АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу және оларды жетілдіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Дебиторлық қарыз — ағымдағы активтердің элементі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дебиторлық қарыздың есебі ... ... ... ... ... .6
II Дебиторлық қарыздың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Дебиторлық қарыздарды түгендеу ... ... ... ..13
2.2. Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Басқадай дебиторлық қарыздардың аудиті ..18
III Дебиторлық қарызды талдау ... ... ...21
3.1. Дебиторлық қарыз құрылымы мен кұрамын талдау ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында біздің еліміздің дамуының түпкі мақсаты экономикалық өсу және экономикалық өсу басымдылығы бүгін, ертең және келесі отыз жыл ішінде ең маңыздылардың бірі болатынын атап көрсеткен. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында дұрыс жолға қойылған бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау экономикалық ақпаратсыз кәсіпорынның күрделі экономикалық механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау мәліметтері шаруашылық субьект және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын оперативті басқаруга экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарларды жасауға, ел экономикасының даму зандылықтарын зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық субьектінің алдында тұрған ең негізгі мәселе төлем есеп операцияларымен тікелей байланысты және осының салдары ретінде шаруашылық субъектінің жұмысын жалпы координациялайтын — дебиторлық қарыз қазіргі ең өзекті мәселе болып табылады.
Дебиторлық қарыз — шаруашылық субъектілер активтерінің маңызды бөлігі. Сонымен қатар ол қазіргі кез келген Қазақстандық кәсіпорындардың балансында бірінші және екінші орындарды алады. Дебиторлық қарыз — шын мәнінде қазіргі Қазақстанның нарықтық экономикасында дамып келе жатқан шаруашылық субъектілердің ең күрделі күн тәртібінде тұрған мәселе.
Кәсіпкерлік қызметті іске асыра отырып, мүліктік айналымға қатысушылар шаруашылық операциялар көмегімен салған қаржыларын қайтарып алумен қатар, пайда түсіреміз деп үміттенеді. Бірақ шынайы өмір тәжірибесі, әсіресе нарықтық қатынастар жағдайында әрдайым кәсіпорын өзінің контрагенттерінен қарызын қайтарып алуга әрекет жасауы қажет. Дебиторлық қарыз айлап, жылдап шешілмей қалуы мүмкін мәселе. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын нашарлатады, ал кейбір жағдайда банкроттыққа әкеледі. Бұл жағдай дебиторлық немесе кредиторлық қарызды басқару жүйесінің болмауы нәтижесінен туындайды.
Айналым құралдарының бір бөлігі бола отырып, дәлірек айтқанда айналым қорларының бөлігі ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе белгісіз болып тұрып қалған қарыздар айналымды қысқартып, кәсіпорын пайдасын төмендетеді.
1. О бухгалтерском учете Указ Президента Республики Казахстан, имеющий снлу Закона от 24 июня 2002 года № 2732.
2. Концептуальная основа для подготовки и представления Национальной комиссии Республики Казахстан по бухгалтерскому учету от 12 ноября 1996 г. №2. Стандарты бухгалтерского учета Республики Казахстан. -Алматы, 1996.
3. Стандарты бухталтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы, 1996.
4. Методические рекомендации и стандарты и бухгалтерского учета Республики Казахстан. - 1997
5. Инструкция №37 «О порядке исчисления и уплаты НДС» Главной налоговой инспекцией Министерства финансов с изменениями и дополнениями от 14.01.97 г.
6. Финансовый анализ деятельности фирмы. - М.: Ист-Сервис. 1994.
7. Абрютина А. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учебное пособие. - М.: Изд-во "Дело и Сервис", 1998
8. Алборов Р.А. Аудит в организациях промышленности, торговли, АПК: Учебное пособие. 2000.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Дебиторлық қарыз — ағымдағы активтердің элементі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Дебиторлық қарыздың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
II Дебиторлық қарыздың
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ..13
2.1 Дебиторлық қарыздарды
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Басқадай дебиторлық қарыздардың аудиті
... ... ... ...18
III Дебиторлық қарызды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .21
3.1. Дебиторлық қарыз құрылымы мен кұрамын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .27

Кіріспе

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында біздің еліміздің дамуының
түпкі мақсаты экономикалық өсу және экономикалық өсу басымдылығы бүгін,
ертең және келесі отыз жыл ішінде ең маңыздылардың бірі болатынын атап
көрсеткен. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында дұрыс жолға
қойылған бухгалтерлік есеп және қаржы шаруашылық әрекетті талдау
экономикалық ақпаратсыз кәсіпорынның күрделі экономикалық
механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және
қаржы шаруашылық әрекетті талдау мәліметтері шаруашылық субьект және оның
құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын оперативті басқаруга экономикалық
болжамдар мен ағымдағы жоспарларды жасауға, ел экономикасының даму
зандылықтарын зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық субьектінің алдында тұрған ең негізгі мәселе төлем есеп
операцияларымен тікелей байланысты және осының салдары ретінде шаруашылық
субъектінің жұмысын жалпы координациялайтын — дебиторлық қарыз қазіргі ең
өзекті мәселе болып табылады.
Дебиторлық қарыз — шаруашылық субъектілер активтерінің маңызды бөлігі.
Сонымен қатар ол қазіргі кез келген Қазақстандық кәсіпорындардың балансында
бірінші және екінші орындарды алады. Дебиторлық қарыз — шын мәнінде қазіргі
Қазақстанның нарықтық экономикасында дамып келе жатқан шаруашылық
субъектілердің ең күрделі күн тәртібінде тұрған мәселе.
Кәсіпкерлік қызметті іске асыра отырып, мүліктік айналымға қатысушылар
шаруашылық операциялар көмегімен салған қаржыларын қайтарып алумен қатар,
пайда түсіреміз деп үміттенеді. Бірақ шынайы өмір тәжірибесі, әсіресе
нарықтық қатынастар жағдайында әрдайым кәсіпорын өзінің контрагенттерінен
қарызын қайтарып алуга әрекет жасауы қажет. Дебиторлық қарыз айлап, жылдап
шешілмей қалуы мүмкін мәселе. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы
жағдайын нашарлатады, ал кейбір жағдайда банкроттыққа әкеледі. Бұл жағдай
дебиторлық немесе кредиторлық қарызды басқару жүйесінің болмауы нәтижесінен
туындайды.
Айналым құралдарының бір бөлігі бола отырып, дәлірек айтқанда айналым
қорларының бөлігі ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе белгісіз болып тұрып
қалған қарыздар айналымды қысқартып, кәсіпорын пайдасын төмендетеді.
Сондықтан бүгінгі күндері шаруашылық
субъектілердің қаржы жағдайын жақсартуға ықпал ететін жағдайлар мыналар
болып табылады :
1. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтуіне
байланысты дебиторлық қарызды есептеуді дұрыс ұйымдастыру.
2. Дебиторлық қарыздардың өсуі және аяқталмайтын "тәуелді" қарыздардың
резервтері анықтауға бағытталған және оның өсуін төмендету факторларының
шығуына бағытталған дебиторлық қарыздың сараптамасы.
Осы мәселені зерттеу объектісі - АҚ " Шардара СЭС". (су электр
станциясы) Бұл кәсіпорын жарық шығару мен атап айтқанда: жарықты өндеп,
сату қызметімен айналысады.
Шардара су қоймасының жобасы 1955 жылы “Средазгипроводхлопок” институна
тапсырыс беріліп жасалды. ССРО (Советтік социолистік Республикалар
одағының ) Мемлекеттік құрылысында қаралғаннан кейін (№222267 4 қазан 1956
жылғы қорытынды) және Өзбек ССр-ң (қаулы №135 10 наурыз 1956 жылғы) және
Қазақ ССР-ң (қаулы №4-8 7 ақпан 1956 жылғы) Министрлер Кеңесінің
келісімімен, ССРО ауыл шаруашылық Министрлігінің №28 24 желтоқсан 1956
жылғы хаттамасымен бекітілді. №2765 – р 23 тамыз 1958 жылғы ССРО
Министрлер Кеңесінің жарлығымен Шардара су қоймасының бас жобалау
міндеттері “Гидроэнергопроект” Институтының орта Азиялық бөлімшесіне
жүктелді.
1960 жылы “Гидроэнергопроект” Институтының шешімімен Шардара су
қоймасының жобасының техникалық кем-кетік жұмыстары аяқталды. Содан кейін
жұмыс сызбалары беріліп, құрылыс жүргізілді Шардара құрылыс басқармасының
бірінші басшысы А:Қ: Қасымов болды, басқарма штабы Жаушықұм жерінде
орналасты.
Шардара су электр стансиасы су қоймасы мен құрылысы 1966 жылы 9
желтоқсанда толығымен бітті.
Кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері 3 000 000 тенге құрайды. АҚ
Шардара СЭС (су электр станциясы) бухгалтерлік есеп қабылданған есеп
саясаты бойынша, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
жүргізіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – АҚ Шардара СЭС (су электр станциясы)
мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің
мәселелерін зерттеу және оларды жетілдіру жолдарын қарастыру. Осыған
байланысты жұмыста келесі мәселелер қарастырылды:
- дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің жалпы мәселелері;
- дебиторлармен есептесуді түгендеу;
- тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу аудиті;
- дебиторлық қарыздың құрамы мен жағдайын талдау.

Тарау І. Дебиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру

1.1. Дебиторлық қарыздар — ағымдағы активтердің
элементтері ретінде

Қарыз, дебитор (латынның "debit"— міндет сөзінен шыққан) екі немесе
одан да көп тұлғалар арасындағы мүліктік байланыстың азаматтық-құқықтық
міндеттерінің бірі болып табылады.
Дебиторлық қарыз — бұл өнеркәсіпке өзге занды тұлғалар мен азаматтардың
қоятын қарыз сомасы. Қолма-қол емес есептесу құрылымы барысында дебиторлық
қарыз өнеркәсіптің шаруашылық әрекетінің объективті процесін білдіреді.
Дебиторлық қарыз пайда болу ерекшелігіне байланысты нормальды және
шешуге жатпайтын немесе ақталмайтын болып екіге бөлінеді. Өнеркәсіптің
шешімін табуга болатын қарызы өнеркәсіптің өндіріс жоспарының орындалуы
барысындағы, белгілі бір есеппен құрылған формалар болып табылады (қойылған
талаптарға байланысты туындаған қарыздар артылып жіберілген тауарлар үшін
мерзімі келмей төлемі талап етілсе). Шешімін табу мүмкін емес немесе
аяқталмайтын дебиторлық қарыз есептік және қаржылық тәртіпті бұзған
жағдайда, есеп жүргізу кезіндегі кемшіліктер, материалдық құндылықтарды
босату кезіндегі бақылаудың әлсіреуі және ұрлық жасалу нәтижесінде пайда
болады. Дебиторлық қарыз Халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес сатып алушының (дебитордың) Кәсіпорынға жатқызған
қарыз сомасы болып табылады. Дебиторлық қарыз — айналым капиталының негізгі
компоненті. Бір өнеркәсіп тауарларын екінші өнеркәсіпке сату барысында
сатылған тауардың төлемі тез арада жасалмайды деген сөз.
Дебиторлық қарыз — иелік ету құқығын ендіретін заңдылық құқықтармен
байланысты өнеркәсіптің активі болып табылады. Тұтас алғанда активке мүлік,
мүліктік заттар және субъект кұқығын құрайтын бағасы енеді. Активке
жатқызылатын болашақ экономикалық пайда субъектінің ақша құралдары құрамына
енетін потенциалды, тікелей немесе қосымша салым. Осыған байланысты
дебиторлық қарыз болашақ экономикалық пайда активке ендіріледі және иелік
ету құқығымен байланысатын заңды құқықтар. Дебиторлық карыз активтерінің үш
түрлі ерекше мінездемелері бар:
ол ақша құралдарын өсіруге жағдай жасайтын тікелей және жанама жағдайды
қамтамасыз ететін болашақ пайданы ендіру;
активтер шаруашылық субъектіні басқаратын ресурстарды
білдіретін активтер болып есептелінеді.
Пайдаға немесе потенциалды қызметтерге деген құқықтар заңды түрде
болуы керек немесе оларды алу мүмкіндігі заңды түрде дәлелді болуы қажет.
Мысалы, активті сату фактісі тұрғысында сатушының дебиторлық қарызы пайда
болады. Алып-сату келісім шарты мүмкін деген болашақ пайданы анықтауга
мүмкіндік береді. Бірақ сатып алу мен дебиторлық қарызды өтеу үшін белгілі
бір сома төлемесе, онда сатушы факт түрінде ресурстарды, яғни потенциалды
түсімдерді бақылау құқығынан айрылмайды, демек актив осыған байланысты
актив бола алмайды;
активтерге болашақта түсетін, осы шақта өнеркәсіп бақылауындағы емес
пайда жатпайды. Осы тұста бухгалтерлік немесе өзге де шаруашылық
операциялар өтеді деген шешімі шешуші сәт болып табылады.
Кәсіпорынның келісім-шартқа қоюын бухгалтердің бақылауындағы
кәсіпорынға болашақта пайда түсуі мүмкін деген фактісі болады. Тек
бухгалтер ғана фирма активінің көрсетілуін жеткілікті немесе жеткіліксіз
мағынадағы жағдай екенін анықтай алады. Егер бір жыл мерзімнің аралығында
сома толығымен алынбаса, дебиторлық қарыз ағымдағы актив құрамына
еңдіріледі. Сонымен қатар бір жылдан астам мерзім бойына есептелетін
дебиторлық қарыз ұзақ мерзімді активтер құрамына "дебиторлық қарыз"
статьясына ендіріледі. Шаруашылықтың жоспарлық әкімшілік құрылымы тұсында
Қазақстан Республикасында 1997 жылға дейінгі бухгалтерлік есеп құрылымында
актив деген түсінікке өнеркәсіпке жататын барлық шаруашылық құралдар
ендірілді. Қазақстанның қазіргі есепке қатысты етекшелігі — бұл болашақта
пайда болады делінетін белгілі шығындар болып табылады. Осыдан барып,
активтерге салынған шығындарды, соның ішінде дебиторлық қарыздарды өшіріп
тастаудың қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты, бухгалтерлік есептерде
актіда төлеу емес осы төлемдерге пайда болу немесе жоқ құқықтар
қарастырылады. Берілген есептік кезеңнің кірістері барлық уақытта
шыгындармен сәйкес болуы керек, өйткені сол шығындарға байланысты пайда
алынады.
Қазіргі кезеңде дебиторлық қарыз есебінің халықаралық құрылымға өтуіне
байланысты төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады : сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы, тәуелді серіктестіктердің заңды
тұлғалармен бірге бақыланатын және өзгедей дебиторлық қарыздар, болашақ
кезеңдер шығындары, берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздар.

1.2 Дебиторлық қарыздардың есебі.

Сатып алушылыр мен тапсырыс берушілердің есептесу есебі.
АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) дебиторлық қарыздың есебі
бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Бас
жоспардағы бухгалтерлік есеп шоттарында дебиторлық қарыз сомасын көрсету
үшін "Дебиторлық қарыз және өзге де активтер" қолданылып, оған төмендегі
шоттар кіреді:
1290. "Күдікті қарыздар бойынша резервтер"
1210 “Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар”
1280 "Өзге де дебиторлық қарыздар"
1610"Берілген аванстар"
1620 "Болашақ кезендер шығыны"
АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің қарызы активті шоттың "Дебиторлық және кредиторлық"
ведомостарында немесе есепті компьютеризациялау барысында машинограммада
жүргізіледі. Осы бөлімше шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
әр түрлі субъектілерге қарызы туралы ақпаратты толықтырып көрсету үшін
беріледі. Ол үшін мына шот қарастырылады.
1210 "Алынуға тиісті шоттар"
1210 шоты сатып алушы мен тапсырыс берушінің және артылған жүк үшін
төлем құжаттарды банктің қабылдауы туралы есептік ақпараттарды көрсету үшін
белгіленген. "Алынатын шоттарын" тұтас бейнелей отырып, олар тарату
қорытындысында қысқа мерзімді активтер ретінде пайда болатынын атап өту
керек. Сондықтан оларды саудалық міндеттемелер деп атайды. Жекелеген
жағдайларда олар тауарларды кредитке сату барысында туындайды. Шет елдерде
тауарларды кез келген адамға кредитке сатуга болады, онда сатып алу мен
төлемді бір айдан кейін немесе оны алып болғаннан соң жасауына құқық
беріледі. Мұндай несиені, әдетте, коммерциялық несие деп атайды. Фирмалар
тауарларды төлем мерзімі аяқталғанға дейін төлей алатын клиенттерге бақылау
шараларын қарастырады, сондықтан АҚШ-та клиенттердің төлем жасау қабілетін
зерттеу бойынша торап кеңінен қолданылады. Әр фирмада жеке тұлғаның немесе
компанияның несие алу барысы туралы есепті ендірілген несие бөлімі жасайды.
Сонымен қатар арнайы акпараттық бюро арқылы клиент туралы жеке ұсыныстар
мен өзге де анықтамаларды тексеруге болады. Осы ақпарат негізінде несие
бөлімі сол сатып алушыға тауарды сату немесе сатысу туралы шешім
қабылдайды. Ол төлем сомасын ұсына алады, кредит көлемін шектей алады
немесе клиенттің кредитті қамтамасыз етуі үшін белгілі құралдарды ұсына
алады.
Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық кәсіпорындар мен
кәсіпкерлерге, соның ішінде АҚ "Шардара СЭС"-те (су электр станциясы) осы
бөлімдер мен бюроны біздің республикамызда да ендіруді ұсынуға болады. Егер
әрбір өнеркәсіпте осындай бөлімдер ашылса немесе осындай сұрақтармен
айналысатын бір маман болса, онда өндіріс аз мөлшерде болса да дебиторлық
қарыздар мен банкроттыққа байланысты шығындардан сақтана алар еді.
Клиенттің төлемді жасау мүмкіншілігін зерттеу көптеген проблемалардан
қорғаган болар еді.
1210-шот бойынша сараптамалық есеп сатып алушының ұсынган әрбір шот-
фактурасы бойынша жүргізіледі. Вексельдермен қамтамасыз етілген бірақ төлем
мезгілі жетпеген қарыздар бойынша банктерде есепке алынган вексельдермен,
мезгілінде ақша құралдары келіп түспеген вексельдер. Сараптамалық есеп
бойынша "Әр түрлі дебиторлармен сараптамалы есеп шоты ведомостарын" немесе
әр түрлі "дебиторлар мен кредиторлардың" құралған есеп шоты типі бойынша
машинаграммалар қолданылады.

Сенімсіз талаптар бойынша резервтер есебі.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтер есебі 1290 "Күдікті қарыздар
бойынша резервтердің" пассивті шотында есептелінеді. Сенімсіз талаптар
бойынша резервтер дебиторлық қарызды талап етуде үмітсіз болып
есептелінетін жағдайда туындауы мүмкін деген шығындарды жабу үшін
жасалынады. Сенімсіз талаптар болып қойылған мерзімде төленбеген дебиторлық
қарыздар есептелінеді егер де ол қойылмаса онда сол үшін қажетті уақыт
ішінде кепілдіктермен қамтамасыз етілген қарыз жағдайына байланысты.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтер жылдың соңында берілген дебиторлық
қарыздардың инвентаризациясы негізінде жасалады. Өнеркәсіп орындары
сенімсіз талаптар бойынща резервтерді өзге өндіріс орындары мен ұйымдарының
есептері бойынша сонымен қатар жеке фирмалық тұлғалар бойынша жасайды.
Резерв көлемі сенімсіз талаптың әрбір сомасы бойынша қарыз тұлғаның
қаржылық жағдайымен оның қорығын толық мөлшерде немесе бөліктеп өтеу
жағдайына байланысты анықталады. Резервтерге бағытталған сенімсіз талаптар
сомасы жүргізу барысында 7211 "Жалпы және әкімшілік шыгындар" шотымен
көрсетіледі және 1290 "Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер" шоты
қаржыландырады.
Сенімсіз талаптар бойынша резервтерді қалыптастыру барысында өнеркәсіп
өзінің жағдайына қарай есеп саясатында төмендегі әдістердің бірін тандауға
құкылы:
орындаған жұмыстары (көрсеткен қызметтері) өткізу көлемі пайызының
әдісі;
есеп шот әдістерінің төлем жасау мерзімі бойынша;
Орындаған жұмыстарды (көрсеткен қызметтерді) өткізу көлемі пайызының
әдісі- бұл әдістің мағынасы реализацияның жалпы көлемдегі сенімсіз
қарыздардың пайыздық анықталуында. Сенімсіз талаптар бойынша пайда болган
резерв пайызын анықтау үшін тауарлардың өткізу көлемін, орындалған
жұмыстардың (көрсеткен қызметтердің) және төленбеген шоттар сомасын
сараптап алу қажет.
Мерзім бойынша есептеу әдісі — бұл қарызды мерзімінде төлеу бойынша
сенімсіз талаптардың пайыздарын анықтауына байланысты. Осы пайызды анықтау
үшін барлық шоттарды төмендегі категориялар бойынша алу үшін
классификациялау қажет:
- төлем мерзімі жетпеген шоттар;
- бір күннен отыз күнге дейін төлем мерзіміндегі шоттар;
- отыз бір күннен, алпыс күнге дейін төлем
мерзіміндегі шоттар;
- тоқсан күннен артық төлем мерзіміндегі шоттар.
АҚ "Шардара СЭС" -те (су электр станциясы) екінші әдіс төлемді мерзім
бойынша есептеу әдісі қолданылады. Әрбір категория үшін сенімсіз
қарыздардың болжамдарынан пайызы анықталады. АҚ "Шардара СЭС" -тің (су
электр станциясы) балансынан жеделдетілген талаптарды жарамсыз деп алып
тастау барысында 1290-шот көрсетіледі және 1210 "Алуга арналған шоттар"
есеп шоты бойынша кредит беріледі, сонымен 1280 "Өзге де дебиторлық қарыз"
1610 "Орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтер бойынша аванстар" кредит
беріледі. Сенімсіз талаптардың сомасын өшіріп тастау дебиторлық қарыздың
болашақ көлеміне әсер етпейді, өйткені дебиторлық қарыз бухгалтерлік
баланста сенімсіз талаптардың өшіру резервінің есебінен көрсетіледі.
Егер күдікті қарыздар немесе Қазақстан Республикасының заңдылығына
сәйкес жауапқа тартылатын мерзімі біткен сенімсіз талаптар бойынша субъект
резерв жасамайтын болса, онда қарыздардың сомасы кезең шығындарына қатысты
болмастан есептен шығарылады және қаржы шаруашылық белсенділігінің есебіне
ендіріледі.
Егер сенімсіз талаптар бойынша берілген жыл мерзімінің
соңына дейін құрылған резерв толығымен немесе бөліктеп қолданылмайтын
болса, онда шығындалмаған сома алынбайды.
АҚ "Шарадара СЭС" –тің (су электр станциясы) сатып алушысының қарызы
үмітсіз қарыз ретінде өшіріліп тасталынса, бірнеше уақыттан соң қарыз
сомасын төлесе (атап айтқанда есептен шығарып тастаған есептік кезенде
төлесе) онда сенімсіз талаптарға жатқызылған дебиторлық қарыз 1210 "Алуға
арналған шоттар", 1280 "Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер" есептеу
шотының кредиті бойынша алынып тасталынады және 1010 Кассадағы ақша
қаражаттары", 1041 "Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары" және 1210,
1280, 1610, шоттарының кредиті бойынша дебиторлық қарызды өшіруді
білдіреді.
Егер бұрын өшірілген дебиторлық қарыз төмендегі есептік кезеңінде
төленген болса, онда есептік кезең кірісі негізгі активті емес деп
қабылданады. 1290 шот бойынша сараптамалық есеп әрбір сенімсіз талаптың
резерві жасалынуы бойынша ведомоста немесе машинограммада жасалынады. АҚ
"Шардара СЭС" –ті (су электр станциясы) сенімсіз талаптарды
инвентаризациялау осы шотқа жатқызылатын сомаларды тексеру негізіне
байланысты. Түгендеу қарыздарының рас екендігін дәлелдеу үшін өнеркәсіп
орындарының есеп шотынан олардың қарызы туралы анықтама беріледі. Осы
резерв бойынша қалдықтарға жыл соңында тек дебиторлық қарыздар сомасын
ендіруі керек.
Есеп бойынша өзара байланысты жақтардың дебиторлық қарыз есебі.
Бір-бірімен ерекше қатынастардағы нарық субъектілері "байланысты
жақтар" болып есептелінеді. Олардың біреуі өзгелерінің қаржылық немесе
шаруашалық шешімдер қабылдауында үлкен әсерін тигізіп және бақылай алады.
Өзара байланысты жақтар туралы ақпарат тарату тәртібі бухгалтерлік есептің
№ 10 "Байланысты жақтар туралы ақпарат тарату" стандартында берілген.
Өзге дебиторлық қарыз есебі
АҚ "Шарадара СЭС" (су электр станциясы) басқа дебиторлық қарыздарының
есебі:
- 1421 "Өтелінетін ҚҚС"
- 1250 "Жұмысшылар мен өзге тұлгалардың қарызы"
- 1280 "Басқа да дебиторлық қарыздар"
Тұтас алғанда ашылган ақпарат ерекшелігі мұнда "сатып алушылар мен
тапсырыс берушілер" бөлімінің шотында көрсетілмеген деректер беріледі.
Қосылған құн салығы
ҚҚС-н тұтас қарастыра отырып , бұл тауарлар мен қызметтердің барлық
түрлерін қамтитын универсалды салық екенін атап өту керек. Ол тауар
бағасына еніп, оны көтереді. ҚҚС негізгі салықтардың бірі болып табылады,
ол жалпы түсім болжамының 61% алады. ҚҚС салымы 14% болып табылады. Ол 2007
жылдың 1-қаңтарынан бастап төмендетілді. ҚҚС салымының төмендетілуі отандық
тауар өндірушілерге өз пайдаларының айналым құралдарын толықтыруға
мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің жалпы принциптерін "Бюджетке
төленетін салық және өзге де міндетті төлемдер туралы" Заң анықтайды. Ол
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізін құрайды және өзге төлемдер
мен төлеушілерді, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. ҚҚС есепке
алу тәртібі, негізі мен салықтың осы түріне байланысты міндеттер №37 "ҚҚС
төлеу мен бөлу тәртіптері туралы" нұсқаулықта көрсетілген.
ҚҚС төлеу объектісі болып айналым сомасы мен импорт сомасы табылады.
Айналым сомасы - тауарлардың таратылуы бойынша Қазақстан Республикасы
деңгейіндегі іске асырылатын жұмыстар мен қызметтер, сонымен қатар
Қазақстан Республикасы мүшесі болып саналатын халықаралық келісім
шарттардағы жағдайларда қарастырылған айналымдар. Еңбек ақыны төлеу
барысында берілетін тауарлар бағамына ҚҚС ендіріледі.
Салық төлеушілер болып өнеркәсіптік әрекеттермен шұғылданатын және ҚҚС
бойынша есепке тұратын заңды тұлғалар табылады.
Тауарлардың экспорты Қазақстан Республикасы мүшесі болып саналатын
халықаралық келісім шарт жағдайлары ендірілген нольдік салымы табылады.
Сонымен қатар арнайы шетелдік дипломатиялық өкілдердің тауарларын,
жұмыстарын, қызметтерін өткізу нольдік салымға жатады, оған қоса алтын мен
платинаның алғашқы саудасы қарастырылған. Салық кодексінде ҚҚС төлемінен
босатылатын айналымдар мен экспорттың нөлдік салымы қарастырылған. ҚҚС
бойынша есепке тұрған салық төлеуші ҚҚС жүктеген тауарларды түсіргені,
жұмыс немесе көрсеткен қызметтері үшін тауарды алған тұлғаға салық шот
фактурасын беруі керек .Салықтық шот фактура мемлекеттік салық комитеті
бекіткен формамен құрылады және келесі мәселелерді қамтылады:
1 Салық төлеушінің аты-жөні және тіркеу нөмері
2 Артылган тауарлардың қысқаша мінездемесі.
3 Салынған айналым көлемі.
4 Аталған айналым бойынша салық сомасы.
5 Салық шот фактурасының қойылған мерзімі.
6 Салық шот фактурасының реттік нөмері.
ҚҚС бойынша есепке алынбаған тұлға салықтық шот фактурасын ҚҚС жоқ
деген белгімен міндетті түрде алуы керек. ҚҚС босатылған тауарлар,
жұмыстар, қызметтердің шот фактураларына да осындай белгі қойылады. Салық
шот фактурасы тауарлар артылатын күні жазылып беріледі. Әрбір салық төлеуші
әр есептік кезең үшін ҚҚС бойынша декларация тапсыруға міндетті.
Декларация тапсырғаннан кейін әр бір есептік кезең үшін қойылған мерзімге
дейін немесе сол күні бюджетке салық төлеуі тиіс. ҚҚС бойынша декларация
әр бір есептік кезең үшін айдың 20-на дейін тапсырылуы керек. Онда есептік
кезең үшін ҚҚС бөлінуі туралы деректер беріледі, есепке байланысты ҚҚС
сомасы есептік кезең үшін ҚҚС бойынша есептесу қосымша кестелерде беріледі.
Шаруашылық тәжірибеде ҚҚС сомалары есепке байланысты есептік кезең үшін
белгіленген салық сомасынан асып кететін жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай
сомалар салық төлеушіге қайтарылып беріледі. ҚҚС-ның қайтарылуы төменгі
жағдайларда орындалады:
1. Салық ҚҚС нөлдік салым бойынша салық төлеушінің айналымдары
бойынша.
2. Бюджетке артық салық сомасы төленсе немесе қате бөлінген артық
сома болса, өзге жағдайларда ҚҚС сомаларының көтерілуі немесе ҚҚС-ы
бойынша есептеп алынады.
2001 жыл 1-шілдесінен бастап 62-статьясының 3 пунктінде көрсетілген
импортталган тауарлар бойынша 10% - тік ҚҚС алынып тасталынды. Қазіргі
заңда қосымша құн салыгы шаруашылық операцияларын жүргізу барысында күрделі
салық болып табылады. ҚҚС туралы салық төлеушілер өзгерістер болып тұрады.
Олардың көзқарасы бойынша Қазақстандагы ҚҚС айналымнан алынатын салыққа
айналған және өзінің экономикалық сипатына сәйкес келмейді, демек біздің
елімізде ҚҚС мағынасы жойылған. Оның себебі осы салық төлеуші объект болып
тауарлар, жұмыс және қызмет реализациясымен байланысты айналым болып отыр.
Бұл көзқарасты төмендегі себептер бойынша дұрыс емес деуге болады. Салық
Кодексіне байланысты ҚҚС тауарлардың өндірілу процесінде қосылған
бағалардан алынады және Қазақстан территорриясында импорт тауарлардың
бөлінуі түрінде алынуы тиіс. Осы негізге байланысты ҚҚС бюджетке төленетін
төлемге жатады, ол қосымша бағаның өткізілмеген тауарлар сомасы арасындағы
айырмашылық ретінде анықталады.
Бұл салық қосымша бағага салынған салық деп аталады, бірақ сонымен
бірге өткізілмеген өнім немесе көрсетілмеген қызмет бағасы көрсетіледі.
Тауарлардың бағасы еңбекке төлем жасау (шығын шығару) материалдық
шығындардан және өнеркәсіп қызығушылықтарынан қалыптастырады,
яғни рентабельділіктен байланысты.
Р= С+Ү+М
мұндағы Р-тауар бағасы.
С-материалдық шығындар (шикізат алу үшін материалдар, кешенді өнімдері,
қосалқы бөлшектер және басқа шыққан шығындар)
V- еңбекке төлем жасау шығыны (сонымен қатар еңбек ақы бөлу, басқару
аппараты бойынша шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы, несие
үшін пайыздар)
Т- рентабельдік немесе кәсіпкерлік қызығушылық
Осындағы Р+У+М-ҚҚС салымына жататын қосымша өнім.
Республикамыздың салық жүйесіне ҚҚС ендіруінің себебі бұл салық
мемлекеттік кірістердің шектен тыс қалыпты және тұрақты көзі болып
табылады. Шаруашылық операцияларын жүргізудегі салық болып табылады. Бұл
салық түрі көптеген мемлекеттерде босқа қолданылып жүрген жоқ. Ол Ресей мен
ТМД елдерінде ғана қолданылмайды. Мысалы, Швейцариядағы қарапайым ҚҚС
салымы 25 пайызды құрайды. Төмендетілген салым 12 пайыз, ол азық түліктер
мен туризм қызметтері бойынша - 10. Газет басылымдарына төмендетілген салым
бойынша 6 пайыз ҚҚС бойынша есептер ай сайын ҚҚС төлемін анықтайтын
құжаттармен тапсырылады.
Есептелінген пайыздар - бұл шот есептелінген пайыздар бойынша
дебиторлық қарыз туралы ақпаратты жинақтайды. АҚ "Шардара СЭС" –тің (су
электр станциясы) пайыздар негізгі құралдардың жалға берілуі бойынша
есептеледі.
Келісім-шартта жалгерлік төлем көрсетіледі – жалгерлік келісім-шарт
бойынша жалға алған мүлік үшін төлемді жалгерлік мерзімі өткенше төлейді.
Жалгерлік төлемі мен оның төлеу тәртібі келісім-шартында көрсетіледі. АҚ
Шардара СЭС (су электр станциясы) жалгерлік төлемге мүліктің бағаланған
амортизациялық төлемді ендіріледі, сонымен қатар жерді жалға беру, өзгеде
табиғи ресурстарды жалға беру мерзімінің аяқталуына байланысты жөндеу
құралдары, сонымен қатар жалға беру пайызы жалға берушінің кірісіне
жатқызылады. Жалгерлік пайыз -бұл жалға берілетін мүлік бағасының
жалгерлік келісімінде берілген акша сомасы. Экономикалық табиғатта ол
банктік несиені қолданғаны үшін пайызга жатады.
Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы арендалық төлем бойынша
есептесулер минималдық жалгерлік төлемнің негізделуі керек те, оны жалға
алушы жалгерлік мерзімі барысында іске асыруға міндетті, сонымен қатар
жалға алушы жағынан кез -келген соманы , жалга беруші жағынан кез-келген
қалдық сомасын.
Жалгерлік барысында қарастырылған пайыздық салым -дисконт салымы. Ол
минималды жалгерлік төлемді және жалгерлік барысындағы кепілдіктегі қалдық
бағаны жалға алынған активтің ағымды бағасы бойынша анықтау үшін мүліктің
дисконтталған бағасын анықтайды.

Тарау ІІ. Дебиторлық қарыздардың аудиті

2.1 Дебиторлық қарыздарды түгендеу

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің сипаттамасы, соның қатарында
транзитты экономика, аудиторлық қызметтің дамуы болды.
Қазіргі күнде рынокты экономикамен өмір сүріп, бірақ өзінің құқықты
негізі мен ұйымдық инфрақұрылысымен қалыптасқан қоғам институты жоқ елді
атау біз үшін қиынга түседі.
Себебі аудит - тәуелсіз экспертиза және қаржы есебінің талдауы, және
басқа шаруашылық субъектің экономикалық ақпараты, ішкі бақылау
жағдайларының тексерілімі мен шығарылган заң қозғалысымен байланысты
бухгалтер есебінің кірісі, сонымен қатар әр түрлі сүрақ бойынша аудиторлық
көмек көрсету, экономикалық ақпараттың дурыстығы мен кеңес беруі және
кәсіпорын өзгерген жағдайда басқа көмек шағында аудит ролі тез өсіп
кетеді.
Аудитте, яғни оның әр түрлі шаруашылық жүмыстарында дүрыстық, зандық
және олар көрсетілген қүжат негіздерінде қарастырылған мақсаттама
тексеріледі.
Дебиторлық қарыз тексерілімінде аудиторлар алдында тұрған негізгі
мәселелер мыналар:
Кәсіпорын балансында қарастырылатын дебитор қарыздар салаларының заң
негіздері мен нақты тексерілімі;
Есеп және қаржы бақылау, тексерілімі.
Материалды құндылықтардың тиеп қойылуы мен олардың толық көшірілімі
үшін алынған салалардың дұрыстық тексерілімі; өз уақытта жасалғаны
туралы тексеру, дайындықтың дұрыстығын тексеру, дебиторларға талап
қою, сонымен қатар осы жұмыстардың қозғалыстар үшін бақылау ұйымдары
есептелген қарым - қатынастардан келіп шыққан зиян келтірген және басқа
қарыздар үшін соманы өндіріп алу, ұйым тәртібін тексеру;
дебиторлық қарыздардың төмендеуі, есептің тәртіпке салынуы бойынша
кепілдеме өндеуі.
Дебиторлық қарыздарды талдауға кіріскен кезде аудитор мына кестеде
көрсетілген мазмұнға ұқсап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ «Шардара СЭС» (су электр станциясы) мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың есебі мен аудитінің мәселелерін зерттеу
Дебиторлық қарыз
Дебиторлық қарызды талдау
Дебиторлық қарыздың жағдайын талдау
Дебиторлық берешектердің аудиті
Алынуға тиісті борыштар шоты
«ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника - экономикалық сипаттамасы
«Казойлсервис» ЖШС-нің қаржылық есебі
Қысқамерзімді активтердің аудиті
Дебиторлық борыштардың есебі туралы
Пәндер