соғыс өрті лаулап тұрған замандағы жол қауіптілігін және
жолаушылардың жекелей де, көпшілікпен де, жол аңдыған қарақшылар мен
жыртқыш хайуандар тарапынан көптеген қауіп-қатерге душар болуын [16; 18]
естен шығармауымыз керек. Оларды айтпағанда, жол үстіндегі Шығыс Византия
сияқты христиан мемлекеттерімен бейбітшілік жағдайы тым тұрақсыз еді.
Сондай кездердің бірінде, Сарайға сапар шегіп бара жатқан Мысыр елшілігінің
бірін таяу Шығыстағы крестілер қолға түсіріп, оларды Триполи және т.б.
қалалардағы құл базарларына апарып құлдыққа сатқан. Мұны білген Мысыр
сұлтаны, Мысырда сауда жасап жүрген батыс сапудагерлерін тұтқындауға әмір
берген [16; 18].
Мамлүктер мемлекетінің сыртқы саясаты оның ішкі өмірінің, әсіресе,
экономикалық дамуының көрсеткіші болды. Қыпшақ еліне бағыт алған Мысыр
елшілері өздерімен бірге Мысыр өмірінің, оның ішінде, қол өнері мен
мәдениетінің жоғары деңгейде дамығандығын көрсететін сыйлықтар мен
тауарларын көптеп апарды. Мәселен, іші былғарымен астарланған,
баспалдақтары және орындығы бар, ніл сүйегі мен эбонит қара ағашпен
өрнектелген күміс қобдишасы бар тартпаға салынған, сырты қызыл атласпен
қапталған Құран кітабы, түрлі-түсті кілемдер мен жайнамаздар, киімдер,
күміс қапталы бар қылыштар, мылтықтар, тас лақтыратын әскери-соғыс
машиналары, от салатын ыдыстар, бастарында оюлы безекпен әшекейленген
өрнекті негіздері бар ертоқымдар, үзеңгілер, алтын және күміспен жасалған
әр-түрлі қобдишалары бар былғары сандықтарға салынған өте әшекей садақ,
садақтың оқтары, ұштары, найзалар, алтын жалатқан май шамдары, әшекей
тігілген Александрия киімдері, сондай-ақ, мамлүк жауынгерлері, аспазшы құл
әйелдер, жасөспірім сарай қызметшілері, тірі хайуандардан: жылдам шабатын
араб тұлпарлары, бір өркешті араб түйелері, жүк таситын мал, бір жираф,
маймылдар, тоты құстар және осы хайуандарды бағып, күтетін арнайы
қызметшілер. Бұл аталғанның бәрі сұлтан Аз-Захир Байбарыстың Берке ханға
жіберген бір ғана тартуынан қысқартылып алынған тізімі ғана [16; 18].
Алтын Орда ханы Өзбек-хан Мысыр сұлтаны Ан-Наср Мухаммад Ибн
Қалауынға үйретілген сұңқар құстарын, жасөспірім мамлүктер, болаттан
соғылған сауыт, дулыға, қылыш жіберген. Оған өзінің жауабы ретінде сұлтан
Ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауын өте қымбат бағалы сыйлықтар қайтарған. Олардың
ішіндегі тек алтыннан жасалғандарын атап өтейік: Өзбек-ханға сыйлық үшін
арнайы, асты да, үсті де алтынмен тігілген киім және бас киім, алтын
белдік, алтын ертоқымы мен үзеңгісі бар тұлпар, алтын қылыш және ертоқымы
мен үзеңгісі асыл тастармен безендірілген тұлпар [16; 18].
Осы аталғанның бәрі мамлүк мемлекеті кезіндегі Мысыр қолөнері мен өмір
сүру деңгейінің өте жоғары болғандығының көрсеткіші.
Ендігі сөз, осы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас пен
байланыстардың ішінде тарихи орны мен саяси маңыздылығы ерекше биік
дипломатиялық ресми елшіліктер жайында болады.
Амин Аль-Холи – Ніл мен Еділдің тарихи байланыстары тақырыбына назар
аударған, оны арнайы зерттеген араб зерттеушілерінің біріншісі болды. Ол,
1895-жылы дүниеге келген. Қайыр қаласындағы Аль-Азхар ислам университетінің
профессоры, тарих және тіл білімдері ғылымындағы беделді Мысыр ғалымдарының
бірі болған.
Амин Аль-Холидің Сыйлат бейна Ан-Нил уа Ал-Вулга (Ніл мен Еділ
арасындағы байланыстар), атты еңбегінде жылтізбелік тәртібімен,
төмендегідей мәселелерін негізге ала отырып қарастырады, олар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысыр еліндегі мамлүктер билігі
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
Таяу Шығыс пен Мысыр мәмлүктерінің қарым - қатынасы
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Қырым хандығының қалыптасуы
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
Пәндер