Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Мұрагерліктің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Мұрагерлік туралы түсінік және жалпы ережелері ... 7
1.2 Мұрагерлік құқығының кейбір тарихи қырлары ... ...18
2 ҚР заңдары бойынша мұраға ие болу ... ... ... ... ...28
2.1 Заң бойынша мұрагерліктің жалпы ережелері ... ... ... ... 28
2.2 Заң және өсиет бойынша мұрагерлік ... ... ... ... ..30
2.3 Өсиеттің нысаны мен өсиеттен бас тарту (легат) ... ... ...37
3 Мұра алу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.1 Мұраның ашылуы ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Мұраны алудың ерекшелігі ... ... ... ... .50
3.3 Мұраға құқық туралы куәлік беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ...55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бері реформалар жүргізілуде. XXІ-ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау-бүгінгі дүние жүзілік қауымдастықтың басты міндеті болып отыр.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес: «Азаматтық қоғамды дамытудың алғы¬шарт¬тары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарды экономикалық дербес¬тіктің пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесінің артуы болып табылады [1].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі” – делінген.[2]
Меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәселенің негізінде ие болуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік ету құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған билік ету де құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды.
Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді.
Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі №154 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы».
2. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
3. Батырбаев Н.М., Аманқожаев А.А. «Мұрагерлік құқық». Оқу құралы. Алматы. 2006 ж.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі /ерекше бөлім/, 1 шілде
1999 ж.
5. Қазақ ССР-інің Азаматтық құқық кодексі. -Алматы: Қазақстан, 1963 ж
6. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Алматы 2001 ж.
7. Соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану жөніндегі сот практикасына шолу. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы. 2006 ж.
8. Қазақстан Республикасының Жер кодексі,20 маусым 2003 ж.
9. "ҚР Сақтандыру қызметі туралы" Заңы, 18 желтоқсан 2000 ж.
10. Эйдинова Э.Б. «Наследование по закону и по завещанию». Москва,1985г.
11. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы, 10 маусым 1996 жыл .
12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 18.06.2004 ж. №11 нормативтік қаулысы.
13. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, 17 желтоқсан 1998 жыл.
14. Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексі, 13 шілде 1999 жыл.
15. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастар туралы» Заңы, 16 сәуір 1997 жыл.
16. Мұрагерлік мұраты - бірлік. Тарих тағылымы / А. Смағұлқызы // Заң газеті. - 2005. - №125, 13 қазан.
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген «Қамқоршы және қорғаншы органдары туралы Ережесі».
18. Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” Заңы, 14 шілде 1997 ж.
19. Қазакстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 1998 жылғы 28 шілдеде бекітілген N 539 ″Қазакстан Республикасында нотариаттык іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы" Нұскаулык.
20. Түркістан қаласы нотариалдық кеңсесінің 2006 жылғы мұрагерлік ісі.
21. Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі А. Смағұлова. - // Заң. - 2005. - №9.
22. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С. “Гражданское право Республики Казахстан”, Алматы, 1998 г. Том 2,3.
23. Жайлин, Ғ.А. Азаматтық құқық : ерекше бөлім : оқулық/ Ғ.А. Жайлин. -Алматы : Заң әдебиеті. -2006
24. Басин Ю.Г.“Гражданское право Казахской ССР”,Алматы
1980 .
25. Толстой Ю.К., Сергеев А.П. “Гражданское право”, Санкт-
Петербург, 1996 г.
26. Барщевский М.Ю. “Наследственное право”,Москва,1996 г.
27. М.И.Брагинский,В.В.Витрянский.Договорное право.
М.Статут,1997
28. Құқық негіздері. Оспанов Қ.И. Алматы 2006.
29. Мемлекет және құқық негіздері. Дулатбеков Н. Астана. 2001
30. Гражданское законодательство Республики Казахстан – толкование и
комментирование.Выпуск -5.Алматы, Баспа.1998
31. Жанұялық құқық : Нормативтік құқықтық актілер жиынтығы. -Алматы:
Юрист, 2003.
32. Айқын.Күнделікті республикалық қоғамдық-саяси газет
№40,20.03.2006ж.
33. “Заң және заман” журналы, 2004ж №2,
34. “Заң” газеті, 2005ж №125,13 қазан.
35. Сайттар:
36. www.aikyn.kz
37. www.egemen.kz
38. www.zakon.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .4
1 Мұрагерліктің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..7
1.1 Мұрагерлік туралы түсінік және жалпы ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Мұрагерлік құқығының кейбір тарихи
қырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2 ҚР заңдары бойынша мұраға ие
болу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.1 Заң бойынша мұрагерліктің жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .. 28
2.2 Заң және өсиет бойынша
мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
0
2.3 Өсиеттің нысаны мен өсиеттен бас тарту
(легат) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3 Мұра алу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .44
3.1 Мұраның
ашылуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..44
3.2 Мұраны алудың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..50
3.3 Мұраға құқық туралы куәлік беру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Кіріспе
Еліміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бері реформалар жүргізілуде. XXІ-
ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын анықтау,
болашақ ұрпақ қамын ойлау-бүгінгі дүние жүзілік қауымдастықтың басты
міндеті болып отыр.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес: Азаматтық қоғамды дамытудың
алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарды экономикалық
дербестіктің пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесінің артуы болып
табылады [1].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында “Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстай алады. Меншікке оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен
кепілдік беріледі” – делінген.[2]
Меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу, сату,
айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге
мәселенің негізінде ие болуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке
немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау
саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады.
Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және
оған билік ету құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған билік ету де
құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет
қорғайды.
Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы
адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді.
Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың
нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке
жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын
аша түседі.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады.
Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін
белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы
немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Еншінің ішіндегі ірісі – қасиетті қара шаңырақ. Қазақ кенже баласын
шаңырақ иесі деп есептейді. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара
шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы
бойынша, үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген
еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға
таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып,
өздері бөлек отау құраған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже
бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі
жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата
жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың,
алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-
берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама
өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде
балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан
балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға
қалдыратын болды.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады.

Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.
Мұра қалдырушы қайтыс
болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін
де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.
Бүгінгі таңда мемлекеттер арасы қатынастардың нығайуының нәтижесі сол
ел, тіпті дүниежүзінің азаматтарының шетелдермен қатынасын арттыруда. Бұл
қатынастар саяси, экономикалық, мәдениет және басқа, салаларда өзін
көрсетуде. Сол себепті, адамдар тек өз елі емес, шетелдерде де мүлік
иеленіп сол елде жұмыс істеп табыстар табуда. Әрине мұндай дамуға мүліктік
кепілдік берген мемлекеттер арасы келісімдер және көптеген конвенциялар да
өз әсерін тигізуде. Осылайша мемлекеттер арасы шекаралар да біртіндеп
маңызын жоғалтуда, себебі, азаматтар өздері қалаған мемлекетте табыс тауып,
жұмыс істеп, саяхат жасап, тіпті шет мемлекетке жерлесулердің көптігі бүгін
таңқаларлық жағдай емес. Осы айтылған себептермен Қазақстан азаматтары да
шет елдерде мүлік иеленуде немесе керісінше шет ел азаматтары Қазақстанда
мүліктер иеленіп, табыстар табуда. Шетелдік немесе шет елдегі Қазақстан
азаматтары табыстарының, яғни мүліктерінің өз қайтыс болғаннан кейінгі
жағдайын білуі олар үшін маңызды мәселе. Себебі мүліктік құқтар мен
міндеттер адамның қайтыс болуымен басқаларға ауысуда. Осы ауысуларды
мұрагерлік құқық реттейтіндіктен мұрагерлік құқықтың маңызы, осы шетел
азаматтары арасы қатынастарда, тіпті мемлекеттік тұрғыда экономикаға яғни
инвестиция салаларына тікелей болмаса да жанама түрде әсер етуде. Сонымен
осы айтылған себептермен, мұрагерлік құқығы халықаралық жеке құқық
саласында да өзінің көкейтестілігін көрсетуде.
Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің
негізгі объектісі – мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер
пайдаланылатын мүлік азаматтардың жеке меншігі.
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен
анықталды. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың материалдық және рухани
сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат
қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған
болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын
туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс болғанның мүлкін
отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану
мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады
және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді.
Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар
қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар
өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі
болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та
өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да
өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді,
жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының
ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі
өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Құқық
нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына соның ішінде мұра қалдыру тәртібін
реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен
қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін,
философия, мораль және тағы басқалар.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының заңдары
бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу,
азаматтық құқықтық қатынастарында мұрагерліктің жүзеге асырылуы негіздерін
анықтау.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:
1.Қазіргі кездегі мұрагерліктің мәні мен ерекшеліктерін анықтау.
2.Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен
анықтау.
3.Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқа
да жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасуы мен
өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру;
4.Мұрагерлік жазбаша қалдырған өсиет немесе заң бойынша жүзеге
асырылады,сонымен ҚР заңдары бойынша мұра ие болу негіздерін анықтау және
олардың ерекшеліктерін түсіндіру;
5.Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдап алуға және мұраға құқық туралы
куәлік беру тәртіптерін белгілеу.
Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі
авторлардың мұра саласындағы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасыныңың
мұрагерлік құқық қатынастарының реттейтін нормативтік актілері, сот,
нотариат органдарының мәліметтері болып табылады. Жұмыста жазылған
жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының заңдық актілерінің
қолдануына негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады.
1 Мұрагерліктің жалпы сипаттамасы
1.1 Мұрагерлік туралы түсінік және оның мәні.
Мұрагерлік құқығы түсінігіне доктринада көптеген анықтамалар берілуде.
Мұрагерлік құқық-жеке тұлғаның өлімінен кейін оның жеке құқық
қатынастарының жалғасын немесе тағдырын реттейтін құқық деп анықтағандар
да бар [3]. Алайда өлген жеке тұлғаның отбасы, жеке ұйымдарға мүшелік,
бала асырап алуы сияқты жеке құқық қатынастарын мұрагерлік құқығы
реттемейтіндіктен, бұл анықтама мұрагерлік құқығы үшін өте кең анықтама
болса керек. Сонымен мұрагерлік құқығына анықтама беретін болсақ, бір жеке
тұлғаның өлімімен кейін оның мүлкінің (мүліктік құқ және міндеттерінің)
тағдырын белгілейтін құқық институты десек дұрысырақ болар. Бұл жердегі
мүліктің (мұра) мағынасы кең болып (Ежелгі Римде қолданылған - hereditas),
мұра қалдырушының активтері мен пассивтерін қамтиды.
Қазақстан мұрагерлік құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық
кодексінің соңы, алтыншы бөлімінде мұрагерлік құқық тақырыбында реттеліп,
жалпы ережелер (1038-1045 баптар), өсиет бойынша мұрагерлік (1046-1059
баптар), заңды мұрагерлік (1060-1071 баптар), мұра алу (1072-1083 баптар)
деп төрт таратуға бөлінген [4].
Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі ерекше бөлім ережелері
бірінші шілде 1999 жылдан кейінгі қатынастарға қолданылады. Бұдан бұрынғы
бірінші наурыз 1995 жылға дейінгі қатынастарға АК-тің жалпы ережелерімен
бірге 1963 жылға Қазақ КСР азаматтық кодексі, ерекше бөлім ережелерімен
реттеледі [5]. Ал бірінші наурыз 1995 жылдан бұрынғыларға тек 1963 жылғы
Қазақ КСР азаматтық кодексі ережелерімен реттеледі. Кодекстен кейін сатылық
деңгейіне қарай заң күші бар президент жарлықтары, парламент қаулылары,
сенат пен мәжіліс қаулылары, үкімет қаулыларында көрсетілген ережелер
қолданылады. Бұл жерде айта кететін жәйт, азаматтық құқықтық қатынастың,
азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде де ерекше бөлімінде де реттелуі. Яғни
жалпы ереже мен ерекше ереже қайшылығы. Бұл туралы азаматтық кодексіміз
ашық бір нұсқау көрсетпеген. Мұндай жағдайларда, жеке ереже белгіленген
қатынастарды ерекше қарастырғандықтан ерекше бөлім ережелерін қолдану.
Бұлда құқық салалары қатынастарында жалпыға белгілі ережелерден. Ал
керісінше, ерекше бөлімде қарастырылмаған қағида жалпы бөлімде
қарастырылса, жалпы бөлімдегі ережелерді ерекше бөлімге қолданамыз. Мысалға
мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерден борыштарын талап мерзімі
мұрагерлік құқық бөлімінде қарастырылмағандықтан жалпы бөлімдегі талап
мерзімі ережелерін (АК-тің 177-187) мәселені шешуде қолданамыз. Осы
ережелерді заңдардың (кодекстердің) арасындағы қайшылықта да қолданамыз.
Мысалға мұрагердің шетел азаматы болған жағдайда және мұраның құрамында жер
учаскесі болса, бұл жағдайда мұрадағы жер учаскесінің мұрагердің иелігіне
ауысуында ерекше заң болғандықтан, ҚР Жер кодексі ережелерін қолданамыз .
Мұра дегеніміз - бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар
мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы.
Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана
кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан
болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды.Азаматтардың меншік оның ішінде
жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Азаматтық кодесінің 1040-бабына сәйкес мұра қалдырушының жеке басына тығыз
байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар
болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру
туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның
құрамына кiрмейдi.
Заң бойынша азаматтардың меншік құқығының объектілері:
интеллектуальдық және материалдық қызмет өнімдері, кәсіпорындар, өндіріс
құрал-жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақша, тұрғын үйлер, пәтер,
саяжай, бау-бақша, өндірілген өнім, одан алынған кіріс және басқа да болып
табылады. Өзіне пайдалануға берілген пәтер, саяжай, гараж, өзге де
мүліктерге өзінің үлесті жарнасын толық өткізген тұрғын үй құрылыс
кооперативінің мүшесі сол мүлікті меншіктену құқығына ие болады. Сонымен
қатар пәтерді жалдап алушы адам немесе оның отбасы мүшелері осы пәтерді
иемдену құқығына ие болады. Егер ол азамат осы пәтерді сатып алатын болса,
онда пәтерді өз қалауынша пайдалануға, сатуға, уақытша жалға беруге,
мұрагерлікке қалдыруға және басқа да келісімдер құқығы болады.
Меншік құқығының мазмұнын - меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану
және билік ету тәрізді өкілеттіктер (элементтер) құрайды. Бұл
өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып
табылады [6]. Сондықтан жоғарыда көрсетілген жеке меншік құқығының
объектілері азаматтың мұрагерлік мүлкінің құрамына кіреді, ал азамат қайтыс
болғаннан кейін заң бойынша мұрагерлеріне өтеді.
Мұраға ие болу кезектегі мен үлестеріне қарамастан, кәдімгі үй
жиһаздары мен бұйымдары мұра қалдырушы ол өлгенге дейін кемінде бір жыл
бойы бірге тұрған мұрагерге көшеді. Үй жиһаздары мен бұйымдарына күнделікті
тұрмыста пайдаланатын заттар, мысалы: жиһаз, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек кіреді.
Мұра қалдырушы азаматтың теңге, алтын, күміс, хрусталь бағалы металдар мен
қымбат тастар және інжуден жасалған бұйымдары мұрагерлік мүліктің құрамына
кіріп, заң бойынша мұрагерлерге тең үлеспен бөлініп беріледі.Ал,
автомашина, мотоцикл және басқа да транспорт түрлері қайтыс болған адамның
меншігінде болып, сол адамның атына тіркелесе ғана мұрагерлік мүлік болады.
Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі.
Сондықтан қазіргі күші бар заң бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше
баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра
алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады.
Қазір жер телімдерін мұраға қалдыруға қатысты дау-дамайлар көп. Тіпті
ортақ меншікті сатып, балаларына үлесін бермей жүрген адамдар да кездеседі.
Осыған байланысты бір мысалды келтіре кетейік. Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданындағы Түрген ауылының тұрғыны Чалимбаев Шархан деген азамат әйелінің,
төрт баласының келісімінсіз тұрғын үйді және 0,53 гектар жер телімінің
жартысын басқа біреулерге сатып жіберіп, ақшаны алып, басқа жаққа кетіп
қалған. Соның нәтижесінде оның бұрынғы әйелі Зина төрт баласымен баспанасыз
қалған. Бұрынғы күйеуім Чалимбаев біздің ортақ мүлкіміз – тұрғын үй мен
0,25 гектар жер телімін біздің келісімімізсіз А.Иманбековтерге сатып
жіберіпті, Мен оны кеш білдім. Алты рет сот болды. Түрген ауылдық
әкімшілігінің шығарған жер телімін Иманбековтерге беру туралы шешімінің
күшін сот жойды. Бірақ үйімізді, жерімізді қайтарып ала алмай, далада
қалдық дейді Зина Чалимбаева. Бұл жерде отбасы мүшелеріне ортақ мүлікті
Шархан Чалимбаев жеке иемденіп, оларды үлестерінен қағып отыр. Сондықтан
ортақ мүліктің мұрагерлікке жеке адамдарға берілуі мүмкін емес.
Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның
меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай
жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті
заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді.
Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға
құқылы [7].
Мұрагерлік мүліктің ең көп тарағаны-тұрғын үй. Егер мұралық мүліктің
құрамына тұрғын үй болса, нотариус үйдің мұра қалдырушының жеке меншігі
екені туралы құқық белгілейтін құжатты, техникалық инвентаризация бюросының
анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үй орналасқан жердегі
нотариалдық кеңсесінің құжаттары бойынша үйден айыруға тыйым салынғандығын
немесе мекен-жайдың бар жоқтығын тексереді.Егер тыйым салыну сауда алуға
байланысты болса, нотариус сауда берген мекемеге сауда алушының
мұрагерлеріне мұрагерлік құқық куәлік берілгендігін хабарлайды. Тұрғын
үйдің мұра қадырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжат
техникалық инвентаризация бюросында міндетті түрде тіркелуі қажет.
Мұраға ауысу – жер учаскесіне жеке меншік, ұзақ мерзімді жер
пайдалану және уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы бар азамат
қайтыс болған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының (егер
уақытша жер пайдалану шартында басқаша көзделмесе) басқаға ауысуы. Мұраның
құрамына мұраға берушіге тиесілі, оның қайтыс болуына байланысты
тоқтатылмайтын, құқықтар мен міндеттер де кіреді [8].
ҚР Сақтандыру қызметі туралы Заңына сәйкес мүлікті сақтандыру шартын
жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен
міндеттері мұрагерлік тәртібімен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады.
Сонымен, сақтанушыны тарапынан универсалдық (әмбебап) құқықтық мирасқорлық
сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады [9].
Мұра қалдырушының барлық құжаттары мұрагерлік арқылы беріле бермейді.
Мысалы, мұра қалдырушының отбасылық некелік қатынасқа жататын мүліктік емес
құқықтары адам қайтыс болысымен жойылады.Мұрагерлік бойынша қайтыс болған
адамның жеке басымен байланысты құқықтары немесеөзіндік меншік құқығы заң
бойынша заңды мұрагерлеріне өтеді [10].
Мысалы қайтыс болған адамның авторлық және өнер табыс қатынастарынан
туындайтын құқықтары мұрагерлеріне мұралық жолмен ауысады. Авторлық құқыққа
қысқартылған мерзім қолданылған күнде, онда авторлық құқық мерзімінің
қалған бөлігі мұрагерлерге заң бойынша ауысады.
ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңынын 30-бабына
сәйкес авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет
бойынша ауысады [11]. Шығарманы бастырып шығарғанда шығарманың өзіне, оның
атына және автордың атын көрсеткенде де автордың ризалығынсыз қандай да
болсын өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Автор өлгеннен кейін оның
шығармаларын басқалардың қол сұғуынан қорғауды оның мұрагерлері жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 982- бабына сәйкес,
авторлық құқық автордың бүкіл өмір бойына және ол өлгеннен кейін автор
өлген жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 50 жыл бойына күшінде
болады. Осы уақыт өткеннен кейін кейбір шығармалар сатып алу арқылы
мемлекет қарауына жатқызылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1080-бабы бойынша мұра
қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шығындарды ,
мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға,
өсиетті орындауға, содай-ақ өсиетті орындаушыға немсе мұраны сенімгерлікпен
басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол
мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс.
Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген
талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиіс.
Ал, мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қалдырушының
міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиет орындаушыға (мұраны
сенімгерлікпен бсқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының
шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.
Заң бойынша қайтыс болған адамның жұмыс орнындағы жалақысы
қайтыс болған күнге дейін алынбаса, онда жалақы қайтыс болған адамның бірге
тұрған отбасы мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңына сәйкес,
жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi және ерікті зейнетақы жарналары
есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда,
олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұраға
қалдырылады. Сондай-ақ жұмыс істеп жүріп жалақы алған зейнеткердің
зейнетақысы ол адам қайтыс болғаннан кейін мұрагеріне берілмейді, себебі
бұл жердегі зейнетақы мұралық мүліктің құрамына кірмейді.
Егер жұмысшы немесе қызметкерге қайтыс болғанға дейін уақытша жұмысқа
жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төленетін болса, онда ол мұралық
мүліктің құрамына кірмейді. Бұл жәрдемақы қайтыс болған адамның бірге
тұрған отбасы мүшелеріне немесе қарауында болған адамдарға төленеді.
Азаматтық кодекстің 1044-бабына сәйкес мұра ашылған кезде тірі жүрген,
сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан
кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Егер
қайтыс болған адам құқық және міндеттерінің өлімінен кейінгі тағдырын
белгілеп кеткен болса оған, өсиет қалдырушы дейміз. Осы орайда анықтай
кететін жәйт, қайтыс болған деп жарияланған соттың шешімі де адам өлімі
салдарын (зардабын) туғызғандықтан осылай жарияланған жеке тұлғалар да мұра
қалдырушы болады.
Қайтыс болған адамның өз мүлкінің тағдырын белгілеген еркіне, өсиет
дейміз. Осындай өсиет болмаған жағдайда, заңда белгіленген адамдар мұра
қалдырушының мұрасына мұрагер болады. Осылайша мұрагерлер өсиет бойынша
және заңды мұрагерлер болып екіге бөлінеді. Өсиет бойынша мұрагер жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар тіпті, мемлекетте бола алады. Ал заңды мұрагер
жеке тұлға бола алатындығы анық. Ал Қазақстан мұрагерлік құқығында мемлекет
заң бойынша мұрагер бола ала ма, бола алмай ма пікірталасына ашық.
Қазақстан мұрагерлік құқығында мемлекеттің заңды мұрагер бола алатындығы
ашық айтылмаған.
Біздің азаматтық кодексімізде иесіз қалған мұра, мұра ашылған жердегі
коммуналдық меншікке өтеді делінген (АК-тің 1083 бап). Біздің құқығымыздың
бұл бабын талқыласақ: бірінші тармақта, мұраның қай кезде иесіз мұра деп
танылатынын айтқан. Екінші тармағында, иесіз мұра коммуналдық меншікке
өтеді деген, керісінше мемлекет мұрагер болады демеген. Мұра иесіз деген,
мұраның мұрагері жоқ деумен бір. Олай болса мұрагері жоқ мұраға мұрагер
болу деген теріс ұғым болар. Алайда мемлекет мұрагер емес, иесіз мүлік
мемлекетке ауысады десек те, мұраның ауысуы, мұраны борыштардан тазартуға
(АК-тің 10834, 1071-баптар) мұрагерлік құқық ережелерін қолданатынымыз
сөзсіз анық [3.1]. Мұрагер болудың шарттарынан бірі, мұра ашылған кезде
мұрагер болатын адамның тірі, заңды тұлғалардың бар болуы керек.
Азаматтық кодексіміз бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар
бір күнде қайтыс болса, бір мезгілде кайтыс болды деп есептеген. Яғни екеуі
бір біріне мұрагер бола алмайды (коммориент), бұған бір мезгілде өлді деп
тану ережесі десекте болады (АК-тің 1042-бабы; №11 Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысы [12].
Мұрагер болудың ендігі шарты лайықсыз мұрагер болмауы керек. Бұны
мұрагерлік құқығымыз мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету тақырыбымен
Азаматтық кодекстің 1045-ші бапта белгілеген. Аталған баптың 3-бөлігінде
балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл
құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны заң
бойынша алуға құқығы жоқ екені анықталған. Осы мән-жайлар соттың растауын
қажет етпейді және бұл үшін балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылу
фактісінің өзі жеткілікті болып соттар лайықсыз мұрагерлердi мұрадан
шеттету мәселелерін реттейтін АК-нің 1045-бабының нормаларын негізінен
дұрыс қолданады. Лайықсыз мұрагерлерге өсиет бойынша да, сондай-ақ, заң
бойынша да мұрагерліктен шеттетуге болатын, мұра қалдырушыны немесе
мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық
жасаған, мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруына кедергi келтірген
және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке
шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдарды
жатқызуға болады. Бұл мән-жайлар сот арқылы расталуы тиіс.
Мұрагердiң мұра қалдырушыны қасақана өлтiруі мұрагердi мұрагерлiктен
шеттету үшін жеткіліксіз болады, бұл туралы соттың шешімі қажет. Айталық,
Ақтөбе қалалық сотының 2003 жылғы 10 сәуірдегі үкімімен Қарабалиев ҚК-нің
103-бабының 3-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Ол
2003 жылдың 2 қаңтарында мас болып, өз пәтерінде зайыбына қол жұмсап,
айтарлықтай зақымдаған. Осының салдарынан жәбірленуші сол жерде мерт
болған. Жәбірленушінің әкесі лайықсыз мұрагердi мұрадан шеттету туралы
сотқа талап арыз берген. Ақтөбе қаласы №2 сотының 2003 жылғы 1 шілдедегі
шешімімен арыз есептеледі. Сонымен қатар, мұра қалдырушыны күту жөнiнде
өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналар және
кәмелетке толған (асырап алынған) балалар сот шешімі бойынша мұрагерлік
құқықтан айырылуы мүмкін.
Мысалы, Серпокрылов Ақтөбе қаласының №2 сотына жүгініп, соттан
Межновтің атына берілген мұраны иелену құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп
тануды, мұрагерді мұрадан заң бойынша шеттетуді сұраған. Талапкер өзінің
немересі, жауапкердің баласы қайғылы қазаға ұшырағаннан кейін жауапкердің
марқұм болған баладан қалған пәтерге мұрагерлік куәлікті заңсыз түрде
рәсімдеп алғанын айта келіп, шешесі 1995 жылы қайтыс болған балаға
жауапкердің ешқандай моральдық, материалдық қолдау жасамағанын, баланы өзі
тәрбиелеп өсіргенін дәлел ретінде келтірген. Оның талабы соттың шешімімен
қанағаттандырылды. Сот Межновтың өз баласын асырап-бағу мен тәрбиелеу
міндеттерінен жалтарғанын анықтап, баласы қайтыс болғаннан кейін оның
мұрасын иеленуге құқылы емес деп тапты. Соттың тұжырымдары келтірілген
дәлелдемелермен расталды, атап айтқанда, жауапкер екінші дәрежедегі
маскүнемдік диагнозымен наркологиялық диспансерде есепте тұрған, баланы
асырап-бағу үшін алимент төлемеген, оны тәрбиелеу жөнінде көмек
көрсетпеген. Бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн пәтерді
баланың өмір сүруіне мүлдем жарамсыз антисанитарлық жағдайға жеткізген.
Ақтөбе қаласы әкімінің 1995 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен талапкер
Серпокрылов кәмелетке толмаған баланың қорғаншысы болып тағайындалған.
Мұра қалдырушы немесе мүмкін болатын мұрагерді (мұрагерлерді) қасақана
өлтірген әлде, өлтіруге қастандық жасаған (жасағандар) заңды, өсиет бойынша
мұрагер бола алмайды (АК-тің 1045-бабы 1-тармағы). Тек осындай әрекет
жасағаннан кейін өзіне өсиет қалдырылса ғана өсиет бойынша мұрагер бола
алады. Мұндай әрекеттер қылмыстық іс болғандықтан мұрагерді мұрадан шеттету
үшін сот үкімі болуы керек.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған
адамдар сол арқылы өздерін немесе жақын адамдарын мұрагер болуына немесе
үлестерін көбейтуге ықпал жасағандар өсиет, заң бойынша мұрагер бола
алмайды (АК-тің 1045-бабы 2-тармағы). Бұл жердегі мұра қалдырушының еркіне
кедергі жасайтын әрекет күш көрсету, алдау түрінде болуы мүмкін. Өзін
немесе жақынын мұрагер кылу үшін әлде, үлесін көбейту үшін айтылған
әрекетті жасаған адам әрине мұрагер бола алмайды. Бірақ мұндай әрекет
жасаған адамның жақыны, оның әрекетін білмесе, мұрагер бола алуы керек.
Айтылған жағдайлардағы әрекеттер әрдайым қылмыстық іс болмауы мүмкін. Ал
сот үкімі болса үкімге қарай белгіленеді, үкім болмаса мұрагерлердің әр
біреуі лайықсыз мұрагер екендігін анықтауын соттан талап ете алады (ҚРАК
–тің 1045-бабының 4-тармағы) [7.1].
Ата-аналық кұкықтарынан айрылған және мұра ашылған кезде осы құқтарын
қалпына келтірмеген ата-аналар балаларына заң бойынша мұрагері бола алмайды
(ҚР АК-тің 1045 бабы 3-тармағы). ҚР Неке және отбасы туралы заңның 67-ші
бабында қандай жағдайларда ата-ана құқыктарынан айыру себептері айтылған
[13].
Мұра қалдырушыны күту жөнінде заң күшімен жүктелген міндеттер
орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке
толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуга құкы жоқ (ҚРАК-
тің 1045 бабының 3-тармағы). Ата-аналардың балаларына қарсы міндеттері
Неке және отбасы туралы Заңның 62-64-ші баптарда, ал кәмелетке толған
балалардың ата-аналарына қарсы міндеттері аталған заңның 131-ші бабында
айтылған. Осы және тағы басқа заңдарда айтылған міндеттерді орындамағандар
жоғарыдағы тәртіппен заңды мұрагер бола алмауы әбден мүмкін. ҚР АК-тің 1045
бабында айтылған лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттеу ережелері
міндетті үлесі бар мұрагерлерге де колданылады.
Құқығымызда сол сияқты, заңды мұрагерлерді мұра қалдырушы өсиетімен еш
себебін көрсетпестен мұрадан айыруы мүмкін. Мұнда міндетті үлесі бар
мұрагерлер міндетті үлесін талап ете алады. Бұлайша мұрадан айыру, өсиетте
өзгеше көзделмесе, негізгі заң бойынша мұрагердің ұсыну құқығы бойынша
мұрагерлерінің мұрадағы құқына әсер етпейді. Бірақ мұра қалдырушы мұрадан
айыру өсиетінде мұрадан айрылған мұрагердің үлесіне өсиет бойынша мұрагер
тағайындаса немесе мұрадан айрылған заңды мұрагердің ұсыну кұқығы бар
мұрагерлерінің де мұрадан айрылғандығын айтса ұсыну құқы бар мұрагерлер де
мұрагер бола алмайды.
Біздің мұрагерлік қүқығымызда заңды мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын
қайтыс болғанда ғана ұрпағы ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола алады (ҚР АК
10671). Яғни заңды мұрагер лайықсыз, шеттетілген, бас тартқан мұрагер
болса, оның ұсыну құқығы бар балалары ұсыну құқығы бойынша мұрагер бола
алмайды. Себебі біздің мұрагерлік құқығымызда балалары негізгі мұрагерді
ұсынғандықтан, негізгі мұрагер мұра қалдырушыға мұрагер болу құқығын жойса
оның баласының оны (мысалға әкесін) мұрада ұсыну құқынан сөз етуіміз мүмкін
емес. Мүның тек айрықша жағдайы, мұрагерлерді мұрадан айыру (ҚРАК 10464),
осылайша мұра қалдырушының өсиетінен өзгеше туындамаса, ұсьну құқы бар
мұрагерлер, негізгі мұрагерді ұсынып мұрагер бола алады [3.2].
Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған
жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң
орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған
жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін
қажет.
Мұраның ашылуы-мұрагерлік құқықтық жүзеге асырылуын және орындалуын
реттейді. Мұраның ашылуына себеп болатын фактілер:
-мұра қалдырушының қайтыс болуы;
-мұра қалдырушы өлді деп жариялағанда – соттың шешімінде көрсетілген күн
(ҚР-ның АК 1042-бабы).
Мұраның ашылуының негізгі себебі жеке тұлғаның өлімі. Жеке тұлғаны қай
кезде қайтыс болды (өлді) дейміз? Доктринада қабылданған пікір бойынша адам
миы өлген кезде (биологиялық өлім) өлді деп есептеледі дейді. Ми жасушалары
(тканьдері) өліп, адам организміндегі жүйелерді басқару кұзыретін тоқтатса
кайтадан қалпына келуі мүмкін емес, сондықтан ми өлімін адам өлімі деп
есептейді. Бұдан басқа адамның дем алу, жүрегінің тоқтауы (клиникалық өлім)
адамды өлді деп есептеуге жол бермейді. Себебі айтылған токтаулар
заманымыздағы технологияның жетістіктерімен қайтадан қалпына келтірілуі
мүмкін. Яғни адамның жүрек қағысы немесе дем алуы тоқтап қалса, қазіргі
медицинада, дем алу немесе жүрек қағысын қайтадан калыптастырылуы мүмкін,
ал миы өлсе қайта қалпына келмейді, яғни тірілмейді [3.3].
ҚР мұрагерлік кұқығымыз мұраның ашылу уакытында күнді негіз алғаны
кейбір қиыншылыктарға себеп болуда. Күн жоғарыда айтылғандай 00:00 сағаттан
басталып 24:00 сағат толуымен бітеді. Күн дегеніміз белгілі бір уақыт
жиынтығы (сағат, минөт, секундтар жиынтығы) болғандықтан, мұрагерлердің
өздеріне тиесілі үлесіне қай мезеттен бастап ие болатындығын (АК-тің 1072-
бабы) немесе бір күннің ішінде мұрадағы затта ортаға шыққан пайда, зиянның
салдары мен зардабын кім шегетіндігін (АК-тің 123), мұраның құрамын
белгілеуде көптеген қиындыктар туғызады (АК-тің 1040).
Мұраның ашылуымен мұрагерлік құқық туатындықтан, мұраның ашылуы бір
сәт немесе мезетте болуы керек. Мұрагерлік кұқығымыз мұраның ашылуында
(мұра қалдырушының өлім уакытын немесе мезетті негіз алмаған) күнді негіз
алғандыктан, сағат 00:00 күн басталғандықтан, осы мезетте мұра ашылады
десек, ҚР Азаматтық кодексінің 1042-ші бабының екінші тармағы мен Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 18 Маусым 2004 жылғы №11 нормативтік
каулысының үшінші тармағына сәйкес болар. Мысалы алып қарайық, автомобиль
апатынан баласы қайтыс болды делік, баласы өлгеннен кейін 9 сағаттан кейін
ауруханада шешесі қайтыс болды. Бұл жерде (мұралық мүлікті қорғауға шаралар
қолдану, мұраға мұрагерлік құқық туралы куәлік беру) нотариаттың негізгі
қызметі болғандықтан, Нотариалдық кеңсесінде екі қайтыс болған адамның
өлгендігі туралы куәлігі әкелінеді. Бұл жағдайда нотариус екі адамды бір
күнде қайтыс болған деп тауып, әрқайсысының мүлкін мұраға ие болу құқығы
бойынша олардың заңды мұрагерлеріне аударады. Кей жағдайда азамат өзінің
тұрақты тұратын мекенінен жырақта, мысалы, емдеу орнында, ауруханада немесе
басқа жерде қайтыс болуы мүмкін. Осы орайда төмендегі деректі келтіре
кеткен жөн. Можарова Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, №8 үй, №28 пәтер
мекен-жайы бойынша өзімен бірге тұратын анасының 12.04.2002 жылы қайтыс
болуына байланысты мұраның ашылу орнын анықтау туралы сотқа арыз берген.
Алайда, анасының қайтыс болғаны туралы куәлiкте марқұмның қайтыс болған
орны Шымкент қаласы деп көрсетілгендіктен (ол сол кезде туыстарының үйінде
қонақта болған) оған мұраға құқығы туралы куәлік берілмеген. Арыз иесі
уәждерін растау үшін анасының мұрагерлік мүлік тұрған тұрғылықты жері
туралы “Турксиб-2” ПИК-тің анықтамасын, сондай-ақ, өзінің бірінші кезектегі
мұрагерлердің қатарына жататыны туралы дәлелдемені де келтірген. Тараз
қалалық сотының 2004 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен арыз қанағаттандырылып,
сот мұраның ашылу орны Жамбыл облысының Тараз қаласы екенін анықтады.
Басқа іс бойынша осы қалалық сот азаматша Ахиллованың күйеуі қайтыс
болғаннан кейін ашылған мұраның ашылу орнын анықтау туралы арызын
қанағаттандырды. Қайтыс болған адам тұрған жері бойынша (Тараз қаласы,
Разин көшесі, 5 үй) тіркелмегендіктен нотариаттық әрекет жасалмаған. Сот
шешімді негіздей отырып, қайтыс болған Баймаханов пен арызданушы
Ахиллованың арасындағы некенің тіркелгенін, олардың қайтыс болған адамға
меншік құқығымен тиесілі үйде бірге тұрғанын, қайтыс болу туралы куәлiкті
Тараз қаласындағы АХАЖ-дың бергенін атап көрсетті [7.2].
Келтірілген мысалдар мұраның ашылу орнын анықтау туралы арызбен сотқа
шағымдану үшін негіздің жоқ екенін көрсетеді. Шындығында мұраның ашылу
орнын қолдағы бар құжаттар бойынша нотариустардың өздері анықтай алар еді.
Азаматтардың тұрақты мекен-жайын анықтау үшін “Қазақстан Республикасының
халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы бойынша
тұрған жерінде тіркелуі негіз болады.
Мұраның ашылу уақыты өлімнен басқа Азаматтық кодекстің 31-ші бабында
айтылған жағдайларда сот адамды өлді деп жариялауы мүмкін. Осылай жариялау
өлімнің салдарын туғызады. Бұл жерде талқыланатыны, адамды өлді деп
жариялағанда мұраның ашылу уақытын анықтау. АК-тің 1042 бабының екінші
тармағы сот шешімінде баска күн белгіленбесе, сот шешімінің күшіне енген
күні мұраның ашылу уақыты болатындығын айкындайды. Айтылған баптың сот
басқа күн белгілемесе деп нені айтқысы келгендігі. Бұған жауапты азаматтық
кодексіміздің 31-ші бабының үшінші тармағының екінші сөйлемі, егер адам
өлім қатері төнген немесе жазатайым окиғада каза тапты деп жорамалдауға
негіз болатындай жағдайда хабар ошарсыз жоғалып кетсе, сот осы оқиғаның
болған күнін адамның өлген күні деп тануы мүмкін деген жауабын, беруде.
Мұраның ашылу орны мұра калдырушының соңғы тұрған жері ал, ол белгісіз
болса мүлкінің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері. Бұл жердегі
тұрған жерден, Азаматтық кодекстің 16-шы бабында айтылған тұрған
(тұрғылықты) жерді түсінуіміз керек. Он төрт жасына толмаған адамдар немесе
қорғаншылықтағылардың тұрғылықты жері олардын ата-анасының, асырап
алушылырының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады. Осымен
байланысты соңғы тұрған жерді анықтауға Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының маусым 2004 жылғы №11 нормативтік қаулысы көмектесуде. Қаулының
екінші тармағында: Мұра қалдырушының уакытша басқа жерге кету, мысалға,
әскери қызметі, оқу, жүмысының жағдайы мен ерекшеліктері, іс саяхаты және
емдеу мекемесі, бас бостандығынан айырған жер сияқты жағдайларда мұраның
ашылу орны, кетуге дейінгі тұрғылықты жері. деп айтылған. Осы орайда айта
кететін жәйт, азаматтың тұрған немесе тұрғылықты жері мен тіркелген жері
әрдайым бір болмауы мүмкін. Сондықтан маңыздысы, мұра соңғы тұрған
(тұрғылыкты) жерінде ашылады. Ал соңғы тұрған жері белгісіз болса мұрадағы
мүліктің орналаскан жері мүлік әр жерде болса негізгі бөлігінің орналаскан
жері, мұраның ашылу орны болып есептеледі.
Мұраның ашылу орнын анықтау, мұрадан бас тарту арызын беруде немесе
мұрагерлікке кұкық туралы куәлік беруде қай нотариус кұзыретті екендігін
белгілеуде, әлде мұрагерлік құқығынан туындайтын талаптарда қай соттың жер
жөнінен соттылығын және т.б. жағдайларды анықтауда маңызы зор. Мұраның
ашылған уақыты жергілікті азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдерінің
(АХАЖ) қайтыс болу туралы берген куәлігі мен Қазақстан Республикасы “Неке
және отбасы” Заңының 197-бабына сай, жергілікті АХАЖ бөліміне қайтыс болу
туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал, ондай адамдар
болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері
немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе өлікті тапқан
ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды. Қайтыс болу
туралы мәлімдемені жеті тәуліктен кешіктірмей, ал, адам зорлықпен
өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ, өлік
табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей
берілуге тиіс. Егер мұра қалдырушының өлген күні Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 244—бабының 3 тармағына сәйкес көрсетілетін
болса, онда мұраның ашылған күні соттың шешімінде көрсетілген мұра
қалдырушының өлген күні болып есептеледі [14].
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 31-бабына сәйкес, егер
азаматтық тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал
егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп
жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып
кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін.
Ал, егер соғыс кимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери
қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде
екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялауы мүмкін. Өлді деп жариялау туралы
сот шешімі заңды күшіне енген күні деп жарияланған адамның өлген күні болып
есептеледі. Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот
шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені
туралы жазылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 32-бабына
сәйкес, өлді деп жариялаған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері мәлім
болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды. Азамат өзінің қай уақытта
оралғанына қарамастан, кез-келген адамнан азамат өлді деп жариялағаннан
кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлік қайтарып беруді талап
ете алады.
Егер өлді деп жариялаған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір
адамдарға беріп, олардың мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге
дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі
оралған адамға көшеді. Мұрагерлік құқықта мұраның ашылған жерін анықтау
үлкен роль атқарады. Мұраның жері-мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрған
жері, ал егер түпкілікті тұрағы белгісіз болған жағдайда, мүліктің немесе
оның негізгі бөлігінің тұрған жері – мұраның ашылған жері деп танылады.
Мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайынан уақытша кетуіне байланысты: мысалы,
әскери қызметіне оқуға, жұмыс жағдайына іс-сапарына кеткеніне, емдеу
мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орнына қамалуына байланысты
және тағы басқа да жағдайларда-мұранын ашылған жері болып, оның соңғы
түпкілікті тұрағы есептеледі.
Мұраның ашылған жері мұраны қалдырушының түпкілікті тұрағымен сәйкес
келуі мүмкін, егер мұраны қалдырушы уақытша басқа тұрақта тұратын болса,
онда уақытша тұрақ мұраның ашылған жері болып танылады. Егер тұрғын үйдің
бағасы теңге жиынтығынан мөлшері болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңында көрсетілгендей оның
соңғы түпкілікті тұрағы болып табылады [15]. Жоғарыдағы көрсетілген
азаматтардың әскери борышын өтеу немесе оқу орындарында оқыған уақыттарында
тұрғын үйді пайдалану құқығы сақталады. Сондықтан Қазақстан Республикасы
Азаматтық Кодексінің 16-бабына сәйкес бұл азаматтардың ұдайы тұрағы болып
табылады. Егер азамат шет елде қайтыс болатын болса, онда мұраның ашылған
жері Қазақстан территориясында мүліктің тұрған жері болып табылады. Егер
азамат бас бостандығынан айырылып, бас бостандығынан айыратын орындарда
отырған болса және сол жерде қайтыс болған болса, онда мұраның ашылған жері
болып, сол азаматтың соңғы түпкілікті тұрағы болып есептеледі. Ал, егер
мұра қалдырушы қарттар үйінде қайтыс болса, онда мұраның ашылған жері-
қарттар үйі тұрған елді мекен болып табылады.
Мұрагердің жазбаша арызы бойынша мұра ашылған жердегі нотариалдық
кеңселер мұрагерлік құқық туралы куәліктер береді. Мұраны қабылдау туралы,
одан бас тарту туралы немесе мұраға құқық жөніндегі куәлікті беру туралы
арыздар жазбаша түрде жасалуға тиіс. Осы қарастырылған барлық ережелер
мұрагерлік құқықтың міндетті талаптар болып табылады. Бұл ережелерді сақтау
барлық мұрагерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
1.2 Мұрагерлік құқығының кейбір тарихи қырлары
Мұра-заңда көрсетілген ережелер бойынша мұрагерлерге ауысатын мұра
калдырушының мүліктік кұқық және міндеттер жиынтығы. Мұраның ашылған
уақытындағы мұра калдырушының иелігіндегі кұқ және міндеттері ғана мұраға
кіреді. Жалпы алғанда, басқа тұлғага ауысуы мүмкін, яғни ауыса алатын кұқ
және міндеттер ғана мұра кұрамына кіреді. Адамға тығыз байланысты құқ және
міндеттер, басқасына ауыспайтын кұқ және міндеттерден болғандықтан, мұра
құрамына кірмейді (АК-тің 376). Азаматтық құқығымыз құқ пен міндеттерді
осылай бөлмеген, керісінше мұраға кірмейтін құқ және міндеттерді жеке-жеке
белгілеу жолын таңдаған. Кісіге тығыз байланысты кұқтарға (мүліктік емес
құқтарға) мысал ретінде үйлену, ажырасу сияқты құктарды көрсете аламыз.
Азаматтың үйлену кұқы мұрагерге ауыспайды, яғни мұра қалдырушының орнына
мұрагерінің үйленуі мүмкін емес (АК-тің 10402,5). Кісіге тығыз байланысты
міндеттерге мысал ретінде алимент төлеу міндетін көрсете аламыз (АК-тің
10402,3). Ал басқасына ауыса алмайтын мәміледен туындаған міндеттерге,
азаматтың өнері-таланты негіз алынып жасалған шарттардан туған міндетін
көрсете аламыз. Мысалға дауысы және таланты мен атақты әнші, біреумен
концерт қою туралы келісім (мердігерлік шарты) жасасса және концерт күнінен
бұрын өліп қалса, оның осы шарттан туған міндеті мұрагерге ауыспайды. Яғни
оның мұрагерінен мұра қалдырушының міндетін орындау үшін өлең айтуын талап
етуі мүмкін болмайды. Азаматтық кодексіміздің 1040-шы бабының бірінші
тармағында осыны айтқысы келген. Мұраның кұрамына мұра ашылған кезде мұра
калдырушыға тиесілі мүлік, сондай ақ оның кайтыс болуына байланысты
колданылуы тоқтамайтын кұқтары мен міндеттері кіреді (АК-тің 10401).
Азаматтык кодексінде қарастырылған ерекше жағдайларды талқылап көрелік.
Осы ерекшеліктерден бірі АК-тің 10402,1 тармақшасындағы заңды тұлғаларға
мүшелік. Тақырыпты талқыламастан бұрын, біз бұл жерде заңды тұлғаларға
мүшелік құқын талқылайық. Ал заңды тұлғадағы (материалдық пайда, капитал)
үлесін алу құқы, сезсіз мұраға кіреді. Заңды тұлғаларды, білетініміздей,
жалпы екіге бөле аламыз. Біріншісі, белгілі бір мақсат үшін біріккен
қаражат (капитал) жиынтығы. Бұл жерде қаражат бірлігі (зат, мүлік бірігуі,
мысалға қор) болғандықтан адамның мүшелігі мүмкін емес. Екіншісі,белгілі
бір мақсат үшін адамдардың бірігуі. Осыған мысал ретінде ассосация, фирма,
саяси партияларды көрсете аламыз. Адамдар бірлігінің өзі екіге бөлінеді
материалдық пайда үшін жиналған адамдар бірлігі, бұған мысал фирмалар. Ал
материалдық пайда күтпеген адамдар бірлігіне, ассосациялар немесе саяси
партияларды мысал көрсете аламыз. Материалдык пайда күтпеген заңды
тұлғаларға мүшелік мұрагерлерге ауыспайтын кұқтардан, яғни мұрада орын
алмайды. Осылайша ассосация немесе саяси партияға мүше адам өлсе, оның
иелігі мұрагеріне ауыспайды. Материалдық пайда мақсаты күткен заңды
тұлгаларға мүшелік заңда немесе құрылу (устав) жарғыларында көрсетілген
жағдайда мұраға кіруі мүмкін. Мысалға Шаруашылық серіктестіктері туралы
жарлықтың 18-ші бабының екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz