Халықаралық газеті «Қазақстан-Заман»


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Газеттер әрқашан адамдар үшін ақпараттың маңызды көзі болды.

Өмірдің түрлі салаларында болып жатқан бізге хабарлауға әрбір газетінің ең маңызды мақсаты.

Халықаралық газеті «Қазақстан-Заман», бізге әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ақпаратты береді. Газеті Орталық Азия, Түркия және жақын шетелдерде туралы ақпаратты таратады.

Газет 1992 жылы шығара бастады. Енді Серқан Хастүрк газетінің бас директоры лауазымын атқарады. Ол газеттің негізгі ұстынымы өткізеді және сақтайды.

«Қазақстан-Zaman» газетінің негізгі ұстанымы:

  1. Халықаралық, қоғамдық-саяси «Қазақстан-Zaman» газетімен үндес басылымдар 18 елде жарық көреді. Біздің интернет-газет арқылы төрткүл әлемге Қазақстан туралы және Мемлекет басшысының конструктивті сыртқы және ішкі саясаты жайлы мәліметтер таратылады.
  2. Әр облыста болып жатқан барлық оқиғаларға қатысты талдау мақалалары басылады.
  3. Республика облыстарында меншікті тілшідер мәліметтері бойынша аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпараттар жүйелі түрде жарияланып тұрады.
  4. Ғылыми-танымдық материалдар жарияланады.
  5. Газетте жарияланатын материалдардың негізгі мақсаты мен міндеті - Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, елдегі тұрақтылық пен Қазақстан халқының бірлігін насихаттап, халықтың толық сенімділігін қалыптастыру.
  6. Газет ұжымы жыл бойы республикамызда дәстүрлі экспедиция өткізіп өзекті мәселелер бойынша белсенді насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
  7. Халықтың әлеуметтк жағдайы, сыни мақалалар екіжақты қаралып, онда бейтараптылық саясаты сақталады. Газет министрліктермен, ведомстволармен, агенттіктермен, облыстық әкімдіктермен тұрақты байланыс орнатқан.
  8. Халықаралық газет болғандықтан, кәсіби шеберлігі жоғары журналистер жұмыс істейді. Олар шетелдік басылымдардағы саясаткерлер мен сарапшылардың ойларын қадағалап отырады. Әсіресе, олар Қазақстанның әлемдік деңгейдегі орны туралы мәліметтерді талдап, оларға үнемі бақылау жасайды. Журналистер ағылшын, түрік тілдерін жоғары деңгейде меңгерген.
  9. Мемлекттік тапсырысты орындағанда басылым «Қазақстан-2050″ стратегиясын, Елбасымыздың 2016 жылға арналған жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа алады. Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, халқымыздың, мемлекетіміздің экнонмикасының қарқынды дамуына үлес қоса отырып, әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына деген күщ-жігерін газет ұжымы аямай, еңбек етеді.
  10. Әлеуметтік, мәдениет салаларында іске асырылған шаралар туралы кең тынысты материалдар береміз.
  11. Елбасымыздың бастамасымен көтерілген оңтайлы өзгерістер туралы мәнді де құнды мәліметтер жариялап тұрамыз.

Газет қоғамның барлық топтары арасында танымал. Бұл Ертай Айғалиұлының (бас редакторы) еңбегі.

«Қазақстан-Zaman» газеті Қазақстанның барлық аймақтарына таралады.

Газеті бүкіл әлемнің қоғам аспектілері туралы жазады.

Мысалы, Мирас Кесебаевтің Америка Құрама Штаттарының сайлау және Дональд Трамп туралы бап.

Трамптың билікке келуінен әлем неге қорқады?

Дональд Трамп - әлемдегі ең ірі миллиардер. Оның АҚШ президенттігіне кандидаттыққа түсіп жатқаны белгілі. Саясаткерлердің түсінігінде, Трамптың билікке өзін ұсынуы - саясаттағы ешкім күтпеген құбылыс. Себебі, көпшілігіміз білетіндей, АҚШ-ты президент емес, белгілі бір тұлғалар тобы басқарады. Президент солардың қолындағы «пешка» десек, қателеспейміз. Қай елге соғыс ашу, санкциялау, заң қабылдауды сол «көлеңке астындағы адамдар» шешеді. Буш, Обама да берілген нұсқаулықты орындаушы ғана. Енді келіп, күтпеген жерден Трамп билікке ұмтылады. Ал шылқыған байлық иесі, Донекең ешқандай айтақтаушылардың айтағына еруші емес. Керек десеңіз, олардың өздерін айтақтауға құзыреті жетеді. Трамптың негізгі қарсыласы - Хилари Клинтон. Бұл әйелді Обаманың саясатын еш өзгертпей, жалғастырушы ғана деп ұғады мамандар. Яғни кезекті бір марионетка. Бостандықсүйгіш Америка халқы үшін мұндай билерден гөрі Трамптың түр-тұлғасы анағұрлым сүйкімдірек.
Қазірдің өзінде халықтың негізгі бөлігі Трампты қолдауда. Себебі ол қалың бұқараның көкейіндегі мәселелерді айтып, тамырын дөп баса білді. Мысалы, біріншіден, Трамп гейлердің құқығын төмендетпекші. «Бала деген әкесі мен шешесі бар отбасында тәрбиеленуі қажет» дейді ол өз сөзінде. Ал Обама 2012 жылғы сайлауда өзінің негізгі қарсыласы Митт Ромниді «гейлерге үйленуге, бала асырап алуға құқық беру» арқылы жеңген болатын (51%) .
Екіншіден, Трамп мемлекеттік қауіпсіздікті күшейткісі келеді. Ол үшін Мексикамен шекарада 3 мың шақырымға созылған қорған салмақшы. Сол арқылы елге бірде-бір көлік, жаяу жүргінші кіргізбейді. Сонымен қатар, ол НАТО құрамынан шығуды көздейді. Оның есебінше, НАТО-ға төленетін жарнаның көлемі тым көп, алайда АҚШ-тың қауіпсіздігін қорғап отырғаны шамалы.
Үшін-шіден, босқындар мен иммигранттарды елге кіргізбеу. Елде жүрген 11 млн. иммигрантты еліне қайтаруды қалайды. Мұсылмандарды толықтай зерттеп, ниетін білмейінше, оларға мүлдем есік ашпау қағидатын ұстанғысы келеді.
Төртіншіден, АҚШ-тың сырт елдермен сауда келісімі ел үшін тиімсіз. Ел азаматтарының құқықтары қорғалмаған. Солтүстікамерикалық еркін сауда келісімі, Транстынықмұхиттық саудалық әріптестігі секілді келісімдерді бұзып, Америка азаматтарының құқығын қорғайтын келісім құру.
Бесіншіден, Трамптың пікірінше, Американың сыртқы саясатында іліп аларлық құндылығы жоқ. Бір стратегия, жоспар жоқ. Керісінше, Обама әкімшілігінің жауапсыздығынан Ирак, Иран, Ливия сынды елдерде мағынасыз соғыс жүргізіп, қолдан жасап алған ИШИМ-мен күресуде деген ойда.
Жалпы алғанда, Трамптың сайлауалды бағдарламасы халықтың қолайына келіп тұр. Кейбір тәуелсіз журналистердің бағалауынша, мұндай бағдарламасы арқылы халықтың көңілін жаулау кезіндегі Гитлердің неміс халқын фашистік идеологияға жетелеуіне қатты ұқсайды. Бір байқағанымыз, Трамп қай мәселеге болсын пайдалық тұрғыдан қарайды, өзі кәсіпкер болғандықтан, кіріс пен шығысты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы баспа өнімдері саласында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың даму жағдайы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоғамдағы саяси газет
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Телешығармашылық сырлары
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ұлт тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz