Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы ... ... ... ... ... ... .10
ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... 15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ...18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... .29
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... 31

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.
Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру тетігі әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын бизнес ойдағыдай дамуы үшін оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын және орта бизнестің өз табиғатынан экономиканың ірі субъектілері мен оның құрамдас бөліктерін дайындау, сервистік қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі. Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында маңызды роль атқаруы керек. Шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру – оның басты даму кепілі болмақ.

1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес. Статистикалық жинақ. З.М. Сұлтанов, А.М. Мамедалиев, Е.В. Кругова, Қазақстан Республикасы статистика агенттігі – А. Қазстат ақпарат, 2005 жыл 92 бет.
2. Райхан, Нұрақым. Шағын кәсіпкерлік: Кеше мен бүгін. Ақиқат – 2005, №5, 44 - 47 бет.
3. Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. САПП-2005. №20, 243 құжат.
4. Б.Қ. Мейірбеков. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. Вестник нац. инж. акад. РК 2004 г. №1 (11) 164-169 беттер.
5. Л.Б. Исахова. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі. Аль Пари №3, 2005 г. 145-151 беттер.
6. Қинашева Г.З. Шағын кәсіпкерліктің келешегі қандай? Ақиқат 2002 №2, 57-62 беттер.
7. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы ,
8. Экономика,1997,124-бет.
9. Экономика и статистика ,2000, №4. ”Проблемы развития малого
бизнеса и пути их решения.” Мақалалары, “Современное состояние
малого бизнеса в РК”. – 52-бет.
10. Сергеев И. В. Экономика предриятия. – М.: Финансы и статистика,
2000 ,57-59-беттер.
11. Егемен Қазақстан 2006 жыл 29 шілде, 4 бет.
12. Веснин В. Р. Менеджмент для предпринимателей. – М.: Антиква,
2002,102- бет.
13. Кантарбаева А.К. «Барьеры перед казахстанским предпринимательством
и пути их преодоления.» А.: Раритет, 2000,125-бет.
14. Крымова В. Эконом теория. Алматы: Аркаим,2002,86-бет.
15. Ткаченко “Крупный и малый бизнес: силы притяжения”.
16. Васильев В.И. “Опыт созданный деятельностью мелких и средних
предприятий в развитых капиталистических странах”
17. “Основы предпринимательской деятельности”
18. “Малый и средний бизнес Казахстана” ақпараттық-аналитикалық журналы, № 7(07) 2007
Интернет мәліметтері
1. www.sciteclibrary.ru
2. www.stat.ru
3. www.lib.ru
4. www.finbook.biz

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА
ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген
мәселелері және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 9
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші
жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін
еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта
кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды
мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық
қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын
кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын
тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер
болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті
мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.
Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру тетігі
әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі
шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту
үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы жылдары
заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын
кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр.
Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын
кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын бизнес
ойдағыдай дамуы үшін оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің
әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес
және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді
пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын және орта бизнестің өз табиғатынан
экономиканың ірі субъектілері мен оның құрамдас бөліктерін дайындау,
сервистік қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі.
Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалдық –
инновациялық даму стратегиясында маңызды роль атқаруы керек. Шағын және
орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі
салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту,
нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік
иелерінің қалың қауымын қалыптастыру – оның басты даму кепілі болмақ.
Жалпы шағын және орта бизнесті үкімет тарапынан қолдау болмады деп
ешкім айта қоймас. Жыл сайын осы саланы дамыту жөніндегі қабылданып
отыратын бағдарламалардың басты мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік
саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын
жетілдіру делінген.
Сондай-ақ оның міндеттері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету,
қоғамдық бірлестіктердің шағын бірлестікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі рөлін күшейту, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласындағы
басымдықты дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты
қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленеді. Осы айтылған
фактілердің барлығы да Президент тарапынан, үкімет тарапынан шағын
кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің айғағы болып
табылады. Құжаттардың саны аз емес, олардың мағынасы да, оларда белгіленген
мақсаттар мен міндеттер де қамтылу жағынан көңілден шығарлық. Бірақ та сол
мақсаттарға тегіс қол жетті, сол міндеттер тегіс орындалды деп айта
алмаймыз.
Бір өкінішті жағдай – осы қабылданған бағдарламалар, тұжырымдамалар
баспасөз беттерінде халыққа кеңінен таралып, дәріптелмеді және олардың
қаншалықты орындалғаны жайлы тиісті мемлекеттік органдардың толық есебі
болмаса да, халқымыз, қоғамымыз біраз мағлұмат аларлық хабарламалардың,
ақпараттардың болмағандығы. Сондықтан да бүгінде шағын және орта
кәсіпкерлікті одан әрі мардымдырақ дамыта түсу үшін не істеу керек деген
сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа да
қауымды бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен
бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен
міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап,
соларды енді болдырмауды қатаң ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш
жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта
кәсіпкерліктің қалыптасуы.
Ең алғаш шағын және орта бизнес ұғымында не түсініледі?Соны анықтап
алған жөн сияқты.Негізінен кәсіпорындарды ірі және шағын деп бөлудің түрлі
әдіс-тәсілдері бар.Көбіне монополия ұғымын бөліп алады да,ол анықтамаға
тура келмегеннің барлығын шағын кәсіпкерлікке жатқыза салады.Бұл
жеткіліксіз екенін түсінген жағдайда,олардың кірістері,сату қарқынын және
тағы сол сияқты көрсеткіштерін салыстырады.Дәл бүгінгі күндері кәсіпорындар
ондағы жұмыс жасайтын қызметкерлер санына қарай классификацияланады:
Шағын кәсіпорын болып есептеледі,егер:
Құрылыста - 60 адам,көлік – 100,ауылшарушылығында – 60,көтерме
саудада – 30 адам шамасында болса.
Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық
экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік негізгі
тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің
өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 45-55%-ын құрайды,ал Қазақстанда бар-жоғы
15,7%.Қазақстандағы шағын бизнес,әлемнің дамыған барлық елдеріндегі сияқты-
бұл елдегі шарушылық жүргізуші субъектілердің 92%-ын дерлік
құрайды.Дамыған елдерде орта есеппен 5 жыл ішінде шағын және орта
кәсіпорындардың жартысы нарықтан кетіп отырады және орнына шамамен тағы
сонша кәсіпорын келіп отырады. Өйткені тұрақты дамуды қалыпты сақтап тұру
қиынға соғады.Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі
өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің
айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді
дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар
жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда
дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.
Әлемдік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта
кәсіпкерліктерді құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол
көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, Ал Қазақстанда бұл
экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды,
сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни,
негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін
шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды.
Ол үшін қалыптасқан жалпы халықтық меншіктің стереотипін бұзып, елдегі
мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ,
қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып,жаңа көзқарастар қалыптастыру
керек болды.
Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды.
Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен
экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам
жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет
етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды
реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз
жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған
нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.Мәселен,
Нидерландыда мелекеттік және жекеменшіктегі кәсіпорындар арасында арнайы
кәсіпорындар үлгісі бар.Бұл өз кезегінде, инновациялық hi-tech
компаниялардың пайда болуының алғышарттарын жасап,әрі қарай дамуына жағдай
жасайды.Ал Австралияда ақпараттық технологиялар арқылы кәсіорындардың
бәсекеге қабілетін көтеруге ,осылайша өз саласындағы озық тәжірибелі
кәсіпорынға айналуына ұмтылдыратын түрлі бағдарламалар бар.Сол сияқты
Швецияда да 1-10 шамасында қызметкерлері бар кәсіпорындарға арналған
ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған арнайы бағдарламалар бар.
Сол мемлекеттердің үлгісінен көргеніміздей, экономикалық саясат
келесілерге негізделуі тиіс :
• экономикада шағын және орта бизнестің үлесін арттыру;
• жаңа жұмыс орындарының санын көбейту,осыған сәйкес нақты
бәсекелестік орта жасау;
• қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын
қалыптастыру.
Оны іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-нарық инфрақұрылымының тиімді институттарының қалыптастырылуы мен
дамытылуы;
-жеке сектордың несие ресурстарына қол жеткізу тетіктерін өз дәрежесінде
пысықтау;
-шағын бизнеске арналған кадларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру жүйесін ұйымдастыру;
-шағын кәсіпкерлікті қорғау және дамыту саласындағы нормативтік және
құқықтық актілерді жетілдіру;
-өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа салалардағы шағын бизнесті
қолдау және дамыту;
-шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері үкіметтік емес
ұйымдардың ролін күшейту.
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы
функциясы және ролі
Кәсіпкерліктің ролі туралы А.Смит былай деді: “... ол тек өз
қызығушылығын ойлап, өз пайдасын ғана көздейді, осылайша ол өзі ойламаған
мақсатқа көрінбейтін қолмен бағытталады. Өз қызығушылығын ғана ойлай
отырып, ол көбінесе қоғамға қызмет етеді.”
Қоғамдық өндіріспен бірге қалыптасып және онымен бірге дами
отырып, шағын және орта кәсіпкерлік, кез-келген кәсіпкерлік жұмыстың
функцияларымен сәйкес келетін белгілі бір экономикалық функцияларды
атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс берушілер, белгілі бір тауар
түрлерін шығарып, қызмет көрсетумен айналысады, нарықтық экономиканың
субъектілері болып келеді, яғни, бәсекелестік процесіне қатысады, ұжым мен
еңбек бөлінісінде байланысқа түседі, нарық бағаларының өзгеруіне әсер
етеді, сондай-ақ өз табысының бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады –
мұның бәрін жалпы функцияларға жатқызамыз. Сондай-ақ шағын және орта
кәсіпкерлік өз өндірісін үнемі жетілдіріп отырады, қоғамдағы ғылыми-
техникалық процесті жеделдете түседі және бұл процесте ол біршама ерекше
роль атқарады. Бүгінгі күнде, шағын және орта кәсіпкерлік – инновациялық
процестердің бір стимулы ретінде қарастырылады.
Әдетте шағын және орта кәсіпорындар - өзгермелі міндеттерге байланысты
жылдам өзгертуге болатын, формальды емес басқару жүйелері бар жоғары
мамандандырылған кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорынның тұрақтылығы – нарыққа
шығаратын өнімнің сапасы мен ерекшеліктеріне байланысты: олар тек қана
сапалы өнім шығара отырып, тұтынушыларды қызықтырып, бәсекелестерін
осылайша жеңуі мүмкін. Қомақты өндірісі бар ірі кәсіпорындар болса, құрал-
жабдықтар алу үшін көп қаржы жұмсау керек және жұмсаған қаржы босқа ысырап
болмас үшін, өнім өтімді болмаса да, сұраныс төмен болған жағдайдың
өзінде оны максималды шығаруға мәжбүр. Осылайша инновациялар көптеген
елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің функцияларының басты бағыты болып
қалды. Осылайша мысалы, АҚШ-та барлық инновациялардың жартысынан көп бөлігі
шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне тиеді, ал жұмыспен қамту
көрсеткіштері бойынша, ірі кәсіпкерліктен 2,5 есе артық.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы функциялары – қажетті тауар
өндіру мен қызмет көрсету, қосымша арнайы функциялармен толықтырылады, ол –
нарықтың тығыздығын арттырады. Әдетте, шағын кәсіпорындар ірі
кәсіпорындардың эффектілігі төмен салаларда пайда болады. Сондықтан да,
шағын және орта кәсіпкерлік тұрмыстық қызмет саласында, ғылыми қызмет
көрсетуде, денсаулық сақтауда, сауда өндірісінде үлкен үлеске ие болады.
Бұл шаруашылық саласында өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы)
арасындағы қарым-қатынас басты момент болып есептеледі. Шағын және орта
кәсіпкерлік әрбір клиентке жеке қызмет көрсете отырып, өзіне бәсекелестік
артықшылықтар жасайды.
1.2. Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан
салалық құрылымы.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен Үкімет
қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау
жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз
нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде
республика бойынша 2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезең ішінде елде
тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 221-ден 846мың бірлікке
дейін,4 есеге өскендігі байқалады.2006 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызына
дейін бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген.
Тіркелген кәсіпорындардың 72% жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті
жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі саудаға
(40,8%), автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін
салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция
жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%)
тиесілі.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2006 жылғы 1 желтоқсанға
есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш
2006 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты. Есептелген дерек
бойынша 2006 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55 617,1
млн тенге болды, бұл көрсеткіш 2006 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 15,8
пайызға жоғары.
Шағын бизнес кәсіпорындарын экономиканың қызмет түрлері бойынша алып
қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2006 жылдың 1 желтоқсанына барлық
тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың
екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман
шаруашылығында – 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте – 16,3 мың, құрылыста
18,0 мың және 12,3 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және бас мүлігін
жөндеуде 6,6 мың және 4,5 мың, жылжымайтын мүліктермен операция жасауда,
жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 15,9 мың және 12,6 мың шағын
кәсіпорын бар.Аталғандарды диаграмма түрінде былай көрсетуге болады:
1. ауылшаруашылығы
2. аң және орман шаруашылығы
3. өнеркәсіп
4. құрылыс
5. сауда
6. автомобиль жөндеу
7. тұрмыстық және жеке бас мүлігін жөндеу
8. жылжымайтын мүлікпен операция жасау
9. тұтынушыларға қызмет көрсету
Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасақ, онда Алматы
қаласында тіркелген кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлық кәсіпорынның 35,2%),
жұмыс істейтіні 31,7 мың (30,8%), Астана қаласында – 11,8 мың (8,2%) және
9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында – 9,4 мың (6,6%) және Қарағанды
облысында – 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және
жұмыс істейді.
1. Алматы
2. Астана
3. Шығыс Қазақстан
4. Қарағанды
Шағын бизнес, сондай-ақ жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке
кәсіпкерлерге заңды тұлғалылықты құрмай-ақ, жеке тұлға ретінде
кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің
2006жылғы 1-ші қазанындағы саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары
230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының
дамуымен сипатталады. 2006 жылдың 1-желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан
астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді
пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп
тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше республика бойынша шағын және
орта кәсіпкерліктің ауылшаруашылық саласындағы ең төмен көрсеткіш Жамбыл
облысына тиесілі екен. Ал бұл облыс аграрлық аймақ болғандықтан шағын
кәсіпкерліктер (фермерлік шаруа қожалықтары) көптеп саналады.
Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар,
өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауылшаруашылық өнімдерін
өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді
сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор
бөлігі болып есептеледі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі
ауылшаруашылығының, сондай-ақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Облысымыздың
тұтыну базарының 60 пайызынан астамын ауылшаруашылық шикізаттарынан
дайындалған азық-түліктер мен тауарлар қамтамасыз етеді дейді осы сала
мамандары . Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік
саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне
баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек.
Ауылшаруашылығы , селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат,
біртұтас нормативтік құқықтық база және базар кеңістігі ауадай қажет.
Сондай-ақ салаларға құйылатын инвестиция көлемі де маңызды рөл
атқарады.Мысалы,2007 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы аймақтар бойынша
тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемін мына диаграммадан көруге
болады:
1. Астана қ.
2. Алматы қ.
3. Алматы обл.
4. Атырау обл.
5. Ақтөбе обл.
6. Оңтүстік Қазақстан обл.
7. Маңғыстау обл.
8. Қостанай обл.
9. Қарағанды обл.
10. Шығыс Қазақстан обл.
11. Батыс Қазақстан обл.
12. Павлодар обл.
13. Жамбыл обл.
14. Ақмола обл.
15. Қызылорда обл.
16. Солтүстік Қазақстан обл.
Елімізде ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын
аумағындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.
ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕС ДАМУЫНА ТАЛДАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
Жалпы ,жоғарыда атап өткенімдей, 2001 жылдан бастап 2006 жылғы
кезең ішінде елде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 221-
ден 846 мың бірлікке дейін, 4 есеге өскендігі байқалады.Сондай-ақ, соңғы
3жыл ішінде шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының үлесі 35%-дан 28%-
ға дейін (51-ден 48 мың бірлікке дейін) төмендеген.Бұл орайда шағын
бизнес кәсіпорындарындағы жылдық еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 1
866 мың теңгеге жеткен.
Елдегі шағын бизнес субъектілерінің сан жағынан өскендігін
айтқанда, экономикада сапалы құрылымдық өзгеріс көрсеткіші ретінде
тұтастай алғанда,оның салалық дамуына ерекше назар аударуымыз
керек.Алайда елдегі шағын бизнестің салалық даму құрылымы қарастырылып
отырған кезең ішінде мүлдем өзгермеген деуге болады:40%-ға дейін ол
автомобильдер,тұрмыстық бұйымдардың саудасы мен жөндеуде,26%-ы ауыл
шаруашылығымен айналысады,20%-ы шамасында қызметтер көрсету саласы,тек 7%-
ы құрылыс пен өнеркәсіпте.Салыстыру үшін Ұлыбритания,Чехия елдерінде
шағын және орта бизнестің 36%-ы қызмет көрсету саласында;өнеркәсіп пен
құрылыстың үлесіне 10-нан 20%-ға дейін келеді, 5%өы ауыл шаруашылығында,
25%-ға дейін ғана саудамен айналысады.
Елдегі шағын бизнестің даму деңгейі, әсіресе алғашқы сатыда оны
қаржылық қолдау деңгейі мен сапасынаедәуір дәрежеде тәуелді болады.Екінші
деңгейлі банктердің 2001 жылдан бастап 2006 жыл аралығында шағын
бизнесті несиелеуі 861млрд. Теңгеге дейін, 7есеге өскеніне қарамастан,
экономикадағы берілген несиелердің жалпы көлеміндегі шағын бизнес
несиелерінің үлесі 25-тен 18%-ға дейін төмендеген.
Екінші деңгейлі банктердің щағын бизнеске арналған несиелерінің
салалық құрылымы 2006 жылдың қорытындысы бойынша:40%-ы
автомобильдер,тұрмыстық бұйымдардың саудасы мен жөндеуіне;шамамен 16%-ы
құрылысқа;10%-дан азырағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпке жіберіледі.

Қазақстандағы ЖІӨ-ге қатынасы 9%-ды құрайды,АҚШ-та мұндай көрсеткіш 20%-
ға дейін,ЕО елдерінде 30%-ға ,Жапонияда 35%-ға жетеді.
Коммерциялық банктердің щағын бизнеске арналған несиелерінің
пайыздық мөлшерлемесі бұрынғыдай жоғары болып қалуда және орташа алғанда
15-18%-ды құрайды,шағын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер 22-24%-ға
дейін өскен.ҚР-сының Ұлттық банкінің деректері бойынша қысқа мерзімді
несиелердің (бір жылдан кем) екінші деңгейлі банктердің несие
портфеліндегі айналым қаражаттарындағы үлесі жоғары болып қалуда, ал
негізгі құралдарды жаңарту мен өндірісті кеңейтуге несиелер шағын
бизнеске аз көлемде беріледі.
2006 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша щағын бизнесті
несиелеудегі “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”АҚ үлесі екінші деңгейлі
банктер берген несиелердің жалпы мөлшерінен 1,5%-дан кем болған.Шағын
бизнксті несиелеуге салған осындай азғантай үлес шағын бизнесті дамытуға
елеулі ықпал ете алған жоқ.Оның себебі объективті сипатқа ие-ол
заңнамадағы кемшіліктер мен ел экономикасының осы заманғы дамуына сәйкес
келмейтін ресурстық қолдаудың елеусіз мөлшері.
2.1. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және
олардың ролі.
Мемлекет өзінің реттеу функцияларын негізінен административтік
және экономикалық әдістер арқылы жүзеге асырады. Топтық экономикаға
административтік реттеу әдісі тән, ал нарықтық экономиканы реттеу жүйесіне
экономикалық әдіс тән.
Административтік немесе тура әдістер, шаруашылықпен айналысушы
субъектінің таңдау еркіндігін шектейді.Мысалы: тауар өндірудің көлемі мен
ассортименті бойынша жоспарлы тапсырмалар немесе қызметтер мен тауарлар
түрлеріне орталықтан бекітілген бағалар - жоспарлы экономикадағы
административтік реттеудің қарапайым әдісі - кәсіпорынды ресурстарды
альтернативті түрде пайдалану мүмкіндігінен айырады.
Осыған кері, мемлекеттік реттеудің экономикалық және қосымша
әдістері таңдау еркіндігін шектемейді.Мысалы: бизнеске салықтың төмендеуі
немесе, айталық, есептік ставка пайызының төмендеуі экономикалық реттеу
әдісінің қарапайым түрі болып табылады.Ол өз кезегінде өндірістің өсуіне
және кәсіпорынның инвестициялық белсенділігінің күшеюіне алып келеді.
Реттеудің экономикалық әдісі нарық табиғатына жақын келеді.Бұл
әдіс нарық конъюнктурасына тікелей әсер етеді және ол арқылы тауар мен
қызмет ұсынушылары мен тұтынушыларына да ықпал етеді.Мысалы, трансферттік
төлемдерді көбейту тұтынушылық тауардың нарық конъюнктурасын өзгертеді,
сұраныстың көбеюіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде, бағаның өсуіне ықпал ете
отырып, өнім өндірушілердің ұсыныс көлемін ұлғайтуына әсер етеді.
Топтық экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік
реттеу жүйесінде түбегейлі өзгерістер болады, яғни бұрынғы административтік
әдістер жүйесі күйреп, жаңа экономикалық әдістер жүйесі құрылады.
Өтпелі кезеңде реттеудің экономикалық әдісінің біртұтас жүйесін
жасау мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.Осы мақсатпен нарықтық
экономикаға өткен барлық елдер несие және салық жүйесіне қатаң реформалар
жүргізуде.
Нарықтық экономика шарттарына сәйкес мемлекеттің алдында үлкен де
қиын мәселе тұр: біріншіден, мемлекет түрлі экономикалық тұтқалардың
көмегімен шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін жеңілдетуі және
қолдауы тиіс;екіншіден, өзінің артық әрекеттерімен бұл жүйеге кері әсерін
тигізіп алмауы тиіс:АҚШ пен Франция сияқты дамыған индустриалды
мемлекеттерді мысал ете отырып, ондай алтын ортаны ұстап тұру мүмкін
екендігін көреміз.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz