Квалиаметрия пәнінен дәрістер кешені



Лекция.1. ЖОО.дағы квалиметрияның негізгі сипаттамасы
Лекция.2. Квалиметрия . білім беру процесінің сапасын басқару жүйесіндегі өзін.өзі бағалау және сақтау.
Лекция.3. Студенттердің оқу қызметінің сапасын бағалау дың рейтингтік жүйесі.
Лекция .4. Педагогикалық іс.әрекеттердің түрлері мен материалдары.
Лекция.5. Тестік бақылау әдісі.
Лекция.6. Тест ұғымы
Лекция . 7. Тестердің мазмұндық және фукцияналдық қызметі.
Пән туралы қысқаша сипаттама. Оқу қызметіндегі квалиаметрия пәніжоғары оқу орынынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін, дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту, қазіргі натуралдық философияның әдіснамасы базасында қарастырылады. Курстың мақсаты дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту, білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін қазіргі натуралдық философияның әдіснамасы базасында докторанттарға меңгерту болып табылады. Бұл үшін докторанттарға білім беру процесінің әр түрлі варианттарын талдап көрсету, оның нәтижелі болуын диагностика жасаушының көзқарасымен оқу процесін ұйымдастыруға көз жеткізу, сонымен қатар, білім кеңістігін квалиметриялық құрылымдау субъектісін өзгертуге ықпал жасау, педагогикалық тестілеудің нәтиже деңгейлерін өлшеудің формаларымен әдістерімен таныстыру көзделеді. Білім алушылардың ой қызметін өлшеу мүмкіндіктерімен таныстыру. ЖОО ОПҚ қызметінің сапасын өлшеудің квалиметриялық бірліктерімен таныстыруымен сипатталады.
Пәннің мақсаты: дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту, білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін қазіргі натуралдық философияның әдіснамасы базасында докторанттарға меңгерту.
Пәннің міндеті:
- білім беру процесінің әр түрлі варианттарын талдап көрсету;
- оның нәтижелі болуын диагностика жасаушының көзқарасымен оқу процесін ұйымдастыруға көз жеткізу;
- білім кеңістігін квалиметриялық құрылымдау субъектісін өзгертуге ықпал жасау;
- педагогикалық тестілеудің нәтиже деңгейлерін өлшеудің формаларымен әдістерімен таныстыру;
- білім алушылардың ой қызметін өлшеу мүмкіндіктерімен таныстыру;
- ЖОО ОПҚ қызметінің сапасын өлшеудің квалиметриялық бірліктерімен таныстыру.
1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. - Алматы,1991.
2. Педагогикалық ізденіс. - Алматы, 1990. 8-58; 58-100,147,
3. 215-бет.
4. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы. Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.
5. 6. Р.Б.Нұртазина. Занимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963, 1973 (толықтырылған).
6. 7. Р.Б.Нұртазина. Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. Научных трудов, - М. 1980.
7. 8. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999. -160 с.
8. 9. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие, — Алматы: Алем, 2000. - 206 с.
9. 10. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования. монографня. - Алматы: Издательство Алем, 2002.-316c.
10. 11.Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образова-ния (в соавторстве: Н.Б.Чекалева) / Монография. Омск: ОмГПУ,2002.-89 с.
11. 12. Фарбер Д.Х. Жизнь - в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.
12.
13. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. 1994 – 280 бет.
14. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп. 1982. 133-150б.
15. Основы дошкольной педагогики / Под ред.А.Запорожца, Т.А.Маркова. – М., Педагогика. 1980. 96-110 стр.
16. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика. Алматы. Рауан. 1992.
17. Балбөбек бағдарламасы – Алматы – Шартарап. 2000.
18. Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Прогресс, 19878, - 240 стр.

19. Маркова Т.А. Воспитание трудолюбие у дошкольников. М., Просвещение, 1991.
20. Бондаренко А.К. Дидактичесуие игры в детском саду. М., 1990

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама. Оқу қызметіндегі квалиаметрия пәніжоғары
оқу орынынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру квалиметриясының
теориялық негіздерін, дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту,
қазіргі натуралдық философияның әдіснамасы базасында қарастырылады. Курстың
мақсаты дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту, білім беру
квалиметриясының теориялық негіздерін қазіргі натуралдық философияның
әдіснамасы базасында докторанттарға меңгерту болып табылады. Бұл үшін
докторанттарға білім беру процесінің әр түрлі варианттарын талдап көрсету,
оның нәтижелі болуын диагностика жасаушының көзқарасымен оқу процесін
ұйымдастыруға көз жеткізу, сонымен қатар, білім кеңістігін квалиметриялық
құрылымдау субъектісін өзгертуге ықпал жасау, педагогикалық тестілеудің
нәтиже деңгейлерін өлшеудің формаларымен әдістерімен таныстыру көзделеді.
Білім алушылардың ой қызметін өлшеу мүмкіндіктерімен таныстыру. ЖОО ОПҚ
қызметінің сапасын өлшеудің квалиметриялық бірліктерімен таныстыруымен
сипатталады.
Пәннің мақсаты: дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту,
білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін қазіргі натуралдық
философияның әдіснамасы базасында докторанттарға меңгерту.
Пәннің міндеті:
- білім беру процесінің әр түрлі варианттарын талдап көрсету;
- оның нәтижелі болуын диагностика жасаушының көзқарасымен оқу
процесін ұйымдастыруға көз жеткізу;
- білім кеңістігін квалиметриялық құрылымдау субъектісін өзгертуге
ықпал жасау;
- педагогикалық тестілеудің нәтиже деңгейлерін өлшеудің формаларымен
әдістерімен таныстыру;
- білім алушылардың ой қызметін өлшеу мүмкіндіктерімен таныстыру;
- ЖОО ОПҚ қызметінің сапасын өлшеудің квалиметриялық бірліктерімен
таныстыру.

Дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін оқыту, білім беру
квалиметриясының теориялық негіздерін қазіргі натуралдық философияның
әдіснамасы базасында докторанттарға меңгерту болып табылады. Бұл үшін
докторанттарға білім беру процесінің әр түрлі варианттарын талдап көрсетіп,
оның нәтижелі болуын диагностика жасаушының көзқарасымен оқу процесін
ұйымдастыруға көз жеткізу міндеті, сонымен қатар, білім кеңістігін
квалиметриялық құрылымдау субъектісін өзгертуге ықпал жасау, педагогикалық
тестілеудің нәтиже деңгейлерін өлшеудің формаларымен әдістерімен таныстыру.
Білім алушылардың ой қызметін өлшеу мүмкіндіктерімен таныстыру қамтылған.

Лекция-1.ЖОО-дағы квалиметрияның негізгі сипаттамасы.
Жоспар
1. Сапаны бағалау нысаны.
2. Білім беру қызметінің өмірлік циклы.
3. Басқару жүйесінің ұтымдылығын қамтамасыз ету.
4. Сапаны көтеру мен дамыту мақсатын анықтау

Болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілер сабақта педагог еңбегіне кажетті
арнаулы білім, іскерлік жэне дағдыны менгереді. Бұларды игерту оқу
үрдісінін басты міндеті. Мұғалім осы міндепі іске асыру барысында
оқушылардын. танымдық әрекетін, жаңа білімді белсенді қабылдап, жақсы
істеліуін қамтамасыз ету үшін сабақтың әр кезеңінде оқытудын сан түрлі
әдістерін пайдаланады.

Сабақтын жаңа білімлі хабарлау кезеңінде лекция, баяндау, әңгімелеу,
эвристикалык әңгіме, экскурсия, бақылау, эксмеримент, көрнекілік,
тәжірибелік және педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді оқу сиякты т.б.
әдістерді қолданады. Мұғалім жаңа такырыпты өту, оқыту әдістерін тавдап,
жоспар жасағанда: жаңа жадығаттьщ мазмұнынын. ерекшелігін, оны кабыдцауға
оқушылардын даярлығын, баланың ойьг мен есін дамытудағы ыкпалын ескереді.
Мұғалім жаңа білімді хабарлаудан бұрын оқушыларға сабақтың танымдық
міндеттерін айтып, тәжірибелік мәнін ашады. Оқушыларды дербес ойлауға,
өздігінен қорытынды жасауға бағыттайды. Білімді саналы түсініп қабылдау
үшін жаңа такырыпты оқушылардың өздеріне талдату, оны пайдалануға
жаттықтыру. әңгіме, сұрақ-жауап, сонымен қатар білімін тексеру және бағалау
әдістерін де қолданады.
Берілетін жадығаттын. ғылымилығы, мұғалімнің терең білімі мен
шешендігі, логикасынын, нақтылығы, сөзінің жаңаылығы мен эмоцияналдығы,
дауыс ырғағы мен сеншділігі оқушыпіардың жаңа білімді дұрыс қабылдауын
қамтамасыз етеді. Жаңа такырпптын, өткенмен, өзге пәндермен байланыстылығы
есксріліл, білім мазмұнында тәжірибеден, өмірден мысалдардың келтірілуі,
көркем шығармалар мен педагогикалық туындшіардан үзінділердің болуы
такырыпты қызықты, тартымды, түсінікті етеді. Сабақ үстінде қойылатын
проблемалық, риторикалык сұрақтар оқушылардың ой белсенділігін тудырып,
жауап беруге тартады.
.Сабақта мұғалім жеке оқушылардьщ және бүкіл кластын жұмысына көңіл
бөледі, олардың дара ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескереді. Сонымен
бірге оқушылардың жазу дәптерлеріне де ұқыпты қарап, оған қызықты мысалдар
мен мәліметгерді, терминдер мен түсініксіз сөздерді сауатты жазып отыруын
кадағалайды.
Жаңа жадығатты бекіту. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың оқу жадығатын
берік есінде сактап, саналы түсінуін ойластырады. Өйткені ол - сабақтың
мәнді бір буыны. Сол сабақтың үстінде жаңа жадығатты қайталау - алғашкы
бекіту деп аталады. Жаңа білімді түсіндіру, хабарлау, әшімелесу әдісімен
жүргізілсе, онда арнайы бекіту жүргізілмейді, арнайы уакыт бөлінбейді.
Әдетте, жаңа жадығатты бекіту кезеңіне - 8-10 минут уакыт бөлінеді.
Сабақты бекіту барысында бір-екі логикалык есеп
шығарту, сабақ конспектісін талкылау, сюжетгі - рольді ойынды талдау сиякты
жұмыстар жүргізу пайдаланылады. Өйткені бұндай жұмыстар жаңа білімді
қолдануды қажет етеді.
Кейде мұғалім бекіту жұмысын лекцияның жоспарын жасатау, әңгіме
қүрастыру, сөзтізбек жасату түрінде де өткізеді. Немесе сабақтын. соңында
кинофильмнен үзінді көрсетіп, оны түсіндіріл айтып отыруды оқушыға
тапсырады, көріп, тьшдап болған сон, бәрі талдап, бекітеді:
Бұндай тапсырмалар оқушыдан жаңа білімін пайдалануды қажет етеді, ал
мұғалім оқушынын ой саптауын, жаңа білімді қолдануын бағалайды.
Сабақтын, бекіту тәсілінін әр түрлілігі оқыту процесін қызықты, тиімді
етеді және оқушылардык үй тапсырмасын орындауына үлгі болады.
Окүшылардын білімнін тексеру және бағалау олардың күнделікті жүйелі
бпіім алуына, оны толыктырып отыруына мүмкіндік тудыратын оқу процесінін
қажетті Болашақ мұғалімдер үшін қиын міндеттердін. бірі - оқушылардың
білімін тексеру мен бағалау әдістерін игеру.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың мақсаты -оқытудың жоғары
сапалылығын анықтауды қамтамасыз ету. Білім тексеру мен бағалау үш түрлі
қызмет аткарады: бақылаушылык, білімдік және тәрбиелік.
1. Білімді тексеру мен бағалаудын бақылаушылық қызметі - оқушылардың жеке
оқушының және класс ұжымның білім, іскерлік, дағдысының
қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын бақылау, сараптау.
2. Білімді тексеру мен бағалаудын. білімдік қызметі – оқушылар класта
игерген материалын қайталайды, жаттығады, бір-бірінін жауаптарын
есту аркылы олар жаңа мәліметтерді меңгереді, сабақка белсенді
араласады, сөйтіп білімін, іскерлігі мен дағдысын саналы бекіте
түседі, есінде ұзақ
сактауға мүмкіндік алады.
3. Білімді тексеру мен бағалаудың тәрбиелік қызметі -
оқушыларды тәртіптілікке, реттілікке, жауапкершілікке, жүйелілікке
баулиды, зейінін, ерік - қайратын меңгере білуге дағдыландырады.
Білімді тексеру мен бағалау жүйелі, дұрыс ұйымдастырылса, оқушыларды
үнемі дайындалуға, ізденуге ынталандырады, өзін-өзі тежеуге, сынауға, өз
қабілетін байқауға, менмендігінен арылуға, кемшілігін сезіп, жетістігіне
куануға, сенуге үйретеді.
Педагогикалық қолледжілерде оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
күнделікті жүргізіледі. Тексеру - білімді үздіксіз бақылаудын бір түрі
және арнаулы пәндерді оқытуды жетілдірудің әдісі. Орта арнаулы оқу
орындарында білімді тексеру жеке-дара және топпен жүргізіледі.
Білімді тексерудін, қалыптасқан түрлері:
1. Алдын ала тексеру.
2. Күнделікті тексеру.
3. Тақырыптык тексеру.
4. Мерзімді тексеру.
5. Қорытынды тексеру.
1. Оқушылардын білімін алдын-ала тексеріп, есеике алуда мұғалім
оның жалпы даярлығын, пән туралы түсінігін, нақты такырып
туралы білімін байқады. Жаңа білімді хабарлауда (жушынын. бар
біліміне сүйенеді.
2. Күнделікті білімін тексеру әр сабақта іске асады Жаппай
және жеке тексеру. Бұл оқушының ерік - қайратын, шыдамдылығын
дамығын, жауапкершілііске үйретеді, оқу материалын ұмыттырмайды.
Ақыл-ой әрекетінің тиімді тәсілдерін игертеді.
3. Тақырыптық тексеру оқушылар күнделікті білімін бекітіп, бір жүйеге
келтіріп, тақырыптың бір-бірімен өзара байланыстарын
белгілеуге мүмкіндік тудырады.
4. Мерзімді тексеру пәннін. үлкен тарауын қайталауға
мүмкіндік береді. Ол бақылау жұмысын жазу, шығарма, мазмұндама,
диктант жазу түрінде өткізіледі.
5. Қорытынды тексеру жиі аяғында барлық өткен
жадығаттарды қайталау түрінде ұйымдастырылады. Бұған семестрлік,
жылдық есеп берулер, мемлекеттік емтихандар да енеді. Түгел курс
бойынша бағдарламаны,
қосымша әдебиеттерді калай игергенін, теориялық білімді ирактикалык
есеитерді шығаруда қолдана ала ма, жоқ па, соны байқатады.
Оқушылардың күнделікті және қорытынды білімдері тексеріледі.
Күнделікті білімін тексеру сабақтың ұйымдасгыру кезеңінек кейін, немесе
жаңа білімді түсіндірумен қатар жүргізіледі. Мұғалім күні бұрын жосііар
жасайды, білімін тексеретін оқушыны белгілейді, тексерудің жолдарын,
түрлерін нақтылайды. Өйткені материалды дұрыс игергенін тексере отырыи,
оқушының білімін терендету, кеңейту, дәлелдеу мақсатын да қояды. Білімді
тексеруде мұғалімнің сұрақ коюынын да үлкен мәні бар қосымша сұрақ.,
жетекші сұрақ. - нақты, дәл болуы жөн. Оқушылардың жас ерекшелікгері де
ескеріледі. Мысалы: 1-курстың оқушылары талдау, жинақтау, салыстырудан гөрі
фактілерді санап айтып беруге ыңғайлы. Сондықтан оларға фактілерді,
кұбылыстарды салыстыруды көбірек беру керек. Мысалы: нәрестелер мен
бөбектердің дамуындағы ерекшеліктері салыстыру, ересек, естиярлар
тоитарының бағдарламасын салыстыру, әр топтағы балалардын күн тәртібінің
айырмашылығын салыстыру т.б.
Бөбектер мен сәбилердің ойын сабақтарының түрлерін, олардың тыңдайтын
музыкалық шығармаларын немесе еңбектерінің түрлерін салыстыру т.б. Мұғалім
түгел класты тартады, оқушылар бір-бірінін жауаптарын толыктырады,
талдайды, талкылайды, жауапты мысалдармен бекітеді. Бәрі бірігіп
педагогикалық,-психологиялык есентерді шешеді. Жауаптарын талкылау,
оқушының біліміне қойылған бағанын дұрыстығын дәлелдейді, оқушы біліміне
қойылатын талаптың дұрыстығына көздерін жеткізеді.
Оқушылардың мектепке дейінгі педагогика мен балалар психологиясынан
алған білімін, игерген дағды мен іскерлігін жүйелі тексеру, сұрау, бақылау,
бағалау, оларды оқуға талпындырып, ынталандыру үшін қажет. Ол ауызша,
жазбаша, аралас сұрақ түрінде сабақтың әр түрлі кезеңдерінде өткізеді.
Оқушышардың білімін, дағдысын, іскерлігін тексеріп, бағалан, есепке алу -
көп қырлы үрдіс, сондықтан да ол әр түрлі ауызша, жазбаша, сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығулар, педагогик ситуациялар тудьгру, педагогикалық
есеитер шығарту арқылы іске асырылады. Оқушының білімін бағалау жеке
ерекшелігін, білім мазмұнын, жауабынын шығармашылык сипатын ескеріп, әділ
өтуге тиіс.
Ауызша сұрау - білімді тексерудің кең тараған және қиын түрі. Ол
оқушынын күнделікті дайындығына, кабілеттілігіне байланысты кейде тез,
кейде созылынкы өтеді. Ауызша сұраудың жеке сұрау, жаниай жауаи алу,
тығыздатылған сұрау сиякты түрлері бар.
1. Жеке сұрауда кімнен сұрау, қанша оқушыдан сұрау, нені сұрау?
Сұраудың мерзімі қандай? Басқа оқушылар не істейді? -деген мәселені
ойластыру керек.
Жеке сұрауда мұғалім оқушыға баға кою үшін оқушының шығармашылық
жауабын - өздігінен түсіндіруін, пайымдауын, ой сантауын, мысалдар келтіріп
дәлелдеуін, талдай, жинақтай білуін, педагогикалық есеитерді шығаруын,
жалпылай, қорытындылай білуін талап етеді.
Жеке сұрауда күшті оқушыны қиын такырыпты талқылауға шақырса, әлсіз
оқушыны оңай тақырыпты талдап түсінуге шақырса тиімді болады. Өйткені әлсіз
оқушылар бірте-бірте қиын тақырыпты талдауға араласады.
Оқушының көп, аз сұралуы сабақтың ұйымдастыру қалпына, қойылған
сұрақтарға, оқушының біліміне, белсенділігіне байланысты.
Тәжірибелі мұғалім әр оқушының жеке байланысты сұрақты
оңайлатады, қиындатады. оқушы "5"-ті қиыншылыкпен алады, Екіншісі
жауаппен алады ойшылдығын, тапқырлығын, парасатын,
білгірлігін көрсетеді.
Жеке сұрау оқушыны қойылған сұрақка дұрыс шығармашылык
кабілетін қолданып жаттықтырады. Дегенмен жеке сұрау
көпшілігін тындаушы ғана болып отыруын, ғана белсенді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
2. Жаппай сұрауда көптеген оқушылар тартылады. Жаппай ауызша
сұрау сөзсіз есте сакталатын такырыптарға өткізіледі. Әрі жеке оқушы, әрі
көпшілік оқушылар сұралады.
Бүнда оқушылардың көпшілігі белсенді араласады. Әйтсе де мүғалімнің
оқушы білімін бағалауы әділ бола бермейді, салыстырмалы түрде ғана
бағаланады.
3. Тығыздатылған сұрау - бір мезгілде бірнеше оқушы
сұрақка шақырылады. Біреуі ауызша жауап беріп жатқанда, екіншісі
жазбаша жұмыстарды орындайды, үшіншісі карточкамен,
төртіншісі оқулықпенжұмыс істейді, бесіншісі тәжірибе жасайды. Бұл әдіс
кең таралуда. Қиыншылығы: 1тапсырманың оңайлығы, қиындығы әр
баланың жеке ерекшелігіне байланысты болуы керек. Өйтпеген күнде
уакыт көп кетеді; 2 тәрбиелік жағынан кемшілік тудырады;
Оқушылардың бір-біріне "Кеңес беруі", "Сыбырлауы", жалпы класта шу тудырып,
оқушылардын. көңілін аландатады.
Үйге берген жазбаша тапсырманы тексеру әрі окытады, әрі тәрбиелейді,
әрі жадығатты қайталайды. Кейде ауызша тексерудін. өзі де жеткілікті. Оның
есесіне тапсырманы басқа жолмен орындағандарды тексеру тиімді.
Жазбаша бақылау жұмыстары - тиімді тексеру түріне жатады. Ерекшелігі
ауызша сұрағанда оқушылар дұрыс жауап бере алмай калуы мүмкін, ал жазбаша
бақылау жұмысын орындау кезінде ойлануға уакыт жеткілікті, сондықтан жақсы
жазуы анық, бақылауға көптеген оқушылар камтылады. Педагогика, психология
және жеке әдістемелерден өткізуге болады. Белгілі бір такырып аякталғанда
өткізіледі. Бақылау жыл аяғына дейін бағдарламаға сай бірнеше жәйтте жоспар
бойынша 3-4 рет жүргізіледі. Бұл оқушылардың әр кайсысынын. сабақка
дайындығын тексеріп анықтауға шығармашылық кабілетін көрсетіп, оцът кағазға
толык түсіруте мүмкіндік тудырады.
Педагогикалық диктант. Бұл жазбаша сұрау оқушылардың негізгі
педагогикалық, психологиялык түсініктерді, кілт сөздерді - оқыту,
тәрбиелеу, білім беру, оқыту принциптері, тәрбие принциптері, тәрбие
бағьптары, психикалык процестер, оқыту әдістері, құралдары т.б. дұрыс
анықтауына мүмкіндік жасайды.
Тақтада орындалатын жазбаша сұрау жұмысы. Бұл оқушыға сұрақка жауап
беруді тақтада жоспарлауға, яегізгілерін саралап бөліп алуға, жазғанын окып
талдауға үйретеді.
Альбом жасау және ою. безендіру жазбша тапсырмасы. Өтілген
такырыптарға байланысты балалардың жас ерекшелігне сай өлең, такпак,
жаңылтпаш, жұмбак т.б. жинақтап, оны мазмұныа байланысты суреттермен
безендіру. Практикалық тапсырманың мұндай түрлерін орындау оқушылардың
өткен тақырыпты окып, үйренуіне, саналы қарап, дұрыс түсінуіне, теориялық
мәселелерді тәжірибе жүзінде орындауына дағдыландырады. Мысалы:
"Қазақтың халык. әндері", "Ер қанаты - ат", "Қазақ халкының батырлары",
"Ы.Алтынсарин - педагог", "Төрт түліктің бірі -тұйе", т.б. осы сиякты
такырыптарға жадығаттар суреттер, иллюстрациялар, диафильмдер, әдеби
текстер жинақтау сиякты тапсырмаларды іске асырады. Бұлар оқушылардың
болашақ мамандығына керекті иедагогикалык қор жинақталуларына мүмкіндік
тудырады және балабақшада өтетін педагогикалық тәжірибеге даярлайды.
Оқушылар жазбаша орындаған практикалык тапсырмаларын мұғалімге
көрсетіп, ауызша дәләддеп, айтып түсіндіреді. Мұғалім оқушының педагогикал
ен психология пәнінің теориялық, практикалык жағын қаншалықты меңгергенін
байқауға мүмкіндік алады, оқушы еңбегін әділ бағалайды.
Есеп-бақылау сабағынын өздігінен жұмыс кезеңінде әр түрлі жәйітте
жазбаша бақылау, карточка бойынша жұмыс немесе аралас түрі ауызша,
жазбаша, сұрак, немесе практикалык тапсырмалар беріледі. Бұндай
тапсырмалар жеке оқушының және бүкіл тонтың білімін бір мезгілде тексеруге
жағдай жасайды.
Қайталау-жинақтау сабағынын негізгі кезеңін кейде "Көңілді, тапқырлар
жарысы" түрінде топты екі топшага бөліп өткізуге де болады. Бұнда сыныптағы
оқушылар түгел белсенді араласады. Оқушылар материалды қайталап айтуга,
білімін жаңғыртып сөйлеуге, тез жинақтап, ой-қорытындысын жасауға
жаттығады.
Бiлiм берудiң мазмұны оқу жоспарларында, оқу бағдарламаларында, оқулықтарда
белгiленедi және нақтыланады.

Ал, оқу жоспары: 1 оқытылуға тиiстi пәндердiң тiзiмiн белгiлейтiн;
2 әр оқу жылдары сыныптар бойынша осы оқу пәндерiнiң өту тәртiбiн және
ретiн анықтайтын; 3 әр жетiде әр пәнге бөлiнетiн сағаттардың сабақтардың
мөлшерi көрсетiлген мемлекеттiк құжат.
Оқу бағдарламалары. Оқу бағдарламасы оқу пәндерi бойынша бiлiмдердiң,
бiлiктер - iскерлiктердiң және дағдылардың көлемiн, практикалық және
лабораториялық сабақтардың өтiлу реттерiн және олардың сыныптар бойынша
жылдарға бөлiнуiн, пәндердiң мазмұнын анықтайтын мемлекеттiк құжат.
Бағдарламалар пәндер бойынша құрылады. Олар шығармашылықпен орындалуға
тиiс.
Мектептiк пәндердi оқытуда өздерiне арналып түзiлген оқу
бағдарламаларын басшылыққа алады. Оқу бағдарламалары оқу пәндерi бойынша
бiлiмдердiң, ептiлiктердiң (бiлiктердiң) және дағдылардың көлемiн,
практикалық және лабораториялық сабақтардың өтiлуi реттерiн, олардың
сыныптар бойынша жылдарға бөлiнуiн, пәндердiң мазмұнын анықтайтын
мемлекеттiк құжат. Бағдарламалар пәндер бойынша түзiледi және оқу пәнiнiң
мазмұны болып табылады.
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мынадай негiзгi мiндеттердi шешуi
керек:
қоғамдық құбылыстар мен табиғат ортаны танып бiлудiң ғылыми - методологиясы
негiзiнде дүниеге диалектикалық-материалистiк көзқарасы қалыптасқан, өз
мүддесi мен қоғамдық мүделерді ұштастыра бiлетiн, зиялы, адамгершiлiгi мол,
денсаулығы мықты жеткiншектi тәрбиелеу;
жеке тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеп дамуына, бiлiмiн арттырып жетiлуiне
көмектесу, сондай-ақ оқытудың сан алуан тиiмдi формалары мен әдiстерiн
барынша кең қолдану арқылы әрбiр оқушының бойына үнемi оқып-үйренсем деген
iзденiмпаздық қасиет дарыту, оларға бiлiмiн өздiгiнше толықтырып, тереңдету
тәсiлдерiн үйрету;
оқушылардың адам, табиғат, қоғам туралы ең қажеттi жалпы бiлiммен
қаруландыру, бiлiм беруде политехникалық және қолданбалы бағытты күшейту
және т.б
Бiлiм беру мазмұны оқу жоспарларында, оқу бағдарламаларында,
оқулықтарда белгiленiп және нақтыланатын болса, олардың бiреуiндегi
өзгерiс, бiлiм беру мазмұнындағы өзiнi кјлемiн сақтап қалу үшiн басқа
құраушыларының мазмұнын жетiлдiрудi талап ететiнi белгiлi.
Сонымен қатар, бағдарламада жұмыс тәсiлдерiн механикаландыру туралы
түсiнiктер, пәнаралық және пәнiшiлiк байланыстар, демонстрацияланатын
объектiлер, кәсiптiк бағдарлауға байланысты мағлұматтарды беру сипатындағы
жұмысшы мамандықтарының кейбiр түрлерi реттiлiкпен келтiрiлуi оқушылардың
политехникалық дайындығын дұрыс жолға қояды, яғни оқыту процесiнде белгiлi
нұсқаулар жасайды.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бiлiм мазмұны тұжырымдамасында
“жалпы бiлiм беретiн мектептiк пәндердiң құрылымы үш негiзгi пәндер
циклынан:
1. Жаратылыстану-ғылыми бiлiмдер негiздерiнен;
1. Гуманитарлық бiлiм негiздерiнен;
2. Адам iс-әрекетiнiң белгiлi түрiне арналған пәндер кешенiнен”тұратынын
көрсетедi Қазақстан мұғалімі, 1993, 9 .
Бақылау сұрақтары:
1.Адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге білім мазмүнының алатын рөлі.
2.Жалпы, политехникалык және кәсіптік білім туралы түсінік.
3. Білім беру мазмүнын анықтайтын негізгі құжаттар.
СҰРАУЛАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Педқолледжі мұғалімдерінік сабақтарын бақылау.
2. Үй тапсырмасы сабақтың кай кезеңінде беріледі?
3. Үй таисырмасын түсіндірудің жоадары?
4. Үй тапсырмасының орындалу мерзімі?
5. Қыска мерзімді, ұзак, мерзімді дербес тапсырмалар?
6. Оқушылардын. дербес ғылыми-әдістемелік жұмыстары?

Лекция-2. Квалиметрия - білім беру процесінің сапасын басқару жүйесіндегі
өзін-өзі бағалау және сақтау.
Жоспары:

1. Жоғарғы мектептегі сапаны бағалау проблема ретінде.
2. Шет елдердегі университеттегі оқытушы профессорлар құрамынының
қызметін бағалау практикасы.
3. ЖОО-дағы оқытушылар қызметін бағалау жүйесін құру тәжірбиесі (оқытушы
қызметінің сапасы ұғымының мазмұны).
4. Оқытушы қызметінің қызметін бағалау жүйесі зерттеу пәні және жобалау
нысаны ретінде. ОПҚ қызметінің сапасын бағалау жүйесін тәжірбиеге
ендіру және жобалау субъектісі .

Лекция мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру.
Педагогиканың басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету,
методологиялық негізін анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен
байланысын дәлелдеу.
Негізгі ұғымдар: Педагогика, жеке адамның дамуы. Тәрбиелеу, білім алу,
оқыту. Педагогикадағы пәнаралық байланыс. Педагогиканың метологиялық
негіздері. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.

Пәнаралық байланыс: Тарих, этнопедагогика, жалпы психология т.б.
Лекцияда пайдаланылатын көрнекі құралдар: Педагогика ғылымының салалары
және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсететін №1 кесте.

Педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттердің күрделілігі біздің
қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан қайта құру процесінен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесіндегі жаңаша ойлау, халықтың
рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз
білім берудің біріңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты
шешіледі.
Педагогика ғылымы алдындағы басты міндеттердің бірі – үздіксіз білім
берудің біріңғай жүйесін жасау.
Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие
процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интелектуалдандыру,
индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін
ашу.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің рөлі мен жеке адамның қалыптасуы туралы
теориялық мәселелерді анықтау педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы политехникалық және
кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін
оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.
Сондай-ақ маңызды міндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік
орнын және оқу-тәрбие процесіндегі ұстаздық рөлі мен маңызын көрсету және
еліміздегі үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен
білім алудың ғылыми практикалық негізін айқындау жатады.
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету
және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
Педагогика термині гректің екі сөзінен : пайс-балара және егейн-
баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен
энциклопедиялық сөздіктерінде педагогика ғылымына берген әртүрлі
анықтамаларды кездестіреміз. Ең көп кездесетіні: педагогика тәрбие туралы
ғылым деген анықтамалар. Ал педагогика пәніне берілген анықтамалар да
әртүрлі. Педагогика пәні адамды адам етіп тәрбиелейді, педагогика пәні –
тәрбиелік іс-әрекет, педагогика пәні- арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік
сала.
Ең негізгісі педагогика тәрбие туралы ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән
зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда болмыс,
материя, қозғалыс, саяси экономикада – қоғамның өндіргіш күштері мен
өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту
ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру
процесі болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие
орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың
рухани дене күштерін дамыту; ә) ғылыми материалистік дүниетануды
қалыптастыру; б) қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына
қатысуға дайындығы болу міндетін қамтиды.Тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа
қоғамдық тәжірибені беру процесі.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік
пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын,
адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен
қабілетін дамыту.
Оқыту – оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның
білім алуы жүзеге асырылады.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың
дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: тәрбие, білім беру, оқыту
ұғымдарымен қатар өздігінен білім алу ұғымын да аламыз.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет
көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның мақсатқа бағытталған арнайы
міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге
байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио
телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.
Сонымен бірге адамның жетілуі, дамуы, өзін-өзі тәрбиелеу
ұғымдарымен бүгінгі педагогика өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін
толықтырады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы басқаратын, басқармайтын
факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке
адамның дамуына, жетілуіне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту
шешуші роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі
тәрбиелеу – адамның сапалы түрде белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына
қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негізгі ұғымдардан басқа көптеген түсініктер мен
тұжырымдар бар. Мәселен, білім, іскерлік, дағды, әдіс, тәсіл, құралдар,
жұмыс формалары, қағида т.б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада – бұл мақсат көзделінген процесс,
қоғамның арнайы бөлінген адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілерінің
басқаруы мен жүргізілетін процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын
ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешенді факторларды
пайдалана отырып, ерекше әдіс-тәсілдерді оқлданады.
Тәрбие термині тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке
адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен адам тіршілігін немесе
эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
1. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған,
табиғи және әлеуметтік ортаны қоршаудың сонымен бірге тәрбиешілердің
арнайы бағытталған іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыруды
айтамыз.
2. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие адмды қоғам өміріне сай қоғамдық еңбекке
дайындауды әлеуметтік қажеттіліктен туған объективті процесс. Сондықтан
да тәрбие ежелгі заманнан бастап, қоғамдық еңбек сипатында болып келеді.
Қоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруі тәрбиеге өз әсерін тигізіп
отырады.
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық
ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді; Қытай)
философиялық жүйесінде дамыды, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып
дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің жинастырған білім
мұрасын ілгері дамытқан еді. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам
тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық
проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит).
Феодалдық қоғам тұсында тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние
педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы
көзқарастарының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер
қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебі).
XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке
басынаң тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды. Сондықтан бұл кездегі
мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталады. (Ф.Ром, Т.Мор).
Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғалымдар дамып
жеке бөлініп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогы Я.А.Коменский,
Швейцария педагогы Демокрит, И.Песталоцци т.б. Олар XVI ғасырдағы
прогрестік позицияларды ұстады.
Я.А.Коменский (1592-1670)
Д.Локк (1632-1704)
Д.Дидро (1713-1784)
Ж.Руссо (1712-1778)
И.Песталоцци (1746-1827)
Россияда революцияшыл демократиялық ойдың негізін салушылар
А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, XIX ғасырдың 60 жылдарында Н.Г.Чер-
нышевский, Н.А.Добролюбов, XIX ғасырдың екінші жартысында демократиялық
тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б.
болды.
ХХ ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой-пікірдің
дамуына үздік әкелді. Ғылым коммунизмнің негізін салушы К.Маркс пен
Ф.Энгелъс болды.
В.И.Ленин тәрбие және білім жөніндегі маркстік ілімді жаңа жағдайда
ілгері дамытты.
Н.К.Крупская (1869-1939) советтік педагогика ғылымын дамытуда зор үлес
қосқан марксист педагог. Н.К.Крупская айрықша көңіл бөлген мәселелердің
бірі оқыту теориясы. Сонымен бірге оқушылардық өзін-өзі басқарудағы мақсаты
мен міндеттерін белгіледі.
Көрнекті педагог А.С.Макаренко (1888-1939) советтік педагогика
ғылымына үлкен үлес қосты. Жоспарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай
тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбиелік жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен
методикасын құрды.
Совет педагогы В.А.Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының
дамуына зор үлес қосты. В.А.Сухомлинский өзінің педагогикалық жүйесінде
әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің,
қабілетінің, бейімділігінің, қызығушылығының тағы басқа қабілеттерінің
жетілуіне бағытталған оқу тәрбие процесін ұйымдастырады. Сонымен
педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негізінде
қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын
принциптерімен ұштастыру бүгінгі күнде педагогика ғылымының күрделі
міндеттері болып саналады.
Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелінетін және объективті
дүние танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден бір әдісі болып
саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм
табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлауының дамуының заңдылықтарын
зерттейді. Диалектикалық материализм қағидаларын басшылыққа
ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылама көшіре салмай, ол
тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Тәрбиедегі себепте нәтижелі
байланыстарды анықтайды. Тәрбиесінің болашағын көрсетеді, қоғам
өмірінің басқа да оқиғалармен органикалық байланыстарды қарастырады. Олар
мыналар:
1.Ғылым, техника, мәдениет ағарту ісінің мазмұны, бағыты.
2. Халықтың саяси саналылығы мен мәдени дәрежесі, мектеп.
3. Совет педагогикасы тәрбие мен педагогикалық идеяларды
олардың дамуы жағдайында қарастырады.
Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайда сай
адамның даму заңдылығын зерттейді. Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты
тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ғылым педагогикалық зерттеу әдістер арқылы тәрбие процесінің мақсаты,
ерекшеліктері негізгі сатылары, басқа құбылыстармен өзара
байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады. Педагогиканың
методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм
болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды орын мен
уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстармен
байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Педагогика үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен
білім берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі
проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін
педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық
зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс. Байқау, ең алдымен,
тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектілерді бөліп
алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын
жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
2 Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына
дербес қолданылады және байқау әдісі мен толықтырылып отырады. Әңгіме
әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті Зерттеу
мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық
бағаланады. Пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3.Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогика әңгімелесу әдісінің бір түрі
социологиялық зерттеулерден ауысқан. Айырмашылығы интервью алған кезде
алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ сауал әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға
байланысты көпшілік пікірін білу және осы ұжымдағы әр түрлі
қасиеттердің, көңіл-күйлердің т.б.мәселелердің объективті деректері,
субъективті салыстыру анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі.Бұл әдіс оқушының жеке іс
қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы
күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің хаттамаларын оқып үйрену,
талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
6 Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу әдісінің педагогикалық
тиімділігін анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері
мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдіс. Педагогикалық
эксперименттің мынандай түрлері бар: табиғи эксперимент, лабораториялық
эксперимент, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
7.Педагогикалық процестерді модельдеу. Модельдеу педагогикада
кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланыста, олар
негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни, озат тәжірибені қорытуға,
қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге
келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
8. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары педагогикалық
зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің
нәтижесін тәжірибеге енгізу-бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы.Үідіксіз,
бірізді мақсатты түрде жүргізілетін зерттеу жұмысының нәтижесінде
айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми
баяндамалар арқылы әдістемелік құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы
әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептің озат тәжірибесімен
дәлелденіп, тиімділігі жан-жақты айқындалған зерттеулердің кепілі
болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін білу әрбір шығармашылықпен жұмыс
істейтін мұғалімге қажет. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені,
ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы
байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін
көрсету,педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазіргі мектептің,
педагогика ғылымының, әрбір мұғалімнің борышы.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде ғылыми зерттеулердің көлемі
жалпы білім салаларының қарқынмен өсуіне ғылымдардың өз алдына жеке
жүргізілу және мамандықтарға байланысты жіктелу тенденциясы айқын беріліп
отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдай соңғы кезде педагогика ғылымында да
ерекше білініп келеді.
Педагогика ғылымы көптеген жеке салаларға бөлінеді. Мәселен,
мектепке дейінгі педагогика, ересектер педагогикасы, кәсіптік-техникалық
білім беру педагогикасы, өзінің арнайы зерттейтін, қарастыратын, шешетін әр
түрлі педагогикалық проблемалары күн тәртібінде айқын қойыла
бастағандықтан дербес педагогика ғылымының саласы болып бөлінеді
Педагогика өзінің нақты проблемаларын шешу үшін бірнеше
қоғамдық әлеуметтік ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен
байланысты. Қоғамның аса маңызды функцияларының бірі саналатын тәрбие
туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық негізі
болып саналатын философия ғылымымен байланысты.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыға қарай олардың
қоғамдық мәнін ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту
үшін озат прогрестік педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар
арасында ұлтаралық қатынас, мәдениеттік орнату мақсатында педагогика
тарихи саламен байланысты болады.
Оқыту мен тәрбиелеудің объектісі-адам болып есептеледі. Сондықтан да
қалай оқыту керектігі және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы
мәселелерді шешкенде педагогика адамның дене күші және психологиялық
дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтін ғылымдармен-физиология,
психология қалтықсыз бірігіп отырады. Себебі қоғамдық сана сферасына
жататын құбылыстар жиынтығы, яғни сезім, көңіл-күй, талғам, пікір, баға
беру, наным, әдет-ғүрыптар, салттар, мінез-құлық сипаттары және түрлі
әлеуметтік жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу
ерекшеліктері болып табылады.
Соңғы уақытта педагогика халықтық педагогикамен де байланысты болып
отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиеті мұраларын және салт-дастүрлері, әдет-
ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған
педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжірибесі көрсетілген
этнопедагогика ғылымымен де байланысы тығыз.
Мекемелердің тәрбиешілерін, әдіскерлерін даярлаумен қатар педагогикалық
қолледжілерге педагогика, психология пәндерінен сабақ беретін, мұғалімдерді
де даярлайды.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі курсының міндетгері оқу пәнінің
мақсатынан, арнаулы маман даярлаудың өзіндік ерекшелігінен туындайды. Бұл
курс мектепте тәрбие орындарына, педқолледжілерге үйлесімді дамыған,
әлеуметтік өмірге қызу араласатын, педагогикалық білім, әдет-дағды,
іскерлікті жақсы меңгергертуге арнаулы маман даярлауды көздейді.
Арнаулы маман даярлау ісі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
курсынан сабақ беретін мұғалімнің оқыту мақсатын, міндеттерін айкын коюына,
оқудың негізгі қалпын, әдістерік. құралдарын жақсы білуіне, оны
шеберлікпен іске асыра алуына байланысты шешілетіндіктен, оларға
арнаулы білім беруде аталған пәнді оқытудың негізін, мамандықты игерудегі
алатын орнын, педагогикалық білімді теориялық жағынан
меңгертудегі ролдік, тәрбиелік дағдысы мен іскерлігін қалыптастырдағы
ықпалын нақты білім, кәсіптік жағынан жан-жақты даярлауды меңзеді.
Бала тәрбиесінде педагогика. психология жағынан сауатты, тәлім-
тәрбиенің мәнін түсінетін өз ісіне жауапкершілікпен карайтын маман,
кадрларды даярлауда мектепке дейінгіі педагогика және балалар психологиясы
негізге тәк. Өйткені ол болашақ тәрбиешілерді окыта отырып үздіксіз
білім беру, білім бере огырып тарбиелеу, тәрбиелей отырып іскерлік пен
дағылыға үйрету, педагогтік қабілетін дамыту сиякты кәсіптік қажеттілігіне
баулиды. Олай болса, мектепке дейінгі педагогика жәке балалар
психологиясы пәндерін арнаулы орта білім беретін оқу орындарында оқыту,
оны оқытудың әдістемесін жетілдіру сапалы маман даярлаудың кепілі.
Бұл курстарды окып үйренудегі басты меже болашақ мамандарды
педагогикалық, психологиялык білімінің жүйесімен қаруландырып, оны
тәжірибеде қолдана алу дағдысы мен іскерлігіне әдеттендіру.
Болашақ мамандарды кәсіптік жағына даярлап, әлеуметтік және жоғары
азаматтық тұлғасын, педагогикалық қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын,
талпынысын, өздгінен білім алудағы дербестігін қалыптастыру.
Болашақ мамандарға мектепке дейіягі педагогиқаның, балалар
психологиясының негізін білмейінше, жас ұрпакка тәлім-тәрбие беру ісін
мақсатқа бағыттап, саналы жүргізу мүмкін емес. Сондықтан олар аталған
пәндерді оқып үйрену арқылы баланың даму зандылықтарын, оқу тәрбие
жұмысының мақсат-міндеттерін, мазмұнына, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, алатын
орнын меңгереді.
Болашақ маман педагогика мен психологияны оқу аркылы талдай, жобалай,
болжай білу сиякты іскерліктерді игереді. Соңдай-ак туғаннан мектеп жасына
дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін - қозу процесінің басымдылығым,
сезімталдығын, тез ренжіл, тез қуанышка бөленетінін, кінәмішлдігін, әр
балаға жеке-дара келу керектігін т.б. біледі. Сол сияқты адамға тән барлық
психологиялых процестің, қасиеттердін дамып, қалыптасуын окып үйренеді.
Болашақ мамандар өздеріне қандай талаптар қойылатынын
ұғып өз мамандығына бейімдей бастайды.
Педагогикалық әдебіне: баламан сейлесуді; оқып жеке басын сыйлау,
түсіну. Көңіл-күйін, жағдайын сезе білу, өзін жақсы жағынан көрсетіп, дұрыс
қарым-қатынас жасау, сену, бала сезімін қорламау, ренжітпеу, сенің
ескертуіне қандай реніш жасайтынын алдын-ала аңғару қабілеті жатады.
Ал ұйымдастырушылдығына: балаларды әр түрлі іс әрекетке ойын, оқу, еңбек,
спорт, көркемөнер. сурет т.б. біріктіре білу бейімділігі камтылса. тіл
табыса білу кабілетіне: үйрету, тәрбиелеу процесінде баламен сөйлесе,
пікірлесе, түсінісе алу, сұрақтарына шыншылдықпен жауап бере білу.
ұғындыру, әңгімелесу мен қатар тәрбиешінің өзін ұстауы, кимылы, бет
бейнесінің құбылуы, көзкарасы жақсы көріп қарау, жек көріп қарау,
жақтырмай қарау, аяп қарау, сүйсініп қарау, риза болып қарау т.б, үні
қаткыл, жұмсак, зеку, қамқор, мейірімді үні т.б. жатады.
Осылардың бәрін жас мамандар бойында қалыптастыру кадрлар даярлаудағы
ең маңызды мәселе. Сол себептен арнаулы маман даярлауға қойылатын
талаптардың бастыларының бірі - болашақ мектепке дейінгі маманның тілін
ұстарту, ауыз әдебиетімен, халыктың салт-дәстүрімен сусындату;
өздігінен білім мен техниқаны үйренуге, ізденуге, білімін педагогикалық
тәжірибеде дербес шығармашылықпен қолдануға бағыт-бағдар беру. Сонымен
бірге мектепке дейінті педагогика мен психологияны оқып үйрену барысында
көптеген теориялық, тәжірбиелік. әдістемелік тапсырмаларды жеке, жалпы,
топпен, үй жұмыстарын, ғылыми әдістемелік жұмыстарды өздігінен
орындайды. Міне, осы кездерде мұғалімінің дұрыс тапсырмалары мен
нұскауы, жүйелі талап коюы, тексеріп бағалауы оларға. бойында
өздігінен білім алып, педагогикалық әдет-дағдысын,
іскерлігін калыптастыруға, қызығушылығын арттыруға жағдай жасайды. Өзін-өзі
тәрбиелеу, ұйымдастыру, басқара білуге үйретеді. Бұл пәндер педагогикалық
іс-әрекетке үйретудің негізі болып, болашақ мамандығына ынталандырып,
таным белсенділігін арттырады.
Мектепке дейінгі педагогиқаның мазмұнын талдау аркылы оқытудың
дидактикалык, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін, сабаққа қойылатын
психологиялык, гигиеналық, ұйымдастырушылык т.б. талаптарды, әдіс-
тәсілдерді анықтап, өзге оқу пәндерімен жалпы педагогика, педагогика
тарихы, философия, анатомия, физиология, гигиена, жеке әдістемелер т.б.
логикалык байланыста түсіндіріп, теориялық жағынан негіздеп білім
береді. Ол теориялық жағынан негіздеп, білімді қолданып тәрбиеленудің әдет-
дағдысын, іскерлігін қалыптастыру педқолледжіде, балабақшада өткізілетін
педагогикалық тәжірибе кезінде іске асады. Өйткені дағды, іскерлік іс-
әрекет үстінде қалыптасады. Олай болса, балабақшалар мен
педқолледжілерге педагогикалық тәжірибені өткізу ісі мектепке дейінгі
педагогика және балалар психологиясы пәндерін оқытумен тығыз байланыста
жүргізіледі.
Педагогикалық пәндерді_оқыту әдістемесі_курсының мақсаты:
- Болашақ мамандарды педагогикалық қолледжілердің, мектепке дейінгі
мекемелердің сан-салалы жұмыстарымен, оқу-тәрбие істерімен таныстыру.
Педагогика қажетті дағды мен іскерлікті, кәсіптік мінез-құлықты
қалыптастыру.
- Болашақ мамандарды мектепке дейінгі мекемелер мен педагогикалық
қолледжілердің оқу жоспарымен, білім мазмұнымен, бағдарламаларымен,
оқулықтарымен таныстыру.
- Мектепке дейінгі педагогика мен Балалар психологиясынан оқу ісін
ұйымдастырудың негізгі қалпы - сабақпен, оның типтерімен, түрлерімен, әдіс-
тәсілдерімен, сабақтағы дербес жұмыстармен каруландыру.
- жаңашыл педагогтардың оқыту әдістерін шығармашылықпен пайдалану
арқылы оқыту процесін жетілдіру.
- педагогикалық тәжірибенің мазмұнымен, тәжірибе кезінде жүргізілетін
жұмыстың әдіс-тәсілдерімен, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қаруландыру
аркылы болашақ мамандарды жан-жақты даярлау
Курстың міндеттері: 1Болашақ мамаңдарды педагогикалық;
қолледжілердегі, балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстары, олардың
ерекшеліктерін таныту; 2Тәрбиеші мен мұғалімнің жеке басына қойылатын
талаптарды игерту;
3 Оқу, тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жаңартып
отыру;
4 Өздігінен, дербес білімін жетілдірудің жүйесін меңгерту; 5 Мұғалім,
тәрбиеші туралы жазылған кітаптарды: Ы.Алтынсариннің,
А.Қүнанбаевтың, А.Байтүрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың,
.Кебеевтің, Ш.Айтматовтың, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның,
Ф.Н.Гоноболиннің, Н.И.Болдыревтің, РЛембергтің,
Т.Сабировтың, В.А.Сластениннің, Э.Шыныбекованың және жаңашьш-
педагогтардың еңбектерін окып үйренуге, талдауға бағдар беру; 6 Оқу
процесінің мазмұнына ерекше мән бере отырып, оқу жоспарын,
бағдарламаны, оқулықты талдау, педагогикалық, психологиялык,
әдістемелік негізгі түсініктерді, заңдылыктарды игертіп, болашақ
мамандардың дүниетанымын, ғылыми көз-қарасқа калыптастыру.

Лекция-3. Студенттердің оқу қызметінің сапасын бағалау дың рейтингтік
жүйесі.
Жоспары:

1. ЖОО-да студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесі білім
сапасын көтерудің мүмкіндігі.
2. Студенттердің оқу сапасын бағалаудың модульді рейтингтік жүйесі білім
берудің өнімділігінің шарты.
3. Студенттердің оқу қызметін бағалаудың нәтижелері.
4. Білімді бағалаудың рейтингітік жүйесі- мамандардың кәсіптік
құзыреттілігін дамытудың педагогтық мүмкіндігінің бірі.

Педагогикада білім беру оқыту арқылы іске асады. Ал оқытуды
ұйымдастырудың негізгі қалпы – сабақ. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қалпы
дегеніміз мұғалім мен оқушылардың белгілі уақыт аралығында білімді игеру
бағытында арнайы жүргізілетін іс-әрекеті, жұмысы. Сабақтың негізгі белгісі:
оқушышардың жас шамасы мен білім дәрежесіне сәйкес жеке кластарға
топтастырылуы, күн тәртібіне сәйкес белгілі уақытта өтуі, тұрақты сабақ
кестесінің болуы, мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылып, жалпы сыныппен,
топпен, жеке оқушымен жұмыс істеу мүмкіндігінің жасалуы.
Әр сабақ тақырыбына, мазмұнына байланысты алдына білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық мақсатын қояды. Оқытуды ұйымдастырудың қалпы білім - тәрбиенің
жалпы мақсатымен, оқыту мазмұнымен және оқыту әдістерімен анықталады.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамның дамуы мен уақыт талабына білім
мазмұнының өзгеруіне байланысты оқытудың қалпының да өзгеріп отырғанын
байқаймыз. Мысалы: Көне Грецияда оқыту жеке дара сипатта болса, орта
ғасырда оқыту кішігірім топпенн жүргізілген. Олай болса, оқытудың жеке және
топтық қалпы жүзеге асырылған. Ал қоғам дамуы сауатты адамдарды қажет еткен
шақта өмірге класс-сабақ жүйесі келген. Оны XVII ғасырда чехтың ұлы
педагогі Ян Амос Коменский негіздеген. Содан бастап оқыту қалпы-сабақ
оқуышылардың үлкен тосымен 50-60 адам, жастары шамалас балалармен
класс, белгілі бір уақытта, сабақ, кестесіне сәйкес, әр сабақтан кейін
үзілістер белгіленіп жүргізілетін болған. Я.А.Коменский мұғалім сабаққа
басшылық етсін, тақырыпты түсіндіріп, тапсырманы орындауын бақыласын,
әңгіме әдісін қолдансын деген талапты коя отырып, сабақтың сапасы
мұғалімнің даярлығына, белсенділігіне, шеберлігіне байланысты деп
тұжырымдаған.
Класс-сабақ жүйесі оқытудың жетілдірілген түрі ретінде бірқатар
елдерде пайдаланылған.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда сабақтың Белль-
Ланкастер жүйесі орын алған. Онда мұғалім әр түрлі жас шамасындағы 200-300
баланы оқытқан. Бұл жүйенің іске асуы төмендегіше болған:
Мұғалім түске дейін ересектер тобындағы оқушыларға сабақ береді, ал
түстен кейін сол оқушылар кіші топтағы балаларды оқытқан. Осы жүйені
ұсынып, іс жүзінде қолданған мұғалім-Ланкастердін және священик Белльдің
атымен аталған. Бірақ бұл оқыту жүйесі ұзақ өмір сұре алмаған.
XIX ғасырда гимназияларда класс – сабақ жүйесін қайта құруды
көздеген И.Ф.Гербарт жүйесі дүниеге келді, бірақ оңда сабақты шығармашылық
жолмен құру болмады.Сол себептен де оқу ісін ұйымдастыруда формализм орын
алды. Осы кезеңде кейбір орта мектептерде мұғалімнің түсіндіруі, көрнекті
құралдарды пайдалануы көрініс тапты. Бұл білімді меңгеруге біршама
мүмкіндік жасады.
Сабақ құрылысын түбірінен өзгертуді мақсат еткен алдынғы қатарлы
педагогтардың бірі - Адольф Вилыельм Дистервег болған. Ол сабақ үстінде
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сабақта мұғалімнің түсіндіруі мен
оқушылардың белсенділігі қатар түсіп отырсын деген пікірді ұсынған.
XX ғасырда АҚШ та сабақты ұйымдастырудың лабораториялық түрі –
Дальтон - жоспар көрініс тапты. Онда мұғалім сабақты түсіндірмейді,
оқушыларға жазбаша тапсырма береді, олар лабораторияда жеке жұмыс істейді.
Тапсырманы орындап болған соң мұғалімге есеп береді, мұғалім кемекші
ретінде жұмыс істейді.
Оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды қарастыруда орыстың ұлы педагогі К.Д.
Уишнский үлкен үлес қосты. Ол сабақты сан-алуан етіп құруды, мұғалімнің
кіріспе әңгімесі мен баяндауын, бұрынғы мен жаңаны пысықтай оқуды, ең
бастысын табуды, деректерді салыстыруды, ережелер мен қорытындыларды
тұжырымдауды талап етеді. Оқу жатығады оқушылардың жас шамасына лайықты
болуы керек деп есептеді. Мұғалім сабақты өткізгенде оқушылардың ойлау,
есте сақтау, білімді игеру қабілеттерін дамытуды қатар жүргізіп отыру қажет
деп тапты. Сөйтіп сабақты ұйымдастырудың көптеген мәселелеріне ғылыми -
теориялық негіздеме берді.
Қазақ сахарасындағы ғұлама ғалым - Әл-Фараби балаларды жүйелі оқытуды
ұсына отырып, ең алдымен тіл мен логиқаны, поэтика мен арифметиқаны білу
абзал, бұлар адамның ақыл - парасатына, мінез - құлқына игі әсер етеді деп
білім мазмұнына көңіл бөлді. Әл-Фарабидің "Ғылымдар энциютопедиясы" атты
трактаты шығыс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Интерактивті тақтаны орнату
Интерактивті тақтаның құралдары
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Аудио оқыту құралы ретінде
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Пәндер