Шошқа тілмесін зерттеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Ветерианриялық санитария» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шошқа тілмесі

2016 ж

Курыстық жұмыстың жоспары

І. Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама . . . 3-9

ІІ. Анықталатын ауруды талдау . . . 9

1. Аурудың қысқаша анықтамасы . . . 9

2. Этиологиясы . . . 9

3. Патогенезі . . . 9-10

4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . . . 10

5. Гистологиялық өзгерістер . . . 10

6. Балау,, ,, . . . 10

7. Ажыратып балау . . . 11-12

ІІІ. Қосымшалар . . . 13

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 15

І. Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама

Өлексені сою туралы хаттама № 1

Мал иесі: Шортанбаев Олжас

Анамнез: 7. 11. 2016 күні аурудың алғашқы клиникалық белгілері көріне бастады. Шошқа азықтан бас тартып, дене ыстығы 40 0 С жоғарлап көтерілген, артқы аяқтары әлсізденген, сондан кейін төсеніш астына тығылғандай жатып қалған, денесінде тарғыл бөртпе шығып, созылмалы түрінде тері өліеттеніп қабынды.

Өлген жері, күні: Семей қаласы, Восточный ауд., Цветочная к-сі №76; 11. 11. 2016ж

Өлексені сою орны: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің прозикториясында 12. 11. 2016 ж сойылды.

Өлексені союға қатысқандар:

Союшы: Сабырғалиева А

Қатысушылар: Акимжанова М., Онгарова Д., Мұқанова А.

Қолданылған ем-шаралар: Басқа торайлардан оқшауланып, пенициллин егілді.

Клиикалық диагноз: Шошқа обасы

СИПАТТАУ БӨЛІМІ:

Өлексе түрі: Шошқа

Жынысы : торай

Тұқымы : “ландрас”

Жасы : 9 айлық

Түсі : ақ

Ерекше белгілері : тұмсығында шығыршық салынған

Жеке номері : KZF358774665

Қоңдылығы : орташадан төмен

Өлексенің жалпы сипаттамасы: Өлексенің денесі ісінген, көгеріңкі, дене бойын әртүрлі мөлшерлі және пішінді қою қызыл дақтар жапқан.

Дене құрылысы : дұрыс

Қондылығы - орташадан төмен

Өлексе белгілері : Өлексенің дене температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексенің іріп-шіруі байқалмайды. Мойынының, алдыңғы және артқы жақтарының бұлшықеттері тығыз, көздің кілегейлі қабығы құрғақ, бозарған көгілдір реңді, көз алмасы солғын, шүңірейіп кеткен. Көздің қасаң қабығы аздап қарауытқан.

Тері және тері астындағы шелі : Өлексенің шап, мойын, құрсақ, жамбас, арқа тері беттерінде қою қызыл- көгеріңкі аймақтары көрінеді. Тері және тері астындағы қан тамырлары кеңейген, тері асты шелі сұйықтықпен домбыққан. Кей жерлерде ұсақ қанталаулар кездеседі. Терінің эластикалық қасиетті жоғалған- созылғыш болып келеді. Тері туындылары жұмсақ болып келеді.

Көзге көрінетін кілегей мен көздің жағдайы: Көзінің кілегей қабығы домбықан, өте ылғалды, түсі көгеріңкі және ұсақ қанталаулар көрінеді. Сыртқы жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары қабынған, қызарған, сарғыш - қызғылт сұйықтық жапқан. Сонымен бірге шашыраңқы қанталаулары қөрінеді. Алмасы қанталаған, қасаң қабығы бозарып, мүйізді қабаты қанталаған.

Бұлшық еттері мен сіңірлері: Бұлшық еттері болбыр, түсі қызыл. Артқы аяқ бұлшық еттері мен сіңірлері қысқарған.

Сүйектер мен буындар: Сүйек бүтіндігі бұзылмаған, қатты консистенциялы, сүйек қабы тегіс. Жамбас және тізе буындары ісінген, буын қапшығында серозды сұйықтық жиналған. Буын қабы қалындаған, гиалин шеміршегі бұдырлаған.

Сыртқы сөл бездері: сөл бездерінің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр- қызғылт түсті, болбыр. Лимфа түйіндері домбықан, іріңді сұйықтық жиналған, көлемі ұлғайған, қан тамырлары қанмен кернелген, көкшіл түске боялған. Жақ асты, шап лифа түйіндері қанталаған. көлемі ұлғайған, тығыз, түсі қошқыл қызыл, кескенде суреті анық емес, шеттері бірікпейді.

Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу

Ауыз қуысы: кілегей қабығы, қызыл иегі, тілі ісінген және оларда шашыраңқы қанталаулар табылған. Тілінің көлемі сәл ұлғайған, жұмсақ болып келеді. Ауыз қуысының іші ылғалды. Кескенде шеттері бірігеді.

Өңеш пен жұтқыншақ: кілегей қабығы ісінген, қанық қызыл түсті, нүктелі қанталаулары бар. Үстін кілегей жапқан.

Мұрын қуысы: Мұрын қуысы тарылған. Кілегей қабығы ісінген, қызарған, ылғалды, түйіршікті қанталаулар анықталды. Мұрын айнасы да қызарған.

Көмей, кеңірдек және бронхылар: кілегей қабықтары ісінген және көкшіл тартқан. Қуыстарының ішінде көпіршікті қызыл сұйықтық іркілген және нүктелі қанталаулар табылған.

Өкпе: Өкпесі біркелкі домбыққан, қамыр тәрізді консистенциялы, ыдырамаған, қызыл көк түсті. Өкпе бөліктері суда ауыр қалқып бастады. Вена қан тамырларында қан іркілген.

Жүрек: Жүрегі ұлғайған, борпылдақ келген, қан тамырлары қанға толы. Жүрек қабында іріңді сарысулы іркілген. Эпикард жартылай қалың фибринозды жабындымен жабылған. Эпикард пен эндокардтың астында нүктелі қанталаулар табылды. Оң жақ қарыншасы кеңейген (1:4) . Эндокард қою қызыл түсті, бұлыңғыр, қан ұйыған және кедір - бұдырлы.

Құрсақ қуысы: Мүшелердің анатомо- топографиялық орналасуы ауытқымаған.

Көкет (диафрагма) : өкпе ісінгендіктен сәл ығысқан, тығыз, жылтыр, тегіс

Асқазан : кілегей қабынған, ісінген, ашық қызыл түсті. Жиырылатын жерлерін тіліп қарағанда ұсақ қанталаулар мен жаралар анықталған. Қабырғасы қалындаған. Қарын іші қою созылмалы үлкен көлемдегі сірмен жабылған.

Ащы ішек: қанталаулар бар және қою созылмалы сірмен жабылған. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулалардың көлемі ұлғайған, қызғылт түсті.

Он екі ішек: қанталаулар бар және қою созылмалы сірмен жабылған. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулалардың көлемі ұлғайған, қызғылт түсті.

Мықын ішек - кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Тоқ ішек: ішінде аз көлемде сулы зат бар. Кілегей қабығы қабынған, ісінген, ашық қызыл түсті. Жіңішке ішек қабырғасы қалыңдаған.

Бүйен- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Жиек ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Тік ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.

Бауыр : ісінген, қанға толы, қызыл- қоңыр түсті, борпылдақ консистенциялы. Ауада өзіне тән ашық қызыл түске ауысады. Өт қабының қабығы сәл қалындаған, қызғылт тартқан. Оны қысқанда өт ішек саңылауынан бөгелусіз ағады. Кескенде қан ағады, шеттері бірікпейді.

Көкбауыр : домбыққан, қызыл-қоңыр түсті, қан іркілген, консистенциясы борпылдақ. Шеттері жүмырланған, қолмен ұстағанда жұмсақ. Саусақтарды қаттырақ басқанда пульпасының езілгені сезіледі. Кескенде шеттері бірігеді.

Бүйрегі: көгерген, көлемі ұлғайған. Фиброзды қабығы ұлпадан қиын ажыратылады. Қыртысты қабатында нүкте тәріздес қызыл ошақтар көрінеді. Бүйрек шумақтары қабынған. Бүйрек қабында қан түйіршіктері араласқан экссудат жиналған. Вена қан тамырлары кеңейіп, қанға толған.

Қуық, несеп шығару түтігі : Қуығы несепке толы. Қуықты қолмен қысқанда несеп түтігі арқылы несеп бірқалыпты ағады. Кілегей қабығы ісінген, қабырғасы қалыңдаған. Несептің түсі қызғылт тартқан.

Жыныс мүшелері: кілегей қабықтары ісінген, қызарған, сарғыш- қызғылт сұйықтық жапқан. Сонымен бірге шашыраңқы қанталаулары көрінеді.

Шажырқай мен шарбы майы: мөлшері орта, сарғыш-ақ түсті. Қан тамырларының кеңейіп, қанға толуы көзге түседі.

Ми тамырлары: ми қабығының қан тамырлары кеңейіп, қанға толған. Мұндай өзгерістер әсіресе мидың оң жақ жартысында айқын көрінеді.

АУРУДЫ АНЫҚТАУ БӨЛІМІ

А) патологиялық - анатомиялық диагноз

1. терідегі эритема

2. геморрагиялық диатез

3. ұлғайған (септикалық) көкбауыр

4. серрозды лимфаденит

5. бауырдың жіті веналық гиперемия және гепатоз

6. бүйректегі веналық гиперемия және серозды - геморрогиялық гломерулонефрит

7. жіті катаральды гастроэнтерит

8. өкпенің домбығуы және жіті веналық гиперемия

Б) Қосымша лабораториялық зерттеулер нәтижесі

Гистологиялық зерттеу кезіндегі сепсиске тән өзгерістер анықталды. Геморрагиялық диатезбен сипатталатын қанның реологиялық қасиеті өзгерген; паренхималық ағзаларда дистрофиялық өзгерістер бар. Талақта гиперемия және эритродиапедез, лимфоциттер мен плазмалық жасушалар санының жылдам азаюы, нейтрофилдер мен макрофагтар көбейген. Лимфа түйіндері редукция жағдайында.

Бактериологиялық зерттеу микроскопияны, қоздырғыштың таза өсіндісін бөліп алуды, биосынаманы құрайды. Өлекседен бактериологиялық зерттеуге паренхималық ағзалардың (көкбауыр, бауыр, бүйрек), лимфа түйіндерінің бөліктерін аламыз.

Жағынды іздерді екі түрде дайындайды. Бірінші түрін оттың үстінде бекітіп, қарапайым Грам әдісі бойынша бояйды. Содан кейін морфологиясын зерттеу мақсатында иммерсиондық жүйе көмегімен жарық микроскобында зерттейді. Екінші түрін этил спиртімен бекітіп, ережелерді сақтай отырып флуоресцентті қан сарысуымен бояйды. Бактериологиялық зерттеу нәтижесінде ұзындығы 0, 5-1, 5 мкм, полиморфты қысқа таяқша анықталды. Тығыз қоректік ортада колониялар түзген. Желатинды сұйылтпайды, индол түзбейді, күкіртті сутек бөледі. Глюкозаны, лактозаны, галактозаны қышқыл түзіп, ыдыратқан. Үлпершек ағзалардан дайындалған езіндімен биосынама қойылды. Езіндіні ақ тышқанға егіп тексереді. Олар 3-5 тәулік аралығында ауырып өлді. Қоздырғыштың антигендік қасиеті бар. Қоздырғыштың түрін анықтау үшін тікелей иммунофлюоресценция әдісі қолданылады. Ізді препаратқа бекітілгеннен кейін 5-10 минут аралығында 2-3 тамшы флюоресцентті қан сарысуын тамызамыз. Жұғындыны ылғалды камераға салып, 30 минутқа термостатқа орналастырамыз. Содан кейін препаратты бірнеше рет дистелденген сумен шайып, ауада кептіріп, иммерсиондық май тамызамыз да, люминесцентті микроскоппен зерттейміз. Жағындыдағы тілме таяқшалары қан сарысуындағы антиденелермен қосылып, ашыжасыл түспен жарқырайды.

Химиялық және токсикологиялық зерттеу : жүргізілген жоқ.

В) Өлім себебі туралы соңғы қорытынды.

Өлексе туралы анамнез және сойып қарау мен қосымша жүргізілген лабораториялық зерттеулер нәтижесінде, шошқаның тілме ауруының жіті түрімен ауырып өлгені туралы қорытынды жасалды. Ауру қоздырғышының уытты заттары қан және лимфа тамырларына өтіп, жүрек жұмысын әлсіреткен. Осының нәтижесінде денесінде веналық қан іркілген, өкпесі домбыққан. Мал асфиксиядан өлген. Қоздырғыш бүкіл организмге көбейіп таралған және ішкі ағзаларда қайтымсыз процестер тудырған.

ІІ. Анықталған ауруды талдау

1. Аурудың анықтамасы. Шошқа тілмесі - геморрагиялық гастроэнтеритпен, нефритпен, кілегей мен сірлі қабықтарында қанталаулар мен көкбауырдың ұлғаюымен сипатталатын септикалық жұқпалы індеті. Ауруға әсіресе 3-12 айлық шошқалар шалдыққыш келеді. Лабораториялық хайуанаттар ішінде онымен ақ тышқандар, қоян және көгершін ауырады. Тілме адамға да жұғады, терінің және тері асты ұлпасының жергілікті қабыну түрінде өтеді.

Қоздырушы бактерия - Erysipelothrix insidiosa.

2. Этиологиясы . Ауру таралуының негізгі көзі- нәжісімен және несебімен бірге бактерияларды көптеп тысқа шығарып отыратын ауру шошқа тілмесі. Сонымен қатар лажсыздан сойылған ауру шошқадан қалған түрлі қалдықтар, сондай- ақ ауру шошқаның нәжісі мен несебі тамған азық, су, төсеніш, жайылым т. б. арқылы да тілме жұғуы мүмкін. Тілме бактерияларын таратушылар - құс пен кеміргіштер.

3 . Патогенезі. Шошқа тілмесі азқазан арқылы жұғады, бірақ тері арқылы да жұғуы мүмкін. Денесінде тілме бактериясы болғандықтан, шошқа күтімі нашарлаған кезде де мал тілмемен ауыруы ықтимал. Тілме бактериялары көбейіп, өнімдерін бөледі. Сонымен бірге гиалуронидазаны да. Ол өз кезегінде қан тамырларының өткізгіштігін арттырып, организмнің қарсыласу күштерін төмендетеді. Бактериялар организмнің қорғаныш тосқауылдарынан өтіп, қан мен лимфа ағысымен әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге өтеді. Қоздырғыштың көбейіп, токсиндік заттардың жиналу нәтижесінде септицемиялық процестер дамып, зат алмасудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл барлық паренхималық ағзалардағы, әсіресе айқын жүрек - қан тамыр жүйесіндегі терең дистрофиялық және некробиотикалық өзгерістерімен сипатталады. Жүрек бұлшық етінің ұсақ қан тамырлары мен капиллярлардағы дистрофиялық өзгерістері домбығуға, паренхималық ағзалар мен терідегі қомақты іркілу құбылыстарына, тромбтардың пайда болуына әкеп соғады. Үдемелі жүрек әлсіздігі малдың өлімін тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
Шошқа тілмесі. Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар
Шошқа тілмесінің қоздырғышы
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Шошқа тілмесі
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz